Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімінде Су-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 5 страница



1997 жылы мамыр айында Краснодар қаласында Ресей Федерациясының барлық әскери күштер арасында жекпе-жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алдым.

1997 жылы қыркүйек айында Рязань қаласында облыстық жарыста бокстан жеңімпаз атандым.

1997 жылы қазақша күрестен Семей облысының «түйе палуаны» атағын жеңіп алғанмын.

1997 жылы қараша айында Омск қаласында бүкіл Ресейлік турнирде жекпе-жек айқастан алтын жүлдеге ие болып, Ресей бойынша «техникасы ең үздік спортшы» атағымен марапатталдым.

1998 жылы ақпан айында Рязань қаласында бокстан облыстық жеңімпаз атандым.

1998 жылы маусым айында Рязань қаласында бүкіл Ресейлік турнирде бокстан алтын жүлдені жеңіп алдым.

1998 жылы көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе-жек айқастан әскери әуә – десант күштерінің арасында алтын жүлдені жеңіп алдым.

1998 жылы мамыр айында Москва қаласында, жекпе-жек айқастан бүкіл Ресейлік барлық әскери күштері арасында алтын жүлдеге ие болдым.

1998 жылы шілде айында Москва қаласында Бүкіл Ресейлік жарыста «орыс жекпе-жегінен» түйе палуандықтан (абсолют) күміс жүлдегер атандым, осы финалдық шайқасты осы жылдың желтоқсан айында Ресейдің орталық телеарнасы (РТР) барлық ТМД елдеріне көрсетті.

1998 жылы қыркүйек айында Рязань қаласында самбо күресі бойынша облыстық жеңімпаз атандым.

1998 жылы қараша айында Омск қаласында бүкіл Ресейлік турнирде жекпе-жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алып Ресей бойынша үшінші қабат «техникасы ең үздік спортшы» атағымен марапатталдым.

1998 жылы желтоқсан айында Рязань қаласында өткен халықаралық жарыста жекпе-жек айқастың жеңімпазы болып, алтын жүлдені жеңіп алдым. Осы жарыста «ең шапшаң спортшы» атағымен марапатталдым.

1999 жылы Маусым айында «ережесіз шайқаста» (бой без правил) Санкт-Петербург қаласында өткен жарыста жеңімпаз атағына ие болдым.

2001 жылы Москва қаласында «ережесіз шайқастардың» тұрақты түрде жеңімпазы атағын жеңіп алып отырдым.

2003 жылы Рязань қаласында өткен «ережесіз шайқастардың» турнирінде жеңімпаздардың – жеңімпазы атағын жеңіп алдым (абсолют).

2003 жылы Бүкіл Ресейлік Харламов атындағы соғыс самбосынын жеңімпаз атандым.

2004 жылы Иванов қаласында өткен бүкіл Ресейлік спорттық айқастардың барлық түрлерінен: (кедергіден өту, пышақ лақтыру, мылтық ату, қояма-қолтық шайқас) – (универсальный бой) жеңімпаз атағын жеңіп алдым.

2004 жылы наурыз айында Москва облысы, Чехов қаласында (Олимпиский комплексте) өткен айқастардың барлық түрлерінен: (кедергіден өту, пышақ лақтыру, мылтық ату, қояма-қолтық шайқас) – (универсальный бой) Европа чемпионатында күміс жүлдегер атандым.

1995 жылдан жекпе-жек айқастан Ресей құрама командасының мүшесімін.

2005 жылы 18...20 наурыз аралығында Астана қаласында, Қазақстан Республикасының соғыс самбодан (боевое самбо) өткен ашық чемпионатында жеңімпаз атанып, алтын жүлдені жеңіп алдым және соғыс самбосынан Қазақстан спорт шебері дәрежесіне ие болдым.

2005 жылы май айында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ережесіз жекпе-жек шайқасынан алтын жүлдегер болдым.

2006 жылы наурыз айында Семей қаласында Қазақстан Республикасының ережесіз жекпе-жек шайқасынан жеңімпаз атанып, алтын жүлдеге ие болдым.

2006 жылы 2 қыркүйек пен 5 қазан айларының аралығында Қырғызстандағы Бішкек қаласында өткен Азия біріншілігінде соғыс самбосынан жеңімпаз атанып, алтын медаль мен кубокты жеңіп алып, соғыс самбосынан – халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алдым.

