Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Даланы, сай – саланы. Ат шаптырып, ас беріп, 8 страница



Сұрақ: – Ағза қалай майланады?

Жауап: – Ағза өзіндік майланады, майлағыштың негізі су. Ол мүшелердің бір бірімен қажалуына мүмкіндік бермейді, буындарда сүйектердің еркін қозғалуына көмектеседі. Сіз тізеңіз бен шынтағыңыз майланбаса бүге алмайсыз. Ағзаның негізі майлау жүйесі болып, әр түрлі қысымдарды тудырып, әр түрлі қысымдарға төтеп береді. Бұлшық еттердің 3/4 бөлігі су болғандықтан, қалыпты жұмысы сусыз әрекет ете алмайды. Біздің ағзамызда судың азайған кезде шаршайтын себебіміз осы.

Сұрақ: –Ағза суды қалай табады?

Жауап: – Сіздің ағзаңыз қажетті суын өзі табуға тиіс. Бірінші жолы белгілі. Бұл құрамында суы бар тағамдар – жемістер, шырындар, сұйық тамақ, сусындар, уақтылы тамақтану т.б. Жұмыртқа 70 пайыз, өрік 80 пайыз судан тұрады. Барлық құрғақ, қатты тағамдардың 25 пайызын су құрайды.

Сұрақ: – Метаболикалық су дегенді қалай түсінеміз? Ағзаға күніне неше литр су керек?

Жауап: – Үшінші маңызды судың көзі – метоболизм (асқазанға түскен тамақ тірі затқа айланып, одан қуатқа айналу кереметі), ағзада жүретін химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын метаболикалық су, клеткалар ағзаға түскен тамақты сіңірген уақытта болады. Осының жақсы мысалы түйенің су өндіруі. Түйе ішкендегі сияқты суын өндіреді. Кейбір жәндіктер де, суы аз тамақ жесе де, осындай су өндіруге қабілетті.

Адам күніне орташа 2,5 литр пайдаланады, ал ағзасында 5 литр мөлшерінде су айланып жүреді. Айырмасы метаболикалық суды құрайды.

Сұрақ: – Ағзаға су жетіспесе не болады?

Жауап: – Су жетіспегенде ағза қарсыласады. Біріншіден без кішірейіп, сілекей азайып, ауыз кеберсіп шөлдейміз. Осы сезім ағзаға тез су кіргізу керек екенін хабарлап тұр. Егер судың жетіспеуі ұлғая түссе, басқа белгілер пайда болады – бас аурады, жүйке жұқарады, асқазан бұзылып т.б. көптеген келеңсіздіктер келеді. Су осылардың бәрін тез арада қалпына түсіреді.

 

 

12 Сәуір сәрсенбі, ашығуымның он тоғызыншы тәулігі

Академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің тоғызыншы толғауы. Тақырыбы: Ауа туралы не білеміз? Біз қалай тыныс аламыз? Ұзақ жасайтындар неге баяу тыныс алады?

Тыныс алу «самоздрав» қондырғысының көмегімен о дүниеден қайтып оралған Науалы тұрғыны Нұрлан Маликов ағамыздың адам баласы сенбейтін ғажайып әңгімесі. .

Өзінің ауруын түсініп, емделуге әзірліктің өзі жазыла бастау. М.Сервантес

 

Таңертең сергек те, жеңіл ояндым. Көңіл күйім жақсы. Салмағым 88 кг, сол қолымның қан қысымы 110/80, ал оң қолымдікі 110/70, қан тамырымның соғу жиілігі минутына 60. Жүрісіме өзім сүйсінемін, жеп жеңіл. Таңертең 10 – 15 минуттай тыныс алу жаттығуларын жасадым. Тәнім іс – қимыл тілеп тұрады.

– Рахым Алмабек ұлы, жаңа су туралы жақсы айттыңыз, енді таза ауаның қандай дәрігерлік қасиеттері бар?

– Қоймадың ғой, бұған да тоқтала кетейін.

