Құмық деген сыралғы, өзіммен құрдас досым бар еді, әлгінің үйіне қарай тарттым, не де болса соның үйіне соғайын, өлсем осында өлейін деп. Аттан теңселіп түстім, Құмық мені көре сап: »Ой, Нүке кеп қалдыңыз ба?», – деп әлгі жерде жік – жаппар болды. Атты байлап, әйеліне: »Тамақ сал»,– дей бергенде қолынан шап бердім. «Мен өзім жол соқты ма, тамақтан ұшындым ба, тамақ деген сөзді айтпаңдар», – деп, ет деген сөзді естісем жүрегім айныйды. «Мен түкте ішпеймін», – деп сұлқ барып жаттым. Олар: »қиын болды – ау қонақтың аурып келгені», «енді осылай болып тұр, қатты аурып тұрмын, тамақ туралы сөз айтпаңдар, қара шәй ішем де жатамын». Содан тұра алмай екі күн жаттым. Екінші күні күн еңкейе Құмық аттан түсіп жатып күлді: »Ой Нүке, сіздің ауруыңыздың хабары келді, Исатолла хат жазып жіберіпті. Ертісті бойлап Найманның тажалы кетіп бара жатыр, сақтансын, ұятқа қалмасын!». Исатолла біраз көтеріңкіреп жазыпты, бір еркек қойды түгел жеп кетті деп. Құмық досым күледі: «Биыл соғымымыз арық еді, енді ұят болды не істейміз?». «Ой соғымың да бар болсын, өзің де бар бол, үндеме», – дедім. Сол үйде 4 – 5 күн жаттым, 3–ші, 4–ші күні ғана кішкене – кішкене бір жапырақ, екі жапырақ қаракесек жеуге шамам келді. Әбдән тынығып болғаннан кейін ғана осы үйден қозғалдым. Содан бері май жеуден қалдым.
Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы осы әңгімеден қандай түйін шығарар едіңіз?
Жауап: – «Күшті сақтау үшін жеу керек» – деген көзқарас қалыптасып қалған. Осының санаға сіңіп қалғаны сонша, біз күніне 3 қабат тамақтануымыз қажет екеніне өте сенімдіміз. Біз тәбеті жақсы, ашқарақ адамдарды денсаулығы мықты адамдар деп есептейміз. Біз сауығу үшін тамақты көп жеуін қолдаймыз.
Әр түрлі тағамдарды ұзақ зерттеуімнің нәтижесінде, бұл жәй әдет емес екені туралы көзқарас қалыптастырдым. Аштықты басу үшін, дене асқазанын не болса сонымен толтырып алады. Бірақта тамақтың бір түрімен мықты, сау, күшті жас клеткалар жасауға болады, ал екінші түрімен әлсіз, ауру, ағзаның жұмысын қалыпты қамтамасыз ете алмайтын клеткаларды құруға болады. Біз «жақсы» тамақтанатын адамдарды жиі көреміз, бірақта олардың жағдайлары жақсының ауылынан алыс. Ас қорту жүйесіне тамақ молынан барып жатса да, терісінің түрі нашар, бұлшық еттері болбыраған, қуаты төмен.
Адам өзінің тамағын өңделмеген қалпы тікелей табиғаттан алып тұрған заман болған. Ол уақыттарда адамның, өзінің денсаулығына қажетті тамағын табиғи түрде іріктей алатын мүмкіншілігі болған. Не жеу керек екенін ішкі даусы айтып тұрды. Осы дауысты болмыс немесе басқа деп атауға да болады, бірақта адамның көне дәуірінде осы керемет көмектескен.
