Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімінде Су-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 14 страница



Жауап: – Бұл басқа мәселе. Бұлардың дұрыс болуы үшін әуелі ниетіңді түзе. Барлығы дұрыс ниеттен басталады. Әрқашанда жақсы ойда болу керек, яғни тек қана жақсылық туралы ойлауға тырыс. Жақсы ой жақсылықты тартады. Қайғылы, жаман ойлар адамды өмірдің түнегіне батыра береді. Тек қана өмірдің жақсы жағына көңіл бөліп, жаман жағын ескермеуге тырысу керек. Сол кезде адам өзінің қалай өзгеріп кеткенін байқамай да қалады. Осылай салауатты өмірмен бақытты өмірге жетуге болады.

Сұрақ: – Әділхан Әбдікәрімұлы, көпшілік адамдардың қазіргі көріп жүрген қуаныш-қайғыларының түп қазығы қайда?

Жауап: Әсет Ризаұлы, адамдардың қуаныш-қайғыларының түп қазығы барлығы да оның өткен өмірінің салдары. Ал оның келешектегі көретін қуаныш-қайғылары бүгінгі күндердегі өмірінің салдары болып табылады. Сондықтан, не ексең – соны орасың. Келесі өмірің дұрыс болсын десең – оның қамын қазір ойла. Ал егер келешегіңді ойламай, қазір ішіп-жеп қалайын десең – ертең соның зардабын көресің. Қайсысын қалайсың? Ерік өзіңде. Ешкім де басқаның еркін шектемеуі керек. Бірақ соған байланысты әркім өзінің қарымын алады. Қарапайым өмірде ол қарымның мөлшері әділет заңдылығы бойынша өзінің тиесілі мөлшерінен көп те емес, аз да емес, қанша тиесілі болса – сонша. Барлығы әділетті. Бүкіл әлемде әділеттілік кепілі болып табылады және соның арқасында болмыстың үйлесімділігі сақталады. Сондықтан қарымта заңдылығын әділеттілік, сонымен бірге салауаттылық кепілі деуге болады. Бірақ кейбіреулер бұл заңдылықты мойындағысы келмейді. Мойындамаса – мойындамай-ақ қойсын. Бұл олардың өз еркі. Бірақ одан болмыс заңдылығы жоғалып кетпейді, күшін де жоймайды.

Сұрақ: – Сөз басында «жетістікке жетуімнің бірінші себепкері Алла болса, екінші себебі өзімнің талпынысым, ойлау жүйемді түбегейлі өзгерте біліуімнің арқасы» – деп не себепті айттыңыз?

Жауап: – "Ой – денсаулық пен молшылықтың сәулетшісі" деген қағида бар. Яғни, түп негізінде денсаулық, сонымен бірге бүкіл өмірің ойлаған ойыңа байланысты. Ойың жақсы болса – денің сау, өмірің де жақсы, ал ойың жаман болса – аурудан арыла алмайтын, қайғы-қасіреттің тұңғиығында өмірің өтеді. Ал енді осы адам баласы қатты әсерге құмар. Фәни әлемде қатты әсер көбінесе күнәлі істер береді. Бір рет қатты әсер алған соң, оны тағы да алғымыз келіп тұрады. Әсер неғұрлым үлкен болса, ол солғұрлым тартымды. Әсіресе, тиым салынған әсерлер тартымды келеді. Қасиетті кітаптардағы Адам Ата мен Хауа Ананың тиым салынған жақсы мен жаманды айыратын ағаштың жемісіне құштар болуы да осының бір көрінісі. Аңыз бойынша олар сол тиым салынған жемістің дәмін татты, ал бүкіл адамзат соның қарымтасын, яғни фәни әлемнің қуаныш-қайғысын көріп отыр. Біз әлі де болса тиым салынған жемісті жегіміз келеді, күшті сезімдерді керек қыламыз. Осылай өмірдің қызығын, ләззатын аламыз. Адам баласы жер бетіндегі ең жоғары дамыған жан иесі болғандықтан, ол бүкіл болмыс өмірінің нәтижесі. Эволюция жолындағы сана-сезімнің жетілу сатысында адамнан төмен тұрған басқа жан иелерінде болмыстың бұл ұлы мақсатына жету мүмкіндігі жоқ. Осының өзі салауатты өмір адам тіршілігін бүкіл болмыспен үйлесімділікке әкелетіндіктен, оның негізгі мақсаты адамның дені сау, бақытты болуы үшін ғана емес, одан да жоғары екенін көрсетеді.