Өмірге келе салысымен, бірінші жасайтынымыз, терең тыныс аламыз. Өмірден кеткенде де, соңғы жасайтынымыз, тыныс алуды тоқтатамыз. Өмір мен өлімнің арасында, тыныс алуға тәуелді өмір жатыр.

Біздің ұзақ та, тынымсыз өмір сүруімізді дәрігер таза ауа тілейді. Егер оның терең тыныс алу қарапайым қағидасын сақтасаңыз, әрбір тыныс алған сайын, сіз өз денеңізге өмір беретін оттегін әкеп жатқаныңызды ол маман ретінде біледі. Осы дәрігердің айтқанын тыңдамайтын, таза ауаға шықпайтын адамдар, өздері өздерін жайсыздыққа әкеледі.

Сұрақ: – Тыныс алу қалай жүреді?

Жауап: – Тыныс алудың қызметін түсіндірейін. Біріншіден тыныс алу көрінбейтін тамақ, бұнсыз 5 – 7 минуттан артық өмір сүре алмайыз. Ауасыз өлеміз. Денеміздің әр клеткасына қажет оттегін біз ауадан аламыз. Біз тыныс алған кезімізде, ауа қанмен бірге өкпеге барады, осы арада керемет ғажайып болады. Оттегі улы заттар еріген, өлім әкелетін көмір қышқыл газын әкетеді. Біз тіршілік ағымында уларды шығарамыз. Оларды қан жинайды, қан көмір қышқыл газын өкпеге алып келгенде, әр жаңа жұтылған оттегімен, қан көмір қышқылынан және оның құрамындағы улардан тазаланады. Егер адам жеткілікті мөлшерде таза ауа алмаса немесе жеңіл демалғанда кірген оттегінің мөлшері шыққан көмір қышқылының газының мөлшеріне сәйкес келмесе, онда біз ағзамызды улар мен көмір қышқыл газымен улануына мүмкіншілік береміз. Бұл талай аурулардың себебі болуы мұмкін.

Сұрақ: – Оттегінің маңызы неде?

Жауап: – Біз ауамен жұмыс істейтін машинамыз. Оттегі тек қана біздің ағзамызды тазалағыш қана емес, сондай – ақ керекті қуат тасымалдаушы да. Біз тереңдігі 100 километр мөлшердегі атмосфера мұхитының түбінде тұрамыз. Әр шаршы сантиметрге, мөлшермен бір килограмм ауа қысымы келеді. Тыныс алу мен шығару аралығында ауасыз кеңістік пайда болады. Осы динамикалық насосты пайдаланғанша өмір сүреміз. Біз білеміз 30 – 40 тәулік тамақ ішпей аман қалуға болатынын. Бірақ ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете аламыз.

Егер ақылыңыз дұрыс жұмыс істесін десеңіз, өз деміңізді бақылап отырыңыз.

Рене Декарт

 

Сұрақ: – Тыныс алудың адам ғұмырының жасына қатысы бар ма?

Жауап: – Ұзақ өмір сүретіндердің бәрі де баяу тыныс алады. Адам неғұрлым терең дем алса, бір минуттың ішінде аз тыныс алса, өмірі соғұрлым ұзақ болады. Жиі дем алатын адамдар аз өмір сүреді. Бұны хайуанаттар әлемінен де дәлелдеуге болады, қояндар, теңіз шошқалары және басқа кеміргіштер бір минутта өте көп дем алады. Олардың өмірлері қысқа болады. Мен 2 – 3 жыл болды, ояна салысымен бірнеше қабат жай ақырындап терең дем алып, дем шығарамын. Күн ұзаққа осылай тыныс алуды қайта – қайта қайталаймын.

Секіріп, жүгіріп, велосипед, ролик теуіп ойнап жүрген балаларды бақылаңызшы. Олар осы қимылдарды жасағанда, біз көз алдымызға елестете алмайтын мол мөлшерде оттегін жұтады. Біз жаяу көп жүріп, дененің іс қимылын тоқтатпауымыз керек. Біз бүгін уланған әлемде өмір сүреміз, сонда да терең тыныстануды әдетке айландырыңыз. Отырып өмірлерін өткізетін, дене шынықтыру жаттығуларын жасамайтын адамдар саналы түрде өз өмірлерін қысқартуда.

