Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Даланы, сай – саланы. Ат шаптырып, ас беріп, 7 страница



Ерлі зайыпты тіс дәрігерлері Саитов Шайфетдин Сәлімханұлы мен Мейрамкүлдердің толғаулары. Тақырыбы: Тамақ ішіуді, қалай шайнауды білеміз бе? Неге ауыз бен тіс бірінші асқазан деп бағаланады? Тамақ қорту барысындағы тістің маңызы, атқаратын жұмысы қандай? Тіс неге денсаулық айнасы? Тістің аурулары, ауру себептері, тісті қалай күту керек?

Әрбір мұсылман мынадай үш істі атқаруға міндетті:

Әр адамның тіс тазалығышы болсын;

Жұма күні шомылсын;

Әйелдердің хош иісті әтірлерінен алып өздеріне сеуіп тұрсын;

Мұхаммаед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.)

Саитов Шайфетдин Сәлімханұлы Ресейде, жоғарғы Оралда туып өскен. Әскерде болып келгеннен кейін 1975 жылы Алматының эстрадалық цирк училищесін бітіреді. Сол жылы Алматының медициналық институтының стамоталагия бөліміне оқуға түсіп 1981 жылы бітіреді. 1986 жылға шейін Қостанай қаласында өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.

1986 – 1995 жылдары Қиыр Солтүстікте, Оңтүстік Якутияда, кіші БАМ астанасы Беркотит станциясында жанұямызбен бірге, мамандығымыз бойынша жұмыс істедік. Жұбайым Мейрамкүл Жұмабайқызы ол да тіс дәрігері. Екі қызымыз бар Әсел, Мәдина. Әсел Алматыдағы Ұлттық техникалық универистетін бітірген, мамандығы бойынша химик–технолог. Мәдина студент. Қиыр Солтүстүктен 1995 жылы Алматыға көшіп келдік. Қазір өзімнің жеке тіс емдейтін емханам бар, сонда қызмет етемін.

Таңертең тұрғанда шаршаңқырап тұрдым. Құрғақ ораза ұстағаныма, суды мүлдем ішпегеніме бүгін түстен кейінгі сағат 3–те үш тәулік болады. Кіші дәретім әлі де жиі келуде, бірақ түрі қайтадан сап–сары болып кетті, яғни улы заттар қайтадан буырқанып шығып жатыр. Менің бір байқағаным осы құрғақ ораза кезінде тәніңдегі улар жақсы ыдырап кетеді екен. Салмағым 88 кг болды, бастапқы салмағымнан 15 кг арылдым, сонда орташа есеппен әр тәулікте 1 кг жағалтып отырыппын. Көңіл күйім жаман емес, жұмысқа деген қарқыным күннен күнге үдеп келеді. Өзімнің денсаулығым тамаша, көңіл күйім көтеріңкі, уайым қайғым жоқ, мамыражай бір рахат тіршілікке ауысқан сияқтымын.

Сұрақ; – Шайфетдин Сәлімханұлы, тамақты қалай жеу керек?

Жауап: – Адамдар тамақты дұрыс жей алмайды. Өзіңіз тамақ ішкен адамдарды бақылаңызшы. Олар тамақты тек ойланбай шайнап жұта береді. Тамақ ішу барысында басында неше түрлі аласапыран ойлар жүйткіп жүреді, ал жүрегі қым – қиғаш сезімдерге толы болып, онымен қоймай тамақ ішіп отырғанда айтысып, дауласып жатады. Осылай олар өзінің ағзасының жұмысын бұзады: бір де бір ағым: ас қорту, уларды шығару және сөл бөлетін бездердің жұмысы дұрыс жүрмейді.

Тамақтан соң қолын жумай ұйықтаған адамға кесел жабысса, өзінен көрсін.

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.)

 

Мыңдаған адамдар ауруларының себептері, тамақты дұрыс ішпегендіктен болатынын білмейді. Жанұяларға қараңызшы, тамақ ішпегенше әркім өз ісімен өзі әуре. Ал дастархан басына жиналып тамақ іше бастағанда әңгіме өрбіп, кей кездерде бір – бірімен жанжалдасып та жатады. Осындай шулы отырыстан кейін денең ауырлап маужырап ұйқың келеді, барып демалуың қажет, ал кімге жұмысқа бару керек, ол құлықсыз кетеді. Ал дұрыс тамақтанған адам өзін жеңіл, тамаша сезінеді.

