Жауап: – Әсет Ризаұлы, ертедегі грек философтары өздерінің шәкірттеріне тамақты тарта ішетін мәзірді бірінші орынға қоюды үйретті. Эпикур, Сократ, Платон т.б. философтар өздерінің шәкірттерінің тамақ мәзірін бірінші орынға қойды, осы тамаққа деген қатаң талап, бұлардың тағам құрамына қандай маңыз бөлгенін көрсетеді. Осы алыптардың даналық сүю ілімі (философиясы), нешеме ғасырлар өтсе де, әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Лас денеден – лас ойлар және керісінше таза, аурусыз денеден мөлдір ойлар туындайды. Дене қалай улардан тазаланады, адамға ләззат әкелетін ой өрістің деңгейі де жоғарлай береді. Адамның жаны әкесінің ұрқы арқылы анасының жатырына түседі. Осы кезде жан пәнмен (материя) қосылады. Адам баласына өмір өлшеніп берілген. Адам баласы өзінің қысқа ғұмырында өте мағналы ғұмыр кешуі мүмкін.
Жәй адам тек қана дұрыс тамақтанбаудан, ауамен судың ластануынан, химиялық қалдықтар мен тұздан ғана уланбайды, қосымша ішкен дәрілерінен де уланады. Сондықтан ағзаны ұзақ ашығу арқылы тазалау теория жүзінде жақсы, ал іс жүзінде жоқ. Мен өз тәжірибемде қысқа мерзімдік ашығуда тамаша нәтижелерге жетсем де, ұзақ ашығудың да өте сәтті болатынын дәлелдедім. Аптасына 24-36 сағат ашығу да ағзаны тазалайтынына көзім жетті. Осы кезде таңғы астан бас тарту жақсы көмектеседі. (жаңа үзіп алынған жемістерді жеуге болады). Ұзақ өмір сүргісі және өміршеңдігін арттырғысы келген адам, бірнеше ай табиғи тамақтарды қолдана, өзін 3-4 тәуліктік ашығуға дайындай алады. Төрт ай бойы, апта сайын 24-36 сағаттан үзбей ашықса, адам 7 тәуліктік аштық ұстауына болады. Осы аралықта улы заттардың көпшілігі ағзадан шығарып тасталынады. Алты ай тазаланғаннан кейін, 7 тәуліктік ашығу қарапайым іске айналады. Алғашқы 7 күндік ашығу ғажайып нәтиже береді, өз өзіңізге таң қаласыз. Тағы бірнеше айдан кейін, ағзаңыз 10 тәуліктік ашығуға дайын, бұл кезде сіздің әр жасаушаңыз толық тазаланатын болады.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, біздің қазақ «таңғы ас тәңірден» деп жатады, енді осының мағынасын айта кетіңізші. Сонда таңертең тамақ ішпеуіміз керек пе?
Жауап: – Адам ояна салысымен, бірден тамақ ішеді. Асқазанның қалауына сана бағынады, асқазан билеуші болады. Шартты рефлекс бойынша асқазан әрқашан да таңғы тамақты күтеді. Мен үшін таңғы тамақтың қажеті жоқ, не болар болмас қана, себебі ағзам түні бойы демалды, қуат жұмсаған жоқ. Адам неге ұзақ демалыстан кейін асқазанын таңғы аспен толтырып алуы тиіс? Сондықтан тағы қайталаймын: «Сіз тамағыңызды тынымсыз дене қимылын жасап барып ішуіңіз керек. Таңғы астың қажеті жоқ деуімнің себебі, таңғы асты жегенде, түні бойы жиналған қуат бекер рәсуә болады. Таңертең сіздің тәніңіздің, ақылыңыздың, рухыңыздың қуаты өте жоғары деңгейде болуы керек. Тек осылар ғана, сіздің шабыттық және тәндік жұмыстар атқаруыңызды іске асырады.
Менің ақиқат сенімім бойынша, бір де бір адамның басқа адамды емдеуге құқысы жоқ, себебі бұл табиғаттың ісі.