Шаршамай жұмыс істеу үшін жұмыс істеу мен тыныс кезеңдерінің уақыты арасында анық ара қатынас болуы қажет. И.М.Сеченов

 

Сұрақ: – Қалай дұрыс тыныс алу керек?

Жауап: –Адам туғанда қандай әдіспен дем алу керектігін біліп туады. Егер сіз сәбиді жатқызып қойып бақыласаңыз, ол ішімен дем алады, ал кеудесі қозғалмайды. Ол ішімен терең диафрагмалық дем алады. Диафрагма – бұл кеуде мен қарын аралығын бөліп тұратын үлкен бөлек бұлшық ет. Ол барлық қарын мүшелерін ұстап тұрып, өкпеге ауаның кіріп, шығып тұруына жәрдемдеседі.

Жасымыз ұлғайған сайын жүйке жүйеміз ширыға түседі. Сондай – ақ ішкі мүшелеріміз бен диафрагмамыз да қатуланып ширыққаның үстіне ширыға түседі. Осының салдарынан кеудемен тыныс алып, нәтижесінде өкпемізді 20 пайызға ғана пайдаланамыз. Сондықтан да сәби сияқты ішкі мүшелеріңізді босаңсытып, диафрагамен дем алуды қайта үйреніңіз.

– Рахым Алмабек ұлы, сөзіңізді бөлейін, өзіңіз жақсы білетін, Науалыда тұратын, өз неше жыл бойы дәрі алып емделген Маликов Нұрлан ағамыз бар, мен осы Нүкең бір қондырғының көмегімен, тыныс алу әдісі бойынша жазылып кетті дегенді естіп осы әңгімені Нұрлан ағамыздың өз аузынан үнтаспаға жазып алғанмын.

– Олай болса мен тыңдаушы сен айтушы бол тыңдайын, қызық екен.

Енді сіздерге дұрыс тыныс алу арқылы өмірге қайта келген адамның өзі айтып берген хикаясын баяндап берейін. Нұрлан ағамыз 60 – қа таяп қалған, орта бойлы, терең ойлы, көкірегі ашық, санасы жоғары, қараторы өңінен адамгершілік, көзінен мейірімділік, сөзінен ізеттілік төгіліп төгіліп тұрған, он саусағы он адамға татитын, техника тілін жете меңгерген жігіт ағасы. Осы Науалыдағы су шығаратын құдықтар мен жылыту жүйелеріне Нүкеңнің қол табы тимегені кем де кем шығар.

