Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Глава (2) Корова, 257, 258, 259 стихъ стр. 77, 79.



КОРАНЪ. Переводъ съ арабского языка. Г.С. Саблукова. Третье изданіе.

Казань. Центральная Типографія. 1907г.

 

Сұрақ: – Нәзік денелер дегеніміз не? Олардың бір бірімен айырмашылықтарын қалай білеміз?

Жауап: – Адамда көзге көрінетін денесінен басқа көзге көрінбейтін нәзік алты денелері бар, өзінің денесімен жетеу. Қазақтың «жан жеті қабат» деген ұғымы осыдан шығады. Олар эфирлік дене немесе адамның өміршеңдік нәзік денесі, ол денеде адамның өміршеңдігі мен қуаты орналасқан, екінші дене сезім мен әсер денесі, үшінші дене өре денесі бұнда адамның қабілеті, ойлауы мен пайымдауы орналасқан, төртінші дене ақыл – ес денесі, мұнда адамның ақыл және есі орналасқан, бесінші дене рух, алтыншы дене жан.

Сұрақ: – Ашыққан уақытта адам тәні қалай жазылып кетеді? Ашыққан уақытта осы нәзік денелер қандай қызметтер атқарады?

Жауап: – Адам ашыққан уақытта осылардың алдыңғы төрт нәзік денелері ғарыш арқылы тамақтана бастайды. Тәнге сырттан қорек келмегендіктен 2 – 3 тәуліктен кейін буындардағы тұз, қан тамырларының ішіне арам ет болып өсіп алған – холестерин, маңқа, шырыш, т.б. қалдықтармен тамақтануға мәжбүр болып, ішіндегі қоқыстар мен улардан арылып, өзін өзі тазалай бастайды. Адам өзінің тәндік ауруынан осылай жазылып кетеді. Осы кезде адамның эфирлік – өміршеңдік, қуат денесі, сезім мен әсер денесі, өре – ойлау мен пайымдау денесі, ес пен ақыл денелері жанның рух денесін тамақтандырып ғарыштан, ауадан қуат алып олар да тазаланып адамның жүрегінің кірі аршылып, рухани ілімді өзінен өзі түсініп, қабылдау мүмкіншілігіне ие болады, осылай тазаланған әрі тамақтанған жанның рух денесі немесе таза ақылы жоғарғы әлеммен байланысқа түседі, сол уақытта адамға өмірдің құпия, тылсым дүниесінің сыры түсінікті болып, адамға Алла Тағала да ашылады. Адам имандылық жолға түсіп, дұрыс өмір сүре бастайды.

 

Дін айтты: «Маған нан», – дейді,

Адасқан дінді пән дейді.

Мағнасын анық біле алмай,

Рух деген сөзді жан дейді,

Осыдан жаман әуре жоқ.

Рух деген – дінсіз таза ақыл,

Мінсіздің ісі шын мақұл.

Айуандағы ақыл ол емес,

Аз ғана сөзім – аз тақыл,

Құраныңды оқы нанбасаң. Шәкәрім

 

Адам рухани да, материалдық та байып дәулеті асып жақсы жолға түседі және осы өмірде шексіз бақытқа, ұзақ ғұмырға, дәулетті тұрмысқа қолы жетіп, сыңғырлаған денсаулық иесіне айналады. Тыныштық пен алаңсыздыққа қолы жетеді, осы жақсылығы оның жанұясына және балаларына да керемет әсер етіп, олар да сіздің жолыңызға еріксіз түсетін болады. Адамзат пайғамбарлары мен ұлы ұстаздары осы деңгейге жету үшін далаға кетіп қалып 40 тәуліктік ашығуды ұстаған, сол кезде оларға әлемнің тылсым дүниелері ашылып, жоғарғы әлеммен байланысқа шыққан. Мұхаммед пайғамбарымыздан сақабалары сұрапты: «Сіз қалай 40 күн аштыққа шыдайсыз?», – деп, сонда пайғамбарымыз айтыпты; «Мені Алла асырайды», – деп жауап қайтарыпты, осының бәрі шын нәрселер.

Жан ісі онан бір бөлек,

Еркімен ойлап түрлемек.

Жан қожа тәнге, тән құлы,

Еріксіз айдап жүр демек,

Тән істер жанның жарлығын. Шәкәрім

 

Сұрақ: – Тәнді қалай бағындыруға болады?

Жауап: – Есіңізде болсын, тән өз ықтиярымен сізге бағынбайды, тәнді бағындыру үшін оның істегісі келетініне санаңыз арқылы әрекет етіп, тәнді ерік күшіңіздің көмегімен ауыздықтап, айтқаныңа көніп, айдағаныңа жүретін етіп бағындырып алыңыз. Осы жерде өзіңіздің қандай адам екеніңізге, өзіңіздің көзіңіз анық жетеді, бос белбеу ынжық, әлде ерік күш жігері мықты, алған бетінен қайтпайтын қайсар да қайратты жан екеніңіз. Бұл жан мен тәннің айқасы. Тәннің тілін алсаң нәпсің билеп: ауруың, іштарлығың, дүниеқоңыздығың, көре алмаушылығың, нәпсіқұмарлығың, қызғаншақтығың, жексұрындығың, надандығың, жауыздығың, қомағайлығың, көрсеқызарлығың, суайттығың, сұғанақтығың, жымқырмалығың т.б келеңсіздіктер жинала, өрши келе жарға жығады. Сорлы, мүсәпір, бейшара, созылмалы науқастан жазылмайтын, ешкімге сүйкімің жоқ пенде болып шыға келіп, екі дүниенің де қызығын көрмей, аяғы ит өліммен өліп тынасың.

Тоқсоба би ауырып, өлім халіне жетіп жатқанда, қасында отырған бір пұшық, бір таз би:

–Тоқа, жаман айтпай жақсы жоқ, о дүниелік боп кетсеңіз, бізге түк айтпай кетесіз бе? – депті.

Сонда Тоқсоба би:

– Ақылдарың болса маған айтыңдар, көрмеген жерге барам, танымайтын елге барам, қараңғы көрге барам, – депті.

Сұрақ: – Ашыға бастағаннан кейін 2 – 3 күннен кейін тамаққа тәбетің тартпай қалады. Себебі неде?

