Менің бірге туған сүйікті бауырым провизор Қамбар Ризаұлы Мұқашбеков өзінің қанының жартысын құйып, провизор келінім Үміт, медбике Нұргүл және аудандық жансақтар (рениамиация) бөлімінің меңгерушісі Дәулет Көпжасарұлы Абақов ажал шеңгелінен әрең дегенде алып шықты. Ауруханада қозғала алмай жатқан 50 күнде, төсегімнің қасына отырушы медбике Абылханова Нұргүлді арнайы тағайындады. Әлі күнге дейін осы ақ халатты абзал жандарды ризашылық сезіммен ауық-ауық есіме алып қоямын.
Кімде-кім бір момын мұсылманды осы дүниедегі қиыншылығынан құтқарса, Алла оны ақиреттегі қиыншылығынан құтқарады. Кімде – кім бір момын мұсылманның айыбын жапса, Алла оның екі дүниедегі айыбын жабады. Пенде біреуге жәрдемдесу үшін әрекет қылса, Алла оған жәрдемдеседі.ПайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с.)
Осыны оқып отырған оқырман қауымның ауруларын түгел жинақтаса, сол аурулардың түгелі дерлік менің бір басымда болды десем шындықтың ауылынан онша алыс кете қоймаймын. Келесі жылы да жүрегім қатты қысып жансақтарда бір апта емделдім, содан аурухана біртіндеп екінші үйіме айнала бастады.
Поль Брэгтің «Здоровье и долголетие» атты кітабы менің қолыма 2000 жылы қаңтар айында тиді. Осы т.б ашығу туралы кітаптарды мұқият, ыждағаттылықпен оқып, бірте-бірте санама толықтай сіңіріп алдым. Сонан соң ойланып, ішкен дәрілерім әсер етпейтін болған соң: «қараптан қарап арам өлгенше, қарманып өлейін» – деп кітаптағы «ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық» деген ұранды басшылыққа алып 3 күндік ашығуға бірден тәуекел еттім, нәтижесінде 3 тәуліктен кейін аяғымның бастырмай аурып жүргені бірден жоғалып кетті. Сонан кейін екі қабат 7...10 күндік ашығуды өткізіп, денем жеңілдеп, денсаулығымның күрт жақсара бастағанына көзім жетті. 2000 жылы Наурыз айында 21 тәулік ашықтым, сондағы ағзамның тазаланғанын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес! 2001 жылы ораза айында 27 күн ашықтым, 2002 жылы ораза айында 38 тәулік, ал 2003 жылының ораза айында 40 тәулікке жеткіздім. Осы ашығу барысында қыста қардың суын, қалған уақытта тұманың не құдықтың суынан басқа аузыма нәр татпадым. Аралық кезеңдерде анда-санда тәуліктеп ашығып жүрдім, бірақ кітаптағы шарттарды толық сақтадым деп айта алмаймын, себебі денсаулығың жақсара бастағанда, баяғы «таз» қалпыңа түсіп пендешілік жеңіп кетеді екен. 2004 жылы да 40 тәуліктік ашығуға, ораза аяқталарда яғни 9 Қарашада кірісіп кеттім де Желтоқсанның 19 да 41 тәуліктік ашығуды ойдағыдай аяқтадым. Бірақта, 2005 жылы ашығуды белгілі бір себептермен ұстай алмай ауру мен настық қайта меңдеп алды.
50 күндік ашығуымда ыстық қайнаған суға таза бал және лимон қосып іштім. Соңғы 15 күнінде тек қайнаған ыстық су ғана іштім. Себебі балдан адамның жүрегі қайтып қалады екен, ағза өзі қажеттісін ғана қабылдайды. Ыстық суға таза бал мен лимон салып, ерітіп ашығуды өзімнің ашығу іліміне қосқан қомақты үлесім деп білемін.
Ескерту: Естеріңізде болсын! Егерде сусамыр (қант диабетімен) ауыратын болсаңыз ішетін суыңызға бал қоспаңыз, қанытыңыз көбейіп кетеді! Тек қана таза ыстық су ғана ішіңіз!
