Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кто придетъ сюда съ добрыми дъелами, тому за нихъ добро будетъ; а кто придетъ сюда съ худыми дъелами ... которые дъелели худое, тъмъ воздано будетъ только за то, что сдълали они.



Алматы облысы 90,4

Атырау облысы 183,2

Батыс Қазақстан

Облысы 465,3

Жамбыл облысы 305,1

Қарағанды облысы 565,0

Қостанай облысы 469,9

Қызылорда облысы 933,6

Маңғыстау облысы 327,5

Оңтүстік Қазақстан

Облысы 212,6

Павлодар облысы 542,4

Солтүстік Қазақстан 423,7

Шығыс Қазақстан

Облысы 650,2

Астана қаласы 311,5

Алматы қаласы 664,2

 

Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, профессор З. Мажитованың мәліметі бойынша соңғы кездерде елімізде мүгедек балалар мен тіпті бір емес бірнеше созылмалы ауруы бар сәбилер саны арта түсуде.

Сұрақ:Болашақ сарбаздардың жағдайлары қалай?

Жауап: – Кезекті әскери шақырылу кезіндегі тексеру қортындысы әскери комссариаттағыларды да үрейлендіріп отырғаны жасырын емес. Әскерге шақырылған жастардың 65 – 70 пайызы әскерге жарамайды! Ұл балалардың денсаулықтары нашарлап барады, ал болашақ ана – қыз балалардікі одан да қауіпті.

Сұрақ: – Бұлай болуына кім кіналы?

Жауап: – Көптеген тамақтану мамандары, дәрігерлер, ұстаздар мынандай қортындыға келді, негізінен екі мәселе кінәлы – тамақ туралы надандық және ата ананың қамқорлығының жетіспеуі. Осының бір салдары – жұқпалы аурулаға жөнді қарсы тұра алмауы. Босанғаннан кейінгі келеңсіздік – дұрыс тамақтанбаудың тағы бір көрнісі. Өз ағзасының дұрыс дамуына мүмкіншілік бермеген әйелдің дені сау бала табуы неғайбыл.

Сұрақ: – Жастардың жағдайы әлгіндей болды, ал үлкен адамдардікі ше?

Жауап: – Енді үлкен адамдардың жағдайларын байқайық. Егер жастарымыздың жартысы әлсіз, ауру екеніне көзіңіз жетсе, үлкен адамдардың жағдайлары бұдан да сорақы. Мен айтып кеттім, біздің 18 бен 20 жас аралығындағы жастарымыздың 65 – 70 пайызы әскерде қызмет етуге жарамайды деп. Егер біз 25 пен 75 жас аралығындағы адамдарымызға қарасақ, жағдайлары тіптен мүшкіл.

Егер 15 адамнан топ жиып, оларды тексерсек не денсаулығы ауруы жайы сөйлессек, онда олардың 99 пайызының бір немесе бірнеше өмірлік маңызы бар мүшесінің созылмалы аурумен ауратынына сенімді бола беріңіз. Қайтсе де, әрбір адамның бір жері аурады. Олар сізге өзіне жасаған операцияларын, ішкен дәрілерін, шеккен зардаптарын айтады.

Сұрақ: – Адамдар қазіргі заманда қандай бағдарлама ұстанады?

Жауап: – Адамдардың көпшілігі, өздерін рухани және тәндік дамытпайтын, өмір сүру бағдарламасын ұстанады. Осының дәлелі, көбейіп келе жатқан қарттар үйлері және мүгедек балаларға арналған мектеп интернаттар, тастанды балаларға арналған жетімдер үйі, қала қалаларда өріп жүрген қаңғыбас бомждар. Осы үйлер қарттарға, ауруларға, қаңғыбастарға және мүгедек пен тастанды балаларға лықа толы.

Менің сізден сұрайын дегенім, табиғат шынында да біздің өміріміздің соңын осылай қайғылы қылып қойды ма?

Сұрақ: – Адамның миы қалай тамақтанады?

Жауап: – Ми тәндік ағым арқылы қоректенетіндіктен, тамақтану мен ойланудың байланысын байқау қиын емес. Тәндік ағымдар ішкен тамақ түріне тікелей байланысты болғандықтан, тамақтану мен ойланудың байланысын жоққа шығару ақылға қонбас еді.

Сұрақ: – Адам ораза ұстап ашыққанда не болады?

Жауап: – Ашығу барысында дене тазаланғандықтан, адамның іс қимылы өте ширай түседі. Адамзаттың кейбір ұлы ұстаздарына ашыққан уақытта нұр жауып, әлемнің тылсым жұмбақтары ашылған. Адамның ақыл – ой қабілетінің еселеп арта беруі, ашықаннан кейін де ұзақ мерзімге созыла береді. Ашығу мен дұрыс тамақтану ағзаны улардан тазартқандықтан, ми да таза қанмен қоректенеді және ойлау қабілеті де жоғары деңгейге көтеріле береді.

Біз ғылым мен техника саласында ғажайыптарға қол жеткіздік, егер де қарапайым табиғи тамақтану әдісін үйренсек, бұдан да жоғары нәтижелерге жеткен болар едік.

Сұрақ: – Ертедегі адамзат даналардың (филосософтар) тамақ мәзірі қалай болған?

Жауап: – Ертедегі грек философтары өздерінің шәкірттеріне тамақты тарта ішетін мәзірді бірінші орынға қоюды үйретті. Эпикур, Сократ, Платон т.б. философтар өздерінің шәкірттерінің тамақ мәзірін бірінші орынға қойды, осы тамаққа деген қатаң талап, бұлардың тағам құрамына қандай маңыз бөлгенін көрсетеді. Осы алыптардың даналық сүю ілімі (философиясы), нешеме ғасырлар өтсе де, әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Лас денеден – лас ойлар және керісінше таза, аурусыз денеден мөлдір ойлар туындайды. Дене қалай улардан тазаланады, адамға ләззат әкелетін ой өрістің деңгейі де жоғарлай береді.

Сұрақ: – Адамзат ұстаздары, ертедегі пайғамбарлар оразаны қалай ұстаған?

Жауап: – Өмірдің ұлы шындығын уағыздау алдында Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед пайғамбарлар, сондай – ақ Будда мен Гандилер де 40 тәуліктен ашыққан. Мысырда ұлы Александрияда, әлемнің мәдениет орталығы болған кезде, шәкірттер шеберлікке үйрену үшін 40 тәулік ашығуға тиіс болған. Ұлы Пифагор өзінің даналық (философиялық) ілімін үйренетін шәкіртттерінен 40 күндік аштық ұстануын талап еткен. Оның пайымдауынша 40 күн аштықтан кейін ғана адамның ой өрісі мөлдірленіп, санасы нұрланып, өмірдің терең құпиялы ілімін меңгеруге қабілеттері сонда ғана жетеді деп есептеген

Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та қарамайсың.

Ибн Сина

Сұрақ: – Ауру мен ерте қартаюдың себебі не?