Жауап: – Өзіңіз де байқаған шығарсыз, ауырған кезіңізде тамақ ішкіңіз келмей, тәбетіңіздің жоғалып кететінін, осы кезде табиғат ана сізден: «тәніңді маған тапсыр, өзіңді өзің улауды қоя тұр балам, маған өзіңді емдеуге мүмкіншілік бер, мен сені емдеп тазалайын», – деп сізге сыбырлап айтып жатыр, бірақ сіз бәрін керісінше істейсіз, себебі надансыз! Бүкіл туған туысыңызбен, жанұяңызбен, жора жолдастарыңызбен бір қауым ел боп «Есекті отқа айдаса, боққа қашады», – дегендей жақсылықа өре қарсы тұрасыздар. Өзіңіз де талай байқаған шығарсыз, кей кезде қатты науқастанып жатқан адам ұзақ уақыт бойы аузына нәр салмайды, кей кезде 30 – 40 күннен кейін әлгі тұра алмай ес түссіз жатқан науқас басын көтеріп, өзіне өзі келе бастайды, себебі табиғаттың өзі ағзаға осы кезеңде аштық ұстатып, ағза ішіндегі улармен, қоқыс қалдықтармен қоректеніп өзінің ауруынан жазылып, өзін өзі тазалап алғанның алғашқы белгісі. Бірақта бірер аптаның ішінде өліп қалады. Неге дейсіз ғой? Себебі оның 30 – 40 күн тамақ бармай жиырылып, кішірейіп қалған асқазанына тамақты лақылдатып құйып, оның өліміне өзінің туған туыстары себепкер болады. Тәуір боп келе жатқан адамды өз қолдарымен өлтіреді. Әлсіз адамға тамақты шақтап, біртіндеп беруді білмейді, осыны аурудан сүйретіліп тұрған адам тіптен білмейді, тамақ ішкеннің жөні осы екен деп ашқарақтанып жеп алады, бір қасық жеудің орнына бір кесе, көкөніс салатын жеудің орнына ет жеп дегендей, ал қуанған туыстары: «тамақты жақсы ішіп жатыр», – деп тамақты нығарлағанның үстіне тықпаштай береді.

Енді мен сізге баяғыда 30 жасымда «Қарабұлақ» совхозында партия ұйымының хатшысы болып жүрген кезімде салауатты өмір салтын ұстанатын Рахманқұл Бекенов деген зиялы ақсақалдың өз аузынан естіген әңгімемді айтып берейін

Марқұм Рахманқұл ақсақалдың естелігінен: «Елімізде болған 1932 – 33 жылғы алапат ашаршылықта 1,5 млн қандастарымыз ашаршылықтан қырылған уақытта болған, сонда адамдардың кейбіреулері аштықтан емес, бас сап қомағайланып жегендіктен, тамақ бірден аш өзекке түсіп кетіп, қолма қол отырған жерлерінде өліп кеткен. Сол жылдары қиыр шығыстан ауып келген кореецтер таң қалып жағаларын да ұстағанын көрдім: «осыншама мол тамақтың ішінде жүріп, мына қазақтардың шыбынша қырылғандары қалай?», – деп. Мен сол заманның куәгерлерінің бірі болдым, сол кезде қиыр шығыстан ауып келген корей ұлтының қалай аман қалғандарынын да көрдім ал ауып келген корейлер мен үркіп қашып бара жатқан қазақтар бір жағдайда болған. Сол кезде бір орыс, не бір басқа ұлт өкілдері қырылды ма, жоқ! Олардың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып жүрді. Біздің жақта сол кезде орыспен қоныстас егін салған және көл, су жағалап балық аулауды кәсіп қазақтар дін аман қалған. Ол кезде Алакөлдің балығы бүкіл қазақты тамақтандыруға жететін, әлі де жетеді. Біздің ішкері жақтағы мал баққан қазақ ет және мал өнімдерінен басқа тамақ барын білмеген және жер ананың қадір қасиетін түсінбеген. Осыны данышпан Абай атамыз былай деп суреттеген, Әсет ұлым, осыны сенің мамандығың агроном болғаннан кейін ғана айтып отырмын», – деп Рақманқұл ақсақал Абайдың бір шумақ өлеңімен сөзін түйіндеп еді:

 

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес

Еңбектен бұдан өзге бәрі жалған.

 

Менің бұның бәрін тәпіштеп жазып отырғаным, бала күінімізде ауылдағы Кусақ өзенін жағалай ойнап жүргенімізде ары кетсе жарты метрдей тереңідікте, бетін ғана жаба салған адам сүйектерін жиі тауып алатынбыз. Себебі, біздің Науалы ауылы, Тарбағатай бауырында, Қытайға өтетін үлкен керуен жолының бойына орналасқан. Ал Қытайдың Шәуешек қаласы біздің ауылдан 120 км. Ашаршылық жылдары босқан халық осы жол бойында ақ жоңқа боп аштан қырылған, осыны сол жылдарды көзімен көрген Рахманқұл ақсақал да талай айтты. Бірақ ол кезде жас болғаннан ба, бұндай әңгімелерге онша көп мән бермейтінмін. Қазір есейгеннен кейін ойлап қарасам, қасиетіңнен айналайын Рахманқұл ақсақал маған осының бәрін тәпіштеп әдейі айтады екен ғой. Өзіммен бірге осы көргендерімді алып кетпейін деп. Рахманқұл аға екеуміз менің кабинетімде сағаттар бойы әңгімелесетінбіз. Рахманқұл ақсақал мені жазу, партия ұйымының хаттамасын сауатты жа, дұрыс азамат болып қалыптасуыма көп әсер еткен алғашқы рухани ұстаздарым еді.

Сұрақ: – Әсет бауырым, ұстаздарыңды әрдайым ілтипатпен еске алып отырады екенсің, бұл жақсы қасиет. Әңгімемізді ары өрбітейік. Ашыққан кезде қандай ережені сақтау керек?

Жауап: – Ашықтым деп ешкімге жария салмаңыз. Біреуге айтсаңыз болды, өңшең надан, тәні мен жаны ласталған пенде келіп ақыл айта бастайды. «Ой өзіңді өзің қинап не қыласың, бұл Әсет не біледі, шата береді, ол дәрігер емес қой» – тағысын тағы боққа тұрмайтын ақыл кеңес айтушылар қаптап кетеді. Олар қайдан білсін, сол өріп жүрген дәрігелердің тең жартысынан астамы ауру, ел басқаратын «атқамінерлердің» парақор, жемқор екендерін. Өзін өзі жаза алмаған дәрігерлер қайтіп адам емдейді, өзінің нәпсісіне ие бола алмайтын «атқамінерлерің» қалай ел басқарады. Бұлардың біреулерінің тәні ауру, екіншілерінің жаны ауру. Екеуі де жазылмайтын дертке душар болған пенделер шығар, өз күнәләрін өздері көтереді басқа не дейміз. Өзіңіз «көк етік кездеспей, көң етікті менсінбей» аурған қалпы жүре бересіз.

Сұрақ: – Біздің қазақтың асқазаны басқа ұлттардікі сияқты ма, әлде бір ерекшеліктері бар ма?

Біздің қазақтың асқазаны басқа халықтан ерекше, түнгі 11 – 12 – де қай халық ыңқия тойып ет жеп, соңынан сорпа ішеді. Онымен қоймай ашты шәймен ары қарай тықпалайды, осылай тамақтанатын халық әлемде екеу болса біреуі бізбіз, жалғыз болса тағы бізбіз! Білмеймін, осылай тамақтану бағымыз ба, әлде сорымыз ба? Не мақтанарыңды, не сақтанарыңды білмейсің. «Алла артының қайырын бере көр», – дейміз де. Қалай болса да «санаң тазармай, денең тазармайды», осының біреуін емдесең екіншісін қоса емдеуің керек, әйтпесе ешқандай шипа қонбайды. Екеуін бір бірінен ажыратам десең де, ажыратып алып тастай алмайсыз, біреуі дене болса екіншісі көлеңке.