 

 

Науалыда әр қилы замандарда, кезеңдерде белді болған азаматтарының келбеттері. Шежіреші, ақын Жабайхан Жүнісбековтың толғауы

Тақырыбы : 95 жастағы Данабек Байсалханов ақсақалдың тарихи естелік – шежіре өлеңі.

Ақша қарда көп жүрсең,

Көзің бір күн қарығар,

Ағайыннан шет жүрсең,

Көңілің бір күн тарығар.

Қазақ мақал–мәтелдері

Ауылда Данабек Байсалханов ақсақал, Нұртаза Абылханов мен Данабек атаның туған жиені Жабайхан Жүнісбековтар сырлас және бір-біріне рухани өте жақын адамдар болған, ортақ қасиеттері – өлең, шежіре мен баталар жазады. Үшеуі де – ғұлама шешен, сөзге жүйрік, көкіректері ашық, көрген-түйгендері мол, өткен ғасырдағы қазақ шешендерінің асыл сынықтары іспетті. Данабек, Нұртаза ақсақалдар арғы ғасырдың барлық қилы замандарын басынан өткізген, ұзақ тарих кешкен кемеңгер кісілер. Қарадан хан болған дегендей, Данабек, Нұртаза мен Жабайхан аға, арғы аталары артықша туған жандар болған. Сондай асыл нәсілдің соңғы көздері, осы ақсақалдарды бейнелеп айтсақ, ана тілдің академигі, әңгіменің – Әуезові деуге де болады.

....Көбелдестер би болып,

Көппен кеңес құрған жер....

 

Көбелдес шешендігімен тоғыз туманы аузына қаратқан. Жабайхан Жүнісбеков осы Көбелдес бидің тікелей ұрпағы. Данабек атаның туған жиені ақын Жабайхан Жүнісбековтың архивінен алынған төменгі шежіре өлең бір ауылдың азаматтарының ғана емес, бүкіл ұлтымыздың белгілі бір тарихи кезеңін қамтиды. Науалы тарихын жасаған аталар, әжелер, аналар мен азаматтардың сіңірген еңбектерін еске алу мақсатында Данабек Байсалханов атамыздың әр замандағы маңдай алды азаматтарға арнаған шумақ өлеңдері:

 

Жаңалық ескіліктің бетін ашпақ,

Қартайдым жас өмірді артқа тастап.

70 жыл Науалыда өмір сүрдім,

Кешегі 31-ші жылдан бастап!

 

Опасыз алдауменен өтеді өмір,

Амал не, алдауменен қалдым ғапыл.

Не түрлі жақсы адамдар болып еді,

Ойыма солар бүгін келіп отыр!

 

Не түрлі адам болды иман жүзді,

Жаз қылып жадыратқан қоңыр күзді.

Жақсының қатарына қосамын деп,

Өсірді тәрбиелеп солар бізді!

 

Беремін қызыл тілге ерік қана,

Болмағаннан соң жаяу жүріп көлік қана?

Көп еді тәрбиеші ақсақалдар,

Айтайын кейбіреуін теріп қана!

 

Жақсының өтіп жатты айт пен тойы,

Халықтың нашар болды халы жайы.

Ақылмен әдіс құрып ел басқарған,

Сондағы мыналар еді ақылгөйі!

 

Әр түрлі алмағайып заман көрдім,

Көбіне үлгі болған біздің елдің.

Діни жол - қасиетті ірі тұлға,

Ғұлама Кәттәбайдай адам көрдім!

 

Қажының ел ішінде зор бағасы,

Ғұлама болып еді ел ағасы.

Әрі қажы, әрі молда, әрі ақын,

Біздің елде силаушы еді кәрі жасы!

 

Ит өмір жүріп жатты өз бетінде,

Алланың соның бәрі құдіретінде.

Әділбай дейтін қари болып еді,

Соғыстың қан төгілген мезетінде!

 

Білуші ем сол кісіні бала жастан,

Осыны айта берсең бәрі дастан.

Өлгенге иман, тіріге көңіл айтып,

Осы жерде мұсылманның жолын ашқан!

 

Жігітбек бір ақсақал дейтін кісі,

Қиянат сөз сөйлемес жылы түсі.

