Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімінде Су-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 6 страница



Ашығу – тазаланудың әдісі. Тамақ жеген кезімізде, ағзамыз пайдалы заттарды қабылдап, зиянды және бөтен заттардан арылғысы келеді. Бірақта, ағза осыларды үнемі ажырата алмайды, не оны лықа толтырып тастадық немесе ішіп жеген тамағымыз өте лас. Бұл жағдайда қалдықтар: улар, маңқа мен шырыш, тастар ағзада, әсіресе ішекте, бас қуыстарында т.б. жерлерде шоғырланып жинала береді.

Сұрақ: – Қамбар Ризаұлы, тамақ ішкенде қандай ережелерді басшылыққа алуымыз керек?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, өзіңде талай рет байқаған шығарсың, адамдар тамақты дұрыс жей алмайды. Өзіңіз тамақ ішкен адамдарды бақылаңызшы. Олар тамақты тек ойланбай шайнап жұта береді. Тамақ ішу барысында басында неше түрлі аласапыран ойлар жүйткіп жүреді, ал жүрегі қым-қиғаш сезімдерге толы болып, онымен қоймай тамақ ішіп отырғанда айтысып, дауласып жатады. Осылай олар өзінің ағзасының жұмысын бұзады: бір де бір ағым: ас қорту, уларды шығару және сөл бөлетін бездердің жұмысы дұрыс жүрмейді.

Мыңдаған адамдар ауруларының себептері, тамақты дұрыс ішпегендіктен болатынын білмейді. Жанұяларға қараңызшы, тамақ ішпегенше әркім өз ісімен өзі әуре. Ал дастархан басына жиналып тамақ іше бастағанда әңгіме өрбіп, кей кездерде бір-бірімен жанжалдасып та жатады. Осындай шулы отырыстан кейін денең ауырлап маужырап ұйқың келеді, барып демалуың қажет, ал кімге жұмысқа бару керек, ол құлықсыз кетеді. Ал дұрыс тамақтанған адам өзін жеңіл, тамаша сезінеді.

Сондықтан да – тамақ ішу кезіндегі сақтайтын ережелер төменгідей:

1. Қарныңыз ашып тұрмаса еш уақытта тамақ ішпеңіз. Бұл ережені сақтамасаңыз, ішкен тамағың қортылмайды, ал қортылмаған тамақ ағзаңызды улайды.

2. Шаршағанда, ашуланғанда, қорққаныңызда, жақтырмаған кездеріңізде тамақ ішуші болмаңыз. Қатты сезім әсеріне беріліп кеткен кезде, асқазан мен ішек тамақты дұрыс қабылдай алмай ішкен тамағыңыз уланып кетеді.

3. Тамақ ішердің алдында дәрет алыңыз: аузыңызды шайып, беті қолыңызды, аяғыңызды өкшеге дейін жуыңыз, мүмкіндік болса душқа түсіп шомылып алыңыз.

4. Тамақты шығысқа қарап отырып ішіңіз, егер солтүстікке немесе батысқа қарап тамақтансаңыз денеңіздегі қуатыңыздың деңгейі төмендеп кетеді.

5. Тамақ сүйіспеншілікпен дайындалуы керек. Тамақты пісіретін адамның көңіл күйі мамыражай, көтеріңкі күйде болып, ықыласымен дайындалған кезде ғана тамақ жеңіл қортылады. Байқайсыз ба, жас бала немесе сәбилер дайындаған тағам шала піссе де өте дәмді болатынын, себебі ол шын ықыласымен, пейілімен ата-анасын не келген қонақты разы қылсам деген ниетте болады, осыған жүрегімен қуанады, шаттанады. Егер де тамақ нашар көңілмен, ықлассыз, уайымда, ашуланғанда, қайғыда, үрейленгеде т.б. жағдайларда пісірілсе сізге ешқандай да пайда бермейді. Тамақ дайындаған адамның көңіл күйі тамаққа беріліп тамақтың дәмі мен сапасы болмай уға айланып кетеді.