Менің де асқазаным қазақтың асқазаны болғандықтан, ашығуға кірісер алдында тамаққа ыңқия тойып алып барып қана ашығуымды бастаймын. Себебі, осылай бастағанда ашығудың ең ауыр алғашқы екі тәулігін онша қиналмай өте шығамын. Өзіммен өзім іштей шартқа отырамын: «Әй Әсет, тамаққа тойдың, бұралып тұрған жоқсың, бар жоғы үш тәулік тамақ ішпеуге шыдамайсың ба? Бұл тәнің үшін жақсылық осыны түсін!» Өстіп өзімді өзім қайрап алған соң 2 – 3 күндік ашығу білінбей өте шығады, ал қалған күндері өзің де тамақ іздемейтін, қарның ашпайтын болады. Ар жағы бар жоғы 7 – 8 тәулік қана ашығу, оған аспай – саспай аяңдап жетіп барасың.

Сұрақ: – Осы ашығудың арық адамдар үшін пайдасы бар ма?

Жауап: – Осы бағдарлама арық адамдар үшін де, толық адамдар үшін де бірдей. Арық адам ашықаннан кейін салмақ қосады, толық адамдар салмағын қалыпқа келтіреді. Осы екеуіне де ортақ бірақ кесел, қазекең айтпақшы: «сұқ семірмейді, ұры байымайды», – ның кері, екеуінің де асқазаны, т.б. ішкі мүшелері тамақты дұрыс сіңірмейді.

«Егер біле білсеңіз, сіздің оразаңыз – өзіңіз үшін жақсылық» 179, 180, 181 аяттар, 2 – «Сиыр» сүресі, Құранның кіріспе бөліміндегі орысшадан аударған аудармасын мұқият көңіл қойып мағнасын түсініп, ашықпастан бұрын осы сүрені толықтай оқып шығыңыз.

Сұрақ: – Ашығу барысында, өзіңді ашығуды ары қарай жалғастыра беру үшін өзіңді өзің қалай иландыруың керек?

Жауап: – ашығу барысында осы сіз бен біз жазған кітапты жастанып жатып қайта – қайта қайталап оқи беріуі қажет, себебі қайталап оқып түсінген сайын санаңызға сіңіріле береді. Санаң, ойың, есің, қалауың бірігіп – әр жасаушаңызға ашық деп бұйрық береді. Ашығу кезінде теледидар, радиоға жолама дейтінім осыдан шығады, егер басқа жаққа көңілің, ынтаң ауып тұрса, санаң, ойың, есің, қалауың жасаушаға бұйрық бермек түгіл, өз беттерімен бет бетіне лағып қаңғып кетеді.

Егер сіз нақ ашыққыңыз келсе алдымен: «не үшін ашығамын?», – деп өзіңізге сұрақ қойып алыңыз, сонан соң: «қанша ашығамын?» – деп. Менің қайталап айтатын кеңесім, сіз ашығу үшін тәніңіздегі барлық жасаушаларыңыз (клеткаларыңыз) ашығуға дайын болу керек, ал жасаушадан бұрын, санаңыз арқылы маған пайдасы бар деген шын ықыласыңыз, ниетіңіз болу қажет.

Сұрақ: – Ашығу барысында адам ағзасы немен бірігіп жұмыс жасайды?

Жауап: – Ашығу барысында сіз жаныңызбен, тәніңізбен және рухыңыз бен жұмыс жасайсыз. Осы үшеуінің жиынтығы адам деген пендені құрайды. Ашығу үшін жан деген, тән деген, рух деген не? Осы үшеуінің айырмасын ерекшеліктерін жақсы білуіңіз қажет, сондай – ақ сана, ой, ес, ақыл, ынта, қалау дегендердің атқаратын жұмыстары, алатын орнын да білуіңіз шарт. Ашығу деген терең даналық ілімі, осы ілімді жақсылап түсініп алмай ашыға алмайсыз. Тәніңіз сізді ашығуға жібермейді, ТӘН АҚЫМАҚ – осының неге ақымақ екенін жете түсінуіңіз керек. Сол уақытта ғана санаңыз тәніңізді басқара алатын болады. Ашығу – Жаратушымен, ғарышпен, табиғатпен үндесіп жатқан, құпия сыры, ұңғыл шұңғылы, қалтарыстары көп ілім. Бұған әркімнің тісі бата бермейді, егер сіз осы кітапты оқып отырғанда айтылған сөздер, ойлар өзіңізге түсінікті болса ғана оқыңыз, ал түсінбейтін болсаңыз жылы жауып қоя салыңыз. Ашығу сіздің қолыңыз емес, уақытыңызды бекер рәсуа қылмай – ақ қойыңыз, себебі өреңіз жетпейді. «Аяз әліңді, құмырсқа жолыңды біл», – деп сіз бен біз осы арада жолдың екі айрығына түсіп алып әрқайсымыз өз жөнімізге жүре береміз. Осы жан, тән, рух, ақыл, ой, ес, сана, қалау деген жартылай түсінікті, жартылай түсініксіз сөздерге келесі тарауда кеңінен тоқталармын. Сол кезде жік – жікке бөліп, шамам келгенше түсіндіріп беруге тырысамын.

Тәннің ләззаты – саулығында,

Жанның ләззаты – білімінде Фалес

 

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, оқырмандардың біреуі болмаса біреуі: «Діни оқу оқымаған, осы кітап барысындағы жазып отырған рухани білімді қайдан алған?» – деп сұрауы мүмкін.

Жауап: – Рахым Алмабекұлы, сұрағыңыз орынды. Жауап беріп байқайын. 1983 жылдары, ол кезде «Қарабұлақ» совхозында партком хатшысы болып қызмет істейтінмін. Бір күні жолым түсіп Үржарға келдім, келсем бір дүңгіршекте ескі орыс харпімен жазылған Г. С. Саблукованың, арабшадан аударған 1907 жылы Қазанда басылып шыққан «КОРАНЪ» кітабы сатылып жатыр екен алдым. Там тұмдап оқи бастадым, бірінші бетін ашып оқи бастағаннан – ақ кітаптың сөздерінің құдіреттілігі мен мағынасы баурап алды. Бас көтермей түні бойы таң атқанша оқитын болдым, бірте – бірте өмірге, адамдарға деген көзқарасым мүлдем өзгеріп кетті. Бұрынғы қалыптасқан Маркістік, Лениндік теориялардың бәрі быт – шыт болды. Осы кітап әсерінен, сол заманда екінің бірінің қолы жете алмайтын партком хатшылығы қызыметінен де өз еркіммен босап, мамандығым бойынша ауысып кеттім. Науалыда жүргенде Абайға ден қоя бастадым, Шәкәрім шықаннан кейін тіптен терең түсіне бастадым. Сонымен, бірге дінге, руханиятқа байланысты көптеген басқа да кітаптарды оқып, рухани деңгейімді көтеруге ұмтылдым. Оларды Құранмен салыстырып оқитын болдым. Көзім жеткені барлық қасиетті кітаптардың мағынасының бір бірінен онша алшақтамауы, бәрінің айтатыны бірақ нәрсе Жаратушы біреу – ақ, бәрі де имандылық жолға түсіп «мұсылман» – дықты қабылдау өзіңе ғана қажет екенін айтады. «Шәкірт дайын болған кезде, ұстаз өзі келеді» деген қанатты сөз бар. Алматыда, қазіргі рухани ұстазым, соңғы уақытта таныстық сыралғы достыққа ұласқан, техника ғылымының кандитаты, философ, теолог, жазушы, «Абайтану» кітабының авторы Досым Омаровпен танысып, айқын емес жерлерін тереңірек түсінуіме тигізген әсері зор болды. Осы рухани ілімді терең түсініп игеруім үшін, 20 жыл уақыт керек болды.

