Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімінде Су-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 8 страница



Егер суық тиіп жиі ауырсаңыз, осы аурудың қоздырғыштарын өсіретін, тіршілік ететін ортасына айланған – ішектің бітелуі. Зиянды тамақтарды көп жегенде пайда болатын улардан денеңіздегі ең маңызды мүше – бауыр зардап шегеді. Бауырдың ағза үшін маңыздылығын, әркім білуге тиіс. Бауыр көптеген қызметтер атқаратын химиялық лаборатория. Ол тек өт сөлін ғана бөлмейді, сондай-ақ ағзаның негізгі тазалағышы. Бауыр мен ішек, ас қорту ағымындағы әріптестер. Егер әріптесінің біреуі пәлеге ұшыраса, екіншісі көмекке келеді. Осы жиі қайталанса, ағза талқандалады. Бауыр мен ішек жолдарының қызметі бұзылса, адам ауыр халге ұшырайды. Міне неліктен, ішек бітелгенде бауыр аурып, басқа мүшелердің де сау болмайтыны сондықтан.

Сұрақ: – Тазалану үшін тамақтан бас тартқанда, ішпегенде не болады?

Жауап: – Ағзаңызды тазалау үшін ашығуға кіргеніңізде, тамақтан бас тарту қолайсыз болатыны айтпаса да түсінікті. Сіз ашыққан кезде, ағзаның өмірлік күші шоғырланған зиянды қалдықтарды аластатып, зат алмасу ағымына қосады, соңынан залалсыздандырады. Осы улы заттар шыққан кезде, сіз өзіңіздің жеңілдеп, бұрынғыдан жақсарып қалғаныңызды сезесіз. Ашығу барысында жағдай күнделікті өзгеріп тұрады. Ағза өзінен көп мөлшерде уларды қуып жатқан уақытта өзіңізді жайсыз сезінесіз. 3 тәуліктік ашығуға қарағанда, 7 тәулік ашығудан кейін өзіңізді тіпті жақсы сезінетініңізді біліп алыңыз. Себебі, қанша бейнет әкелген улардан арылдыңыз. 10 тәуліктік ашығудың соңғы күндері өзіңізді бастапқыдан жақсы сезінесіз. Ағза тазарған сайын соншалықты өмірлік күш қосылады. Сондықтан да, ашығудың басында ағзаның тазалану барысында болатын барлық жайсыздықтарды тістеніп алып, күліп қарсы алыңыз, осыған шыдаңыз. Қалай тазаланасыз, солай өзіңізді күштірек сезінетініңізді білесіз.

Ашығудың мақсаты – бүкіл ағзаны сауықтыру және қайта құру мен қайтадан жаңалау. Жаңалау ішкі биологиялық қызмет. Ашығу ағзаға физиологиялық демалыс береді және сауығу ағымының жүруіне себепкер болады. Ашығу терең біліммен қамтамасыз етілгенде немесе дұрыс бақылауға алынғанда – ауруды білмейтін денсаулыққа жетелейтін ең қауіпсіз жол.

Ашығу барысында, ағзаның бүкіл өмірлік күші тазалану мен сауықтырылуға жұмсалады. Біз, ашығу іліміне бүкіл өмірін арнағандар және көптеген ашығуларды басымыздан өткізгендер, толық ашығу кезеңінде ағзаның ғажайып жасайтынын білеміз. Ол ағзаның ішкі мүшелерінің жұмыс істеуіне ерекше қабілет береді.

Өткен уақыттың пайғамбарлары рухани емделу үшін ашығуға жүгінген. Олар ашығудың ақылды ұшқырлап, ойлау қабілетін арттыратынын білген. Ашығу біз дұрыс қолданбайтын ас қорту мүшелерінің және бүйректің жұмыстарын жетілдіреді. Бүйрек ашығу барысында біртіндеп өзгере беріп, жұмыстарын жақсартады. Бүкіл сезім мүшелері қалпына келіп, қызмет істеу қабілеттері жоғары деңгейге жетіле түседі. Осыдан басқа денсаулықты түзейтін бір де бір әдіс, ағзаға осындай көп жақсы өзгерістер әкелмейді. Ашығудан кейін қан айналымы жақсарып, өмірлік күш көбейеді, ас жақсы қортылады, шыдамдылық пен күш арта түседі. Ашығудан кейін ерік жігеріңіздің өсетіні сонша, санаңыз тәніңізді толық бағындырып, бақылауға алады.

