Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Мен жігіт, он бес – отыз арасында,



Бұл жаста көп: берісі – аласым да..

Жалыны бойға симай сырттан көрініп,

Күн сайын тұрады артып қайрат күшім. Сұлтанмахмұт Торайғыров

 

Адам өмірінде дене қимылының алатын орны ерекше екенін жұрттың бәрі біледі, ал осы қимыл спортшыларда ең басты орында. Осы жаттығудың және салауатты өмір сүрудің нәтижесінде талай – талай асуларды бағындырған Ресейге танымал, Қазақстанға енді ғана өзін танытып келе жатқан кезінде Ресейдің даңқты спортшысы болған қояма қолтық шайқастан (рукопашный бой), ережесіз айқастан (бой без правила) және панкратионнан (гректердің ережесіз шайқасы), осы аталып өткен шайқастардың үшеуінен де халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан және соғыс самбосынан Ресей Федерациясының спорт шебері, соғыс самбосынан және ережесіз шайқастан Қазақстанның спорт шебері Ресей әскери әуе – десант күштерінің бұрынғы аға лейтенанты Қасабаев Саяуыш Өндірхан ұлымен кездесіп, салауатты өмір сүру мен дене жаттығулары жайында өзінің көзқарасын айтып беруді және өзінің өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетуін өтіндім.

Саяуыш сұңғақ бойлы, шымыр денелі, қайратты қара шашы аққұба өңіне жарасып тұрған аса келбетті жігіт. Күлімдеген қой көздерінен парасаттылық пен тектіліктің ұшқыны жалындап тұрғандай. Бүкіл дене болмысынан өлшеусіз қуат, сарқылмас қайрат, мұқалмас жігер, сыңғырлаған денсаулық, жалындаған жастық оты лапылдап тұрғанын сезесіз. Қимылы шалт, сөзі салмақты, әр сөзін байыптап ойланып барып айтады. Жүрісінен, киім киісінен – ақ: «а, мына жігіт кезінде әскери адам болған ғой деп бірден ойлайсыз».

– Саяуыш бауырым, енді оқырмандарға өзіңді қысқаша таныстыра кетсең, және осы денешынықтырудың адам ағзасына әсері, ерекшелігі неде?

– Жәрәйді аға, айтқаныңыз болсын, білгенімді айтайын.

Мен 1975 жылы 24 желтоқсан айында бұрынғы Семей обылысы,Үржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келдім.

1983 – 1991 жылдары Науалыдағы №2 орта мектепте оқыдым. 1984 жылдан бастап самбо күресімен шұғылданып 14 жасымда спорт шеберлігіне кандидат нормасын орындадым.

1991 – 1994 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепте оқыдым. Осы мектеп қабырғасында оқып жүргенде қазақша күрестен Алматы қаласының жеңімпазы (чемпион) болдым.

1994 – 1999 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Рязань қаласындағы генарал армии Маргелов атындағы әскери әуе – десант академиясын ойдағыдай бітіріп, әскери әуе – десантының офицер атағын алып шықтым. Осы оқу орнында спорттың түр – түрлерімен шұғылдандым.

1994 жылы әкери училищенің ішіндегі самбо және жекпе – жек айқас (рукопашный бой) бойынша жеңімпаз болып, әскери әуе – десанттарының құрама командасына мүше болдым.

1995 жылы Көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе – жек айқастан (рукопашный бой) әскери әуе десант күштерінің жеңімпазы (чемпион) атағын жеңіп алып спорт шебері нормасын орындадым.

1995 жылы Мамыр айында Ресей Федерациясының барлық әскери күштерінің арасындағы жарысында жекпе – жек айқастан күміс жүлдегері болдым.

1995 жылы Маусым айында Санкт – Петербург қаласында халықаралық жарыста панкратион (ережесіз айқас) бойынша күміс жүлдегер атандым.

1995 жылы Қараша айында бүкіл Ресейлік турнирде Омск қаласында жекпе – жек айқастан алтын медальға ие болып, Ресей Федерациясының жеңімпазы (чемпион) атағын жеңіп алдым.

1996 жылы Наурыз айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе – жек айқастан әскери әуе десант күштерінің жеңімпазы болып алтын жүлдені жеңіп алдым.

1996 жылы Мамыр айында Иркутск қаласында Ресей Федерациясының барлық әскери күштері арасында жекпе – жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алдым.

1996 жылы Маусым айында Вильнюс қаласында халықаралық жарыста панкратион күресі бойынша алтын жүлдеге ие болдым.

1996 жылы Қараша айында Омск қаласында бүкіл Ресейлік турнирде жекпе – жек айқаста алтын жүлдеге ие болып, Ресейдің «техникасы ең үздік спортсмені» атағымен марапатталдым.

1997 жылы Көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе – жек айқастан әскери әуе десант күштерінің арасында алтын жүлдені жеңіп алдым.

1997 жылы Мамыр айында Краснодар қаласында Ресей Федерациясының барлық әскери күштер арасында жекпе – жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алдым.

1997 жылы Қыркүйек айында Рязань қаласында облыстық жарыста бокстан жеңімпаз атандым.

1997 жылы қазақша күрестен Семей облысының «түйе палуаны» атағын жеңіп алғанмын

1997 жылы Қараша айында Омск қаласында бүкіл Ресейлік турнирде жекпе – жек айқастан алтын жүлдеге ие болып Ресей бойынша «техникасы ең үздік спортсмен» атағымен марапатталдым.

1998 жылы Ақпан айында Рязань қаласында бокстан облыстық жеңімпаз атандым.

1998 жылы Маусым айында Рязань қаласында бүкіл Ресейлік турнирде бокстан алтын жүлдені жеңіп алдым.

1998 жылы Көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе–жек айқастан әскери әуә десант күштерінің арасында алтын жүлдені жеңіп алдым.

1998 жылы Мамыр айында Москва қаласында бүкіл Ресейлік барлық әскери күштері арасында алтын жүлдеге ие болдым.

1998 жылы Шілде айында Москва қаласында Бүкіл Ресейлік жарыста «орыс жекпе – жегінен» түйе палуандықтан (абсолют) күміс жүлдегер атандым, осы финалдық шайқасты осы жылдың Желтоқсан айында Ресейдің орталық телеарнасы (РТР) барлық ТМД елдеріне көрсетті.

1998 жылы Қырықүйек айында Рязань қаласында самбо күресі бойынша облыстық жеңімпаз атандым.

1998 жылы Қараша айында Омск қаласында бүкіл Ресейлік турнирде жекпе – жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алып Ресей бойынша үшінші қабат «техникасы ең үздік спортсмен» атағымен марапатталдым.

1998 жылы Желтоқсан айында Рязань қаласында өткен халықаралық жарыста жекпе – жек айқастың жеңімпазы болып, алтын жүлдені жеңіп алдым. Осы жарыста «ең шапшаң спортсмен» атағымен марапатталдым.