Жауап: – Ауру мен мезгілсіз қартаюда ешқандай құпия жоқ. Сізді жаман әдеттеріңіз үшін жазалайды, анығырық айтсақ осылардың көмегімен. Егер сіз толып тұрған ас қорту жолына тамақ шоғырландыруға әдеттенсеңіз, ол қортып үлгермейді, тек қана миллиардтаған жасаушаларыңызды улайды.

Ағзаңызды тазалықта ұстауға үйренбегендіктен, сіз аурусыз және мезгілсіз қартайып шөгіп кеткен әлсізсіз. Денсаулық пен ұзақ өір сүрудің құпиясын мына үш сөзбен айтуға болады. «Өз ағзаңызды тазалаңыз!». Осы даналық сөздерді ми қыртысына қашап жазып алыңыз. Тағы, тағы қайталаңыз. Біржола есте қалдыру үшін: «Өз ағзаңызды тазалаңыз!». Ашығу ағзаны тазалаудың, жасартудың табиғат тағайындаған бірден бір жолы. Сіз үшін мұны ешкім де істемейді. Бұл сіздің, тек қана ерік жігеріңізді талап ететін жеке ісіңіз. Есіңізде болсын, өмір дегеніміз бейімделгендердің аман қалуы, ал ашығу мен дұрыс тамақтану – аман қалудың, өзіңді өзің сақтаудың құралы.

Сұрақ: – Раха, өткен жылы Желтоқсан айында болған 70 жылдық тойыңызға орай әріптесіңіз биология ғылымдарының докторы Ә. Ысқақов «Жас қазақ « газетінің 2005 жылғы № 47 санында былай деп жазыпты, осы үлкен мақаладан өзіңізге шағынды үзінді оқи кетсем қалай қарайсыз? Осы сіз туралы жазған мақаладан мына бір үзіндіні жазып жатқан кітабымызға кіргізссек және оқырмандар сіз туралы үстіртін болса да ақпарат алса қарсы болмайсыз ба?

Жауап: – Мейлің, оқимын десең оқи ғой, менің атақ даңқым, шығарған сорттарым арқылы алыс шет елдер мен жақын шетелдергі ғалымдар мен зиялы қауымға онсыз да мәлім ғой, Әсет бауырым, өзің біл, қарсы емеспін. Тек жаңағы айтқандарымды оқырмандарымызға дұрыс тілмен жеткізсең болды, халқым салауатты өмірдің не екенін түсініп, осы бағытқа бет бұрса, маған осыдан артық қандай атақ, қандай құрмет керек.

«Рахым Алмабекұлының еңбекке деген ерен құштарлығы және селекционер – генетик ғалым есебіндегі дарыны оған 40 жылдың ішінде (1966 – 2005ж.ж.) өзінің шәкірттері және әріптестерімен бірлесіп ауыл шаруашылық дақылдарының, бидайдың 120 астам сорттарын шығарды, оның 45 – і аудандастырылған, Мемлекеттік селекциялық жетістіктер ретінде енгізілді. Бұл сорттар 4,9 млн, га егілуде. Қазақстанда 3 млн. Га алқапта себілуде. Оның сорттары Украинада, Ресейде және Орта Азияның бүкіл елдері мен Ауғанстан, Монғолияда да егіле бастады.

Селекция жолында 40 жыл еңбек етті деп айтуға ғана оңай. Ғылымның ең қиын саласы саналатын селекциямен айналысу кез келгеннің қолынан келе бермейтін ерлік. Бидайдың бір сортын шығару үшін селекционер ғалымның тынымсыз 10 – 15 жыл бойы еңбек ететінін ескерсек, бұл жұмысқа тек төзімді, ғылымға шынайы берілген адамдар ғана келетінін түсінесіз. Селекционер болу дегеніміз табиғатта миллиондаған жылдарға созылып жататын эволюциялық процессті 10 жыл шеңберіне сиғыза білу деген сөз. Селекционердің жасы табиғи жасымен ғана өлшенбейді, сонымен қатар шығарған сорттарының да санымен өлшенеді. Олай болса бидай мен басқа ауыл шаруашылық дақылдарының 40 – тан аса сорттарын шығарған Рақым Алмабекұлының жасы 400 жылға барып жығылады».

Ә. Ысқақов, биология ғылымдарының докторы.

« Жас қазақ газеті» № 47, 25.11 – 01. 12..2005 ж.

26 Наурыз, жексенбі құрғақ ашығуымның екінші тәулігі

Тақырыбы: ашығу ілімін ұстанатын Мұқашбеков Әсет Ризалұның бірінші толғауы. Оразаның қасиеттері. Қарымта қайтару заңы дегеніміз не? Рух деген не? Адам тәніндегі аурулардан қалай арылады? Нәзік денелер қалай тамақтанады? Ана баласын қалай жадылап (гипноз) тастайды? Тән неге ақымақ? Шыбын жан, ғаиз жанды қалай түсінесің? Екеуінің басты айрмашылықтары неде? Мұсылман дінінің шарты бойынша өзін өзі өлімге қиған адамға неге жаназа шығарылмайды? Неліктен барлық әлем халықтары діни сеніміне байланыссыз қайтыс болған адамнның 3, 7 не 9, 40 – ын, жылын береді? Неліктен Пайғамбарлар далаға кетіп қалып 40 күн аштық ұстаған? Марқұм Бекенов Рақманқұл ақсақалдың 1932 – 33 жылдардағы аштық туралы естелігі.

Бір – ақ түрлі ниет жоқ, қалай болуы Алланың қолында, қаласа ниетін туралап қояды, қаламаса адастырады. Дәрежелер таразысы да Оның қолында. Қияметке дейін біреулердің дәрежесін өсіріп, екінші біреулурдің дәрежесін төмендетіп тұрады. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с..)

 

Таңғы сағат 7-де тұрып салмағымды өлшедім. Құйт сеніңіз, құйт сенбеңіз осы 40 сағаттық ашығу кезеңімде салмағым 103 кг-нан 96 кг төмендеді, яғни осы 40 сағаттың аралығында 7 кг салмақ жоғалттым!

Екінші тәулік болды әлі су да ішкен жоқпын, себебі мен өзімнің 7 жылдық тәжірибем бойынша «құрғақ ашығудан» бастасам ашығуға жеңіл кіремін. Шөлдей бастағанда тәнің тамақты онша тілемейді, екінші тәулікте ернім кеберси бастайды. Мен бұрнағы жылдары қыс айларында сусыз 7 тәулікке шыдағанмын, бірақ өте ауыр болды, қәзір 3 тәулікке қиналмай шыдап, 4-ші тәулікте ғана су іше бастаймын.