Осы кітаптың негізгі ойы, сізді неғұрлым табиғи өмір сүруге шақыру. Тамақтануда, демалғанда, ұйықтағанда және өмірдің қарапайым әдеттерінде табиғатқа неғұрлым жақын болуға тырысыңыз. Табиғаттың қалауы бойынша өмір сүре бастаңыз, сіз шексіздіктің бір бөлшегісіз. Тағдырыңызды табиғаттың қолына тапсырыңыз, оған сеніңіз. Егер сіз қала тұрғыны болсаңыз, қаланың сыртына немесе теңіз жағасына барып нақтылы демалыңыз, мамыражай қалыпқа түсіп, өзіңізді тәртіпке келтіріңіз.

Мен сізге мына ережелерді басшылыққа алуыңызды нұсқаймын. Бірінші – бақытты болу, деніңіздің сау болуы тікелей өзіңізге ғана байланысты. Егер өз ағзаңызға қуат жинайтын уақтылы демалыс бермесеңіз, сіздің ағзаңыз сау болмайды. Екінші – сіз өз ағзаңызға қамқорлықпен мұқият қарап отыруыңыз керек. Үшіншіден – жасымыз ұлғайған сайын, табиғатқа жақындағанның үстіне жақындай түсуіміз керек. Қоздыратын іс әрекеттердің орнына, тыныштық пен бейбітшілікке ұмтылуымыз керек. Қарапайым да таза өмір сүре сіз сәби сияқты сау боласыз. Ашығу – ішкі рухани тазалыққа апаратын жол.

Сұрақ: – Қандай мерзімге ашығуға болады?

Жауап: – Қандай мерзімдегі ашығу жақсы нәтиже беретіні жайлы мамандардың өз араларында әр түрлі көзқарастар бар. Англияда ең жақсы 30 тәулік аштық ұстау деп есептейді. Сондықтан ағылшындардың емханаларында 30 күндік ашығу қолданылады. Ағылшын дәрігерлерінің көмегімен, ашығушы адам төсекте ғана жатады, тұруға бірнеше минут қана рұқсат етіледі. Германияда ашығу 21 тәулік. Франция 14 тәуліктік ашығуды қолдайды. Америкада 30 тәуліктік ашығуды жақтайды. Ең қуанышты жағдай осы ашығу орталығы өзіміздің Шымкент қаласында да бар екен, соңғы кезде білдім. Осы ашығып ораза тұтумен емдеу орталығын Оңтүстік Қазақстан өңіріне белгілі азамат Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі деген азамат 1992 жылы өз қаражатына ашыпты.

Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент қаласында ашығу арқылы емдеу орталығының негізін қалаған – ақын, ҚР Жазушылар мен Журналистер одақтарының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты «Аштықпен емдеу орталығы»-ның директоры Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегінің бірінші толғауы.

Тақырыбы: Жалпы ашығу дегеніміз не? Бұл әдістің ерекшелігі неде? Қандай пайдасы бар? Біздің тәнімізге, жанымызға, рухымызға беретін әсері бар ма? Поль Брэгг деген кім? Оның ілімінің ерекшелігі неде?

