Жауап: – Ашығуды аяқтағаннан кейін, қоймалжаңдығы мен ылғалдылығының көлемі теңестірілген тамақ ішесіз, тамағыңыздың тең жартысы табиғи салат, көкеністерден болғандықтан, сіздің ішегіңіз бұрынғыдан да табиғи қалыпта жұмыс жасай бастайды. Ет пен балықты аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Белоктың қажеттілігін жаңғақ, дән, жемістер қанағаттандырады. Жейтін наныңызды, крахмал тез сіңетін қантқа айланғанша кептіріп жеңіз. Ашығудан кейін бидай тұқымын бөртіріп, өсіріп жеңіз, өте пайдалы.
Сұрақ: – Қай уақыттан бастап қайта тамақ іше бастаймыз?
Жауап: – Тамаққа қайта әдеттену үшін, ағзаға 1 – 2 тәулік уақыт керек. Егер ішегіңіз осы аралықта әрекет жасамаса мазасызданбаңыз. Көбінесе алғашқы тамақ ішкеніңізден кейін, бірінші үлкен дәретке отырасыз, бұл әркімнің жеке ісі, сондықтан да бәріне бірдей ортақ қалып қоя алмаймыз. Сіз табиғатқа қарсы келіп, ішегіңіздің жұмыс жасауына қысас келтірмейтіндігіңізге мен сенімдімін. Табиғат ішекті өзінің санитарлық және залалсыздандыру жүйесімен қамтамасыз еткен, осы жүйе керекті уақытында өзінің табиғи міндетін атқарады. Сіз тамақ ішкенде, ішек өзінің жұмысын атқара береді. Егер сіз осында айтылған тамақ ішу ережесін басшылыққа алсаңыз, онда уақытылы және сау шығару жүйесін қалыптастырасыз.
Сұрақ: – Клизма деген не, пайдасы, зияны? Ашығу барысында адам улана ма?
Жауап: – Мен ашығу жайында көптеген кітаптарды оқып шықтым, көпшілігінде ашығу барысында күнделікті клизма жасауға кеңес береді. Менде мүлдем басқа пікір. Мен клизмаға қарсымын, сондай бір ерекше жағдай болмаса. Ішек мүлдем жұмыс істемей қалғанда ғана қолдану керек, оның өзінде басқа амал жоқ болса ғана. Клизманы күшті іш өткізетін дәрімен салыстырсақ, өзіндік кемшіліктері болса да дәрі дұрыс. Дәріні жиі қолданса ол етті тітіркендіріп, ішекті қалыпты жұмыс істететін, ішектегі ас қорту жолының маңызды кілегей қабатын шайып кетеді. Ашығу кезінде біздің ағзамыз физиологиялық тыныштықта болады. Ағзаға тамақ түспегеннен кейін, ішектің жиырылуы тоқтайды. Осы кезеңде шығару жүйесі түгелдей демалады, сіз оған бөгет жасамаңыз. Ішектің ішінде, ағзаның санитарлық залалсыздандыру жұмысын атқаратын қызметкерлері бар, сондықтан ашығу кезінде адам уланбайды. Осы жайында мазасызданбай – ақ қойыңыз, клизма мен іш өткізетін дәріні қолданбаңыз. Ішектің дем алуына бөгет жасамаңыз, сіз осы мақсат үшін ашығудасыз. Жалпы идеяның мақсаты мен нәтижесі, қуатты шығару жүйесіне демалыс беру. Ашығу барысында анда санда үлкен дәретке отыруыңыз мүмкін. Егер бұлай болмаса, ол сіздің уланып жатқаныңыз емес. Ашығу аяқталып табиғи тамақпен тамақтана бастағанда, ішек бұрынғы қалпынан да жақсы жұмыс істей бастайды.
Дене жұмыстарының жалпы әдісін меңгергенде ғана... сол әдістерді біздің барлық әрекеттерімізге қолдана білгенде ғана дене тәрбиесінің болуы мүмкін. П.Ф.Лесгафт
Сұрақ: – Табиғат заңдылықтарын қалай түсінуге болады? Сақтамаса не болады?
