Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімдерінде Ауа-От ерекшеліктері бар адамдар 11 страница



Одан қабан шыңғырды, оған қосыла мен де шыңғырдым «Аттан, аттан!!!» – деп, содан қойшы шошқа шыңғырып жүр, шыңғырып жүр, мен үстінде екі құлағынан тастай қылып ұстап, кенеше жабысып «Аттандап» айқайлап жүрмін, бір заманда қабан шаршады ғой деймін ыңқылдап қалды, үстіндегі мініп отырған менің де сілікпем шықты, оның үні, менің қарлығып даусым шықпай қалды. Екі аяғым салбырап қарға тиіп жүр, қамыс арасындағы қардың асты батпақ екен, шошқа болғанда да өте дәуіне мініппін, нақ қабанының өзі, сыртқа шығып тұрған тістері сояудай қайшы сияқты бір қарыстай, жалы жылқының құйрығына ұқсас, құлағы үй шошқасінікі сияқты емес, кішкентай жұмсақ екен.Салмағы кейін өлшегенде 200 кг тайынша сияқты, кеудесі дәу болады екен.

Қанша уақыт өткенін білмеймін, жалт қарасам Ануфриев қолында қос ауыз мылтығы бар атқалы тұр екен. Жанұшыра айқай салдым: «Атпа, атпа маған тиеді!!!» – деп. Осы айғайды естіген шошқа тіпті шыңғырып секірді, мен қайта «Аттан, аттанға!!!» басып жан даусыммен қайта айқайладым.

Осыдан кейін қайта қарасам, Емілдің түбіне қарды үйіп тастаған жарқабақтан Володя домалап ойға түсті. Мылтықты кезеп маған келе жатыр, қазақша сөйлеп: «Жұмағали жіберме, жіберме!!!» – дейді. Мен үстінде мініп отырмын, басымды үнсіз изеймін, қолым құлағында, шошқа тулап жүр. Сол мезетте Володя келді де, мылтықты құлағына тіреп тұрып, қос ауыздың шүріппесін бірақ тартты. Оқтың кірер жері білінбегенмен – шығар аузы, қабанның екінші құлақ жағынан етімен қоса бұрқ еткізді, сол кезде мен құйырығынан сыпырылып тұра қаштым, қабан алдыға жүрді де етпетінен түсті. Қарасам мылтығын ұстап көзі көгеріп, өзі дір-дір етіп қатты қорыққан Володя да келді, мен ары қашып кеттім.

Осы кезде қалған жігіттер де Емілден өтіп жүгіріп жетті: «Не болды? Не болды?». Володя да шошынған, мен де шошынғанмын, үндемейміз. Басқарманың орынбасары Володядан сұрап жатыр, ол айтады «Жұмағали қабанға жайдақ мініп алды» – деп. «Қалай жайдақ мінеді?» – деп қайта қайталап сұрайды. «Кәдімгідей, екі құлағынан ұстап алып арқасына мініп отыр екен, мен қабанның жанына келіп, дәл құлағына мылтығымды тіреп тұрып аттым» – дейді. Сенер сенбесін білмей олар шошып тұр, менен сұрады, мен көп үндеген жоқпын, себебі аяқ қолым әлі дірілдеп тұрған. Өзім қаралау жігіт едім, түрім мүлдем бозарып кеткеннен соң олар мені онша мазалаған жоқ.

Әлгі дәу қабанды атпен сүйретіп қыстауға әзер апардық. Қабан шошқаға мініп ойқастап жүргенде мылтықты жоғалтып алыппын, оны жабылып жүріп қалың қамыстың арасынан іздеп әзер дегенде тауып алдық. Содан 9 бас шошқаны тіркемеге тиеп, шопанның үйінен тамақ ішіп, ауылға қайттық. Шошқаларды Володяның үйіне түсірдік, тракторды қойып түнгі 12 мөлшерінде үйге келдім.