Ашығу мен табиғи тамақтарды, табиғи әдеттерді қолданудың арқасында, әрбір адам өзінің өмірін сау, салауатты қыла алады. Тазалану – ағзаның өзі ғана орындай алатын ішкі биологиялық міндет, ашығу арқылы осы жұмыстарды жандандыра түсесіз. Табиғат үнемі сізді неғұрлым сау, өміршең болуға итермелейді, сондықтан өзін-өзі тазалау кезінде болатын келеңсіздікте не істеу керектігін өзі біледі. Табиғаттың жетегіне жүріңіз, сізді еш уақытта орта жолға тастамайды. Ашығу – аса керемет көмекші. Бастапқыда ашығу бір сұмдық боп көрінуі мүмкін, себебі ағза үшін мұндай тазалану өзі әдеттенбеген аласапыран жәйт. Бірақта бастапқы әсермен баға беруге болмайды. Керісінше ауырып жүрген адамдардың тазалануы қажет, аурудың себебі артық қоқыс пен қалдықтардың, улардың кенеттен қанға араласып кетуінен. Адамдардың басым бөлігі ашығу әлсіретіп, жүдетіп жібереді деп ойлайды. Бастапқыда дұрыс шығар, ал бірнеше тәулік ашықаннан кейін өңіңіз нұрланып, көз жанарыңыз жалтылдап, қимылыңыз да, денеңіз де жеңілдеп құлпырып шыға келесіз.
Сұрақ: – Күн сәулесінің әсері қалай?
Жауап: – Әрбір шөптің, жүзімнің, бұтаның, гүлдің, жемістердің, көкөністердің жапырақтары өздерінің өмірлерін күн сәулесінен, оның шуағынан алады. Егер күн сәулесінің сиқырлы шуағы нұрын төкпесе, біздің жер мәңгілік қараңғылық тұмшалаған, тіршілік жоқ суық болар еді. Күн бізге тек қана жарық бермейді, күн қуаты адам қуатына айналады. Күн шуағының көмегімен адам өзінің өмірін ұзартып, денсаулығын шыңдай алады. Күн сәулесіне шомылмаған адамдар құп қу болады. Біздің теріміз аздап күнге күюі тиіс. Күн шуағына жиі шықпайтындықтан көптеген аурулармен аурамыз. Күн сәулесі – бактерияларды құртатын алапат құрал. Тері күнге неғұрлым күйген сайын, бактерияларды жоятын қуат соғұрлым шоғырлана береді.
Біз көкөніс пен жемістерді жеген кезімізде, өсімдіктердің қанын сіңіреміз, себебі өсімдіктер тамақ түріндегі хлорофиллмен күн сәулесіне қаныққан. Хлорофилл – өсімдікте шоғырланған күн шуағының бір бөлігі және біздің ағзамыз үшін ең пайдалы, құнарлы азық. Жасыл өсімдіктер күн шуағын шоғырландыратын құпияға ие, осыны тірі жан иелеріне және адамзатқа береді. Сіз өз денеңізді күнге күйдіріп, тамағыңыздың 60 пайызы көкеніс пен жемістерден құралса, әлбетте, керемет денсаулықтың иегерісіз. Бірақта ағза осы тірі дәрілерді біртіндеп қабылдауы керек, күн сәулесіне ашығып қалған дене бірден мол мөлшерде қабылдай алмауы мүмкін. Күн шуағына шомылуды біртіндеп бастаңыз, күнге қыздырынатын жақсы мезгіл таңертең ертемен. Бастапқыда 5-10 минуттан бастаңыз. Әрине, түс ауа да күн сәулесін қабылдауға болады. Бірақта ең пайдалысы таңертең ертемен күнге қыздырыну. Сағат 11-12 арасында күн сәулесінің қызған шағы, құрамында күн радиациясының мөлшері көп болуы мүмкін.