Сіз сұрайсыз: «Енді қалай тамақ жеу керек?». Дұрыс тамақтану үшін өзіңнің ниетіңді дұрыстап алып дастарханға отырыңыз. Тыныштықтың болғаны қолайлы. Ауызға алдымен салған асты саналы түрде өзі жұтылып кеткенше асықпай ұзақ шайнаңыз. Ас жеудің басталуының зор маңызы бар. Бастапқы жұтқан қорегіңіз ішкі мүшелердің бәрін іске қосатындықтан, тамақты ішпестен бұрын жайлы жағдай жасаңыз. Ешуақытта есіңізден шығармаңыз, Ғұлама Абай айтпақшы: «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес», осы бастапқы қарқында үйлесімділік болса, соңына дейін болады.

Тамақты әбдән шайнап, асықпай ішу керек. Бұл астың қортылуына да жақсы және екінші себебі: ауызға тамақ бірінші барған мезетте ол да асқазанның жұмысын атқарады. Ол тамақтың қуатын өзіне сіңіріп алып, қалған қоймалжың бөлігін асқазанға айдайды.

Ауызда өте жетілген құралдар бар: олар тілдің үстінде және астында орналасқан бездер. Осы бездер астың көзге көрінбейтін қасиеттерін аулайды. Сіз, бірінші асаған тамағыңыз асқазанға түсіп, қортылып үлгермей – ақ әліңіз кіріп, сергіп қаласыз. Не себепті? Аузыңыздың арқасында ағза қуатты, эфирлік элементтерді сіңіре алды. Мысалы: жемістер – сұйықтан, газдан және эфирлік заттардан тұрады.

Адамдар қатты мен сұйық заттар жайлы бәрін де біледі, ал нәзік – ауадағылар назардан тыс қалады. Жемістің шырайын, түр түсін бояйтын, хош исін шығаратын – эфир, оның тіршілігі қалай әсер ететініне көңіл бөлінбейді. Эфирдің маңызы өте зор, осының бөлшектерімен адам өзінің нәзік денелерін тамақтандырады.

Тамақты жақсылап асықпай шайнау керектігін айтып өттім, бұл тәніміз үшін қажет. Ал тамақтану барысында терең тыныс алу астың жануын қамтамасыз етеді. Ас қорту, тыныс алу, ойлау барыстары – әр түрлі темпереатура мен жиіліктегі жану ағымы. Тамақ жеу барысында ара – тұра тоқтап терең тыныс алыңыз, сонда эфирді жақсы сіңіресіз. Эфир – өміршеңдігіңізді, еске сақтау қабілетін және сезімталдығыңыз бен өреңізді (интеллект) арттырады.

Әрбір мұсылман жетісіне бір рет суға түсіп, барлық мүшелерін жууға тиіс.

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.)

Сұрақ: – Мейрамкүл Жұмабайқызы, тіс жегісі (кариес), парадонт деген қандай ауарулар, осылардың алдын алуға бола ма?

Жауап: – Тіс жегісі (кариес) – тіс ауруларының ең көп тараған түрі. Онымен дүниежүзі халқының 90 пайызы ауырады. Бұл өте күрделі, баяау дамитын ағым. Аурудың асқыну барысында қатты тіндер минералсызданып, эмаль мен дентинге (тістің негізгі сүйек тіні) ақау түседі де оны дер кезінде емдемесе шіри бастайды.

Ауыз қуысына жиналған микробтар жегі тудырғыштар болып табылады. Қазіргі зерттеулердің анықтағанындай эмалға жабысқан тағам қалдықтары жегінің туындауына әкеп соғады. Бұл қалдықтарда әсіресе органикалық қышқылдар құрайтын патогендік микроорганизмдер көп болады. Ал аталмыш қышқылдар өзін ондаған есе қоюландырып жіберетін ферменттерді түзеді де эмальді ыдыратып, тісте тесік пайда болады.

Сондықтан жегіден сақтану үшін ең алдымен ауыз қуысы тазалығын мұқият ұстану қажет. Оған тіс тазалағыштар, тіс шұқығыштар, тіс жіптері (флосстар) пайдаланылады. Тіс тазалағышты екі ай қолданғаннан кейін жаңасын алу керек. Өте қатты не өте жұмсақ болмауы керек. Қатты тазалағыш еттің түбін жарақаттап, созылмалы сырқатқа ұластыруы мүмкін. Өте жұмсағы да тісті қалдық, микробтардан жақсы тазартпайды.