1999 жылы Маусым айында «ережесіз шайқаста» (бой без правил) Санкт – Петербург қаласында өткен жарыста жеңімпаз атағына ие болдым.

2001 жылы Москва қаласында «ережесіз шайқастардың» тұрақты түрде жеңімпазы атағын жеңіп алып отырдым.

2003 жылы Рязань қаласында өткен «ережесіз шайқастардың» турнирінде жеңімпаздардың – жеңімпазы атағын жеңіп алдым (абсолют).

2003 жылы Бүкіл Ресейлік Харламов атындағы соғыс самбосынын жеңімпаз атандым.

2004 жылы Иванов қаласында өткен бүкіл Ресейлік спорттық айқастардың барлық түрлерінен: (кедергіден өту, пышақ лақтыру, мылтық ату, қояма – қолтық шайқас) – (универсальный бой) жеңімпаз атағын жеңіп алдым.

2004 жылы Наурыз айында Москва облысы Чехов қаласында (Олимпиский комплексте) өткен Европа чемионатында күміс жүлдегер атандым.

1995 жылдан жекпе – жек айқастан Ресей құрама командасының мүшесімін.

2005 жылы 18 – 20 Наурыз аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының соғыс самбодан (боевое самбо) өткен ашық чемпионатында жеңімпаз атанып, алтын жүлдені жеңіп алдым және соғыс самбодан Қазақстан спорт шебері дәрежесіне ие болдым.

2005 жылы Май айында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ережесіз жекпе – жек шайқасынан алтын жүлдегер болдым.

2006 жылы Наурыз айында Семей қаласында Қазақстан Республикасының ережесіз жекпе – жек шайқасынан жеңіпаз атанып, алтын жүлдеге ие болдым.

Жекпе – жек айқастың үш түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін (панкратион, ережесіз және қояма – қолтық шайқас), бокстан, соғыс самбосынан Ресей Федерациясының спорт шеберімін.

Бірінші жаттықтырушым Қазбеков Дәулет Қасенұлы, әлі күнге дейін өзім туған ауылда балаларды жаттықтырады.

Ресейдегі жаттықтырушыларым:

1. Васильев Генадий Арсентьевич – Ресейдің еңбегі сіңген жаттықтырушысы, жекпе – жек айқастан спорт шебері, тайквандодан 3 –ші дан.

2. Логовский Павел Мистиславич – Ресейдің еңбегі сіңген жаттықтырушысы, самбодан спорт шебері, қояма – қолтық айқасты бірінші енгізуші, полковник, Ресей әуе десант әскерінің спорт жетекшісі, жекпе – жек шайқас ассосациясының президенті.

3. Большаков Николай Иванович – СССР – дің еңбегі сіңген жаттықтырушысы, еңбегі сіңген спорт шебері.

4. Игнатов Герман Викторович – жаттықтырушы, бокстан спорт шебері.

 

Әсет аға, бірінші сұрағыңызға жауап бердім, енді екінші сұрағыңызға жауап беруге тырысайын.

Мен өзім осы спортпен шұғылданғаныма биыл тура 20 жыл болды, спортқа 10 жасымда келдім, биыл, Құдай бұйырса, Желтоқсан айының бітісінде 31 – ға толамын. Алғаш спорт табалдырығын өзіміздің ауылда аттадым, ал алғашқы ұстазым қазақша күрес пен самбодан спорт шебері Қазбеков Дәулет ағай болды, мен ол ұстазыма әруақытта қарыздармын деп есептеймін. Кейін Мәскеу қаласында өзім күресе жүріп жаттықтырушылық жұмыспен де айналыстым. Мен тәрбиелеген жігіттер қазір әлем деңгейінен көрінуде. Шәкіртім Сергей Харитонов ережесіз айқастан әлемнің үш дүркін жеңімпазы (чемпионы), қазір бокстан олимпиадаға дайындық жасауда. Сондай – ақ шәкірттерім Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі де Ресейде Рязань қаласындағы армия генаралы Мергалов атындағы әскери – әуе десант академиясының түлектері. Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі да жекпе – жек, қояма – қолтық айқастан халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Михаил Миненков Ресейдің халық қаһарманы т.б. жігіттер менің мектебімнен және дайындығымнан өтті. Жанат Сыздықов қазір Елбасымыздың күзет бөлімінде, ал Қуаныш Қошаеев Республикамыздың Бас Барлау басқармасында қызмет істейді.

Осы жаттықтырушылық жұмыс барысында адам физиологиясын терең білу қажет болды, сондықтан осы денешынықтыру саласын жаттықтырушы ретінде басқа қырынан зерттеуіме тура келді. Енді осы алған біліміммен аз да болса сізбен бөлісейін, егер осының біреулерге септігі тиіп жатса, халқыма аз да болса пайдам тиді деп білемін. Сіз тыңдаушы болыңыз, мен айтушы болайын.

Ауру – сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады. Б.Шоу

 

Сұрақ: – Қимылдамасақ не болады?

Жауап: – Қимылдамау – тат басу, ал таттану дегеніміз күш қуатыңның кемуі. Басқаша айтқанда, қимыл өмір, қимылдамау – өлім. Егер біз бұлшық еттерімізді пайдаланбасақ, онда біз осыдан айырыламыз. Бұлшық еттерімізді күшті және жас қалпында сақтағымыз келсе, біз оларды үнемі пайдалануымыз керек.

Сұрақ: – Тынымсыздықты қалай түсінесің?

Жауап: – Тынымсыздық өмірдің және көтеріңкі көңіл күйді сақтаудың заңы. Әр мүшенің күші мен жетілуі, қалай пайдаланғаныңызға байланысты. Біз денемізді жаттықтырған кезімізде, оны күшті қылып жаңартып өмір сүргіштігін арттырамыз. Біз бұлшық еттерімізді пайдаланбай ерінгенімізде, құлдырап барып өлеміз. Күнделікті жаттығу, біздің қан айналысымызды тездетеді, ал еріншектердің қаны еркін айнала алмайды, сондықтан онда денсаулықты сақтауға қажетті өзгерістер жүре алмайды. Үзбей дене шынықтыру жасамаған адамның өмір сүргіштігі әлсіз. Керісінше тынымсыз қозғалыс, теріміздегі 96 миллион тесіктер арқылы денеміздегі тері бездерінің еркін жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Тері ағзамыздағы ең көп шығаратын мүше. Егер теріңізге майлы бояу жағып қойса, адам аз ғана уақытта өмір сүре алмайды.

Дене жаттығулары термен бірге ағзадан улы заттарды шығарады. Тері табиғи тазалағыш. Егер біз күнделікті жаттығудан бас тартсақ, онда терінің тесіктері атқаратын жұмыстар, басқа мүшелерге ауыр салмақ болып ауады. Шапшаң жасалатын дене жаттығулары қан қысымы мен жүрек соғысын да реттейді, антикогулянт болады, яғни қан тамырларын тромбоз деп аталатын бікетілуден сақтайды, тромбоз жиі – жиі жүректің қысылуына ұрындырады.