Ендігі сөзді Нүкеңнің өзіне берейік; «Мен Маликов Нұрлан 1948 жылы Науалыда тудым. Осында 8 жылдық білім алған соң, механизатор мамандығын оқып әскер қатарына шақырылғанша тракторшы болып жұмыс істедім. Әскерден келгеннен кейін жүргізуші болдым. Одан кейін газ және электр дәнекершілік жұмысқа ауысып осы салада 30 жылдай жұмыс істедім. Ауыр жұмыстың салдарынан 2001 жылы қатты ауырдым. Өтім толып, асқазаныма жара шығып, аудандық емханада бір айдай емделдім, одан облыстық ауруханада тағы бір айдай жаттым. Тәуір болғандай болып едім 2002 жылы қайта ауырдым. Онда жүрегім, ұлтабарым, т.б. жерлерім ауырып сонда да сүйретіліп жүре бердім, анда санда аудандық ауруханаға барып жатамын, тәуір болғандай боламын, бірақ біраздан кейін тағы болмайды. 2003 жылы жүрегім ауырғаны соншалық, жүрек соғуым минутына 250 – 280 жиілікті көрсетті, 5 метр жерге жүре алмай ентігіп кететін болдым, ол аз болғандай бауырым ісіп кетіп бір жақта салақтап жүретінді тапты. Одан кіші дәретім жүрмей қалды. Сол жылы ауруханада 9 ай жаттым, шығарады 5 – 6 күннен кейін қайта барамын. 2004 халім тіптен мүшкілдеп кетті, дәрігерлер де қолдарынан келгенінің бәрін істеп бақты, болмағаннан кейін Алматыдағы жүрек қан тамырлар институтына екі қабат жатып емделдім, бірақ шипа болмады. Ақыры дәрігерлер де күдерлерін үзіп дайындала бер дегендей ыңғай білдірді. Ауруханаға барсам: «Өзің көріп тұрсың ғой орын, төсек жоқ» – деп жайма шуақтап қайтарып жіберетін болды. Салмағым 64 кг болатын, 48 кг түстім, тамақ ішіуден қалдым, тәуліктеп ұйықтамаймын, ұйықтататын дәрі де әсер етпейтін болды, жаным қысылып айғайлап шыңғырғанда екі көшенің адамдарына түгел естіледі. Жанұямның да мазасы кетті. Бақсыдан – бақсы, тәуіптен тәуіп қалмады. Ақыры амалдары таусылған жұбайым, Алматыдағы ұлым мен келінім бір газеттен жарнама оқып, «самоздрав» деген өз шығарған ауаңды өзің қайта жұту арқылы емделетін қондырғы бар екен: «үмітсіз шайтан, осыны көрейік», – деді. Әлгі қондырғының нұсқауын оқысым, осының көмегімен 400000 – нан астам науқастар жазылған деп жазылыпты. Ұлым мен келініме айттым: «маған тез арада осы қондырғыны әкеп беріңдер». Олар осы жерден менің қандай аурумен ауыратымның барлық анықтамасын жазып алып кетті. Қондырғыны сатпас бұрын науқастың қандай аурумен ауыратынына сәйкес емделудің нұсқауын жазып береді екен. Ол қондырғы қымбат та емес екен 4500 теңге, кәдімгі екі күрешкені бір біріне кигізген, 15 см резеңке түтігі бар, астына 3 литірлік шыны ыдысты өзінің қақпағымен ауа шығып кетпес үшін жауып қояды екенсің. Сонымен қойшы осы қондырғыны қолдана бастадым, басында 15 күн емделгеннен кейін тіпті аурып қалдым, сонан соң ыза болып лақтырып жібердім: «қой маған ем қонбайды, Нұрлан жеткен жерің осы шығар». Жұбайым: «Нұрлан ақымақ болма, шыда, аяғына шейін емдел, шипа болатын шығар», – деді. Сонан соң 15 күндей ойланып жұбайыма айттым: «әкел ана қондырғыны, сен мені жеңдің, тәуекел тас жарады, бас жармаса тас жарады, менікі онсыз да жарылған бас қой, не жеңіс – не жеңіліс!», – деп өзімді өзім сендіріп, иландырып алдым да емделуді қайта жалғастырдым. Осыдан кейін Алланың көмегі ме, әлде қондырғының септігі ме 1,5 – 2 айдан кейін басымды көтеріп төсекте отырып, көңілімді сұрай келген адамдармен сөйлесе бастадым. 3 – 4 айда үйдің ішінде, 5 – 6 айда далаға шығып балдақпен жүре бастадым. Біртіндеп балдақты тастап таяқпен жүріп, тамаққа тәбетім тарта бастады. 7 айдан кейін таяқты да тастап, көшеге шығып жаяу серуендей бастадым. Содан бір күні тексеріліп көрейін аудандық ауруханаға бардым, барсам дәрігелердің бәрі таң қалып жағаларын ұстап: «Ой аға, сізді қайтыс боп кеткен шығар деп ойлап едік. Қалай емделдіңіз, қандай дәрілер іштіңіз?!». Мен айттым: «ешкімде емдеген жоқ, дәрі ішкен жоқпын, Алматыдан балаларым бір қондырғы әкеп беріп, аузыммен тыныс алу жаттығуларын жасап жазылып кеттім, сіздер тұрмақ өзім таң қалып жүрмін». Содан дәрігерлерім бас сап тексеріп: «Аға, қан қысымыңыз 120/80, тамыр соғу жиілігіңіз минутына 62, салмағыңыз бұрынғы қалпы 64 кг болыпты», – деп сенер сенбестерін білмей бастарын шайқайды.

