Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Даланы, сай – саланы. Ат шаптырып, ас беріп, 4 страница



Жауап: – Кіші дәретті зерттеу, қанда шоғырланған маңқаның мөлшерін анықтайды. 3 тәулік ашығып, күніне 2 – 3 литр су ішіп көріңіз. Таңғы кіші дәретіңізді құтықшаға құйып, салқын жерге тұну үшін қойып қойыңыз. Бірнеше күннен кейін, осының ішінен кілегей бұлтын көресіз. Неғұрлым көп тұрған сайын, бұлт соғұрлым қоюлана түседі. Менің көзқарасым бойынша аптасына 24 сағат ашығу мол мөлшерде қоймалжың кілегейден арылуға көмектеседі. Осы маңқаның біразы, ұзақ жылдар бойы біздің қанымызда айланып жүреді. Қыста адам ауыр тамақ ішкенде, ағза маңқаға толып, өзін тазалауға мәжбүр болады. Артығы тұмау түрінде сыртқа шығарылады. Біздің ағзамызда бұдан басқа да, не болып жатқанын кім біледі. Ағза өзін өзі тазалайтын механизм. Шамасы жеткенінше улар мен маңқаны өзі тазалайды. Бірақ адамдар қиыншылықты қалай қабылдайды? Олар денесінің қызуы көтерілгенін сезеді. Қызудың көтерілуі – табиғаттың өзіне тән ерекшелік. Өлгендерде қызу болмайды, тек өмірлік қуаты барларда ғана, осы қызу табиғаттың пеші сияқты жұмыс істейді.

Өзін сыйлай білмеу – бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу – ақымақтық.

Г.Мопассан

Сұрақ: – Суық қалай тиеді?

Жауап: – Бақытсыз надан адам айтады, суық тиді, аяғымнан сыз өтті немесе уақытында жылы киім кимедім деп. Бірақ бұл ғылыми тұжырым емес. Қыста суық тиіу – адамның ағзасындағы шоғырланған артық улы маңқадан тазалауға деген табиғаттың, талпынысы. Ішкі тазалау механизмі міне осылай. Мен тағы, тағы қайталап дәлелдеп айтамын, суық тиіу деген болмайтын нәрсе.

Жасқа жетпей қартайған, жақсы денсаулықты жоюға нақтылы себептер емес, көбінесе өзіміз кінәліміз. Бізге денсаулықты, күш – қуатты, бет – ажарды, сергектікті әбден қартайғанға дейін сақтау қиын емес. М.М.Громов

 

Сұрақ: – Адамның ауруға шалдығуының себебі неде?

Жауап: – Менің пікірімше, адам денсаулығының көптеген келеңсіздіктерінің түп тамыры, шығару жүйесіне толып алған қалдықтарда. Көптеген жағдайда ішектің бітелуіне себепкер маңқа мен шырыш. Сіз өзіңіз маңқадан тазасыз ба? Осы туралы ойланыңыз. Маңқа танау кеңсірігінде жинала ма? Мұрныңыз қалай? Қол шытыңызды неше қабат шығарасыз? Тамағыңызды неше қабат шайқайсыз? Күніне неше рет қақырынып сіңбіресіз?

Қалыпты тамақ ішетін қандай адамның болмасын, шығару жүйесі маңқаға мен шырышқа толы. Бұл улы қоймалжың, туғаннан бастап қортылмаған және шығарылмаған табиғи емес тамақ қалдықтары. Бұл тек қана тамақты, танауды, өкпені ғана емес өңештен тік ішекке дейін созылған шығару жүйесін де тығындап тастайды. Адамдар кеңсірігіне толып алған маңқадан зардап шегеді, құлақта сұйық және құлық түрде болады. Өте көп мөлшерде өкпеде кездеседі.

Өкпенің қабынуы (пневмония) өте қатерлі аурулардың бірі. Қанды қанықтыратын оттегі, маңқа толы өкпеге бара алмағанда, ауру үдей түседі. Қалыпты тамақ ешуақытта толық қортылмайды, ал жиналып шоғырланған қалдықтар ешуақытта толық шығарылмайды. Осы жағдайда біздің шығару жүйеміз біртіндеп, амалсыз ластана береді. Көптеген аурудың себебі осында жатыр. Қалдықтар ағзада қалып, көбейіп жинақтала береді.

Сұрақ: – Осы шырыш пен жиналған маңқадан қалай құтылуға болады?

