Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімінде Су-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 1 страница



Бұлар дене бітімдерінда Ауа-Су ерекшеліктері бар адамдарға қарағанда тіпті жайбасар, үлкендеу, денелері әдемілеу және өмірлік күш-қуат қоры молырақ келеді. Өздері аласа бойлы, дөңгелген, бет әлпеттері толық болады. Суық ауа райында күйгелектеніп, мазасызданып, ал егер де істері жанына жақпаса, ұзақ күйзеліске түсіп кетеді. Ерекшеліктері тепе-теңдік қалыпта болғанда жайдарлы, қайырымды, ілтипатты, жаны ашығыш, ал егерде денесіндегі ерекшеліктердің тепе-теңдігі бұзылса сүйіспеншілікке деген бейімділігі майға айланып, семіре бастайды. Барлық толық адамдарға тән ерекшелік: өздерінің сүйіспеншілігін, махаббатын біреумен бөлісе алмағанда, онда оның осы қасиеті дененің әр жеріне май болып шоғырланады. Бұл адамдарда қазіргі жағдайда Ауа немесе Су ерекшеліктерінің қайсысы басым екендігін білу қиын емес, егер де Ауа ерекшелігі басым болса – мазасызданып, ұялшақтанып, нақтылы шешімге келе алмай берекесі кетеді, ал егер де Су ерекшелігі басым болса онда олар көңілденіп, өзіне-өзі сенімді болады.

Дене бітімдерінде Су-От-Ауа үш ерекшеліктері бар адамдар өте сирек кездеседі, бұларда жоғарыда айтылып өткен қасиеттер мен ерекшеліктердің үшеуі де бірдей мөлшерде болады, сондықтан да мұндай үш ерекшеліктері бар адамдар, өздерінің ерекшеліктеріне орай, жылдың мезгіліне сәйкес тамақтанулары қажет.

Ізденуші Әсет Ризаұлының бесінші толғауы.

Тақырыбы: Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы. Дене бітімінде от ерекшеліктері бар адамдарды қалай анықтауға болады?

Ұзақ өмір сүрудің әдісі – оны қысқартпау.

Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамның мінездемесі.

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, дене бітімінде от ерекшеліктері бар адамдарды қалай анықтауға болады?

Жауап: – От ерекшелігі және оның сапасы: ыстық, жеңіл, өткір, тығыз, майлы, жылдам, ылғалды, жаман исті.

Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы:

Сұрақтар орташа Бұл мен
1. Дене бітімі: әдемі, орташа толықтықта    
2. Салмағы: орташа, қалыпты    
3.Терісі: қызғылтым, ноқаты бар ақшыл, күнге жөнді күймейді, ыстық жазда аяқ қолы терлеп жүреді.    
4. Шашы: сарғыш, ақшыл, қара, тез ағарады, қасқабас, шашы майлы    
5. Тістері: біркелкі, сирек, сарғыш    
6. Көздері: өткір, өңменіңнен өтеді    
7. Ұнататын дәмі: тәтті, ашты, қоймалжың    
8. Тәбеті: қомағай    
9. Дәреті: үлкені майлы, мол, іш қату болмайды    
10. Ақылы: аңғарымпаз, өткір    
11. Ұйқысы: терең, аз    
12. Сөзі: анық, шешімді, жігерлі, шешендігі мен даукестігі керемет    
13. Жүрісі; нық, серпінді, жігерлі    
14. Ақша жағдайы: көбінесе молшылықта, өзінің молшылықта шомылғанын ұнатады, құмарлық байлауында болады    
15. Қолы мен аяғы үнемі терлеп иістеніп жүреді    
16. Асқазаны мен ішегінде күйдіру ағымы жиі болып тұрады    
17. Жиі ыза болып ашуланамын    
18. Суық ауа райын ұнатамын    

 

Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамның мінездемесі

Бұл адамдар орта бойлы, сұңғақ, сұлу денелі келеді. Олардың кеуде сүйегі, Ауа бітіміндегі адамдардікіне қарағанда шығыңқы, қан тамырлары мен сіңірлері орташа көрініп тұрады. Оларда мең мен қызғылтым түстес ноқаттар жиі кездеседі. Бұлшық еттерінің дамуы орташа. Бет-әлпеті қызыл шырайлы, ашық жарқын. Терісі жұмсақ, ыстық, алақаны ылғалды, Ауа бітіміндегі адамдармен салыстырғанда әжім аз. Шашы жіңішке, жібек тәріздес қара, қоңырқай, сары не ақшыл, ерте ағару мен қасқабастыққа жуық. Көбінесе майлы болғандықтан салбырап тұрады, араларында тік шаштылары да кездеседі. Көздері әртүрлі қара тұңғиықтан ақшыл-жасыл түске дейін, басқа бітімдермен салыстырғанда өткір, қарағанда өңменіңен өтіп кете жаздайды. Тырнақтары жұмсақ, қызғылт не сарғыш, танаулары түзу не біз танау, еріндері кішкентай, қызыл болады. Зат алмасу ағымы қарқынды жүргендіктен тәбеті тамаша, ішегі жақсы жұмыс қылады.. Мұндай адамдар тамақсау, артық жеп қойып сұйықты көп ішеді. Табиғатында тәтті, ашты, қоймалжың дәмдерді ұнатады. Тістері біркелкі кішентай сарғыш, көбінесе алдыңғы тістері сирек. Іш қату, дәрет жүрмей қалмау болмайды, дәреті мол, майлы, сұйық. Олар мектепте жақсы оқиды, әр істің ұйымдастырушысы әрі жетекшісі, ақпараттарды тез қабылдайды, еске сақтау қабілеті тұрақты, жақсы сөйлеп елді ұйыта алады. Олар шабыттың адамдары, аңғарымпаз, жігерлі және тәуекелшіл. Қатты ұйықтаса да аз ұйықтайды, тәулігіне 3-4 сағат ұйқы жеткілікті. Олардың кіші дәреттері сары түстес, көп бөлінеді. Ылғал денелерінен бу түрінде көп буланады. Дене қызулары аздап жоғары, жүрістері жігерлі, сенімді, нық. Ақша табудың жолдарын біледі, құмарлық байлауында. Жақсы еңбектенгеннен кейін бай болып молшылықта өмір сүреді. Байлыққа, құрметке, даңққа ұмтылады, бірақта жиі-жиі ыза болып ашуланады. Сүйсе нақ жүрегімен, жек көрсе бар көңілімен. Олар өздеріне сенімді, достарының арасында ойын-тойда көңілді, қалжыңбас, тапқыр, кең пейілді. Мұндай адамдар қысты, салқын ауа райын ұнатып, шаңғы тебуді, спорттық ойындар мен құмар ойындарды жақсы көреді. Қойған мақсатына табандылықпен жетпей қомайды, ыстық ауа райын және шақырайған күн көзін де жақтырмайды.

Бұларды көбінесе нәпсі билегендіктен шым-шытрман оқиғаларға әуес. От ерекшеліктерінің дене бітімдерінде теп-теңдік қалпы бұзылған жағдайда сіркесі су көтермейтін ызақор, сөздерін шаншып, тік сөйлеп өздерінің дұшпандарына сын, мазақ өлеңдер арнауы мүмкін, бет алды айқайлап сүйкімін жоғалтады. Денесінде От бітімі бар адамдар қара жұмысты жақтырмайды, аулақ жүруге тырысады. Бұлар өзімшіл, басқару тұтқасын ұстағанды жақсы көріп, пәндік (материалдық) гүлденгенді бағалай біледі. Өздерінің молшылықта, байлықта екенін мақтаныш тұтады, кеуделерін кереді. Өздеріне сын айтқанды жақтырмайды, қанағаттанбау сезімі билесе шабуылға шығады. Денесінде От бітімі бар адамдардың әсер-сезімі: құмарлық пен тойымсыздықтың және қанағатсыздықтың нәтижесінен туындайды. Көре алмаушылық, ызы болу, ашулану, қызғаныш сезімдері өттегі, бүйректегі қалыпты жағдайды бұзып ол адамдардың зат алмасу ағымдары бұзылады. Асқазан мен ішектегі жара, өттегі, қуықтағы тас, қан қысымы мен қан-тамыр жүрек, тері, көз аурулары және ащы кекірік ағзадағы от ағымының бұзылуының көрсеткіші. Тепе-теңдік қалыпта жанарлары қуаныш пен қайырымдылыққа, ал тепе-теңдік қалып бұзылса көздері қанталап, өлеусіреп кетеді. Салмақтары секірмелі болмайды, бірақта тез толып, жылдам ари алады. Бет әлпеттері дұрыс, оларда туа салысымен дарыған қасиет – тәртіпке және қуатын, ақшасын, күшін біркелкі реттеп бөлуге бейімділігі.