6. Тамақты ішкенде танауыңның оң жақтағы тесігі жұмыс істеп тұруы керек. Егер тамақ ішкенде танауыңыздың оң жақ тесігі бітеліп тұрса, сол жақ тесігін жауып оң жақпен тыныс алыңыз. Танауыңыздың сол жағы ғана істесе тамақ жөнді жанбайды да тамақ дұрыс қортылмайды. Оң жақ жұмыс істеу үшін сол жақ қырыңызбен жата тұрыңыз.

7. Тамақ ішер алдында Аллаға алғыс айтыңыз, Бисмилләһир-рахмаанир-рахиим (Бастаймын мен ұлық Алланың есімімен, Ол ұлық Алланың есімі, Рахман! Яғни бұл дүниеде жаратылған бүкіл жаратылысқа рахым қылады. Ар-рахиим – о дүниеде өзіне мойын ұсынып тақуа болған момын пенделеріне арнайы рахым қылады) деп ниет қылыңыз, себебі тамақтану қасиетті ағым, Жаратушының бергеніне тәубәшілік қылғаныңызда тамақ жақсы сіңеді, тамақ ішуге өзіңді ойша дайындайсың. Дұрыс тамақтану үшін өзіңнің ниетіңді дұрыстап алып дастарханға отырыңыз. Тыныштықтың болғаны қолайлы. Ауызға алдымен салған асты саналы түрде өзі жұтылып кеткенше асықпай ұзақ шайнаңыз. Ас жеудің басталуының зор маңызы бар. Бастапқы жұтқан қорегіңіз ішкі мүшелердің бәрін іске қосатындықтан, тамақты ішпестен бұрын жайлы жағдай жасаңыз.

8. Тамақты қанша іше аласыз сонша мөлшерде ғана ыдысыңызға салыңыз да тауысып жеңіз, қалдық қалдырмаңыз. Қалған тамағыңызды бір ыдыстан екінші ыдысқа басқа біреуге салып бермеңіз, себебі сіз өзіңіздің қарымтаңызды өзіңіздің от басы мүшелеріңізге бересіз, егер өзіңіз басқа біреуден қалған тамақты жесеңіз онда оның қарымтасын аласыз. (Қалдық тамақтарыңызды үй хайуандарына беріңіз.) Бірақ бұрынырақта қазақтар жақсы адамның сарқыты деп, ол кісіден қалған тамақты ырым қылып жеген. Тамақты мүмкін болса темір ыдыспен ішіңіз, өйткені ол таза және екінші біреудің қарымтасы беріле алмайды. Жанұяның әрбір мүшесінің өздерінің ыдыстары болуға тиіс, тек ауырған кезде ғана емес. Тамақ ішіп болғаннан кейін дастарханға бата беріңіз, еліңізге, халқыңызға, отбасыңызға, қоршаған ортаңызға жақсы тілек тілеңіз, тілегіңіздің қабыл болуын Жаратушыдан өтініңіз.

9. Тамақ ішпестен бұрын үйіңіздегі мейманды, не жолаушыны тамақтандырыңыз, бұл ата-бабамыздан келе жатқан жақсы дәстүр. «Жолаушы үйден қырық қадам шықаннан кейін мүсәпір», – деген түсінік көшпенді халықтың бәрінде де болған, әсіресе біздің қазақ халқы меймондостықтың үлгісін әлі күнге дейін көрсетіп келеді.

10. Тамақ жақсы қортылу үшін шәй ішіңіз немесе бар болса көкөніс салатын жеңіз. Бұл асқазанды алдын ала тамақ ішуге дайындайды.