 

 

27 Наурыз дүйсенбі,құрғақ ашығуымның үшінші тәулігі

Техника ғылымының кандидаты, философ, теолог, жазушы Досым Омаровтың толғауы. Тақырыбы: Жан деген не? Жанның ерекшеліктері. Абай ілімі бойынша жанды қалай түсіндіреміз. Ғаламшарда басқа тіршілік иелері бар ма? Белгісіз Ұшатын Тәлеңкелер (НЛО). Белгісіз Ұшатын Тәлеңке қуған адамның көргендері.

 

Біз жақсы әдеттерімізге марапатталамыз, жаманына жазаланамыз. Менің дұрыс ойламайтынымды және теріс әрекеттеріме көзімді жеткізген адамның кеңесін қуана қабылдап, өз іс әрекеттерімді өзгертемін. Білуге ұмтылмай, білместігімен жүре берген адамдікі қате. Поль С. Брэгг

 

Таңғы 7 – де тұрып салмағымды өлшесем өзгеріс жоқ, сол 96 кг тұрмын. Өзімді орташа сезінемін, ұйқым жақсы. Аздап екі бүйрегім сыздап, белім ауырып, табаным ақырындап тызылдуда. Жалпы көңіл күйім жаман емес. Тамаққа тәбетім тартпайды, суды аңсай бастадым, ернім кеберси бастады. Күндіз дәрігерге барып қан қысымымды өлшетсем: оң қолымдікі 130/100, ал сол қолымдікі 140/90, ал қан тамырымның 1 миуттағы соғысы 88 әлі дұрыс емес.

Үшінші тәулік болды әлі су ішкен жоқпын, бірақ өзім ішетін суды дайындап қойдым. Ол үшін краннан ағызып алған суық суды 5 литр мөлшері, екі жайпақ ыдысқа бөліп тоңазытқыштың жоғары жағына қойып мұздаттым. 4 – 5 сағаттан кейін алып беті мен астына қатқан мұзды сындырып алып тастап қайта тоңазытқышқа 10 сағат мөлшерінде қойдым. Сонан соң ыдыстағы су түгел мұз болып қатып қалғанда, терезенің алдына қойып еріттім. Су еріп бола берген кезде ортасында қалған мұзды алып тастадым, енді бұл суды ішуге болады. Осылай жасаудағы мақсатым, судың ішіндегі минералдар мен қоспаларды мұзға айландырып барып ішетін суды тазалап алдым. Менің енді ішетін суым жауын мен қарды ерітіп ішкендегі таза суға айланып шыға келді.

Мен өзімді осылай толып, денемнің ауру сәтіне жету деңгейіне саналы түрде келдім, себебі ашығу арқылы қайтадан жазылып, жасару ағымын тікелей өзіме сынақ жүргізу арқылы күнделікті бақылап отырайын деген мақсатпен.

– Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, кеше сізге берген уәдем бойынша адамның жанының ерекшеліктерін талдауға тырысайық. Ол үшін мен бүгін күндіз өзімнің жақсы араласатын сыралғы досым және өзімнің рухани ұстазым Досым Омаровқа барып жолығып әңгімесін үнтаспаға жазып алған едім. Осыны тыңдасақ қарсы емессіз бе?

Жауап: – Неге қарсы болайын, кешегі әңгімең өте қызық екен. Егер соның жалғасы болса қайтіп қарсы болайын, қайта өз ішімізде осындай теологияны терең білетін азаматтар бар екеніне қуанбаймыз ба. Сондықтан үнтаспаңды қоса бер. Абай атамыз айтпақшы «Айтар сөз болса естір құлақ бар».

Сұрақ: – Кіріспесінде өзіңізге Досымды қысқаша сырттай болса да таныстырып өтейін, мақұл ма?

Жауап: – Бұндай азаматтармен танысқанның өзі бір ғанибет емес пе.

– Досекеңнің өзі техника ғылымының кандидаты, философ, теолог (о дүниені зерттейтін ілім) орта бойлы, шымыр денелі, менен 3 жас үлкен болса да шашында бір қылау жоқ, өзін–өзі керемет сақтаған аққұба жүзінен имандылық, сәбиге ғана тән пәктік, бүкіл болмысынан рухани нұр төгіліп тұрған жігіт ағасы. Досекеңнің өмір сүру салты ет кітаптары ұлы ойшылдың бүкіл болмысқа, дінге, Жаратушыға, әлемнің жалпы заңдылықтарына деген өзіндік көзқарасы зерделенеді. Абайдың мұрасының адамдарды, әсіресе жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, саналылыққа, яғни салауатты өмір сүруге тәрбиелеудегі баға жетпес маңыздылылығына айрықша көңіл аударады.

– Досеке, өзіңіз Абайдың рухани әлемін, Аллаға деген көзқарасын терең талдап, кітап жазған бірінші қазақсыз. Осы кітапты жазуға не себеп болды?

– Жарайды, сұрақтарыңа жауап берейін. Менің негізгі мамандығым инженер –механик. 1971 жылы Ресейдің Барнаул қаласындағы Политехникалық институтын тәмәмдағанмын. Сонан кейін Мәскәу қаласында аспирантурада оқып жүргенде «Көң мен минералды тыңайтқыштар араластырғышын» ойлап тауып, осы тақырыпта кандидаттық диссертация қорғадым. Алматыда ғылыми зерттеу институттарының бірінде істеп, онан малдәрігерлік институында доцент, сонан соң «Абай» журналында журналист болдым. Абай мұраларын зерттедім. Абай шығармаларын терең бойлап оқыған сайын ашылмаған жаңа қырларын түсіне бастадым. Осы маған қатты әсер етіп 1991 жылы рухани таза өмір сүруге ден қойдым. Салауатты өмір сүру салтын ұстанамын. 15 жылдай боп қалды ет баласын аузыма салмаймын. Зейнеткерлікке шықаннан бастап, тек осы Абай мұраларын зерттеп кітаптар жазудамын. Соңғы жазып жатқан «Абайтану» кітабым ыңғайланып қалды, осы кітап баспадан шықаннан кейін Шәкәрімді жазам ба деп ойлап жүрмін. – Әсет, менің саған айтайын деп отырғаным, екінің бірі түсіне бермейтін, адамның өзіңді–өзің танып біл деген терең де, күрделі рухани ілімі. Осы ілімнің негіздерін өзім барлық рухани кітаптар мен Абай, Шәкәрім шығармаларынан алдым,

Семейге миссионер Сергей деген кісі келіп, мұсылман дінін қорғаушы молда, имамдар болса сөйлесемін деп іздегенде, Семей қаласындағы мұсылман оқымыстыларының барлығы араларынан Абайды сайлап шығарып, Сергейден жеңілмей, мұсылман дінінің абыройын аман сақтап шығуына тілектес ел мешітке жиналып, мінажат қылып, Абайға бата беріп жөнелткен. Бұл туралы Көкбай былай дейді:

«Бұл мәжіліс туралы тағы бір есімде қалған нәрсе: осы сөйлесетін күні Сергейдің қасында көп поптары бар екен. Солардың кейбіреулері бір әредікте мұсылман дінінің ұсақ мәселелері туралы Абаймен дауласқысы келсе керек. Сонда Сергей: Сендер қойыңдар, Ыбырайым Құнанбаев сендердің тісің бататын кісі емес», – дейді.