Аштан өлмейсің,

Астан өлесің! Шалқар Әбішұлы

Академик Оразалиев, теолог – философ ғалым Омаров үшеуіміз жазған «Жасару құпиясы» кітабымызды Шымкент қаласына ғана емес, бүкіл оңтүстік Қазақстан өңіріне белгілі ақын, жазушы, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты «Аштықпен емдеу орталығы»-ның директоры Шалқар Әбішұлы деген азамат оқып шығып, академик Рақым Алмабекұлы екеумізді арнайы шақыртыпты. Біз Шымкент қаласында «Аштықпен емдеу орталығы» барын естіп білген емеспіз. Көктен іздегеніміз жерден табылып, керемет разы болып қайттық. 10 күн ашығып емделген науқастардың осы аралықта қалай жазылып кеткендерін, олардың Шалқар Әбішұлына деген шексіз алғыстарын, баталарын көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік, осы азаматтың нағыз «елі үшін еңіреп туған ер екеніне» сүйсіндік! Осы жақта бір жұмадай болдық, академик ағамыз лекциялар оқып, облыстық теледидар арнасынан сөйледі. Шалқар бауырымен төс қағысып достасты. Осы іс сапарда: оңтүстік батыс ауыл шаруашылық ғылми-өндірістік орталығының директоры, АШ ғылымдарының докторы, профессор, ғылым, техника және білім беру салалары бойынша Мемлекеттік силықтың Лауреаты Әбдірахман Молданазарұлы Омбаев үнемі бірге болып – акадамик ағамызға деген ізеттілік ілтипатын білдіріп жүрді. Шымкенттен 2006 жылы, 12 қараша күні Алматыға оралдық.

Жаратушы өзі жаратқан пендесіне көңілі түссе келбетті де, талантты да, адамгершілік қасиеттерді де – адам баласының басына үйіп-төгіп бере салатын, аса сирек кездесетін құбылыстары болады.....

...Шалќар ағамыздың термелері өз басындаѓы өмірбаяндыќ өткелдердіњ наќты мысалына ќ±рылѓан. Шалќар Єбіш±лы бетпе-бет келіп сыр тартќанда өзі туралы өзеуреп сөйлеудіњ, өткен өмірі туралы өкініштерін айтып, таѓдырына өкпелейтін жандардыњ ќатарынан емес. М‰мкін оѓан өзегін өрт болып ќапќан балалыќ бал дєуренініњ өте ауыр жаѓдайда – жетімдік ќасыретінде өтуі себеп болѓан да шыѓар деп ойладым. ¤зі айтпаса да, жырлары жария ќылѓанындай, ол – бір жасында єкеден жетім ќалыпты. Ес біліп, етек жапќанда алдындаѓы аѓасы мен єпкесі ќабат өліп, жалѓыздыќтыњ зарын тартыпты. Ауру анасы мен ќыры кеткен кедейлік зілі жылдар бойы ењсесін езіпті. Біраќ, осы ауырлыќтыњ бєрі жетім көњілін ќатайтып, жылы ж‰регін тасќа айналдыра алмапты. Жаралы жаныныњ жабыќќан к‰йін ер жасы елуге жеткенде еліне терме ќылып тарту етіпті. Онда да жалѓыздыѓын шаѓыну ‰шін емес, өмірден т‰йгенін өскелењ ±рпаќќа мысал ету ‰шін, жан-жаѓы толып т±рса да, заманы болып т±рса да – жолынан адасќандарды жөнге салу ‰шін жазыпты...

Жетім қозы – тас бауыр болмай, керісінше ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстап, дәулеті келбетіне емес – ақылына біткен, сөз асылын аңдай білген, Жаратушы сәулесі – ердің жасы елуде ақындық қасиет дарытып жүрегін ашқан, тереңге батқан термені – тәй-тәйләтіп аяғынынан қайта қаз тұрғызған, жомарттығы жайлау көл, жапырағы жайқалып, ұрпақтарының өзі – берекелі ел, таланты құйылып жатқан сел, көңілі Шалқар атына сәйкес шалқып жатқан көл, пәктігі бейне балдырған, артына ұлағатты сөз қалдырған, жанарынан шуақ жайнап, денесінен қуат қайнап, ел-жұртының қамын ойлап, өзінің жанын жеп, адамзаттың бәрін бауырым деп сүйген, әділетсіздікке жаны күйген, пайғамбар жасына келсе де, ер-азаматқа лайықты іс-әрекет істеп, кейбіреудің қатасын, енді біреудің қалтасын түзеп, көпшіліктің батасын алып, қазақтың отаны мен ошағы болған, қасиетті Қаратауда туған, өлке табиғатына мінезі сай, оңтүстік өңір мен Шымкент қаласына белгілі, «қазақ қандай?» – деп сұраса, «қазақ мынандай» – деп ауыз толтыра мақтанышпен, кеуде тола қуанышпен айта алатын, ұлтымыздың бір туар азаматыОрта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет 1992 жылы Шымкент қаласында ашығу арқылы емдеу орталығының негізін қалаған ақын, ҚР Жазушылар мен Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, облыстық мәслихаттың депутаты Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегімен сұхбат:

