Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 16 страница



 

100. Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Қазақтың бас ақыны – Абайдан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Данышпан ақын Семейде Шыңғыс тауының жайлауында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай баласының болашағынан зор үміт күткен, ел басқару ісіне араластырып, ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешкізіп отырған. Бірақ Абай әке күткендей әкім болмады, ақын болды. Абай адамзат мәдениетіне, философиялық іліміне үлкен үлес қосқан «әлемге ортақ» тұлғалардың бірі. Абай ауданында жерленген.

101. Шәкәрім әулие (1858-1931)

 

Шәкәрімніңәкесі Құдайберді Абайдың туған ағасы еді. Әкеден ерте айырылған Шәкәрім Абайдың тәрбиесінде өседі. Бұл әрине оның ақын ретінде қалыптасу жолына ерекше әсер етті. Арнайы оқу орындарын бітірмегенмен, Абайдың көмегімен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы ең ғұлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік білген. Екі қабат Меккеге барып, «қажы» атанып, ел ішінде үлкен беделге ие болған. 1931 жылы НКВД атып өлтірген. Кейіннен Абайдың қасына жерленген.

102. Ғабдүшкір әулие (...-1918)

 

Найман елінің Тума руынан шыққан Жәментік балалары Бұхара-шарфтен арнайы көшіріп әкелген. Заты араб – әулие, ғұлама ғалым. Өз заманының зиялы, білімді қауымы «Ғабдүшкірден оқыған» деген адамды ең жоғары діни ілім иесі деп мойындаған. Ғабдүшкірден оқыған Шайық молла, Қазы молла (Рахманқұл), Әйкежан молла, Хамитхан қари, Бекбай молла, Ғабдыкеш молла, Мұқаш молла, Мұхаметкәрім (Қызыл молла), Ұлықпан молла, Абылхан Нұрахмет, Жолбарысұлы Мұқашбек т.б. жалпы жиыны 40 адам есімдері орыс жерінде Семей, Жетісу өңірінде, Қытай елінде Тарбағатай аймағы, Үрімжі өлкесіне белгілі болған. Бұлар: араб, парсы, түрік тілдеріне жүйрік, пері түсіру, қара суды теріс ағызу, қызынған, есінен адасқан адамдарды жазу, жыланның, қасқырдың, ұрының жолын кесу, бойтұмар дұғаларына да аса жетік, дуалы, шарапатты жандар болған.

1918 жылы Ғабдшүкір әулие мешітте намаз оқып отырғанда үш атты қызыл әскер келеді. Ғабдүшкірді алдына салып айдап бара жатады да, біреуі қылышпен шауып жібереді. Ғабдшүкір әулие «Аһ, Алла!» деп барып құлайды.

Ғабдүшкір зираты қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданының Науалы ауылынан 10...15 шақырымдай өткенде, жолдың оң жағындағы Барақбай-Қарағаш қыстауының маңында. Науалы – Мақаншы тас жолының бойында Ғабдүшкір әулиенің бейітіне бағдар сілтейтін белгі бар.

103. Сәке батыр

Шапыраштының Тайторы руынан шыққан батыр, болыс, шешен. Тайторы елін өзінше болыс болдыру мақсатымен, оларды бір жерге жинақтаған. 300 түтінге толғанда елі жеке болыс атанады. Тайторы елі оның еңбегін бағалап, Сәкені болыс сайлайды. Сол кезде батыр 20 жаста ғана болған екен. Сәке батырдың мазарында «Тайторының бәрі өз балам» деп жазылған. Мазары Алматы обылысында.

 

104. Мұхтар Әуезов (1897-1961)

 

Семей өңірі, ұлы Абай ауылында дүниеге келген. Атасы Әуез Абаймен құрбы, дос екен. Ата тәрбиесінде өскен Мұхтар ол кісінің нұсқауымен бала күнінен бастап Абай өлеңдерін, аудармаларын оқитын болған. Бала Мұхтар Абай рухыменен ержетеді. Ал кейін барлық өмірін Абайға арнайды. Ұлы ақынның бала кезінен бастап, өмірден кеткеніне дейінгі ғұмырын жазып шыққан. «Абай жолы» туындысы қазақ әдебиетін әлемге әйгілі етті. Алматы қаласында жерленген.

