У қорғасын Жел-құз қозған, тіс ауырғанда қолданған.
Шай самасы Көз ауырғанда ыстық күйінде таңған.
Шілдің еті Жүйке ауруына етін жеп, сорпасын ішкен.
Шұбар құрбақа Күйдіргі ауруына тірідей таңған.
Ыстық құм Бел ауырғанда ыстықтай таңған.
Ізденуші Әсет Ризаұлының үшінші толғауы.
Тақырыбы: Экономикалық география ғылымдарының докторы, доцент Қастер Сарқытқанұлының сұрақтарына жауап.Өзіңді-өзің шектеу дегеніміз не?Денсаулық сақтаудағы негізгі шарт және адамның дене бітімі (конституциясы) дегеніміз не? Адам денесі қандай элементтерден құралады? Дене бітімінің ерекшеліктерін жеке- жеке түсіндірсеңіз? Дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамның мінездемесі.
Әрбір кісі жақсылық үшін жаралған, сол жолды ұстаса бәле жаладан аулақ болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, өзіңді шектеу дегеніміз не?
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, адам өзінің ақыл-есін пайдаланып түрлі жаттығулар арқылы өзін-өзі шектеуді қабылдап, өзін ерекше жағдайларға қою арқылы түрлі қасиеттерге ие болу мүмкіндігі де жоқ емес. Өзін ауыздықтауды көпшілік адамдар қабылдамай, оны өзіне жат санайды. Ал шын мәнінде өзіңді шектейтін тәртіп қабылдамай ешқандай да үлкен жетістіктерге жетуге болмайды. Өзіңді ауыздықтау адамға күш-қуат беріп, шыдамдылық, қайратты шыңдап, қарапайым адамның қолынан келмейтін жетістіктерге жеткізеді. Оған кейбір адамдардың шынының үстімен жүру, өз бетімен жерден көтеріліп ұшып кетуі, шегелердің үстінде ешбір жарақатсыз жату, жоқтан бар қылу, сол сияқты қарапайым адамдарға түсініксіз болып келетін көптеген сиқырлық әрекететтер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Тек біз осы күндері сол шексіз қасиеттерден айырылып қалып отырмыз.
Егер адам ауырмай дұрыс өмір сүргісі келсе, бұрынғы өзінің тән құмарлығынан туған тек қана ішіп-жеп, пайдаланып қалу әдетінен арылып, енді жан-жақты үйлесімді өмір салтына көшуі керек. Осылай адамның ой-өрісін ауруды емдеуге емес, енді ауырмай өмір сүру бағытына ауыстыру керек.
Бұл айтылғандардың барлығы тек қана адамның физико-психологиялық тұсын ғана қамтып, оның материалдық жағын ғана көрсетеді. Ал егер оның рухани жағына келетін болсақ, бұл жағы тіпті шексіз деуге болады. Адам баласы рухани жетілу жолына түсіп, өзін рухани жетілдіре бастағанда таң қаларлықтай өзгерістерді байқайды. Рухани жетілудің жоғары деңгейіне жеткен ондай адамдар бұл фәни әлемнің ықпалынан толық шығып кете алады да. Олар табиғаттың жасайтын ыстық-суығына, аштыққа, шөлге өте төзімді келеді. Себебі, ондай адамдар өздерінің тәндерін толық бағындырып, ондағы жүріп жатқан ағымдарды басқара алады. Олар болмыста болып жатқан құбылыстардың барлық сырларын жете біліп, оның себеп-салдарын жақсы түсінеді. Сондықтан, олардың психикасы да әрқашан бірқалыпты сабырлы. Өмірдің жақсы-жаман, қайғы-қасіреттері олардың көңілін толқытып, сабырлы қалыптарынан шығара аламайды. Ал рухани жағын алатын болсақ, оның санасы жоғары әлемдер санасымен толық біріккен, бүкіл әлеммен толық үйлесімділікте. Санасы жоғары санамен біріккендіктен, ол әлемдегі болып жатқан құбылыстарды сезіп, өзін олардан аластамай, керісінше, сол құбылыстардың бір бөлігі екенін сезініп отырады. Валеология шыңы болып табылатын толық дені сау адамдар, міне, осылар. Әрине, бұлар рухани дамудың жоғары деңгейінде тұрғандар. Бұндай деңгейге әркім жете бермейді.