Әрбір тірі жан иесі, мейлі адам не хайуан өздерінің бұлшық еттерінің қимылы арқылы ағзасын қалдықтардан тазалайды.

Егер де сіздің бұлшық еттеріңіз қимылсыз болса, нәтижесі келеңсіздікке алып келеді. Бұлшық еттер босап, күші мен серіппелілігінен айрылып қоқысқа толу қаупі төнеді. Сізде шығарлуға тиіс қоқыс шоғырлана береді, өзін өзі улануға ұшырайсыз. Қимылдың жоқтығы – аурулардың ең кең тараған себептерінің бірі.

Ашығу мен табиғи мәзір – ұзақ ғұмыр, денсаулық, жастық пен ымдастықтың тамаша одақтасы. Денеге қимылдап салмақ салу, тамақты молырақ ішуге сеп болады, себебі осы тамақ жаттығу жасағанда ысырап еткен қуатыңыздың орнын толтырады.

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Т.Карлейль

 

Сұрақ: – Саяуыш, өзің ашықтың ба?

Жауап: – Иә, мен 30 тәуліктен жылына екі қабат ашығып отырамын. Бұл кезде тек қана сұйық қара шәйға лимон ғана қосып ішіп отырдым, күніне үш қабат, 0,5 литрдан. Түс кезінде 250 гр, кешке 250 гр күнделікті айран ішіп отырдым. Күніне 0,5 л. Сондай ақ күніне 200 гр тауық сорпасын іштім. Осы аралықта 15 – 17 кг салмақ жоғалтамын, осы уақытта жарысқа тыңғылықты дайындаламын. Осы ереже мені жеңістен – жеңіске жетелейді, осылай 12 жыл бойы үздіксіз ашығудамын. Енді осылай ашығуды өмірімнің басты мақсаты қылып алдым. Осы ашығудан кейін денеме өлшеусіз күш пен, қуат құйылады,

Сұрақ: – Саяуыш, жаяу серуендеудің пайдасы бар ма?

Жауап: – Әрине, барлық дене жаттығулары пайдалы, бірақта жаяу серуендеу – бәріне ортақ. Ол сізді жалықтырмау керек. Аяғыңызды нық, аршындап баспаңыз, ең дұрысы еркін бос жүріңіз. Кеудеңізді шалқақ, басыңызды жоғары, еңкіштенбей табиғи қалыпта адымдаңыз.

Өз алдыңызға жақсы желаяқ болмасам да, қажымайтын жүрдек болам деген мақсат қойыңыз, жылдың қай мезгілі болмасын, күнделікті жаяу серуендеуді әдетке айландырыңыз. Егерде сізді қоршаған орта қызықтырмаса, өз жан дүниеңізге қараңыз. Сіз серуендеген уақытта күнделікті күйбіңнен азатсыз, егер қаласаңыз сіз ақын жандылық пен философияға жақынсыз. Әркім өзі біледі, бірақ мен үшін жаяу серуендеу де жақсы жаттығу. Бірақ нәтижесі біреу – бұлшық еттердің жақсы жұмысы, қанның жылдам айналуы, осыларға қосымша жарасымдылық пен бақытты екеніңді сезіну.

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі сергек әрі жайдарман көңіл күй. Х.Бостерм

 

Сұрақ: – Адамдардың аяғы неге ісіп кетеді?

Жауап: – Жаттығумен шұғылданбаған адамдардың аяқтарын ісік жиі басып кетеді, себебі қан айналымының нашарлығынан жасаушылар қалдықтарды уақтылы шығара алмайды. Жаттығудан бас тартқандарға ақталу жоқ. Адам тәндік жетілген бе, жоқ па дене жаттығуы бәріне бірдей әдет болып қалыптасуы керек. Бұл аурудың, мезгілсіз қартаюдың алдын алады және ағзаның шыдамдылығы мен қарсыласуын арттырады.

Сұрақ: – Дене жаттығуларының қандай пайдасы бар?

Жауап: – Дене жаттығулары байсалды қалыпты және тұнық ақылды сақтауға жәрдемдеседі. Таза ауадағы күнделікті 8 шақырымға серуендеу барлық келеңсіздіктерді басады. Жаттығу еркіңді шыңдап, көтеріңкі көңіл күй әкеледі. Ашығу бағдарламасы мен дене жаттығуларының көмегімен өзіңізді керемет жақсы сезінетін боласыз.

Әрине, ең жақсы жаттығулар бүкіл дененің бұлшық еттерін дамытатын. Арқаңыздың, беліңіздің, кеудеңіздің, ішіңіздің еттерін мықты да серіппелі болатындай дамытыңыз. Осы арқылы өкпеңіздің, бауырыңыздың, жүрегіңіздің, асқазаныңыздың және бүйрегіңіздің неғұрлым жақсы жұмыс істеуіне көмектесесіз.

Кеуде сүйегіңізді кеңейте, өкпеңіздің еркін қозғалуына мүмкіншілік жасайсыз. Серіппелі диафрагма жүрек насосының жұмысын тіптен жандандырады. Іш еттері қатайғанда асқазанның жұмысы жақсарады. Бұлтылдаған бұлшық еттер уақыт тезіне төтеп бере алатын қуат жинап, ішкі мүшелердің саулығын арттырады.

Сұрақ: – Ағзадан улар қай уақытта көп шығады?

Жауап: – Неғұрлым көп ашықсаңыз, соғұрлым улы заттар мол мөлшерде ағзадан шығарылады. Сіздің ағзаңыз тұрақты түрде тазаланған сайын, бұлшық еттеріңіз қуат жинай береді, ашығып болғаннан кейін еріншектіктің орнына тынымсыздыққа деген зор құлшыныс пайда болады. Егер ашығу барысында жаттығумен шұғылданғыңыз келмесе шұғылданбай – ақ қойыңыз. Ашығу сізге демалыс береді, қимылдағыңыз келмесе, онда дем алыңыз. Сіздің ағзаңыз бүкіл қуатын, өмірлік күшін ішкі тазалауға шығындап жатыр. 7 – 10 тәуліктік ашығуда серуендегіңіз келсе, серуендеңіз, бірақ өзіңізді қинап зорламаңыз.

Өмір үшін тамақ қандай қажет болса, денсаулық үшін еңбек те соншалық керек, ал дырдумен күн кешу түбінде адамға ауру болып жабысады... Еңбек өмірдің шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады. Дж. Беллерс

Сұрақ: – Бұлшық еттер неліктен босайды?

Жауап: – Сіздің бұлшық еттеріңіз мықты болғанда, омыртқаңызды күш түсірмей, қиналмай – ақ ұстап тұрады. Жердің тартылысымен күресуден бұлшық еттеріңіз босады. Мүмкін, мезгілсіз қартаюыңыз немесе артық салмағыңыз, денеңізді не еркін, не бос қалыпта ұстай алмауыңызға кінәлі шығар.