 

Биназар (1802-1860)

Дулаттың Шымырынан шыққан би, батыр. Қоқан шапқыншылығынан азып-тозған елін Қаратау өңірінен Бетпақ дала, Шу өңіріне қоныс аудартқан. Биназар батыр Сыпатай батырдың сенімді серігінің бірі болған. Ағыбай батыр, Бөлтірік шешендердемен бірге болған.

 

Медеу ата (1850-1908)

Есқожа руынан шыққан Медеу Пұсырманұлы Алатау етегіндегі Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Жетісуда өзінің жомарттығымен, білімділігімен атақты, аса дәулетті адам болған. Алматы бекінісін салу мен көркейтуге, Алматы апортын жетілдіруге орасан зор еңбегі сіңген. Үш рет Меккеге, Мәдинеге барып, қажы болып, қаланың «құрметті тұрғыны» болған. Қазіргі Медеу мұз айдынының жанында кезінде қонақ үй соққан. Медеу қажыдан 12 ұл (үш әйелден), 8 қыз ұрпақ қалған. Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында дүниеден қайтқан.

Анар ана

Анар ана емшілік қасиетімен халыққа танымал болған. Елдің айтуынша ол кісі «қатерлі ісіктерді» емдей білген. Қасиетті ана 106 жасында өмірден озған. Кесенесі Шымкенттің Бәйдібек ауданында.

 

Кенен ата (1884-1976)

Кенен Әзірбаев – әйгілі ақын, әнші, жыршы. Ғасырға жуық өмір сүріп, қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей жеткізген. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Кенен ата 11 жасынан домбыраға қосылып өз жанынан өлең, ән шығара бастаған. Көптеген ән, арнау, толғау, жыр-дастан артында өлмес мұра болып қалып отыр. Кесенесі Жамбылдың Қордай ауданында.

109. Балуан Шолақ (1864-1919)

 

Атақты балуан, әнші, ақын. Сәмбет елінде әкесі Баймырза төңірегіне танымал ағаш шебері болған. Баласы Нұрмағамбет, жас кезінде оң қолының саусақтарын үсітіп алған, кейін күш-қайраты толысып, балуандығы танылған кезде «Балуан Шолақ» атанады. 14 жасынан күреске түскен, ат құлағында ойнаған ол жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп шабу, басымен тұру, аттың бауырынан өту, ептілікті шебер игерген. Бір үлкен жиында 51 пұт, (830 кг) кірді көтеріп дүйім жұртты таң қалдырған. Орыс, қазақ палуандарының талайын күресте жеңген. Сонымен қатар ән-күйге өте құмар болған, өзі де ән жазған. «Ғалия» деген әні Балуан Шолақтың атын алысқа жайған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы және насихаттаушысы болған.

110. Қажымұқан ата (1871-1948)

 

Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасұлы әлемге аты әйгілі палуан, классикалық күрестің асқан шебері. Кішкентайынан көкпар, күреске қатысып бала болып еңбек жолы Омбы қаласындағы жарыстан басталып, Ресей, Еуропа, Америка, Түркия т.б. елдерде жалғасады. Батыр өз өмірінде 48 алтын, күміс, қола медальдармен марапатталып, ел арасында «күш атасы Қажымұқан аталған тұлға. Кесенесі Шымкенттің Темірлан ауылында.

Дина апа (1861-1955)

Еліміздің әйгілі күйшісі Дина апамыз Батыс Қазақстанның Жаңақала өлкесінде дүниеге келген. Жастайынан домбырашы қыз атанып, әйгілі Құрманғазы өзін арнайы іздеп келіп, батасын берген. Дина қашан ұзатылғанша, ұстазы ретінде одан көз жазбай, күй айтыстырына ертіп, домбыра тартудың терең сырларын үйреткен. Дина апамыздың өнері қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктеткен жайы бар. 94 жасында дүние салып, Алматы қаласында жерленген.