Тамақты уақытында ішпесе, ішіндегі күшті от жүрек тұсын күйдіріп, жараға, көтекке (геморрой) ұшыратуы мүмкін, сондықтан да қарны ашып тұрғанда шырт етпе, ызақор болатын жөндері де бар. Сондықтан дене бітімдерінде От бар адамдар, тамақ мерзімін жіберіп алмай күніне 3 мезгіл тамақ ішулері керек. Бұл адамдардың терілері – ішектерінде ызақорлықтың салдарынан запыран көп шоғырланатындықтан әртүрлі ауруларға бейім тұрады, қорғанысы (имунитеттері) төмен. Өмірінің негізі жұмыс болғандықтан, жұмысқа беріліп кетеді, осы кезде тепе-теңдік қалып бұзылып ұйқысыздыққа ұшырайды. Осы адамдар қалыпты жағдайда өмір сүремін десе, жұмысты белгілі бір тәртіппен, кестемен істеулері керек. Дене бітімінде От бар адамдарға ішімдік қатты әсер етеді, ол да «ашты». Ашты дәм денесіндегі отты онан әрмән маздатып, арақты мөлшерсіз ішіп, мас күйінде жанжалды өздері бастайтын болады. Темекі шегу де денесіндегі отты жаға түседі, себебі оның да дәмі ашты. Дене бітімінде От бар адам ұзақ ашығуға болмайды, оған 2-3 күндік ашығу жетіп жатыр. Ең дұрысы аптасына 24-36 сағат ашығу. Бұларға алысқа жүгіруге, ауыр салмақ салуларына болмайды, оларға жеңіл гимнастикалық жаттығулар жетіп жатыр. Жеңіл жүгіріс 5 минуттан артық емес, ең пайдалысы малту, ол мамыражай қалыпқа түсіреді. Оларға суық сумен құйыну пайдалы. Дене бітімінде От бар адамның ас қорту мүшелері керемет, тәбеті тамаша, сондықтан да тамақты артық жеп қоятындықтан запа шегеді. Осы адамдар тамақтану алдында артық отты сөндіру және мөлшерсіз тамақ жеп қоймаулары үшін бірнеше жұтым су ішкендері дұрыс.

Ізденуші Әсет Ризаұлының алтыншы толғауы.

Тақырыбы: Дене бітімінде Су ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы. Дене бітімдерінде су ерекшеліктері бар адамдарды басқалардан қалай ажыратамыз?

 

Он адамның тоғызы – өзін өзі өлтірушілер. Бенджамин Франклин

 

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, дене бітімдерінде су ерекшеліктері бар адамдардың басқалардан қалай ажыратамыз?

Жауап:Су ерекшеліктері және оның сапасы: (шырыш, су), суық, ылғалды, жұмсақ, сұйық, қою, ауыр, ақырын, майлы, ылай.

Дене бітімінде Су ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы:

Сұрақтар Орташа Бұл мен
1. Дене бітімі: үлкен, еңгезердей    
2. Салмағы. Ауыр    
3. Терісі: ақ, қоңырқай, суық, ылғалды, мамық    
4. Шашы: қалың, әдемі, толқынды, майлы    
5. Тістері: біркелкі, әдемі, онша үлкен емес    
6. Көздері: үлкен, қара, қой көз, көк, жанарлы, қастары ұзын, қабақтары жақсы білінеді    
7. Ұнататын дәмі: ащы, қоймалжың    
8. Тәбеті: біртіндеп ашылады    
9. Дәреті: мол, жұмсақ, іш қату мен дәрет жүрмей қалуға бейім емес    
10. Ұйқысы: қатты, ұзақ    
11. Ақылы: шорқақ, баяу    
12. Сөзі: жай    
13. Жүрісі: еріншек, баяу    
14. Ақша жағдайы: өте үнемшіл, жинайды, өте бай болулары мүмкін    
15. Ылғалды суық ауа райын жақтырмаймын    
16. Мен өте шыдамдымын, шаршауды сезбеймін    
17. Біреуге қарыз беруді қаламаймын    
Жиыны:    
Барлығы: Су    

