Жауап: – Кейбір адамдар дем алып отырғанда, бір орында тыныш отыра алмай мазасызданып, саусақтарымен столдың үстін тырсылдатып, қозғала береді. Дем алудың әдісі, жинақтала білу. Осының бір әдісі қатты төсекте шешініп жатып дем алу. Бұлшық еттер мен жүйкені мамыражай қалыпқа түсіруде, жақсы күн шуағының алатын орны ерекше. Дем алған кезіңізде, өз миыңызды барлық толқу, шырғалаңдар мен қамқорлықтардан арылтуыңыз керек. Бұлшық еттеріңіз бен жүйкеңіз мамыражай қалыпқа түскен мезетте, жүрегіңіздің соғысы баяулап, тыныс алуыңыз ақырындап барып бірқалыпқа түседі. Осы толықтай босаңсуға, дем алуға алып келеді.
Сұрақ: – Демалғанда ұйқы қалай әсері етеді? Ұйықтататын дәрінің пайдасы бар ма?
Жауап: – Ұйқы сіздің бұлшық еттеріңізді толықтай босаңсытып, тамаша дем аласыз. Түнгі ұйқы мені жақсы қалпыма келтіреді. Көптеген адамдар шаршаған жүйкені қамшылайтын қоздырғыштарды қолдануға әдеттенген – темекі, дәрілер, кофе, шәй, ішімдік және сусындар. Сондықтан қоздырғыштарды қолданатын адамдар, ешуақытта толық мамыражай қалыпта дем ала алмайды, олардың жүйкесі үнемі қозу жағдайында болады.
Сұрақ: – Деамалысты қалай табуға болады?
Жауап: – Демалысты – денелік, және ақыл – ойлық жұмыс істеп табу керек, себебі екеуі қояма қолтық бірге жүреді. Адамдардың басым бөлігі ұйқысыздықтан зардап шеккендіктен, ұйықтау үшін көптеген дәрілерді ішіп, жасанды ұйқы алады. Бірде бір адам, дәрімен толық дем ала алмайды. Бір де бір дәрі сау, тынықтыратын, рахаттанып ұйықтайтын қалыпта ұйқы әкелмейді. Уларға толы ағза, жүйкені үнемі қоздырып тұрады. Қозып тұрған жүйкемен түнді қалай тыныш өткізе аласыз? Ашығу барысында, адамдар қоздырғыштардан бас тартқан мезеттен бастап, терең ұйқтап, толық дем алады. Ағзаңыз тазалана бастаған кезде, босаңсуға қабілетіңіз артып, терең де тыныш ұйқыдан ләззат ала бастағаныңызды өзіңіз де байқайсыз.
Сұрақ: – Адамдар неге ішімдікке, ашты шәйға, қоздырғыштарға үйір?
Жауап: – Іс әрекетіңізді жиі алмастыру да, денсаулықты жақсы сақтаудың кепілі. Жұмыс күні барысында, іс әрекетімізді жиі алмастырып отыруға тиіспіз. Біз бәсекелестік жайлаған есалаң әлемде өмір сүреміз. Біздің өркениетті жағдайымызда «адам адамға – қасқыр» болғанда, біз ауыр соққыларға және зор қысымға төзуге мәжбүрміз. Адамдардың темекіге, ішімдікке, кофеге т.б. қоздырғыштарға үйір болуының себебі осы екеніне мен сенімдімін. Іскер әлемде, тек қана бәсекелестік емес, өзін көрсетіп, бекітуге деген қалау да орын алған. Адамдардың қажымай талмай, бір бірінен асып түсу ұмтылысы мәңгілік жалғасуда. Осы жалған көзқарасқа көптеген қуат шығындалады.
Дырдушылық пен жұмысы жоқтықтың соңынан пасықтық дерт ереді, бұған керісінше, ақылдың әлденеге талпынуы тірлікті нығайтуға мәңгі – бақи бағытталған сергектік әкеледі. Гиппократ
Сұрақ: – Қазіргі өмір сүру дегенді қалай түсінесіз?
Жауап: – Бүгінгі күнде бізде созылмалы маскүнемдер мен дәрі бәңгішілерінің бары таңқаларлық емес пе? Өмір сүру өзіңді қуанышты, тірі сезіну екенін ұмытып кеттік. Байсалды өмір сүру – біздің қоғамда аз ғана адамдардың бақыты. Қазіргі өмір – асығу, аптығу, тағы асығу. Біз қайда асығамыз? Емханаға ма, әлде молаға ма?