Бірақ, салауатты өмір сүріп, әлеммен үйлесімді өмір кешіп жүрген адамдардың да тек қана өз қамымен жүрген қарапайым адамдардан көп айырмашылығы болады. Олар өз қасиеттерін толық білетін, өзінің күш-қуатына толық сенетін адамдар. Салауатты өмір сүретін адамдарға дәулет, күш-қуат, атақ-даңқ тәрізді пәндік (материалдық) әлемнің түрлі құндылықтары өзінен-өзі құйылып, келіп жатады. Өмір заңдылықтарын бұзбайтын болғандықтан, олар өмірде көп қателікке де ұрынбайды. Жаны тазарған адамның бүкіл болмысы өзгергендіктен, бұл фәни әлемнің былғаныштары олардың өміріне көп әсер ете алмайды. Сондықтан, олар өмірдің түрлі сергелдеңі мен шырғалаңынан оңай шығады. Имандылық жолындағылардың рухани күштері мен тазалығы сондай, егер біреулер жамандық ойлап, не болмаса қарсы әрекет жасап, өміріне бөгет болатын адамдар болса, ондайларды тағдыр жалп еткізіп ұшырып түсіреді. Себебі, болмыспен үйлесімді өмір сүріп жүргендер әлемнің әділет заңдылығымен қорғалып, жоғары күштердің аясында және солардың ықпалымен өмір сүреді. Сонымен бірге, оларды Алла тағаланың Өзі басқарып және Өзі қорғап отырады. Ал Алла тағалаға қорғаған адамға кім зияндық жасай алады?
Сұрақ: – Біздің денеміз неден құралады?
Жауап: – Біздің денеміз Жаратушының барлық пәндік (материалдық) әлемді жаратқаны сияқты 24 элементтен құралады. Оның бесеуі көзге көрінетін, сыртқы қабығымызды құрайтын тұрпайы элементтер. Бұны тамақтың қабы дейді, себебі осы қабық ішкен тамақ арқылы құралады. Адам өлгеннен кейін осы қабық бастапқы қалпына айналып қайта бес бөлікке ыдырап кетеді. Бұл қабық – топырақтан, судан, оттан, ауадан және эфирден тұрады.
Адам тәнінің өзі үш дененің: көрінетін физикалық, көрінбейтін нәзік және көрінбейтін жоғары денелердің жиынтығы. Топырақ – біздің денеміздің қатты да ауыр бөлігі: бұл біздің қаңқа сүйегіміз, бұлшық етіміз, сіңіріміз, шашымыз, тырнағымыз, тісіміз; Су – біздің денеміздің сұйық бөлігі: бұл қанымыз, шырыш, ет арасындағы сұйықтық, қан түйіршіктері лимфа және микрофлорамыз. От – біздің денеміздің газ түріндегі бөлшектері: ол біздің асқазанымызда, бауырымызда, етімізде болады. Адам денесінде оттың 13 (он үш) түрі бар. Ауа – біздің денеміздегі айланып жүретін қуат бөлігі.
Ауа сүйектің, бастың, мүшелердің бос қуыстарын толтырып, өкпеде, ішек-қарын жүйесінде болады. Эфир – біздің денемізде: мұрын мен құлақ қуыстарын толтырады. Эфир қозғалғанда кәдімгі ауа. Біздің денемізді құрайтын бөлшектер әр адамда әр түрлі мөлшерде болады. Ізгілік аясына байланған адамдарда – жеңіл элементтер басым. Оларда ауа мен эфир көбірек те, топырақ пен су азырақ болады. Құмарлық байлауындағы адамдарда – от, су көбірек те, ауа, эфир, топырақ азырақ болады. Надандық шырмауына байланған адамдардың денесінің бөлігінде топырақ пен су белең алады.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, денсаулық сақтаудағы негізгі шарт және адамның дене бітімі (конституциясы) дегеніміз не?
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, адам болмысы тіршілікте ішкі және сыртқы дүниемен үздіксіз алмасып жатады. Біздің денсаулық сақтаудағы негізгі шартымыз: ішкі қуатымыздың тепе-теңдігін, тамақ мәзірін, әдетімізді, ойлау жүйемізді өзгерту арқылы сыртқы дүниенің келеңсіздіктеріне қарсы тұру. Адамның бітімі (конституция) – оның табиғаты. Табиғаттағы жыл мерзімдерінің алмасуы (көктем, жаз, күз, қыс), күннің құбылуы, жұлдыздардың орналасуы, жердің сілкінуі, топан су қаптауы, жел мен дауыл сияқты құбылыстар адамның ішкі жан дүниесіне де әсер етеді. Ғарыш өзінің қозғалатын және қозғалмайтын тірі жан иелерімен біртұтас.
Сұрақ: – Адам денесі қандай элементтерден құралады?