11.Тамақ ішкенде сөйлемеңіз. Бос әңгіме қуатыңызды шашыратып, ауа алмасуын тежейді. Тамақты жақсылап асықпай шайнау керектігін айтып өттім, бұл тәніміз үшін қажет. Ал тамақтану барысында терең тыныс алу астың жануын қамтамасыз етеді. Ас қорту, тыныс алу, ойлау барыстары – әр түрлі температура мен жиіліктегі жану ағымы. Тамақ жеу барысында ара-тұра тоқтап терең тыныс алыңыз, сонда эфирді жақсы сіңіресіз. Эфир – өміршеңдігіңізді, еске сақтау қабілетін және сезімталдығыңыз бен өреңізді (интеллект) арттырады.

12.Тіс сізге сәндікке берілген жоқ. Тамақты әбдән шайнап, асықпай ішу керек. Бұл астың қортылуына да жақсы және екінші себебі: ауызға тамақ бірінші барған мезетте ол да асқазанның жұмысын атқарады. Ол тамақтың қуатын өзіне сіңіріп алып, қалған қоймалжың бөлігін асқазанға айдайды.

Ауызда өте жетілген құралдар бар: олар тілдің үстінде және астында орналасқан бездер. Осы бездер астың көзге көрінбейтін қасиеттерін аулайды. Сіз, бірінші асаған тамағыңыз асқазанға түсіп, қортылып үлгермей-ақ әліңіз кіріп, сергіп қаласыз. Не себепті? Аузыңыздың арқасында ағза қуатты, эфирлік элементтерді сіңіре алды. Мысалы: жемістер – сұйықтан, газдан және эфирлік заттардан тұрады.

Адамдар қатты мен сұйық заттар жайлы бәрін де біледі, ал нәзік – ауадағылар назардан тыс қалады. Жемістің шырайын, түр түсін бояйтын, хош исін шығаратын – эфир, оның тіршілігі қалай әсер ететініне көңіл бөлінбейді. Эфирдің маңызы өте зор, осының бөлшектерімен адам өзінің нәзік денелерін тамақтандырады.

13. Тамақ сіздің бес сезім мүшелеріңізді: көзіңізді қуантып, хош исі бұрқырап, сезімдеріңізді қытықтап, жүрегіңізді қуантып, көңіліңізді жұбатып әсер етуі керек.

14. Еш уақытта исі шығып бұзылып кеткен тамақты жеуші болмаңыз. Тоңазытқышта тұрмаса 3,5 сағаттан астам тұрып қалған тамақты да ішпеңіз, ал бұл біздің қазақта керісінше. Еттің сорпасын жылытып ертеңіне іше береміз. Есіңізде болсын, сорпа микробтардың өсіп өрбуіне ең қолайлы орта!

15. Тамақтан кейін аузыңызды шайыңыз, реті келсе тісіңізді тазалаңыз.

16.Тамақ ішкеннен кейін бірден ұйықтауға жатпаңыз. Тамақтанғаннан кейін 1-1,5 сағаттан кейін ғана ұйықтауға жатыңыз.

17. Жатар алдында айран т.б. сүттен дайындалған қышқыл тамақ пен қышқыл жеміс жемеңіз.

18. Күн шықпай және түнде тамақ жемеңіз. Өкінішке орай бізде бәрі керісінше. Біздің қазақтың асқазаны басқа халықтан ерекше, түнгі 11-12-де қай халық ыңқия тойып ет жеп, соңынан сорпа ішеді. Онымен қоймай ашты шәймен ары қарай тықпалайды, осылай тамақтанатын халық әлемде екеу болса біреуі бізбіз, жалғыз болса тағы бізбіз! Білмеймін, осылай тамақтану бағымыз ба, әлде сорымыз ба? Не мақтанарыңды, не сақтанарыңды білмейсің. «Алла артының қайырын бере көр», – дейміз де.

19. Түрегеп тұрып және тамақтану аралығында жеңіл болса да тамақтанбаңыз.