Сұрақ: – Демалуға, ұйықтауға қабілетті арттыру үшін не істеу керек?
Жауап: – Мамыражайлыққа, демалуға, ұйықтауға қабілетті болу үшін, әр күніңде – демалуға, көңіл көтеруге, дене шынықтыруға және жақсы ұйқыға уақыт қалатындай қылып жоспарлауыңыз керек. Егер сіз тамаққа тойып алғаннан кейін, таза ауада жаттығу немесе бақшаңызда жұмыс жасамай, не 3 шақырым жүріп қайтпасаңыз рахаттанып ұйқтай алмайсыз. Мен үй жұмыстары және күнделікті өз шауаларым денеге көп күш түсіреді деп ойламаймын. Таза ауада жұмыс істеу, қыдыру, жүгіру қажетті нәрселер. Сіз өз денеңізді табиғи тамақпен, таза сумен, таза ауамен, күн шуағымен қуантуыңыз керек. Әрине «табиғатқа қайта қайтайық» деген адамдарды келемеждеп күлу оңай, бірақта біз табиғат жолымен жүретін адамдар соңынан күлетін боламыз.
Тамақтануда, демалғанда, ұйықтағанда және өмірдің қарапайым әдеттерінде табиғатқа неғұрлым жақын болуға тырысыңыз. Табиғаттың қалауы бойынша өмір сүре бастаңыз, сіз шексіздіктің бір бөлшегісіз. Тағдырыңызды табиғаттың қолына тапсырыңыз, оған сеніңіз. Егер сіз қала тұрғыны болсаңыз, қаланың сыртына немесе теңіз жағасына барып нақтылы демалыңыз, мамыражай қалыпқа түсіп, өзіңізді тәртіпке келтіріңіз.
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек. Мұхтар Әуезов
Сұрақ: – Бақытты болу үшін не керек?
Жауап: – Мен сізге мына ережелерді басшылыққа алуыңызды нұсқаймын. Бірінші – бақытты болу, деніңіздің сау болуы тікелей өзіңізге ғана байланысты. Егер өз ағзаңызға қуат жинайтын уақтылы демалыс бермесеңіз, сіздің ағзаңыз сау болмайды. Екінші – сіз өз ағзаңызға машинаға қарағандай, қамқорлықпен мұқият қарап отыруыңыз керек. Үшіншіден – жасымыз ұлғайған сайын, табиғатқа жақындағанның үстіне жақындай түсуіміз керек. Қоздыратын іс әрекеттердің орнына, тыныштық пен бейбітшілікке ұмтылуымыз керек. Қарапайым да таза өмір сүре, сіз сау боласыз.
Сұрақ: – Мамыражай (релаксация) қалыпқа қалай түсеміз? Ол үшін не істеу керек?
Жауап: – Әрине, біз билеуге, қозғалуға, әр түрлі спортпен шұғылдануға тиіспіз. Бірақта, ешуақытта жәй ғана отырып немесе жатып мамыражай қалыпқа түсіп, барлық күйбің тіршілікті ысырып тастап дем алудан ұялмаңыз. Бұл жағымды ғана емес, мүлтіксіз қажет нәрсе. Дәрілердің көмегімен мамыражай қалыпқа түсудің жолын таптым деп ойламаңыз, екеуі бір нәрсе емес. Мамыражай қалыпқа түсіп ұйықтау үшін радио, теледидарды өшіріп, төсекке шалқаңнан жатып, қолдарыңды денеңнің бойымен тимейтіндей бос тастап еш нәрсеге алаңдамай жатуға кеңес беремін. Алақандарыңды төмен қаратып, қолдарыңызды төсектің үстіне бос тастаңыз, дем алсын. Аяқтарыңды біріне бірі тимейтіндей қылып созыңыз. Басыңызды кішкене жастықшаға немесе жастықсыз, өзіңізге қалай ыңғайлы, солай қойыңыз. Алғашында көзіңізді жұмбаңыз, тесірейіп бір нүктеге қарай бермей, арлы берлі, жан жағыңызға, төмен жоғары жүргізіңіз. Осындай қимылдан кейін көзіңіз өзінен өзі жұмылады. Бұндай қозғалыстың мамыражай қалыпқа енуге бөгеті жоқ.