Жауап: – Сөз жоқ, көпшілік адамдар ата бабасынан жалғасқан тамаша денсаулықпен тұқым қуалайды. Олар табиғат заңдылықтарына көбінесе күле қарайды, осы заңдылықтың оларға қатысы жоқ деп ойлайды. Бірақ есеп айырысу қайтсе де болады. Табиғат өзінің тазалау жұмысын, яғни ағзадан зиянды қалдықтарды шығара бастағанда, осы есеп айырысу күні басталады. Олар бір – ақ күнде бұралып ауруханадан шығып жатты. Маған сеніңіз, осы тумысынан, табиғатынан дені сау, алдында тұрғанын талғамай ішіп жейтін, темекі шегіп, тәулігіне 18 сағат жұмыс істегенде былқ етпейтін адамдардың талайын көрдім және олардың ауруханада азап шегіп қиналғандарын көріп те жүрмін. Ащы ақиқатты айту қиын, бірақта осы денсаулығы зор болған адамдарды мезгілсіз ажал күтіп тұр. Осы күнделік кітапты оқып отырған өзіңіз, табиғат өзінің улану ағымымен ұрып жыққанын күтуге тиіс емессіз. Ең дұрысы, ағзаңызға саналы түрде физиологиялық демалыс бере отырып, өзін өзі тазалауға мүмкіншілік беру. Жиналып шоғырланған улардан ағзаңыздың арылуына мүмкіндік беріңіз. Қазіргі күрделі өркенниетті даму, бізге улы заттарды үзбей лақылдатып төгуде.
7 Сәуір жұма, ашығуымның он төртінші тәулігі
Академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің жетінші толғауы. Тақырыбы: Біз сыртқы ғана емес, неге ішкі тазалығымызды неге сақтауға тиіспіз? Метоболизм дегеніміз не?
Арақтан, ішімдіктен сақтаныңдар, өйткені ол – барлық жамандықтың кілті.
Мұхаммед ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С.)
Таңертең тұрғанда өзімді керемет жеңіл, сергек сезіндім. Көңіл күйім керемет! Салмағым әлі бірқалыпты деңгейді ұстап тұр. Темекіге зауқым жоқ, сонда да бүгін кешке дейін тартайын деп өзімді өзім зорлаудамын, себебі тәнім темекіні енді сұрамайтындай болсын деп. Тазалану жасауша деңгейіне түсе бастағанда адамның ағзасы өзінің сүйікті уларынан жиіркене бастайды, қабылдамайды. Қазір әрбір темекі тұтатқан сайын жүрегім айный бастады. Таза, дені сау, мамыражай дене уларды әрқашанда ысырып тастайды. Ашығу – улы заттардың қандайына болмасын тойтарыс беретін, ағзаны тазалаудың ұлы әдісі.
Бүгін сағат 11 – ге таман жергілікті дәрігерге барып қан қысымымды өлшеттім, Мына ғажапты қараңыз, екі қолымның да қан қысымы 120/80, бұл дегеніңіз осы екі аптадан сәл астам уақытта бүйрегім толықтай жазылып, қан қысымым қылшылдаған жас кезімдегі қалпына өзі келді. Жүргенде өзімді жүрген емес, қанат бітіп ұшып жүргендей сезінемін.
Осы екі аптадан астам мерзімде өзім 10 кг салмақ жоғалттым. Әрине адамдардың бәрі бірдей емес, көпшілігі күніне 500 граммнан килограммға шейін, кейбіреуі мен сияқты 2 килограммнан аса салмағын жоғалтады. Бұл майдың қай жерге жиналғанына байланысты. Егер қарын мен жанбаста шоғырланса тез кетеді. Осы май кетіп, дене артық салмақтан арылғаннан кейін жүректің жұмысы, тамырдың соғуы, қанның қысымы бірден дұрыс қалыпқа түседі. Қазір тура осы жағдайды өзім басымнан өткізудемін.
Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, әңгімемізді ары қарай өрбітсек, қалай қарайсыз?
Жауап: – Мақұл, айтқаның болсын.
Сұрақ: – Неліктен біз ішкі тазалығымызды сақтауымыз керек?
Жауап: – Біз ішкі тазалығымызды сақтауға тиіспіз. Өз ағзамызға ауру тудыратын уларды және зиянды қалдықтарды жинауға тиіс емеспіз. Өзіңді сақтау – табиғаттың керемет заңы. Егер біз бақытты, зор денсаулық пен ұзақ өмір сүргіміз келсе, біз табиғатқа қарсы келмей, онымен бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Егер сіз заңдылықты бұзуға әрекеттенсеңіз, онда ол сізді бұзады. Табиғат заңдылықтары ақиқат заңдылық! Егер біз осымен жүрсек, тамаша денсаулықпен марапатталамыз! Ағзаның ішкі тазалығын қалай да сақтау керек, өз денеңді таза сақтаудың төте жолы: дүркін – дүркін ашығу.