Сұрақ: – Шалқар Әбішұлы, өзіңіздің ашығып жүргеніңізге ширек ғасырдан астам уақыт болыпты. Жалпы ашығу дегеніміз не? Бұл әдістің ерекшелігі неде? Қандай пайдасы бар? Біздің тәнімізге, жанымызға, рухымызға беретін әсері бар ма?

Жауап: – Әсет бауырым, ашығу – тазаланудың әдісі. Тамақ жеген кезімізде, ағзамыз пайдалы заттарды қабылдап, зиянды және бөтен заттардан арылғысы келеді. Бірақта, ағза осыларды үнемі ажырата алмайды, не оны лықа толтырып тастадық немесе ішіп жеген тамағымыз өте лас. Бұл жағдайда қалдықтар: улар, маңқа мен шырыш, тастар ағзада, әсіресе ішекте, бас қуыстарында т.б. жерлерде шоғырланып жинала береді.

Тіпті таза тағамдардың да қалдықтары қалып отырады, сондықтан да ағза тазалау жұмыстарын жүргізуі үшін, ара-тұра ашығып тұрған пайдалы. Ашығу – табиғаттың бізді үйрететін әдісі. Жануарларға қараңызшы: олар ауырған уақытта ашығуға кіріседі; бір жерге тығылып алып тазаланып, өзіне шипа болатын шөптерді тауып, емделіп жазылып жатады.

Сіз үйіңіз бен жиһаздарыңызды шаң басып кетсе, тазалау керек екенін білесіз. Бірақта өз ағзаңызды жоқ дегенде аптасына бір қабат тазалап отыру қажет екендігін және жұмыс жасап жатқан миллиондаған жасаушыларыңыздың (клетка) да дем алғысы келетінін түсіне алмайсыз. Егер де өзіңізді өзіңіз тазалағыңыз келмесе, онда дене мүшелеріңіз сіз үшін осы жұмыстарды атқаруға мәжбүр. Осы тазалану барысында адамның қызуы көтеріліп, танауынан су, көзінен жас ағып, түшкіріп-мүшкіріп, терісі бөртіп берекесі кетеді.

Ашығу денсаулыққа жетелейтін салауатты өмір сүрудің әдеті, егер жағдайы келсе кімнің де болмасын аптасына 24 сағат ашыққаны дұрыс болар еді. Осы мезетте рухани істермен ғана шұғылданыңыз: Өзіңізді шабыттандыратын жақсы кітап оқып, жанға жайлы әуен тыңдап, сезіміңіз бен ойыңызды тазалаңыз.

Ашығудың мәселелері өзің көз алдыңа елестетуге, көңіліңе келтіруге зауқың жоқ өткен кезеңдерде жатыр. Өткен кезеңдердегі настық, ластық адамға бейнет шеккізеді. Әрбір күнәң, әрбір қателігің шоғырланып жинала береді. Барлық бақытсыздық, шарасыздық осы жойылмаған настықтың салдарынан болады. Ашыққан уақытта адам осы зиянды қалдықтардан құтылады, нұр құйылып өзін бақытты, жеңіл сезіне бастайды. Сондықтан да ораза бүкіл діндерде орын алған.