Жауап: – Өзіңізге кішкентай тәжірибе жасап көріңіз. Бірнеше ай бойы маңқа, шырыш тудыратын тамақтарды ішпеңіз, аптасына бір қабат ашығыңыз, егер мүмкін болса 7 тәулік ашығыңыз. Кіші дәретіңізді мұқият тексере келе, қаныңызда қанша маңқа жиналғанын көресіз. Ашығудан кейін өз тамағыңыздың құрамын шикі көкөніске, жемістерге, крахмалы жоқ бұқтырылған жеміске алмастырыңыз. Маңқа мен шырыш жоқ тамақ дегеніміз осы. Жаңғақ пен дәндер маңқа, шырыш тудырмайды, сондықтан да жоғарыда айтылған тағамның құрамына күнбағыстың дәнін, тұздалмаған арахистің майын, жаңғақтың түр түрін қолдануға болады. Ет пен балықты аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Ұннан жасалған тағамдарды, нанды көп жемеңіз. Ашығу мен маңқасыз – шырышсыз тамақтың әкелетін жақсылығы туралы сізді сендірмей – ақ қояйын. Өзіңіздің кіші дәретіңізді зерттеңіз. Қол орамалыңызды күніне қанша рет қолданатыныңызға назар аударыңыз. 7 тәуліктік ашығу маңқаның ғажап тазалағышы. Мен шырышсыз, маңқасыз мәзірмен өмір сүруге тырысамын.

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Жүсіп Баласұғни

 

Біздің үзбей тамақ жеу әдетіміз, тамақ ішпей қалған уақытымызды ашығу деп санаймыз. Бірақ бұл ашығу емес. Ашығу емделудің ең бір көне әдістерінің бірі, бірақта тағы айтамын: ТӘН АҚЫМАҚ.

Сұрақ: – Қалай арықтауға болады?

Жауап: – Сіз әрқашан ашыққан кезде, тамақ ішетін сәтті жіберіп алмай, жадыңызда ойша сақтап жүріңіз. Егер сіз жігерлі адам болсаңыз, ашығуды өміріңіздің ажырамас бөлшегіне айландырасыз. Артық салмақ сізді ауру, әлсіз, мезгілсіз қартайтуға әкелуіне жол бермеңіз. Өз денеңіздің иесі болып, семіруіне жол бермеңіз. Өзіңізге бағдарлама жасап алыңыз, бірақта бір аптаның ішінде арықтаймын деп ойламаңыз. Қалыпты салмаққа келу үшін уақыт керек. Қалыпқа келіп, сымбатты да әдемі болғанда өзіңізді өзіңіз мақтан тұтыңыз. Кімнің болса да, өзін тамаша сергек, көңілді сезінгенінде, өзі үшін мақтанғысы келеді. Осылай болу үшін еңбектену керек! Ашығу, өзіңді өзің тежеу, дұрыс тамақтану – міне денсаулықтың өтемі.

Өзі жеп, өзгені тойдырған да бақытты болады. Сайф Сараи

 

Өзіңіздің салмағыңызға, қарныңызға, бөксеңізге, қолдарыңызға үнемі назар аударып жүріңіз. Осы кітапты мұқият, ыждағаттылықпен оқып шығып, арықтағыңыз келсе қолданыңыз. Ашығу мерзімін анықтағыңыз келсе дәрігермен ақылдасыңыз. Бағдарлама жасалғаннан кейін, сіз жақсы нәтижеге жетем деп өзіңізді иландырыңыз. Санаңыздың илануы денсаулықты түзетуде маңызды орын алады. Ашығу оңай емес, арықтау да қиын. Тек санаңыз иланып, дұрыс әрекет жасағанда ғана, сіз көздеген нәтижеге жетесіз. Бүгіннен бастаңыз.

Сұрақ: Өмірлік күштің міндеті не?

Жауап: – Өмірлік күштің міндеті, ас қорту ағымында пайда болған улардан арылтатын қуатпен ағзаны қамтамасыз ету және денеде бірқалыпты 36,6 Цельсия бойынша температураны ұстап тұру (ыстығымыз көтерілсе де, төмендесе де аурамыз). Біздің қазіргі өркениетті әлемімізде, адамның өзі жасаған және басқа да улардың бәрі – өмірлік күштің жаулары, өмірлік күш осылардың бәрін жеңуі қажет.