Таңертең тұрғанда екі бүйрегім сыздап, белім аздап ауыра бастады бірақ жақсы ұйықтадым. Ашығу кезінде өзімді жайсыз сезінудемін, себебі улар әлі шыққан жоқ. Біздің екі бүйрегімізде қалыпты жұмыс істейтін миллиондаған сүзгілер бар, ағза ашыққан кезде, қос бүйрек улы заттарды қарқынмен шығара бастайды. Өмір күші осы уларды бүйректерім арқылы біртіндеп шығара бастағанын және өзімді сағат сайын жақсы сезіне бастағанымды байқаудамын.

Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, кешегі әңгімемізді ары өрбітсек қалай қарайсыз?

Жауап: – Жәрәйді, мен кешегі екеуміздің әңгімімізді жазып әкелген қағаздарыңды мұқият оқыдым. Жаман емес. Менің ойларымды қарапайым тілмен жеткізе біліпсің.

Сұрақ: – Әсет, сен өзіңді ұзақ ашығуға шыдауға өзіңді қалай иландырасың?

Жауап: – Мен ашыққан әр күнімде мына қағидаларды қайта-қайта қайталап отырамын:

1. Бұл күні мен өзімді, тәнімді табиғат қолына тапсырдым. Мен Жаратушыдан ішкі тазалығымды тазалауын және жаңартуын сұраймын.

2. Ашыққан кездегі әр минутымда, өз ағзамнан қауіпті уларды қуамын. Әрбір ашыққан сағатымда бақытқа кенеле беремін.

3. Сағаттан сағат өткен сайын, менің ағзам өзін өзі тазалайды.

4. Мен ашыққан уақытымда, ғасырлар бойы адамзат ұстаздары қолданған тәнді, рухты, сананы тазалау әдісін қолданамын.

5. Ашығу барысында өз жағдайымды толықтай бақылай аламын. Ешқандай да өтірік қарын ашу сезімі менің ашығуымды тоқтата алмайды. Мен өз ашығуымды сәтті аяқтаймын, себебі табиғат күшіне сенемін.

Осы сөздерді қайталай отырып, мен өз ағзамның әрбір жасаушасын (клеткасын) басқарамын. Басқару сана арқылы жүреді. Ашығу әркімнің жеке ісі. Алған бетімнен қайтпаймын, тазаланып болғаннан кейін болатын ғажап өзгерістер жайлы ғана ойлаймын, осыған қуанамын. Себебі, осы ашығу әдісімен шұғылданып жүргеніме жеті жыл болды, қадір қасиетін толық түсініп алдым деп нық сеніммен айта аламын. Өзіме де басқа адамдарға да пайдасының орасан зор екеніне күмәнім жоқ.

Сұрақ: – Келісіміміз бойынша бір күн біреуміз тыңдаушы болайық, екіншіміз айтушы болайық деп келіскеніміз есіңде шығар?

Жауап: – Оны қалай есімнен шығаруға тиіспін.

Сұрақ: – Әсет, ендеше бүгін сенің кезегің. Ана жолы бір сөйлескенімізде ашығу философиясын жақсы айтып едің. Ғылымның шарты бойынша қандай болмасын тәжірибе, теориямен бекітіліп, дәлелденіп отыруға тиіс. Осыны мойындайсың ба?

Жауап: – Мойындамасқа лаж жоқ, айтайын.

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Біреуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әр істі сол тексермек. Шәкәрім

 

– ТӘН АҚЫМАҚ. Осыны еш уақытта есіңізден шығарушы болмаңыз. Бізді нақ басқаратын санамыз. Міне сондықтан да ылғи жақса ойларды ғана ойлауымыз керек. Тәнді әрқашанда жан билеуі керек. Есіңізде болсын, кім де кім болмайық, жаман әдеттеріміз үшін жазаланамыз. Бұл заңдылық. Ауру, азап, тәніңнің зардап шегуі өзіңнің қандай адам екеніңді көрсететін көрсеткіш. Сіз өз денеңізге қарсы қылмыс жасадыңыз, себебі санаңыздың және табиғаттың заңдары басқару мүмкіндігін пайдаланбадыңыз!

Сұрақ: – Әсет, сенің ашығып жүргеніңе биылғы 40 күндік ашығуыңды қосқанда 7 жыл болыпты. Ашығу кезінде қандай шарттарды сақтау керек?

Жауап: – Ашығу кезінде мүлдем тамақтың исі болмасын, шамаңыз кесе саяжайға жалғыз кетіңіз, ауылды жерде тұрсаңыз есік алдындағы асханаңызға бөлек шығыңыз, ал тіпті болмағанда жеке терезесі ашылатын, тамақ исі келмейтін бөлмеге шығыңыз. Теледидер, радио т.б. дегендердің көзін құртыңыз. Жататын бөлмеңіз таза, ауа мол болсын. Адамдармен көп араласпауға тырысыңыз, егер шамаңыз келсе күнделікті күйбің тіршілігіңізді жалғастыра беріңіз, шаршасаңыз жатып дем алыңыз. Ұйқыңыз келсе неғұрлым көп ұйықтаңыз.

Сұрақ: – Ашығу барысында қандай кітап оқу керек?

Жауап: – Ашығу барысында осы оқып отырған кітабыңызды ғана қайталап оқи беріңіз, өзіңізге ұнаған жерлерін жаттап та алыңыз. Басқа әңгіме кітап т.б көңіліңді алаңдатпаңыз, себебі сіз табиғаттың операция жасайтын бөлмесінде жатырсыз. Сіздің ашығу барысындағы әр секунд, минут, сағаттарыңызда табиғат сізді емдеп, тазалап жатыр, осыны естен шығармаңыз!

Сұрақ: – Табиғаттың операция бөлмесі дегенді қалай түсіндіресің?

Жауап: – Сіз жалғыз емессіз, жаныңызда сізді емдеп жатқан табиғат дәрігерлері қоршап, сіздің өз тәніңізді емдеуге мүмкіншілік бергеніңізге олар да қуанып, тек қана тәніңізді ғана емес, жаныңыз бен рухыңызды да қоса емдеп жатыр. Себебі сіз осы табиғаттың төл баласысыз, қай ана баласының ауру, жаман болғанын қалайды? Олардың сізден күтетіні, тек қана өзіңіздің емделем, жазылам деген ғана қалауыңыз бен ынтаңыз. Алланың әділдігі де осында, таңдау жолын өзіңіз ғана қалап алатындай етіп өзіңізге ерік берген, осыны терең түсіне білсеңіз, өз тағдырыңызды өзіңіз ғана шешіп, сау саламатты, шексіз бақыт пен қуаныш, байлыққа толы ғұмыр кешесіз, жұмыр басты пендеге осыдан артық не керек?

Сұрақ: – Осыған жан ұяң қалай, қошаған ортаң қалай қарайды?