 

112. Бәкір ата (1886-1940)

Сыпатайұлы Бәкір Алматының маңайындағы Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Атақты би, халықтың жадында әділ, қайырымды, жанашыр адам болып қалған. Совет өкіметімен жазықсыз қудаланып, 1937 жылы «халық жауы» атанып сотталып кетеді. Архив бойынша 1940 жылы Красноярск қаласында жазаланған.

 

113. Үмбетәлі Кәрібаев (1889-1969)

Халық ақыны, екі заманның куәсі болған ел құрметіне бөленген үлкен өнер иесі. Жамбыл атаның шәкірті, досы, жан сүйер інісі, өнерін жалғастырушы. Ол кісінің дастан, жырларын бүгінгі заманға сақтап жеткізген. Жасынан өнер қуып, ақындыққа талпынған, өз талабын айтыстарда сынаған. Жәкең шәкіртін өлең-жырдың «қара жорғасы» атаған екен. Жетісу өңіріндегі ұстазынан кейінгі орынға, сый-құрметке ие болған. Алматы обылысында Үмбетәлі ауылында жерленген.

 

114. Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қайраткер, халық қаһарманы, көрнекті жазушысы. Отан соғысында батальон, полк, гвардиялық дивизияны басқарып, қаһармандық ерлігімен, әскерлік шеберлігімен атағы шыққан. Жау шептеріне ішкерлей еніп, ұрыс жүргізу тәсілін соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың бірі. Батыр ата бос мақтауға, жағымпаздыққа жаны қас, ақиқатты бетке айтатын турашыл тұлға. Халық «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлын көзі бар кезінде қошеметке бөлеген. Алматы қаласында Кеңсай зиратында жерленген.

115. Қаныш Сәтбаев (1889-1964)

Қаныш ағаны дәуірдің жұлдызды тұлғасы сынды сегіз қырлы, бір сырлы тұлға атаған. Әрі геолог, әрі кенші, әрі металлург, әрі кен байытушы, оған қоса химия, физика, тарих, өнер зерттеушісі, үлкен әдебиетші. Сансыз қырының санаулысы десек, бір сыры отаншылдығы, халқы үшін бар өмірін арнап өткендігі. Алматыда жерленген.

 

116. Дінмұхаммед Қонаев (1912-1993)

Қазақ тарихында айқын да айырықша із тастаған алыптардың бірі. Димекең үлкен мәдениетті, иманжүзді ізеттілігі, тағлымы терең, ой-өрісі биік жан болған. 1964-1986 жылдары елімізді басқарып, ұлы саясаткер бола білген. Ел басында дербес билігі болмағанмен, 60-шы жылдары Өзбекстанға беріліп кеткен, қазақ елінің 3 ауданын қайтарып алған. Ел абыройын асырып, еселеп еткен еңбегі ұшан-теңіз, өзінің асқақ мұратты парызын адал орындап кеткен тұлға. Алматыда Кеңсай зиратында жерленген.

 

117. Нұрғиса Тілендиев (1925-1998)

Атабайұлы Нұрғиса дүниеге аса сирек келетін дарын иелерінің біреуі. Теңдесі жоқ күйлерінің құдіретімен аты шығып, еліміздің таңдаулы ұлдарының бірі болған. Заманының ұлы композиторы, дирижері, халық артисі. Қазақтың ұлттық музыка өнерінің тамаша дәстүрлерін дамытып, әлем жұртшылығына насихаттап, әйгілі «Отырар сазы» оркестірін құрған. Нұрғиса қазақтың сал-серілік дәстүрінің соңғы тұяғы саналады. Жамбыл атаның кесенесінің іргесіне жерленген.

118. Өзбекәлі Жәнібек (1931-1998)

Мемлекет қайраткері, тарихшы. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрыпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан. Түркістанды түлетуге, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін қалпына келтіруге белсене қатысқан. Халық дәстүрлерін жаңғыртып, Наурыз мейрамын тойлауды қайтарған. Саналы ғұмырында санап таусылмастай көп іс бітірген. Көз жұмар алдында өзін Арыстанбабтың жанында жерлеуді өсиет еткен.

 

119. Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

 

Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келген. Тума дарын Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып, өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүріп, өлең боп өмірден өткен. Халқы сүйген, тірісінде аты аңызға айналған ақын артынан мол мұра қалдырған. Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген.