Шикі көкөніс пен жемістерге де біртіндеп көшу қажет. Пісірілген тамаққа үйренген адам, бірден шикі көкөніс пен жемістерге көшсе келеңсіз әсер болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты мәзіріңізге, күн мәзірін біртіндеп қосқаныңыз дұрыс болады. Іштен және сырттан артық мөлшерде алған күн қуаты жаман әсер етеді, қайткенде де біртіндеп бастаңыз.
Осы жылдарда, денем тұрақты түрде күн сәулесін алып тұруын үзбей мұқият қадағалап отырдым. Бұлар менің денсаулығымды сақтап қалды. Сондықтан мен күнге табынамын. Осы себепті еліміздегі күн шуағы мол, Алматы қаласының жанында Алмалыбақта тұрамын.
Таудағы биікте өзімнің меншік жерім бар. Осы жерде күн шуағына шомыламын. Мен суға шомылуды жақсы көремін, сондықтан қыс болсын, жаз болсын суық суға шомыламын.
Мен сіздің ашығу мерзіміңізді 10 тәулікпен шектегім келмейді. Арасы 3 айдан, 6 он тәуліктік ашығу өткізбей, 10 тәуліктен артық ашығуға кеңес бермеймін. Осындай қорыңыз болса, 15 тәулік ашығуыңызға болады. Осылай ашығу арқылы, сіз ағзаңызды тамаша тазалай аласыз. Сіз, не болатынын білесіз. Егер осыдан кейін 21-30 тәулік ашыққыңыз келсе, қалай өткізу керек екенін білесіз.
Маған келетін болсақ, апта сайынғы 24-36 сағат және жылына 4 қабат 7-10 тәуліктік ашығу мен үшін жеткілікті. Мен аптасына 12 рет қана тамақтанам, кей кезде онан да аз, егер құрсағым қатты ашпаса тамақ ішпеймін. Тағы ескертейін, ашығу ілім. Сондықтан да, ғажайып күтемін деп өзіңізді ұзақ ашығуға аса қысамаңыз. Тәжрибелі маманның кеңесіне құлақ асыңыз. Маман қысқа мерзім ашыққаның да пайдалы екенін мақұлдайды. Сізді апта сайынғы 24-36 сағаттық және әр тоқсандағы 7-10 тәуліктік ашығуыңыз, сізді ұзақ мерзімге ашығуыңызды дайындайды.
Сұрақ: – Раха, өзіңіздің ашығу теорияңызды қысқаша айта кетсеңіз?
Жауап: – Менің ашығу туралы теориям төменде көрсетілгендей. Алдымен адамның табиғатымен санасу керек, біздің әрқайсымызда жүрексүну көп. Егер ашығу мерзімі аз болса, адамдардың көпшілігі ашығуды ұстанатынына мен сенімдімін. Көпшілігі 24-36 сағаттық ашығуды ықыласымен ұстайды, өзін жақсы сезіне бастағанына көзі жеткеннен кейін, 3 тәуліктік ашығуды жүзеге асырады, себебі өзіне сенімі артады. Келесі қадамы 7-10 тәулік ашығу. Менің көптеген шәкірттерім, 10 тәуліктік ашығуды талай қайталап, 15 ал кейбіреулері 21 тәулік ойдағыдай ашығып жүр. Олар 24 сағаттық ашығудан бастап, біртіндеп ұзақ мерзім ашығуда. Неғұрлым мол тәжірибе жинасаң, ашығуға деген сеніміңіз беки түседі. Егер бұрын ашығып көрмесеңіз 24-36 сағаттық ашығудан бастаңыз. Сонда ашығудың ғажайып әсерін өзіңіз көресіз. Сіз қысқа мерзімде де ашығып, ағзаңызды толық тазалай аласыз. Есіңізде болсын, неғұрлым жиі ашыққан сайын ағзаңыз тазарғанның үстіне тазарып, оң нәтижесі шоғырлана береді, ашығу арасында салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
Сұрақ: – Ашығу сізге қалай әсер етеді?