– Әсет Ризаұлы, өзіңді қазір қалай сезінесің? Оқырмандарға осы туралы қысқаша айта кеткенің дұрыс болар?
– Денсаулығымды қалпына келтіру үшін академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің, теолог – философ Досым Қайырбекұлы Омаровтың басшылығымен және жергілікті дәрігерлер Әбдікәрім Абдуманапұлы мен Харниса Арупқызы Имяровтардың бақылауымен 2006 жылы 24 Наурызда 50 күндік ашығуға қайта кірісіп кеттім. Мамырдың 13 күні осы 50 күндік ашығуымды ойдағыдай аяқтап шықтым, осы кезеңдегі ашығу барысы мен оқиғалар желісі 2006 жылы 4000 данамен екі қайтара баспадан басылып шыққан «Жасару құпиясы» атты кітабымызда кеңінен баяндалды.
Қазір көңіл күйім өте жақсы, шаршауды білмеймін. Ашығудан кейін күннен күнге тәніме де, жаныма да керемет буырқанған қуат құйылып жатқанын сеземін. Өзімнің жасарып, жас кезімдегідей қайратты, сымбатты және 10...15 жылға бірден жасарып кеткеніме жанымдағы жұбайым, балаларым, жақсы араласып жүрген достарым да таңырқап жағаларын ұстайды. Тәнім ғана тазаланып қана қоймай, жаным мен рухым да тазаланғаны соншалық, бұрынғы өмірдің күрделі шешілмейтіндей көрінетін шырғалаңдары өзінен өзі қарапайым шешіліп, тұрмысым да түзеліп, нақ бақытты болудың не екенін тәндік, жандық, рухани тұрғыдан да түсіне бастадым. Осы деңгей жанұям, балаларым мен немерелеріме де жақсы әсерін тигізуде. Осыған ашығу бағдарламасын ұстасаңыз өзіңіз де жететін боласыз, ал осы жолмен жүрудің түк те қиындығы жоқ. Ол үшін «жан» мен «тән» екеуі екі нәрсе екенін жақсы ажырата біліп, адамды «тән» емес «жан» билеу керектігін түсініп, нәпсіңізді тисаңыз болды.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, қазір біздің ұлтымыз ұстап жүрген оразада кемшіліктер бар ма?
Жауап: – Дәулет Көпжасарұлы, сен өте бір маңызды сұрақ қойып отырсың. Қазіргі уақытта біздің қазақ оразаны, рухани қараңғылықтың, надандықтың салдарынан: даңғазалыққа, бәсекеге айналдырып жіберген сияқты. Кешке ауыз аштырамыз деген сылтаумен бірін-бірі қонаққа шақырып, көл-көсір дастархан жайылып, неше түрлі ауыр және өлі тағамдар желінеді. Біздің қазекең «ет десе бет бар ма?» – деп, алдына келген тамақты мөлшерсіз соға береді, нәтижесінде қазекеңнің басым көпшілігі ораза айында, жай айларда жемейтін тамағын жеп, бейне ашаршылықтан келгендей болады. Осылай күнделікті кешкілік ыңқия тамақ жеудің, ол тамақ толық қортылмай жатып, тағы да таңғы сағат 4-те тұрып тамақ ішуде не мағына бар, несі ораза, ауыз бекіткенінің мағынасы неде? Онымен қоймай: «Ауызды уақытылы ашпаса обал болады» деген өздерінің қомағайлығы мен мешкейлігін ақтайтын қағида шығарып алғанына не дерсіз?!