Көзіңіздің қимылына ойыңызды ілестіріңіз. Көзіңіздің қарашығының қозғалысына ілескен ойыңыз әлсірейді, осы бүкіл ағзаңыздың біртіндеп табиғи әлсіреуіне және байсалды да қуат құйылатын ұйқыға алып келеді. Егер де ұйықтай алмасаңыз, бірдеме оқыңыз, бұл да көмектеспесе, сіздің көзіңіздің бұлшық еттері ауыр жұмыстан қажыған, оқу оны шаршатқандықтан, жоғарыдағы айтылған әдіспен әлсіретіңіз.
Сұрақ: – Ұйықтай бергенде бұлшық еттерді бір қатайтып, бір босатуға бола ма?
Жауап: – Бұлшық еттеріңізді бет алды ширықтыра бармеңіз. Қолдың, аяқтың қозғалысы немесе аунап жатуыңызбен сіз ішкі мамыражайлықты бұзасыз, белгілі бір мамыражайлық деңгейіне жетіп қалған бұлшық еттер осы ағымды басынан қайта қайталауға мәжбүр болады. Ширығып тұрған бұлшық еттер өздерін ыңғайсыз сезініп тұрады, сіз қозғалысыңызбен осы ыңғайсыздықты ұзарта түсесіз. Осы еттердің босаңсуы 10 –нан 15 минут аралығына созылады. Босаңсыған еттер өздерін өте жайлы сезінуі керек, егер сіз толық мамыражай қалыпқа түссеңіз, онда бұрын соңды болмаған жайлылық пен тыныштықты сезесіз. Кейбір бұлшық етіңіз немесе еттеріңіз жайсыздықта болса, онда олар ширығып тұр, сіз олардың босаңсуына мүмкіндік бермей тұрсыз.
Сұрақ: – Қалай жатып ұйықтаған ыңғайлы?
Жауап: – Мамыражайлылықты жаңадан бастап жүргендер маған жиі айтады, шалқадан жатып ұйықтай алмаймыз деп. Бұның бәрі де сіздің миыңызға жазылуына байланысты, егер сіз осының пайдалылығына толық сенімді болсаңыз, онда ойдағыдай болады. «Мен оң қырыммен жатсам ғана ұйықтай аламын», «Мен етпетімнен жатып ұйықтаймын», «Мен бүк түсіп жатпасам ұйықтай алмаймын», «Мен дөңбекшіп жатып барып ұйықтаймын», «Мен күндіз біраз көз шырымымды алсам, түнде ұйықтай алмаймын», «Мен таңғы беске шейін ғана ұйықтаймын, сағат жетіге дейін көзім бақырайып жатады, түске таман қайта маужырай бастаймын» – міне адамдардың шағатын мұңдары осы. Бірақ мен сенімдімін, егер адам күніне 15 минут уақытын мамыражайлыққа үйренуге бөлсе, онда ол қайтсе де табысқа жетеді, ол ашығу бағдарламасын басшылыққа ала отырып мамыражайлыққа әдеттеніп алады.
Сұрақ: – Ұйқысыздықты қалай емдеуге болады?
Жауап: – Ұйқысыздық мамыражайлықпен 10 – 12 күнде емделеді, соңынан тәтті ұйқы әрбір түнгі досыңызға айналады, сіз таңертең жаңа туған бала сияқты таза періште қалыпта оянасыз.
Ашығу бағдарламасы, толық демалудың, әрбір түнде тәтті де тамаша ұйықтаудың шеберлігіне үйретеді. Улар сіздің жүйкеңіз бен бұлшық етіңізді қыспаққа алып тұрады, ал ашығу осы қыспақты мамыражайлықпен алмастырады.
9 Сәуір жексенбі, ашығуымның он алтыншы тәулігі, құрғақ ораза
Өзімнің ашығу бағдарламамды ұстанғанда қолданған ерекшеліктер және әдісім. Жеті, он күндік ашығудан қалай шығу керек?
Менімен салыстырғанда сендер кәдімгі жанып жатқан отқа өздерін өздері тастайтын жынды көбелек немесе шегіртке сияқтысыңдар. Мен сендерді отқа түсуден сақтау үшін белбеулеріңнен ұстап қанша тартқаныммен, қолымнан шығып кетіп, өздеріңді отқа тастай бересіңдер. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с.)