Жауап: – Мен достарыммен, шәкіртеріммен бірге ашығу арқылы алатын зор жақсылықты мойындап, сеземін. Мен апта сайын 24-36 сағат үзбей ашығамын. Сондай-ақ, жыл бойы 4 қабат. Ұзақ жылдар бойы осы кестені сақтаймын, өзімді аса жоғары деңгейде ұстаймын, мен бейне бір жан біткен динамо – машина сияқтымын. Менің күнім, кейбір адамдардың жылынантығыз. Менде жұмыс пен ізденіске деген өлшеусіз қуат бар. Мен ешқашан да шаршамаймын, маужырамаймын. Мен әркез рухани және денелік тынымсызбын. Маған Қазақстанды және алыс, жақын шет елдерді аралап көптеген лекциялар оқуыма, жазу жазуыма т.б. міндеттерді орындауыма тура келеді. Осының бәріне уақытым де, күшім де жетеді.
Сұрақ: – Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
Жауап: – Барлық бос уақытымды өзіммен құрдас сияқты араласып сөйлесетін, тәні де, жаны да жас балалар мен немерелерім мен шәкірттерім және достарыммен тау ішінде өткіземін. Ерте қартайған адамдардан ауаша жүремін, себебі маған жаман әсер етеді. Олар өздерін ұзақ уақыт бойы, қартайып біткен адамбыз деп иландырып алып, нәтижесінде осыдан қартайып кеткен адамдар. Осылардың көпшілігі, осыдан 30 жыл бұрын рухани өліп қалған адамдар, жерлеуімізге шығын шығармайық деп, жер бетінде текке жүр. Мен спортты, теннисті, малтуды, жүгіруді, тауға шығуды ұнатамын. Сіздің денеңіз ашығумен тазаланғаннан кейін, өзіңізді әрқашанда керемет сезінесіз, табиғи қалыпта өмір сүретін боласыз. Табиғат адамды бақытты болу үшін жаратты, оны мамыражай етіп, қорқыныштан, келеңсіздіктен, езілуден азат еткен.
Жауап: – Мен өзімнің ашығу бағдарламама сенемін. Осының пайдалы әсерін, мен, менің жан ұям, достарым және шәкірттерім көрді. Менің бағдарламама апта сайынғы және жылына ұзақ мерзімге ұстайтын 4 қабат ашығу кіреді. Әр жылдың басында, өзімнің ашығуыма ыңғайлы 7-10 күн ашығатын күндерімді белгілеп аламын. Неге 7-10 күн деп айтамын? Менің 7 тәулік ашығуымның себебі, осы уақыт өзімнің ағзамның толық тазаруына жеткілікті екенін сеземін.
Мен ашығумен шұғылданып жүргеніме сонша болды, оның маған тиігізетін әсеріне өте сезімталмын. Қай мезетте ашығуды тоқтату керектігін, ішкі сезім даусы өзі айтады. Әдетте ашығуды қаңтардың басынан бастаймын. Кей кезде 7-8 не 9-10 тәулік ұстаймын. Келесі ашығуымды ерте көктемге белгілеймін. Менің көктемгі ашығуым 10 күн, себебі қыстан шыққан «өз үйімді толықтай тазалап алуым керек». Мен қапырық бөлмелерде жиі лекциялар оқуға мәжбүрмін. Өкінішке орай, көпшілігі салқынға үйренбегендіктен отырған орындарын желдетуден қашқақтайды. Сондықтан маған қазіргі заманның балалары үйренген, қапырық залдарда болуыма тура келеді.
Сұрақ: – Ашығу адам ағзасын қалай шыңдайды?
Жауап: – Ашығудың адам ағзасын тазалайтыны соншалық, барлық жүйенің жұмыс жасауы күшейіп, ағзаның жылу реттеу жүйесі керемет болады. Мысалы, мен қаңтар айында жайма-шуақ Алматы қаласынан, Астана қаласына – күннің суықтығы минус 25-35 градус аязда барамын. Үзбей ашығудың және дұрыс тамақтануымның арқасында менің ағзам, шыңылтыр аязға тез бейімделеді. Мен осы жердің тұрғындарымен салыстырғанда, ауа райының қолайсыздығына шыдамдымын.