Өтірік айтқан сөзді жақтырмайтын,

Дәретсіз жер баспайтын осы кісі!

 

Сағади дейтін кісі шала қазақ,

Құрбылары шаласың деп қылған мазақ.

Еңбегі осылардың ұмытылмас,

Ел үшін талай-талай көрген азап!

 

Бесінші осылардың қыржы Иса,

Мұны да айта кетсем сөзге сиса.

Осының қылған ісін айта берсе,

Талай том болар еді, талай қиса!

 

Жәнжігіт ішіндегі молда еді,

Ескі сөз тарихшы болған еді.

Ескінің ұмытылып қалған сөзін,

Талайлар содан ұғып алған еді!

 

 

Ақайлар отыратын қалжың бастап,

Бірін-бірі ұрушы еді – тура бассап.

Осындай батагөйдің арасынан,

Жындылар құтылам деп қайда қашпақ!

 

Сәрсенбай бір ақсақал үлкен адам,

Үлгі алған осылардан талай надан.

Осылар тезге салып түзететін,

Бір адам теріс жолға басса қадам!

 

О, шіркін Борықбайдың Қожабегі,

Тумада Қожакелді арғы тегі.

Сельпода бастық болып қызмет еткен,

Жылқының бір күндегі қара көгі!

 

Тегінде кісі жетпес Шүкібайға,

Сиғанды айтып көрсем ақыл ойға.

Шүкеңнің күлкісінен гүл жайнаушы еді,

Дәм тартып бара қалсаң айт пен тойға!

 

Мұхаммет, Нысанбайдан – Рахмет,

Оларды айтпай кетсем құдайға шет.

Кәрібжан, Серікбай мен Қабдолданың,

Жәрдем бер ұрпағына я, Құдірет!

 

Мырзамның ақсақал Лұқпаны,

Талайға көмек қылған ашып жаны.

Осындай алты-жеті болды ақсақал,

Ұйытқысы ағайынның майталманы!

 

2-ші буын:

Талайлар ескілікте дуылдады,

Көзден жас көңілден кір жуылмады.

Силасып сіз-біз десіп жүретұғын,

Айтайын адамдарды 2-ші буындағы!

 

Бейсембай, Сартжақып, Қабытайлар,

Ұмытпайтын азаматтар қой адам ойлар.

Бар еді-ау көпшілікке жақсылары,

Тисе екен бір Алладан жақсы жайлар!

 

Жүнісбек, Абылхайыр, Мұхаметжан,

Біледі айтпасақ та бірталай жан.

Осылардан бір ауыз сөз ұқпағанға,

Амал не осы күнде қайнайды қан!

 

Дүние-ай, Айтбай, Шәкен, Оразалы,

Алдадың талай жанды дүние пәни.

Омарғалы, Бірсақалмен, Бұтабайлар,

Бір күнде болып еді елдің сәні!

 

Сағаттың Қабдолдасы қайран саңлақ,

Қыз-келіншек ұстаушы еді топтан таңдап.

Соғыста осылар да қаза тапты,

Бір Алла қосқаннан соң Тәңірім арнап!

 

Жүнісхан Тума ішінде Қисық заты,

Бар еді халық ішінде инабаты.

Қажықан жас жігіттің ардагері,

Деуші еді Барлықбайдан арғы заты!

 

Қабылахат, Қапсамет ағайынды,

Еске алып айта кетсек өткен күнді.

Тумада Жәментіктен жан асқан жоқ,

Өтірік мақтай алам басқа кімді!

 

Садығы Рахметолланың дейтін кісі,

Жан еді-ау, тілі майда жылы түсі.

Неше жыл ауданда қызмет етіп

Халықтың қадірлісі болған кісі!

 

Мәлғаждар сельсовет боп тұрған еді,

Сабырлы сөйлер сөзге сырдаң еді.

Халыққа жаны ашитын жас азамат,

Жақсылық талайларға қылған еді!

 

Баласы Тәуебелдің Тәйіп еді,

Мінезі Еділ менен Жайық еді.

Соғыстан бұл кісі де келмей қалды,

Қысқартып өмірін Алла қойып еді!

 

3-ші буын:

 

Пәндәсін не қосса да Алла бастар,

Жарқырар сары алтындай тау да, тастар.

Алтынның сынығы ғой жарқылдаған,

Дүние-ай! болып еді-ау, талай жастар!