Сұрақ: – Омыртқа неге ауырады?

Жауап: – Арқаңызды тіктеймін, шалқаямын деп талпынған кезде, омыртқаңыз аурды ма? Егер осылай болса, тездеп қолға алу керек. Ең алдымен босаған бұлшық еттерді қатайту керек.

Айнаға өзіңізге қараңыз! Еңкіш тартқан жоқсыз ба? Жотаңыз бүкірейіп бара ма? Арқаңыздың ауратын себебін түсіндіңіз бе? Егер арқаңыз бұлшық еттің босағанынан, омыртқаның қисықтығынан ауырса, тіпті асқынып кетсе де қыңқ етпеңіз, жағдайды жөндеп алуға болады. Арқаның ауруы – екі аяқпен жүру артықшылығына ие болғанға немқұрайлы қарағаныңыз үшін берілген жаза. Түзу тұру мен жүру адам үшін табиғи қалып.

Адамның омыртқасындағы табиғи иін, жердің тартылыс заңына қарсы тұратын қабілетке ие, бұлшық етке арқаны түзу ұстауға мүмкіндік береді. Осы бұлшық еттер күшті болғанша арқа түзу болады. Бұлшық еттер әлсіреген кезде, омыртқа майысып, ауру пайда болады.

Егер сіз дұрыс тамақтансаңыз, өз ағзаңызға қамқорлықпен қарасаңыз, сымбатты болу мәселе емес. Ағза ең қажетті керектісінен айырылғанда, омыртқа қисая бастайды. Егер теріс әдеттерге әдеттеніп алсаңыз, онда түзету шараларына, арнайы жаттығулар жасауға және омыртқаны бақылауға үнемі бақылауға кірісу керек.

Түзу жүрсең, түңілген жаныңда еңсеңді көтерер, сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймассың. В.В.Вересаев

 

Сұрақ: Қалай дұрыс отыру, жүру керек?

Жауап: – Сіз отырған кезде басыңыз көтеріңкі, кеудеңіз шалқақ, қарныңыз тартулы, омыртқаңыз түзу болуы керек. Қолыңызды бүгіңіз немесе тізенің үстіне қойыңыз. Жүрген кезде, адымыңызды кеуденің ортасымен шамалаңыз. Бұл адымыңызды алшақ, серіппелі қылады. Бірқалыпты серіппелі қадам өзіндік қуат тудырып отырады. Әдеттерді не қалыптастырамыз, не жоғалтамыз, омыртқаны тік ұстап әдеттену, сымбатты да қайратты денені қалыптастырады.

Сұрақ: – Отырғанда қалай отыру керек?

Жауап: – Отырған кезде, аяқты бірінің үстіне бірін еш уақытта қоймаңыз. Тізенің астында, бұлшық еттерге қан апаратын екі үлкен қан тамырлары бар. Сіз аяғыңызды айқастырып қойған кезіңізде, қан айналымын қолма қол бұзасыз. Қан мен қорек айналысының жетіспеуі, қанның ұйуына әкеп соғады. Аяғын айқастырып отыруға әдеттенген жас адамдардың аяғына қараңызшы. Сіз тамырлар мен тамыршықтарының қалай бұзылғанын көресіз. Аяқтың бұлшық еттері қоректі толық алмағанда, аяқ әлсіз, қан айналымы нашар болады.

Сырын мен білетін бірден – бір сұлулық – денсаулық. Г. Гейне

Белгілі жүрек емдеу дәрігерінен сұрағанда: «Қай уақытта жүрек жиі қысады?». Ол жауап берді: «Адам аяғын айқастырып дем алып отырғанда» – деп. Ең дұрысы аяғыңды жерге қойып отыру.

Сұрақ: – Омыртқаның қисықтығын түзеуге бола ма?

Жауап: – Омыртқаның қандай болмасын қисаюы, кеуденің ауруына және иықтың салдырап шаршауына әкеледі. Мойның, белің аурады. Ең бір қарапайым да пайдалы әдет – түзу тұру, түзу отыру, түзу жүру және аяқты айқастырып отырмау. Осыған ешқандайда қуат шығындап қажеті жоқ, бірақта адам тұрғанда, жүргенде, түзу отырғанда, омыртқа өзінен өзі түзеледі және өмірлік маңызы бар барлық мүшелер қалпына келіп, қызметін мінсіз атқара береді.

Сонымен, сіз омыртқаңыздың түзулігін қадағалап, күнделікті әдетке айландыруға тиіссіз.

Қайрат етер мезгілде,

Жүк көтерер нардай бол.

Ақыл айтар мезгілде,

Мың жасаған шалдай бол. Бауыржан Момышұлы

 

– Саяуыш, сен салауатты өмір салтын ұстап осындай биік шыңдарға қол жеткіздің. Өз бетіңше 9 классты бітіріп Алматыдағы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепке оқуға түстің, әр қазақтың қолы жете алмайтын Рязандағы әскери-әуе десант академиясын ойдағыдай бітірдің және 5 – 6 жылдай Ресейдің бас барлау басқармасында (развед управления) қызмет етіп бірнеше әскери орден, медальдармен марапатталып аға лейтенпнт шеніне дейін жеттің, тіпті сені Ресейдің спорт комитетінің төрағасының орынбасары қызметін Перников Сергей Николаиевич және Ресейдің спорттық дайындықтың әуе десантының бастығы полковник Логовский Павел Мисеславич та ұсынды. Осының бәрін тастап келуіңнің себебі не?

– Аға, мен ауылда туып өскен баламын, шет жерде көп жүріп, көп көргеннен бе білмеймін өзімде отан сүйгіштік, патриоттық сезім мол, сондықтан спорттағы және әскери соғыс тәжірибемді еліме, халқыма берсем деген ой соңғы жылдар мазалап бой бермей қойды, елді сағындым. Атам қазақ айтады ғой: «басқа жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», – деп. Ол жақта жаман тұрған жоқпын Мәскәуде, Рязанда үйім болды, бірақ жаңа айтып өткен сезімдер отаныма қайтуға мәжбүр етті, «ит тойған жеріне, ер туған жеріне» дегендей. Сонан соң өз еркіммен әскер қатарынан босап елге осыдан 2 жыл бұрын қайта оралдым.

Сұрақ: – Саяуыш, қазір не істеп жүрсің?

Жауап: – Әсет аға, мен қазір Қыркүйек айында Грецияда болатын әлем біріншілігіне дайындалып жүрмін.

Сұрақ: – Саяуыш бауырым, осы спорт қиыншылықта саған көмектесті ме?

Жауап: – Осы спорт маған Кавказ тауларында қатты көмектесті, әсіресе арқар асу өтпейтін асуларда.