ХIV ТАРАУ. Зейнекамал Қаржымбайқызы, ақиқат ілімді қайдан табамыз?

 

22–Хаж сүресі, 8, 9 аяттар.

Адамның кейі; білімсіз, жолбашысыз және сәуле беруші кітабы да жоқ. Алла жайында таласады. (8) Алланың жолынан адастыру үшін тоң мойындық істейді. Оған дүниеде қорлық бар. Әрі қиямет күнінде жандырушы азаптың дәмін таттырамыз. (9)

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 333 бет.

 

– Зейнекамал Қаржымбайқызы, ақиқат ілімді қайдан табамыз? Жалпы білім алудың неше жолы бар?

– Білімді алу жолы мен алу әдісіне байланысты оның ақиқаттығы да әртүрлі болады. Жалпы білім алудың екі жолы бар. Оның бірі – болмыс көрінісін төменнен жоғары қарай, немесе жалқыдан жалпыға қарай зерттеу әдісі болса, екіншісі – керісінше, жоғарыдан төмен қарай, немесе жалпыдан жалқыға қарай зерттеу әдісі. Төменнен жоғарыға қарайғы әдісте адам іздегенін білімнің ақиқат көзіне сүйенбей, өз күшімен, сезімдерін пайдаланып, ой-өрісімен табуға ұмтылады. Осылай ол табиғаттың бірнеше жеке көріністерінен жалпы тұжырым жасауға ұмтылады.

– Зейнекамал Қаржымбайқызы, заттық ғылым ізденгенде нені пайдаланады? Бұлай алған білімнің қандай кемшіліктері бар?

– Заттық ғылымның пайдаланатыны адамның бес сезім мүшелері мен логикасы. Ғалымдардың қолданатын құралдары материалдық тұрғыдан алғанда қандай күрделі, жетілген болса да, ол кемшілігі көп сезімдер мен логиканың көмегімен жасалған. Сезімдер мен ойлап таразылаудың (логиканың) кемшіліктері бар. Ендеше, кемшілігі бар құралмен жасалған нәрсе кемшіліксіз болмайды.

Сол себептен, заттық әлемді өздерінің сезімдері мен логикасының көмегімен зерттеген ғалымдардың жасаған жұмыстары да кемшіліксіз емес. Олардың ашқан жаңалықтары белгілі бір өмір жағдайында ғана ақиқатқа сәйкес келеді. Ал бұл жағдай өзгерсе, ол сәйкестігін жоғалтып, ақиқаттығынан айрылып қалады. Бұған табиғаттану ғылымдарынан көп мысалдар бар екені белгілі. Әрине, мұнан ғылымның ешқандай пайдасы жоқ деген ой тумаса керек. Фәни әлемде ғылымның үлкен орын алатыны ешқандай дау тудырмайтын ақиқат екені баршаға белгілі жағдай.

Ал бақи әлемді алатын болсақ – іс мүлде басқа. Фәни әлем әдістері мен зерттеу құралдары бақи әлем үшін қолдануға келмейтіндіктен, заттық ғылымның көрінбейтін әлемді зерттеуде пайдасы шамалы.

– Зейнекамал қарындасым, фәни әлемде ақиқатқа жете аламыз ба?

– Әсет аға, бақи әлем (о дүние) – мінсіз әлем. Ал фәни әлемде мінсіз ештеңе жоқ. Ендеше фәни әлемде ақиқатқа жету өте қиын. Бұл өмірде сенімсіздік тудырып, әркім ақиқатты өзінше іздеп, өзінің таптым деген ақиқатын ғана мойындап, басқаларға сенімсіздік тудырады. Осылай жанкештілік (фанатизм), біржақтылық туындап, табиғаттың жаңа ашылған сырларын бірден қабылдауға мүмкіндік бермейді.

– Табиғат құпияларының шегі бар ма?

– Табиғат сырлары шексіз. Оның себебі – заттық әлемге нәзік әлем үнемі әсер етіп, өзінің ықпалын жасап отырады. Соның нәтижесінде заттық әлем жанданып, өзгеріп, тіршілік көріністерін береді. Адамның нәзік болмысы нәзік әлемнің бір бөлігі болғандықтан, адам өзінің ой-өрісімен қоршаған табиғатқа, материалдық элементтерге әсер етіп, оны өзгертіп отырады. Осылай нәзік әлем мен заттық әлем арасында байланыс үзілмейді.