Үйде кәрі апам мен жаңадан үйленген келіншегім ғана бар. Үйленгенімізге бір ай мөлшері ғана болған, ол менің, мен оның сырын әлі жөнді білмейміз. Апам мен келіншегім тамақ іш дейді, тамаққа зауқым жоқ. Жуынып шайынып жатып қалдым. Түннің бір мезгілінде тұрып алып «Аттан, аттан!!!» – деп айқай салады екенмін, оны өзім білмеймін. Екі-үш рет қайталанғаннан кейін қасымдағы жұбайым қорқып апамды оятады. «Апа, апа Жұмағали ауыра ма, түні бойы аттандап шығады» – деп. Апам кәрі кісі болатын: «Ей әкем, аурғаны несі жаңа ғана әскерден келді. Біссіміллә деп жатыңдар, қайдағы ауру ол сау, өтірікті айтпа!» – дейді.

Содан жұбайым қайта келіп жатады, сол кезде мен тағы да «Аттан, аттанға!!!» басады екенмін. Апамды қайта оятып «Апа жүріңіз, көріңізші» – дейді. Апам марқұм қасыма келіп отырады, сол кезде мен «Аттан, аттан!!!» – деп қиқулап атып тұрып, қайта жатады екенмін. Осы кезде апам да шошиды: «Бұл балаға аяқ астынан не болды?». Басыма қорғасын құяды, анау мынау емін жасайды. Мені оятады, не болды деп сұрайды, мен үндемеймін, сонымен таңды атырдық.

Таңертеңінде апам сұрайды: «Балам, не болды саған, түнімен ойбайлап шықтың?». Айтқан жоқпын, таңертең шәйімді ішіп колхозға бара жатсам бастығымыз Усатов Леонид Федорович кездесіп қолын сілтеп: «Жұмағали аманбысың? Келесі жолы Емілге аң аулауға барсаң ертоқымыңды, жүгеніңді ала кет» – деді. Сол күні тракторыма барып, жұмыс жоқ демал дегеннен кейін қайта үйге келдім. Келсем апам, жұбайым бәрі қорқып отыр екен, сонан соң асықпай отырып болған жағдайды айттым, шошынып қалыппын дедім. Елдің бәрі сұрайды, бәріне жырдай қылып айтып беремін.

Біздің колхозға бұрын Аксаковка ауылы «Свободный путь» деген колхоз қосылған. Екі колхоз бір колхоз болған, енді солар қайта бөлінетін болды. Ол кезде Семей облысы болатын. Колхозды бөлу үшін комиссия келеді. Ол уақытта арақ-шарапты көбірек ішетін заман, басқарма мен орынбасары осындай отырыстың бірінде бізде қабан шошқаға мінген жігіт бар деп әңгіме айтады. Бірақ олар сенбейді, сол кезде басқарма айтады: «Ертең ол жігітті мен шақыртамын, өз аузынан естисіңдер» – деп.

Таңертең бастықтың хатшы қызы келіп: «Жұмағали, сені бастық шақырып жатыр» – деді. Келіп бастықтың кабинетіне кірсем көп кісі отыр екен. Бастық мені көрсетіп: «Міне қабан шошқаға жайдақ мінген мына жігіт» – деді.Олардың бәрі осы рас па деп сұрағаннан кейін осы оқиғаны бастан аяқ айтып бердім. Олар күліп бастарын шайқап: «Қорыққан жоқсың ба?» – деп сұрады. «Қорықтым, қазірде көз алдыма елестетсем қорқамын» – дедім.

Осыдан 300 жылдай бұрын тура Еміл өзенінің осы сағасында бала Ерасыл бабамыз 13 жасында қабанға жайдақ мініп бүкіл қазаққа Қабанбай батыр деген атақпен белгілі болған болса, даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың серігі – Шыңқожа батырдың ұрпақтарының біреуі Абылхан Жұмағали ағамыз да 23 жасында ерлік болмаса да, жайдақ ертоқымсыз, жүгенсіз қабанға мінуді қайталады десек те болар.

Сұрақ: – Досым Қайырбекұлы, ВАЛЕОЛОГИЯ денсаулық жөніндегі ғылым болғандықтан, енді денсаулықтың не екені туралы айта кетсеңіз.