2006 жылы 29 қазан мен 3 қараша айларының аралығында Ташкент қаласында өткен әлемдік біріншілікте: соғыс самбосынан 3 орын алып, қола жүлдегер атаным.

Жекпе-жек айқастың төрт түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін (панкратион, соғыс самбосы, ережесіз және қояма-қолтық шайқас), бокстан, соғыс самбосынан Ресей Федерациясының спорт шеберімін.

Менің осы спортпен шұғылданғаныма биыл тура 20 жыл болды, спортқа 10 жасымда келдім. Алғаш спорт табалдырығын өзіміздің ауылда аттадым, ал алғашқы ұстазым қазақша күрес пен самбодан спорт шебері Қазбеков Дәулет ағай болды, мен ол ұстазыма әруақытта қарыздармын деп есептеймін. Кейін Мәскеу қаласында өзім күресе жүріп жаттықтырушылық жұмыспен де айналыстым. Мен тәрбиелеген жігіттер қазір әлем деңгейінен көрінуде. Шәкіртім Сергей Харитонов ережесіз айқастан әлемнің үш дүркін жеңімпазы (чемпионы), қазір бокстан олимпиадаға дайындық жасауда. Сондай-ақ шәкірттерім Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі де Ресейде Рязань қаласындағы армия генаралы Мергалов атындағы әскери – әуе десант академиясының түлектері. Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі да жекпе-жек, қояма-қолтық айқастан халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Михаил Миненков Ресейдің халық қаһарманы т.б. жігіттер менің мектебімнен және дайындығымнан өтті. Жанат Сыздықов қазір Елбасымыздың күзет бөлімінде, ал Қуаныш Қошаеев Республикамыздың бас барлау басқармасында қызмет істейді.

Осы жаттықтырушылық жұмыс барысында адам физиологиясын терең білу қажет болды, сондықтан осы дене шынықтыру саласын жаттықтырушы ретінде басқа қырынан зерттеуіме тура келді. Енді осы алған біліміммен және соғыс тәжірибеммен аз да болса бөлісейін деп, осыдан екі жыл бұрын Ресей қарулы күштері қатарынан өз еркіммен босап Қазақстаныма қайтып келдім. Егер осының біреулерге септігі тиіп жатса, халқыма аз да болса пайдам тиді деп білемін. Мен айтар едім, бір елдің жеңімпазы болған адамға кезінде құрмет көрсетілуі керек деп. Осы реттен алғанда елінің, халқының, ұлтының намысын қорғап, туын желбіретіп, ән ұранын шырқатқан спортшылар барынша бағаланатын, айрықша ардақталатын адам болуы керек. Бірақ, ақиқат – басқаша.

Хан алдына барғанда

Хан тыңдады тілімді.

Би алдына барғанда

Би тыңдады тілімді.

Өз ауылыма келгенде

Итке берсін күнімді, –

деген екен Досбол шешен. Соның кері...

Бірінші жаттықтырушым Қазбеков Дәулет Қасенұлы, әлі күнге дейін өзім туған ауылда балаларды жаттықтырады.

Ресейдегі жаттықтырушыларым:

1. Васильев Генадий Арсентьевич – Ресейдің еңбегі сіңген жаттықтырушысы, жекпе-жек айқастан спорт шебері, тайквандодан 3-ші дан.

2. Логовский Павел Мистиславич – Ресейдің еңбегі сіңген жаттықтырушысы, самбодан спорт шебері, қояма-қолтық айқасты бірінші енгізуші, полковник, Ресей әуе десант әскерінің спорт жетекшісі, жекпе-жек шайқас ассосациясының президенті.

3. Большаков Николай Иванович: СССР-дің еңбегі сіңген жаттықтырушысы, еңбегі сіңген спорт шебері.

4. Игнатов Герман Викторович – жаттықтырушы, бокстан спорт шебері.

Ресей қарулы күштерінің бірнеше ордендері және медальдарымен марапатталғанмын.

Әсет аға, бірінші сұрағыңызға жауап бердім, енді екінші сұрағыңызға жауап берейін.