Осы қондырғымен емделу мерзімі 8 ай екен, мен осы мерзімді жазылған нұсқауды мүлтіксіз басшылыққа алып отырдым. Қазір немеремді велосипедтіме отырғызып алып алып 10 – 15 км қыдыртамын, өзім жеміс бау бақша өсіруді күтуді өте жақсы көремін, күні бойы тыным таппай бау бақшамның ішінде жұмыс жасаймын, неше жыл қараусыз қалған бау бақшамды жөнге салдым.

Бау бақшаның өзі керемет нәрсе. Ол таза ауада болуға тамаша мүмкіндік береді. Сіз толып кетуіңіз мүмкін, себебі бау бақшада қимыл аз, сіз тек бүкшиіп қана отырып жұмыс істейсіз. Сондықтан мен жаяу жүрісті таңдап алдым. Сіздің бірінші бау бақшада жұмыс істеп, сонан кейін серуендегіңіз келетін шығар. Мен өзім жылдам жаттығулар мен жаяу жүрісті, жүгіруді қосамжарлаймын.

Енді үрлейтін қондырғыға келсек, маған жазып берген нұсқауында: басында бір апта таңертең және кешке 1 минут танауыңды қысқашымен қысып қойып аузыңмен резеңке түтігі арқылы 3 литрлік жабық шыны ыдыстың ішіне үрлейсің, осы үрлеген ауаңды қайта аузыңмен жұтасың. Бір аптадан кейін әр күні жарты минуттан қосып отырып 8 айдың ішінде 20 минутқа жеткізесің. Осы емделу кезінде бір дәрі, не укол алған жоқпын.

Осы қондырғы мен сияқты науқастанып жатқан бір ғаріпке мүмкін шипа болар, мен сияқты аяғынан тұрып кетер, адресін айта кетейін. Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 85 үй, 2 қабат, 39 бөлме. Жамбыл көшесінің қиылысы. Тел: 92– 08 – 38, 74 – 91– 29.

«Верное избавления без лекарств от хронических заболеваний сердце, бронхиальной астмы, гипортоний, остехондроза при помощи аппарата «самоздрав» лауреата выставки в Брюсселе, Парижа, Москве. Одобрено Россиским обществом кардиологов. Более 400000 человек обрели новую жизнь».

