Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 15 страница



Кіші жүздің Тама руынан шыққан батыр, жаугершілік заманында туып, күреспен есейіп ержеткен Есет, ел қорғау жолына ерте араласқан. Тәуке ханның тұсында Кіші жүздің қолын бастап, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатысқан. Сонымен қатар Ресеймен қарым-қатынас жақсартуда сіңірген еңбегіне қарай 1743 жылы «Тархан» атағын алған.

 

68. Қазыбек бек (1692-1776)

Тауасар би баласы Қазыбектің жастайынан зеректік қабілетін байқап, Бұқараға оқуға береді. Одан Самарқанға оқу жалғастыруға жібереді. Қазыбек 8 жылдай Бағдатқа, Римге, Шамға сапар шегіп, Еуропа елдерін аралап қайтқан. Араб, парсы тілдерін меңгеріп, кітаптар жазған. Еліне қайтқанда басқыншыларға қарсы күрес арасында найзасын қаламға ауыстырып, жазуларын жалғастырған. Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген батырлармен тізерлесіп жауға шапқан. Бізге дейін тек «Түп-Тұқиянымнан өзіме дейін» деген еңбегі ғана жеткен.

 

69. Қастек батыр (1702-1723)

Науырызбай батыр әскерінің мыңбасы, Қастек Жарылғапұлы Еміл руынан шыққан батыр. Жоңғарларға қарсы соғыста атын шығарған батырдың бірі. 21 жасында тау ішінде бір үлкен сайыста жаудың бірталайын қырып, кейін шегіндірген. Сол жылы жас батыр бірнеше жерінен жарақат алып қаза тапқан. Батырдың мерт болған жері «Қастек асуы» деп аталады. Алматының Ұзынағаш ауданында жерленген.

 

70. Шыңғожа батыр

Найман елінің, Тума руының ұранына айналған батырдың жоңғарларға қарсы соғыстарда атағы шыққан. Жекпе-жек сайысында талай мықты жоңғар батырларын жеңген, бір шайқаста бірінен кейін бірін сегіз батырды жеңгені бар. Қабанбай жасақтарымен тізе қосып Аңырақай, Қалба, Алакөл сайыстарына қатысқан. Қалмақ ханы «Шыңғожаның басын әкелгенге, соның басындай алтын беремін» деген екен.

Қартайған шақтарында Қожакелді, Ерназар батырлар рудың игі жақсыларын жинап Туманың туын Шыңғожа батырға тапсырыпты. Содан бері бүкіл Тума баласының соғыстағы ұраны «Шыңқожа» болып қалды, әлі де осы ұран. Қырық жыл созылған қанды шайқаста Шыңқожа батыр Туманың қолын бастап қазақ жасағының бас қолбасшысы Қабанбай батырдың қосынында болды.

Қатты бір шайқаста аз адаммен қоршауда қалған Шыңқожа батыр қаза табады. Әбден өшіккен жаулары Шыңқожа батырдың денесін кескілеп-туралап кетеді. Қабанбай батыр сүйегін іздеп табуға бұйырық береді. Батырдың сүйегін таба алмағаннан кейін, күректей бас бармақтың Шыңқожа батырдыкі екенін танып, серіктері осы бас бармақты Аякөз ауданы, қазіргі Шыңқожада ауылындағы биік төбенің басына арулап жерлеген.

71. Қараш батыр (1715-1813)

Қарасай батырдың ұлы, атақты Түрікпен батырдың ұрпағы. Қараш жасынан ақылды, батыр әрі көріпкелі бар сәугей, әулие адам болған екен. Батырлығымен қоса қазақ-қырғыз арасында тату көршілікті, ел бірлігін сақтап, қазақ-қырғыз жерін бірдей қорғап екі елдің батыры атанған. Жекпе-жекте жеңіліп көрмеген, темірді қамырдай илейтін күштің иесі, жауға жалаңаштанып жалғыз өзі шапқанды жақсы көреді екен. «Баласы Қарасайдың Қараш батыр, жауына салады екен заман ақыр», – деген лақап бар. Алматы обылысында Ақтерек ауылының қасында жерленген.