 

15 Сәуір сенбі, ашығуымның жиырма екінші тәулігі

провизор (дәрі – дәрмек жасайтын маман)ерлі зайыпты Қамбар Ризаұлы мен Үміткүл Мұқашбековтардың бірінші толғауы: Қазақта денсаулыққа байланысты қандай ырымдар бар?Адамына қарай ауруы дегенді қалай түсінеміз?

Біреуді жақсы жолға бастаған адамға және сол жолға түскен адамға ерекше сауап жазылып тұрады. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с.)

Таңертең өзімді жақсы сезіндім, бәлендей өзгеріс жоқ. Қайнаған ыстық суға балды қосып ішудемін, бірақ бал мен лимон салуды азайттым, бұрын 4 үлкен қасық бал, 2 лимон салушы едім, қазір 3 қасық бал мен 1 лимон саламын, себебі осыны маған ішкі даусым хабарлайды. Жұмысқа деген шабытым керемет, ақылым, ойым күннен күнге ұшқырланып, компьютордың алдында таңғы 6 – дан, түнгі 12 – ге дейін шаршамай отыра беремін, жазған сайын бұрынғы ұмытылып қалған оқиғалар бірінен кейін бірі бейне таспа көргендей көз алдыма келіп тұрады. Тәулігіне 5 – 6 сағат қана демаламын. Ұйқым сәбидің ұйқысындай, басым жастыққа тиісімен – ақ қатып ұйықтаймын, көзімді жұмып қайта ашсам – ақ болды, бозарып таң атып келеді, жұмысқа жігерленіп қайта кірісемін.

Адамдардың аты жөндері, мінез құлықтары, істеген қызметтері, айтқан сөздері мен қызықты әңгімелері кешегідей көңілімде сайрап тұр, міне осылар да ашығудың бір кереметін айшықтап тұрған жоқ па?

Сұрақ: Рахым Алмабек ұлы, енді қазақтың денсаулыққа байланысты ырымдарын, ана жолы Қамбардан үн таспаға жазып алып едім, соны тыңдап көрсек қалай?

Жауап: – Мұндай білімді де, білікті азаматтарды тыңдаудың өзі бір ғанибет емес пе, тыңдайық.

Қамбар сұңғақ бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей, аққұба өңді, елуді еңсеріп қалған, келіскен жігіт ағасы. Өмір сүру қағидасы – салауатты денсаулық бағдарламасы. Әкеміз сияқты сөзге шешен, әзіл қалжыңның түбін түсіреді. Ойы жүйрік, пайымдауы ауқымды. Әрқашанда жұмысты ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленіп жүреді. Адамгершілігі мен азаматтығы мол, көп оқып, көп нәрсені көңіліне тоқыған аса мәдениетті қазақтың зиялы азаматтардың біреуі. Мамандығын өте жетік білуді ғана біліп қоймай, бұрынғы қазақтың денсаулыққа байланысты ырымдарын да жетік біледі, халық емінде жиі пайдаланылған дәрі дәрмектерге қолданған дәрі дәрмектік заттарды және қандай ауруға дәру екенін де жақсы біледі.

Сұрақ: – Қамбар, өзің провизор ғана емес, оның үстіне дәстүрлі қазақ емдерін, тазалық сақтауға қатысты қазақ ырымдарын да жетік білесің, осы туралы біраз айтып берсең, мүмкін оқырмандарға пайдасы тиер.

Жауап: – Жарайды айтайын. Әсет, сен алдыңғы ашығу туралы жазған күнделігіңнің кейбір күндеріне мен айтқан ашығу қағидалары, сол мезетте адам ағзасында жүретін физиологиялық ағымдарды жақсы өрбітіп, оқырманға түсінікті тілмен жеткізе біліпсің, осыған ризашылығымды білдіремін, енді қазақ ырымдарын жазып ал:

Түнде жүкті әйел айнаға қарауға болмайды.

Жүкті әйел түйе етін жемеуі керек, онда құрсағындағы баласын 9 ай емес 12 ай көтереді.

Жүкті әйел арқан аттауына болмайды, арқан аттаған келіншектің құрсағындағы нәрестесінің кіндігі оралып қалады.

Қайта – қайта түсік тастайтын келіннің енесі көйлегінің етегін қашан толғағы басталғанша бүріп қоятын болған.

Үйге түскен келін өзінің ішкі киімін алғашқы нәрестесі туғанша қысқартпайды.

Бойына бала бітпей жүрген бедеу әйелге толғатып жатқан әйелдің жанына болуға ұлықсат жоқ.

Әйелдің түнде суға баруына болмайды.

Жаңа туған сәбидің кіндігі қатқанша, ымырт жабылғанда үйден күл шығаруға болмайды.

Босанар алдында босану жеңіл өту үшін сандықтардың қақпағын ашып қояды.

Әйелді босандыру кезінде қазан қағып, толғатып жатқан келіншектің көйлегін жүр! жүр! жүр!, шық! шық! шық! деп жерге ұратын.

Бесікте жатқан балаға ай сәулесін түсірмеуге тырысқан.

Зарығып көрген баласына тіл тиіп ауырып қалмасын деп жаман ат қою, көз тимесін деп жаман киіндіру де орын алып келген.

Әулие аталған кісілердің топырағын қасиетті санап, балаға жалатады, бесікке түйеді.

Жаңа туған әйел киіз үйге кірген итті қумайды, бұлай етсе тістері түсіп қалады деп қорқады.

Жас нәрестенің мойыны тез бекуі үшін шілдеханасына сойылған қойдың омыртқасын түгелдей тіс тигізбей тазалап жейді де, кірер есіктің маңдайшасына іліп қояды.

Сынық бекітетін құрал әркімге керек езінде ғана жарақатының көлеміне қарай арнайы жасалынады да, сынық бекіген кезде өртеліп жіберіледі. Сынық бекітетін құралды алдын ала жасап қойса жаман ырымдарға шақырып тұрады деп алдын ала жасамаған.

Күн батқаннан кейін аурудың көңілін сұрамайды.

Көзге шыққан теріскенді қарғап сілесе кетеді. Ықылықты өкіндіру не ашуландыру немесе қорқыту арқылы қайтаруға болады.

Денесіне есекжем шыққан жан етегіне жем салып есекке берсе кетеді деп санаған.

Қазақтардың ескіден келе жатқан түсінігі бойынша ескі қорымды дәретсіз аралаған кісі «сарп» ауруына ұшырайды.

Әйелдер бала көтермеу үшін, құмырсқаның илеуіне дәрет сындырса болғаны.

Судан шошынғандардың емі – қырық үйден қырық қазанның тістеуі керек.

Таңертең жуынбай тұрып, күнге қарау қатер. Мұндайда адамның бет – жүзі сарғыштанып, ісіне бастайды.

Тырнақты, шашты тек бейсенбі мен жұма күндері алған.

Құлақтың іші іріңдеп «бұлық» ағып жазылмаса, ағаштың жас бұтағын, не болмаса жаңа сойылған малдың бауырын не бүйрегін күн көзіне кептіретін болған. Ондағы мақсат кептіріп отырған ағаштың жас бұтағы, малдың бауыры, бүйрегімен бірге құлақтың бұлығы да кебеді деп санаған.