Адам баласы оразаны тамақ ішіп-жеуді шектеп, аз-аздап қана ішіп денсаулығын жақсартумен қоса, жаны мен рухын тазалау ниетінде ұстауға тиіс қой. Жоқ, біздің кейбір қазакеңдерде бәрі керісінше, оразадан алатын пайдасынан, шегетін зияны көп сияқты. Біз осы оразаның адамның рухына, жанына, денсаулығына пайдалы әсерлерін оразаның ғылми тұрғыдан теориясын осының алдында басылып шыққан – «Жасару құпиясы»-ның бірінші кітабында академик Р. А. Оразалиевтің баяндауымен толық ашып, айтып кеткенбіз.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, оқырмандарымызға 24-36 сағаттық және үш, жеті, он тәуліктік ашығулардан қалай шығу керек екенін қайта-қайталап айтып өтсек артықшылығы болмас деп ойлаймын. Кейбір жағдайлар алдындағы кітапта баяндалса да, алдыңғы кітабыңызды көпшілік оқырмандарымыздың оқымауы мүмкін ғой?
Жауап: – Дәулет Көпжасарұлы, олай болса ашығудан қалай шығу керектігін тағы қайталап тоқталайын. Ашығып болғаннан кейін төмендегі шарттарды мұқият сақтаңыз. Есіңізде болсын: бірден бұрынғыдай ашқарақтанып ыңқия тойып алсаң өліп кетуің мүмкін!
Тамаққа қайта әдеттену үшін, ағзаға бір-екі тәулік уақыт керек. Егер ішегіңіз осы аралықта әрекет жасамаса мазасызданбаңыз. Көбінесе алғашқы тамақ ішкеніңізден кейін, бірінші үлкен дәретке отырасыз, бұл әркімнің жеке ісі, сондықтан да бәріне бірдей ортақ қалып қоя алмаймыз. Сіз табиғатқа қарсы келіп, ішегіңіздің жұмыс жасауына қысас келтірмеңіз. Табиғат ішекті өзінің санитарлық және залалсыздандыру жүйесімен қамтамасыз еткен, осы жүйе керекті уақытында өзінің табиғи міндетін атқарады. Сіз тамақ ішкенде, ішек өзінің жұмысын атқара береді. Егер сіз осында айтылған тамақ ішу ережесін басшылыққа алсаңыз, онда уақытылы және сау шығару жүйесін қалыптастырасыз.
Сіздің 24 сағаттық ашығуыңыз, түскі астан – келесі түскі немесе кешкі тамақтан, ертеңгі кешкі тамаққа дейінгі аралықта болу керек. Осы кезеңде жеміс, шырын т.б. тағамдарды аузыңызға салмайсыз, дәмін де татпайсыз, тек таза су ғана ішуге болады. 24 сағаттық ашығуда бір-ақ нәрсеге рұқсат. Егер қаласаңыз таза суға табиғи бал немесе лимон қосуға болады. Бұл қоспалар улар мен маңқаны еріткіш. Сонда судың дәмі кіріп, бүйректегі сүзгілерден жеңіл өтеді. Ашығуда бүйрек ең маңызды жұмыс атқарады. Міне сондықтан да, ашығудың қай түрінде болмасын қайнатылған ыстық суды көп ішу керек. 24 сағат ашықаннан кейін, кіші дәретіңізді шыны құтыға құйып, салқын жерге бірнеше апта сақтап қойыңыз. Сіз өз көзіңізбен шыққан уларды, шырышты, маңқаны, қиыршықтарды көресіз.
Осы 24...36 сағаттық ашығуды қазір көптеген адамдар ұстайды, әсіресе бір орнында тапжылмай қызмет істейтіндер және ұзақ ашығуға шыдай алмайтындар, олар апта сайын белгілі бір күнді белгілеп алып сол күні 24 не 36 сағаттық ашығуды қиналмай-ақ ойдағыдай өткізеді, тіпті қалыптасып алғандары сонша, өздерінің аш екендерін де ұмытып кетеді. Ашығудың осы қысқа түрін кім болмаса да ұстай алады.