20. Тамақ ішердің және ішіп болғаннан кейін бірден су ішпеңіз. Егер де арықтағыңыз келсе суды тамақ ішердің алдында ішіңіз, ал салмағыңызды бір қалыпты деңгейде ұстаймын десеңіз тамақпен араластырып, толғыңыз келсе тамақтан кейін ішіңіз. Бірақта бұл әдіспен онша әуестене бермеңіз, себебі асқазаныңыздың жұмысын әлсіретеді.

21. Егер де үлкен дәретке отырғыңыз келсе, тамақтанғаннан кейін 3 сағаттан кейін отырыңыз.

22. Ішегіңді үлкен дәретпен босатып алмай тамақ ішуші болмаңыз. Ерте сағат таңғы 6-да тұрсаңыз ішек өз қалпына келеді. Таңертең ерте қайнаған ыстық суға бал мен лимон қосып ішсеңіз үлкен дәретіңіз тез келеді. Бұл әдісті іш қатып қалғанда да қолдануға болады. Үлкен дәретке отырғаннан кейін дәрет алып жуыныңыз, мүмкін болса душқа түссеңіз нұр үстіне нұр болар еді.

– Әсет, мен саған тазалық туралы бір аңызды және бұрынғы апаларымыз бен қазақ әйелдерінің тазалықты, аурудың алдын алу үшін қандай шаралар жасағанын айтып берейін.

– Ой, Қамбар бауырым, мынауың бір керемет әңгіме болғалы тұр ғой деймін, құлағым сенде, айта бер!

Баяғыда қазақтар Ескендір Зұлқарнайын, батыс халқы Александр Македонский деп айтатын атақты патшаның әскері құм ішінде қалып қатардағы сарбаздар іш ауруынан қырыла бастапты, ал офицерлер құрамасы дін аман. «Бұл не керемет, себебі неде?», – деп тексере келсе, қатардағы сарбаздың су құятын құтысы жәй темірден, ал офицер құрамасынікі күмістен жасалыпты. Өзің білесің, күміс қандай болмасын микроб пен вирусты қырып жібереді емес пе? Сол сияқты өзіміздің өткен, алдыңғы ғасырларда өмір сүрген әжелеріміз, жас келіншектердің бәрінің саусақтары күміс сақина мен білезіктерге толып тұрған. Бұл бірінші әсемдік болса, ең бастысы тазалық және жұқпалы аурулардан сақтаған. Баяғы қазақ даласында емханалар, дәрігерлер жоқ болса да, осындай алдын алу шараларымен аурулардың алдын алып отырған. Келіншектер ыдыс-аяқ жуғанда ыдыстың бәрін, асатын, пісіретін тағамдарын күміс сақинаның көмегімен залалсыздандырып отырған емес пе, бұл деген керемет қой! Өкінішке орай, халқымыздың осындай салт-дәстүрінің қасиетті жақтары қазір көмескіленіп кетті ғой.

 

Кәсіпкер Жұматай Нұртазаұлы Абылханның үшінші толғауы

Әкесі – қадірменді қария Нұртаза Абылхановтың жас шағында Қытайда тұрғанда, Керей арасында бір еркек қойдың етін намысқа тырысып түгел жеп қойып «Найманның тажалы атануы» туралы әкесінің айтқан әңгімесі.

Қанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы.

Абуль Фаради

 

Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, осы тамақ жеу туралы келесі әңгімені айтатын өзіңіздің жақсы көретін шәкірттеріңіздің бірі Абылхан Жұматай, енді кезекті соған берсек қайтеді?

Жауап: – Неге бермеске. Мен іскер азамат Жұматайдың өзінде, ақылды, қазақ келіндерінің «символы» биязы келін Динаны да, дарынды ұлы Әділетті, алғыр қызы Зерені де өте жақсы білемін.

Өзің мұрындық болып ашқан Науалыдағы тұқым сынайтын алқаптың Абылхан Жұматай, Мұхаметжанов Әнуар, Көсембаев Түсіпхан, агрономдар – Орақбаев Кәдірбек, Кәттебаев Зият, Бодауов Тұрарбектердің жетекшілігімен қайта ашылуы да мені қатты қуантады. Қазір олар менің талай сорттарымды алып еге бастады. Нәтижесі жаман болмас деп ойлаймын.