Жауап: – Әсет бауырым, болмыстың үш түріне байланысты адамның денсаулығын үш деңгейге бөлуге болады. Оның біріншісі – тән саулығы. Екіншісі – психикалық, ақыл-есінің саулығы. Үшіншісі – жан саулығы. Адамның физикалық тәнінің денсаулығы деп оның ағзасының сау болып, барлық жүйелердің бір-бірімен дұрыс үйлесімді түрде жұмыс атқаруын айтамыз. Бұл медицина саласы. Яғни медицина валеологияның бір бөлігі ғана болып табылады. Психикалық денсаулық деп адамның қоршаған ортаны дұрыс қабылдап, онымен дұрыс байланыс жасап, алға қойылған мақсатқа байланысты дұрыс шешім мен оны дұрыс іске асыру қабілеттігін айтамыз. Әлеуметтік өмірде бұған әрбір адамның өзіне берілген табиғи және қоғамдық міндеттерді дұрыс орындау жатады. Рухани денсаулыққа адамның рухани болмысының тазалығы мен қасиеттері жатады. Рухани денсаулыққа адамның тәніне, әлеуметтік, жыныс, этникалық, діни, және мәдени айырмашылықтарынан бөлек адамның өзін-өзі рухани дұрыс тануы жатады. Осы үш аспект адам болмысының барлық жақтарын қамтиды. Енді адам денсаулығының осы осы үш деңгейлері мен олардың өзара байланысына тоқталайық.

Бұлардың бір-бірімен тығыз байланысты екені түсінікті нәрсе. Мысалы, адамның ағзасы көптеген мүшелер мен жүйелерден құралады. Бірақ, ол біртұтас болып әрекет жасайды, Сондықтан, бір жерінің ауырғаны оның бүкіл денесіне әсер етіп, адамның жалпы денсаулығы бұзылады. Сондықтан, қазіргі заманда толық дені сау адамды кездестіру өте қиын. Ал ағзаның саулығы адамның психикалық жағдайына байланысты. Тіпті ағзасы толық сау адам табылса да, егер оның көңіл күйі бұзылса оның түрлі ауруларға ұшырауы мүмкін. Көңіл күйдің қазіргі заманда шешуші қалып екеніне жүрек, қан тамырлары ауруларының көбейіп жатқаны дәлел. Ал адамның көңіл-күйі оның психикасына байланысты екені белгілі. Өмірде өзінің орнын тауып, көңіл-күйін жақсы қалыпта ұстап, жан тыныштығын сақтай алмаған адамның дені ұзақ уақыт сау бола алмайды. Бұл адамның тән саулығы оның әлеуметтік-психологиялық жағдайына көп байланысты екенін көрсетеді. Ал адамның психикалық жағдайы оның рухани жетілу деңгейіне байланысты.

Өмірдегі қиыншылықтардың себебін үш топқа бөлуге болады. Олар: адамның өзінің білместігінен, кемшіліктерінен туатын қателіктер; басқа жан иелері көрсететін және табиғат күштерінің әсерінен туатын ауа райының өзгерістері мен жер сілкінісі, су тасқыны, өрт тәрізді түрлі апаттар. Бұлардың қайсысынан болса да толық аман жүру мүмкін емес. Тіршіліктік сергелдеңдері әркімді де жеңіп, ал сырттан келетін табиғат апаттары кімнің болса да алдынан шығуы мүмкін. Бірақ солардың соққыларының ауырлығы адамның рухани жетілу деңгейіне байланысты әртүрлі болады. Адамның өзін-өзі танып, сезіну барысында өзін кіммен балауына байланысты оның тіршілік құбылыстарына қатынасы мен нәтижелері әрқилы болуы мүмкін. Алдына қойған өмір мақсаты, бақыт сезімі, соған байланысты жасаған іс-әрекеттері әркімнің "Мен кіммін?", "Маған не керек?" деген сұрақтардың жауабына байланысты. Адам егер өзін тәнімен ғана балап, тек нәпсісінің ықпалымен өмір сүретін болса, онда ол надандық ықпалынан шыға алмай, жан ауруына ұшырайтын болады. Жан ауруына дөрекілік, ашу, көрсеқызарлық, қызғаншақтық, мансапқорлық, сараңдық, өзімшілдік тәрізді келеңсіз қасиеттер жатады. Ал ондай аурудан аман, жаны таза адамның сыпайылық, шыдамдылық, тазалық, мейірімділік, шыншылдық, жомарттық тәрізді рухани қасиеттері болады. Олар өмірде аз қателіктер жіберіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Оларға жоғарыда айтылған қиыншылықтардың әсері көп болмайды. Осылай жан саулығы адамның денсаулығының негізі екенін көреміз. Адамның тәні, психикасы және жаны сау болғанда ғана ол толық сау бола алады.