Жауап: – Негізгі элементтері: эфир, ауа, от, су, топырақ адамның үш бастауының негізгі және ерекшеліктері. Эфир мен ауа адамның ауа денесін; су мен от денедегі от денесін; су, шырыш пен топырақ су денесін түзейді. Әрбір дене өзіне тән қызметтерді ғана атқарады, бірақ олар бір-бірімен тығыз байланыста және бірін-бірі қолпаштап отырады. Егер бір дене өзінің қалыпты жағдайынан ауытқыса басқа денелермен келіспеушілік басталады. Тұрпайы денеде ауа, су, от – іштегі осы үш ерекшеліктермен тығыз байланысқан. Ауа – барлық жүйке (нерв) жүйесімен, от – қорғау (имунитет) жүйесімен (эндокринная), су мен шырыш қан тамырлары жүйесімен, ал нәзік денелерде осы ерекшеліктер ақылмен, өремен және адамның жалған «менімен» байланысқан. Біз осы үшеуінің қайсысы басым болуына байланысты, бір-бірімізден ерекшеленеміз. Туа салғаннан-ақ осы үшеуінің бірі басым болады. Сондықтан да әрқайсымыздың дәм сезу, жақсы көретін бояуымыз, кейбіреуіміздің суық сусынды, салқын ауа райын, енді біреуіміздің ыстық сусын мен ыстық ауа райын, біреуіміздің тоңғақтығымыз, енді біреуіміздің ыстықтап жүретініміз, енді бір адамдарды қорқыныш пен үрей, басқа біреудің ызақорлығы т.б. басым болатыны себептері осы. Бұл біздің табиғатымыз, жаратылған бітіміміз.
Шәкерiм қажылыққа барған жолы бiлiм iздеу мақсатымен Түркия мен Сауд Арабиясында болып, ондағы шығыс пен батыс ойшылдарының еңбектерiмен танысқаннан кейiнгi жазған қазақтың алғашқы философиялық еңбегiнiң бiрi – "Үш анық" атты еңбегiнде былай деп жазады /12/: "Ескi заманның бiлiмдiлерi әр нәрсенiң түпкi негiзi неден жаралғанын тексерiп, тамам нәрсенiң негiзi төрт нәрсе деп бiлген. Онысы – топырақ, су, от, ауа". Бұларды тiрi жан өзiнiң сезiмдерiмен көрiп-бiле алады. Ислам теологтары бұған бүгiнгi ғылымда "кеңiстiк" (пространство) деп аталатын философиялық категорияны қосады /8/. Ол "эфир" деп аталады.
Көрiп-бiлуге болатын төрт элемент – топырақ (жер), су, от, ауа – химиялық элементтер және олардың байланысынан пайда болғандар. Мысалы, топырақ деген ұғымға барлық химиялық элементтер кiредi, сондықтан топырақта су, от, ауа, эфир бар. Суда – от, ауа, эфир бар, ал отта – ауа, эфир бар, ал ауада тек қана эфир бар. Бұл тұрпайы элементтердiң алғашқы төртеуiн физикалық ғылымдар бiршама зерттеп, мағлұмат бердi.
Сұрақ: – Адам денесінің неше бітімі және ерекшеліктері болады?
Жауап: – Адам тәнінің 10 бітімі болады: Дене бітімінің жеке не жаңғызлікті ерекшеліктері: Ауа, От және Су. Қосамжарланған ерекшеліктер: Ауа-От, Ауа-Су, От-Ауа, Су-Ауа, От-Су, Су-От. Үш ерекшеліктері бар бітім: Ауа-От-Су, бірақта осы үш ерекшелітер адамдарда өте сирек кездеседі.
Сұрақ: – Осы дене бітімінің ерекшеліктерін жеке- жеке түсіндірсеңіз?
Жауап: – Адамды жарату үшін табиғатқа осы үш ерекшеліктердің бәрі қажет. Бізге қимыл керек, осыны іске асыратын – ауа. Денемізде ауа барынан тыныс аламыз, қан тамырларымен қанды жүрегізеді, тамақты тасымалдайды, жүйкенің әсерін миға жеткізеді, ал мидың бұйырығымен ауа арқылы шығару жүйеміз жұмыс істейді. Денеміздегі От (от, шырыш) – тамақ қорытылу мен тамақты тасымалдау ағымын реттеп, теріміздің қызыуын бірқалыпта сақтап, қорғау жүйемізге жауап береді. Су (су, шырыш) – жасаушаларымызды қосып, тінімізді, бұлшық етттерімізді, май, сүйек пен сіңірлерімізді біріктіреді. Су денеге күш пен тұрақтылық беріп, буын-буынды майлау қызметін атқарады және терімізді ылғалдандырып, оның жарасын жиырып жазып, аққан қанды ұйытып, тініміз бен бұлшық еттерімізді ұлғайтады.