 

Бекет ата (1750-1813)

Елі пір тұтқан Мырзағұлұлы Бекет әйгілі батыр, әулие, ағартушы, сәулетші Маңғыстауды туып-өскен. Жастайынан Хорезмдегі белгілі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған. Оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған. Ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге араласып, ел мен жердің тәуелсіздігі үшін ақылымен де, қайратымен де басшы бола білген. Медресе, мешіттер салдырып, халықты сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан шебер. Мықты қасиеттеріне қарай ел Бекет атаны көзі тірісінде қастерлеп, қадір тұтқан. Маңғыстауда өзі тұрғызған Оғыланда мешітінде жерленген.

 

Ескелді би (1695-1789)

Қазақ елінің азаттығы жолында арыстандай алысқан батыр, ел бастаған көсем, әрі қара қылды қақ жарған би-шешен. Ел ісіне араласа бастаған кезі Жетісуда Жоңғарлардың ең өршіген сәті еді. Жалайыр елі ата қонысынан ауа көшіп, Сыр бойына ығысуға мәжбүр болды. Ескелді би қолбасшы болып 1723 жылы Іле-Бақанас бойындағы үлкен әрі берік, маңызды бекіністерді бұзып, жоңғарларға қатты соққы берген. Іле, Балқаш, Қапал аймағы Ескелді бидің сарбаздарына жүктелген. Жерін азат еткен батыр Жалайырдың басын құрап, ата мекені Қаратал, Көксу өзендерінің бойына қайта қоныстандырумен айналысады. Ескелді би атақты Төле биге жиен болып келеді. Анасы Ұлбике Төле бидің қызы болған. Жергілікті халық, қазақта он бесінде «отыздағы отағасының ұлағатын байқатқан адамның бірі – Абылай хан болса, екіншісі – Ескелді», – дейді.

74. Балпық би (1694-1780)

Сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр ретінде Балпық би аты Ескелді бимен қатар айтылады. Екеуі жан беріскен дос, бірін-бірі қатты силаған, бір анадан туғандай егіз би атанған. Ұлы Төле би бата ретінде былай депті: «Ескелді сен қару ұстап жауға тұр, Балпық сөз ұстап дауға тұр». Балпық би Аңырақай шайқасында, Аягөз, Текелі маңында соғыстарға қатысып, еліне қорған болған. Әділ тілімен Жалайыр мен Жаныс руларын табыстырған. Би атаның ұлы Тіленші де атақты би болып, беделі әкесінен кем болмаған. Кесенесі Үштөбе қаласының түбінде.

 

Айту би (1746-1790)

Жаубасарұлы Айту Балпық бидің шәкірті. Би ата Айтудың келешегінен үлкен үміт күтіп, сенім артып, өз тәрбиесіне алған. Айту бидің білгірлігі мен әділдігіне риза болған ұстазы оған «Айтудан айтар сөз артылмаған», – деп баға берген. Қара қылды қақ жарған жас би, жас та болса елге бас болған, өз заманының айтулы шешені, білгір адамы. Небәрі 41 жыл өмір сүргенмен, артынан үлкен мұра етіп өсиет қалдырған. Кесенесі Үштөбеде, Көксу жолының бойында.

76. Қаблиса (Қабан жырау) (1686-1776)

Қаблиса Асанұлы Ескелді, Балпық билердің бірге жүрген замандасы, қатар жүріп жұртына пана болған әрі батыр, әрі ақын. Он екі ата Жалайырдың Мырза елінен шыққан. Жыр алыптары Сүйінбай, Жамбыл аталарымыз Қаблисаны «ұстаз тұтып, әулие санаған» екен. Жырау таңды таңға қосып ұзақ дастандарды жырлап, тауыса алмай, айлап, апталап тоқтаусыз толғайтындардың бірі болған. Айтыстарды еш жеңіліп көрмеген жырау жұмбақ айтыстың да аса шебері болған. Ел аузында көптеген жырлары, өлеңдері қалған.