Жауап: – Сіздің жақсы жолға бет бұрып, өміріңіздің күрт жақсылыққа өзгергенін байқаған жанұяңыз, туған туысыңыз, жора жолдасыңыз, еліңіз де сізге еліктей бастайды. Қай пенденің де болмасын өзіне өзі жамандық тілемейтіні белгілі, бірақта ол сорлылар көзін ашпаған күшік сияқты адасып, түнектен шығарға жол таба алмай адасып жүр ғой. Оларға шамшырақ бола біліңіз, осы кітаптан алған іліміңізбен бөлісіңіз, отырған-тұрған жеріңізде, алысқа бармай-ақ өз басыңыздан өткен жақсы бетбұрыстарды айтып насихаттап жүріңіз, көпшілікке шапағатыңызды тигізіңіз.

Мынадай үш нәрсеге қасам ішпе:

Садақа бергеннен пенденің малы кемімейді;

Кейбіреулердің малына жасалса да сабыр сақтаса, Алла оны құр қалдырмайды.

Кейбір пенде тіленшілік есігін ашып қойса, Алла оған кедейліктің есігін ашып қояды. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с..)

 

Сұрақ: – Жалпы осы кезде өзіңді қалай ұстауың керек?

Жауап: – Өз келеңсіздіктеріңізді біреуден көрмеңіз, біреуге жала жаппаңыз, біреу үшін біреу өмір сүрмейді, біреу үшін біреу тамақ ішпейді. Өзіңіздің бақытты, немесе сорлы болуыңыз тікелей өз қолыңызда, анығырақ айтсақ пайымдау мен санаңызда. Не ойласаң сол болады. Үнемі жақсылық ойласаң жақсылық, үнемі жаманшылық ойласаң жаманшылық болады. Біздің қазекеңде мынадай жаман әдет бар. Үнемі жоқтан басқа айтпайды, аузын қу шөппен сүртіп отырады. Есіңізде болсын! Жоқ деп ойлаған ниетіңе байланысты Жаратушы жоқшылықтың есігін ашып қояды, себебі сіздің қалауыңыз бен ниетіңіз осы, Алладан тек осыны ғана тілеп отырсыз, Алла сіздің тілегіңізді қабыл етуде. Аузыңыздағы сөзге абай болып сөйлеңіз, айтқан сөзіңіз де қабылданатынын ұмытпаңыз. Баяғыда біреу ақтышқақ, тышқақ келгір деп екі сөзінің бірінде өзінен өзі қарғанып сілене береді екен. Ақыр аяғында өзі созылмалы, жазылмайтын ақтышқақ ауруына шалдығыпты. Сөздің құдіреті дегеніміз осы, қарғанып сіленбеңіз, біреуді сыртынан да қарғамаңыз, өзіңізге кеп тиіуі мүмкін.

Сұрақ: – Егер қарғаса не болады?

Жауап: – Мен бала күнімде өзім көрген бір оқиғаны мысалға келтіре кетейін. Ауылда тұрғанда біздің көршіміз болды, 6 бала, 4 ұл. 2 қыз. Балаларының үлкені бізбен тетелес. Үлкеніміз бар кішіміз бар, бәріміз бірге ойнаймыз. Сол кезде ол балалардың марқұм аналары: «Ой, ойындарың осылсын, жетпей желкелерің қиылсын!» т.б. сөздерді айтып, ұлдарының атын жеке – жеке айтып қарғайтын. Осы аналарының қарғысы ма білмеймін дөп келіп, осы екі ұл да әскерлерін бітіріп, біреуі Семейде, екіншісі Алматыда өзбастарына отау тігіп, бала сүйіп енді ғана жетіліп келе жатқандарында біреуін машина қағып, екіншісі аяқ астынан ауырып о дүниелік боп кетті.

Пенде өз істеген күнәсына өкініп, қынжылған сәтте, ол ғапу етіп өтінбесе де Алла оның күнәсын кешіріп жібереді. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с..)

 

Сұрақ: – Әсет бауырым, сен бүкіл саналы өміріңді қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында өткіздің, кейбір қазақ әйелдеріне ғана тән қандай кемшіліктерді байқадың?

Жауап: – Біздің, әсіресе ауылды жерлерде тұратын кейбір қазақ әйелдерінде мынадай жаман әдет бар. Өзінің туған баласын қарғайды. Мүмкін үйреніп кеткен ауыз шығар. Сүмелек, суми, есалаң, албасты, жарым ес, албасты басқыр, көкми, жексұрын, қайыршы, жетпегір, қояншық т. б. Осылардың ішінде ең мәдениетті айтылғаны: «адам болмайсың!», бала күнімде мен ойлайтынмын: «осы қарғыс айтудан әлемдік деңгейдегі дода болса, тап осы біздің қазақтың әйелдері алдына жан салмас еді-ау! Олимпиада да ала алмай жүрген, алтын, күміс, қоланың бәрі бізде болып, қанжығамыз үнемі қанданып жүрер еді. Бізді әлем танып, қолдарымен шұқып: »әне, қарғыс айтудан алдына жан салмайтын жеңімпаз әйелдердің ұрпақтары келе жатыр! Жол беріңдер! Төрді босатыңдар!». Осындай қарғыс сөздерді бөтен біреуден емес, өз туған анасының аузынан естіген бала оңа ма? Осы сөздердің бәрі барып оның төменгі есіне (подсознательный разум) жазылып қалады, адамды басқаратын сана болғандықтан, баланың туған анасы өзінің баласына сәби күнінде ақ өмірлік бағдарлама жазып бергенін білмейді де, сезбейді.

Зерденің жұмысын жақсартуға аса маңызды жағдай жүйкелердің саулығы болып сналады, бұған тек дене жаттығулары керек. К.Д. Ушинский

 

Сұрақ: – Жоғарғы еспен төменгі естің айырмашылығы неде?

Жауап: – Саналы ес (сознательный разум) иландыруды нашар қабылдайды. Ол іс әрекеттерді ой елегінен өткізгенге қолайлы. Бірақта төменгі ес құлдық ұрған құл сияқты. Ол ойламайды, ой елегінен өткізбейді, тек айтқан сөзді ғана мүлтіксіз қабылдайды. Гипноздың (жадылаудың) бар күші мен қасиеті осында. Осының көмегімен сіз төменгі естің ауқымын тырп еткізбей иландыра аласыз. Төменгі ес иландыруды қабылдап, осының іс жүзіне асырылуын қамтамсыз етеді. Ол ара – тұра саналы еске жаңа нұсқау келіп түскені туралы ақпарат беріп тұрады. Саналы ес бар нәрсені жақсы көретіндіктен, келіп түскен ақпаратқа жармасып, бас салады. Қанша дегенмен де, гипноз барысының іс әрекетін ешкім түсінбесе де төменгі ес пен қалыпты ес өзара ақпарат алмасып жатады, біздің білетініміз осы іс жүзіне асып жатыр.... және нәтижелі түрде. Қазақ бұны жадылау (гипноз) дейді. Міне осы надандықтың және білмегендіктің салдарынан анасы өзінің туған баласын жас күнінде жадылап (гипноздап) тастайды, қай балаға болмасын да, әсіресе сәби кезінде анасының әрбір айтылған сөзі заң, осы сөздерді баланың төменгі есі мүлтіксіз қабылдап, есейген кезде оның саналы есі иландыруды нашар қабылдайдықтан, төменгі есінде бала күнгі жазылып қалған сөздерден нәр алып, осы бұйрық бағдарлама бойынша өмір сүреді.