Егер тән ауырса көңілдің күрт түсуі – табиғи құбылыс. Әл – Фараби
Сұрақ: – Адамдар неше топқа бөлінеді? Себебі неде?
Жауап: – Дүниеде адамның екі түрі ғана бар. Сіз қайсысына жатасыз? Нағыз адам өзі үшін – өзі ойлайды, ал екіншісі өзі үшін біреулерге ойлаттырады. Өз өміріңмен ғұмыр кешу үшін, қажымас ерлік керек. Ашығу мен салауатты бағдарламаны іске асыру үшін, мына уланған әлем мен ауру орта ерлікті қалайды. Өзіңізге жоғары тұрмыс деңгейін жасаңыз! Сыңғырлаған денсаулыққа ұмтылыңыз! Өзіңізді жасық адамдардың деңгейіне түсірмеңіз. Қуатты да күшті болыңыз! Ұзақ өмір сүріп, ширақ, тың қалпыңызды жоғалтпаңыз!
Сұрақ: – Бай адамдардың ауруына не дейсіз?
Жауап: – Өзі белгілі бай болса да, ауру адам дегеніміз не, тәйірі? Байлар өзіне бақыт сатып ала алмайды. Адамның әйгілі болуы оның бақытты болуы емес. Мен байлықты бағаламай тұра алмаймын. Біздің заманымызда ақша мен жағдай, менің ойымша, басты орында. Рахат пен жайлы жағдай, көптеген адамдарға өте маңызды. Пенденің бар байлығын тартып алып, денсаулық беріңізші, оның бірінші мақсаты жоғалған байлықты қайтару болады. Қашан да екеуі бар, біз айтуға қорқатын, өзімізден аластататын ой, өкініш, қайғы, ауру әкелетін сөз – ӨЛІМ.
Денсаулық – байлықтан қымбат. Д. Рей
Сұрақ: Адамның басты арманы не? Адам бұл әлемде өзін қалай сезінеді?
Жауап: – Тіпті өмір сүру қандай қиын болса да, адам оған жанталаса жармасады. Өліммен айқаста қандай рухани күштер жұмсалады. Қандай өлермендікпен өмірге жабысады. Адамзаттың ұлы арманы – денсаулық және ұзақ өмір. Адам бұл әлемде өз үйіндегідей сезінеді, осы жерде мәңгілік өмір сүргісі келеді, ол үшін дені сау болып, жастық жігері жалындап тұрса ғой.
Сіз ашыққан кезде, ағзаның өмірлік қуаты тазалау жұмысын жүргізеді.
Ағза өзін өзі тазалайды, өзін өзі емдейді, өзін өзі қалпына келтіреді.
Сіз тамақ жеуді тоқтатқан кезде, ағзаңызда керемет құбылыстар болады.
Егер, сіз ағзаңыздың тазалығын сақтағыңыз келсе, сіз ашығуға тиіссіз!
Бірнеше рет ашығып көріңіз, сіз бұрын сезбеген – денсаулыққа жетелейтін ішкі тазалыққа тап боласыз, настықтан құтыласыз!
Сұрақ: – Метоболизм дегенімізді қалай түсіндіресіз?
Жауап: – Апта сайынғы 24 – сағаттық толықтай ашығу, жылына 52 күнді құрайды, ең болмағанда үш, жеті, он күндік ашығу буын мен бұлшық еттерді улар мен қалдықтардан арылтады. (Метоболизм дегеніміз, тамақты тірі затқа айландыру, ал бұл одан әрі қуатқа айналады). Метоболизімнің жанама өнімі біздің ауруларымыз және мезгілсіз қартаюымыздың себебі. Ағзамызда өмірлік күш пен қуат қалыпты деңгейден төмендеген кезде, сізде тән және жүйке шырғалаңы басталады.
8 Сәуір сенбі , ашығуымның он бесінші тәулігі, құрғақ оразаға көштім
Академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің жетінші толғауы. Тақырыбы: Демалу деген не? Дұрыс пайымдау деген не? Табиғат дәрігелері деп нені айтамыз? Олардың неше түрі бар? Адамға қандай пайдасы бар? Қалай дұрыс ұйықтау керек? Ұйқыны дәрісіз қалай түзеуге болады? Мамыражайлылыққа (релаксация) қалай жетуге болады? Тыныштық пен алаңсыздыққа апаратын жол бар ма?
