Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Даланы, сай – саланы. Ат шаптырып, ас беріп, 9 страница



 

13 Сәуір бейсенбі, ашығуымның жиырмасыншы тәулігі

Академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің оныншы толғауы. Тақырыбы: Сілтілік әкелелетін тамақ мәзіріне қостаын көкөністер, жеміс – жидектің қандай түрлері бар? Тамақтану бір бірімен байланыс жасап жатқан шынжыр екенін қалай түсінеміз?

Болашақта дәрігерлер дәрі бермейді, бірақ науқасты жарамды ас мәзірімен қызықтырады. Томас Эдисон

Таңертең өзімді керемет жақсы сезініп ояндым, ыстық суға бал, лмион қосып үздіксіз ішудемін. Салмағым 87 кг болып бір тәулікте 1 кг түсіппін. Кіші дәретім қайта сарғайып кетті, улар әлі бұрқырап шығуда. Бұрынғыдай бүйрегім ауырмайды. Өзімді жүргенде бейне бір ұшып жүргендей сезінемін, көтеріңкі көңілмен ән айтқым келеді. Бұрынғы киімдерімнің бәрі біреудің иығынан сыпырып алғандай қолпылдап бос қалды. Киейін десем бақша күзететін ағаш қарақшыға жауып қойған киім сияқты желп – желп етеді. Сондықтан қызым екеуміз түстен кейін «Барахолка» базарына барып киім таңдап, бір қапшық киім сатып алдық. Бұрын 56 размер киуші едім қазір 50 – размер шап – шақ жараса кетті. Ашығуымның 20 – шы тәулігінде, ашықаннан бері 16 кг майдан және 6 размер дене пішінімнен айрылдым.

Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы. Дұрыс тамақтанудың бағдарламасын қалай түсіндіресіз?

Жауап: – Дұрыс тамақтанудың бағдарламасын жасау баспалдақпен жоғарлау сияқты. Бірінші баспалдақ – барлық витамині жоқ өлі тамақтардан кофе, шәй, ішімдік т.б. бас тарту. Сондай – ақ жануарлардың өнімі еттен, сүттен бас тарту. Осылардың орнын біртіндеп шикі көкөністермен, жемістермен 50 – 60 пайызға жеткенше толтыру. Витамині жоқ өркениеттің өлі тамақтарынан, шикі көкөніс пен жемістерге біртіндеп көшуді өтпелі кезең дейді.

Дүниеде көбірек тұрғың келсе өзіңді – өзің бапта, кеткің келсе былапытта.

Ғабиден Мұстафин

 

Көптеген адамдар бала күнінен бастап, ағзаға қышқылдық әкелетін тамақтармен тамақтанады. Қышқылдық тамақтар ағзаның өзінен өзі улануына әкеледі, аурудың, зардап шегудің, мезгілсіз қартаюдың себепкері болатын уларды шоғырландырады. Егер сіз негізінен пісірілген ет, жұмыртқа, әр түрлі нан, макарон сияқты тамақтармен тамақтансаңыз, бірден көп мөлшерде көкөністерді қоспаңыз. Әрбір апта сайынғы ашығудан кейін, неге ынтық бола бастағаныңызды өзіңіз сезетін боласыз.

Сұрақ: – Ашығудан кейін тамақ мәзірін қалай өзгертуге болады?

Жауап: – Сеніммен өткізген 3 айлық апталық ашығудан кейін, сіз қалыпты тамағыңыздың құрамының 40 пайызын көкөніс пен жемістерге алмастыра аласыз. Шикі көкеністер мен жемістер өзіндік тазалағыш екенін ұмытпаңыздар. Олар шоғырланған удың астына кіріп алып, ағзадан шығуына себепкер болады, тамаша денсаулыққа жету үшін ең керекті осы. Өзіңіз байқағандай, егер ішкі тазалыққа қол жеткізгіңіз келсе, тамақтың құрамы үнемі өзгеріп тұруы тиіс.

Адамдар жетілген мәзір іздейді, ал тамақтану әркімнің жеке ісі. Адамның ұнататыны да, ұнатпайтыны да көп.

Сұрақ: – Тамақтанудың бір бірімен байланысы бар ма?

Жауап: – Тамақтану бір бірімен байланысып жатқан шынжыр сияқты. Егер осының бір қоспасы үзілсе, қалғаны түкке жарамайды. Адам тамағының құрамында ең керекті 40 қоспа бар, егер осының біреуі жетіспесе, тамағыңның қажеттілігінің жартысын жоққа шығарады. Ұзақ уақыт біреуінің немесе бірнешеуінің жетіспеуі ауруға, кей кезде өлімге алып келеді. Бір қоспаның жетіспеуі осал жасаушаны (клетканы) ауруға ұшыратады. Әрбір тамақтың түрінде қоспалар түгелдей болуы міндет емес, себебі біздің ағзамызда керекті қоспалардың қоры әрқашанда бар. Бірақта осы қорлар ерте ме, кеш пе міндетті түрде толықтырылып отырылуы керек.