Сұрақ: – Досым Қайырбекұлы, ВАЛЕОЛОГИЯ жаңа дамып келе жатқан ғылым саласы болғандықтан, әрине, әуелде түрлі қиыншылықтар да болған шығар?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, жаңа істің қайсысында болмаса да түрлі адасушылықтар мен қиыншылықтардың болуы заңды құбылыс. Мысалы, басында валеологияны тек қана тәннің дұрыс жұмыс істеу тәртібі ретінде қарастырды. Валеология сабағын жүргізгенде Ресей мектептерінде де көптеген олқылықтар болған.

Қазіргі кездерде салауатты өмір туралы көптеген оқулықтар, кітаптар жарық көріп жатыр. Бірақ солардың бірсыпырасы адам өміріндегі құбылыстардың себептерін түсіндіре алмай, тек қана оның пайда болу салдарын ғана қарастырады. Сондықтан мұндай кітаптарда түрлі реттегіш тәртіптер, медицина, дене шынықтыру тәрізді тек қана тәнді бір қалыпта ұстау жөнінде, әрі кетсе адамның психологиялық сипаттары қарастырылады. Ал адамның адамдығын дұрыс қалыпта қалыптастыру одан әріден, рухани деңгейден басталады. Бұны түсінбеген жағдайда адамшылықтың құлдырауының тек қана салдары ғана көрініп, ал оның түпкі мәні, негізгі себебі сол салдардың астында қалып көрінбей қалады. Түпкі себепті түсініп, соған әсер еткенде ғана олардың салдарынан, яғни қарымтасынан арылуға болады. Түпкі себебін түзетсе, оның түрлі салдары өздерінен өздері жоғалатыны белгілі. Бірақ бұл үшін рухани білім керек. Адамның түпкі болмыстарын тани білу керек.

Сондықтан, қазіргі заманда салауатты өмірді дұрыс қалыптастыру үшін оның философиялық негізін жасау өзекті мәселе болып тұр. Сонда бұл ғылымның маңызы ашыла түсіп, оны өмірде пайдаланудың жолы жеңілденер еді деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әуелі адам болмысын танып, оның бүкіл әлеммен байланысын, әлемдегі адамның алатын орнын, тіпті адам өмірінің негізгі мақсатын анықтап алу керек. Өмірдіің осындай түпкі сырларын өзіміздің Абай бабамыз, Шәкәрім атамыз тәрізді халқымыздың ұлы тұлғалары ашып, беріп кеткен. Тек қана соларды көріп, дұрыс түсіне білсек болды. Сонда жоғарыда айтылғандай олқылықтардан аулақ болар едік. Абай, Шәкәрім мұраларын зерттегенде осыған менің көзім әбден жетті.

 

II. Денсаулық тылсымы

Денсаулықтың он қағидасы

Сен өз денеңді өмірдің керемет құбылысы ретінде құрметтеуің керек.

Сен қоздырғыш ішімдіктерден, барлық табиғи емес, өлі тамақтан бас тартуың керек.

Сен өз денеңді өңделмеген, тек табиғи, тірі тағаммен қоректендіруің керек.

Сен өзіңнің денсаулығыңа қалтқысыз қызметіңді ғұмыр бойы арнауың керек.

Сен дұрыс іс әрекетің, нағыз демалысың арқылы өз денеңнің саулығын сақтап арттыруың керек.

Сен өз жасаушаларыңды (клеткаларыңды), бұлшық етіңді, қаныңды таза ауамен, күн шуағымен тазалауың керек.

Сен өзіңнің тәнің мен санаң өзін жаман сезіне бастағанда, қандай болмасын тамақтан бас тартуың керек.

Сен өз ойыңды, сөзіңді, мінезіңді әрқашан байсалды да, асқақ қалыпта ұстауың керек.

Сен табиғат заңдылықтары туралы біліміңді тұрақты түрде толтырып отыруың керек.

Осыны өмірінің мағнасына айландырып, өз істеген еңбегіңе қуануың керек.

Сен табиғат заңына бағынуың керек. Денсаулық сенің құқың, осыны пайдалана біл! Поль Брэгг

Провизор (дәрі-дәрмек жасайтын маман) Қамбар Ризаұлы Мұқашбековтың бірінші толғауы.

Тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі қандай емдері бар?