Тісті күніне екі рет таңғы астан кейін және жатар алдында жуады. Алдымен қызыл иектен тіске қарай төмен бағытта 5– 6 рет сыпыра ысады. Ортаңғы күрек тістердің алды – артын кезек – кезек ысқылау қажет. Бұл 5 – 6 минутқа созылуы керек.

Алайда, тіс тазалағышпен тістің сыртқы жағын жағын ғана жақсы тазалауға болатынын ескерген жөн. Сондықтан араларын толық тазарту үшін жіпті қолдану керек. Олар ширатылған әрі жалпақ болып келеді. Жалпақ жіп ыңғайлы, қызыл етке зақым келтірмейді. Тіс тазалағыш жіп балауыз жағылған, жағылмаған болып екіге бөлінеді. Анайы тефлонмен қапталады. Тәулігіне бір қабат тісіңізді осындай жіппен тазартын отырсаңыз, жегіге ұшырамайсыз.

Әр тамақтанған сайын тағам қалдықтарынан тазаланып, ауызды шайып тұру шарт. Мұндайда қаныты жоқ сағыз шайнасаңыз да болады. Бірақ 15 миуттан артық шайнамаңыз, өйткені асқазан секрециясының күшейіп кету қаупі бар. Тіс шұқығыш та қалдықтарды жақсы тазалайды.

Жегіден сақтанудың енді бір жолы құрамында жеңіл сіңетін көміртектері бар тәтті тағамдарды аз ішіп – жеу. Ол үшін сүт өнімдеріне, жеміс – жидек, көкөніс, шырын, әбден пісірілген ет жеңіз. Өйткені олар кальций құрамын толықтырып, сүйек жүйесін қатайтады.

Тісін жуып, тазалап жүретіндер – тазалыққа дағдыланғандар. Қайталап істелетін дағдылы істерді меңгеріңдер; өйткеніммұндай істерді Раббым жақсы көреді.

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.)

Парадонт (тіс айналасындағы тін тобы) ауруы – ауыз қуысы сырқаттарының ең көп тараған түрі. Онымен әлем халықтарының 80 пайызы ауырады. Ал, парадонтит дегеніміз – қызыл еттің ашық тұстарын, жақ сүйегінің тіс кіріп тұратын қуысын және тісті тісті қошаған тіндерді қамтып ауыртатын, асқынбалы қабыну ағыны. Ол көбінесе алдын – ала тексеру кезінде анықталады. Оның алғашқы сатысы (жеңіл түрі) онша біліне бермейді. Науқас елемей жүре береді.

Сырқаттың орташа сатысында ауру дәрігерге ас ішкен кещде және тазалап, ауыз шайғанда қызыл иектің қансырайтыны, тісінің қақсап ауыратыны туралы шағым жасайды. Қатты тағам жеген кезде, суық немесе ыстық ішкенде тіс қақсап ауыратын болады.

Аурудың соңғы сатысында (асқынған кезінде) жоғарыда айтылған белгілер күшейе түсіпң, тіс босайды да, түбі жалаңаштанып түсе бастайды. Жақ сүйегінің тіс еніп тұратын қуысының сүйек тіндері тез бұзылып, ыдырауға айналады.

Егер қиыншылық тудырмайтын болса, әр намаздың алдында тістерін жуып, иіс су құюды бұйырыр едім. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.)

 

Парадонтит асқынып кеткен жағдайда қызыл ет қалталанып іріңдейді де тамақ ішкенде жан шыдатпай ауырады, дене қызуы 38 – 39 градусқа шейін көтеріліп, науқастың жағдайы нашарлай түседі. Жоғарыда ескертеніміздей, парадонт ұзаққа созылатын, асқынбалы сырқат. Сондықтан ауырлығына қарай жыл сайын ем қолданып отыру қажет. Сақтану шараларының түрлері көп. Олар: тіс тазалағышпен жуу, тіс жіптерімен, тіс шұқығышпен тазалау; қызыл етке саусақпен массаж жасау (сылау); тамақ ішкен соң тұрақты түрде ауызды шайып отыру керек. Т.б.

Тісті күтіп ұстау үшін ең алдымен күнделікті тазалап отыру керек. Ол үшін тіс тазалағышта қаттылығына және көлеміне қарай таңдап алу керек. Тісті жуғанда жоғарыдан төмен қарай бес – алты қабат сыпыра ысқылайды. Сонда арасында тұрып қалған қалдықтар жақсы алынады. Жалпы ауызды күніне екі рет жуып отыру шарт. (5 – 6 минуттан).

Тіс жіптерін қолдану арқылы ауыз қуысының күтімін арттырасыз.