Ауа райына бейімделушілік, ашығу кезінде ағзадан уларды шығарып, өмірлік күшті қалпына келтірген кезде болатын ғажайыптардың біреуі ғана. Өзім айтқандай, ауа райы суық қалаларға келгенімде, олардың бөлмелері мен залдары ыстық, желдетілмеген. Ондағы ауа адамдардың дем алу нәтижесінде көмір қышқыл газымен қанықтырылған, міне осыған байланысты көктемгі ашығудың мен үшін маңызы зор. 10 тәуліктің ішінде, мен өз ағзамды қыс бойы жиналған улы, зиянды заттар қалдықтарынан тазалаймын.
Үшінші ашығу уақыты жаз айлары шілде мен тамызда өтеді. Бұл ашығу жеңіл өтеді, себебі жазда атыздан тікелей жаңа үзіп алыңған жемістер мен көкеністерді қалауымша жей аламын. Осы ашығудан, басқа ашығулармен салыстырғанда ләзатті көп аламын. Осы мезетте де бұрынғыдай тынымсызбын, рухани жігерлімін.
Менің күзгі ашығуым қазан айының аяғы, қараша айының басына келеді. Ашығудың пайдалы әсері жинақтала беретінін айтқанмын. Көз алдыңызға елестетіңізші, жалпы жиыны 75 тәулік тамақ ішпей, ас қорту жүйеме қандай физиологиялық демалыс беретінімді. Бауырым, өтім, гормондық жүйем толық демалады. Инсулин бөлетін бездерім дем алып, асқазанымның тамақты жақсы қортатын сөлі мол мөлшерде бөлінеді. Аузымдағы сілекей көбейеді. Аузыңызда тәтті дәм болып, демалысыңыз тазара түседі. Көп ашыққан сайын, сізден жаман истің шығуы азаяды.
Сұрақ: – Ашығудың әсерін қай мүше арқылы байқауға болады?
Жауап: – Сіздің тіліңіз сиқырлы айна. Сіздің тіліңіз арқылы, ағзаңыз бен жасаушаларыңызда қанша мөлшерде улы заттардың шоғырланғанын білуге болады. Тіл асқазан мен бүкіл шығару жүйесінің айнасы. Сіздің ағзаңызда өңешіңізден тік ішегіңізге дейін созылған он метірлік арна бар. Осы арада ылғал мен жылу жиналады. Біз жеген тамақтың барлығы осы арна арқылы өтеді. Осы аралықты өту үшін, әртүрлі тамаққа әртүрлі уақыт керек. Осы күні көптеген адамдар рафинадталған, ауыр, қышқылдандыратын тамақ ішеді. Олар мол мөлшерде ақ ұнды, рафинадталған қантты, қанықтырылған майды жейді. Ішектен тез өту үшін, осы өркенниетті деген тағамдарда қалыпты ылғалдық, түтілгіштік, тығыздық болмайды. Мен есептеймін, көптеген ауруды қоздырушы себепкер болып қалушы бар, ол тік ішектің бекітілуі (запор). Осыны әртүрлі себептермен түсіндіреді, менің көзқарасымша, ішкен тамақ пен шыққан дәрет арасында тепе-теңдік болмаса, тік ішек бекітіледі. Бұл көптеген аурулардың бастамасы.
Сұрақ: – Қазіргі кезде қалай тамақтанамыз? Осының әсері бар ма?
Жауап: – Қазіргі кезде, адамдар қай уақытта болмасын қанша ішсем де, не жесем де зияны жоқ деп есептеуге әдеттенген. Бізді, қуатты болу үшін деп таңертең тоя ішуге, іле шала екінші таңғы тамақ, түскі ас, түстен кейін кофе, кешке лықа тою, сонан соң теледидар көріп, тура ұйықтардың алдында тамақ ішуге үйретті. Осыған майлы балмұздақ араластырылған тұздалған жаңғақты қосыңыз. Бұл дегеніңіз, тамақ қорту ағымы тәулігіне 6 қабаттан астам жүреді.