Тыныштық пен алаңсыздық – екі ұлы игілік. Бұдан көп адам құр қалған.
Мұхаммед ПАЙҒАМБАР
Таңертең ернім кеберсіп тұрды, бүгін сағат түстен кейінгі 3 – те құрғақ ораза ұстағаныма бір тәулік болады. Құрғақ ораза ұстаудағы мақсатым, ағзаға су бармаған кезде улы заттар бірден көп шыға бастайды және тез арисың. Өздеріңіз байқаған шығарсыздар, алғашқы үш тәулікті мен сусыз өткіздім, соның нәтижесінде 40 сағаттың ішінде 7 кг салмақ жоғалттым, немесе екі тәулікке жетпейтін аралықта тәулігіне 3,5 кг салмақ жоғалттым. Егер құрғақ су ішпей ашықсаңыз ағзадағы артық су, ісіп кебудің салдары тұзды қоса өзімен бірге ала кетеді. Осы ораза ауырлау болғанымен қарныңыз ашпайды, себебі ағза тамақ емес су іздеп жанталасады. Су жоқ болған соң амалсыздан артық майға шабуыл жасайды, сол кезде адам ысыла береді. Құрғақ оразаның қасиеті оңайшылықпен шайылмайтын, әбдән ішек, қарын, қан тамырлары, өкпе, бас қуыстары т.б. мүшелердің қабырғаларына қақ болып жабысып қалған қоқыстарды тез талқандап сыртқа шығуына мәжбүр етеді. Осы ашығу барысында құрғақ ашығуды жиі қайталасаңыз жасауша деңгейіне түсіп кеткен араққа, темекіге деген құмарлықтың себебін түп тамырымен жұлып алады және қан тамырларыңның қабырғасына өлі ет болып өсіп кеткен, барлық жүрек ауруларының себепкері холестеринді, ағза өзі басқа тамақ жоқ болғандықтан жей бастайды.
Өзімді сезінуім жаман емес, су ішпегендіктен бе, аздап әлсірей бастағандаймын. Таңертең 6 – да тұрғаннан түнгі 11 – ге дейін компьютордың алдында жұмыс істеп отырмын, шаршау, жалығу, бел, бас ауру дегенді мүлдем сезбеймін. Шабыттанып жұмыс істеудемін, өзімді күннен күнге жақсы, тамаша сезінудемін, өзіме өзім разымын. Уақыттың қалай өтіп жатқаны байқалмайды, зу етіп өте шығады. Таң атса кеш батады, тәулігіне 5 – 6 сағаттық ұйқыға қалай көшіп кеткенімді байқамай қалдым. Жатарда: «тезірек таң атса екен, жұмысты ары қарай жалғастыратын» – деген оймен терең ұйқыға шоматын болдым. Ұйқым жас сәбидікіндей, жатқан беті оянғанша қатып қаламын, бұрын көпке дейін дөңбекшіп ұйқтай алмайтынмын.
Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуа етпе. Бенджамин Франклин
Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, осы біз демалуды білеміз бе?
Жауап: – Әсет, сұрағың өте орынды, енді осыны кеңірек қамтып кетейін.
Ауру адам ешуақытта жазылмаймын деп ішінен қайталай берсе, ол ешуақытта жазылмайды, оның ойлағаны дәл келіп, өзінің зардабын көрге бірге ала кетеді.
ТӘН АҚЫМАҚ. Осыны еш уақытта есіңізден шығармауыңызды сұраймын. Сондықтан да осыны қайта, қайта қайталаймын. Бізді нақ басқаратын санамыз! Міне сондықтан да сіз, ылғи жақсы ойларды ғана ойлауыңыз керек. Тәнді әрқашанда жан басқаруы керек!
Сұрақ: – Адамның ойы оның денсаулығына әсер ете ме?
Жауап: – Біз өзіміздің жаман ойларымызды, жақсы ойлармен алмастыруымыз к.ы, егер сізді мынандай жаман ой билеп алса: «Менің көз жанарым тая бастады, себебі қартайғанда бәрібір көрмей қалады», осыны жақсы оймен алмастырыңыз: «Адамның жасаған жасы у емес, ол менің көзімнің көрмеуінің себебі емес. Бұның себебі басқада, мен осымен қүресуге тиіспін».
Егер адам бір – біріне мүлдем қарама – қайшы екі істі бірден қолға алса, оның бірі сөзсіз сәтсіздікке ұшырайды. Эзоп
Сұрақ: – Денені не басқарады?