 

Шәкер мен Смайлхан достар еді,

Әзілін бірін-бірі қостар еді.

Әубәкір, Қабдолдамен бұл төртеуі,

Біркелкі қатар өскен жастар еді!

 

Бөкенші, Жүмәділ, Қойшыбайлар,

Дос еді жас күнінен Құдай дескен.

Жастарға жас күнінен ақыл айтып,

Жол-жоба көрсететін ерте кештен!

 

Тобытай, о дариға Қабдырахым,

Қаталасып болар ма екен сөзім зақым.

Ойлаған халық қамын азаматтар,

Бұлардан болар дейсің кімдер жақын!

 

Ғаббастың жігіті еді Мамырбегі,

Тумада қалмақ деуші еді арғы тегі.

Азамат сегіз қырлы сексен түрлі,

Жылқының анық осы қаракөгі!

 

Тәжіман баласы еді Жатақбайдың,

Бір келкі адам еді ақыл-ойдың.

Қайғырып еш нәрсені ойламаушы ед,

Қылыға еске түссе осындайдың!

 

Мәжендер баласы еді Атаманның,

Пәндаға бергені көп Жасағанның.

Палуанға түсуші еді қайран сабаз,

Ішінде жасқанбайтын мың мен санның!

 

Тікенбай, Жәкула мен екеуі жас,

Халықққа жас та болса боп еді бас.

Дүние бізден бұрын өтіп кетті,

Жүретін ойнап күліп талай құрдас!

 

Ілиясы Науырзбайдың – Мұсаменен,

Тұрады көз алдымда барлық денең.

Артына ұмытылмас сөз қалдырған,

Осыларды өлді деуге қалай сенем!

 

Қаралық Байкенже мен Божанды алып,

Істеген істеріне назар салып.

Ерінбей еңбек еткен азаматтар ғой,

Білесің айтпасам да барлық халық!

 

Ақаш, Шүмбе, Рақым, Қалихан, Ризалар,

Осылар қатар өскен тең құрбылар.

Бұлар да шал боп міне қалды бүгін,

Ойласаң осындайда сағың сынар!

 

Задасы Құсайынның – Кенжебаймен,

Бірге өскен замандасым өзіме тең.

Әбсаламның Анарбегі бұл төртеуміз,

Арақтан құтылуға таппадық ем!

 

Осылардың ұмытыппыз шіркін бәрін,

Ойласаң еске түсер бірлі-жарым.

Ертерек ойламаған арман менен,

Болып жүр – сыртым шоқ, ішім жалын!

 

Ешкімді ескілікті көрмейді жек,

Артқыға үлгі болар тарих кеп.

Солардың талайымен жолдас болған,

Шығарған мұны жазып мен Данабек!

 

Аналар, апалар, әжелер:

 

Жігіттер күлкі қымбат әзіл арзан,

Өтті ғой бұдан бұрын бірталай жан.

Ерінбей қиындықта еңбек еткен,

Айталық бірнешеуін аналардың!

 

Аналар өтіп еді Жұмаш, Зәре,

Жұмыскер болды әркім келе-келе.

Колхоздың жұмысы мен мәгәзінге,

Ерінбей еңбек етті күшін бөле!

 

Бейнет көп кездесетін жастық шаққа,

Ерінбей ерік берсін тіл мен жаққа.

Зәрелер ауданменен сан айтысқан,

Мәгәзін осы араға орнатпаққа!

 

Күшті жоқ ойлап тұрсаң Құдіреттен,

Арылмасаң адамгершілік қасиеттен.

Әлжан мен Қанипа апаларым,

Сол күнде сауыншы боп еңбек еткен!

 

Ұмытпай еске ап жүрсін бала-шаға,

Жақсының сары алтындай басы баға.

Осы колхоз құрылғаннан еңбек еткен,

Қарасақ Әшімова Бәтияға!

 

Ескіге көп ауады ақыл-ойым,

Апалар – ел анасы, жылы қойын.

Жақында жасатыпты деп естідім

Өзінің нақ 100 жасқа келген тойын!

 

Үңілсек ескі өмірге көзің талар,

Түрі жоқ бір жағынан ойдан қалар.

Ерінбей еңбек еткен Елеуханмен,

Әміржанның бәйбішесі Нұрғайшалар!