Пенде қайыр – садақа беріп, адамгершіліктің есігін ашса, Алла оның мал – мүлкіне береке береді. Егер ол қайырсыздың есігін ашса, Алла оның атағын өшіреді.

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с..)

 

Сұрақ: – Дамыған басқа ұлттардың бала тәрбиелеуде біздің ұлттан қандай ерекшеліктері бар ма? Тәрбиенің түп қазығы, мағынасы неде?

Жауап: – Рахым Алмабекұлы сіз өте мағыналы әрі маңызды сұрақ қойып отырсыз. Мен осыдан 10 шақты жыл колхоз тараған кезде қайта құрылған Науалы ЖШС серіктестігінде бас агроном, ал серіктестік төреғасы өзіңіз жақсы білетін Қайырхан Қойшыбайұлы Төлеубековты ұмыта қойған жоқ шығарсыз?

Жауап: – Қалай ұмытайын, Қайырхан мен жұбайы Райхан да жұптары жарасқан, ғылымға, өнерге де, спортқа да өте құштар жайсаң жанды азаматтар екенін де жақсы білемін. Қайырханның заманы тура өтпелі кезеңге тап болып қалды емес пе, әйтпесе Қайырхан қабілетті басшы болатын, амал не бұған Қайырхан емес заман кіналы, Әсет әңгімеңді ары қарай айта бер.

– Сол жылдары Қайырхан Қойшыбайұлы серіктестікті жаңа заман талабына сай келетін іргелі шаруашылық құру үшін, біздің шарушылықты жан жақты ғылми талдап сараптамадан өткізу үшін Америкадан екі ғалымды шақыртты. Біреуі Канзас штатынан селекционер, тұқымдық бидай өсіретін фермер Дональд Кислинг, екіншісі Нью Мехико штатынан профессор Герман Кислинг деген мал маманы. Осы екі ғалым да жанындағы адамдарымен 10 күндей біздің үйде жатты. Осы екі Американдық ғалымдар да рухани ілімді жете меңгерген, аса парасатты, терең білімді, аса мәдениетті, өте зиялы, бірақ өте қарапайым адамдар екен. Екеуі де жасы келіп қалған адамдар болатын. 10 күн бойы әрбір кеште осы екі ғалыммен сағаттар бойы әңгімелестім, білмегендерімді сұрадым, осы кісілерден талай рухани, Америкадағы бала тәрбиесі т.б. жайлы көтеген мағлұматтарға қанықтым. Осы екі ғалым да негізі еврей ұлтының өкілдері, Америкадағы дәулетті адамдардың қатарына жатады екен. Сол кезде тәп осы сұрақтың жауабын осы селекционер фермер Дональд Кислингтің аузынан естіп едім. Енді сізге айтып берейін: «Еврей ұлты неге өте бай, біреуі төбеге шықса болды, қалған етекте жүргендерін де жинап әкеліп, оларды да төбеге отырғызып қояды. Сондай-ақ бүкіл әлемдегі ақша да, алтын қоры да осы ұлттың қолында. Неге, қандай заңдылық бар?», – деген сұрақ қойдым.

Дональд Кислингтің жауабы: «Себебі, олар балаларының құлағына сәби күнінен – ақ : «сен бақытты, бақуатты, бай боласың!» – деп күндіз түні құя береді және рухани даму үшін музыкалық аспаптардың біреуіне ойнауды зорлап болса да үйретеді. Осыдан ол балалардың санасына бақытты, бай болу мәңгілік сіңіп қалады, осы сөздер өмірлерінің бағдарламасы болып, олардың ниет қалаулары ғұмырларын осыған ғана арнауға мәжбүр етеді, басқа өмірді олар көз алдарына елестете де алмайды».

Осы екі ғалым аталарының әсерінен менің екі қызым өз беттерінше күйсандықта (пианино) ойнауды үйреніп, ағылшынша, немісше, түрікше оқып, қазір 4 – 5 тілдерде таза сөйлеп, сауатты жазып кейбір шетел тілдері институтын мамандардан артық білмесе кем білмейді. Америкаға кетерінде менің кіші қызым Айнамкөз бен жұбайым Рахпардың Дональд Кислинг ақсақалға бауыр басып қалғандары соншалық, Американдық ғалымдардың көңілдері босап көздеріне жас алды, сол кезде атасымен қоштасқандай бірлерін бірлерін қимай, Рахпар менің кіші қызымның да көңілдері босап, көздеріне жас алып қимастықпен шығарып салды. Осының әсерінен болар, қазір осы қызым Германияда Франкфурт Майн қаласының қасындағы Кёнгштайн қаласында үйлі баранды болып, бақытты өмір сүріп жатыр. Жақсыдан шарапат деген осы да.

Сұрақ: – Әсет бауырым, мына айтқан әңгімең тәрбиелік өте маңызды да мағанлы екен. Тағы не байқадың?

Жауап: – Рахым аға, тағы бір ерекшеліктері дастархан басына балаларды бірге отырғызады екен. Себебі, бұлай дейді: «Бала біздің ертеңіміз, дастархан басындағы келелі әңгімелерге баланың да араласып отырғаны дұрыс. Ол да өзін тең санап, талай нерселерді көңіліне тоқи отырады, ал дастархан басында бәріне ортақ тәрбиелік мәні бар ғана әңгімелер айтылуы ғана тиіс. Бала жақсыға да жаманға да тез еліктейді. Жақсы адамды көрсе өзінен өзі солай болуға талпынады, алдына өмірлік мақсат қоя алады». Осының салдары болар, қазір Рахпар екеуміз де үйдегі 4 жасар немеремізді осылай тәрбиелеуге тырысып жүрміз.

Ынта – иманнан. Ынтасыздық – екі жүзділіктің салдары.

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с..)

 

Сұрақ: – Өте жақсы екен, ал адамның азып тозуының басты себебі не?