 

«Ақ ана» Зейнекамал Қаржымбайқызымен қорытынды сұхбат

– Зейнекамал Қаржымбайқызы, «Ақ ана» деген атқа қалай ие болдыңыз?

– Әсет Ризаұлы, қандай жақсылық болса да, Алладан келетінін бәріміз де білеміз. Бірінші – Алланың қолдауымен болса, екінші – ата-баба әруақтарының қолдауымен шығар.

– Бұл жолға қалай түстіңіз?

– Бұл жол маған жайдан-жай келген жоқ. Менің «Ақ жолға» келуіме дейін де өзімнің жеке басымнан жас екеніме қарамастан, ердің ері ғана көтере алар, өмірдің орны толмас талай сындарынан өттім. Ол жөнінде «Ақ жол» атты кітабымнан оқып білесіздер.

Бірінші – Алла, екінші – сол ата-бабалар әруағының қолдауымен Ақ жолға келдім.

– Ем туралы не дерсіз?

– Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде былай деген екен: «Науқас адамды емдеу – Алланың әмірі, ал оның шипалы болуы Алладан.»

Менің мақсатым – алдыма келген адамның ауруын емдеп қана қоймай, оның ішкі жан-дүниесін емдеу арқылы Аллаға деген сенімін артып, Алланың нәрін құйып, бойына күш-қуат беріп, жан-дүниесін тазалау арқылы «Ақ жол» – Алланың жолына жетелеймін. Ата-баба әруақтарынан қолдау табамын.

Қай заманда болмасын ата-бабаларымыз той тойласа да, жауға шапса да, «Аллалап», «Әруақтап», зор сеніммен қаруланып алған. Сондықтан сенімі бар пенделер қай кезде де Алла мен ата-баба әруағы қолдап та, қорғап та жүретінін ұмытпағандары жөн.

Менің емімнің ерекшелігі, сырқат адамдар 3-күн емге қатысқаннан кейін, Жаратушының құдіретімен әруақтардан түсетін аян арқылы – емдей аламын ба, жоқ дәрігерлерге жіберемін бе, тек осы белгіленген уақыт өткеннен кейін ғана шешімін бере аламын. Жаны таза әр адамның жанында өздерін қорғап жүретін, өздеріне аян беретін әруақтар баршылық. Ем шипалы болу үшін ең бірінші мақсат, адамзат Алланың алдындағы парыздарын орындау керек. Қандай заман болсын, адам Алладан алыстап кетпеу керек. Өйткені адамға керегі жан және тән тазалығы, басты борышы – тек адамгершілік болуы қажет.

– Мақсатыңыз?

– Қазіргі қиыншылығы мол заманда алдыма келген пендеге қолымнан келген жақсылығымды жасасам деймін, халқыма тегін ем беріп, сүйеу болу – мақсат-борышым деп түсінемін.

Онсыз да көп жылдан бері Алладан алыстап, өзге елдің тәлім-тәрбиесін өнеге тұтып, әкесін сыйламайтын – ұл, шешесін сыйламайтын – қыз өсті. Сол жастарымызды анаша, темекі, арақ, жезөкшелік сияқты азғындықтан емдеп, бойларына ата-баба салт-дәстүрін ана тілімен сіңіріп, тәрбие алса екен деймін.

– Шәкірттеріңіз туралы не айтасыз?

– Өмірдің өзі өле-өлгенше сынақ екенін өздеріңіз білесіздер. Бұл өмірде қарап отырсам, жақсы да бар, жаман да бар. Бірақ, әр адам қандай жолды таңдаса өзі біледі, оған ерікті де. Менің басты мақсатым әр пендеге жол көрсетіп, соған итермелеу. Менің шәкірттерімнің арасында жақсысы да, жаманы да бар деп есептеймін. Жақсы болып жүріп – жолдан тайғандары да баршылық, тайып барып қайта қайтқандары да жетерлік. Жаманды – жаман екен деп итермеймін. Алланың сүйіп жаратқан пендесі болған соң, Адам болса екен деймін, үмітімді үзбеймін. Оны бір Алланың өзі біледі. Жақсылықтың да, жамандықтың да Алладан қайтар жауабы бар екенін ұмытпау керек. Алланың алдында әркім өзі үшін жауап беретінін ұмытпаған абзал.