Дені сау, салауатты өмір кешіп, бұл өмірдің рахатын табу үшін әркім ең әуелі өмірдің түпкі мақсатын, яғни не үшін өмір сүретінін, анықтап алуы керек. Адамның барлық іс–әрекетінің сипаты, яғни оның көретін қайғысы да, рақаты да осыған көп байланысты болады. Абайдың рухани мұрасы адам өмірінің осы негізгі мақсатын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге мақсатқа жету жолын, ол жолмен адаспай жүру үшін бүкіл болмыс негіздерін, яғни Жаратушы, жан иелері, қоршаған табиғат, дұрыс іс – әрекет жөнінде білім береді.

Адамға өмірдің не үшін керегі барын білген соң, енді оны іске асыру міндеті тұрады. Бұл – екінші қадам. Бірінші қадам – рухани білім алу, ал екінші қадам – ол білімді іске асыру. Бірінші қадам болмаса, екінші қадамың болмайтыны белгілі. Сол сияқты, өмір негізгі мақсатқа бағытталмаса, бүкіл тіршіліктің мәні жойылады. Бұл – дұрыс жолдан бұрыс жолға ауысып, тіршіліктің шырғалаңына түсіп, өмірді босқа өткізу деген сөз. Бұл – бүкіл адамзат қасіретінің басты себебі.

Абай ілімі бойынша әлем өмірінің мақсаты – өзін Жаратушының ықпалымен өмір сүріп, Оны қанағаттандыру. Кім болса да бір нәрсені жасаса, өзінің керегіне жарату үшін жасайтын тәрізді, Жаратушы да әлемді жаратқанда, тек Өзін қанағаттандыруға жаратты. Себебі ол мәңгілік, сондықтан Оның жаратылу себебі жоқ, керісінше, әуел бастан Оның Өзінен басқа ешкім, яғни басқа Жаратушы жоқ. Өзін қанағаттандырып, ләззәт алу үшін, Жаратуышы рухани болмысты жаратты. Бірақ кейбір жандар өздеріне берілген аздаған еркіндікті дұрыс пайдалана алмай, өздерінің міндеттерін ұмытып, Жаратушыны қанағаттандырудың орнына өздерін қанағаттандырғысы келеді. Бұл – білместік. Шексіз мейірімді Жаратушы ешкімнің еркіне қарсы емес, сондықтан Ол фәни болмысты жаратты да, Жаратушыны ұмытып, өздерін қанағаттандырғысы келген жандарды әркімнің қалауына қарай өз несібесімен бақи әлемнен, яғни рухани өмірден фәни әлемге, яғни материалдық өмірге жібереді. Бұл материалдық әлем өздерінің қылмысы үшін жазасын өтейтін абақты тәрізді. Осыдан фәни өмірдегі барлығымыз да Жаратушының ырқынан шыққан күнәһарлар екенімізді түсінеміз.

Жаратушы шексіз мейірбан болғандықтан, бұл материалдық әлемде Ол ешкімді жіберген қателіктері үшін жазаламайды. Жаратушы тек қана материалдық әлемнің заңдылығын ғана жасады, ал оны дұрыс, не болмаса бұрыс қолдануына байланысты қарымта заңы бойынша әркім өмірдің рахатын, не болмаса қасіретін көреді. Абайдың айтуы бойынша, бұған Жаратушы араласпайды. Осылайша әркім өзінің бақытын өзі жасайды. Бұл фәни өмірге әркім өздерінің қалауы бойынша ләззәт алуы үшін жіберілді. Бұл материалдық әлем – рухани әлем емес. Рухани әлемде барлығы мәңгілік, білімге және ләззәтқа толы болса, материалдық әлемде барлығы керісінше, уақытша, білместікке және қайғы – қасіретке толы. Абайдың түсіндіруінше, рухани әлеммен салыстырғанда бұл өмірдегі қызықтардың барлығы да жалықтыратын, уақытша және шындығы жоқ жалған. Сондықтан әркім тіршілік барысында осыны түсінуі керек.

Адамның тәні, яғни тұрпайы болмысы туралы анатомия, физиология, генетика тәрізді ғылымның түрлі салалары біршама зерттеп, мағлұмат берді. Ал парапсихология қарастыратын адамның нәзік тәні немесе нәзік болмысы өте күрделі болғандықтан, ол әлі толық зерттелген жоқ. Рухани жанға келсек, бұл туралы ғылымның қазіргі жеткен деңгейінде тек кейбір болжамдар ғана бар. Енді осыларды жеке қарастырылып көрелік.

Жүректегі жанды көре алмасақ та, оның бар екенін әркім өзін сезіну арқылы біле алады. Мысалы, адамның бір жеріне инені пісіп алса, ол бірден – ақ сезеді. Бұл жанның барын көрсетеді.

Жанның қасиетін материалдық тұрғыдан түсіндіру мүмкін емес. Оны ақылмен қабылдау қиын. Жан – материялық атомнан да кішкене рухани атом. Оны ешқандай құралмен көруге болмайды. Жан жүректе орналасқан. Жүрек – адамның тәні мен нәзік болмысының орталығы. Сондықтан адамның бүкіл физиологиялық және психологиялық өмірін жүрек басқарады. Жан былғанса әуелі, соның ықпалымен адамның нәзік болмысы (психикасы), сонан кейін оның тәні ауруға шалдығады. Сондықтан адамның ауырмай салауатты өмір сүруі үшін, ең әуелі рухани өмірін бір қалыпқа салып дұрыстауы керек.

Жан жүректе орналасқандықтан, ойшыл жүректің адам өміріндегі орнын жоғары бағалап, оған көптеген анықтамалар береді. Мысалы: ыстық жүрек, сорлы жүрек, мұз жүрек, ауру жүрек, жылы жүрек, ынталы жүрек, ызалы жүрек, асау жүрек, ет жүрек, жас жүрек, шошыған жүрек, шын жүрек, сұм жүрек, ақ жүрек, қапаланған жүрек, айнымас жүрек, жаралы жүрек, сөнген жүрек.

Жан Жоғары Нұрдың бөлшегі болғандықтан, Жоғары Жанның нұры болып табылады. Бүкіл әлем күннің сәулесіне байланысты болған сияқты, адам өмірі де жанның нұрына тәуелді. Жан кеткенде тән өмірін тоқтатып, бұзылып жойылып, топыраққа айналып кетеді.