 

 

Осы сұрақтардың бәріне жауап беріп болғаннан кейін, басқалармен салыстырғанда қай саныңыз көп болса, онда сіздің бірінші бітіміңіздің ерекшелігі осы болғаны. Егер бірінші жинаған саныңыздан, екінші жинаған саныңыздың арасында көп алшақтық жоқ болса, онда бұл сіздің бітіміздің екінші ерекшелігі. Мысалы, сандарды санағаннан кейін, жинаған ұпайыңыз үшеу болады. Ауа – 99, От – 82, Су – 18, онда бұл жағдайда сіздің дене бітіміңіз Ауа-От болғаны. Егер де Ауа ұпайы 99, От – 23, ал Су – 17 болса онда сіздің бітіміңіз жеке не жаңғызлікті болғаны, ал егер жинаған ұпайыңыздың үшеуі де тең болса онда сізді үш ерекшеліктердің бәрі де бар – дене бітіміңіз өте сирек кездесетін, үш ерекшелікті адам болғаныңыз.

 

Дене бітімінде Су ерекшеліктері бар адамның мінездемесі

Дене бітімінде су ерекшеліктері бар адамның денесі үлкен, еңгезердей, батыр тұлғалы адамдар. Кеуделері шығыңқы жалпақ, екі иығына екі кісі мінгендей, тіпті әйелдердің өздері де кеуделері үлкен, жамбастары жуан, салмақтары ауыр болады. Денелерінде топырақ пен су элементі көп болады, сондықтан тіпті тамақ туралы ойлағанның өзінде-ақ толуға бейім, денелерінде су жинай алады. Терілері жұмсақ, ылғалды, суық, көпшілігінің тәндері жүндес келеді. Сүйектері шығып тұрмайды, тіндері, майлар мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Қолдары суық, ылғалды. Тістері біркелкі, әдемі, аппақ. Шаштары ұзын, қара, қалың, қайратты. Қабағы қалың, қасы ұзын, көздері үлкен, анық. Еріндері толық, сезімтал, жұмсақ. Көздері қой көзден көк көзге дейін. Жақсы көретін дәмдері: өткір, ащы, қоймалжың. Тәбіті тұрақты, бірақ біртіндеп ашылады. Таңертең ұйықтағанды ұнатады, кешке жай жатады. Денедегі оты оянғаннан кейін біртіндеп тұтанатындықтан, таңғы уақытта тәбеті онша емес. Дене бітімінде су ерекшеліктері бар адамдардың өмірлік күші, шыдамдылығы, кешірімпаздығы, байсалдылығы, салмақтылығы, ауруға жеңдірмейтіндігі жақсы дамыған. Олар өте сирек ауырады және өте шыдамды. Тамақты біртіндеп қортандықтан, іш қату, дәрет жүрмей қалу деген болмайды, үлкен дәреттері көп мөлшерде жұмсақ болады. Ақылдары шорқақ, баяу. Мектепте балалар түске дейін өздерін қолапайсыз сезінеді, мұғалімді жөнді тыңдамайды, жанып тұрмайды, мүмкіндік болса қалғып алғанды ұнатады. Бірақта түстен кейін денесіндегі от лапылдап жана бастағанда қимылы ширап, жандана түседі. Олардың еске сақтау қабілеті керемет, бірақта ақпаратты қабылдауы ауыр, ұққан нәрселерін қартайғанда да ұмытпайды. Ұйқылары қатты, әсіресе таңға таман.