Жақсы пісірілген бір үзім нан адам ақылының аса ұлы туындысы, өнер табысы.

К.А.Тимирязев

 

Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, дұрыс тамақ мәзірін жасау үшін не жарайды, не жарамайды?

Жауап: – Сіздің апталық тамағыңыздың құрамын құрайтын тамақпен таныстырайын. Сіз күніне бір, не екі, не үш қабат тамақ ішумен шектелуіңізге болады, Мен өзім таңертең тамақ ішпеймін. Егер жаңа жұлынған жеміс таңғы асқа есептелсе менің тамағым осы. Бұл әдетті қабылда деп ешкімге нұсқау бере алмаймын. Кейбір адамдар таңертең тоя ішіп, түсте аздап ішкенді ұнатады. Әркімнің әдеті әртүрлі.

 

Көкөніс пен жемістер – ең сау тағам

Мен өз тізімімді жаңа жұлынған жемістерден бастаймын, жемістерді адамның бағалы тамақтарына жатқызамын. Жаңа және кептірілген жемістерді жеке де, басқа тамаққа да қосып жеуге болады.

Алма (6 сорты), абрикос (жаңа жұлынғаны және кептірілгені)

Банан, шие, құлпынай, діңке.

Лимон

Манго, апельсин.

Өріктер (кептірілгені не жаңасы).

Алмұрт жаңасы не кепкені.

Ананас (жаңасы), құрма.

Қой және сиыр бүлдіргендері, қауын.

Бал татыған діңке, жүзімдер.

 

Көкеністер тазалағыш және қорғағыш

Осы тізімдердің ішінен шикі көкеністерді салатқа таңдап алуыңызға болады. Таңғы тамаққа бір көк, бір сары көкөністің болғаны жөн. Осылардың ішінен пісіруге басқа 2 түрін таңдап алуыңызға болады.

Брюссель қырыққабаты, жамбас бұршақ, қырыққабат.

Қызанақ (Памидор), қияр, баклажан, у сармысақ, көк бұршақ.

Бөрттірілген бидай тұқымы, қызылша, көк пияз, салат – латук.

Сәбіз, гүлді қырыққабат, аш көк, жусай, пияз, жүгеріні

Картофель, көк бұрыш, редис

Асқабақ, қауашақ, көк шалғын.

 

Жаңғақтар мен дәндер

Жаңғақтар мен дәндер өте жоғары сапалы майлар мен белоктарға бай. Сіз өзіңіздің таңғы асыңызға осылардың 2 түрін қосуыңызға болады. Егер сіз ет жесеңіз аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Ал қалған күндері жаңғақтар мен дәндер жақсы белоктық тамақ болады.

Күнбағыс дәні.

Кокс жаңғағы, арахис, грек жаңғағы.

Барлық аталған тағамдарды тұз қоспай, шикілей жеңіз.

 

Бұршақ тұқымдастар

Бұршақ тұқымдас өсімдіктер – тамақтың көне түрлерінің бірі, олардың құрамында өсімдік белогы көп болғандықтан, аптасына бірнеше рет жеуге болады.

Бұршақтар, чечевица, құрғақ бұршақ.

Жармақталған бұршақ, соя бұршақтары.

 

 

Майлар

Мен ұсынып отырған майлардың құрамында тұз жоқ, тамаққа пайдалануға болады. Май сатып алғанда жарнамасын мұқият қараңыз, егер құрамында химиялық қоспалар бар болса алмаңыз.

Жүгері майы, соя майы, күнбағыс майы.

Грек жаңғағының майы, оливканың майы.

 

Табиғи тәттілер

Осы жерде айтылатын табиғи тәттілер, аса жоғары қанықтырылған тамақ болғандықтан аз мөлшерде қолдану керек.

Таза шикі қант, сары қант, финиктелген қант, бал.

Үйеңкі шырыны, тазаланбаған патока (қант қызылшасының шырыны).

 

Ірі ұнтақталған табиғи дәнді дақылдар

Егер сіз ауыр қара жұмыс істемесеңіз, дәнді дақылдардың өнімдерін аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Осы өнімдерге жоғарыда аталған табиғи тәттілерді қосуға болады.

Арпа, қара күріш, қарақұмық (гречиха), ірі ұнтақталған ұн (қоңырқай және ақ)

Тары, бүтін бидай, бүтін қара бидай, жүгері.

 

 

Ет өнімдері

Сиырдың, қойдың, тайыншаның еттерін аздап жеуге болады. Қан құрамыңыздағы холестеринді бақылап отырыңыз.

Майлы жерін, қабырғаның етін, тілді, үйректің етін жеуге болмайды, себебі құрамында май мен холестерин өте жоғары деңгейде, сондай – ақ:

Консервленген ет, шұжық, шошқа етін, тауық еті, сүрленген етті.