Жолбарыс би (1671-1761)

Жылқайдарұлы Жолбарыс Жалайырдан шыққан атақты би, батыр. Әкесі Жылқайдар бақуатты, бай кісі болған екен. Әйелі Жолбарысқа босанғанда аян көреді, аянында баласының атын өзі қоймай, үйіне бір мүсәпір сол қояды деп айтылады. Бала 10 жасқа келгенде әлгі түсінде көрген адам келіп, «Жолбарыс» деп атын қойған. Батырдың арқасында мөр-мең болыпты, ел әулиеліктің нышаны деп білген және атын тура атамай Шұбар ата деп атап кеткен. Денесіне жау қаруын дарытпаған батыр, әрі ертеңгі күнді болжай білген сәуегей, әділ би, жоңғарлардан елін азат ету жолында Ескелді, Балпық, Қаблисалармен үзеңгілес болған. Үштөбе маңайында Кәлпе ауылында жерленген.

78. Қордай ата

Атақты алашқа белгілі Қордай бабамыз Қасқару Жаныстан шыққан атақты батыр, қолбасшы болған. Елімізге аса маңызды ұлы Жібек жолындағы Қордай асуын шапқыншылықтан қорғаған. Жауға өз атын ұран етіп шапқанда, даусын естіп жау қашады екен. Ол кісінің найзасын мықты деген екі ер әрең көтереді екен. Ел 60 ердің қайраты бар, «қоңыр желімді Қордай батыр» деп те атаған. Қордай батырдың сіңірген еңбегі ерен, жанқиярлық ерлігі, өлшеусіз де шексіз.

79. Әлмерек баба (17-18 ғ.ғ.)

Жашиықұлы Әлмерек батыр, шешен, көріпкел, әулие. Қазақ жасақтары арасында жоңғарларға қарсы ұйымдастырған сайыстарға қатысқан. Елдің есінде көбіне «көріпкел әулие» ретінде есте қалған. Хангелді, Райымбек, Бақай батырлар бұл кісіден келіп бата алған екен. Ел үшін еткен еңбегі, қайраттылық қасиетіне риза болған халық абыз атаған. Кесенесі Алматы қаласында.

 

80. Мәмбет ата

Мәмбет Күнбасұлы Абылай ханның өз заманында жорықтас батыры, атақты Қойгелді батырдың жақын туысы болып келеді. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен. Мәмбет ата Төле бидің нұсқауымен Абылай ханды жоңғар астанасына барып тұтқыннан алып шығуда көп септігін тигізген. Кейін жоңғарлар қиратқан Тараздың орнына Әулие ата қаласын тұрғызуға белсене қатысқан. Сонымен қатар Мәмбет ата халықты диқаншылыққа үйретуде көп еңбек сіңірген. Кесенесі Тараз қаласында.

 

81. Өтеген батыр (1699-1773)

Өтеген 15 жасынан астына ат мініп, есімі елге танылып, батыр атанған. Не бір қанды шайқаста қалмақтың мықты деген батырларын найзамен шаншып түсіріп, асқан шеберлік, қырағылық көрсетіп аты аңызға айналған батыр. Ел оны әулие тұтып, жүрегінде түгі бар, қос мүйізі бар киелі деп біледі. Райымбак батырмен жауға бірге шапқан замандас әрі дос болған. Халық үшін қам жеген қайраткер бірде «жер жаннаты Жетісуды қалмаққа бергенім – менің тірі жүрмей өлгенім» деген екен.

Райымбек батыр (1705-1780)

Албан тайпасынан шыққан Хангелді батырдың ұлы – Райымбек тумасынан дарынды, соғыс өнерін жас кезінен жетік білген, айлакер де тәсілқой батыр болған. 18 жасында қалмақтың мың басы Бодан батыпды жекпе-жекте мерт қылып, батыр елге танымал болады. Ойрантөбе шайқасынан кейін Бақай батыр екеуі «қазақтың бас батыры» деген атаққа ие болады. Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізі біріктіре ата мекенді ерлікпен жаудан қорғаған. Тасып жатқан дариядан әскерін аман өткізуі, сусыз жерден су шығаруы, болашақты болжаған көріпкелдік іс-әрекеттері оның ел есінде әулие атағымен сақталады. Батыр «Елім – Албан, жерім – Қарқара, жайлауым – Асы, мекенім – Алматы басы», – деген екен. Райымбек батырдың аты Албан руының ұранына айналған. Алматы қаласында жерленген.