Жауап: – Ми мылқау денені басқарады, тән мидың соңынан ереді. Ми тәнді арбап тастайды. Өз санаңыздың тәніңізді басқаруына мүмкіншілік беріңіз, егер керісінше болса, тәніңіз санаңызды басқарса сіз ауру құлға айланасыз.
Сұрақ: – Бәңгіге (наркотик), қоздырғыштарға әдеттеніп алған адамдарда қандай өзгеріс болады? Себебі неде?
Жауап: – Бәңгіге, қоздырғыштарға әдеттену, тәннің сананы басқаруының айқын мысалы. Тәннің бәңгіге құмарлығы, мидың денеге қылмыс жаса деп бұйрық беруіне әкеп соғады, бәңгінің көмегімен тән мен сана теңеседі. Осының ішімдікке, шәйға, кофеге т.б. қоздырғыштарға қатысы бар. Осы жағдайда сана емес тән уланады. Біздің жаман әдеттерден құтыла алмауымыздың себебі, санамыз тәннің құлы болғандықтан.
Тән мынандай жалған философиямен басқарады: «Іш, же көңіл көтер, ертеңгі күнді ойлама». Бұл адасу. Сіз ертеңіне өлмейсіз, бірақта осы бағдарламамен жүріп 15 – 20 жылдан кейін күндіз түні аурудың азабын тартатын, мезгілсіз қартайған адамға айналасыз.
Мен қимыл – қозғалысты кәрілікпен күресулің ең тиімді құралы деп білемін.
В.В.Гориневский
Сұрақ: – Жаман әдеттер қалай әсер етеді?
Жауап: – Есіңізде болсын, сіз жаман әдеттеріңіз үшін жазаланасыз. Бұл заңдылық. Ауру, азап, тәннің зардап шегуі сіздің қандай адам екеніңізді көрсететін көрсеткіш. Сіз өз денеңізге қарсы қылмыс жасадыңыз, себебі сананың және табиғаттың заңдары басқару мүмкіншілігін пайдаланбадыңыз. Денсаулық пен ұзақ өмір сүру үшін санаңыз не істей алады? Осының көптеген еркектер мен әйелдердің де санасына қатысы бар. Өз ойыңызды пайдалану әдісіне байланысты тартып алатын немесе итеріп жіберетін магнит деп есептеңіз.
Сұрақ: – Ойлаудың денсаулыққа әсері бар ма? Жаман ой мен жақсы ойдың айырмашылығын қалай айырамыз?
Жауап: – Көптеген адамдар жақсы да, жаман да ойлай алмайды. Жақсы ой табысқа алып келеді, жаман ой талқандалуға, нәтижесіздікке, жамандыққа жетелейді. Сондықтан әрбір адам жақсы ой ойлауға әдеттенуі керек. Бұған табандылықпен, бірбеткейлікпен қол жеткізуге болады. Көптеген адамдарды бұзатын, әр жасаушаға әсер ететін ой бар. Ең күштісі қорқыныш және оның өнімдері – мазасыздану, үміт үзу, шарасыздық, көре алмаушылық, қызғаныш, жігерсіздену, ынжықтық, ашу – ыза, аямшақтық, ерегесу, жауығу, өкпелеу, өзін өзі мүсіркеу. Осының бәрі ми мен дененің қуат жоғалтатын қозуына, жүйкенің жұқаруына, біртіндеп немесе жылдам улануына әкеп соғады. Жаман әсерге, ойға берілуді өз өзінен улану іске асырады. Қорқыныш пен мазасыздану тағы басқа жаман ойлар, ой өрісті бейберекетсіздікке алып келеді. Дұрыс ойлау мен дұрыс шешім қабылдау үшін мидың таза болуы қажет. Былғаныш ми дұрыс шешім қабылдай алмайды, не мүлдем қабылдамайды.
Той, даңғазашылдық пен ештеме істемеушілік адамды аздырады, денсаулықтан айырады, қайта ақыл – ойдың бір нәрсеген талпынуы өмірбақи тұрмысты нығайтуға бағытталған қайратқа мінгізеді. Гиппократ
Сұрақ: – Дұрыс пайымдау дегеніміз не?
Жауап: – Бұл дегеніміз тыныштық, талқандайтын күштерге қарсы тұратын сана мен ішкі мамыражайлылық. Өз миыңыздың денені басқаруына мүмкіншілік беріңіз.
Сұрақ: – Мидың ерекшеліктері, ағзада алатын орны?