Жауап: – Менің бала күненен бірге тай құлындай бірге өсіп, он жылдықты қатар бір класта бітірген С, А. деген құрдастарым бар. Мектепте оқып жүргенде спортқа бірге дайындалатынбыз. С. керемет талантты спортшы болды, әсіресе доп ойындары футбол, баскетбеол, валейбол. Алғыр, бірбеткей, қайсар әрі жан жақты жігіт болып өсті. Ал А. керемет әнші, спортшы, жетімдер үйіне тәрбиеленгендіктен орысша ағып тұратын, мектепте өте беделді болды. Бүкіл ауылдың балалары осы С. мен А. сияқты шапшаң, сұңғақ та сымбатты, өнерпаз болсақ екен деп армандайтын, осыларға еліктейтін. Бертін келе өз нәпсілеріне ие бола алмай бірнеше қабат үйленіп, әр жанұясында 2 – 3 баладан тастап алимент төлеуден қашып жүрді. Қарымта қайтару заңына сәйкес – тірідей жесір қалған арулар мен тірі жетімдердің көз жасы ма білмеймін, екеуі де түрмеден бірақ шықты. Қамауға алынуларының басты себебі – алимент, ұсақ бұзықтық. А. – ға Жаратушы күміс көмей силаған, керемет әнші болатын, қазір де жаман айтпайды. А. – ның бала күнгі даусы Италияның атақты әншісі Робертина Лореттидікінен артық болмаса кем емес болатын. Бұл да бірнеше қабат түрмеге барып келіп, бала шағасын тастап қазір «жеңгетай» (сутенер) болып күнін көруде, Ал С. болса қаңғыбас (бомж), денсаулықты жоғалтқан, денесінен күлімсі иіс шығып азып тозған. Заңды сұрақ тууы мүмкін: «Бұл екеуінің басына соншама не зобалаң туды?», – деп. Бұл екеуінің басына да балалық шақта – ақ атақ пен даңқ келіп қонды, соны ұстай алмады. Өмірдің нақ талқысына түскен уақытта нәпсінің құлы болып жүнжіп, жабағы тышып кетті. Адамды жан емес тән билегенде әрдайым осылай болады, бұл тек жастардың басында емес, ел билеген салиқалы ел ағаларының да басынан жиі өтетін жағдай. Ол адам менменсіп, тәкәппарланып, шіренгенде жер айырылардай болады. Осылардың бәрінің бірақ себебі – рухани ілімнің жоқтығынан.

Енді бір үшінші класстасым Н. А. оның да өмір жолы тура аналардікі сияқты, арақ ішіп көшеде аунап жататын, тек түрмеге ғана түскен жоқ. Осы соңғы бірер жылдам астам уақыт болды, арағын қойып таза имандылық жолына түстіпті, яғни өзін тәніне емес жанына бағындыра білді, өзінің қайратты да, қайсар саналы азамат екенін дәлелдей білуде.

Арқан алып, таудан отын теріп келіп, оны сатып жеп және садақа берген адам – қайыр тілеп кұн кешетіндерден жақсы. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с..)

 

Сұрақ: – Әсет, жақында Рахпар екеуің Батыс Еуропаға барып бір ай мөлшері саяхаттап келіпсіңдер, қандай ерекшеліктерге назар аудардың?

Жауап: – Рахым Алмабекұлы, сіз өзіңіз жер шарындағы құрлықтардың бәрінде бірнеше қабаттан болдыңыз, менен көрі сіз жақсы білесіз. Амал жоқ айт десеңіз айтайын. Осы жылдың басында жұбайым екеуміз бір ай Германия мен Парижде болдық, сонда бір таң қалған нәрсем қайыршы мен қаңғыбастар мүлдем жоқ деуге болады, қайыр сұрағандардың өзі кішкентай ат пониді жетелеп тұрады екен, сонда әлгі кішкентай аттың тамағына деп ақша сұрайды, сонда атқа жанып ашып әркім – әркім ақша тастайды, ал аты семіздіктен доп домалақ болып жарылғалы тұр.

Қаңғыбастарды мүлдем көрмейсіз, анда санда араққа ақша жинап жүрген қайыршы біреуді көресің, оның өзі шеттен келген болып шығады. Парижде, әсіресе Версаль сарайының алды, Эйфел мұнараларының, Луврдың маңы толған негрлер, олардың өзі майда – шүйде сатып күндерін көруде, бұлардың қайыршылары осылар екен. Ал бізде ше, бұрыш – бұрышта қаптап отырған қайыршылар, тепсе темір үзетін үйір – үйірімен өріп жүрген қаңғыбастар.

Сұрақ: – Әсет бауырым, осының себептері не деп ойлайсың?

Жауап: – Басты себебі рухани ілімнің жоқтығы. Осылар хайуаннан да төмен деңгей құлдырау шегіне өздерінің нәпсісінің құлы болғандықтан, нәпсісіне ие болмауы салдарынан құздан құлаған пенделер. Олардың осылай құлдырауына қоғам да, қоршаған орта да, ешқандай адам баласы да кінәлі емес, тек қана өзі ғана кіналы. Осы келеңсіз көрністің басты себебінің жауабын ғұлама Абай атамыз, қысқа да нұсқа ғана ашып көрсеткен:

 

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

 

Франкфурт на Майне қаласында Қазақстанның Германиядағы бас консулы Қарашев Анарбек біздің ауылдың азаматы, барып сәлемдесіп бір сағат мөлшерінде әңгімелесіп отырдық, сондағы Анарбектің айтқаны: «Әсет аға, бұл немістер адам қайыр сұраса ешуақытта садақа бермейді, тіпті ондай түсінік жоқ, ал ит немесе дала хайуандарын байқаусызда автокөлік қағып кетсе т.б. жағдайға ұшыраса жандары қалмай апарып емдетіп асырайды, ит немесе басқа хайуанаттар аш болса тамақтандырады. Себебі олар айтады: »Олар хайуан емес, сананы Құдай не үшін берген, аяқ қолы балғадай, дені сау адам өз күнін өзі көру шарт, міндетін біреуге артыуға болмайды, егер де жасы жеткен қария не мүгедек болса қарттар үйіне не мүгедектер үйіне барсын».

Жақсылық ескірмейді. Жамандық – ұмытылмайды, жазалаушы (Алла) ұмытылмайды. Әділдіктен аттама, әділдігің қандай болса, күнәң да сондай болады.

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР

Сұрақ: – Қарымта қайтару заңын қалай түсінуге болады?

Есіңізде болсын: – Жаратушының жасаған қарымта қайыру заңы бойынша «не ексең соны орасың», істеген қайырымдылық пен жақсылығың да, жауыздық пен жамандығың да тек қана осы өмірде өзіңе қайта қайтып келеді. Біздің қазекең, ой балама келеді екен деп айта береді, оның бәрі бос білмегеннен кейін айтылған сөз. Әр пенде жаны бөтен болғаннан кейін, өзі де бөлек. Осы фәни өмірде жасаған жақсылығы да, жамандығы да тек өзіне белгілі бір мерзімнен кейін қайтып оралады. Ашығып ораза тұтқан уақытта істеген күналарының белгілі бір мөлшері жанып кетеді, яғни кешіріледі, қалған күнәләрі көп болса о дүниеге бірге алып кетеді. Ал істеген жақысылығы мен қайырымды істерің, тұтқан оразаң өзіне еселеп жақсылық боп оралады, міне ораза тұтып ашығудың бір құпиясы осында. Жаратушы осындай жолмен күнәләріңнен құтыла отырып тәніңді, жаныңды, рухыңды тазалау арқылы жақсылыққа жетуге жол ашып қойған. Ерікті өз қолыңызға ғана берген, таңдау құқы өзіңізде. Осыны қарымта заңы дейді. Бұл туралы Құранда былай дейді: «Кім имандылықпен қандай болмасын қайрымдылық жасаса, ол оның өзіне қайырымдылық болады». Орысша 1907 жылы Қазан қаласында басылып шыққан. 2 – Сиыр сүресі. 180 аят.

Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы.

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с..)

 

Сұрақ: – Адамның имансыз, иманды болуы неге байланысты?

Жауап: – Адамның иманды немесе имансыз болуы, оның іс – әрекетінің барысы көбінесе «меніне» байланысты. Жан мұқтажы үшін әрекет етсе, адам тазарады, ал тән мұқтаждары үшін әрекет етсе, ол осы фәни өмірге байланып, ішкі дүниесі кірлене береді.

Неге адам қайтыс болғанда әлемнің барлық халқы діни сеніміне байланыссыз – үшін, жетісін, тоғыз күнін, кырқын, жылын өткізеді, себебі алдында айтылған адамның нәзік денелері бақи әлемге бір жылдың аралығында біртіндеп – біртіндеп, кезекпен кетеді, ол адамның қарымта қайтару заңына сәйкес осы дүниеде істеген күнәсі мен қайырымдылық істеріне байланысты. Күнәлі адамдікі тез арада кете қоймайды, ал жақсы адамдікі көп қиналмай – ақ кете барады. Мұсылман дінінің шарты бойынша өзіне өзі қол салған адамға жаназа шығарылмайды, Неге? Оның жаны мен нәзік денелері бақи өмірге бара алмай, ғаламшарды кезіп қиналады, себебі ол Жаратушының, табиғаттың заңына қарсы шығып, өзінің пешенесіне жазылған фәни өмірдегі табиғи жасын жасамай өзіне өзі қол жұмсады. Осы жағдайдың толықтай болмаса да, салауатты өмір сүрмеудің нәтижесінде, табиғат берген денсаулықты бағаламай, тәнін де, жанын да, рухын да ауық – ауық тазаламай мезгілсіз ажалдың құрбаны болған пенделерге де қатысы бар. Оларға арақтан, бәңгіден (наркотик), артық тамақтану мен семіздіктен, тазалық сақтамай неше түрлі жұқпалы ауру жұқтұрған т.б. толып жатқан келеңіздіктерден күйіп, жарылып т.б себептермен мезгілсіз ерте өлгендер де жатады. Қарымта заңына сәйкес жазықсыз кісі өлтіргендер көп ұзамай өздері де ит өліммен өледі, не қалған өмірі азаппен қиналумен т.б. жайсыздықтармен өтеді: бұған рэкитерлар, нақақтан кісі қанын мойнына жүктегендер, кісі ақысын жегендер, ұрылар т.б.

(83) Кім бір жақсылық келтірсе, оған да жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана ғана сазайы беріледі.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 28 – Қасас сүресі, 83 аят, 395 бет

(аударған Халифа Алтай)

Кто придетъ сюда съ добрыми дъелами, тому за нихъ добро будетъ; а кто придетъ сюда съ худыми дъелами ... которые дъелели худое, тъмъ воздано будетъ только за то, что сдълали они.

КОРАНЪ.Переводъ съ арабскаго языка. Г. С. Саблукова. Третье изданіе.

Казанъ. Центральная Типографія. 1907. Глава (28) Разсказы. Стихъ 84. стр 735

Сұрақ: – Жан деген не, рух деген не? Айырмашылықтары неде?

Жауап: – Енді рух дегенді түсіндіре кетуге тырысайын. Көпшілік пенде рух пен жанды шатастырады.

Рухани – бұл адамның бірінші бастауы, пенденің өзіндік қайталанбас ерекшелігі. Сана – адам жанын көрсететін екінші бастауы. Сана – адам жанын айқындайтын құрал. Дене – тәндік көрінетін, адам санасының деңгейін көрсететін үшінші бастауы, адам санасының қоршаған ортамен араласатын құралы. Осы үш бастау, адам деп аталатын бір бүтінді құрайды.

Рух жанның қабы, жанның ерекшеліктерін айқындап тұратын таза ақыл, осы әлемде қанша миллиард пенде болса, сонша пенденің мінез–құлқы, қабілеті әр түрлі. Бұл туралы Құранда да айтылған. Бақи әлемде рух жаннан бөлек болады, жан бөлек тіршілік кешеді. Алла тағала пендені фәни өмірге жібергенде, оның жанын қарымта заңына сәйкес рухпен қаптап, адам тәнін киім қылып кигізіп жібереді. Мысалы: ел басылары, патшалар, билер, ақындар, сазгерлер, жазушылар, ғалымдар, батырлар, ерекше дарынды тұлғалар бір біріне ұқсамай, бірін бірі қайталамайды ғой. Неге? Себебі, олардың рухтары әр түрлі, біз айтамыз ғой: «жаны жайсаң екен, ақылды екен, әділ екен, жаужүрек екен, жомарт екен, біліктілігі жоғары екен, қабілетті екен т.б.» осылардың бәрі нені көрсетеді? Бұлардың бәрі әр жанның ерекшеліктерін көрсетеді, осыны айқындайтын – рух. Ғылыми тұрғыдан да алып қарасақ, тұқым қуалаушылықтағы ерекшеліктерді де алып жүретін осы рух. Осы рухтың қасиетін жоғалтып алмау үшін біздің ата бабаларымыз жеті атаға дейін ағайынды адамдардың бір біріне үйленуіне қатаң тиым салған. Сондықтан да рух адам жанының қапшығы, пенденің бірінші бастауы. Рух – адам санасының деңгейін анықтайды. Сана – адам жанын көрсететін екінші бастау, адам жанын айқындайтын құрал. Дене – тәндік көрінетін, адам санасының деңгейін көрсететін үшінші бастау және адам санасының қоршаған ортамен араласатын құралы. Осы үш бастау, адам деп аталатын бір бүтінді құрайды.

Қиналған адамға рухы төзер,

Ал күйреген рухқа кім дем берер? Сүлеймен ПАЙҒАМБАР

 

Сұрақ: – Әсет, мына әңгімелерді оқырмандарымыз түсінуі үшін қарапайым тілмен баяндасаң қалай болады?

Жауап: – Енді қарапайым тілмен түсіндіруге тырысайын. Алла тағала адам жанын жер бетіне жіберіп тәнге жан қондырғанда, жанды қаптап қапшыққа салады. Ол қапшықтың аты – рух. Осы рух әрбір жеке жанның ерекшеліктерін айқындайды, оның қабілеті, дарыны, алғырлығы, ілімге құмарлығы т. б. қасиеттері рухпен бірге келеді. Біз: «рухы күшті, рухани дүниесі бай екен, рухты екен», – деп, осының бәрі, рух айшықтап тұрған жанның ерекшеліктері. Енді осы рухы әртүрлі жанның санасы да әртүрлі болады. Кей кезде: «оқымаса да көкірегі ашық, жүрегі таза, санасы жоғары екен, ал кейбіреуді қайран қор болған диплом, тауықтың миындай ми жоқ, оқығанның ішіндегі наданы», – деп айтып жатамыз.