Мәңгіліктік – жаның бірінші негізгі қасиеті. Сондықтан күнделікті өмірде ешкім де өлім туралы ойламайды.

Абай «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» өлеңінде былай дейді:

 

Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел басан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.

 

Бұл өлең жолдары тән мен жанның қасиеттерін көрсетеді. Мен – ақыл мен жан, ал тән «менікі», яғни мен «тән» емеспін. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, яғни «мен – жанмын», сондықтан мәңгілікпін. Ал «менікі», яғни тән өлсе өлсін, оған бекі, тәннің өлгеніне көп қайғырма.Данышпан осылайша адам болмысын анықтап және олардың әрқайсының қасиеттерін беріп, олармен қандай қатынаста болу керек екенін түсіндіріп берді. Егер данышпанның осы сөздерін дұрыс ұғып сезіне білсек, адам өліміне деген көзқарасымыз өзгереді. Әрине, бұның жақын адамдардың қайтыс болған кезінде дем беріп, қайғыны жеңілдететінінде күмән жоқ.

Абайдың «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан» деп жанның мәңгілік екенін айтқан данышпандық сөзіне көңіл аударатын болсақ, жанның ешуақытта өлмейтінін, ендеше ешуақытта тумайтынын сезінеміз. Себебі мәңгілік өлмейтін нәрсе тумайды да. Егер ол туатын болса, онда ол мәңгілік емес, яғни өлуі керек. Туатын және өлетін – жан емес, ол – тән. Бірақ жанның мәңгілік қасиетін білмегендер өлуді басқаша түсінеді. Бұл туралы Абай былай дейді:

 

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айрылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Бұл өлеңде ақын тәнді табиғаттың бөлігі ретінде «табиғат» деп атайды. Ал жанды адамның өзіне балап «адам» деп атап отыр. Өлетін адам емес, табиғат, яғни тән. Себебі жан сапа жағынан Жоғары Жанмен ұқсас мәңгілік. Ал дене табиғат болғандықтан, үнемі өзгерісте. Дененің үнемі өзгерісте екенін медицина ғылымы да құптайды. Әр сәт сайын бір жасауша (клетка) өліп, екіншісі пайда болып, адам денесі өзгеріп отырады. Бала туғаннан кейін есейіп, жасөспірім, бозбала, жігіт, еркек, жасамыс адам, кәрі адам болып өзгеретіні белгілі. Қандай жан иесі болса да, жалпы алғанда алты үздіксіз өзгерістен өтеді. Дене анадан туады, өседі, артына ұрпақ қалдырады, біраз әрекет етіп өмір сүреді, біртіндеп қартаяды, ақырында өледі. Бірақ жан ешқандай өзгеріске түспейді, сондықтан ол өлмейді. Өлмегендіктен тумайды, ол ұрпақ ананың жатырында жатқанда, белгілі бір уақытта келіп тәнге қонады.

Жанды ешқандай әдіспен жою мүмкін емес. Оны ешқандай құралмен бөлуге болмайды. Ол отқа жанбайды, суға батпайды, кеппейді, ерімейді. Әлемдегі ғаламшарлардың атмосфералық жағдайлары әртүрлі екендігі ғалымдар арасында дау тудырмайды. Ендеше бір атмосфералық жағдайға бейімделген жан иесінің денесі онан өзгеше жағдайдағы басқа атмосферада өмір сүруге жарамсыз болатынын да мойындауымыз керек. Бұл әрбір жан иесі өзі бейімделген ғаламшарда ғана өмір сүруі керек деген тұжырымға әкеледі. Бірақ жан өзінің тұрпай денесін тастағаннан кейін нәзік денесімен басқа ғаламшарларға бара алады. Мұндай жағдайлар адам түс көру кезінде де болады, сол кезде адамның жаны денесінен бөлініп нәзік әлемдегі ата анасының жандарымен т.б. жолығысып тілдесуі де мүмкін. Немесе бір жамандық не жақсылық боларда адамның жаны нәзік әлем арқылы түсінде болашақты көре алады, осындай жағдайларды өз басыңыздан да талай өткерген шығарсыз.

Әр ғаламшардағы материалдық жағдайлар әр түрлі, сондықтан ондағы тірі жандардың дамулары да түрлі деңгейде болатыны даусыз. Бұның өзі қазіргі кезде көп айтылып, көп жазылып жүрген Танылмаған Ұшатын Объектілер (Неопознанные Летаюшие Объекты) туралы түсінік береді. Олар бізден жоғары дамыу сатысында болғандықтан, көптеген қасиеттерін көрсете алады. Соңғы кездердегі жер бетіндегі жарамсыз өзгерістер мен құбылыстарға байланысты олардың бізге деген ынталары өсіп, тыныс – тіршілігімізді бақылау жасап жүрулері мүмкін. Себебі, олар әлемнің біртұтастығын бізден гөрі анығырақ сезінеді. Жер бетіндегі үлкен өзгерістердің бүкіл материалдық әлемге әсері болуы мүмкін. Олай болса олардың өміріне де әсері бар. Олардың біздің өмірімізді бақылауға мәжбүр болуын түсіну қиын емес. Олар материяны бізден гөрі жақсы басқарады, сондықтан олар өте жылдам ұшақты меңгерген, материяны бір түрден екінші түрге қалауынша өзгерте алады, көзге көрінбейтін күйге түсіп, жоғалып кете баратын мүмкіндіктері де бар. Оған көптеген көріністер, адамдарының кездесулері дәлел бола алады.

– Досеке, осы жерде мен сіздің әңгімеңізді бөліп жіберейін. Рұхсат болса осы туралы өз басымнан өткен, көзім көрген, естіген оқиғаларды айтып берсем қалай қарайсыз?

– Әп бәрәкелді, онда жақсы болды ғой, жаңағы айтқан тақырыбымызға дәлелді дәйек болып, менің болжауымды бекіте түседі ғой. Ал тыңдайын.

– Өзіңіз білесіз, менің туып өскен жерім бұрынғы Семей обылысы, өзіңіздің ауыл Бесқарағай облыстың солтүстүгінде болса, біздікі оңтүстүгіндегі Үржар ауданы, Науалы ауылы. Біздің ауыл Қытаймен іргелес, Тарбағатай бауырының шұрайлы, шалқып жатқан суы, жасыл – желекті нуы, жемісі мол, жанға жайлы, қары қалың болса да қысы жылы, осы Алматы сиқты екенін.