Менің жазылғанымды көріп, көптеген адамдар: «Нүке, немен және қалай тамақтанасыз?» – деп жиі сұрайды. Менің тамағымның негізі көкөністер, салаттар, жемістерден тұрады. Өлі тамақ аузыма салмаймын. Мен өзім шаршасам, ренжісем бақшама кіріп кетемін, бақша мені керемет сергітеді, жүйкемді қалпына келтіріп көңілімді сергітеді, мен олармен кәдімгідей тілдесемін, мәпелеймін. Мен өсіп тұрған көкті қалай жақсы көремін, олар да маған солай жауап қататынын сеземін. Себебі олар да жан иелері ғой, менің жазылып қайта өмірге келуімнің бір себепкері осы көкеністердің арқасы. Мен ешқандай көкөніс жемістерді сатып алмаймын, бәрін өзім егіп өсіремін. Бұршақ түр түрімен, қырыққабаттың, қызанақтың (памидор), қиярдың, қызылшаның, жуа мен жусайдың, көк шалғынның т.б. көптеген көкөніс пен алма, жүзім, қарақат, бүлдірген, таң қурай, шиелердің ерте, орташа, жай пісетіндерін уақытына қарай егіп отырамын, дастарханымнан қысы жазы көкөністер үзілмейді. Қыста жейтін қиярды былай өсіремін: қияр мен қырыққабатты қатар егіп, қияр гүлдеп түйін тастағаннан кейін қырықабаттың жапырағының ортасына өсіп келе жатқан қиярдың түйінін салып қоямын, сол кезде қияр үлкейген сайын қырықаббаттың жапырағы біртіндеп орала беріп, қияр қырыққабаттың ортасында қалып қояды. Қыста қырықабаттың ішінен хош исті, жаңадан жұлынып алғандай қияр шыға келеді, қырыққабат қиярдың бұзылуына мүмкіндік бермейді. Осы әдіспен өсіруді де өзім ойлап таптым. Бау бақшам төрт жыл қатты сырқаттанып қалғанда ғана егілмей қаралмай қалды, қазір осылардың бәрін де қайта қалпына келтіріп алдым. Салаттарды түгелдей өзім өте дәмді қылып дайындаймын, менің жасамайтын салаттарым жоқ, көбінесе өзімнің ойлап тапқан мәзірім бойынша дайындаймын. Келген көршілер мен қонақтарым менің дайындаған салаттарымды сүйсіне жейді. Мен салат жасағанда ешқашан мойенез, ашты бұрыш қоспаймын, тек ыдыстағы қызанақтың шырынын ғана қосамын. Ерте көктемде бақшамда өсіп келе жатқан қырыққабаттың, қызанақтың, редисканың, қызылшаның т.б әр қайсының жапырақтарынан 2 – 3 тал жұлып алып келіп салат жасаймын. Осылар да дәмі тіл үйіретін салаттар. Менің ең жақсы көретін асым қияр. Қиярды қабығын аршымай кеспе сияқты ұзынынан жіңішкелеп турап, оған тәтті бұрыш, пияз, у сарымсақ т.б. көкөністердің бәрін қосамын да күнбағыстың майын, қызанақтың шырынын қосып, тұзын болар болмас қана саламын. Келген адам басқа тамақ тұрса да оны жемей, осы қияр салатын шараяққа толтырып алып сүйсіне тойғанынша жеп басқа тамаққа пысқырып та қарамайды, мейлі ол табақ толы асулы ет болса да. Біз айтамыз қазақ еттен басқа түк жемейді деп, жоқ олай емес біздің қазақ жалқау, жерге еңкейгісі келмейді, әйтпесе біздің ауылда әр жанұяда 0,20 га үйінің ауласында құнарлы жері, арықпен ағылып жатқан судан басқа, тереңідігі 2 – 2,5 метр жерден шығатын өте таза мөлдір суы бар емес пе? Осындай нулы да, сулы да құнарлы жерде тұрып макарон мен кеспеден басқа түк жемейтін ауылдастарымды көріп қынжыламын. Олар ауырмағанда енді кім ауырады, витамин жемей өскен балалары не болады, қазіргі бозбалалардың тең жартысынан астамы ауру, әскерге жарамайды. Біздің заманымызда мұндай сорақылық болушы ма еді, онда әскерге денсаулығы жарамай қалса елдің бәрі мүсіркеп адамның қоры есебіне санайтын.

Әсет, сен бағанадан бері менің қалай өліп, қалай тірілгенімді тізбектеп отырып мұқият жазып алдың. Мен осы ауруды 30 жыл бойы дәнекерші болғанда, түтіннің, газдың исі және колхоздың ауыр жұмысының нәтижесінен бүкіл ағзам ласталғаннан таптым. Сенің де мен сияқты ауырып ашығу әдісін қолданып жазылып алғаныңды да білемін, екеумізге де ортақ нәрсе дәрігерсіз, дәрі дәрмексіз, бақсы балагерсіз жазылып алдық.

Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, осы оқиғаны қалай бағалайсыз?

– Ой мынауың бір шынында да адам сенбестей ғажайып оқиға екен, онда мен қалың оқырмандарға арнап өзім шұғылданып жүрген тыныс алу жаттығулырының қарапайым да жеңіл әдісін айтып берейін.

– Рахым Алмабек ұлы, бұл дегеніңіз нұр үстіне нұр болады ғой. Құлағым сізде.