Маскүнемдікке, мешкейлікке салыну – тағылардың қылығы. В.Г.Белинский

 

Сұрақ: – Салауатты өмір салтына қалай көшуге болады?

Жауап: – Ашығу мен табиғи тамақтарды, табиғи әдеттерді қолданудың арқасында, әрбір адам өзінің өмірін сау, салауатты қыла алады. Тазалану – ағзаның өзі ғана орындай алатын ішкі биологиялық міндет, ашығу арқылы осы жұмыстарды жандандыра түсесіз. Табиғат үнемі сізді неғұрлым сау, өміршең болуға итермелейді, сондықтан өзін өзі тазалау кезінде болатын келеңсіздікте не істеу керектігін өзі біледі. Табиғаттың жетегіне жүріңіз, сізді еш уақытта орта жолға тастамайды. Ашығу мен дұрыс тамақ мәзірі аса керемет көмекші.

 

5 Сәуір сәрсенбі, ашығуымның он екінші тәулігі

Ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың төртінші толғауы. Тақырыбы:

Менің ашыққан уақытта неге бал ерітіп ішемін? Құран Кәримде неге толықтай бір сүренің аты «Аралар» деп аталған? Менің ашығу іліміне қосқан жаңалығым не?

(67) (Мұхаммед Ғ.С) Раббың, араға: «Таулардан, ағаштардан және ұялардан ұя жасап ал!, – деп, нұсқады. (Жаратылыс қабілет берді.) (68) «Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!» Араның қарындарынан түрлі – түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда ойлайтын қауым үшін әлбетте ғибрат бар.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 16 – Нахыл сүресі, 67 және 68 аяттар, 274 бет. (аударған Халифа Алтай)

70. Сенің (Мұхаммед Ғ. С – ға арнап айтылған сөз) Жаратушың араларға рухани күш берді; «Адамдар мекендейтін маңындағы тауларға, ағаштарға өз ұяларыңды салыңдар: 71. Өздеріңнің Жаратушыларыңның ыңғайлы жолымен ұшыңдар, әр түрлі жемістермен тамақтаныңдар!». Олардың асқазандарынан түрлі түсті сұйық шығады: адамдардың дертінің емі осы: бұл ойлы пенделерге Алла тағаланың ишарасы.

КОРАНЬ. Перевод сь арабского языка. Г. С. Саблукова. Третье изданіе. Казань. Центральная Типографія. 1907 г. Глава (16) пчелы, стр. 501, стихъ 70, 71.

(аударған Мұқашбеков Әсет)

Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, өзіңіз күнделікті бақылап отырған менің екі апталық ашығу барысындығы көңілге түйген, өзімнің жеке көзқарасымды оқырмандарға айта кетсем қалай?

Жауап: – Бауырым, енді сен айтпағанда маған мұны кім айтады, қызық екен.

– Өзімді сергек сезінемін, көңіл күйім көтеріңкі. Күннен күнге шабыттанып, шаттанып, нағыз сыңғырлап тұрған денсаулықтың не екенін сезе бастадым. Салмағымда бәлендей өзгеріс жоқ, тамыр соғу жиілігім минутына 76, жаман емес. Екі бүйрегім әлі де сыздап ауырады, басымды оңға солға бұрсам аздап сықырлайды, яғни тұздан әлі тазаланып болған жоқпын. Таңертеңгі үлкен дәретім су аралас қап қара қоқыс. Ыстық суға бал, лимон қосып үзбей ішкендіктен кіші дәретке жиі шығамын, кіші дәретімнің түрі ағарып қалды. Сағат 11 – ге таман, өзім тұратын ауылдаға дәрігерге барып қан қысымымды өлшеттім. Оң қолымдікі 120/80, ал сол қолымдікі 130/90 жаман емес. Бүйрегім қалпына келіп қапты. Осы 12 тәуліктей ашыққан мерзімде менің ағзам өзін өзі толықтай болмаса да жазып алды, мен ағзамның өзін өзі емдеуге жағдай жасап, толық еркіндік бердім. Басындағы 3 күндік құрғақ оразаны есептемегенде (құрғақ ораза кезінде аузыңа нәр салмайсың, су да ішпейсің) 9 тәуліктің аралығында 3 литрлік шыны ыдыстағы балды таустым, әр күні 3 литр қайнаған ыстық суға 2 лимон, дәмі тәтті қышқыл болғанша шәугімдегі ыстық суға балды ерітіп, қалауымша ішіп отырдым.