Таңғы 6-дан 10-ға дейін олар қоршаған ортамен, табиғатпен үндесіп кететіндіктен осы аралықта ұйқыдан ояту қиын болады. Сөздері үзік-үзік баяу, сүреңсіз, байсалды. Жүрісі ауыр, байсалды, нық және бірқалыпты. Олар өздеріне сенімді, еш уақытта асықпайды, ұсақ-түйекке бола тыртыңдамайды. Денесінде су бітімі бар адамның басым бөлігінде тұрмысы жақсы, өздері дәулетті болады, ақшаны бекерге шашпайды, үлкен дәрежелі қызметтерде: кәсіпкер, саясаткер, әкімшілікте, үкімет құрамында қызметтер істейді. Өздерінің жан дүниесімен, психологиясымен кешірімпаз, жүрегі сүйіспеншілікке толы, бірақта денесіндегі тепе-теңдік бұзылса тойымсыз, дүниеқоңыз, өте аямшақ «Шығайбайға» айналып шыға келеді. Сенімсіздік, сақтық сезімі ұшқырланып ұзақ мерзім күйзеліс шегеді. Бұлар жаңбырлы суық ауа райын жақтырмайды, осы күндері жігері құм болып, зерігіп, шамшыл, мазасыз болып кетеді. Бұларды бірқалыптан шығару өте қиын, ал егер ашуланса тау қопарады. Дене бітіміндегі су өз арнасынан асып кетсе, топан-су қаптап, жолындағының бәрін жайпап өтеді. Олар ескі заттарды, қоқыстарды шоғырлап жинай беруге әуес, өздерінің ақшаларын қандай пайдалы іске салу керектігін жақсы біледі және асығыс шешім қабылдамайды, беретін жауапты сағызша созып жүріп алады. Дене бітімінде су ерекшеліктері бар адамда: тәттіге, аштыға, тұздалған дәмдермен әуестенбеуі керек. Тәтті дәм ауырлатып, денені суытып, бітеп тастайды, ал ащы дәм мен тұз шөлдетіп суды денеге жинағандықтан бұл адамдардың көбінесе қан қысымдары жоғары, сусамыр (диабет), бітеліп қалу, кеудесіне шырыш шоғырлануы, ісініп кетуі, ал әйел адамдардың гинекологиялық ауруларға шалдығуы мүмкін. Осы адамдардың мүшелерін су мен шырыш бақылағандықтан, бұзылу ылғалды қабаттардан басталады. Бұның белгісі ылғалды суық ауа райында ерекше байқалады. Ай толғанда, қоршаған ортада және жан иелерінің бәрінде де ылғал мөлшері көбейгенде, дене бітімінде су ерекшеліктері бар адамдар адамдар денесіндегі артық ылғалдын запа шегеді. Олардың қан қысымы жоғарлап, баспасы, кеудесінің сырылы (астма) қозып, өздерін ұйқы басып, күйзеліске ұшырап, ағзасына су жиналып қалады. Осы кезеңде, ең бастысы бұл адамдарға үнемі қатты іс-қимылдарымен шұғылданулары керек, ал егерде денелеріне тынымсыздық бермесе, онда олардың желкелеріне жалқаулық мініп алады да, өмірге қызығушылығын жойып алады. Жалқаулық – ең басты жауы. Олар үшін алысқа жүгіру, ауыр атлетика, малту т.б. спорттың ауыр түрлері ең жағымды нәрсе. Егер денесіне тынымсыздық бермесе, онда ағзасына су жинала береді. Қозғалыс пен тынымсыздық ішіндегі отты маздатып түтікшелерді шырыштан тазалайды. Бұндай адамдар денсаулықтарына зиян келтірмей ұзақ ашыға берулеріне болады, бірақта қалған уақытта күніне екі қабаттан артық тамақ жеулеріне болмайды, әсіресе жатар алдында тамақтанбаулары шарт. Бірінші тамақтанулары күндізгі 11-12-ден ерте болмауға, екінші тамақтануы 5-6 сағат өткен соң болғаны жөн. Дене бітімінде су ерекшеліктері бар адамдардың басты қателігі тамақ таңдай алмауында, бұлар таза емес өлі тамақтарға әуес, ал бұл тағамдар ағзадағы көп суды одан сайын молайта түседі, егер де осындай тамақтарды тамақ мәзірінен алып тастаса, бұл адамдар аурудың не екенін де білмейді. Оларға етті, майды, жұмыртқаны шақтап қана жеулері керек, осы тағамдар қан-тамыр т.б. түтікшелерді бітеп тастайды.

Ізденуші Әсет Ризаұлының жетінші толғауы.

Тақырыбы: Адамның дене бітіміндегі үш ерекшелік туралы түсінік. Ауа, От, Су ерекшеліктері – олардың қандай жанама түрлері бар?