Жеті күндік ашығу кезеңінде сіздің асқазаныңыз бен барлық ішек жолдары жиырылады, ал ашығу мерзімі аяқталған кезде былай істеуіңіз керек. Ашығудың 7-ші күні, мөлшермен кешкі 5-те, 4-5 помидордың қабығын аршып тураңыз да, қайнап жатқан суға салып жіберіп, бірден шығарып алыңыз. Тәбетіңіз келген кезде суытып барып жеңіз. 8-ші күні таңертең ұсақталып туралған сәбіз бен капустаға апельсиннің жартысын сығып, шырынын қосып жеңіз. Осыдан кейін кішкене табақшамен бұқтырылған көкөніс, жеміс жеуге болады. Осы тамақпен кептірілген қара нанның 2 тілімін жеңіз. Осыларды таңертең жеу қажет. Күні бойы суды қанша ішем десеңіз еркіңіз. Түскі тамаққа майдаланып ұсатылған сәбіз, апельсиннің шырыны қосылған туралған капуста. Салаттан кейін екі жеміс көжесін – сәбізден, капустадан, асқабақтан немесе көк бұршақтан дайындалған, осыған екі тілім қара нан қосып жеуге болады. Мұндай тамақта май болмайды.
Тоғызыншы күні таңертең, қандай болмасын жаңадан үзіліп алынған жеміс алма т.б. жеуге болады. Осыған 2 кішкене қасық бөрткен бидайды 1 кішкене қасық балға араластырып қосыңыз. Күндіз ұсақталған сәбіз, капустадан жасалған салат, бір жеміс көжесі, бір тілім нан. Кешке салаттан, памидор т.б. көкеністерден пісірілген көже ішіңіз. Оныншы күннен бастап, өзіңіз үйренген қалыпты тамағыңызға көше беруіңізге болады, бірақ мөлшерден тым асырып жібермеңіз. Жеті мен онкүндік ашығудың арасында айырмашылық азғантай ғана. 10-шы күннің кешкі 5 мөлшерінде памидор жеп, жоғарыда айтылған ережені басшылыққа алыңыз. Өзің жейтіндей ғана жеңіз, артық жемеңіз. Есіңізде болсын, сіз тамақсыз 7-10 күн өмір сүрдіңіз, осы уақытта тәбетіңіз жоғалды. Сіз тамақ іше бастағанда қуат бірден құйылмайды, ол үшін уақыт керек және ағзаңыз уды тазалаудан, тамаққа қанығу бағдарламасына көшу үшін де белгілі мерзім қажет.
Бірінші салатты жеуді ережеме айландырдым. Себебі, біз ағзамызды тек табиғи тамаққа ғана бейімдеуіміз керек. Көпшілік адамдар тамақтануды көже ішу мен нан жеуден бастайды, менің пікірімше, бұлай тамақтану мүлдем қате, себебі шикі көкөністер тамақ алдында ас қорту сөлінің бөлінуіне көмектеседі. Шикі көкеністің құрамында табиғи сөл мол, бұл ас қортуға ең қажет зат. Сондықтан да, мен тамақты көкөніс салаттарынан бастауларыңызды талап етемін, осылай бірнеше жыл әдеттенсеңіз, сіздің ағзаңыз тамақ алдында басқа нәрсені қабылдамайды. Осының нәтижесінде, сіздің тағамыздың құрамында, көкөніс мөлшері 60 пайызға жетеді. Шикі көкөністер мен жемістерде өмірлік күш мол, бұл табиғаттың күн қуатын шоғырландырып, бізге дайындаған тірі тамағы. Міне, сондықтан, тамақ құрамының мінсіз мәзірінің 60 пайызы шикі көкөністер мен жеміс-жидектерден, 20 пайызы белоктан құралуы керек деп есептеймін. Бұл белок ет, балық, жұмыртқа, табиғи ірімшік-сыр немесе өсімдіктен жаңғақ, дән түрінде болады. Сыра ашытқысы және бөрттірілген бидай да белок азығының маңыздысы. Соңғы 20 пайызының өзі үшке жіктеледі. Бірінші бөлігі табиғи крахмал-наннан, күріштен, бұршақтардан алынады. Екінші бөлігі табиғи қант-балдан, шырындар мен кептірілген жемістерден алынады. Үшінші бөлігі табиғи қанықпаған майлар – күнбағыс, соя т.б. өсімдік майлары.Табиғи крахмал, қант және майлар – бұлар жоғары мөлшерде шоғырланған тамақ, сондықтан осыларды аздап, мөлшермен ғана қолданыңыз.