Неге екенін білмеймін, мүмкін біз Семей полигоны мен Қытай полигонынң ортасында тұрғаннан ба, тап осы біздің өңірде ұшатын тәлеңкені көрушілер өте көп, ұшып келіп Тарбағатай тауының ішіне кіріп жоқ болып кетеді, өзі көбінесе таң алдында көрінеді, кей кездерде ел жатар кезде де ауылдың үстінде ойқастап ұшып жүреді. Өз басым бірнеше қабат көрдім, ұмытпасам 1989 жылдары 30 шақты комбайн «Балатөбе» деген алқапта егін шауып жатқан. Ол кезде жұмыс түнгі бірге дейін, мен қырманда күнделікті түскен астықтың мәліметін қортындылап отырғанмын. Бір уақытта қырманда жұмыс істеп жүрген 40 – 50 әйел шу ете түсті: «ұшатын тәлеңке, ұшатын тәлеңке!», –деп. Мен де шыдай алмай далаға атып шықтым, қарасам дәл қырманның төбесінде асылып тұр екен, жап жарық шамын жағып 5 минуттай тұрып зу етіп комбайн жаққа қарай кетті, ешқандай дыбыс жоқ, ал жылдамдығына көз ілеспейді. Сол тәлеңке комбайндарға барыпты, ал түнде шауып жүрген 30 комбайынның жарығы қандай! Шамдарын жағып әрлі берлі ойқастап жүргендері бейне бір майдан даласын елестетеді, жұмыс аяғы болатын, комайнерлер комбайндарын реттеп қатарға қойып біткенше бақылап тұрыпты. Осыны сол күні алқапта болған 60 – 70 адам түгел көрді. Бірер сағаттан соң әлгі ұшатын тәлеңке қайта айналып қырманға келді. Сол кезде комбайндардың қасында жүрген біздің бас инженер Овчинников Михаил рациямен: «Әсет, тәлеңке сендерге барды», – деп айтқанда 100 – 150 метрдей биіктікте тұрған тәлеңке шамын өшіре қойды, бірақ болар болмас көрінетін жарығын жағып ұзақ тұрды. Сонда біздің рациямен сөйлесіп жатқанымызды олар де естіп тұрды.

Енді бірде мені таситын Әсет деген жүргізушім, екеуміз аттаспыз: «Әс – аға мен кеше таң алдында, кезекшілікте жүргенде ұшатын тәлеңкенін қонған жерін көрдім, жақындап баруға қорықтым», – деді. Біздің шаруашылық күнбағысты көп егетін, соны мамандар, көбінесе өзім машинамен түні бойы айланып жүріп күзететінбіз. «Олай болса қонған жерін көрсет», – дедім. Біздің ауылдан 10 км қашықтықта Жидебай өзенінің екі айырығында меншік қой отыратын үлкен алқап бар, сонда қоныпты. Күз кезі, дәнді масақ алқабын жинап алғанбыз, енді қалғаны күнбағыс қана болатын. Алаңқайға бара сала бір шетінен өрт қойдым. Себебі шөбі тізеден асады, ешқандай із көре алмадым. Ертеңіне сол жерге барып мұқият тексеріп аралап шықтым, көргеніме таң қалып жағамды ұстадым. Тәлеңке қонған жердің аумағы футбол алаңының аумағындай дөп дөңгелек, ортасы күймеген, ал шеті саусақтың жуандығындай ғана толық шеңбер боп қап қара күйіп кетіпті.

Енді осы ұшатын тәлеңкенің мені қолдарына түсірмекші болып қалай аңдығанын айтып берейін. Бұл оқиға 1992 жылы Қараша айының басында болды, ол кезде мен өзіміздің ауылда, колхозда бас аграном болып қызмет істеймін. Үлкен қызым Семейде оқуда, жұбайым қызыма барып келемін деп сонда кеткен. Қайтар күні үйге телефон шалып: «ертең мені автобустан күтіп ал», – деді. Біздің үй ауылдың шетінде, сондықтан автобусты аялдамадан емес айдаладан күтесің. Тосып алатын жерім ауыл шетінен бір шақырымдай, қарағаш өсіп тұрған қазақ зиратының маңы. Семейден шыққан автобус таңғы төрт пен бестің аралығында келеді. Сол күні түнгі үш жарымда оянып, асықпай жәймен аяңдап зират маңына келдім. Ызғарлы қара күздің басталған шағы, Қараша айы, күздегі қалың жаңбырдың басталған уақыты. Жиын терімді бітіп «ух!» деп терең дем алып жүрген кезім. Түн көзге түрткісіз, қап қара. Жер бауырлай ұшы–қиыры жоқ қорғасын өңдес сұр бұлттар жөңкілуде. Бірақ бұлттардың ар жағынан ай көрініп тұр. Ойымда ештеме жоқ, темекімді тұтатып аспанға қарап бұлттың көшкенін қызықтап қарағашқа сүйеніп тұрғанмын. Бір уақытта ай екеу болып кетті, жалмажан көзілдірігімді алып сүртіп жіберіп, көзіме бірдеме елестеп тұр ма деп, қайта қарадым. Жоғарғы кәдімгі ай орнында қозғалмай тұр, ал әлгі айым дыбыссыз ақырын ғана бірте–бірте төмендеп келеді. Жарығы күндізгі жарық сияқты, бір уақытта менің төбеме келіп асылып тұрып алды. Орнынан қозғалмайды, бір орнында тапжылмай тұр. «Бұл не сұмдық?!», – деп ойлап үлгергенімше, тіпті шөгіп маған қарай төніп келе жатыр. Өзім андай–мұндайдан ыға қоймайтын жігіт сияқты едім, қорыққанымнан қалың қарағаштың ішіне қалай сүңгіп кеткенімді өзім де аңғармай қалдым. Бүк түсіп отырып ішімнен білетін дұғаларымды оқып жатырмын: «Ара – тұра а Құдай, Өзің сақтай гөр!», – деп Жаратушыға жалбарынып қоямын. Әлгі пәле кететін емес, бір уақытта жарықтарын ойқастатып мені іздей бастады. Дымымды шығармай қарағашты құшақтап, жерге жабысып мен отырмын. Жарты сағаттан астам уақыт өтті, мен де өзіме–өзім келе бастадым. Төбем күндізгідей жарқырап тұр, бір уақытта жеті түрлі жарық түсіре бастады, осы жарық басқа жаққа шашырап кетпейді де, тура мен тығылып отырған қарағашқа бағытталған. Жүрегімді тоқтатып өзіме–өзім келген соң: «е, ұшатын тәлеңке деген осы екен ғой, адамды алып кетеді деуші еді, осыған жем болып кетпейін, басқа барып тығылатын жерім жоқ, осы ағаштың түбінде отырып, не болса да әліптің артын бағайын» – деген шешімге келдім. Түн, бұлт тіпті қоюланып, қараңғылық тұмшалап барады, не жол бойында қыбыр еткен көлік жоқ. Осы не болды екен, түр–түсін анықтап көріп алайыншы деп басымды көтеріп қарайын десем, бірдеме байлап тастағандай басымды көтере алмаймын, желкемнен тәп біреу құрсаулап ұстап тұрғандай сезіндім. Арбасып отырмыз, бір сағаттан астам уақыт өтті, тәлеңке ары кетсе 70 – 80 м биіктікте, ешқандай шу, дыбыс естілмейді. Айнала жым–жырт, тіпті әшейінде ауыз жаппай үретін иттердің де үндері өшкен. Маған тек жарығы ғана көрінеді, түр–түсі, сұлабасы көрінбейді. Бір уақытта Малақ ауылының төбесінен машинаның жарығы көрінді, жарық жақындай бергенде төбемде ілініп тұрған тәлеңкем өзінің жарығын өшіре қойды. Машина Қытайға жүк апара жатқан үлкен Камаз екен, ол ұзаңқырап кеткеннен кейін төбемдегі пәле жарығын қайта жақты. Біраздан соң Қытайға жүк артқан машиналар үздік – создық ағыла бастады. Әлгі тәлеңкем машинаның жарығы жақындаса өзінікін өшіріп, ұзаса болды қайта жағады, мені бақылап отыр. Отырған орнымда тырп етпей мен отырмын. Күз кезінде таң атпайтыны белгілі, не Семейден тосып отырған автобусым жоқ. Сонымен қойшы, тәлеңкенің мені күзетіп отырғанына үш сағаттай уақыт болды, ол жарығын сөндіріп жандырудан жалықпайды, мен бүк түсіп отырудан жалықпаймын. Сағат 7–ден аса таң қылаң бере бастады, жер ала көлеңке бола бастағанда тәлеңкем де ғайып болды, менің тосқан автобусым да ентігіп жетті.