Пайдалы ілімдерді үйретуші адамдардың күнәларын кешіруді әрбір зат, тіпті теңіздегі балықтар да жалынып сұрайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Қамбар сұңғақ бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей, аққұба өңді, елуді еңсеріп қалған, келіскен жігіт ағасы. Өмір сүру қағидасы – салауатты денсаулық бағдарламасы. Сөзге шешен, әзіл қалжыңның түбін түсіреді. Ойы жүйрік, пайымдауы ауқымды. Әрқашанда жұмысты ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленіп жүреді. Адамгершілігі мен азаматтығы мол, көп оқып, көп нәрсені көңіліне тоқыған аса мәдениетті, қазақтың зиялы азаматтардың біреуі. Мамандығын өте жетік білуді ғана біліп қоймай, бұрынғымен салыстырғандағы – қазіргі заман ағымына байланысты денсаулықтың қоршаған ортаға байланысын, табиғат заңдылықтарын, пенде баласы түсіне бермейтін денсаулықтың рухани қалтарыстарын да, халық емінде жиі пайдаланылған дәрі дәрмектерге қолданған дәрі дәрмектік заттарды және қандай ауруға дәру екенін де терең, жақсы біледі. Қамбар Ризаұлы мен жұбайы – Үміткүл Жұмабайқызы ұзақ жылдар бойы Ұржар аудандық аптекасында жұмыс істеді, Қамбар соның меңгерушісі болды. Заман өзгергенде алғашқылардың бірі болып, жеке кәсіпкерлікке бірден ауысып кетті.

Қазір осы Алматы қаласында. Қайрат, Айдос, Гүлзира атты балалары мен Әмина, Камила, Зере атты немерелері бар. Гүлзира шет тілдер институтының студенті. Қайрат пен Айдос жеке-жеке отау тігіп, Алматы қаласында жұмыста.

Сұрақ: – Қамбар Ризаұлы, өзің дәрілік шөптерді ғана емес, қазақтың халық емдерін де жете білетініңді білемін, енді қазақтың халық емінде жиі пайдаланылған дәрі-дәрмектерге қолданған дәрі-дәрмектік заттарды және қандай ауруға дәру екеніне шолу жасай кетсең.

Жауап: – Қазақтың дәстүрлі халық емшілігінде қолданылған дәрі-дәрмектерді «адал» және «арам» дәрілер деп екі топқа бөлінеді:

Адал дәрілерге: Өсімдіктен жасалынатын, еті жеуге келетін жануарлардың еті, сүті, майы, терісі, жалы т.б. және минералды не химиялық заттардан жасалынған дәрілер;

Арам дәрілерге: Еті жеуге жарамайтын жануарлардың еті, сүті, майы, терісі, т.б.

Дәрі-дәрмектер: Қайнатынды, ұнтақ, балшық, сылама майлар, ашытылған ағарған шарап, шәрбаттар, тамшы түрінде қолданылатындар

Шәрбат дәрілерге: Құмшекер, бал, жеміс шырындарын қосып жасаған дәрілер;

Шарап дәрілерге: Спирт, арақ, шарап қосып дайындайтын дәрілер;

Тамшы дәрілерге: Ішіуге, көзге, мұрынға, құлаққа тамызу үшін дайындалған дәрілер жатады.

Адамның қаны Мұрынның қаны тоқтамаған адамның өз қанын кептіріп, мұрнына үрлеген.

Айран Жылан шаққан жерге жаққан, ішек ауруларына ішкен.

Ақ қаздың өті Ішек ауруларына, құрт ауруға ішкен.

Алмас (сулема) Сыртқы жараға, мерезге қолданған.

Арақ Мерезге, оташылар ауыр сынықты саларда ішкізген.

Ара балы Қызылшаға, жөтелге (терлету) үшін қолданған.

Аю өті Талма ауруға суға қосып ішкізген.

Аю майы Буын ауруларына қыздырып жаққан.

Әйелдің емшек сүті Көз ауырғанда шайған.

Әк (известь) Күйікке сепкен.

Қаздың майы Күйікке, үсіген жерге жаққан.

Баланың несібі Көз ауырғанда шайған.

Балық майы Көзге ақ түскенде және мешел ауруға ішкізген. Көздің нұрын жақсартады деп тамызған.

Безгелдек жұмыртқасы Безгек ауруына кептіріп, ұнтақ түрінде берген.