Қазақтың пір тұтқан атақты кісілерінің атын баласына қойып, олар отырған жерге баласын аунатып алатын, аузына түкіретін. Ондағы мақсат ауырмай – сырқамай ер жетіп, әлгі кісідей болсын дегені.

Сұрақ: – Үміткүл Жұмабайқызы, адамына қарай ауруы дегенді қалай түсінеміз?

Жауап: – Иә, зерттеушілер кісінің мінез-құлқы, тұлғалық, тұрмыстық қалпы қандай болса, сырқаты да сондай, – дейді. Мәселен, бірқатар кеселдердің себебін мамандар былайша болжайды:

Асқазан аурулары – өзгеріс атаулыны қорқып, үркіп қабылдаудан, жаңалықты нәрсені игеруге қабілетсіздіктен.

Өтке тас байлану – ауыр ойдан, күйініштен, менмендіктен.

Дизентерия – бойды ашу-ыза билегеннен, әлденеден қорқып үркуден.

Сүмбі (киста) ісік – көңіліңнен өкпе реніш кетпей қойғаннан.

Қан қысымының артуы – бастан шықпай, әбден мезі еткн ой – сезімнен.

Қан қысымының кемуі – сәби шақтағы аялап, еміренудің кемістігінен. Бар үмітің кесілгендей күйзеліп торығудан.

Қасқа бастық – ауыртпалықтан, өзіңе қатыста шаруаның бәрін өз көзіңмен көргің келіп, үнемі күмәнданып жүруден.

Шел (катаракта) – алдағы күнге деген уайымнан, қуана білмеуден.

Ауыздың иістенуі – көкіректің, пиғылдың таза еместігінен, лас ой, лас қарым – қатынастан.

Құяң (радикулит) – ақшаны, болашақты ойлап көп үрейленуден. Жұртпен қарым – қатынастағы екіжүзділіктен.

Бүйрекке тас байлану – тарқамаған ашу – ызаның түйнектелуі.

Жүрке талмасы – бүкіл қуаныш – қызықты ақша мен мансапқа айырбастаудың салдары.

Көзге ақ түсуі – біреуге кек сақтап, өмірге назаланудан.

Қорылдап ұйықтау – тірліктің үйреншікті қалыбынан шыға алмаудан.

Бала көзінің ауыруы – үйдегі келеңсіздікті көргісі келмеуден.

Бауырдың ауыруы – ашу-ызадан, көңі күйдегі жайсыздықтан.

Аллергия – маңайдағы әлдекімді жақтырмаудан.

Іріңді жара – өкпе-ренішті ұмыта алмаудан.Баспа (ангина) – дөрекіліктен, былапыт сөйлеуден.

Артрит – жұрт алдындағы абырой-беделіне көңілі толмаудан, өзімшілдіктен.

Сүйел – басқаларды көре алмаудан, біреулерді оңды-солды орынсыз балағаттаудан.

Бронхит – отбасындағы қолайсыздықтан, дау дамай, ұрыс керістен.

Көк тамырдың кеңеюі (варикзное расширение вен) – өз мүмкіндігіңнен төмен, шарасыз күйде жүргендей сезінуден.

Қабыну кеселдері – өз жағдайыңа қанағаттанбай үнемі өкініштің, ызаның үстінде жүруден.

Көз аурулары – маңайыңыздағы өзіңіз көріп, жүрген жай-күйдің ұнамауынан.

Алыстан көрмеу – болашақтан қоқудан.

Жақыннан көрмеу – көз алдыңыздағы жағадайға қарағыңыз келмей қашқалақтаудан.

Глаукома – ешкімді, ештеңені кешіре білмеуден. Аденоид – баланың үйдегі дау-дамай, талас-тартыстан мезі болуынан, өзін қажетсіз сезінуінен.

Маскүнемдік – адамның дәрменсіздігі жанына тыныштық бермеуден, өзін әлсіз, қажетсіз сезінуден.

Амнезия (еске сақтау қабілетінен айырылу) – үнемі қателесіп, өкініп, опынудун.

Қатарлі ісік – ішкі мазасыздықтан, біреуг өкпелесең ешқашан ұмыта алмаудан, кешіре білмеуден.

 

16 Сәуір жексенбі, ашығуымның жиырма үшінші тәулігі

провизор (дәрі – дәрмек жасайтын маман)ерлі зайыпты Қамбар Ризаұлы мен Үміткүл Мұқашбековтардың екінші толғауы: Қазақ емдерін қалай қолданған? Қазақ емдеріне қандай заттарды дәрі ретінде пайдаланған?

Дәрігерлік ілімді игермеген адам өтірік емшілік жасаса, ол адамдарға жасалған зұлымдық болады. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР

 

Ұйқыдан керемет сергек тұрдым, өзімді бірқалыпты жақсы сезінемін. Сағат таңғы 6 – да тұра салысымен, біраз тыныс жаттығуларын жасап, жұмысқа қайта жаңа қарқынмен кірістім.

Осы жиырма үш тәулік ұстаған ашығуым денсаулығымды керемет түзеп жібергеніне мен сенімдімін. Жалпы ашығумен шұғылданғаныма 7 жыл болды. Бүгін ашығуымның 23 – ші күні ғажап жағдай болды. Мен өзімнің саяжайыма жаяу барып, күн сәулесі мен таза ауада рахаттанып, біраз жеңіл – желпі жұмыс істеп қайттым. Үйге келгеннен кейін кенеттен, өмірі болмаған ауру, асқазаным жан шыдатпай бұрай бастады, ішімді босаттым, үлкен дәреттің орнына қап қара май сияқты – ішек, асқазан т.б мүшелерге жабысып қалған қалдықтар жапырақ және тілім – тілім болып көп мөлшерде бейнетаспалар сияқты қап қара таспалар шықты. Осы күннен бастап, керемет денсаулықтың не екенін білдім, денсаулығым күрт жақсарды. Менің өмірлік күшім, ашығу бағдарламасын ұстанып, табиғи тамақ, таза ауа, күн шуағы, дене шынықтырулардың арқасында көп ұлғайды. Мен осы жылдары бала күнімде және ауырған кезде ішкен талай дәрілердің қалдықтарынан, улардан құтылғаныма сенімдімін.

Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, кешегі бауырым Қамбарды айтып едім ғой, қазақ емдерін де жақсы біледі деп, енді осы туралы айтқан үнтаспасын тыңдауға қарсы емессіз бе?

Жауап: Бауырым – ау, о не дегенің, кешегі ырымдарда халқымыздың неше түрлі өнегелік, тәлім – тәрбиелік жақсы жақтары тұнып тұрған жоқ па? Осыларды білгендігіне алғысымды білдіремін, айта барарсың.

– Әрине айтып барамын, мен үнтаспамды қосайын, тыңдаңыз.