Бүгін түстен кейінгі сағат 3 – те құрғақ ораза ұстағаныма екі тәулік болды, осы екі тәулікте жоғалтқан салмағым 3 кг болыпты. Қазіргі салмағым 90 кг, осының алдындағы 93 кг салмақ бірнеше тәулік бойы тапжылмай тұрып алып еді. Кенеттен аузыма су алмай қойып едім салмағым күрт түсіп кетті. Ағза сырттан су келмеген соң денемдегі артық салмақпен тамақтануға көшті. Бұдан былай бал қосып ішкенді доғарайын деп отырмын, енді тек қайнаған ыстық су ішуге ауысамын. Олай істеуімнің себебі ағза балдан қорек алып жүрген, бал меніңше өз жұмысын тамаша атқарып тастады. Оның дәлелі жұма күні дәрігерге барып қан қысымымды өлшеткенде екі қолімдікі де 120/80 – ді көрсетті. Бұл менің жасымдағы адамдарда сирек болатын керемет көрсеткіш. Өзімнің жас күнімдегідей сезінгенімнен – ақ байқаймын, денсаулығым күрт жақсарып кетті! Адамға осыдан артық бақыт та болмас. Ұйқың сәбидікіндей, жүрегің шаншпай, көңіл күйіңде алаңсыздық пен жанға жайлы тыныштық, ешбір мүшең мазаламайды, бәрі сағат сияқты істеп тұрса, пендеге енді не қажет? Осы деңгейге жету үшін мен тура 15 тәулік жүрдім. Егер де ауруханаға жатсам не болар еді? Қазіргідей сезінермін бе жоқ, ол да белгісіз. Қанша адамды, туған туыс, бала шағаңды мазалайсың, қанша шығын шығарасың. Менің осы жарты айда жұмсаған шығыным 5 кг таза таудың табиғи балы, 20 лимон, күнделікті 3 литр қайнаған ыстық су, жиынтығы 45 литр су – бар болғаны осы ғана. Осы әдісімнің арқасында қандай денсаулықпен марапатталдым десеңізші. Бұл менің 7 жылғы ашығу тәжірибемнің жиынтығы іспетті. Осы әдісті қайта – қайта ашығу және өзіме тікелей тәжірибе жасау арқылы арқылы өзім ойлап таптым.
Құрметті оқырман, осы әдісті қайта қайталап айтып шығайын, мұқият болыңыз. Ашығу оразасының алғашқы 3 тәулігін аузыма нәр салмай, су да ішпей өткіздім. 4 – ші тәулікте шөлім қанғанша, ішім сыздағанша суық су іштім (суды дайындаудың әдісін жоғарыда Наурыздың 27, ашығуымның үшінші тәулігін қараңыз.) Ал бесінші тәуліктен бастап суды қайнатып, шәугімдегі су қайнай бастағанда ғана 2 лимон мен 0,5 кг балды қайнап тұрған суға салып ерітіп араластырдым. Осы дайындаған шырыныңыз сізді ажалдан да, аурудан да алып шығатын дәріңіз. «Осыған неге бал қостың?», – деп сұрауыңыз мүмкін. Мен бұл жауапты қасиетті Құран Кәримнен таптым. Осы аяттарды мұқият оқыңыз. Мен осы 70 және 71 – ші аяттарды орысша басылымнан аудардым, себебі орысша 1907 жылы Қазан қаласында шыққан Құранда 16 сүре «Аралар» деп аталады. Онда «адамдардың емі осы» деп бал туралы ашық жазылған. Салыстыру үшін қазақша аударылғанын да көрсеттім, айырмасын өздеріңіз байқай, талдай жатарсыздар. Осы бал, лимон қосылған ыстық қайнаған суды ашығуымның 13 – ші тәулігіне шейін, яғни 10 тәулік бойы үзбей іштім. Тағы қайталап айтайын бал, лимон қосып қайнаған ыстық суды ұйықтағаннан басқа уақыттың бәрінде 1 – 2 сағат аралығында үзбей ішіп тұрдым, себебі сіз қайта – қайта кіші дәретке бара бересіз. Кіші дәретке қайталап бару өте жақсы, бұл сіздің уларыңыздың кетіп жатқанының тура белгісі. Лимон қосатын себебім мұнда витамин С аскорбин қышқылы, адамға қуат береді және балдың өткірлігі мен тәттілігін басады. Сонда ішетін шырыныңыздың керемет дәмі кіріп, ішкіңіз келе түседі. Ал балдың қасиетіне келсек алдында да айтқанмын, тағы қайталап айтайын, ол еріткіш. Сіздің қан тамыр түтіктеріңізді, ішек қарын жолдарын, өкпеңізді, өңешіңізді, бас сүйек, мұрын. құлақ тесіктерін тазалайды. Осы қоқыс пен қалдықтарды үлкен дәретіңіз арқылы қуып шығады, сол үшін бал мен лимон қосқан суды қарның сыздағанша ішіп, ішкі мүшелеріңізді тазалап жуып шығуыңыз керек. Лимонды қабығымен дөңгелетіп онша жұқа қылмай турап салыңыз, бірақта лимон қабығының екі ұшын кесіп алып тастаңыз, себебі ащы дәм шығарып жібереді. Ішкен кезде ыстықтай жайлап ұрттап ішіңіз. Менің өзіме тәулігіне 3 литр жетеді, суып бара жатса қайта ысытып аламын. Ыстық қайнап тұрған судың пайдасы ішіңіздегі қоқыстарды балмен қосылып еріту және үлкен, кіші дәрет жолдарымен далаға шығарып тастау.