– Менің ендігі айтайын деп отырғаным ашығып ораза ұстай алмайтын адамдарға арналған тыныс алу жаттығулары. Қазір өзім осымен үзбей шұғылданамын, күніне 15 – 20 минут уақытым кетеді, есесіне керемет жақсы әсер беріп, күні бойы сергек, тың қалпыңды жоғалтпай жүресің. Өзің білесің, мен ғылымның шыңына ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанудың биігіне де шыққан адаммын, осыны алдында да айтып кеткенмін. Қазір тіптен салауатты өмір салтына көштім, тамақ мәзірім, тыныс алу әдістерін меңгеруім дегендей. Көптеген адамдардың жүгіруге, жаттығу жасауға, ашығу ұстауға уақыттары да, қабілеттері де жете бермейді. Сондықтан қай жерде болмасын жасауға болатын 15 – 20 минуттық тыныс алу жаттығуының әдісін айта кеткенді дұрыс па деп отырмын.

Біз жаттығуларымызды бастамас бұрын, қолыңызды қарныңыздың үстіне қойып, кәдімгі кездегідей дем алып, дем шығарыңыз. Біраздан кейін өз дем алуыңызбен, жаттығу жасағандағы дем алыстың айырмашылығын сезесіз.

Аяқтарыңызды иықтың кеңдігіндей мөлшерде ұстап, түзу тұрыңыз. Енді орындыққа отырып жатқаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Қолдарыңызды аяқтарыңызға тіреп, тізеңізді аздап бүгіп, алдыға қарай еңкейіңіз. Бөксеңіз артқа қарай, ал алақандарыңыз тізеден 2,5 сантиметірдей жоғары болсын. Осы қалыпта, жаттығулардың аяққы шеніндегі болатын, қарынды ішке тарту жеңіл орындалады.

1. Өкпеңіздегі барлық ауаны аузыңыз арқылы шығарыңыз.

2. Танауыңызбен тез дем алыңыз.

3. Диафрагмадағы барлық ауаны күшпен аузыңыз арқылы шығарыңыз.

4. Тынысыңызды 7 –8 рет санағанша тежеп, қарныңызды ішке тартыңыз.

5. Ішпен дем алып, босаңсыңыз.

Бірінші асу: Өкпедегі қалып қалған ауаны, аузыңызды шүршитіп алып түк қалдырмай. бірқалыпты, біртіндеп шығарыңыз.

Екінші асу: Өкпеңіз босағаннан кейін, ерніңізді жымқырып алыңыз. Аузыңызды ашпай, танауыңызбен тез, шалт дем алып өкпеңізді ауаға толтырыңыз. Осы кезде танауыңыз шаң сорғыштың даусындай дауыс шығарса, бәрі дұрыс.

Үшінші асу: Өкпеңіз ауаға толып кеткеннен кейін, басыңызды әнтек көтеріңіз. Ерніңіз жымқырулы болсын. Сіз қазір аузыңызды кең ашып, диафрагмадан төменгі ауаны тез, шалт шығарасыз. Осы кезде сіздің ерніңіз бен өңешіңізден емес, диафрагамыңыздан «һаһ!» деген дауыс шығуы тиіс

Төртінші асу: Барлық ауа шықаннан кейін аузыңызды жауып, тынысыңызды тежеңіз. Басыңызды еңкейтіп, қарныңызды ішке тартып, бүкіл іш құрлысыңыз қабырғалардың астына сіңіп бара жатқанын көз алдыңызға елестетіңіз. Осы кезде 8 – 10 санағаныңызша дем алмаңыз.

Бесінші асу: Енді тыныс алып, іш мүшелерін босатып, босаңсыңыз. Дем алған кезде ауаның өкпеге қалай лап еткенін сезінуіңіз және даусын естуіңіз керек. Әрқашанда танаумен дем алып, ауызбен шығарыңыз.

Осы жаттығуларды бірінші рет жасағанда басыңыз аздап айлануы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, себебі сіздің ағзаңыз оттегінің мол мөлшеріне әдеттенуі керек қой. Осы жаттығуларды таңертең ерте, аш қарынға, таза ауада 15 минут жасау керек.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.