Алғаш спорт табалдырығын өзіміздің ауылда аттадым, ал алғашқы ұстазым қазақша күрес пен самбодан спорт шебері Қазбеков Дәулет ағай болды, мен ол ұстазыма әруақытта қарыздармын деп есептеймін. Кейін Мәскеу қаласында өзім күресе жүріп жаттықтырушылық жұмыспен де айналыстым. Мен тәрбиелеген жігіттер қазір әлем деңгейінен көрінуде. Шәкіртім Сергей Харитонов ережесіз айқастан әлемнің үш дүркін жеңімпазы (чемпионы), қазір бокстан олимпиадаға дайындық жасауда. Сондай-ақ шәкірттерім Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі де Ресейде Рязань қаласындағы армия генаралы Мергалов атындағы әскери-әуе десант академиясының түлектері. Жекпе-жек, қояма-қолтық айқастан халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Михаил Миненков Ресейдің халық қаһарманы т.б. жігіттер менің мектебімнен және дайындығымнан өтті. Жанат Сыздықов қазір Елбасымыздың күзет бөлімінде, ал Қуаныш Қошаев Республикамыздың Бас Барлау басқармасында қызмет істейді.

Осы жаттықтырушылық жұмыс барысында адам физиологиясын терең білу қажет болды, сондықтан осы денешынықтыру саласын жаттықтырушы ретінде басқа қырынан зерттеуіме тура келді. Енді осы алған біліміммен аз да болса сізбен бөлісейін, егер осының біреулерге септігі тиіп жатса, халқыма пайдам тиді деп білемін. Сіз тыңдаушы болыңыз, мен айтушы болайын.

Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.Б.Шоу

 

Сұрақ: – Қимылдамасақ не болады?

Жауап: – Қимылдамау – тат басу, ал таттану дегеніміз күш қуатыңның кемуі. Басқаша айтқанда, қимыл өмір, қимылдамау – өлім. Егер біз бұлшық еттерімізді пайдаланбасақ, онда біз осыдан айырыламыз. Бұлшық еттерімізді күшті және жас қалпында сақтағымыз келсе, біз оларды үнемі пайдалануымыз керек.

Сұрақ: – Тынымсыздықты қалай түсінесің?

Жауап: – Тынымсыздық өмірдің және көтеріңкі көңіл күйді сақтаудың заңы. Әр мүшенің күші мен жетілуі, қалай пайдаланғаныңызға байланысты. Біз денемізді жаттықтырған кезімізде, оны күшті қылып жаңартып өмір сүргіштігін арттырамыз. Біз бұлшық еттерімізді пайдаланбай ерінгенімізде, құлдырап барып өлеміз. Күнделікті жаттығу, біздің қан айналысымызды тездетеді, ал еріншектердің қаны еркін айнала алмайды, сондықтан онда денсаулықты сақтауға қажетті өзгерістер жүре алмайды. Үзбей дене шынықтыру жасамаған адамның өмір сүргіштігі әлсіз. Керісінше тынымсыз қозғалыс, теріміздегі 96 миллион тесіктер арқылы денеміздегі тері бездерінің еркін жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Тері ағзамыздағы қалдықтарды ең көп шығаратын мүше. Егер теріңізге майлы бояу жағып қойса, адам өмір сүре алмайды.

Дене жаттығулары термен бірге ағзадан улы заттарды шығарады. Тері табиғи тазалағыш. Егер біз күнделікті жаттығудан бас тартсақ, онда терінің тесіктері атқаратын жұмыстар, басқа мүшелерге ауыр салмақ болып ауады. Шапшаң жасалатын дене жаттығулары қан қысымы мен жүрек соғысын да реттейді, антикогулянт болады, яғни қан тамырларын тромбоз деп аталатын бекітілуден сақтайды, тромбоз жиі-жиі жүректің қысылуына ұрындырады.

Әрбір тірі жан иесі, мейлі адам не хайуан өздерінің бұлшық еттерінің қимылы арқылы ағзасын қалдықтардан тазалайды.

Егер де сіздің бұлшық еттеріңіз қимылсыз болса, нәтижесі келеңсіздікке алып келеді. Бұлшық еттер босап, күші мен серіппелілігінен айрылып қоқысқа толу қаупі төнеді. Сізде шығарылуға тиіс қоқыс шоғырлана береді, өзін өзі улануға ұшырайсыз. Қимылдың жоқтығы – аурулардың ең кең тараған себептерінің бірі.

Ашығу мен табиғи мәзір – ұзақ ғұмыр, денсаулық пен жастық ымдастықтың тамаша одақтасы. Денеге қимылдап салмақ салу, тамақты молырақ ішуге сеп болады, себебі осы тамақ жаттығу жасағанда ысырап еткен қуатыңыздың орнын толтырады.