Жоғарғы керемет, шұрайлы тілмен айтылған Нұртаза ақсақалдың әңгімесінен байқайтынымыз өткен ғасыр ортасындағы қаймағы бұзылмаған қазақтардың салт дәстүрі, мінез – құлықтары және тамақтану мәзірі. Біздің халық табиғатынан мықты болса да ұзақ жасамаған. Қазір тіпті де, себебі тамақтану дұрыс емес. Әңгімеде айтылғандай Нұртаза ақсақал намыс үшін көп жеп қойып артық тамақтан уланып 4–5 тәулік тұра алмай қалған. Тек табиғат берген ерен денсаулықтың арқасына ғана аман қалған. Осындай денсаулықтары мықты ақсақалдарымыз тамақты тартына ішсе сөз жоқ 100 – 120 жыл өмір сүрер еді. Әне өзің жоғарыда айтып өткен Нұртаза ақсақалдың досы, 95 – ке келген Данабек ақсақал кешке мүлдем тамақ ішпеген, тамақты еш уақытта тоя жемеген, ал оның шешесі 107 – ге келген Захария әжеміз де сол сияқты тамақ мәзірін ұстанумен қатар 107 – ге келгенше тыным таппаған, ал Захария әженің туған бауыры 104 – ке келген Саңқайбай атамыз саумал мен айына екі қабат ішін тазалап отыруымен қатар, ол кісіге де тынымсыздық тән қасиет болған. Әсет бауырым, енді осыдан шығатын қортынды адам баласы егер де дұрыс тамақтанып, ағзасына кем дегенде 36 сағат ашығу арқылы дем алыс беріп, өмір бойы тынымсыздықпен дене қимылын тоқтатпаса ұзақ ғұмыр сүруіне толық мүмкіншілігі бар. Адамның денсаулығы мен тағдыры өз қолында екенінің бұлтартапс дәлелі емес пе, бұдан артық қандай дәлел керек!
1 Сәуір сенбі, ашығуымның сегізінші тәулігі
Академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің төртінші толғауы: Витаминдердің адам ағзасына әсері бар ма? Минералдар жетіспесе не болады? Неге сапалы тамақ қана ішіуіміз керек? Қан тамырларында қатып қалған қақтардан қалай құтылуға болады?
Ей адамзат, Алладан қорқыңдар, несібелеріңді адал, жақсы жолмен тауып жеуге харекет қылыңдар! Ешбір адам ризық – несібесін жеп тауыспайынша дүниеден өтпейді. Ерте ме, кеш пе – оның бағы жанады. Сол үшін тіршілікті жақсы жолға қойып, харамын тастап, адалын алыңдар.
Мұхаммад ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с.)
Таңертең сергек, жеңіл тұрдым. Ағзам дене қимылын тілеп біраз жаттығу жасадым. Бүйректерім әлі аздап ауырады. Қайнаған ыстық суды қалауымша ішіудемін, кіші дәретке жиі барамын. Кіші дәретімнің түрі түзеле бастады. Көзімнің еттерінің қанталап қызарып тұрғаны жоғалды. Өңім ағара бастады, бұрын күйіп кеткен адам секілді қара қошқылданып тұрушы едім. Салмағым кешегі қалыпта, өзгеріс жоқ деуге де болады. Мен ашығуға түс ауа сағат 3 – те кіргенмін, әрбір күні түс ауа тәулікке толып отырады. Бүгін яғни 9 – шы тәулікке қараған күні кешке ішім өтіп үлкен дәретке отырдым, ішімнен тағы да қап қара қоқыстар шықты. Осы қалдық пен қоқыс шыққан сайын жаның жай табады, керемет жеңілдеп қаласың. Өзімнің күн сайын жақсарып, көңіл күйім көтеріліп, адам баласының тілі суреттеуге жете бермейтін ерекше халді сезінгенім үшін және Жаратушының, мені тура жолға салғанына шексіз тәуба деймін.
Дене құрлысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз – тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау. Ибн – Сина
Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, өзіңіз де ашығу бағдарламасын ұстайсыз және осыны халық арасына кеңінен насихаттап жүргеніңізді көріп те, естіп те жүрмін. Осы ашығудың барысы мен витаминдердің әсері туралы айтып өтіп, кешегі келелі әңгімеңізді ары қарай жалғастырсақ, қалай қарайсыз?
Сұрақ – жауап: – Әсет Ризаұлы, екеуміз бір жақсы істі қолымызға алдық, менің білетінімді көпшілікке дұрыстап жеткізе, жаза білсең нұр үстіне нұр емес пе, сен жазудан жалықпасаң мен айтудан жалықпаймын, осыған келістік пе?
Жауап: – Шартыңызды қабыл аламын.
– Онда анағы үнтаспаңды қосып жаза бер.