Жауап: – Ми өзіңіздің кім екеніңізді жиынтықтайтын орын. Табиғаттың 9 дәрігерін өзіңізге көмекші қылып алып, өзіңіздің қалай болуын қаласаңыз, солай қылып жасап шығара аласыз. Жақсы ойға сеніңіз, теріс ойлардың санаңызды жаулап алуына жол бермеңіз. Егер сіз осылай өмір сүрсеңіз, миыңызды дұрыс ойдың ошағына айландырасыз. Әрбір ашыққан сайын, өз санаңызды күшейтіп жақсарта бересіз. Әрбір ашыққан сайын, қорқыныш пен мазасызданудан құтыла бересіз. Ашығу рухыңызды, санаңызды, тәніңізді жоғарғы деңгейге көтере береді. Өмірден осыдан артық не тілеуге болады?
Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, өзіңіз айтқан табиғаттың 9 дәрігері дегеніміз не?
Жауап: – Табиғаттың 9 дәрігері: бірінші дәрігер – күн сәулесі, екінші дәрігер – таза ауа, үшінші дәрігер – таза су, төртінші дәрігер – табиғи тамақтану, бесінші дәрігер – ашығу, алтыншы дәрігер – сана, жетінші дәрігер – дененің түзулігі, сегізінші дәрігер – дене шынықтыру, тоғызыншы дәрігер – демалыс, енді саған түсінікті ме?
- Иә түсіндім.
Сұрақ: – Ашығудың көмегімен ең бастысы не істеуге болады?
Жауап: – Ашығудың көмегімен өзіңізден өзіңіз ойлағандай адам жасап шығаруыңызға болады. Осыған тек қана өзіңіз алдыға жақсылыққа қарай ұмтыла берсеңіз ғана жетесіз.
Еңбек рухани және эстетикалық дамудың ең таңдаулысы . М.Ф.Вольтер
Сұрақ: – Рухани тепе теңдікке қалай жетуге болады?
Жауап: – Тән мен сана жымдасқанда ғана, рухани тепе теңдікке қол жеткізесіз. Еш уақытта ұмытпаңыз, адамда рухани бірінші, ойлау екінші, тән үшінші орында екенін, екінші мен үшінші екеуі сәйкескенде ғана рухани сау өмірге қол жеткізуге болады. Рухани бастау, ойлауға қарағанда, адамның басқа да болмысынан көп тәуелді, біз әрқашан естен шығармауымыз керек, біз осы үш бастаудың байланысын терең түсінсек, бізде осы тепе теңдікті сақтайтын мүмкіншілік жасырынып жатыр.
Сұрақ: – Сананы не үшін қолданамыз?
Жауап: – Өзіңіз жаңа даналық ілімімен үнемі алға жылжи беруіңіз үшін, санаңызды пайдаланыңыз. Денсаулықтың жақсы жағын ғана ойлаңыз. Бұл сіздің рухани өміріңіз үшін керек. Егер осы бағытпен жүрсеңіз рухтың, сананың, тәннің саулығы қамтамасыз етіледі.
Ашығу мен өмірлік дұрыс бағдарлама, жер бетінде санаулы ғана адамдар ләззатанатын өмірдің ақиқатын түсінуге алып келеді. Санаңды түземей, денеңді түземейсің .
Сұрақ: – Демалыс деп нені түсінеміз?
Жауап: – Көпшілік ойлайды, дастархан басында кофе, шәй, ішімдіктерді сыздықтата тартып дем алудамыз деп. Нақтылысына келсек демалыс дегеніміз – толықтай тыныштық, барлық іс қимылдан азат болып еркіндік алу және бүкіл жүйке жүйеңіздің мамыражай қалыпқа түсуі.
Сұрақ: – Демалғанда қалай отырумыз керек?
Жауап: – Сіз демалғанда аяғыңызды бірінің үстіне бірін айқастырып қоймаңыз, бұл жағдайда аяқты қоректендіретін қан тамырын қысып тастайсыз. Негізінде сіз демалып отырған жоқсыз, керісінше жүрекке ауыр салмақ салып отырсыз. Демалу – бүкіл ағзада қан айналымын еркін қамтамасыз ету. Егер сіздің аяқ киіміңіз тар, галустігіңіз буындырса, бас киіміңіз симаса, жағаңыз қылқындырса біліңіз, сіз дем алған жоқсыз. Жақсы демалыс – киімдеріңді шешіп тастағанда. Сұрақ: – Дем алудың әдістері бар ма?