Сұрақ: – Әсет, мынауың ашығу емес, балмен қоректенуге айналып бара жатқан жоқ па өзі?

Жауап: – Айтайын, біздің ұлттың тамақ жеу ерекшелігі, біз өте ауыр қуатты да, нәрлі тамақ ішетін халықпыз, ең кемшілігі осы нәрлі тамақты жатар алдында жейміз, осылай тамақтануымызға сәйкес дене қимылын жасамаймыз және жиын тойымыз, өлім жітіміміз де баршылық. Одан сырт туған күн, бала тойы т.б. толып жатқан бас қосуларды жинақтай берсең, тапқан таянғанымызды ішіп жеуге ғана шашатын халық сияқтымыз. Кей кезде ойлаймын, осы біздің қазақ «қамшының сабындай қысқа өмірінің жартысын ұйқыға, қалғанын тойға жұмсай ма?», – деп. Осы жағдайларда ат нөпір дастархан жайылып, көл – көсір табақ, тамақ тартылады. Осы уақытта жесең де жейсің, жемесең де жейсің. Біздің тамақтануымыз Еуропа, шығыс халықтарының мәзірінен мүлдем бөлек. Осылардың салдарынан біздің ішегімізде шоғырланып қалған улар мен кір қоқыстар өте көп. Осыларды тазалап еріту үшін қазақ атамыз баяғыда саумал ішіп тазаланып отырған, қазіргі заманда саумал (ашымаған қымыз түрі) тұрмақ бір жұтым қымыранға зар болып жүр емеспіз бе?

Бақыт... өзіңнің рухани және дене күшіңнің қоғамдық өмірге жұмсалғандығын толық сезіне білу. Л.Н.Толстой

 

Сұрақ: – Жауабыңа қанағаттандым, айтқанының бәрі орынды, ары қарай не болды?

Жауап: – Менің өзімнің осы жеті жыл ашығудағы тәжірибемнің түйіні: Біз қуатты тамақ ішкеннің арқасында өте шыдамды халықпыз, осыған күресіп жүрген палуандарымыз бен боксерларымыз дәлел. Басқа халықты білмеймін, біздің қазекең ұзақ ашығуды ойнап өткізеді, біздің ағзамыз осыған дайын. Айт – айтпаңыз, біз әлі күнге дейін, әсіресе ауылды жерлерде, табиғаттан қол үзе қойған жоқпыз, етене жақын, табиғаттың төл баласы сияқтымыз. Осыны Жаратушының біздің ұлтымызға берген сиы деп, мәпелей, қастерлей, аялап сақтай біліуіміз керек. Алла Тағала осындай кең байтақ даланы, орман көлдерді, асты үсті қазына байлықты біздің ұлтқа тегін бермеген, бұнда бір заңдылық бар. Біз Жаратушының шарапаты тиіп, Алланың нұры жауған халықпыз!

Сұрақ: – Бұл жауабың да ішке қонады, айтқан сөздерің дәйекті. Балдың не қатысы бар?

Жауап: – Менің алдындағы бір ұзақ ашығуымда үлкен дәретім 23 тәуліктен кейін бірақ келді, ішім қатып қалды, онда тек таза суық сумен ғана ашыққанмын. Біздің ашығуымдағы басты мақсатымыз ішектегі, өкпедегі, өттегі, бауырдағы, бүйректегі т.б. мүшелердегі тастан, удан, кір – қоқыстан арылу ғой. Қазір бал мен ыстық судың арқасында, бұрын бір ай жүретін жолымды, екі аптада жүріп өттім. Осы бал, лимон қосқан ыстық судың әсерінен үлкен дәретім не күнде, не күн аралатып келіп ішегім т.б мүшелерім тазаланып, қоқыстар мен қалдықтарды бал ерітіп, ыстық су жуып, жарты ғасырдан астам қатып, шөгіп қалған жуындыларды далаға төгуде, менің тапқан саумалым қазір осы боп тұр. Қарны ашып шыдамайтын адамдарға берер кеңесім, бал бір жағы қорек, екінші жағы ем, бұл Құранда да жазылған. Осы менің ашығу іліміне қосқан үлкен жаңалығым деп білемін. Және осының жауабын биыл ғана қасиетті Құран кітабынан таптым. Өзімше менің тазаланып жатқанымды Жаратушы қолдап, осы 1907 жылы Саблукованың Қазан қаласында басылған Құранның орысша аудармасының 501 бетіндегі «Аралар» сүресінің 70 – 71 аяттарын маған ашты ма деп ойлаймын.