Осы ерекшеліктердің әрқайсынының белгілі қасиеттері бар, соның нәтижесінде біз, бір-бірімізге ұқсамаймыз. Дене бітімі – «табиғат», «алғашқы жаралыс», «жасалған» деген мағынаны білдіреді. Адамның негізгі бітімі өмір бойы өзгеріссіз қалады. Туғаннан бастап денемізді басқаратын (топырақ, су, от және эфир) элементтері тұрақты, бірақта тамақтануды, ойлау жүйемізді, қоршаған ортаны өзгерткен жағдайда – денсаулығымыз, өмір сүру салтымыз, тұрмысымыз жақсы жаққа қарай күрт өзгереді. Енді осы өзіміздегі белең алатын ерекшеліктердің сапасын қарайық.
Ауа ерекшелігі және оның сапасы: суық, жеңіл, құрғақ, өткір, қозғалғыш, өзгергіш, тез, айқын. Ауа ерекшелігі басым адам да осындай қасиеттерге ие. Өздеріңіздің, балаларыңыздың, туысарыңыздың, жақындарыңыздың, таныстарыңыздың дене бітімдерін анықтау үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Денесінде ауа басым ерекшеліктері бар адамдардың бітімінің қасиеттері мен сапасы сұрақтардың соңынан баяндалады. (Балдық көрсеткіш 1-6 дейінгі сандармен ерекшеліктерге бейімділіктің арту дәрежесін көрсетеді. 6 саны сіздің сол ерекшеліктегі адам екеніңізді көрсетеді).
Дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы:
Сұрақтар
орташа
бұл мен
1. Дене бітімі: нәзік, аласа бойлы, сүйекті, тарамыс келеді. Ұзын бойлылары да бар.
2. Салмағы: жеңіл, ұзын бойлылырының дене бітімдері арбиған сүйекті, арық.
3. Терісі: құрғақ, тұрпайы, қабыршақтанған суық, қаралау мең таптары бар қара қошқыл.
4. Шашы: қара бұйра, тез сынатын құрғақ.
5. Тістері: үлкен, қисық, тістері дұрыс айқаспайды.
6. Көздері: өлеусіреген кішкентай, қабағы мен қасы білер білінбес, алшақ қаралау шүңірек болады.
7. Ұнататын дәмі: тәтті, қышқыл, тұздалған.
8. Тәбеті: тұрақсыз
9. Дәреті: аз мөлшерде құрғақ болады.
10. Ақылы: мазасыз, тұрақсыз, құбылмалы.
11. Ұйқысы: ауық-ауық оянады, құс ұйқы.
12. Сөзі: тез және асығыс.
13. Жүрісі: тез, асығыс, шалт.
14. Ақша жағадайы: еш уақытта байымайды, алған қарызын жылдам ұстап қояды.
15. Қолы суық, аяқ-қолы жиі тоңып жүреді.
16. Қорқыныш пен үрейден зәресі ұшып жүреді.
17. Күншуақты, жылыны, суды жақсы көреді
18. Қан қысымым жиі көтерілетіндіктен, мен тез шаршаймын.
Жиыны:
Барлық Ауа 99
Бұл ұпайларды жинау көрсеткішінің мысалы. «Орташа» деген бөлекте сіз нақтылы жауабыңызға дүдәмалсыз. Соңғы «6» деген санды қойған бөлікте сіз қойылған сұрақпен келісесіз, өзіңіздің бітіміңізде осындай ерекшеліктердің бар екенін мақұлдайсыз.
Дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамның мінездемесі
Дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамдар әлсіз болып, иықтары мен жанбастары қушиып, аяқ-қолдары кішкентай, сүйектері білініп тұрады. Егер ұзын бойлы болса арбиған сүйекті, қолы күректей, аяғы үлкен, тамырлары адырайып еңкіштеніп жүреді. Бұл адамдар арықтықтан жиі запа шегеді. Бірақта, әдемі қимылды қосамжарланған ерекшеліктері бар Ауа бітімді адамдар да бар. Олардың кеуде сүйектері тегіс, қан тамырлары мен сіңірлері көрініп тұрады. Терілері суық, меңі көп қаралау болады. Терілері көбінесе құрғақ, қолы қабыршықтанып, өкшесі тілініп, ерні жарылып жүреді. Толқынданған шаш өте сирек кездесіп, шашының түрі бозғылт немесе қара қоңыр, қабағы мен қасы білер білінбес болады. Көздері жансыз, кішкентай, шүңірек, не жақын, не бір-бірінен алыс орналасуы мүмкін. Тырнақтары тұрпайы жиі сынады. Бұл адамдардың ақылы мен қуаты ауа сияқты құбылмалы. Бұлар өте тынымсыз, бірақ тез шаршайды.Тұрақсыздық күшінде де, сезімінде де сезіліп, көңіл күйлері күніне бірнеше қабат өзгереді. Өздерінің ісіне батыл, сенімді емес, сондықтан да өрескел қателер жіберіп нәтижесі болжамсыз болуы мүмкін. Кей кездерде сауысқаннан да сақ. Олардың мінездеріндегі негізгі ерекшеліктері – мазасыздық пен тынымсыздық. Ақылдың тынымсыздығынан қан қысымдары көтеріліп, қорқыныш пен үрейдің жетегіне жиі ереді. Олар ыстық, майлы сұйық тамақты, тәттіні, қышқылды, тұз ащы болғанын ұнатады және тамақ таңдауда да тұрақсыз. Олардың көп жеуі де, мүлдем жемей қоюы да мүмкін, суды аз ішеді, белгілі тамақ ішетін уақыттары жоқ. Бұл адамдар тоңғақ болғандықтан жылы киініп, ызғырықты жақтырмайды. Сырттағы суық, ішіндегі суыққа деген сезімін үдетіп жібереді. Суық денесіндегі ауаны құрсаулап тастағандықтан, тез шаршап, қимылышаңдығынан айрылып қалады. Салқын болғанда аз сөйлейді, үнемі алаңдап жүрексініп, қозғалысы баяулап, тынымсыздығын жоғалтады. Бұл адамдар көп сөйлегендіктен қуатының деңгейі тез төмендейді. Кіші дәреттері толық шықпай, үлкен дәреті құрғақ, аз мөлшерде ғана, жиі-жиі іштері қатып қалады. Ұйқылары мазасыз, құс ұйқы, түні бойы түс көреді. Ойының тынымсыздығынан көпке дейін дөңбекшіп ұйықтай алмайды, түнде оянып кетсе тағы да ұйықтауы қиындайды. Тістері үлкен, тістеуі дұрыс емес, алдыңғы өткір екі азу тісі ақсиып алдыға шығып тұрады немесе кішкентей. Көптеген аласа бойлы адамдардың дене бітімдері жақсы қалыптасқан. Кей кездерде қисық аяқ – талтақ, омыртқалары қисық болады. Олардың ішінде байлар сирек, ақша көп тұрақтамайды, қалай болса солай шашып ұстайды, қор жинамайды, қарызға белшесінен батып жүреді, өздерінің ақылдарының тынымсыздығынан көп өмір сүрмейді. Орташа ғұмырлары 65 жас. Бұлар шабытты, сақ, тынымсыз, әрқашанда бір жаққа асығып жүреді, олардың байсалды жүрген қалпын өте сирек көресіз. Олар ақпаратты қалай тез қабылдаса, солай жылдам ұмытады. Сана күшінің қуаты төмен, құпияны сақтай алмайды, білген нәрсесін қолма-қол жария етеді. Ерік күш жігерлері, өзіне деген сенімділігі мен жүректілігі аз және шыдамсыз. Ауа ерекшеліктеріндегі адамның бітімі тепе-тең қалыпта болса, өте доссжар, көмекке дайын тұрады, бірақта дұрыс өмір сүре білмегеннен, мазасыздық пен үрей елесі ақылын божытып жіберетіндіктен өзіне-өзі сеніміз болып, әңгімені дау-дамайға айландырып, сіркесі су көтермейді. Қылқынып, буынып сөйлейді.
Ауа бітіміндегі адамдардың, ауа алмасуының бұзылуынан болатын негізгі аурулары – жүйке жүйесінің бұзылуы, жүйке, буын, сүйек, іш қату, секіріп тұратын қан қысымы, хандроз, күйзелу т.б. аурулар. Денедегі ауа ағымының бұзылуынан дене 83 ауруға шалдығуы мүмкін, себебі тәнде ауа басты орында, ауаның дұрыс ағым жасамауынан денедегі от пен судың да ағымы бұзылады. Денесінде Ауа ерекшелігі бар адам тепе-теңдік қалыптан шыққан уақытта, өмірден орнын таба алмай, айналасындағыны түгелдей сынайды, мінейді, өмірге наразы болғандықтан бәрін керісінше істейді.