Өз айыбын түзеумен жүріп, өзгеден кінарат іздемейтін, артық дүние жиюға әуреленбей, тұрмысына жаратып, игілігін көретін, бейберекет сөйлемейтін, сүндет істеп, дінбұзарлық іспен шұғылданбау – ең жақсы адамның ісі. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с..)

 

Бұрынғы бұлдыр замандарда оқымай – ақ ел басқарған хандарымыз, би – болыстарымыз, ақын – жырауларымыз, әнші – күйшілеріміз, батыр – палуандарымыз т.б. аты тарихта қалған ерекше тұлғаларымыздың қарапайым пендеден жер мен көктей ерекшеліктері неде? Ол оның рухында, Алла тағала әр пендені жер бетіне жібергенде белгілі бір мақсат үшін жібереді. Физика заңында айтылатындай бей берекетсіздік қозғалыс (хаосное движения) деген болмайды. Әр көзге көрінбейтін заттың өзі белгілі бір заңдылықпен қозғалады. «Құдайсыз қурай басы да сынбайды», – деп қазақ атам дөп басып айтқан.

Сұрақ: – Рухтың ерекшеліктерін талдай кетсең бола ма?

Жауап: – Осы жанның «қапшығы» рухтың деңгейіне байланысты, адамның санасының да жоғары, төмен болуы әр түрлі болады. Адамның санасына – оның ақылы, ойлауы, мінезі, сезімі, құлқы, есте сақтау мен ұғуы, пайымдауы, талдауы т. б. қасиеттері мен қабілеттері кіреді. Сана адам жанын айқындайтын құрал болғандықтан екеуі бір нәрсе, немесе Абай айтпақшы адамның «мені». Сана деп айтсақ жан деп түсінуіміз, ал жан деп айтсақ сана деп түсінуіміз керек. Қорыта айтсақ жанның «қабы» рухтан сана туындайды. Адамның иманды, имансыз болуы сананың деңгейіне тәуелді, санадан келіп туындайды. Сондықтан рух адамның бірінші бастауы, жанның қайталанбас ерекшелігі, ал сана рухтан туындайтын, адамның жанын айқындайтын құрал, адамның «мені». Түсінген адамға адамның «мені», жан, сана үшеуі бірақ нәрсе – сана алдыңғы екеуінің өздерін көрсететін құралы. Бірақ айланып келгенде осы үшеуі де бірақ нәрсе, ол адамның – жаны.

Басында жоқты бар қылған,

Жоқтықты жойып көр қылған.

Есепсіз дене жаратып,

Еріксіз жиып нәр қылған

Жан емей енді немене? Шәкәрім

 

Сұрақ: – Адамда неше жан болады және қай жерде орналасқан?

Жауап: – Адамда екі жан болады, біреуі ғазиз жан, екіншісі шыбын жан. Ғазиз жан Алланың қуатының (энергиясы) жүректе орналасқан кішкентай бір бөлшегі. Ал шыбын жан төс сүйектің айрығының астына (солночное сплетения) орналасқан өзінің жаны. Ғазиз жан адамның іс – әрекетіне араласпайды, тек бақылап қана отырады. «Алла тағала ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде». Алла тағала ғаламның ішінде деген ұғым, Оның ғаламның әрбір бөлшегінің ішінде екенін көрсетеді. Ол әлемнің барлық бөлшегінде, әрбір атомның ішінде, әрбір жан иесінің жүрегінде. Ал «Ғалам Алла тағаланың ішінде» деген тұжырым Оның ғарыштық, әлемдік бейнесін көрсетеді, яғни бүкіл ғалам оның ішінде.

Парсылық ұлы сопылардың бірі Айн әл – Кудата әл – Хамадани (1048 – 1138) жүректе Алланың орны барын былай деп ашық жазады:

«Алла сіздің түріңіз бен бейнеңізге, сіздің іс – әрекетіңізге қарамайды, Ол сіздің жүрегіңізге қарайды. О, достым, жүрек бәрін көріп отыратын Алланың орны болып табылады».

Мәшһүр Жүсіптің енді атағы шыға бастаған кезі екен. Біреу Абайға келіп, мен Мәшһүр Жүсіппін депті. Сонда Абай: »Алла қайда, құбыла қайда?», – деп сұрапты. Анау: «Алла аспанда, құбыла Мекеде», деп жауап беріпті. «Жоқ сен Мәшһүр Жүсіп емессің», – деп әлгі кісіні қуып жіберіпті. Күндердің бір күнінде Абайға сәлем берем деп Мәшһүр Жүсіптің өзі келіпті. Сонда Абай өткендегі сұрақтарын қайта қойыпты. Сонда Мәшһүр Жүсіп: »Алла адамның жүрегінде, құбыла өзің туып өскен жерің – отаныңда», деп жауап беріпті. Сонда Абай разы болып: »Сен нақ Мәшһүр Жүсіптің өзі екенсің ғой», – деп құшағына басыпты.

 

 

Іс қылады таптым деп біздің қазақ

Онан көрген пайдасы болады аз – ақ.

Аяғында ол ісі зиян шығып,

Көрінгенге күлкімен болар мазақ. Шәкәрім

Сұрақ: – Жаратушы пендесіне қаншалықты ерік берген?

Жауап: – Алланың адам баласына ерік бергені соншалық өз тағдырыңды өзіңе берген, жаман болуың да жақсы болуың да өз қолыңда. Алла айтады ғой: «Сен маған бір табан жақындасаң мен саған қырық табан жақындаймын». Мәйітті шығарар алдында молдалар сұрайды: «Мына кісінің қарызы бар ма?», – деп. Егер адам кешірмесе Алла да кешірмейді. Сондықтан да біз үнемі Жаратушының бақылауында болғандықтан да жаман қылық түгіл, жаман ой ойлаудан да аулақ болуға тырысу керек. «Адамнан жасырсаң да, Алладан жасыра алмайсың» деген қазекеңнің терең толғаулы, кең мағынылы сөзінің түп төркіні, Алла әр пенденің жүрегінде екенінің тағы бір дәлелі.

Въ религіи нъть принужднія. Прямой путь ясно отличается оть кривой дороги; кто отрицается отъ ложного въроученія и въруетъ въ Бога, тотъ держится за твердую рукоять, которая несокрушима. Бог слышащій, знающій. 258. Богъ покровитель върующимъ: Онъ ведеть ихъ изъ мрака къ свъту; 259. а невърным покровители лжебоги: они ведутъ ихъ от свъта во мрак; они будутъ преданы огню, въ немъ они будутъ въчно.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.