– Әсет, келтірген дәйегің өте мықты екен, мен осы сенің айтқаныңды толықтай қолдаймын. Шынында да өз бетіңмен ізденуіңнің арқасында ашығу іліміне үлкен үлес қосыпсың. Сенің осы әдісіңді қолданған адамға ашығуды қиналмай – ақ, өткізуіне болады екен ғой. Рахмет мына пікіріңмен, тұжырымдамаңмен, ағаңды бір қуантып тастадың ғой. Баяғыда Сократ былай депті: « Ұстаз бен шәкірт екеуі бір адам» – деп. Сократтың осы айтқан даналық сөзінің дәйекті екеніне көзімді бүгін тағы бір жеткіздің. Ойлау мен пайымдау, өз бетіңше ізденпаздық қабілетіңнің маған тартқанына дән ризамын. Айтқан ғой: «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деп, өзің сияқты Қазақстанның түкпір түкпірінде талай шәкірттерім бар, менің мақтанышым мына сендерсіңдер!

Сұрақ: – Рахым аға, адам баласы ертеде қалай тамақтанған?

Жауап: – Адам өзінің тамағын өңделмеген қалпы тікелей табиғаттан алып тұрған заман болған. Ол уақыттарда адамның, өзінің денсаулығына қажетті тамағын табиғи түрде іріктей алатын мүмкіншілігі болған. Не жеу керек екенін ішкі даусы айтып тұрды. Осы дауысты болмыс немесе басқа деп атауға да болады, бірақта адамның көне дәуірінде осы керемет көмектескен.

Сұрақ: – Пенде адам болып қай өңірде қалыптасқан?

Жауап: – Адам тропикалық белдеуде адам болып қалыптасқан, себебі онда табиғат адам денесіне қуатты күн шуағын сіңіріп, тұратын үй жасап берді. Адам денесінің терісіне күн шуағынан пайда болатын Д витамині қажет. Теріге сондай – ақ А витамині де қажет, бірақ қазіргі адамның ағзасы соншалықты өзгеріп шырыш пен маңқа және уларға толып кеткендіктен, ол күн көзінде көп жүре алмайды. Көп адамдар күн өтіп кетсе, бәлесін күнге жабады.

Сұрақ: – Адам өмірінде киімнің алатын орны? Пайдасы мен зияны?

Жауап: – Адамның суық ауа райына қоныстануына және киімді ойлап табуына байланысты, күн шуағына дайындалған тамақпен және тікелей күн сәулесімен байланысын үзіп алды. Өркениетті адам өзін ауыр киіммен тұншықтырып тастады. Біз бүгін үйлерде тұрамыз, өз денемізді таза ауадан қорғаймыз, кірмен демалып, химиялық өңделген суды ішеміз, дене қимлынан мүлдем айрылып қалдық.

 

6 Сәуір бейсенбі сенбі, ашығуымның он үшінші тәулігі

Үржар аудандық аурухана департаментінің жетекші маманы, дәрігер Қайрат Зекенұлы Исмайловтың толғауы: Клизма қоюдың зиянды әсері бар ма? Ашығу барысында адам улана ма?

 

Диета заттарының әсері – ұзақ та, дәрі – дәрмектің әсері – лездік. Гиппократ

Таңертең тұра салысымен ішім өтті, үлкен дәреттің орнына тағы да қап қара қоқыстар шықты. Осы қоқыстар шыға бастасымен – ақ денсаулығым күрт жақсара бастады. Менің өмірлік күшім, ашығу бағдарламасын ұстағаннан бері көп ұлғаюда. Салмағымда бәлендей өзгеріс жоқ, көңіл күйім тамаша. Мен осы жылдарда бала күнімнен ішкен талай дәрілердің, ақшаға сатып алып ішкен «жынды сулардың» қалдықтарынан құтылғаныма сенімдімін. Тәнім дене қозғалысын тілеуде жаяу жүріп, жүгіргім келіп тұратын болды.

Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, енді клизма туралы өзімнің Үржарда тұратын жолдасым Қайрат Зекенұлының сөзі үнтаспадан тыңдап көрсек қайтеді?