 

2-ші буын аналар:

 

Шешесі Айдарханның ақ Бәтиман,

Бір Құдай берген екен бақ Бәтиман.

Соғыстың уақытында үш жанұяның,

Бастығы боп асырапты нақ Бәтиман!

 

 

Өтті ғой қиыншылық талай тұстар,

Ойласаң кездеседі сан жұмыстар.

Колхозда тесік өкпе болып өсті,

Нұршікен, Жаңқай менен Күлбағыштар!

 

Ерінбей еңбек талай өрде,

Шығарған апиынды қара жерге.

Колхоздың ескілікті жұмысшысы,

Тамаша, Тұқан менен Күріштерде!

 

Сағадат, Нүкен менен Қалымхандар,

Өнер іздеп, жан емес еді жұмыс таңдар.

Трактор айдап, қой қырқып, сиыр сауып,

Егін орып, шөп те шапқан міне осылар!

 

Қарттарым менің қазынам. Әсет Ризаұлының Байкенже ақсақал жайлы естелігі. «Халық жаулары». Ағайынды «халық жаулары» Қасымқан мен Қажықан Дінікеновтардың немересі Талғат Қажықановтың естелігі. Науалының келіні Күнімжан Дәулетбайқызының атасы Байкенже Жүкеұлы туралы толғауы.

Тақырыбы: Соғыс және еңбек ардагері Байкенже Жүкеновтың өмірі арқылы өткен ғасыр тарихының кейбір беттеріне шолу.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.

Қазақтың мақал-мәтелдері.

Ескерту: (Еңбегі ерекше азаматтарды есте қалдыру мақсатымен Науалыда Байкенже Жүке ұлына көше аты берілген).

Сарыарқа жарасады өлең қылсаң,

Азырақ ойға түсіп көңіл бұрсаң.

Бәрінен, жер сағынған қиын екен,

Жүрегім елжірейді ойға салсам.

 

Сарыарқа – суың балық, қырың киік,

Бақытты, сән-салтанатты алдың жиып.

Сайрандап кең даласын қазақ елін,

Күн көрген «қара шекпен» түгел сиып.

 

Ар жағы атың шыққан Тарбағатай,

Кетпейді, жауса қары жаздың алты-ай!

Бауырың сыңысыған бақ пен жүзім,

Сайраған, құйқылжытқан құс жағалай.

 

Биігіңе жете алмайды ұшқан құста,

Жарасқан «Кішкене тау» өкпе тұсқа.

Жайлауда жайылған мал саласында,

Жайылар – аяғынан алты ай қыста.

 

 

Алатау – оңтүстікте «Тоқта-барлық»,

Бақтыға, Еміл өрлеп келсең қарғып.

Ырысы кең даланың міне осындай,

Қолма-қол байытады жоқты бар қып.

 

Атығай, Мақаншыдан өтсең бері,

Аяңдап одан әрі жүрсең кері.

Шалқыған сар даласы сәнге біткен,

Болмайды асар белең, ылди өрі.

 

Барақбай өзім туған мекен жерім,

Майсадай құлпырады кербез керім.

Тұмасын көрген адам таң қалады,

Не себеп? Қалай шыққан?! – екен деген.

 

Жайтөбе, Балатөбе төбе біткен,

Көртөбе кең жайдақтау өте біткен.

Бұлардан дәрежемді асырам деп,

Көрпебай өз алдына отау тіккен!

Байкенже Жүкенов ақсақалдың Ұлы Отан соғысында жүргенде туған жерін сағынып ағайын-туыстарына, артта қалған еліне жазған хаты.

Байкенже Жүкенов мен Божан Ақылжанов ақсақалдармен өзім инстутты бітіріп келген 1975 бірге қызмет істеуге тура келді. Осы ақсақалдар ол жылдары зейнеткерлікке шыққан, батыр тұлғалы, аса келбетті, денсаулықтары керемет мықты, сүйектері асыл, тұла бойы тұнып тұрған шежіре қарттар еді. Байкенже мен Божан ақсақал өмір бойы колхоздарда бастық болып қызмет атқарған, өз заманының алдыңғы қатардағы тұлғалары болған. Менің өмірдегі жұмысты бастаған кезімде алғашқы ұстазым бригадир болып қызмет атқаратын Божан ақсақал болды. Мен бригада агрономымын, ал Байкенже ақсақал егін күзетінің бастығы.