Енді ашығудан қалай шығу керектігіне тоқталайық. Ашығып болғаннан кейін төмендегі шарттарды мұқият сақтаңыз. Есіңізде болсын: бірден бұрынғыдай ашқарақтанып ыңқия тойып алсаң өліп кетуің мүмкін!
Тамаққа қайта әдеттену үшін, ағзаға 1 – 2 тәулік уақыт керек. Егер ішегіңіз осы аралықта әрекет жасамаса мазасызданбаңыз. Көбінесе алғашқы тамақ ішкеніңізден кейін, бірінші үлкен дәретке отырасыз, бұл әркімнің жеке ісі, сондықтан да бәріне бірдей ортақ қалып қоя алмаймыз. Сіз табиғатқа қарсы келіп, ішегіңіздің жұмыс жасауына қысас келтірмейтіндігіңізге мен сенімдімін. Табиғат ішекті өзінің санитарлық және залалсыздандыру жүйесімен қамтамасыз еткен, осы жүйе керекті уақытында өзінің табиғи міндетін атқарады. Сіз тамақ ішкенде, ішек өзінің жұмысын атқара береді. Егер сіз осында айтылған тамақ ішу ережесін басшылыққа алсаңыз, онда уақытылы және сау шығару жүйесін қалыптастырасыз.
Сіздің 24 сағаттық ашығуыңыз, түскі астан – келесі түскі немесе кешкі тамақтан, ертеңгі кешкі тамаққа дейінгі аралықта болу керек. Осы кезеңде жеміс, шырын т.б. тағамдарды аузыңызға салмайсыз, дәмін де татпайсыз, тек таза су ғана ішуге болады. 24 сағаттық ашығуда бір – ақ нәрсеге рұқсат. Егер қаласаңыз бір стакан таза суға кішкене қасықтың үштен бір бөлігі мөлшерінде табиғи бал немесе лимон шырынын қосуға болады. Бұл қоспалар улар мен маңқаны еріткіш. Сонда судың дәмі кіріп, бүйректегі сүзгілерден жеңіл өтеді. Ашығуда бүйрек ең маңызды жұмыс атқарады. Міне сондықтан да, ашығудың қай түрінде болмасын қайнатылған ыстық суды көп ішу керек. 24 сағат ашықаннан кейін, кіші дәретіңізді шыны құтыға құйып, салқын жерге бірнеше апта сақтап қойыңыз. Сіз өз көзіңізбен шыққан уларды, шырышты, маңқаны, қиыршықтарды көресіз.
Осы 24 – 36 сағаттық ашығуды қазір көптеген адамдар ұстайды, әсіресе бір орнында тапжылмай қызмет істейтіндер және ұзақ ашығуға шыдай алмайтындар, олар апта сайын белгілі бір күнді белгілеп алып сол күні 24 не 36 сағаттық ашығуды қиналмай – ақ ойдағыдай өткізеді, тіпті қалыптасып алғандары сонша, өздерінің аш екендерін де ұмытып кетеді. Ашығудың осы қысқа түрін кім болмаса да ұстай алады. Осының бір мысалы менің достарым Үржар ауданының әкімі Селиханов Дүйсенбай мен аудандық аурухананың дәрігері Исмайлов Қайрат. Бұл екеуі де осы ашығуды ұстағандарына бірнеше жылдар болды, денсаулықтары мықты, жас қалыптарын жоғалтқан жоқ.