Бәріңізге айтарым – қай-қайсымыз болмасын, Алланың Ақ жолынан адастырмасын – дегім келеді.

– Өз қасиетіңіз туралы не айтасыз?

– Қасиет пен қабілет Алла тарапынан келгендіктен, мен оны Алланың берген сыйы деп, оны жария қылғым келмейді. Ол әлем – тылсым, бір құпия дүние. Мен өзімнің қасиетімнің бір бөлігін жария етсем, екінші бөлігін паш етуіме хұқым жоқ.

Алланың берген несібесі ешуақытта таусылмайды. Алла Тағала айтқан ғой: «Шын жылаған пенденің көзіне жас беремін, шын сұраған пендеме ас беремін», – деп. Құдайға сеніп, көкірегінде иман жүрген пенде құр қалмайды. Атам қазақ айтқан емес пе: «Құдайға сенген – құстай ұшар, адамға сенген – мұрттай ұшар», – деп.

Алланың – біреу екеніне, пайғамбарымыздың ақ екеніне сенемін. Құдай жолын қуушы пенде үшін Құрандағы заң біреу-ақ. Өзім әйел болғандықтан реті келгенде айтайын деп отырғаным: – Әйел болып босаға аттаған екенсіз, бастарыңа ата-баба салтымен қасиетті орамалдарыңызды тартыңыз.

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде жазылған: «Қобыраған шашыңды жиып, орамалыңды тарт, пендем – көптеген күнәдан тыйыласың». Сондықтан қасыңдағы періштең қуансын, өйткені сендер ұрпақтың тәрбиешісісіңдер!

– Сіздің алдыңызға талай зиялы адамдар келгені туралы не айтасыз?

– Алла алдында адамзаттың бәрі бірдей құқықты. Алдыма келген атақты адамдар баршылық. Бірақ, мен үшін – Аталар үйінде, әруақ алдында – емге келген адамдардың бәрі тең. Олар – ата-бабаларының әруағына бас иеді. Алла да, әруақ та – тәкаппар, өзін жоғары ұстайтын пендесін жек көреді. Сондықтан, мынау – бай, мынау – бастық, мынау – кедей деп бөлуге менің хақым жоқ. Бәріміз де бір сапта жүрген Құдайдың сынындағы пенделерміз.

Ең басты адамға жетпейтін нәрсе – адамгершілік, кішіпейілділік.

Ең қажет нәрсе – сәлем, үлкенге кішінің сәлем беруі.

Бәріңізге Алланың нұры жаусын!

– Халқыңызға не айтасыз?

– Мұсылман халқы – Аллаға сеніп, сол сенім арқылы өмір сүреді.

 

Сендер түгіл құмырсқа

Ісін қойып дұрысқа.

Илеуін сап жабылып,

Жемін тасып сабылып,

Бір орнынан табылып,

Біріне-бірі бағынып,

Береке бірлік шақырды.

Дулат Бабатайұлы. ХIХ ғасыр.

 

Халқым аман болсын. Тыныштық болсын. Бала – болашағымыз. Алланың нұрымен, ананың сүтімен – жақсы үлгі қасиеттеріміз от басынан таралып, өсіп-өне берейік! Ұрпаққа үлгі болайық! Қандай емші болмасын сіз-біз десіп, халқымыздың қамын ойлайық. Қандай қиын заман болса да, заманға сай халқымызға қолдан келген көмегімізді көрсету әрбір ұл мен қыздың азаматтық борышы болу керек. Бәріміз бірігіп тек қана алға қарап, қадам басайық. Алла жар болсын! Әмин!

 

ХV ТАРАУ. Өзге емес, өзім айтам өз жайымды

Науалы

Науалы – екі өзеннің ортасында,

Жазылған Жер шарының қартасында.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.