 

Баян батыр (1710-1757)

Қасаболатұлы Баян алғырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарында көрсеткен ерліктеріне қарай «батыр Баян» атаған. Қалмақтарды мың сарбазымен Қытай шекарасына дейін қуып, сол жорықтан ағасы Сары екеуі қайтпаған. Қарағандының Қарқаралы ауданында Шекелен зиратында жерленген.

Найманбай батыр (1720-1812)

 

Айдосұлы Найманбай Дулат руынан шыққан, жоңғарларға қарсы күрескен батыр, қолбасшы. Кәшке, Мырзабек батырлармен бірге қосыла шайқастарда ерен ерлік ерлік көрсеткен. Жоңғардың бірнеше мықты деген батырларын және Қалден Сереннің оң қолы санаған Қисық Шона Бодан батырды жекпе-жекте өлтіріп, Найманбай батыр атанып елге танымал болған. Батырдың 11 ұлынан бүгінгі күні 11 ел ұрпақ болып тараған. Парасаттылығымен, кемеңгерлігімен есте қалған батырдың аты сол 11 елдің ұранына айналған. Алматы облысында жерленген.

Кенесары хан (1802-1847)

Қасымұлы Кенесары Қазақ хандығының соңғы ханы. Ұлт-азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Төре тұқымынан, Абылай ханның ұрпағы. 1841 жылы хан сайланған. Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тіршілігіне тікелей араласып, үстемдіктерін жүргізгенге қарсы көтеріліс бастайды. Сыртқы саясатының басты мақсаты тәуелсіз қазақ хандығын құру болады. Орыс отаршылығына көнбей, халқын «бодандықтан құтқарамын деп қасарысып, бес қаруын бойынан тастамай», ажалын сол жолда тапқан. Ресей әскери күшінің дем беруімен болған Кекілік тауындағы қазақ-қырғыз арасындағы қақтығыста Кенесары қолға түсіп қаза табады. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи зиратында жерленген.

Сыпатай батыр (1781-1868)

Дулаттың Ботбай руынан шыққан Сыпатай Әлибекұлы Жамбылдың Мерке елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Әлібек қолы шебер, өте момын кісі екен. Бірақ балалары Аңдас та, Сыпатай да намысқой өр кеуделі жігіт болып өседі. Сыпатай батырдың Қоқан басшыларына қарсы күресте аты шыққан. Сонымен қатар қазақ-қырғыз арасында дауларды шешіп, екі ел арасында бітімгершілік жасатқан. Ерлігі мен шешендігі, әділділігі мен ақылдылығы ел жадында қалған үлкен бедел иесі. Кесенесі Жамбылдың Мерке ауылында.

 

87. Ағыбай батыр (1802-1885)

Қоңырбайұлы Шұбыртпалы Ағыбай батыр Кенесары ханның бірінші кеңесшісі, оң қолы атанып, көптеген сайыстан үнемі жеңіспен оралып Ақжолтай атына ие болған. «Сарыарқадай жер қайда, Ағыбайдай ер қайда» деп Кенесары хан айтқаны бар. Арқада туып, Алтай мен Жетісу өңірінде жастық шағын өткізіп, жасы келгенде Бетпақ дала бетіне қоныс аударып, Қызылтау, Шұнақ бөктерінде ғұмыр кешіп, сол жерде жерленген.

 

88. Байзақ датқа (1789-1846)

Байзақ Мәмбетұлы жасынан атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген. Өсе келе ауыл ағасы, жүзбасы, мыңбасы болған. Елді кәсіппен айналысуға отырықшылыққа, арық қаздырып егіншілік ұйымдастырған. Елді сыйлаған, тыңдаған Байзақтың абырой-атағын білген Қоқан бектері оны датқа, би етіп, сол өңірді басқаруды тапсырады. Бектер Байзақ датқаның беделін пайдаланып, алым-салық, зекетті мол жинамақ болады. Осы бір тауқыметті, ел тұрмысының күйзелген халін сезінген Байзақ датқа кейін Қоқан бектеріне қарсы шығады. Ел-жұрт Байзақтың айтуымен салық төлеуден бас тартады. Байзақ датқа Сұраншы, Сарыбай, Тезек төремен бас қоса ақылдаса отырып, Жетісу, Әулиеата, Шымкент аралығындағы соғыстарға қатысады. Көп сайыстарда өзі тікелей басшылық етеді. Өшіккен бектер батырды алдап, Шымкентке шақыртып алады да, тірідей балталап шауып, денесін өртеп, күлін зеңбірекпен аспанға атады. Туыстары Байзақ датқаның шауы тасталған жалғыз шынтағын тауып алып, еліне апарып жерлейді. Кесенесі қазіргі Тараздың Байзақ ауданында, жергілікті халық «Байзақ сөресі» деп атайды.