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.Т.Карлейль

 

Сұрақ: – Саяуыш, өзің ашығасың ба?

Жауап: – Иә, мен 30 тәуліктен жылына екі қабат ашығып отырамын. Бұл кезде сұйық қара шәйға лимон ғана қосып ішемін, күніне үш қабат, 0,5 литрдан. Түс кезінде 250 гр, кешке 250 гр күнделікті айран ішемін. Сондай-ақ күнднлікті 200 гр тауық сорпасын ішемін. Осы аралықта 15-17 кг салмақ жоғалтамын, және жарысқа тыңғылықты дайындаламын. Осы ереже мені жеңістен-жеңіске жетелейді, осылай 12 жыл бойы үздіксіз ашығудамын. Қазір осылай ашығуды өмірімнің басты мақсаты қылып алдым. Осы ашығудан кейін денеме өлшеусіз күш пен, қуат құйылады,

Сұрақ: – Саяуыш, жаяу серуендеудің пайдасы бар ма?

Жауап: – Әрине, барлық дене жаттығулары пайдалы, бірақта жаяу серуендеу – бәріне ортақ. Ол сізді жалықтырмау керек. Аяғыңызды нық, аршындап баспаңыз, ең дұрысы еркін бос жүріңіз. Кеудеңізді шалқақ, басыңызды жоғары, еңкіштенбей табиғи қалыпта адымдаңыз.

Өз алдыңызға жақсы желаяқ болмасам да, қажымайтын жүрдек болам деген мақсат қойыңыз, жылдың қай мезгілі болмасын, күнделікті жаяу серуендеуді әдетке айландырыңыз. Егерде сізді қоршаған орта қызықтырмаса, өз жан дүниеңізге қараңыз. Сіз серуендеген уақытта күнделікті күйбеңнен азатсыз, егер қаласаңыз сіз ақынжандылық пен философияға жақынсыз. Әркім өзі біледі, бірақ мен үшін жаяу серуендеу де жақсы жаттығу. Бірақ нәтижесі біреу – бұлшық еттердің жақсы жұмысы, қанның жылдам айналуы, осыларға қосымша жарасымдылық пен бақытты екеніңді сезіну.

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі сергек әрі жайдарман көңіл күй. Х.Бостерм

Сұрақ: – Адамдардың аяғы неге ісіп кетеді?

Жауап: – Жаттығумен шұғылданбаған адамдардың аяқтарын ісік жиі басып кетеді, себебі қан айналымының нашарлығынан жасаушылар қалдықтарды уақтылы шығара алмайды. Жаттығудан бас тартқандарға ақталу жоқ. Адам тәндік жетілген бе, жоқ па дене жаттығуы бәріне бірдей әдет болып қалыптасуы керек. Бұл аурудың, мезгілсіз қартаюдың алдын алады және ағзаның шыдамдылығы мен қарсыласуын арттырады.

Сұрақ: – Дене жаттығуларының қандай пайдасы бар?

Жауап: – Дене жаттығулары байсалды қалыпты және тұнық ақылды сақтауға жәрдемдеседі. Таза ауадағы күнделікті 8 шақырымға серуендеу барлық келеңсіздіктерді басады. Жаттығу еркіңді шыңдап, көтеріңкі көңіл күй әкеледі. Ашығу бағдарламасы мен дене жаттығуларының көмегімен өзіңізді керемет жақсы сезінетін боласыз.

Әрине, ең жақсы жаттығулар бүкіл дененің бұлшық еттерін дамытатын. Арқаңыздың, беліңіздің, кеудеңіздің, ішіңіздің еттерін мықты да серіппелі болатындай дамытыңыз. Осы арқылы өкпеңіздің, бауырыңыздың, жүрегіңіздің, асқазаныңыздың және бүйрегіңіздің неғұрлым жақсы жұмыс істеуіне көмектесесіз.

Кеуде сүйегіңізді кеңейте, өкпеңіздің еркін қозғалуына мүмкіншілік жасайсыз. Серіппелі диафрагма жүрек насосының жұмысын тіптен жандандырады. Іш еттері қатайғанда асқазанның жұмысы жақсарады. Бұлтылдаған бұлшық еттер уақыт тезіне төтеп бере алатын қуат жинап, ішкі мүшелердің саулығын арттырады.

Сұрақ: – Ағзадан улар қай уақытта көп шығады?