Сұрақ: – Қамбар, өзің жәй ғана провизор емес, қазақтың халық емдерін де жете білетініңді білемін, енді кешегі әңгімемізді әрі қарай сабақтап, қазақтың халық емінде жиі пайдаланылған дәрі дәрмектерге қолданған дәрі дәрмектік заттарды және қандай ауруға дәру екеніне шолу жасай кетсең.

Жауап: – Мақұл, қазақтың дәстүрлі халық емшілігінде қолданылған дәрі – дәрмекте «адал» және «арам» дәрілер деп екі топқа бөлінеді:

Адал дәрілерге: Өсімдіктен жасалынатын, еті жеуге келетін жануарлардың еті, сүті, майы, терісі, жалы т.б. және минералды не химиялық заттардан жасалынған дәрілер;

Арам дәрілерге: Еті жеуге жарамайтын жануарлардың еті, сүті, майы, терісі, т.б.

Дәрі – дәрмектер: Қайнатынды, ұнтақ, балшық, сылама майлар, ашытылған ағарған шарап, шәрбаттар, тамшы түрінде қолданылатындар

Шәрбат дәрілерге: Құмшекер, бал, жеміс шырындарын қосып жасаған дәрілер;

Шарап дәрілерге: Спирт, арақ, шарап қосып дайындайтын дәрілер;

Тамшы дәрілерге: Ішіуге, көзге, мұрынға, құлаққа тамызу үшін дайындалған дәрілер жатады.

Адамның қаны Мұрынның қаны тоқтамаған адамның өз қанын кептіріп, мұрнына үрлеген.

Айран Жылан шаққан жерге жаққан, ішек ауруларына ішкен.

Ақ қаздың өті Ішек ауруларына, құрт ауруға ішкен.

Алмас (сулема) Сыртқы жараға, мерезге қолданған.

Арақ Мерезге, оташылар ауыр сынықты саларда ішкізген.

Ара балы Қызылшаға, жөтелге (терлету) үшін қолданған.

Аю өті Талма ауруға суға қосып ішкізген.

Аю майы Буын ауруларына қыздырып жаққан.

Әйелдің емшек сүті Көз ауырғанда шайған.

Әк (известь) Күйікке сепкен.

Қаздың майы Күйікке, үсіген жерге жаққан.

Баланың несібі Көз ауырғанда шайған.

Балық айы Көзге ақ түскенде және мешел ауруға ішкізген. Көздің нұрын жақсартады деп тамызған.

Безгелдек жұмыртқасы Безгек ауруына кептіріп, ұнтақ түрінде берген.

Бидай ұны (қамыр) Күбірткіге, шиқанға, сыздауыққа жылыдай таңған.

Бұғы мүйізінің қаны Дене әлсізденгенде, бас айналғанда, жүйке ауруларына ішкен.

Бұғы мүйізінің сорпасы Дене әлсізденгенде, сыртқы жараларға, аяқ – қол сырқырап, бел шойырылғанда ішкен.

Былғарының түгі Сыртқы жараға, күйікке сепкен.

Бөдене жұмыртқасы Көз ауырғанда кептіріп бүркіп сепкен.

Борсық майы Құрт ауруға, көк жөтелге ерітіп ішкен.

 

«Ешкінің еті жеңіл, сорпасы асыл, тез торалтады» деп сырқатынан айыға бастаған адамды қазақ ешкі етімен тамақтандырған.

Ешкінің еріген тоң майы От шарпыған денесіндегі күлдіреген жара тез жазылуы үшін шүбірекке малып орайды. Бұл күйген жердің суын тез сорып, жараланған жерге өң береді.

Ешкінің зәрі Құлақ ауруына тамызған.

Ешкінің майы Күйген жерге таңған.

Жағылған қағаз тұнбасы тіс ауруына пайдаланған.

Жарқанаттың еті, сорпасы,

құмалағы Сүйек сырқырағанда, әртүрлі жарақатқа, көз, безгек ауруына қолданған.

Жарық май (вазелин) Күс – күс болып тілініп кеткен жерге жаққан.

Жер май (кеосин) Ісікке, безгекке, тіс ауруына, сыздауыққа қолданған.

Жер ошақтың қызыл топырағы.

Жылынның түлеген

Терісі Тіс ауырып қақсағанда ауырған тіске басқан.

Жылқы жалы Күйген жерге өртеп күлін сепкен.

Қазанның қара күйесі Тамақ ауырғанда саусаққа жағып алып басқан.

Қар Үсіген денені ысқылаған.

Қарғаның жүні Шашы түсіп айнатаз болған кісінің шашын қайта өсіру үшін қайнатып бүріккен.

Қарақұйрықтың безі Саусақтың басына қиғақ түскенде таңған.

Қара дәрі (порох) Мерезге қолданған.

Қара сабын

(сақар сабын) Сыртқы жараға таңған.

Қарлығаштың миы Нәрестенің жолдасы түспегенде сары майға қайнатып ішкізген.

Қарлығаштың саңғырығы Көздің ағын кетіру үшін сепкен.

Қасқырдың өті Құрт ауруына ішкізген.

Қасқырдың бауыры Құтырған ит қапқан кезде жегізген.

Құзғынның саңғырығы Теміреткіге сепкен.

Күл Қан тоқтатуға қолданған.

Қойдың өті Құлақ бітеліп қалғанда тамызған. Көзге ақ түскенде, теміреткіге, шаштың арасында болатын бөртпеге қолданған.

Қошқардың қойығы

(ұрығы) Мерезге қолданған.

Қоянның кепкен өті Қояншық ауруына ішкізген.

Қоянның миы Талма, қалтылдақ ауруға қуырып жегізген.

Көк дәрі Жараны күйдіруге қолданған.

Көмір ұнтағы Кесілген жерге сепкен.

Қуырылған пияз Күбірткіге таңған.

Құмырсқаның илеуі Жылан шаққан кезде, илеуін суға салып қайнатып, қоймалжың түрінде таңған.

Құмшекер Кесілген жерге таңған.

Қызған темір Сүйек құртын күйдірген.

Құрқылтайдың ұясы Жатырына суық тиген әйел қайнатып булауға түскен, бүйрек ауруына ем ретінде ішкен.

Кірпі еті Көздің көру қабілеті арту үшін пісіріп көзге таңған.

Қымыз Көбіне құрт ауруына ішкізген.

Кептердің еті Қуықтағы тасты ерітуге, қышыма, бөрткенге, қызылшаға, безгекке жеген.

Кептердің саңғырығы Күйген күйікке, жараға сепкен.

Күкірт Тері ауруларына, қотыр, қышыма, денеге бөртпе, есекжем шыққанда қолданған.

Күшала Дене жансызданғанда, құрт ауруына, сал ауруға, әлсіздік пайда болғанда ішкен.

Мал омыртқасының

жұлыны Сыздауықтың аузын шығару үшін жылыдай таңған.