 

Исатай батыр (1791-1838)

Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүздің Беріш руынан шыққан. Езгі мен зұлымдыққа, жаншылған халықтың бейшара тұрмысын көріп, ханның өктемділігіне қарсы тұруға серт береді. 1836 жылы Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігінде көтеріліс бастайды. Қара халықты басқарып, патша әскерлеріне қарсылық көрсетеді. Екі жыл арпалысып, ақыры ерлікпен қаза табады.

 

Махамбет батыр (1804-1846)

Әйгілі ақын, күйші, отаршылыққа қарсы Исатай батыр бастаған көтерілісті ұйымдастырғандардың бірі. Қос батыр арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шыққан. Көтеріліс жеңіліске ұшырап, Исатай батыр мерт болғанда «екі тарлан бөрідей болған» ер жалғыз қалып, елді қайта көтермек болған әрекеті сәтсіздікке ұшырайды. Махамбеттің өлеңдері езілген елдің еңсесін көтеріп, бойларына қуат, жүректеріне жігер құйған.

91. Саурық батыр (1814-1854)

Шапыраштының Есқожа руынан шыққан Саурық батыр қоқан-қырғыз шапқыншыларына қарсы күресте қол бастаған қазақ батыры. Немере інісі Сұраншы батырмен бірге Жетісуды Ілеге дейін билеген Қоқан ханымен қырғыздың Орман ханына қарсы жергілікті халықтан жасақ құрған. Қастек сайында болған сайыста қаза тапқан.

 

92. Сұраншы батыр (1815-1864)

Ақынбекұлы Сұраншы Алматы аймағында Қастек өзенінің бойында дүниеге келген. Ат үстінде ел қорғаумен, басқыншы жаумен шайқастарда өмірі өткен батырдың бірі, Қоқан хандарына қарсы соғысқан. Атақты Ұзынағаш шайқасында қоқан әскерін ойсырата жеңіп, Сайрамнан асырып қуған. Сол жорықтарының бірінде Сайрам өлкесінде қайтыс болған. Кезінде батыр Алматы қаласын салуға тікелей ат салысқан. Ерлікке толы өмірі «Сұраншы батыр» дастанында жырланған. Кесенесі Алматы облысында.

 

93. Түктібай ата (1700-1781)

Шапыраштының Екей елінен шыққан атақты бақсы, балгер. Айтқандары тура келетін көріпкел, әулие адам болған деседі. 13 жасынан бойына бақсылық қасие қонып, аянымен қобызға ие болып, оның қасиетін сіңіріп, оны ойнатып, боздатып, бақсы атанып кісілерді емдей бастайды. Кейбір кездерде көзін жұмып отырып терең ойға кеткенде, қолына ұстап отырған қобызы өзінен-өзі дыбыс шығарып үн қатады екен. Зиярат еткендер әулиенің басында қобыз үнін естігендерін айтады. Зираты Алматы облысы Жамбыл ауданында.

94. Сүйінбай ата (1815-1889)

 

Аронұлы Сүйінбай қазақ халқының суырып салма ақындық өнерінің майталман жүйірігі, айтыс өнерінде алдына жан салмаған ұлы ақын. Туып-өскен жері – Алматы маңы. Қарақыстақ елді мекені. Сүйінбай атамыз бойындағы ақындық дарынын ерте ұштап, төңірегіне ерте танылды. Даңқын елге жайған, ауыздан-ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры өз кезіндегі хан-қара, би-болыстарға, бай-манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Сүйінбай ата шапағат нұрын алысқа шашқан, үлгі-өнегесін өкше басар ұрпағына жұғысты ете білген құнарлы ақын, қасиетті бабамыз. Кесенесі Алматы облысы Жамбыл ауданында, биік қыратта орналасқан.