Жауап: – Неғұрлым көп ашықсаңыз, соғұрлым улы заттар мол мөлшерде ағзадан шығарылады. Сіздің ағзаңыз тұрақты түрде тазаланған сайын, бұлшық еттеріңіз қуат жинай береді, ашығып болғаннан кейін еріншектіктің орнына тынымсыздыққа деген зор құлшыныс пайда болады. Егер ашығу барысында жаттығумен шұғылданғыңыз келмесе шұғылданбай-ақ қойыңыз. Ашығу сізге демалыс береді, қимылдағыңыз келмесе, онда дем алыңыз. Сіздің ағзаңыз бүкіл қуатын, өмірлік күшін ішкі тазалауға шығындап жатыр. 7-10 тәуліктік ашығуда серуендегіңіз келсе, серуендеңіз, бірақ өзіңізді қинап зорламаңыз.

Өмір үшін тамақ қандай қажет болса, денсаулық үшін еңбек те соншалық керек, ал дырдумен күн кешу түбінде адамға ауру болып жабысады... Еңбек өмірдің шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады.Дж. Беллерс

Сұрақ: – Бұлшық еттер неліктен босайды?

Жауап: – Сіздің бұлшық еттеріңіз мықты болғанда, омыртқаңызды күш түсірмей, қиналмай-ақ ұстап тұрады. Жердің тартылысымен күресуден бұлшық еттеріңіз босады. Мүмкін, мезгілсіз қартаюыңыз немесе артық салмағыңыз, денеңізді не еркін, не бос қалыпта ұстай алмауыңызға кінәлі шығар.

Сұрақ: – Омыртқа неге ауырады?

Жауап: – Арқаңызды тіктеймін, шалқаямын деп талпынған кезде, омыртқаңыз аурды ма? Егер осылай болса, тездеп қолға алу керек. Ең алдымен босаған бұлшық еттерді қатайту керек.

Айнаға өзіңізге қараңыз! Еңкіш тартқан жоқсыз ба? Жотаңыз бүкірейіп бара ма? Арқаңыздың ауратын себебін түсіндіңіз бе? Егер арқаңыз бұлшық еттің босағанынан, омыртқаның қисықтығынан ауырса, тіпті асқынып кетсе де қыңқ етпеңіз, жағдайды жөндеп алуға болады. Арқаның ауруы – екі аяқпен жүру артықшылығына ие болғанға немқұрайлы қарағаныңыз үшін берілген жаза. Түзу тұру мен жүру адам үшін табиғи қалып.

Адамның омыртқасындағы табиғи иін, жердің тартылыс заңына қарсы тұратын қабілетке ие, бұлшық етке арқаны түзу ұстауға мүмкіндік береді. Осы бұлшық еттер күшті болғанша арқа түзу болады. Бұлшық еттер әлсіреген кезде, омыртқа майысып, ауру пайда болады.

Егер сіз дұрыс тамақтансаңыз, өз ағзаңызға қамқорлықпен қарасаңыз, сымбатты болу мәселе емес. Ағза ең қажетті керектісінен айырылғанда, омыртқа қисая бастайды. Егер теріс әдеттерге әдеттеніп алсаңыз, онда түзету шараларына, арнайы жаттығулар жасауға және омыртқаны бақылауға үнемі бақылауға кірісу керек.

Түзу жүрсең, түңілген жаның да еңсесін көтерер, сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймассың.В.В.Вересаев

Сұрақ: Қалай дұрыс отыру, жүру керек?

Жауап: – Сіз отырған кезде басыңыз көтеріңкі, кеудеңіз шалқақ, қарныңыз тартулы, омыртқаңыз түзу болуы керек. Қолыңызды бүгіңіз немесе тізенің үстіне қойыңыз. Жүрген кезде, адымыңызды кеуденің ортасымен шамалаңыз. Бұл адымыңызды алшақ, серіппелі қылады. Бірқалыпты серіппелі қадам өзіндік қуат тудырып отырады. Әдеттерді не қалыптастырамыз, не жоғалтамыз, омыртқаны тік ұстап әдеттену, сымбатты да қайратты денені қалыптастырады.

Сұрақ: – Отырғанда қалай отыру керек?