Ашыққан кезеңде ыстық су ішу өте пайдалы. Қайнағаннан кейін тұндырып барып ішіңіз. Суық сумен майлы ыдысты жуған кезде толық тазаланбайды, таза жуу үшін ыстық су қажет. Ағзада да осылай болады, ыстық су, суық су шая алмайтын талай қоқыстарды ерітіп оларды бүйрек, тесіктер т.б. арқылы шығарып тастағанда, сіз өзіңіздің тазаланып жасарғаныңызды сезесіз. Ыстық суды ашығу кезінде үзбей ішуіңізге болады. Ыстық су түтіктердің бәрін тазалайтындықтан қан тамырларының қатуы мен буын ауруларына таптырмайтын дауа.Үйренбегендіктен бастапқыда ыстық суды ішу біртүрлі жағымсыз, бірақта біртіндеп рахаттана бастап соңынан ләззат аласыз. Ыстық су табиғи зиянсыз дәрі, бірақ арзан және қарапайым болғандықтан ешкім де салиқалы түрде қабылдамайды. Баяғыда біреу ыстық судың көмегімен дәрігерлер дәрімен жаза алмаған ауруын жазып алған. Күдер үзген дәрігер осы ауруды көруге келгенде, ол өзінің қалай жазылғанын айтады, сол кезде дәрігер былай дейді: »Мен ыстық судың шипалық талай қасиетін білемін, бірақта мен ыстық суды сата алмаймын ғой!».
Енді ашығудан қалай шығу керектігіне тоқталайық. Ашығып болғаннан кейін төмендегі шарттарды мұқият сақтаңыз. Есіңізде болсын: бірден бұрынғыдай ашқарақтанып ыңқия тойып алсаң өліп кетуің мүмкін!
Тамаққа қайта әдеттену үшін, ағзаға бір-екі тәулік уақыт керек. Егер ішегіңіз осы аралықта әрекет жасамаса мазасызданбаңыз. Көбінесе алғашқы тамақ ішкеніңізден кейін, бірінші үлкен дәретке отырасыз, бұл әркімнің жеке ісі, сондықтан да бәріне бірдей ортақ қалып қоя алмаймыз. Сіз табиғатқа қарсы келіп, ішегіңіздің жұмыс жасауына қысас келтірмеңіз. Табиғат ішекті өзінің санитарлық және залалсыздандыру жүйесімен қамтамасыз еткен, осы жүйе керекті уақытында өзінің табиғи міндетін атқарады. Сіз тамақ ішкенде, ішек өзінің жұмысын атқара береді. Егер сіз осында айтылған тамақ ішу ережесін басшылыққа алсаңыз, онда уақытылы және сау шығару жүйесін қалыптастырасыз.
Сіздің 24 сағаттық ашығуыңыз, түскі астан – келесі түскі немесе кешкі тамақтан, ертеңгі кешкі тамаққа дейінгі аралықта болу керек. Осы кезеңде жеміс, шырын т.б. тағамдарды аузыңызға салмайсыз, дәмін де татпайсыз, тек таза су ғана ішуге болады. 24 сағаттық ашығуда бір-ақ нәрсеге рұқсат. Егер қаласаңыз таза суға табиғи бал немесе лимон қосуға болады. Бұл қоспалар улар мен шырыштардың еріткіші. Сонда судың дәмі кіріп, бүйректегі сүзгілерден жеңіл өтеді. Ашығуда бүйрек ең маңызды жұмыс атқарады. Міне сондықтан да, ашығудың қай түрінде болмасын қайнатылған ыстық суды көп ішу керек. 24 сағат ашықаннан кейін, кіші дәретіңізді шыны құтыға құйып, салқын жерге бірнеше апта сақтап қойыңыз. Сіз өз көзіңізбен шыққан уларды, шырышты, маңқаны, қиыршықтарды көресіз.