Сарыбай ата (1821-18902)

Сарыбай ата, Шапыраштының бас биі, аға сұлтаны саналады. Әкесі Айдос, туысы Пірімқұлда бәрі шетінен ел қорғаған батыр, әрі шешен, би болып өткен. Сарекең ат құлағында ойнайтын әбжілдігі, садақ тартқандағы мергендігі, сөз сайысына түскендегі шешендік алғырлығы әсіресе Сұраншы батырға қатты ұнаған. Сондықтан Сарыбай інісін өзіне сенімділік етіп қасынан тастамаған. Сұраншы батыр Сайрамда қаза тапқанда, би ата қаралы көш ұйымдастырып денесін Жетісуға, елге жеткізген. Қарасай батырдан Төле биге, одан Сұраншы батырға ауысқан киелі жолбарыс содан бастап Сарыбай бидің соңынан ерген екен. Сарыбай би өзі шыққан Екей руының басын құрап, кезінде айырылып қалған жерлеріне қайта қоныстандырып, егін салдырып, отырықшылыққа үйреткен. Сарыбай би әділдігімен, шешендігімен, батырлығымен ел есінде қалған. Кесенесі Алматының Жамбыл ауданында.

 

Жамбыл ата (1845-1945)

Жырау, ақын, жыршы, бұл сөз өнерінің үш түрін бір адамның меңгеруі өте сирек кездескен. Жамбыл ата бозбала шағының өзінде өскен ортасын ән мен жырға бөлеп, даңқы жайылып үлгерген. «Менің пірім Сүйінбай» деп жырға қосқан, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан 15 жасында бата алған. Жәкең сол кездегі атағы шыққан ақындармен айтысқа түсіп шоқтығын ұдайы асырып отырған. Көп жасаған, көпті көрген, туған елінің кешегісі мен бүгінгісінің куәсі болған, бақ дарыған данышпан қария. Көрген-білгенін маржандай жыр сөзімен баяндаған құдыретті қасиеттің иесі. Жамбыл ата Сарыбай биден кейінгі «қызырлы қызыл жолбарыстың» иесі саналған. Кесенесі Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан.

 

97. Қайназар ата

Шапыраштының Екей руынан шыққан Қайназар атамыз атақты «Сарыбай бидің оң қолы, әрі серігі болған» деп айтады көнекөз қариялар. Сарыбай би Қайназар атаны сол аймақтағы қоныс аударған казак-орыстардың озбырлығына жергілікті халықты қоғауды тапсырған екен. Және де ру арасында ұрыс-тартыс, барымта кезінде би атаға көп көмегі тиген. Қайназар ата «тік мінезді, алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей адам болған» дейді ел ішінде. Кесенесі Алматының маңайындағы Жамбыл ауданында.

98. Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889)

Ұлы күйші, сазгер, дүлдүл домбырашы. Алғашқы ұстазы атақты домбырашы Ұзақ еді. Ұстазымен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдіреді, сайысқа түсіп жұрттың назарына ілігеді. Алғашқы шығарған күйлерінің бірі «Кішкентай», бұл күй Исатай батырға арналған. Осыдан кейін «Ақсақ киік», «Адай», «Ақбақай», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем» т.б. күйлерін шығарады. Құрманғазының «телегей теңіздің толқынындай, асау тұлпар тұяғының дүрсіліндей, найзағай отының жарқылындай» ғажайып күйлері кезінде халықтың күш-жігерін тасытып, қайрат берген. Даланың әнұранындай «Сарыарқа» тартылған кезде сөзсіз әр қазақтың жүрегі тебіренеді.

 

99. Кеңгірбай би (1735-1825)

Тобықты руынан шыққан атақты би, ұлы Абайдың төртінші атасы. Кеңгірбай би жоңғарлардың үсті-үстінен шабуыл жасауынан туған жерлерінен үдере көшіп кеткен Тобықты руының басын құрап, қайта ата-жұртына қоныстандырған. Ел арасында ынтымақ пен бірлік сақтап, оның іргетасының сөгілмеуіне әрдайым күш-жігер жұмсаған әділ би. Семейдің Абай ауданында жерленген.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.