Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Даланы, сай – саланы. Ат шаптырып, ас беріп, 3 страница



 

Ұлы адамдар әрқашан тамақты тарта ішетін болған. О.Бальзак

 

Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, ет жемейтін адамзаттың ұлы тұлғаларын мысалға келтіре аласыз ба?

Жауап: – Поль Брэгг секілді, қоғамның әр деңгейінде және ғасырдың әр уақытында мыңдаған адамдар «ет жемейтіндер» болған, олар өздерінің денсаулығын түзеумен қатар, өмірдің шындығын да іздеген. Олардың қатарында адамзат алыптары: Пифагор, Сократ, Платон, Климент Александрский, Плутарх, Ашока патша, Леонардо да Винчи, Монтень, Акбар, Джон Мильтон, сэр Исаак Ньютон, Эммануэль Сведенборг, Вольтер, Бенджамин Франклин, Жан – Жак Руссо, Ламартин, Перси Биши Шелли, Ралф Уолдо Эморсон, Генри Дэвид Торо, Лев Толстой, Джордж Бернард Шоу, Рабиндрант Тагор, Махатма Ганди, Альберт Швейцер, Адольф Гитлер және Альберт Эйнштейн.

– Раха, мен өзім көрген бір мысал келтірейін. Өзімнің бір құрметтеп силайтын аса бір қадірменді, Қытай қазақтары мен өзіміздің Республикаға белгілі пиарист жазушы, этнограф, сыншы, әрі ақын Аманжан Жақыпов деген аталас ағайым бар. Атақты жазушымыз Қабдеш Жүмәділовтың досы, әрі әріптесі. Сол кісі Мақаншыда тұрғанда жиырма жылдай ауырды. Тумысынан туа біткен талантын ұзақ жылдар бойы шаң басып, көмескіленіп сөнуге шақ қалған кезінде өмірін күрт өзгертіп, рухани бетбұрыс жасай білді. Ол кісі бірден салауатты өмір салтына көшіп өз денсаулығын өзі, дұрыс тамақтану мәзірін қолдану арқылы жазып алды. Қазір жетпістің жуанында. Жүзінен нұр, жеп жеңіл денесінен буырқанған қайраттың лебі есіп тұрады. Жүзіндегі нұр ақыл ойдың кемеңгерлігі мен мөлдірлігін білдірсе, бұлқынған күш пен қуат, мұқалмаған жігер, жалындаған жастық шағымен қайта табысқанының, ең бастысы кәрілік деген аурудың жоқ екенінің бұлтартпас дәлелі емес пе?! Тамақ мәзірі: ет пен нанды, қуырған және өлі тамақтарды аузына да салмайды. Негізгі тамағы айран, аз мөлшерде кептірілген нан, көкөністен дайындалған салат, жемістер мен көкөністерден жасаған сылдыр көже, ұстанған өмір сүру салты «ет жемейтіндерден» (вегетерианец). Өте қуатты, шаршау дегенді білмейді ғой деп ойлаймын. Іс қимылы ширақ, ылғи жаяу жүруді ұнатады. Кей кездерде Алматының ішінде 2 – 3 аялдамаға жаяу тартып кеткенде, мен ұялғанымнан әзер дегенде желе жорта ілесіп отырамын. Ең таңқаларлығы, 70 жасында үш кітап жазды. 2001 жылы «Хан батыр Қабанбай» ал 2004 жылы «Қаракерей Тума тарихы» мен «Жасырын жазбалар». Ауырмай тұрғанда 1974 жылы «Қыр лебі» өлеңдер жинағы шыққан. 20 жылдан кейін әдебиетке қайта оралуының өзі көзсіз батырлық пен жүрек жұтқандық емей немене? Осы асқар таудай ағамыз 70 жасында үш кітап жазып тастады, әлі де шабыттанып, құлшынып жұмыс істеуде, ал мен болсам бар жоғы 55 – темін, маған неге жазбасқа деген ой салған да қадірменді ақылшым, әрі әдебиеттегі ұстазым Аманжан аға. «Жақсыдан шарапат», – деп ата бабаларымыз осындай асыл да, ардақты азаматтарды айтқан ғой.

Енді сөзім пәрменді болу үшін, халқымыздың халық жазушысы, Аманжан ағаның досы Қабдеш Жүмәділовтың хатынан үзінді келтіре кетейін.

Аманжан!

Қадірлі Аманжан!

Хатыңды алып аса бір қуанышпен, зор тебіреніспен оқыдым. Оның себебі менің адресіме айтылған жылы лебіз ғана емес, сенің ұзақ жылдар тастап кеткен қаруыңды қайта алып, оңды – солды сілтей бастауың, бұл шынында, тамаша нәрсе! Сенің хатыңды оқығанда мына біздер – сенің достарың, жоғалтып алған бір кездегі алғыр ойлы, ұшқыр талантты, негативный сезімтал, от ауызды, орақ тілді шешен, айтқыш Аманжанды қайта тапқандай болдым.