– Бұрынғы кездегі сияқты қазір де, ашыққан адамның айналасына қорқыныш пен үрей туғызатындар табылады. Ара – тұра естиміз, ашығудың ғылымға жат екенін дәлелдегендерді. Мен олардан, бұрын ашығып көріп пе едіңдер деп сұрасам, жауаптары: «Ешқашанда!». Осы надандар күшті сақтау үшін жеу керек деген аңызды ұстанады, әйтпесе қайтсең де ауырасың. Ақиқатқа қалай жанаспайды! Ашығу кезінде болатын кейбір мазасыздықтың себебі – біз әдеттің құлымыз. Егер бастапқы 3 күнге шыдасаң, кейіннен қанағатқа бөленесің. Ашқарақтығың жоғалады, тамақ туралы ойламайсың, мол мөлшерде қуат құйылады. Әрине, сіз улы заттармен толып тұрсаңыз, ашығу осыларды ағзадан шығара бастағанда, кейбір жайсыздықтар болуы мүмкін. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды, мазасыздануға себеп жоқ. Бұл ашығудың сізге жұмыс істеп жатқанын білдіреді. Ашығу, ағзаңызды жиналған улы қалдықтардан тазалап жатқанын сіз білесіз. Кейбір ыңғайсыз жайттарды сезгенде өзіңізге айтуыңыз керек: «Бұл уақытша. Барлық ескі улар ағзамнан шыққан кезде жоғалады». Есесіне, аздаған жайсыздықтың орнына, қандай ғажайыппен марапатталасыз! Барлық сезім мүшелеріңіз жетіліп, жанарыңыз жалт – жұлт ететін болады! Ашығудан кейін, сіз тамақты басқаша қабылдайсыз, жеміс – жидектер керемет дәмді болады, себебі дәм сезіуіңіз жаңаланады. Сіздің тәніңіз шаршауды білмейді, ұйқыңыз бала күніңіздегідей болады. Осы артықшылықтарды тек ашыққан адам ғана нақтылы бағалай алады, себебі өзіне де осы қасиеттер дариды.
Әрбір адам барлық күш қуатын ағзаны қиюы қашқан тесік қасықтай етіп жамап – жасқауға бағыттамай, ағза бұзылған жағдайда, мүмкіндігінше сирек ұшырайтындай, түзетуге мүмкіндігінше сирек мұқтаж болатындай етіп, тұрмысты дұрыс бағыттауға тиіс. Д.И.Писарев
Сіздің денеңіз бүкіл ғарыштағы ең жетілген құрал. Егер оны жақсы отын, таза ауамен қамтамасыз етіп, дене, күн шуағымен шынықтырып, ашығу арқылы ішкі тазалығын сақтап отырсаңыз, осы құрал өзінің қызметін мінсіз атқаратын болады.
Сұрақ: – Сау дене дегенімізді қалай түсінуге болады?
Жауап: – Сау дене – ең жетілген химиялық фабрика. Біз оны сапалы шикізатпен қамтамасыз ете отырып, тамаша дене жасауына көмек беріп, көптеген бактериялар мен вирустарға және қоршаған ортаның келеңсіздіктеріне қарсы төтеп беретін қабілетін арттырамыз. Адам ағзасы – барлық машиналардың ішіндегі ең жетілгені. Қалыпты жағдай тудырсаңыз, тамаша жұмыс істейтін өзінің жөндейтін шеберханасы бар. Ағза үнемі сізге жұмыс жасайды. Оның клеткалары секунд сайын жойылып, қайта пайда болып отырады. Биологиялық жас шектеуі жоқ, адам қартаятындай биологиялық себеп те жоқ. Адам ағзасына мәңгілік өмір сүру тұқымы салынған. Адам өлмейді, ол табиғатқа қарама қайшы әдеттерімен өзін өзі біртіндеп өлтіреді. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, біздің ағзамыздағы әр клетка 11 айда жаңаланып тұрады екен. Сонда біз неліктен қартаямыз? Адам қайтсе қартаяды, тозады, саудырап барып өледі десе сенбеңіз. Егер адам табиғи өмір сүрсе, дұрыс тамақтанса, онда уақыт соған жұмыс жасайды, керісінше емес.
Көп жасау – деннің саулығы, бақытты болу – адамның өз қолындағы ісі А.М.Кирхенштейн
Сұрақ: – Адам не себепті қартаяды?