Сосискалар, ливер шұжығы, ысталған шұжық, шошқа майы.

Осы ет өнімдерді ұзақ сақталуы үшін маймен қанықтырылып, көп тұздалған. Сақтауға шыдау үшін осы ет өнімдеріне улы химиялық қоспалар қосылған. Егер сіз ет жесеңіз аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Қалған уақытта белоктың орнын толтыру үшін жаңғақты, жаңғақтың майын және әр түрлі дәндерді қолданыңыз.

Есіңізде болсын, өндіріске жіберетін ет өнімдерін өсіргенде, салмағын көбейту үшін малдардың тамағына гармондар қосады. Бұл улы зат. Ет құрамында ағзадан шығарылуға тиіс улы кіші дәрет қышқылы болады. Етте малды сойған кездегі улардың бәрі болады.

 

Балық

Тағамға жарамды балықтардың 25 түрі бар. Балықта холестерин аз және майлары қанықтырылмаған. Ол аптасына 2 – 3 қабат жеуге болатын тамаша белоктық тамақ. Тұздалған және ысталған балықты жемеңіз, себебі құрамында тұз бен холестерин көп.

 

Дүниедегі байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі де осы нан байлығы.

Ғабиден Мұстафин

 

Нан

Менің ойымша, нанның қандай түрін болмасын байқап қолдану қажет, әсіресе ұнға бүтіндей тартылғанын. Осыған бәрі бірдей шыдай алмайды. Арықтағысы келген адамға нанды мүлдем қолданбағаны жөн болар еді. Егер осылай істеу қиын болса, онда нанды кептіріп барып жеу керек. Отырып жұмыс істейтін адамдар, нанды аз жеуге тырысуы керек. Күніне 2 тілім нан жетіп жатыр. Тек қана, таза ауада ауыр жұмыс істейтін адамдар ғана қанша жеймін десе өз еріктері.

 

14 Сәуір жұма, ашығуымның жиырма бірінші тәулігі

Ресейдің даңқты спортшысы болған, қояма қолтық шайқастан (рукопашный бой), ережесіз айқастан (бой без правила) және панкратионнан (гректердің ережесіз шайқасы), осы аталып өткен шайқастардың үшеуінен де халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан және соғыс самбосынан Ресей Федерациясының спорт шебері, соғыс самбосынан және ережесіз шайқастан Қазақстанның спорт шебері Ресей әскери әуе – десант күштерінің бұрынғы аға лейтенанты Қасабаев Саяуыш Өндірхан ұлының толғауы:

Спорттың адамға қандай пайдасы бар? Қиымылдамау – тат басу дегенді қалай түсінуге болады? Жаяу серуендеудің адам ағзасына тигізер пайдасы бар ма? Арқаны, омыртқаны түзетуге бола ма?

Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уқытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді. Ибн – Сина

Ояна салысымен денем тән қимылдарын тілеген соң, жаяу саяжай жаққа барып біраз қоқыстарды тазалап жұмыс істеп келдім. Ара қашықтық 2,5 шақырым, барып қайтқаным 5 шақырым. Барғанда да, қайтқанда да шаршау деген сезім мүлдем болған жоқ. Қайта жүрген сайын бір рахат сезімге бөленіп, көңіл күйім көтеріле түсті. Келе жатқанда тыныс алу жаттығуларын да қоса жасап отырдым. Саяжайдағы мені танитын адамдар: «Ой, қалай жасарып сұңғақтанып, жасарып жас жігіт сияқты болып кеткенсіз, немен шұғылданып жүрсіз, құпиясын айтыңызшы?», – деп жабыса кетеді. Мен тоқтай қалып қалай ашығып жүргенімді айтып беремін, олар таң қалады. Біз де ашықпасақ па деп жігерленіп, иықтарын қомдап – қомдап қояды. Түстен кейін салмағымды өлшесем 86 кг, сол қолымның қан қысымы 120/80, оң қолымдікі 110/70. Сәрсенбі күні өлшеткенімде керісінше болып еді. Менің астымда жасы 60 – тан асқан үшінші қабатта тұратын орыс көршім бар, үнемі қан қысымы жоғары болып, басы ауырып жүретін. Ол менің ашығып жүргенімді естіп және осы 10 – 15 тәуліктің арасындағы менімен болып жатқан ғажап өзгерістерді өз көзімен көріп, менен тамақ ішу мен ашығу жайында тәпіштеп сұрап, бірден тамақ мәзірін өзгертіп, 36 – сағаттық ашығу ұстап, жатар алдында серуенге шығып, қан қысымы мен бас ауруынан құтылып алды: «енді тек осылай ғана жүрмесем болмас, өзімді керемет жеңіл, өмірге жаңа туғандай болып жүрмін», – деп кездескен сайын маған алғысын айтып қояды.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.