Абылхан Жұматай 40-тың қырқасына шыққан, қамал алатын жасқа келген шымыр денелі, аса қайратты, қара торы, мейірбан өңді, сұңғақ бойлы, терең ойлы, әр сөзін салмақтап сөйлейтін, асыл тектілігі – айтқан уәдесіне құрыштай беріктілігінен, алған бетінен қайтпайтын қайсарлығынан, жанының жомарттығынан, мінезінің кеңдігі мен санасының жоғарлылығынан, жүрегінің тазалығы мен имандылығының ерекшелігінен айшықталып тұратын жігіт ағасы.

Ол сөзін былай бастады: «Мен әкемнің өз аузынан естіген әңгімелерімнің біреуін айтып берейін: «1952 жылы Қытайдағы Дөрбіжін қаласында 5...6 саудагер бірігіп семіз қой сойғызып, май жеп жарысатынбыз. Майды шайнамай жұтуды үйрендік. Сол кезде өзімнің ұн тартатын екі меншік диірменім болды, ал Ертістің бойында Керейлер жалпы астық екпейтін халық, апталап жатып менен ұн сатып алады. Сол жылы жұмыстарым да болып, оның үстіне: »Нүке келіп қонақ болып қайтыңыз», – дегеннен кейін Ертістің бойымен Алтайға қарай құлдап жүріп кеттім. Қыс кезі, күн еңкейіп қалған, шыңылтыр аяз, ымырт жабыла Исатолла деген бір Керей бар еді, әлгінің үйіне келдім. Мені көріп: «Ой, Нүкең кеп қапты ғой!» – деп бәрі жік-жаппар болды. Мені аттан түсіріп алып үйге кіргізді. Сол кезде Керейде көп нан болмайды, тары жейді. Ол кезде қазақ келген бетте жөн сұраспайды, үйдің иесі малдарын жөндеп далада жүр.Үйге келіп төрде отырғанымда, әйелі үлкен ағаш шары аяқпен толтырып бықтырып, бүктіріп тары алып келді. Аш келген адам әлгіні соғып алдым. Бір уақытта үйдің иесі мен әйелі күбірлесіп жүр, олардың тошаласы үймен қатар болады. Тошала деген ет сақтайтын жер.

Әйеліне ет салып жатқан кезде: «ағарған жағынан», – деп айтты. «Ә, ағарғаны не салады екен, жаңағы тарыны бекер-ақ жеппін» – деп ойладым. Етін салды, әңгімелестік, уақыт өтті. Олар негізінде екі-үш үйден ғана отырады, біраздан кейін көршісі келді, сәлем берді. Бәрі мені таниды, мен олардың көпшілігін танымаймын. Әйелі ет түсіріп, үлкен астаумен бірақ әкелді, оларда жайма салу деген болмайды. Қарасам, әйелі де бір мың болғыр адам екен, ағарған жағы дегенді өте дұрыс түсініпті, ылғи аппақ май, анда- санда ғана бір қаракесек ет, бүкіл бір құйрықты ұшасымен бірге салған сияқты. «Әке-ау, қалай болар екен» – деп бір ойладым да, үй иесі, көршісі үшеуміз үш жақтап турадық. Қолға бір қара ілінбейді, үлкен қырма табаққа турап жатырмыз, турап жатырмыз әйтеуір бір уақытта турап біттік. «Ал енді жеңдер», – десем, әлгілер «Нүке сіз жеңіз», – деп табақты маған қарай итеріп қояды. «А, Найман шал аруағынан айналайын, мені қолдай көр! Керейлердің алдында ұятқа қалдыра көрме», – деп өзімді-өзім бекітіп алдым.