Жауап: – Адамдар минералдар мен витаминдердің жетіспеуінен қартаяды. Зерттеулер көрсеткендей, мыңдаған адамдар артық жеген тамақтарының құрбаны болады. Ағзада миллиондаған қызыл қан түйіршіктері үзбей жойылып және пайда болып жатады, кейбіреулері секунд сайын. Бірақта олар белгілі заттар болмаса қайта қалпына келе алмайды. Осы керекті заттар толыққанды табиғи тамақтардан алынады. Бүгін кім болсаң, ертең де солсың, келесі аптада да, келесі айда да, 10 жыл өткеннен соң да, тек не жеуіңе байланысты. Сіз – бұл жеген тамағыңыздың жиынтығысыз. Өзіңізді қалай сезінесіз, қалай көрінесіз, өз жасыңызды қалай сезінесіз, бәрі ішкен тамағыңызға байланысты. Басыңыздағы шашыңыз, көзіңіз, тісіңіз, сүйегіңіз, қаныңыз бен тәніңіз, ағзаңыздағы әр бөлік тамақтан құралады. Тіпті бет әлпетіңізге дейін немен тамақтанатыныңызға байланысты, себебі дені сау адам – бақытты адам.
Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, ағза мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға симайды. Н.Г.Чернышевский
Біз жиі айтамыз: «Қандай әдемісің!» – деп, біз оның бет әлпетін ғана айтпаймыз, сондай – ақ оның денсаулығының жалпы жақсы екенін білдіреміз.
Сұрақ: – Адам қаңқасы қалай өседі, немен қоректенеді?
Жауап: – Барлық мүшелердің негізі қаңқадан бастайық. Біздің сүйектер минералдарды ең көп қолданады – кальций мен фосфорды. Қаңқа құралып болса, сүйектерге қорек керек жоқ деп пайымдайды, бұл дұрыс емес. Зерттеулерге изотопты қолданғаннан кейін, әбден өсіп жетілген сүйектің өзі тұрақты түрде минералдармен қоректенетінін биохимиктер анықтады. Бұл дегеніміз, сүйектер тіршілік етіп қоректенеді, қанша мөлшерде емес, қалай тамақтанғанында. Сүйектер тірі сүйек клеткаларынан тұрады, олар да басқа клеткалар сияқты минералдармен қоса басқа қоректік заттарды қажетсінеді. Сүйек сынғанда, осы қажеттілік арта түседі. Егер сүйек өсуі мен өмір сүруін тоқтатса, сынған сүйек өмір бақи бітпеуші еді. Осы кезде клеткалар тек минералдарға емес, өзін өзі сақтау үшін қалыпты тамаққа да зәру болады. Сүйек еттеріне де әртүрлі тағам қажет. Сүйектердің бітісіуіне осының маңызы зор. Тамақтану клетканы қалпына келтіруде маңызды жұмыс атқарады немесе дұрыс тамақтың алатын орны ерекше. Оташы дәрігер, сынған сүйектің қайта қалпына келуі үшін, тамақ басты орында екенін біледі.
Сұрақ: – Адамның шашы жидіп түсіп, терісіне неге қотыр қаптап кетеді?
Жауап: – Терінің, шаштың клеткалары тағамның үзбей келуін тілейді. Теріңіздің үнемі түлейтінін, шашыңыздың күні түні жылдап өсе беретінін есіңізге алсаңыз, осы тіпті түсінікті бола бастайды.
Үйлерінде мал немесе ит пен мысық ұстайтындар біледі, хайуандардың терісі олардың айнасы екенін. Егер терісі мен жүні жақсы қорек алса, онда ағзаның басқа да клеткаларының жағдайы жақсы болғаны. Әр түрлі тағамдардың тері мен жүнге де тигізетін әсері әртүрлі болатыны лабораториялық тәжрибелерден белгілі. Тамақтану жөніндегі мамандар, адамның қандай тамақпен қоректенетінін терісіне қарап ажырата алады. Әр түрлі витаминдердің жетіспеуін, адамның терісінің аурушаңдығы көрсетеді, терінің түрі өзгеріп кетеді.
Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл – қуатына сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш – қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай – ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал. Ибн – Сина
Сұрақ: – Асқазан мен ішек қалай жұмыс жасайды?
Жауап: – Асқазан мен ішектің жиырылу жұмысын атқаратын ішек жолдары, тәуелсіз теп тегіс жылтыр бұлшық еттерден тұрады. Ол толқынның қозғалысы секілді қозғалып, қортылған ас қойыртпағы мен қалдықтарын тоқ ішекке алып келіп, шығарып тастайды. Осы теп тегіс бұлшық еттердің клеткалары жұмысын жақсы істеу үшін, өте жақсы тамақ керек. Ішектің жұмысын жақсарту үшін, қоздырғыштар мен іш өткізетін дәрілер жиі қолданылады. Осы «жеделдеткіштер» бұлшық еттің клеткаларын зорлайды, ал осы клеткаларға бар болғаны табиғи өмірмен ұштасқан жақсы тамақ қана керек.