Сұрақ: – Дәретке отырудың қандай ерекшеліктері, қаупі бар?
Жауап: – Егер таңертең күніне бір қабат қана үлкен дәретке отырса, шығару жүйесіне қауіп жоқ деп есептейді. Өздері тықпаштап жеген тамақ қалдықтарынан арылу үшін бұл жеткіліксіз. Нәтижесінде, тамақ қалдықтары ішекте қалады да ферменттік, бактериялық өзгерістерге ұшырап шіріп, ауыр ауруларға тап қылады. Дені сау, ішегі қалыпты жұмыс жасайтын адамның үлкен дәреті тамақ ішкеннен кейін 2 сағаттың аралығында келу керек.
Адам ағзасы өте сенімді, мықты, ол тамақпен келген артық зиянды заттардан құтыла алады. Бірақта адамдарды дұрыс тамақтанбайсың, күніне бір қабат үлкен дәретке отыру жеткіліксіз, тік ішегіңіз бекітілген, осының арты жамандыққа апарады деп сендіру қиын. Осыларды алдын ала ескертетін бір белгі бар, ол ішегімізде қанша улы заттардың божып жатқанын тура айтатын – тілің.
Егер 2-3 тәулік таза сумен ашықсаңыз «сиқырлы айна»: тілің – ағзаңызға қандай қатер төніп тұрғанын айтып береді. Тілді жаман иіс бөлетін, ақ қоймалжың улы зат басып алады. Ақтаңдақты сыпырып алып тастаңыз, бірнеше сағаттан кейін қайта пайда болады. Бұл ағзаңыздағы улы заттардың, қалдықтардың, маңқаның бүкіл ағзаның клеткаларына шоғырланып жиналған тура көрсеткіші, осылар ашыққан кезде асқазанның, ішектің т.б. мүшелердің ішкі бетінен бөлініп шығады.
Қалыпты кезде саумын деп жүрген адам, өзінің ішінде улы заттардың мол мөлшерде екенін білгенде сенгісі келмейді. Менің пікірімше, көптеген аурулардың себебі, ас жүретін ішектің бекітілуінде, тіпті дем алатын мүшенің қан тамырлары аурса да. Зиянды қалдықтар ішекпен сорылып алынып, ағзаның барлық жүйесін улайды.
Сұрақ: – Адам өзінің уланғанын білуіне бола ма?
Жауап: –Табиғат ағзада мол мөлшерде улы заттардың барын, ашыққан кезде тілдің бетін ақтаңдақ қоймалжыңмен жауып көрсетеді. Өмірлік маңызы бар бүйрек, бауыр бездерінің құрлысы сорғышты еске түсіреді. Тесіктері толып тұрған сорғышты көз алдыңызға елестетіңізші. Мен өз өмірімде ашығудың талай жайын бақыладым. Қазіргі қалыпты тамақты жеп, адамдардың қаншама улы заттарды ағзасына шоғырландырып жатқанын білемін. Адамға суық тиді делік. Ол тоқталып ойлануы керек, неге танауы мен тамағы арқылы көп маңқа мен сұйық бөлініп жатыр. Ал адамның ағзасы өкпедегі, бүйректегі, өттегі жиналған улардан тазалануға мәжбүр, өзіндік қиыншылықтан осылай құтылуда.
Егер өзіңіз жайлы кеңірек білгіңіз келсе, мұқият тіліңізді тексеруден бастаңыз. Тіл – дененің әр мүшесінің ауру не сау екенін көрсететін мүше. «Сиқырлы айна» сізді ғажап денсаулыққа жетелейтін жұлдызыңыз. Неғұрлым дұрыс ашығып, дұрыс тамақтансаңыз соғұрлым тіліңіз тазара береді. Таза тіл – сіздің аурмайтын, шаршамайтын, қартаймайтын өмірге бет бұрғандығыңыздың белгісі.
Сұрақ: – Ашыққысы келетін адамға қандай кеңес берер едіңіз?