Өзіме темірқазық жұлдызы сияқты бағдарлама берген – адалдықты, еңбекқорлықты, жұмысты жан-тәніммен сүюді осы ақсақалдардан және әкем Ризадан үйрендім, бойыма осы адамдардың жақсы қасиеттерін дарытқаны үшін Жаратушыға үнемі тәуба деп жүремін. Осы ардагерлер: өз отанының, елінің, ауылының, ең бастысы ұлтының нақ патриоттары еді.

Бала күнімнен әңгімеге, шежіреге құмар болғандықтан – қолым босай салған сәтте осы ақсақалдардың әңгімелерін, естеліктерін тыңдауды керемет ұнатушы едім. Ол кезде жабық болған тақырыптардың бірі «халық жаулары». Мен де «халық жауының» немересі болғандықтан, сол кезеңде самғайтын талай жерге самғатқызбады, қанатыңды білдіртпей қиып отыратын. Өзіңмен салыстырғанда таланты да, біліме де, санасы да көп төмен жағымпаздардың – қолдарынан келмейтін қызметтің тұтқасын ұстап отырғанын көргенде іштей қынжылатынмын. Қынжылғанда оларды көре алмай емес, керісінше жұмысты былжыратып жібергендіктеріне ішім ашитын. Кеңес өкіметі осы саясатты қанша білдірмеймін десе де, ар жақтағы қоламсы, сасық ійісті бар болмысыммен сезетінмін. Ақыры талантты емес, басшыларға берілгендікті ғана бағалаған үкімет – төңкеріссіз, соғыссыз-ақ, осындай тексіз, қабілетсіз, дарынсыз ел басқарушылардың «іскерлігінің» нәтижесінен ішінен іріп-шіріп ыдырап тынды.

Сол кезде осы ақсақалдардан талай естеліктер естігенмін. Кейін осы Байкенжа ақсақалдың айтқан әңгімелерін растайтын құжаттарды да таптым. Сол кезде Жүкенов Байкенже ақсақал екеуміз мөлшері былай деп әңгіме дүкен құратынбыз:

– Байкенже ата, өз ауылымыздан шыққан бұрынғы мен қазіргі батырларды айта кетсеңіз, келер ұрпақ біле жүрсін. Осы ерлердің кейбіреулерінің аттарын айтқызбай, Кеңес үкіметінің жауы санауда емес пе?

– Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың көбі – батырлар. Ертедегі Ер тарғын, Қобыланды, Қабанбай, Шынқожа, Бұхар, Қарасай, Бөгенбай, Ер Еспембет, бертінгі Бауыржан Момышұлы, Қытай жеріндегі Керей Оспан батыр, 1930...32 жылдары Кеңес үкіметіне қарсы шыққан өзіміздің жерлестеріміз Қылыш Досақанов Жылқайдар, Дүйсенов Сыдық, ағайынды «бандалар» Бақбай, Рақымбай, Ұлы Отан соғысының атақты барлаушысы – құрдасым, Совет Одағының Батыры атағына ұсынылғанда белгілі бір себеппен штаб бастығы бір еврей бергізбей қойған Божан Ақылжанов, 1960-шы жылдары қазақтан тұңғыш рет «Щука» сүңгуір кемесінің командирі болған 2-ші рангалы капитан, бауырымыз Науалы балалар үйінің түлегі Сабыр Ахмадиев сияқты халқымыздың қол бастаған қаһарман ұлдары қаншама!

– Байкенже ата, өзіңіз халқымыздың басына түскен нәубәт пен қиыншылықтардың бәрін көзіңізбен көріп, көңіліңізге түйдіңіз. Сондағы болған оқиғаларды қазіргі ұрпақ өкілдері білмейді деуге де болады. Енді 1937...38 жылдары «халық жауы» болып жазықсыз ұсталған ерлер туралы айтпас па екенсіз?

– Әсет балам, мына сұрағың өте дұрыс екен. Онда мен өзім осы ауылда ғана болған оқиғаларды айтып кетейін. Әр нәрсенің өзінің уақыты келеді, Осы білгендерім келер ұрпаққа аманат етіп, уақыты келгенде жазуды өзіңе тапсырдым, – деп айтып еді жарықтық. Енді сол кезде Байкенже ақсақалдан естіген кейбір тарихи деректерді айта кетейін:

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.