Сұрақ: – Қан тамырларына қақ тұрып қалуын қалай түсіндіресіз?
Жауап: – Қанды ағзаның түпкір түпкіріне апаратын қан тамырлары мен тамыршықтары да тәуелсіз жұмыс істейді. Олардың жасаушаларына да қалыпты жұмыс жасау үшін жақсы тамақ қажет. Қан тамырларының қабырғаларына қақ тұрып қалуына байланысты, дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, жұмыс ырғағы бұзылады.
Мөлшерден тыс тоқтық та, аштық та және басқа да ауытқушылықтың бәрі – бәрі де денсаулыққа қолайсыз. Гиппократ
Сұрақ: – Жүректің жұмыс істеуін қалай түсіндіресіз?
Жауап: – Қан айналымының орталығы жүрек – өте жұмыскер, оның тамақтануының маңызы аса зор. Жүрек қанды бүкіл денеге айдайды, ол өте алапат бұлшық ет, осыны жұмыс істету үшін зор мөлшерде қуат керек. Сондықтан да жүректің бұлшық ет клеткаларына да аса сапалы мәзір қажет. Егер жүректі қоректендіретін тамырлардың қабырғаларына қақ тұрып қалса, онда жүректің бұлшық ет клеткалары ашыға бастайды. Егер оттегінің жетіспеуі минуттың бір сәтіне ғана созылса, адам жүрегі қысылып өліп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қанның мөлшері жеткілікті болуы мүмкін, бірақта ол жүректің бұлшық етінің клеткалары арқылы өтпегендіктен оларға қорек жеткізе алмайды, жүрек клеткалары өле бастайды, нәтижесінде бүкіл ағза өледі.
Сұрақ: – Өздеріне ерекше тамақ қажет ететін мүшелер не? Және неге зәру?
Жауап: – Өздеріне ерекше тамақ қажет ететін, арнайы мүшелер бар. Бұлар гормондар – ішкі бездің өнімдері, қалқаншақ бездің гормоны, адреналин, жыныс бездерінің гормоны, инсулин, т.б. Олар да клеткалардан тұрады, осылар да басқа клеткалар сияқты үзбей дұрыс тамақтануды тілейді. Толыққанды гормонды құру үшін, әсіресе осы клеткаларға сапалы табиғи тамақ өте қажет. Тироксиналдық гормон шығаратын клеткалар йодқа зәру.
2 Сәуір жексенбі, ашығуымның тоғызыншы тәулігі
Ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың үшінші толғауы. Тақырыбы:
Шөп қоректі жануарлар мен жыртқыш хайуандардың ішектерінің ұзындықтары неге бірдей емес? Ашығу ілімін ғылыми түрде дәлелдеген Поль Брэгг және басқа да ұлы адамдардың көпшілігі неліктен ет жемеген?
Қытай қазақтары мен өзіміздің Республикаға белгілі пиарист жазушы, этнограф, сыншы, әрі ақын Аманжан Жақыпов ағамыз жетпістен асқанда қандай ерлік жасады? Осының себебі неде?
Сендердің жақсылықтарың – ұзақ өмір сүрумен бірге, кейінгіге игілікті іс қалдырғандарың. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.)
Таңертең ерте тұрдым, көңіл күйім тамаша. Күннен күнге жұмысқа деген қабілетім, құлшынысым артып келе жатыр. Өзімді керемет жеңіл, сергек сезінемін. Теледидарға қарауды мүлдем қойдым десе де болады. Салмағымда көп өзгеріс жоқ, бірқалыпты ұстап тұр. Қазіргі менің жұмыс кестем: таңғы сағат 7 – ден кешкі 10 – ға дейін компьютердің алдында осы кітапты жазу үстіндемін. Әр бір сағат сайын 5 – 10 минуттық үзіліс қана жасаймын. Жазған сайын шабыттанып, бір ойдан соң келесі ой туындап, қиялым шарықтап, толассыз құйылған сөйлемдер: «мені ұмытпа, мені жаз!», – деп таласуда. Бал қосып қайнаған ыстық суды үзбей ішудемін, сондықтан жиі – жиі кіші дәретке барудамын. Қарын ашу сезімін мүлдем ұмытқалы бір апта болды.