Бидай ұны (қамыр) Күбірткіге, шиқанға, сыздауыққа жылыдай таңған.

Бұғы мүйізінің қаны Дене әлсізденгенде, бас айналғанда, жүйке ауруларына ішкен.

Бұғы мүйізінің сорпасы Дене әлсізденгенде, сыртқы жараларға, аяқ-қол сырқырап, бел шойырылғанда ішкен.

Былғарының түгі Сыртқы жараға, күйікке сепкен.

Бөдене жұмыртқасы Көз ауырғанда кептіріп бүркіп сепкен.

Борсық майы Құрт ауруға, көк жөтелге ерітіп ішкен.

 

«Ешкінің еті жеңіл, сорпасы асыл, тез торалтады» деп сырқатынан айыға бастаған адамды қазақ ешкі етімен тамақтандырған.

Ешкінің еріген тоң майы От шарпыған денесіндегі күлдіреген жара тез жазылуы үшін шүбірекке малып орайды. Бұл күйген жердің суын тез сорып, жараланған жерге өң береді.

Ешкінің зәрі Құлақ ауруына тамызған.

Ешкінің майы Күйген жерге таңған.

Жағылған қағаз тұнбасы тіс ауруына пайдаланған.

Жарқанаттың еті, сорпасы,

құмалағы Сүйек сырқырағанда, әртүрлі жарақатқа, көз, безгек ауруына қолданған.

Жарық май (вазелин) Күс-күс болып тілініп кеткен жерге жаққан.

Жер май (керосин) Ісікке, безгекке, тіс ауруына, сыздауыққа қолданған.

Жер ошақтың қызыл топырағы.

Жылынның түлеген

терісі Тіс ауырып қақсағанда ауырған тіске басқан.

Жылқы жалы Күйген жерге өртеп күлін сепкен.

Қазанның қара күйесі Тамақ ауырғанда саусаққа жағып алып басқан.

Қар Үсіген денені ысқылаған.

Қарғаның жүні Шашы түсіп айнатаз болған кісінің шашын қайта өсіру үшін қайнатып бүріккен.

Қарақұйрықтың безі Саусақтың басына қиғақ түскенде таңған.

Қара дәрі (порох) Мерезге қолданған.

Қара сабын

(сақар сабын) Сыртқы жараға таңған.

Қарлығаштың миы Нәрестенің жолдасы түспегенде сары майға қайнатып ішкізген.

Қарлығаштың саңғырығы Көздің ағын кетіру үшін сепкен.

Қасқырдың өті Құрт ауруына ішкізген.

Қасқырдың бауыры Құтырған ит қапқан кезде жегізген.

Құзғынның саңғырығы Теміреткіге сепкен.

Күл Қан тоқтатуға қолданған.

Қойдың өті Құлақ бітеліп қалғанда тамызған. Көзге ақ түскенде, теміреткіге, шаштың арасында болатын бөртпеге қолданған.

Қошқардың қойығы

(ұрығы) Мерезге қолданған.

Қоянның кепкен өті Қояншық ауруына ішкізген.

Қоянның миы Талма, қалтылдақ ауруға қуырып жегізген.

Көк дәрі Жараны күйдіруге қолданған.

Көмір ұнтағы Кесілген жерге сепкен.

Қуырылған пияз Күбірткіге таңған.

Құмырсқаның илеуі Жылан шаққан кезде, илеуін суға салып қайнатып, қоймалжың түрінде таңған.

Құмшекер Кесілген жерге таңған.

Қызған темір Сүйек құртын күйдірген.

Құрқылтайдың ұясы Жатырына суық тиген әйел қайнатып булауға түскен, бүйрек ауруына ем ретінде ішкен.

Кірпі еті Көздің көру қабілеті арту үшін пісіріп көзге таңған.

Қымыз Көбіне құрт ауруына ішкізген.

Кептердің еті Қуықтағы тасты ерітуге, қышыма, бөрткенге, қызылшаға, безгекке жеген.

Кептердің саңғырығы Күйген күйікке, жараға сепкен.

Күкірт Тері ауруларына, қотыр, қышыма, денеге бөртпе, есекжем шыққанда қолданған.

Күшала Дене жансызданғанда, құрт ауруына, сал ауруға, әлсіздік пайда болғанда ішкен.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.