Егер Қаракерей, Байыс, Тума деп жатса түк емес қой, бұлар Найман деп сөйлейді ғой. «Кеудесіне нан піскен жаман Найман, табағымыздың шетін оя алмай кетті», – деп айтады. Ол кезде Найман мен Керей арасында іштей бір тартыс бар, Керей негізі тау халқы, тары ғана егеді. Олай болса деп, ет түсер түспестен кірісіп кеттім. Бұрынғы үйренген әдіске салып майды жұта бердім, жұтып жатырмын, жұтып жатырмын, бір майдың да дәмін татқан жоқпын. Кеңірдегіме кеп қалған уақытта қозғалақтап қоямын, табақтың жартысынан аса табақты өздеріне қарай итердім, қаракесек ет жеген жоқпын. Үй иесі мен көршісі мен тоймай табаққа қол салатын түрлері жоқ, сүйек мүжіп өздерімен, өздері отыр. Әлгілерге ызам да келіп отыр, не болса да тағы да қозғалақтап қойып қайта кірістім. Табақ бітуге аз қалғанда, май өңеміше тұрып қалды. Әлгілерді әңгімеге айландырған боп, табақтағы майды түгел бітірдім. Қарасам екі шеңгел қаракесек ет қалыпты, не болса да деп бір шеңгелін аузыма тастап жібердім. Қаракесекті шайнап жеу керек, жүрегім лоқсыңқырап әлгілерге сездірмей үш қылқынып барып әрең жұттым. Қалған бір шеңгел ет, енді мен үшін уайым болды. Енді не істеймін деп отырғанда ойыма бірдеме сақ ете түсті: «мына Найман аш келген бе деп, мына құдағилар сөгер, мынаны құдағилар жесін», – деп табақты ары қарай итере салдым. Әйелі де ана жақтан қарап отыр екен, келді де табақты іліп ала жөнелді. Керейлер әйелдерінен бөлек отырады екен. Сонымен сүйек мүжіп отырған үй иесі мен көршісі аш қалды, өздерінен өздері көрсін дедім. Шәй, сорпа келді, бір тегене құрт әкелді езіп, осы құртты ішіп алдым.

Бір уақытта жатар алдында денем өзінен өзі қызып дуылдай бастады. Кешке жақын Ертісті бойлап келе жатқанда су алатын ойықтарын көргенмін, атты қараған болып жаңағы ойыққа барып, бетіндегі қаймақ мұзды қағып тастап басымды салдым. Қаңтардың аязындағы мұзды суды басым мүлде сезбейді, басымды екі үш қабат малып алдым. Басымды шүберек белбеумен сүртіп, құрғатып түк болмағандай болып үйге келіп жатып қалдым. Бағана «ағарған жағы» дегенде арты қалай болар екен деп, таңертең ерте кетемін, ақша аударуым керек деп құлағына құя бергенмін. Маған не болса да ерте кету керек. Ағарғанның арт жағы қиын болатынын өзім сезгенмін, әйтпесе бір-екі күн жатайын деп келгенмін. Содан жаттым, не ұйықтап, не қойғанымды білмеймін, дөңбекшідім. Таңға жақын көзім ілінгендей болды. Таң алаң елеңде тұрып едім, әйелі де сақ екен, мен өйтіп-бүйтіп далаға шығып жуынғанымша бір шәугім шәйін қайнатып қойыпты. Бір шәугім шәйді аузымның күйер-күйгеніне қарамай ішіп алып атқа қондым.

Атқа енді міне берейін деген кезде кешегі көршісі сап ете түсті. «Ойбай Нүке, кететін боп қалдың ба? Сізді бір-екі, үш күн жатады деп ойлап едік», «мен жатайын-ақ деп едім, жатқызбасың жатқызбай бара жатыр», – дедім, бірақ ол оны түсінген жоқ. «Сіз ерте кетеді дегеннен кейін бір қуырдақ қуыртып қойып едік», – деді. Аттап өтуге болмайды, еріксіз үзеңгіден аяғымды алып үйіне кірдім. Үйіне кіріп едім, сиырдың ашты қуырдағы екен, екі-үш қарбытып жеп жіберіп, екі-үш кесе шәйін ішіп алып атқа қондым. Күн шықпай шығып кеттім, еңкейсем болды май жетіп келеді, әлі өңешімде тұр, шалқайыңқырап қойып жүремін.