Алдындағы 50 тәуліктік ашығудан шыққан соң, 4-5 тәулік бойы жеміс шырындарын ішіп немесе таза жеміс мәзірін (диета) қолданып жүрдім. Неізгі қолданатыным қызанақ (памидор), осыны үгіткіткіштен өткізіп қабығын алып тастаймын да, 2-3 кг қызанақ шырынына 5-6 бас у сарымсақ (чеснок), 2-3 тәтті бұрышқа аздап қана тұз қосып ішіп жүрдім, себебі ішімдегі қалған улардан осылай құтылатын сияқтымын. Осы шырынды іше бастағаннан соң-ақ тілім керемет тазаланып, өзіме бір ерекше қуаттың құйылып жатқанын сездім. У сармысақтың қасиеті ішіңдегі вирус пен микробтарды түгелдей жойып жібереді және ішіңді өткізіп тазалайды. Шөлдей бастасам аздап бал, лимон қосқан ыстық су ішемін. Осы әдіс те өзіме жүргізіп жатқан тәжірибемнің бір белесі. Салмағым мен қан қысымымда өзгеріс жоқ, жұмысты ерекше бір шабытпен істеудемін, көңіл күйім көтеріңкі.
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында мешіт салған Ораз қажы Қабдоллаұлы Рахметовтың екінші толғауы
Тақырыбы: Қазіргі адамдар неге аурушаң? Гиппократ қандай емдеу әдістерін қолданған? 104-ке келген Саңқайбай атаның әңгімесі.
Жақсының үйі түссе, күйі түседі,
Жаманның үйі түссе, иі түседі.
Жақсының басына іс түссе, бойлай береді,
Жаманның басына іс түссе ойлай береді.
Қазақтың мақал-мәтелдері.
Сұрақ: – Әсет бауырым, қазіргі адамдардың аурушаң болуы неліктен деп ойлайсың?
Жауап: – Ораз аға, қазіргі медицинада химияның, хирургияның дамуы, сәулелерді т.б. қолдануы – керемет жетістіктер! Бірақта неліктен адамдар дені сау болудың орнына ауруының үстіне аурулар жамауда және жаңадан аурулар түрлері пайда болуда? Өзінен-өзі заңды сұрақ туындауы мүмкін – өзін өте тамаша сезінетін адамдар бар ма екен? Әрине, сіздің айтуыңыз мүмкін: «осы аурулар үнемі болған, бірақ олар жайлы білмеген, анықтамаған сондықтан да емдемеген». Кейбір жерлері шындық, бірақ толықтай емес. Көпшілік сияқты бәлені – ауаның, судың, қоршаған ортаның ластануына және дұрыс тамақтанбауға толықтай жабуға болмайды. Көкөністердің, жемістердің химиялық тыңайтқыштар мен дәрілер қолдану арқылы өсірілетіні, зауыттардың, автокөліктердің қоршаған ортаны бұзып ауаны, суды лайлайтыны, осылардың салдарынан өсімдік майы мен сары майдың, нанның т.б.азық-түліктердің уланатыны бәрі шындық. Бірақта бұның бәрі шырғалаңдардың заттық (материалдық) көрінісі; аурулардың негізгі себептері – ойлау жүйеңізде, сезіміңізде, осыған орай қылған іс-әрекетіңізде! Бұл жөнінде ешуақытта, ешбір жерде айтылмайды. Кейбір ойлар адамды аздырып – улап та жіберетінін көпшілік білмейді.