Тіс тазаламаған жағдайда ауыздан сасық иіс шығып, тістің артқы жағында тас пайда болады. Бұл тастар әсіресе асыңғы күрек тіс пен жоғарға азу тістің маңына шоғырланады.

Шөгінділер тістің түрін өзгертіп жібереді және қызыл етті ісіндіреді де ауырта бастайды. Сондықтан жылына кем дегенде 1 – 2 рет одан тазартып, алдырып тастап отыру керек.

Қызыл иекті сылау парадонт ауруының алдын алу әдістерінің бірі болып табылады. Массаж сұқ саусақты қызыл еттен тіске қарай қозғау арқылы 10 миут ішінде 5 – 6 рет қайталанады. Бұл қызыл еттің қан айналымын, парадонт тіндерінің тәнге әсерін жақсартып, қабынуды тежейді.

Өсімдік құрамдас тіс пасталарын да қолдану парадонт ауруынан сақтандыратын құрал. Олардың құрамындағы жалбыз, мелисса, зімбір, шайқурай, шалфей т.б. өсімдік қоспалары сырқаттың алдын алуға көп септігін тигізеді.

Жемі – жидек, көкөніс қосылған тамақтар қызыл иек ауруынан қоғайды. Күніне бір алма немесе сәбіз жесеңіз қызыл иегіңіз қатая түседі.

 

 

11 Сәуір сейсенбі, ашығуымның он сегізінші тәулігі

Академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің сегізінші толғауы. Тақырыбы: Судың қасиеттері мен адам ағзасына әкелетін қандай пайдалары бар? Суды неліктен қастерлейміз?

Сендерге бір Хадисті айтайын, оны әрдайым естеріңде сақтаңдар. Дүние мынадай төрт топтағы адамдар үшін жаралған: Әркімге Алла байлық пен ғылым силаса, ол сол байлықты тек өзі ғана пайдаланбай, туыс – туғандарына да қарасып тұрса, ғылым – білімі арқылы ақысын да ада етіп отырса, мәртебеліліктің ең абзалы осы.

Әлдекімге тек ғылым беріліп, дәулет силанбаған болса: «Егер менде дәулет болса, өзгелер сияқты игілікті істер істер едім» – деп адал ниетімен айтса, ол сол ниеті үшін жомарт байдың сауабындай сауапқа ие болады.

Егер кімде – кімге мол дүние бітіп, ғылым силанбаған болса, туған – туыстарына қарайласпаса, Алла ақысын ада етпесе, мәртебесіздік, инабатсыздық сол болып табылады.

Кімде – кім ғылым мен мол дүниесі болмаса да: «Малым, ғылымым болғанда ғой, өзгелер сияқты жақсы іс істеп, қайырым жасар едім» – деп шын ниетімен айтса сауапқа батады. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с)

Таңертең шөлдеп тұрдым, денем қыза бастады. Су ішпегеніме түскі сағат 3 – те үш тәулік болды. Осы су ішпесемде кіші дәретім жиі келеді, дәреттің түрі сарғайып кеткен. Бүйрегім қайта жұмысты қарқынды істей бастады, себебі ағзаға су бармағанда амалсыз ағзадағы артық сулармен сусындай бастайды және қалдықтарды ыдырату да қарқынды түрде жүре бастайды. Сол себепті адам кіші дәретке жиі барып өзіндегі шырыш пен маңқа қалдықтарын бұрқыратып шығара бастайды, әрбір дәретке барған сайын жеңілдей түскенімді сезінудемін. Денемнен бір сасық истер бөліне бастады, ол дегеніңіз судың көмегімен өкпе тазалана бастағанының көрсеткіші. Түстен кейін суық судан 1,5 л бірақ ішіп алдым, өзіме бірден қуат құйылғанын байқадым. Су ішпгенде адам әлсіреп кетеді. Көңіл күйім тамаша, өзімді сергек жеңіл сезінемін. Осы 3 тәулік су ішпей ұстаған құрғақ оразаның пайдасы көп екенін жан тәніммен сезінудемін.

Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, алдында су табиғи дәрігер деп айтып кеттіңіз, осы кәдімгі су қалай дәрігер бола алады?