 

Саулық тілесең – көп жеме. Әлішер Науаи

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, адамның дене бітімінде болатын үш ерекшелікті айта кетсең?

Жауап: Қастер Сарқытқанұлы, адам өзінің ауруынан жазылу үшін, алдымен өзінің денесіндегі Ауа-От-Су – осы аталған үш ерекшеліктерді түсінуі шарт.

Адамның дене бітіміндегі үш ерекшелік туралы түсінік

Пәндік әлемде бес элемент қайда болмасын бар (топырақ, су, от, ауа, эфир), осылардың арқасында, біз әр түрлі жан иелері мен заттарды көреміз. Осы бес элементтердің негізінде, адам болмысының үш ерекшелігі анықталады. Осы үш ерекшелік – адам ағзасындағы болатын барлық биологиялық, психологиялық, денедегі болатын өзгерістерге, ақыл-есімізге жауапты. Олар – табиғи қажеттілікті, жеке-дара адамның тамаққа, дәмге, температураға бейімделуіне де жауапты, сондай-ақ жаңадан пайда болуға (ассимиляция), зат алмасуына (метаболизм), ыдырауға (катаболизм), қалдықтарды шығаруға, мінез-құлқымыздың қалыптасуына да жауапты. Сонымен, Су-От-Ауа үш ерекшелігі – біздің мінез-құлықтық (психикалық) және тәндік негізіміз. Барлық үш ерекшелік зат алмасу ағымын басқарады. Ауа – ыдырауға(катаболизм, диссимиляция), От – зат алмасуға (метаболизм), Су – жаңадан жасауға(анаболизм, ассимиляция) жауапты.

Ауа ерекшелегінің тепе-теңдігі бұзылғанда, зат алмасу ағымы бұзылып, ыдырау ағымының қалдықтары көбейеді де ағзадағы тінді бұза бастайды. Жаңа жасаушалар пайда болып (анаболизм) ыдырау (катаболизм) бәсеңдегенде ағза қалпына келеді. Жас баланың денесінде 20 жасқа дейін өсу басым, сондықтан да алған жарақат, кәрі адамдармен салыстырғанда жылдам жазылып кетеді. Оттың шектен шығуында да зат алмасу ағымы бұзылады, ал Су тепе-теңдіктен тайқып арнасынан асқан кезде жаңадан жасаушалар пайда болады, тіннің мөлшерден тыс өсуіне жағдай жасалады (ісік, сүйек өседі, май жиналады, артық заттар т.б.). Бала жаста өсу тән, ал Судың молаюы тіннің құралуы мен тәннің өсуіне жағдай жасайды. Ересек адамда От қуаты басым болғандықтан зат алмасу ағымы жақсы жүріп, өмірінің шабытты шақтарына сәйкес келеді. Қартайғанда адамда ыдырау ағымы жүріп, сүйектері бірте-бірте тозып, жиі сынып, қайта қалпына келуі қиындап, тәні біртіндеп ыдырап, бұзыла бастайды.

Біз ауамен дем алған кезімізде танау тесіктері арқылы бүкіл тәнімізге тарап, дем шығарғанымызда газ алмасу ағымы жүреді. Біз тыныс алған кезімізде, ауа қанмен бірге өкпеге барады, осы арада керемет ғажайып болады. Оттегі улы заттар еріген, өлім әкелетін көмір қышқыл газын әкетеді. Біз тіршілік ағымында уларды шығарамыз. Оларды қан жинайды, қан көмір қышқыл газын өкпеге алып келгенде, әр жаңа жұтылған оттегімен, қан көмір қышқылы газынан және оның құрамындағы улардан тазаланады. Егер адам жеткілікті мөлшерде таза ауа алмаса немесе жеңіл демалғанда кірген оттегінің мөлшері шыққан көмір қышқылының газының мөлшеріне сәйкес келмесе, онда біз ағзамызды улар мен көмір қышқыл газымен улануына мүмкіншілік береміз. Бұл талай аурулардың себебі болуы мұмкін. Ауа біздің тәніміздегі бес элементтердің ерекшеліктеріне таралады, әрбір элементтің ерекшелігі тәніміздің белгілі бір мүшесіне жауапты.

Сұрақ: – Ерекшелік дегеніміздің өзі не?

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.