Осындай кемшіліктердің орнын дәрі-дәрмектермен алмастыруға тырысамыз. Тек соңғы 20-30 жылда ғана психосоматикалық медицина (жан мен тәннің өзара байланысын зерттейді) адамның мінез-құлқы, санасы, пайымдауы адамның денсаулығына тікелей әсер ететінін ұға бастады. Олар адамның нәзік денелерінің бар екенін амалсыз мойындап, осыған араласуға тырысуда. Бірақта осы нәзік денелер әрқашанда болған ғой! Нәзік денелердің бар екенін біле тұра неге дәрігерлер ауруларды фәнилік (материя), тәндік тұрғыдан ғана қарайды? Осыдан 40-50 жыл бұрын ағза қалыпты жағдайда жұмыс жасауға қажеттті қуатты ғана зерттеп протеид, липид, глюкогендер мен адам жұта алатын минералды тұздар мөлшері жайында айтылған. Онан кейін витаминдер ашылды. Витаминдердің аз мөлшерде ғана қабылдағанның өзінде – протеид, глюкоген т.б. қарағанда әсерінің керемет екені айтылды. Қазіргі жаңалық эндокорин бездерінің жемісі – гармондар – бәрінен де маңызды. Қанша айтсаңыз да, осылар ағзада жүретін ағымдарға толықтай жауапты емес: олар тек өз міндеттерін ғана орындайды. Бұлардың өзі құпиясы әлі ашылмаған – көзге көрінбейтін нәзік ағымдарға тәуелді. Бұл көзге көрінбей басқаратын нәзік әлем немесе материяны басқаратын – жан мен рух. Бірақта қазіргі замандастарымыздың басым бөлігі осы көзқараспен келіспейді. Олардың болжауынша нәзік әлем материяға – тәнге тәуелді, ал ақыл-ой, өттің бауырдан шығатыны сияқты мида пайда болады!
Адам ағзасының ауруларға қарсы тұра алатын қасиеттері бар. Дәлел: кей кездерде дәрігерлер күдер үзген науқастар жазылып кетіп жатады. Қалай? Өзінің ерік күші мен ойлау жүйесін өзгертудің нәтижесінде. Кейбір өсімдіктердің тамыры ауада асылып тұрып ақ ауадан қорек ала алады. Егер өсімдік осылай өмірлік күшті ауадан ала алса, адамға неге алмасқа? Химиктер айтады: «Бұның бәрі химиялық ағымдар...» Жәрәйді келісейік, бірақта химия да рухқа бағынады ғой! Рух шипалық қасиеті бар элементтерді жасап шығарды. Рухтың осы мүмкіншіліктерін қазіргі медицина түсінбейді, түсінгісі келмейді – міне олардың қаталықтары мен адасушылықтары осы арады бұғып жатыр.
Сұрақ: – Гиппократ қандай емдеу әдістерін қолданған?
Жауап: – Гиппократ – ертедегі грек дәрігері – Египет пен Индияның дәрігерлік ілімдерін зерттеген, оқыған. Ол – әрқашанда адам ағзасына өзін-өзі қорғауға, сақтандыруға мүмкіншілік беруі керек деп үйретті. Табиғат – өзін қорғап сақтандыра алады. Ағзадан бөлініп шыққан химиялық элементтердің ауруды ауыздықтауға шамасы жетеді. Егер ағзаның қорғаныс қабілеті артса, онда жаудың беті тайсақтап ауру жоламайтын болады. Табиғи тамақ, күн шуағы, дәрілік шөптердің тұнбалары, демалыс, моншада ыстық су мен суық суды алмастыра отырып қан айналымын жақсарту, тазалану, ораза тұтып ашығу т.б. табиғи әдістермен Гиппократ адам ағзасының өмір сүргіштік қуатын арттырған. Қазіргі уақытта жоқтан өзге дәрі-дәрмектерді талғамай іше беріп адам өзінің ағзасының қорғаныштық қабілетін аяусыз жоюда. Есіңізде болсын! Сырттан келетін дәрі-дәрмек ішкі қуатыңызды және өміршеңдігіңізді еш уақытта арттырмайды.