Бас аман болса, бөрік табылады. Қорқыт Ата.
Екі себептен дұрыс тамақтану қажет. Біріншіден тәніміздің сау саламат болуы үшін. Артық жеген ас, лас тамақ, ашу үстінде татқан дәм асқазанның қортпауына әкеп соғады. Ал асқазанның қортпауы – «бүкіл дерттің анасы». Екіншіден, дұрыс тамақтану рухани жағыңды дамытып, нәпсіңді тежеп ұстауға жәрдемдеседі.
Етпен қоректенетін жыртқыш және үй хайуандарының ішектері салыстырмалы түрде қысқа болады (өз денесінен үш есе ұзын), ал шөппен қоректенетін жануарлардікі алты есе ұзын болады. Ішектерінің қысқа болу себепті жыртқыштар өздеріндегі шііріп, бұзылған тамақ қалдықтарын уға айландырмай уақтылы шығарып тастайды. Адам, шөппен қоректенетін жануарлардікі сияқты ішектері ұзын болғандықтан, ол ауыр тамақ жегенде ағзасында улы заттар пайда болып, бүйректің жұмысына күш түсіп, әртүрлі сырқаттардың дамуына жол ашылады.
Жігіттің дені сау болса – сол дәулет. Құтып
Көптеген зерттеуле дәлелдегендей арақ ішу, темекі шегу, артық майлы ет жеу қан тамырларының қатуы мен жүрек, қан қысымы ауруларының негізгі себептері.
Поль Брэгг жазады: »Менің тамақтану жөнінде маман болғаныма 50 жылдан астам уақыт болды. Осы уақытта ет жемейтіндер мен ет жейтіндер арасында толассыз айтыс жүріп жатыр. Екі жақта өздерінің көзқарастарын ғылыми түрде негіздеп дәлелдеуде. Мен сізді ана жақты, мына жақты қолда деп үгіттемеймін. Осы тақырыпта жүздеген кітаптар жазылған. Маған келсек, тамақ туралы әңгіме болғанда «ешқашанда» деген сөзді өмірімде қолданбаймын.
Ұзақ жылдар бойы ашығу бағдарламасымен шұғылданғандықтан және тамағымның басым бөлігі жаңа жұлынған көкөніс пен жемістер болғандықтан, менің ағзамның сезімталдығы сонша жетілген, не жеу керектігін , маған мүлт жібермей хабарлап отырады. Осы жылдарда мен ет, балық жеуді мүлдем ұмытқанмын, менің тамағым шикі және пісірілген көкөністер мен жеміс жидектер, жаңғақтар, дәндер, ашытқы мен бөрттірілген бидай тұқымы. Бірақта кей кездерде менің ағзам ет, балық, табиғи ірімшік, жұмыртқа же деп айтады. Басқаша айтқанда, менің ағзамда тамақ таңдау болмысы дамыған. Кей уақытта 4 – 5 жыл бойы ет, балықты аузыма да алмаймын, бірақ сонан кейін аздап ет пен балық же деп ағзам хабарлайды. Осы ішкі даусым маған керемет көмектеседі.
Өмір сүру салтым бойынша мен ет жемейтіндерденмін (вегетерианец). Мен жүздеген бас шошқа, ірі қара өсіретін фермада тәрбиелендім, оларды осы жерде соятын. Өлтіру мен үшін ең жеккөрінішті нәрсе. Мен ешуақытта да, аңшылықпен не балық аулаумен шұғылданып көрген емеспін, себебі кімнің болмасын да ажалына себепкер болғым келмейді. Мен адам аяғы сирек басатын елдерде болған 13 жорыққа қатыстым, сонда ет жемейтін сұлу да, сымбатты түземдіктерді көрдім. Екінші жағынан таңқаларлық денсаулықтары бар етпен ғана тамақтанатын түземдіктерді де көрдім. Енді бірде оңтүстік теңізде саяхаттағанымда, жеміс – жидекпен қоса балық, құс, ет жейтін керемет адам ұрпақтарының да өкілдерін көрдім. Сондықтан да ет жеу, жемеу көзқарасы жөніндегі дауда бейтарап бағытты ұстанамын. Өз ағзамды тазалай және жетілдіре отырып, оның тамақ таңдау қасиетінің дами түсетінін сеземін».