Енді марқұм болып кеткен Мурсалимова Қымбат апайдан естігенімді айтып берейін. «Менің Аякөз маңында бір совхозда жанұясымен бірігіп шопан боп істейтін құдағиым бар. Олар Тарбағатай бауырының бер жағына жайлауға шығады екен. Жаз кезінде құдағиым 90 – ға келген шешесі екеуі ғана үйде қалады. Күндізгі 12 тапа тал түс. Бір уақытта құдағиымның көзіне шағылысқан айна сәулесі түседі. «Мына айдалада маған айна түсіріп қалжыңдап жүрген қай жүгермек?», – деп жан жағына қарайды ешкім көрінбейді, сонан соң аспанға қараса тура киіз үйдің төбесінде жалт – жұлт етіп 50 – 60 м биіктікте ұшатын тәлеңке тұр. Қорыққанынан еңбектей қашып екінші ас ішетін киіз үйіне кіріп кетеді, ал далада күн шуақтап отырған шешесі бетін жаулығымен жауып алып, үні шықпай отыра береді. Киіз үйге кіріп сабасына түскеннен кейін үйдегі дүрбіні алып, жабықтан сығалап қарайды. Қараса үлкендігі сұмдық, аумағы футбол алаңындай, дөп дөңгелек, біріне бірін жауып қойға тәлеңкеге ұқсайды, қаптаған терезелеріне перде тағып қойған, сыртқы қабығы жалт – жұлт еткен аппақ шәй қағазы (фольга) сияқты бірдемеден жасалған. Осы ұшатын тәлеңке тұрған орнында тапжылмай 2 сағат киіз үйдің төбесіне төніп тұрады, ал құдағыйым тірі жан көрінер ме екен деп екі сағат бойы дүрбімен қызықтап қарап отырады, өкінішке орай жан иесін көре алмапты. Тура түстен кейінгі сағат екіде ұшып кетіпті».

Келесі әңгімем 1987 жылдары болған, бір күні комбайнер болып жүрген Қасабаев Өндірхан деген ағамыз келіп: «Менің ұлым Саяуышты ұшатын тәлеңке қуыпты», – деп айтып келді. Ол кезде оқушы Саяуыш әкесіне көмекші болып жүрген. Таңертең Саяуышты жұмыс арасында шақырып алып: «ал бауырым, ана әкең не айтып жүр?», – деп сұрадым. «Ой аға, кеше сағат таңғы 4 – те Семейдің автобусынан келетін шешемді қарсы алайын деп, велосипедіме мініп Малақ аялдамасына бардым. Бір уақытта аспаннан бір жарық көрінді де, жайылып жүрген екі сиырдың үстіне біраз қалықтап тұрып, тура менің төбеме келді. Жарығы күндізгі жарыққа ұқсайды, қорыққанымнан ауылдың шетіндегі Мұқаметқазының үйіне қарай велосипедіме міне салып тұра қаштым, даласында тұрған комбайнге жете бергенде мұрттай ұшып түстім. Сонда да аяғыма оралып жүрген велосипедімді сүйрей – мүйрей комбайннің астына кіріп кеттім». Осы ұшатын тәлеңкені Саяуыштың бауыры Жақсылық та көрген: «Қыс кезі болатын, қар қалың. Түн күндізгідей жап жарық. Біздің үй ауылдың ең шетінде, бір шақырымдай жерде жүзімдік алқап бар. Таңғы сағат 3 мөлшерінде кіші дәретке шығайын деп далаға шықтым. Бір ыңылдаған токтың даусы естіледі, бұл не деп жан жағыма қарасам тура жүзімдік алқаптың ортасында қызыл жарығы жалтылдап ұшатын тәлеңке қонып отыр екен. Көлемі недәуір үлкен, бір біріне жауып қойған тәлеңкеге ұқсайды. Даусы ерекше, ток жүретін сым темірлерде естілетін ыңылдаған дыбыстан әлдеқайда күшті, қыс кезінде дауыс жақсы шығады ғой. Сол дауыс әлі күнге дейін құлағымнан кетпейді. Біраз қарап тұрғаннан кейін тоңып үйге кіріп кеттім, ол кезде мектепке енді барып жүргенмін».

Бұл 1999 жылы күзде болған жағдай. Колхоз тарап аласапыран заман болып жатқанда мен 140 жанұямен жеке бөлініп 1000 га егістік алқап бөліп алып «Қусақ» өндірістік кооперативін құрғанмын. Сол жылы 100 га алқапқа агротехникалық талаптарға сай күнбағыс ектім, керемет бітік шықты. Күнбағыс алқабы ауылдың іргесінде, бірақ ел ұрлап маза бермейді. Сонан кейін 16 жігітті күнбағыс алқабын күндіз түні күзету және алма кезек ауысып отыру үшін үш кезекпен күзетке қойдым. Кей кездерде «Байқоңырдан» ұшқан жер серіктері біздің ауылдың тұсынан Тарбағатай тауына қарай көлбей ұшады, жәй көзге де анық көрініп тұрады. Түнде күзетте болған жігіттер Әділов Азат т.б. айтып келді: «аға, ұшқан жер серігімен бірге біраз уақыт бойы ұшатын тәлеңке де жанамалай қатарласа ұшып біраздан кейін бұрылып алып басқа жаққа ұшып кетті», – деп. Сол күні түнгі күзетшінің біреуі Оспанов Бекен кезектен ұйықтап қалып таңғы 3 – тен асқанда ұйқылы ояу жұмысқа келе жатады. Күнбағыс алқабының шетінде демалу, тамақтарын ішу үшін киіз үй тігіп қойғанбыз. «Киіз үйге жете бергенімде кенеттен аяқ астымдағы бір метрдей жер дөп – дөңгелек, жап – жарық болып кетті, түсінбей қалдым. Сонан кейін төбеме қарасам дәл төбемде 70 – 80 метрдей биіктікте ұшатын тәлеңке қалықтап тұр, ешқандай дыбыс жоқ. Жарығы кәдімгі жарыққа ұқсамайды. Жарығы көзіме ұрғаннан кейін түр түсін анықтап көре алмадым. Бір уақытта басымды біреу тұқыртқандай болып төбем шымырлап қатты ауырып кетті. Миым солқылдап кеткендей болды. Жалма жан киіз үйдің ішіне кі

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.