Жауап: – Мынауың да тауып қойылған сұрақ болды, ендеше судың қасиеттеріне тоқтала кетейін:

– Дәрігер Таза су, керемет жолдас және жақсы емші. Мен сіздерге қайнатылған судың буынан алынған су туралы айттым. Біздің денеміздің 70 пайызы судан тұрады. Ағзадағы судың қалпын сақтап тұру үшін, тұрақты түрде толықтырып отыруға мәжбүрміз. Тамағыңызға көкеніс пен жемістерді қосып, сіз ағзаңызға таза судың мол мөлшерін кіргізесіз. Жылы ванна – жеңілдететін және мамыражай қалыпқа әкелетін әдіс.

Сұрақ: – Малтудың қандай пайдасы бар?

Жауап: – Көптеген адамдар, күнделікті теңіз жағалауында, өзен – көлдерде, суға жүзетін бассейндерде рахаттанады. Малту – дене шынықтырудың ең бір тамаша түрі. Ол жүрек пен бұлшық еттерге күш түсірмейді. Егер сіз малту білмесеңіз маманға барып үйреніңіз. Малтудан тамаша ләззат алып, мамыражай қалыпқа бөленесіз. Жас мөлшеріңізге қарамай кеудеңіз қуанышқа толады. Одан қорқпаңыз, жақсы көріңіз.

Сұрақ: – Сырқатты емдеуге суды қолдана ма?

Жауап: – Суды атам заманнан бері көптеген ауруларға қолданады. Өте ерте заманнан бері мысырлықтар, ассириліктер, еврейлер, парсылар, қытайлар, америкалық үндістер науқастарын емдеу үшін, сумен емдеудің әр түрлі әдістерін қолданған. Біздің жаңа эрамызға дейін 400 жыл бұрын, медицинаның әкесі Гиппократ сумен емдеу әдісін қолданған. Оның негізгі әдісі қан айналымын жақсарту үшін, денені ысқылап, ыстық сумен суық суды алмастырып отырған.

Сұрақ: – Минералды сумен емдеуге бола ма?

Жауап: – Мен минералды суды адам ауруын емдеудің құралы деп санамаймын, бұл тазалағыш, залалсыздандырғыш және ағзадағы қанның айналымының тездеткіші. Сондықтан бірнеше апта үзбей тазалану, залалсыздану және мамыражай қалыпқа түсу үшін ыстық ванна қабылдаңыз деймін. Ең дұрысы ыстық су көздерін қолданыңыз. Ашығу бағдарламасымен қатар, ыстық ванна да сіздің табиғи өмір сүруіңіздің бөлігі болуы мүмкін. Ашыққан кезде ыстық ванна қабылдауға болмайды.

Сұрақ: – Ағза қалыпты жұмыс істеуі жұмыс жасауы үшін қанша су керек?

Жауап: – Адам денесінің басым бөлігі судан тұрады. Біздің ағзамыздағы сүйектердің 1/3 бөлігі су. Ағзамыздағы судың оннан бір бөлігі кетсе қауіпті, ал оннан екі бөлігі кетсе өлім. Судың жетіспеуі химиялық, физикалық ағымдардың қалпын бұзады. Ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін, ағзадағы судың тепе теңдігін сақтап отыру керек.

«Сенгіңіз келмейді, егер су жеткілікті болса, адамның денсаулығын сақтауға екі апта бойы тамақтың қажеті де жоқ, көптеген адамдар осы кезеңде қыңқ етпейді».

Сұрақ: – Ағзадағы ағымдар ненің негізінде өтеді?

Жауап: – Бүкіл өмір ағымдары судың негізінде өтеді. Онсыз протоплазма тіршілік ете алмайды. Содай – ақ бір де бір балық, шөп, кактус, құс, жәндік т.б. Егер жасауша (клетка) кеуіп кетсе, оның жұмысы тоқтайды. Жасаушаға су үзбей келіп тұруы керек, адамдікіне тіпті де. Ағзада 5 литрден артық қан бар. Ағзаның пайдаланғаннан кейінгі су түрінде шығарған тамақ қалдықтары, кіші дәрет. Егер өкпенің бет жағы ылғал болмаса, оттегі де жұтылмайды, осының шығарылатын көмір қышқылына да қатысы бар

Сұрақ: – Ас қортуға судың септігі бар ма?

Жауап: – Тамақ сусыз сіңбейді. Судың көмегімен белок, крахмал, майлар ағзаны қалыпты жұмыс істететін тағамға айналады. Ол асқазанның жұмысын істетуге, ішекте үлкен дәреттің қалыптасуына және уақтылы шығарылуына қажет, Ауызбен келген тамақтың қортылуына судың тигізетін әсерін түсіндірейін. Осы жерде сілекей деп аталатын сұйық , көмірсутектерін өңдей бастайды. Асқазан сөлінің 90 пайызы су. Ол тамақ асқазан арқылы өткенде өзінің жұмысын бастайды. Өңделген сұйық қойыртпақ, 12 бөлікті тоқ ішекке барып сіңіріледі. 90 пайыз судан тұратын, бауыр және өт бездері тамақтың қортылуын аяқтайды.