Ашығу – өзіңді бірдеңеден тежеу емес, керісінше тамақтану. Сен өз тәніңді тамақтан тежеген мезетте басқа денелерің тамақтанып, жұмыс істей бастайды. Ашығу – тек тамақтан бас тарту емес, кейбір сезімдерден, өзіңді мазалап бөгет жасап жүрген ойлардан да бас тарту. Үнемі жеу, ішу, шоғырлауға құмартудың орнына бас тарту мен азат болуды да үйрену қажет. Топтастырып, жинау – кері кетуіңді үдетеді. Әрбір жаман ойың, сезімің және қалауың, қыстағы ағаштың бұтағына жабысқан қырау сияқты. Қырау еру үшін көктемгі күннің шуағы қажет, сол мезетте біз өзімізбен өзіміз боламыз. Біз өзімізде шоғырланып қалған керексізден құтылған кезде, Жаратушының құдіретті лебі, өзіміз арқылы өтіп, рухани әрекетімізге жан бітіргенін сеземіз.

Кім де кім өзінің басына, жүрегіне керексіз нәрселерді топтастырып алса, өзінің рухани дамуына жол таба алмай қалады. Сен өзіңнің тәнің, басың, жүрегің, өкпең, асқазаның т.б. мүшелерің өзара үйлесімді қызмет атқарулары үшін еңбектенуің қажет. Ашығудың нақ шындығы осында жатыр.

Біздің бір дәрігер жолдасымыз айтады: «Үнемі ораза тұтып, ашығуды қалт жібермейтін адамдардың үлкен дәреттерінде жағымсыз иіс болмайды. Егер өзіңіздің үлкен дәретіңіз бен жіпсігенде шығатын теріңіздің иісі сасып кетсе, онда сіздің тәніңіздің не жүйкеңіздің ауыратынының белгісі. Мүмкін сіз қарсы болып, бүгінгі жеген жаман тамақтың салдары деп айтарсыз. Жоқ, олай емес. Тағы бақылау жүргізіп көріңіз: егер өзіңіз бірнеше күн аралығында мазасыз, күйгелек, қызғаншақ т.б. болсаңыз исің өзгеріп кетеді. Осының бәрі денеңнен иіс арқылы бөлініп шығады».

Бірнеше тәулік бойы ашығу пайдалы, бірақ осы кезеңге сәйкес қолайлы жағдайың болу керек. Ашығуды демалыс күндері не айларында ұстаңыз. Ашыққан кезіңізде ауа тамақты алмастырады, сондықтан да ашығуды таза ауасы бар жерде өткізуге тырысыңыз, саяжайыңызға жалғыз кетіп қалсаңыз тіптен жақсы, ал ауылды жерлерде тұратын ағайындарда осы мүмкіншіліктердің бәрі де бар.

Көпшілігі байқайды, ашығу барысында арқасы, басы ауырып, жүрек соғысы жиілеп кетеді. Біз табиғаттың арнаулы сыбырлаған даусын ести алмағанымыздан: «Мен енді ешқашанда ашықпаймын!». Бұл дұрыс емес. Осы белгілер болашақта дәл осы мүшелеріңнің ауруға шалдығатынын айтып тұрған табиғаттың ескертпесі. Егер өзіңіздің осал жеріңізді білгіңіз келсе бірнеше тәулік ашығып көріңіз; егер де белгілі бір мүшең ауыра бастаса, онда осы жерден кесел шығуы мүмкін, сондықтан да алдын ала алу шараларын қарастыра беріңіз.

Егер дұрыс ашықсаңыз, онда қауіпті емес, сізге пайдасынан басқа зияны жоқ. Осының дәлелі: бастапқы екі тәулікте өте ауыр болып, сонан соң келеңсіздіктер мен қарын ашу сезімі жоғалып кетуінде. Егер осы ашығудың салдарынан болса ауруыңыз өрши түсер еді, жоқ, керісінше сіз тыныштық пен алаңсыздық күйге енесіз. Әлі күнге дейін ара-тұра ашықаннан бір де бір пенде өлген жоқ, керісінше миллиондаған адамдар қомағайлықтан өліп жатыр.