Жауап: – Байқаймын, сенің жолдастарың да жан жақты дамыған азаматтар сияқты. Өзіңнің тағы бір жолдасың қазіргі Үржар ауданының әкімі Селиханов Дүйсенбай Мағзұмұлын да міне білетініме тура 20 жыл толыпты. Қазір Дүйсенбай да маған келіп, менен асыл тұқымдар алып, ауданды түгелдей күздік дақылдар алқабына айналдыруға жанталасып жүр. Бұл оның көрегендігі, болашаққа үңіле білетіндігі, өзінің жеріне, еліне, халқына деген қамқорлығы. Әйтпесе былтыр ғана Үржарда ғылыми семинар өткізіп, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кеңес өткізіп қайтқанмын. Ең жаманы, шаруа қожалықтары алқаптарға күнбағысты еге беріп, жердің тоз-тозын шығарып жіберіпті. Мұндай бассыздыққа қатаң тиым салу керек. Бұл Дүйсенбайдың қолынан ғана келетін шаруа, мен оған сенемін, себебі осы жағдай туралы Дүйсенбай екеуміз көп пікір алыстық. Дүйсенбай Мағзұмұлы секілді басшыларды Абай атамыз былай деп суреттеген:

 

Единица жақсысы,

Ерген халқы бейне нөл.

Көп шуылдақ не табар

Билемесе бір кемел.

 

Енді Қайратты тыңдайық, сөзіңді жалғастыра беруіңе болады.

– Менің жолдасым Қайрат: тұңғиық білім иесі, өз бетімен көп ізденетін, «сегіз қырлы бір сырлы», өмірде оқығаны мен тоқығаны, көңілге түйгені өте көп азамат, Үржар аудандық аурухана департаментінің жетекші маманы, дәрігер Қайрат Зекенұлы Исмайловты әңгімеге тарттым. Қайрат екеуміз институтты бітіре салысымен 1975 жылы Науалыда таныстық. Ол осы ауылда өкпе ауруы емханасының бас дәрігері қызметін атқарды, ал жұбайы Шолпан ауылдың емханасында дәрігер болды. Қазір «ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей қыздары Махаббат та Үржарда аса білікті балалар дәрігері.

– Қайрат орта бойлы, аққұбаша келген, күлімдеген жанарлары бірқалыпты шуақ шашып, жүзінен ақылды адамдарға ғана тән мейірімділік пен жоғары саналылық, ширақ жүріс тұрысынан, дене бітімінен денсаулық самалы соғып тұрған, маңдайы – Сократ маңдайлы кере қарыс, өте парасатты, адамгершілігі мол, оқығаны мен тоқығаны көп, қазақтың тілі мен ғұрып дәстүрлерін, ауыз және жазба әдебиетін жетік білетін, қаламының ұшының желісі бар, қазіргі таңда сирек ұшырасатын зиялы қазақ азаматтарының бірі.

– Қайрат Зекен ұлы, көптеген емшілер мен дәрігерлер бас салып клизма қойып жатады, ал менің өз басым осы 7 жылдық ашығу тәжірибемде клизманы қойып көрген пенде емеспін, қан улануым, өздігімнен улануым ашыққан кезде мүлдем болмайды, осының себебі неде?

– Жәрәйді, бұл сұрағыңа да толықтай жауап берейін, мүмкін менің жауабым кейбір дәрігер мен емшілердің наразылығын тудыруы да мүмкін, бірақта «қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса» демеуші емес пе еді, ал тыңда.

3 – 10 тәулік ашыққан адамдарды, көбінесе ішегінің жұмыс істеуі алаңдатады. Шегелеп айтайын: бұл жөнінен мазасызданбауыңызға болады. Ашығу аяқталғаннан кейін ішек өзінің қалыпты жұмысын жалғастыра береді. Мен өзім ашығу кезеңінде қойылатын клизмаға, іш босатуға сенбеймін. Клизма – табиғатқа қарама қайшы, табиғатты зорлаудың қандай түріне болмасын мен сенбеймін, қарсымын. Осының іш өткізетін дәрілерге де қатысы бар. Ішектің өзінің санитарлық және залалсыздандыратын құралы бар, ішекте қалған тамақ, ашығу аяқталғанша бейтараптандырылады. Табиғаттың табиғи жұмыс жасауына бөгет жасамасақ, оның шығару жүйесінде мін жоқ.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.