Қаңтардың аязы, денем өзінен өзі қызып аязды елейтін емеспін. Қалың үлкен ішігім бар еді, оны бөктеріп алдым. Жұқа ішігімді ғана киіп, тымақтың құлағын көтеріп байлап алып жолмен келе жатырмын. Керейлер жарты не бір шақырым жерде жол бойлай екі-үш үйден отырады. Жол Ертісті бойлап жүреді. Көрген адамдар бір-біріне айқайлайды: »Қараңдар ананы, Иса келе жатыр, Иса келе жатыр!», – Онысы Иса пайғамбар дегені, Иса аязда жеңіл киіммен жүре береді деп естігендері бар шығар. Енді біреулері, есі дұрыс емес деп күлсе, көпшілігі мына аязда қалай жүр деп, аң-таң қалады. Мен өз қайғыммен өзіммен-өзіммін. Алтай жерінің Ертіс бойында қаңтардағы аязы 45...50 градустен кем болмайды. Күні бойы жүріп, түс ауған кезде өңешіме жетіп келетінін қойды. Күн еңкейген кезде өзіме-өзім келіңкіредім.

Құмық деген сыралғы, өзіммен құрдас досым бар еді, әлгінің үйіне қарай тарттым, не де болса соның үйіне соғайын, өлсем осында өлейін деп. Аттан теңселіп түстім, Құмық мені көре сап: »Ой, Нүке кеп қалдыңыз ба?», – деп әлгі жерде жік-жаппар болды. Атты байлап, әйеліне: »Тамақ сал»,– дей бергенде қолынан шап бердім. «Мен өзім жол соқты ма, тамақтан ұшындым ба, тамақ деген сөзді айтпаңдар», – деп, ет деген сөзді естісем жүрегім айныйды. «Мен түкте ішпеймін», – деп сұлқ барып жаттым. Олар: »қиын болды-ау қонақтың аурып келгені», «енді осылай болып тұр, қатты ауырып тұрмын, тамақ туралы сөз айтпаңдар, қара шәй ішем де жатамын». Содан тұра алмай екі күн жаттым. Екінші күні күн еңкейе Құмық аттан түсіп жатып күлді: »Ой Нүке, сіздің ауруыңыздың хабары келді, Исатолла хат жазып жіберіпті. Ертісті бойлап Найманның тажалы кетіп бара жатыр, сақтансын, ұятқа қалмасын!». Исатолла біраз көтеріңкіреп жазыпты, бір еркек қойды түгел жеп кетті деп. Құмық досым күледі: «Биыл соғымымыз арық еді, енді ұят болды не істейміз?». «Ой соғымың да бар болсын, өзің де бар бол, үндеме», – дедім. Сол үйде 4...5 күн жаттым, 3-ші, 4-ші күні ғана кішкене-кішкене бір жапырақ, екі жапырақ қаракесек жеуге шамам келді. Әбдән тынығып болғаннан кейін ғана осы үйден қозғалдым. Содан бері май жеуден қалдым...

Академик Оразалиевтің үшінші толғауы

Тақырыбы: Менің 20 жылдық ашығу тәжірибем.

«Адам тәнінде қарыннан жаман ыдыс жоқ. Бірнеше рет асаған тамақ адамға жеткілікті. Егер қажет болса, қарынның үштен бірін тамаққа, тағы үштен бірін суға, қалған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Сұрақ: – Рақым аға, өзіңіз де ашығып ораза тұтып жүргеніңізге жиырма жылдан асты, өз тәжірибеңізбен оқырмандармен бөлісе кетсеңіз?

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.