Бастапқыда ашығу бір сұмдық боп көрінуі мүмкін, себебі ағза үшін мұндай тазалану өзі әдеттенбеген аласапыран жәйт. Бірақта бастапқы әсермен баға беруге болмайды. Керісінше ауырып жүрген адамдардың тазалануы қажет, аурудың себебі артық қоқыс пен қалдықтардың, улардың кенеттен қанға араласып кетуінен. Адамдардың басым бөлігі ашығу әлсіретіп, жүдетіп жібереді деп ойлайды. Бастапқыда дұрыс шығар, ал бірнеше тәулік ашықаннан кейін өңіңіз нұрланып, көз жанарыңыз жалтылдап, қимылыңыз да, денеңіз де жеңілдеп құлпырып шыға келесіз.

Ашығам деушілер бәрін басқаша түсіну керек. Қолайсыздық сезілсе, осы мазасыздық жоғалғанша жасқанбай оразаны ары қарай жалғастыра бергені жөн. Егер сіз ашығуды жарты жолда тоқтатсаңыз, ыстығы көтерілген науқастың, ыстығын түсіру үшін дәрі ішкенімен бірдей.

Өзінен өзі түсінікті, олар бірден өзі жақсы сезініп кетеді, бірақ олардың түсінбейтіні, келешекте өзін белгілі бір қатерлі, созылмалы ауруға дайындап жатқандығы.

Өзіңіздің ағзаңызға еркіндік беріңіз, ағза лықа қоқысқа толып тұрғанда, өзі барлық қалдық пен қоқыстарды шығарып тастауға не ерітіп жіберуге тырысады. Денеміздің қызуы көтерілетіні осыдан. Осы, ағзаның тазаланып жатқанының дәлелі, бұған шыдау керек. Ағзаның жұмысына көмектесу үшін ыстық қайнаған су ішуіңізге болады. Бірінен кейін бірін, жеделдете бірнеше кесе ыстық су тартып жіберсеңіз қызуыңыз тез түседі: қан айналымы жақсарып, тамырлары кеңіп қалдықтар мен қоқыстарды табиғи шығару жолдары мен тері тесіктері арқылы шығара бастайды.

Ашыққан кезеңде ыстық су ішу өте пайдалы. Қайнағаннан кейін тұндырып барып ішіңіз. Суық сумен майлы ыдысты жуған кезде толық тазаланбайды, таза жуу үшін ыстық су қажет. Ағзада да осылай болады, ыстық су, суық су шая алмайтын талай қоқыстарды ерітіп оларды бүйрек, тесіктер т.б. арқылы шығарып тастағанда, сіз өзіңіздің тазаланып жасарғаныңызды сезесіз. Ыстық суды ораза бойы үзбей ішуіңізге болады. Ыстық су түтіктердің бәрін тазалайтындықтан қан тамырларының қатуы мен буын ауруларына таптырмайтын дауа.

Үйренбегендіктен бастапқыда ыстық суды ішу біртүрлі жағымсыз, бірақта біртіндеп рахаттана бастап соңынан ләззат аласыз. Ыстық су табиғи зиянсыз дәрі, бірақ арзан және қарапайым болғандықтан ешкім де салиқалы түрде қабылдамайды. Баяғыда біреу ыстық судың көмегімен дәрігерлер дәрімен жаза алмаған ауруын жазып алған. Күдер үзген дәрігер осы ауруды көруге келгенде, ол өзінің қалай жазылғанын айтады, сол кезде дәрігер былай дейді: »Мен ыстық судың шипалық талай қасиетін білемін, бірақта мен ыстық суды сата алмаймын ғой!».

Тағы бір айтайын дегеніміз, көп күндік ашығуды қалай аяқтау жөнінде, егер де бірден бұрынғы тамақтанғандай тойып алсаң өліп кетуің мүмкін. Осындай жағдай алғашқы 10 күн ашыққанымда өз басымнан өткен. Білмегендіктің салдарынан тамаққа бірден тойып алып, ішегім түйіліп өліп қала жаздағанмын.