Жауап: – Отырған кезде, аяқты бірінің үстіне бірін еш уақытта қоймаңыз. Тізенің астында, бұлшық еттерге қан апаратын екі үлкен қан тамырлары бар. Сіз аяғыңызды айқастырып қойған кезіңізде, қан айналымын қолма қол бұзасыз. Қан мен қорек айналысының жетіспеуі, қанның ұюына әкеп соғады. Аяғын айқастырып отыруға әдеттенген жас адамдардың аяғына қараңызшы. Сіз тамырлар мен тамыршықтарының қалай бұзылғанын көресіз. Аяқтың бұлшық еттері қоректі толық алмағанда, аяқ әлсіз, қан айналымы нашар болады.

Сырын мен білетін бірден – бір сұлулық – денсаулық. Г. Гейне

Белгілі жүрек емдеу дәрігерінен сұрағанда: «Қай уақытта жүрек жиі қысады?». Ол жауап берді: «Адам аяғын айқастырып дем алып отырғанда», – деп. Ең дұрысы аяғыңды жерге қойып отыру.

Сұрақ: – Омыртқаның қисықтығын түзеуге бола ма?

Жауап: – Омыртқаның қандай болмасын қисаюы, кеуденің ауруына және иықтың салдырап шаршауына әкеледі. Мойның, белің аурады. Ең бір қарапайым да пайдалы әдет – түзу тұру, түзу отыру, түзу жүру және аяқты айқастырып отырмау. Осыған ешқандайда қуат шығындап қажеті жоқ, бірақта адам тұрғанда, жүргенде, түзу отырғанда, омыртқа өзінен өзі түзеледі және өмірлік маңызы бар барлық мүшелер қалпына келіп, қызметін мінсіз атқара береді.

Сонымен, сіз омыртқаңыздың түзулігін қадағалап, күнделікті әдетке айландыруға тиіссіз.

Қайрат етер мезгілде,

Жүк көтерер нардай бол.

Ақыл айтар мезгілде,

Мың жасаған шалдай бол.Бауыржан Момышұлы

 

– Саяуыш, сен салауатты өмір салтын ұстап осындай биік шыңдарға қол жеткіздің. Өз бетіңше 9 классты бітіріп Алматыдағы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепке оқуға түстің, әр қазақтың қолы жете алмайтын Рязандағы әскери-әуе десант академиясын ойдағыдай бітірдің және 5...6 жылдай Ресейдің бас барлау басқармасында (ГРУ, главное развед управления) қызмет етіп бірнеше әскери орден, медальдармен марапатталдың, тіпті саған Ресейдің спорт комитетінің төрағасының орынбасары қызметін – спорт комитеттің төрағасы Перников Сергей Николаевич және Ресейдің спорттық дайындықтың әуе десантының бастығы полковник Логовский Павел Мистиславич ұсынды. Осының бәрін тастап келуіңнің себебі не?

– Аға, мен ауылда туып өскен баламын, шет жерде көп жүріп, көп көргеннен бе білмеймін – өзімде отан сүйгіштік, патриоттық сезім мол, сондықтан спорттағы және әскери соғыс тәжірибемді еліме, халқыма берсем деген ой соңғы жылдар мазалап бой бермей қойды, елді сағындым. Атам қазақ айтады ғой: «басқа жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», – деп. Ол жақта жаман тұрған жоқпын Мәскәуде, Рязанда үйім болды, әр жарыста жеңімпаз болған сайын бағалы силықтар не жеңіл автокөлікпен марапатталып отырдым. Бірақ жаңа айтып өткен сезімдер отаныма қайтуға мәжбүр етті, «ит тойған жеріне, ер туған жеріне» дегендей. Сонан соң өз еркіммен әскер қатарынан босап елге осыдан 3 жыл бұрын қайта оралдым.

Сұрақ: – Саяуыш бауырым, осы спорт қиыншылықта саған көмектесті ме?

Жауап: – Осы спорт маған Кавказ тауларындағы жорықтарда, әсіресе арқар асу өтпейтін асуларды алғанда, арнайы тапсырмаларды орындағанда қатты көмектесті.

Провизор Қамбар Ризаұлы Мұқашбековтың екінші толғауы.

Тақырыбы: Тамақ ішу кезіндегі сақтайтын ережелер. Өткен ғасырларда біздің әжелеріміз, қыз-келіншектер неге күміс сақиналар мен күміс білезіктер таққан?

Құлқы жаман адам өзін өзі азаптайды. Кімнің уайымы көбейсе, соның денсаулығы нашарлайды. Кім де кім адамдар мен айтыса беретін болса оның абройы кетеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.