Жауап: – «Менің ашыққым келеді, себебі ғажап өзгерістер болатынына сенемін, бірақта алғашқы үш күнде адамды қинайтын азабына шыдай алмағандықтан ашыға алмаймын». Осыны ашығудың кереметі жайында елге айтқанымда талай рет естідім. Бұндай адамдарға берер кеңесім: «Тістеніп алыңыз да күліңіз». «Мен ашығып көрейін деп едім, әлсіреп өзімді нашар сезінгенім соншалық, қайта тамақ ішіп қойдым». Осындай пікірлерді жиі естимін. Мен осы кітапта, алдыңғы 1-ші «Жасару құпиясы» кітабында да ашығу жеңіл өтеді деп бір де, бір рет айтқан жоқпын.
Тамақ біздің өміріміздің маңызды бөлігіне айналғаны соншалық, егер адамға тамақ бермей қойып ашықтырса, тәндік және жүйкелік ауыртпашылыққа ұшырайды. Ашығудың кең өріс алмауының басты себебі осында. Адамдар әдеттерінің құлы.
Адам кәріліктен өлмейді, неге десеңіз кәрілікке тән ауру болмайды. Көптеген аурулар жас, кәрі деп таңдап жатпайды. Осы аурулардың басым бөлігі ағзада улы заттардың мөлшерден тыс шоғырланып жиналуынан болады. Ашығумен және табиғи тамақтанумен өз ағзаңызды таза ұстаңыз. Сіздің тіліңіз бен кіші дәретіңіз ішкі тазалығыңыздың жолын көрсетеді. Ашығу барысында тіліңіз бен кіші дәретіңізді мұқият қадағалап отырыңыз.
Жеу үшін өмір сүрмеу керек, өмір сүру үшін жеу керек. Тамақ көп болған сайын, ауру да көбейеді.Бенджамин Франклин
Сұрақ: – Тамақты жөнсіз ішіп-жей берсе не болады?
Жауап: –Тамақ адамзат үшін алғыс та, қарғыс та болуы мүмкін. Артық жеген тамақ адам ағзасына көптеген зиян келтіреді. Бір күні ас қорту жүйесінің артық жұмыс істеуден бас тартатын күні туады. Бұның салдары өте қатерлі болуы мүмкін. Ас қорту жүйесінің ауруы – қазіргі заман адамының қасіреті. Ішектің бекітілуі осы аурулардың тізімін бастайды. Адам ішегінің ішінде жиналған улы қалдықтарды тазалауға тырысып, тонналаған ұнтақ дәрілер т.б. сатып алуда. Өркениетті осы заманның адамы, қарнын қабақтай қылып толтырып алғандықтан, ас қортылмайды және уақтылы шығарылмайды. Бұл ескі автокөліктің жылдамдығын арттырам деумен тең. Ішектің бітелуі көптеген аурулардың басты себепкері екені дау тудырмасы анық. Осыған бір дәлел, кішкене тәжірибе жасап көріңіз. Түскі тамаққа жейтініңізді түгел дайындаңыз, бірақ жемеңіз, ыдысқа салып 38 градус жылылықтағы суға салып қойыңыз (ішектің ішіндегі жылулыққа сәйкес). Жылудың тұрақты болуын қадағалаңыз. Енді 8 сағат өткеннен кейін не болатынын байқаңыз. Бірінші байқайтыныңыз ауыр, жаман иіс. Сонан кейін тамақ божып, газ бөле бастайды. Газ қысымы адамға талай келеңсіздік әкеледі. Диафрагманны қысып, жүректің қысылуын т.б. жайсыздықтар жасайды. Ағзада осы божып жатқан быламықтан улар үзбей бөлініп, басты және басқа мүшелерді ауртады. Жәй бактерологияның анықтағанындай, бактерияның көбеюіне тік ішекте қортылмай қалған тамақтан жақсы орта жоқ. Сөйтіп, біз өз ағзамызда , өзімізге қасірет әкелетін, сан жетпес жауды өсіріп өрбітіп отырмыз.