Сондықтан да бірінші күні жеңіл жеміс, көкөністерден дайындалған салат пен сұйық көже, келесі күні салат пен осы көжеге аздап кептірілген нан қосып ішіңіз, үшінші күні аз мөлшерде қалыпты тамаққа көше беруіңізге болады. Осы жайында төменіректе кеңінен тоқтала кетерміз. Осы нұсқауларды мүлтіксіз сақтасаңыз ғана қауіп қатер болмайды.

Осындай ашығудан кейін сезіміңіз ұшқырланып, ақыл ойыңыз нұрланып, өзіңізге тылсым дүние ашылып, жасарып, бұрынғы нас басып, қалдық толы тәніңіздегі қоқыстардың күлі де қалмай жанып кеткенін сезесіз.

Әрине адам баласы тіршілікте Құдайдың берген өмірін жасайды. Пешенесіне жазған тірлігінде тағдырын көреді. Адам баласының барлық сенімі солай болған соң, оған дауа жоқ.

Сұрақ: – Шалқар Әбішұлы, Поль Брэгг деген кім? Оның ілімінің ерекшелігі неде?

Жауап: Әсет Ризаұлы, шетел әдебиеттерінде «табиғаттанушы», «табиғатпен үндесуші» деген сөз тіркестері жиі қолданыла бастады. Табиғи тағамдармен тамақтанатындарды осылай деп атайды. Олар осылай өздерінің қазіргі қорапталған, консервленген, жансыздандырылған, құрамында көміртегі өте көп ет, май және тәтті тағамдар өнімдеріне наразылықтарын білдіреді.

Бұлай тамақтануға алғашқы қарсы шыққандардың бірі Поль Брэгг. Брэгтің ең атақты кітабы «Ашығу кереметі» батыста көптеген миллиондаған даналармен басылып, көпшіліктің сүйіп оқитын оқулық кітабы болып, қолдан қолға тимей таралды.

Кітаптарының, лекцияларының, басылымдарының ең тамаша жарнамасы Брэгтің өзі, жеке тәжрибесі және өмір сүру қағидасы болды. Ол 90 жасында күшті, шапшаң, иілгіш, шыдамды, қысқаша айтқанда қылшылдаған бозбала сияқты болатын.

Поль Брэгг күнделікті 3...5 шақырымға жүгірді, тауға шықты, көп малтыды, теннис ойнады, биледі, жаяу ұзақ жүріп, гантель, гирь көтерді, серфингпен (тақтайдың үстіне тұрып алып толқында сырғанау) шұғылданды. Жұмыс күні 12 сағатқа созылды, бірақ шаршауды, ауруды білмеді, әрқашанда сергек, тың, өмірге құштар және адамдарға көмектесуге дайын тұратын.

Поль Брэгг 1976 жылы 95 жасында Флорида жағалауында суда сырғанап жүргенде алапат толқын басып кетіп, қайғылы қазаға ұшырады. Оны 5 баласы, 12 немересі, 14 шөбересі және мыңдаған ізбасарлары жоқтады. Паталоганатомдар тексергенде оның жүрегі, қан тамырлары және басқа іш құрлыс мүшелері өте жақсы, керемет жас баланыкіндей болған. Брэгг бір сөзінде «менің тәнім жас мөлшерін білмейді» – деп айтқан.

Поль Брэгг денсаулықты түзеу негізіне дұрыс тамақтану жүйесін басшылыққа алған, етті мүлдем жемеген, балықты өте сирек пайдаланған. Өзінің жүйесінде ашығу бағдарламасына көп көңіл бөлді. Шоғырланып қалған улардан, қалдықтардан, маңқадан, тұздан ағзаны тазалау үшін: аптасына бір тәулік, 3 айда бір қабат апталық ашығу бағдарламасын ұстауды ұсынды, ашығу кезеңінде тек таза буланған су ғана (дистилированный) ішу керек деп үйретті.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.