Сұрақ: – Еріген қалдық пен қоқыстар ағзадан қалай шығарылады?

Жауап: – Еріген қалдықтар ағзадан судың көмегімен шығарылады. Бүйрек, қуық, тері, өкпе бәрі де судың көмегінсіз улардан арыла алмайды. Альвеолдар ылғалды болса ғана жұмыс істейді. Кеңсірік, жұтқыншақ, қолқалар да үнемі ылғалды болуы керек. Олар ауамен әрекеттескендіктен, ағза күнделікті 0,5 литр су жоғалтады. Ауа құрғақ болса бұл көрсеткіштің өсуі мүмкін. Қалалы жерлерде көптеген адамдар үйлеріне ылғалдатқыш қойып, осы құрғақшылықтан құтылады.

Сұрақ: – Бүйрекке қанша су керек?

Жауап: – Су тері арқылы көп мөлшерде буланады. Осы кезде ол қалдықтарды ғана шығарып қоймайды, басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Бүйрекке де мол су қажет. Ол тікелей ішкен судың мөлшеріне байланысты. Қалыпты жағдайда, бүйрек арқылы өткен әрбір литр су, ағзадан 90 грамм қалдықтарды шығарады. Бірақта шығарылған кіші дәреттің немесе судың мөлшері күніне 0,25 литрден кем болмауға тиіс. Тіпті су болмай қалған жағдайда да, бүйрек өз жұмысын еш уақытта тоқтатпайды, үнемі су тілейді.

Сұрақ: Қанның құрамында қанша су бар?

Жауап: – Қан судан он пайыз қоюырақ екені белгілі. Қан құрамының плазмасы 80 пайыз судан тұратындықтан, бүкіл денеде еркін айналады. Ол тамақ пен газды, өлі тұздарды, қоректік заттарды, қалдықтарды тасымалдайды және басқа да қосымша жұмыстар атқарады.

Клетка өзін құратын заттарды және оған қажетті нәрселерді плазма алып келеді. Клетканы жаңалап құру, жұту немесе шығару ағымдарының бәрі де плазманың көмегімен жүреді. Ас қорту және тыныс алу жүйелерінен тамақ пен отынды алып, плазма ағзаның барлық мүшелеріне тасымалдайды.

Сұрақ: – Ағзаны бірқалыпты температурада не ұстап тұрады?

Жауап: – Автомобилдің двигателіне бірқалыпты температураны сақтап тұру үшін, радиаторына су қажет. Осының адам ағзасына да қатысы бар. Себебі, су жылуды тез сіңіріп алады. Температура деңгейі бірқалыпта болатын тірі ағзаларға, су тамаша суытқыш. Адам ағзасы ауа райы мен қоршаған ортаға тәуелсіз, әрқашан бірқалыпты температура деңгейінде, Цельсия бойынша 36,6 градус.

Сұрақ: – Ағзаның температурасы қалай реттеледі?

Жауап: – Температура буланудың көмегімен эпидермис арқылы реттеліп отырады. Одан басқа, ағзада оттегі мен тағамдар жанған кезде бөлінетін жылудың төрттен бір бөлігі тыныс алғанда шығады. Терлеген уақытта, ағза сағатына 0,5 литрге дейін су жоғалтады. Салқындағанда терлеу тоқтап, барлық су еттерге шоғырланады. Температураның тепе теңдігін сақтау үшін, біздің ағзамыз көп жұмыс жасайды.

Сұрақ: – Ағзадан күніне қанша су бөлінеді?

Жауап: – Зерттеулердің көрсеткеніндей, адам қалыпты ылғалдылық пен тыныштық жағдайда, терісі мен өкпесі арқылы күніне 300 грамм сұйық шығарады. Алысқа жүгіретін желаяқтар сағатына 4, ал футболист 6 литрге дейін су жоғалтады. Ағзаның жартысынан астамы судан тұрғандықтан, шығару ағымы осыған негізделген, сондықтан судан айрылып қалу оңай. Ұзаққа созылып кетсе, судың жетіспеуі өте қауіпті. Сондықтан осыған назар аударып, суды көп ішу керек.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.