Жеті күндік ашығу кезеңінде сіздің асқазаныңыз бен барлық ішек жолдары жиырылады, ал ашығу мерзімі аяқталған кезде былай істеуіңіз керек. Ашығудың 7 – ші күні, мөлшермен кешкі 5 – те, 4 – 5 памидордың қабығын аршып тураңыз да, қайнап жатқан суға салып жіберіп, бірден шығарып алыңыз. Тәбетіңіз келген кезде суытып барып жеңіз. 8 – ші күні таңертең ұсақталып туралған сәбіз бен капустаға апельсиннің жартысын сығып, шырынын қосып жеңіз. Осыдан кейін кішкене табақшамен бұқтырылған көкөніс, жеміс жеуге болады. Осы тамақпен кептірілген қара нанның 2 тілімін жеңіз. Осыларды таңертең жеу қажет. Күні бойы суды қанша ішем десеңіз еркіңіз.
Түскі тамаққа майдаланып ұсатылған сәбіз, апельсиннің шырыны қосылған туралған капуста. Салаттан кейін екі жеміс көжесін – сәбізден, капустадан, асқабақтан немесе көк бұршақтан дайындалған, осыған екі тілім қара нан қосып жеуге болады. Мұндай тамақта май болмайды.
Тоғызыншы күні таңертең, қандай болмасын жаңадан үзіліп алынған жеміс алма т.б. жеуге болады. Осыған 2 кішкене қасық бөрткен бидайды 1 кішкене қасық балға араластырып қосыңыз. Күндіз ұсақталған сәбіз, капустадан жасалған салат, бір жеміс көжесі, бір тілім нан. Кешке салаттан, памидор т.б. көкеністерден пісірілген көже ішіңіз. Оныншы күннен бастап, өзіңіз үйренген қалыпты тамағыңызға көше беруіңізге болады, бірақ мөлшерден тым асырып жібермеңіз.
Жеті мен онкүндік ашығудың арасында айырмашылық азғантай ғана. 10 – шы күннің кешкі 5 мөлшерінде памидор жеп, жоғарыда айтылған ережені басшылыққа алыңыз. Өзің жейтіндей ғана жеңіз, артық жемеңіз. Есіңізде болсын, сіз тамақсыз 7 – 10 күн өмір сүрдіңіз, осы уақытта тәбетіңіз жоғалды. Сіз тамақ іше бастағанда қуат бірден құйылмайды, ол үшін уақыт керек және ағзаңыз уды тазалаудан, тамаққа қанығу бағдарламасына көшу үшін де белгілі мерзім қажет.
Бірінші салатты жеуді ережеме айландырдым. Себебі, біз ағзамызды тек табиғи тамаққа ғана бейімдеуіміз керек. Көпшілік адамдар тамақтануды көже ішу мен нан жеуден бастайды, менің пікірімше, бұлай тамақтану мүлдем қате, себебі шикі көкөністер тамақ алдында ас қорту сөлінің бөлінуіне көмектеседі. Шикі көкеністің құрамында табиғи сөл мол, бұл ас қортуға ең қажет зат. Сондықтан да, мен тамақты көкөніс салаттарынан бастауларыңызды талап етемін, осылай бірнеше жыл әдеттенсеңіз, сіздің ағзаңыз тамақ алдында басқа нәрсені қабылдамайды. Осының нәтижесінде, сіздің тағамыздың құрамында, көкөніс мөлшері 60 пайызға жетеді. Шикі көкөністер мен жемістерде өмірлік күш мол, бұл табиғаттың күн қуатын шоғырландырып, бізге дайындаған тірі тамағы.
Міне, сондықтан, тамақ құрамының мінсіз мәзірінің 60 пайызы шикі көкөністер мен жеміс–жидектерден, 20 пайызы белоктан құралуы керек деп есептеймін. Бұл белок ет, балық, жұмыртқа, табиғи ірімшік–сыр немесе өсімдіктен жаңғақ, дән түрінде болады. Сыра ашытқысы және бөрттірілген бидай да белок азығының маңыздысы.
Соңғы 20 пайызының өзі үшке жіктеледі. Бірінші бөлігі табиғи крахмал – наннан, күріштен, бұршақтардан алынады. Екінші бөлігі табиғи қант – балдан, шырындар мен кептірілген жемістерден алынады. Үшінші бөлігі табиғи қанықпаған майлар – күнбағыс, соя т.б. өсімдік майлары.
Табиғи крахмал, қант және майлар – бұлар жоғары мөлшерде шоғырланған тамақ, сондықтан осыларды аздап, мөлшермен ғана қолданыңыз.
10 Сәуір дүйсенбі, ашығуымның он жетінші тәулігі, құрғақ ораза