Мәліннің еті Асқазан ауырғанда, қыжылдағанда, жел – құз ауруларына жеген.

Мәліннің майы Асқазан ауырғанда, қыжылдағанда, жел – құз шойырылғанда, буынға сарысу жиналғанда қыздырып жаққан.

Мумие Сынықтың бекуіне ішкен.

Мүсәтір Иіс тигенде, сыздауыққа, сары қотырға пйдаланған.

Мысықтың қаны Қанын кептіріп көзге ақ түскенде қолданған.

Насыбай Тұмауға иіскеткен.

Оттықтың күкірті Безгекке, тері ауруларына пайдаланған.

Сары май Жарыққа жағып, тұмауға ыстық сүтпен ішкізген.

Сасық күзеннің терісі Аршаға қосып өртеп үй маңайын, ішін аластап әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қолданған.

Сауысқанның еті Сүйек сынғанда, мерез ауруына жеген.

Сауысқанның өті Көз іріңдегенде, көзге перде пайда болғанда ішкен.

Сауысқанның миы Қуық тұтылғанда, несеп жолының ашылуы үшін ішкен.

Сиыр өті Көк жөтелге ішкізген.

Суырдың еті Асқазан ауруына жеген.

Салидол Жарыққа жаққан (сынық).

Суырдың майы Денеге сары су жиналғанда, буын сырқырағанда жаққан. Қуық ауруларына шүберекке малып таңған.

Суырдың терісі Буынға сары су жиналғанда жылыдай таңған.

Суық су Иіс тигенде, ұшынғанда бүріккен.

Суық темір Ісіктерді қайтару үшін басқан.

Сынап Мерезге, құрт ауруына ішкізген.

Тау ешкі мен таутеке еті,

сорпасы Асқазан ауруына пайдалы.

Тау ешкі, тау теке терісі Іш кепкенде, суық тигенде, сарысу жиналған жерге тартқан.

Тауықтың жұмыртқасы Күйікке жаққан.

Тауықтың терісі Жараға таңған.

Түйенің жабағысы Күйікке күйдіріп, күлін сепкен, бел ауырғанда тұзға салып таңған.

Түйенің өкпесі Көз ауырғанда пісіріп жылы күйінде таңған.

Түлкінің қаны Өкпе ауруына ішкен.

Тұзды су Көз ауырғанда, ауыз уылғанда, күйген жерді шайған.

Тотыяйын Теміреткіге, баспаға, ісіктің аузын шығаруға, құтырған ит қапқанда, көтеуге, құлақтың бұлығына, тіс ауруын емдеуге қолданған.

Тотықұстың өті Көз ауырғанда тамызған.

Тышқанның терісі Сыздауыққа, күбірткіге жылыдай таңған.

У қорғасын Жел – құз қозған, тіс ауырғанда қолданған.

Шай самасы Көз ауырғанда ыстық күйінде таңған.

Шілдің еті Жүйке ауруына етін жеп, сорпасын ішкен.

Шұбар құрбақа Күйдіргі ауруына тірідей таңған.

Ыстық құм Бел ауырғанда ыстықтай таңған.

 

 

20 Сәуір бейсенбі, ашығуымның жиырма жетінші тәулігі

Ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлы Мұқашбаковтың жетінші толғауы.Тақырыбы: Менің бала күнгі жағдайым. Бала күнгі аурушаңдықты қалай жеңдім, Семейге барып оқу оқуым. Спорттың маған тигізген пайдасы.

Адам ағзасы физика, химия заңдарына сәйкестендіріліп жасалған. Олар ешуақытта өзгермейді. Бұл заңдар әрбір жүйкеге, әрбір талшыққа, әрбір мүшеге жазылған. Бұл заңдар клеткаларды, талшықтарды, мүшелерді басқарады және әрқайсысына міндеттерін бөліп берген. Бұл заңдар бүкіл ағзаны аралайтын жүйке жүйесі арқылы әрекет етеді, жүйке жиілігін тудыратын және санаға тікелей бағынбайтын талшық жүйке жүйесі арқылы да заңдарды іске асырады.

Хенри У. Волммер, медицина докторы

 

 

Оянғанда өзімді тамаша сезініп, өте жеңіл тұрдым. Алдыңғы үш күн ашығуым да ойдағыдай өтті. Кеше сәрсенбі күні жергілікті ауруханаға барып қан қысымымды өлшеттім, сол қолымдікі 110/80, ал оң қолымдікі 120/80 керемет көрсеткіш. Медбике тамыр соғу жиілігін анықтай алмай қойды, себебі қан тамырымның соғысы білер білінбес қана, өзім санағанда минутына 62. Бұл да жаман көрсеткіш емес, салмағымда әзірше өзгеріс жоқ. Сағат таңғы 9 – да үлкен дәретке отырдым, ішімнен қап қара қоқыстар шықты, егер осы күнге дейін ішімнен осыншама қоқыс қалдық шығып жатса, басқа елдікі не болмақшы? Бұрынғы ашығуларымда осындай мөлшерде қоқыстар шығып көрген жоқ, ендеше қайнаған ыстық суға үлкен 3 қасық бал мен 1 лимон қосып ішіп жүргенім өте дұрыс. Ыстық су мен бал іштегі қалдықтарды ерітіп тазалап жатыр, бұған қуанбасам ренжімеймін. Ашығудың басты бағдарламасын 7 жылдан кейін, өзіме – өзім тәжірибе жасау арқылы енді ғана таптым. Бұл менің ашығу іліміне қосқан үлкен жаңалығым.

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, бала күніңде қалай өстің, денсаулығың қалай болды?

Жауап: – Рахым Алмабекұлы, мына сұраққа толық жауап бере кетуге тырысайын.

Бала күнімнен өте аурушаң болып өстім, бірақ кітап оқуды керемет жақсы көрдім. Бала күннен дос болған, он жылдықты бірге бітірген Нұрғазин Сәрсембай, Орақбаев Бейсен үшеуміз бүкіл кітапханадағы кітаптарды іздеп, жарысып оқитынбыз, қазір екеуі де марқұм болып кетті. Бейсеннің бала күнінен жүрегі ауыратын, ал Сәрсембай кейіннен салауатты өмір салтын ұстанбай, соның салдарынан 50 – ден асқанда, Бейсен жүрегі тоқтап қалып 50 – ге жетпей екеуі де фәни өмірмен қоштасты, бірақ арттарында жақсы азамат болған ұлдары мен қыздары қалды.

Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді епті болмақ, өз ақыл ойыңды, өз еркіңді осылай шыңдау қажет. М.Горький

 

Өстіп сүйретіліп жүріп 7 – ші класқа да жеттім, бірақ денсаулық дұрыс емес, бұрыс. Өзіммен құрдас балалармен күрессем жеңіліп, жүгірсем өкпем өшіп, қалып қаламын. Бір күні «Қазақ әдебиеті» оқулығынан Тұрар деген баланы&#

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.