Ие, біз білетін Аманжан осындай болса керек – ті. Қолына он жасынан домбыра алған дегендей, он бес жасында бүкіл бір аймаққа танылып болған, шоқтай жанған жасөспірім бала жігіт елестейді менің көз алдыма. «Ол жас пері әдебиетке келгенде көптің бірі болып емес, тиген жерін ойып түсетін адуынды жас қуатпен келіп – еді – ау!» деп еске алдым.

Бойындағы ерекше дарын күшімен қатарынан мойны озық тұратын жорға, жайтақ жүрісімен алдына жан салмай, топ бастап дағдыланған Құнанбайдың жалдас торысындай жүйрік жігіттен жұрт күтетін үміт те үлкен еді. Біз осындай талантты достан көз жазыңқырап қалғанбыз. Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан, «Апырай, сол бір жігіт қазір қайда?» деген сұрақты мен талай қазақтың аузынан естігенмін. Енді міне, сол жоғымыз табылды. Өз басым өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей қуанып отырмын!

Басқа не дермін. Алдымен денсаулығыңа сақ бол. Осы бетіңде күтініп сақтансаң, ада – күде айығып кетеріңе, сөз жоқ. Жазылсаң болды қаламыңды қолыңа ал! Алыстан аңсап ұшқан жыл құсындай әдебиет айдынына қаңқылдап кеп қонсайшы!

Сәлеммен – сенің Қабдешің. 25/11 70ж.

 

3 Сәуір дүйсенбі, ашығуымның оныншы тәулігі

Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің бесінші толғауы.Тақырыбы: Мен неге табиғаттан басқа ешқандай дәріге сенбейтін болдым? Жаман әдеттерге қалайша үйірміз, осылардан құтылу жолы бар ма?

Кеңес сұраушы адам – өзін аманатқа беруші. Ал кеңес беруші өзін қандай көрсе, кеңес сұраушыны сондай көріп, оған пайдалы кеңес берсін. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с.)

 

Өзімді сезінуім тамаша, бұрын тәнімді құрсауалап тастағандай болушы еді, енді күн сайын осы құрсауды ұйқыға кеткен кезімде, маған білдіртпей күнделікті сыпырып жатыр, сыпырып жатыр. Екі бүйрегім болар болмас сыздап қана ауырады, таңертең тұрғанда жөтеліп қақырық тастай бастадым. Өкпемдегі неше жылғы шоғырланған темекінің қақтарынан тазалану ағымы іске қосылды. Салмағымда әлі жөнді өзгеріс жоқ. Екі қолым қол емес, көтерсем жеп жеңіл, қанатқа айналып кеткен сияқты. Алдында 4 – ші қабатқа пәтеріме көтерілгенде жақтауға сүйеніп, ентігіп шығушы едім, қазір лыпылдап тұрмын. Кеше 14 сағат бойы, үзбей отырып жазу жаздым. Қалай отырдым, солай тұрдым, ешқандайда шаршау, жалығу, бас ауру т.б. келеңсіздіктер байқалған жоқ.

Дәрі – дәрмек атаулысының таңдаулысы – жақсы демалыс пен нәпсіні тежеу.

Бенджамин Франклин

 

Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, сіз дәріге сенесіз бе?

Жауап: – Адамдар тедефонмен де, ауызша да сұрайды: «Ана – мұна ауруларымнан ашығу жаза ма?». Ашық та, айқын айтайын – мен емдеумен шұғылданбаймын және ашығуды ем ретінде қолдан деп те кеңес бере алмаймын. Мен табиғаттан басқа, ешқандай дәріге сенбеймін. Біздің қолымыздан келетіні, өмірлік күшті сондай дәрежеде нығайтып, ауруды емдеу ағзаның ішкі өз мәселесі болуы. Менің мақсатым, әлсіздіктеріңді жеңетін өмірлік күшті нығайтқанның үстіне нығайта түсу әдісіне үйрету.

Байлық – дүние мен малдың көптігі емес, нәпсінің тоқтығы.

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с.)

 

Сұрақ: – Біздің өмір сүретін әлемімізге баға бере аласыз ба?

Жауап: – Біз еселаң, ақылсыз әлемде өмір сүреміз. Өркениет дамудың адам қуатына қоятын талабы зор. Біз туыстарымыз бен достарымыздың арасында қалыпты өмір сүруді ұстануымыз керек. Парыз – қатал әмірші. Біз бұған бағынуға тиіспіз. Жанұяны асырау, авткөлік жүргізу, өз жұмысыңа жауап беру, үй шаруасын істеу, бала тәрбиесі, қоғамдық, азаматтық парызың т.б. мыңдаған істер қуат тағы да қуатты керек етеді. Қуат – аса бағалы зат, оны қорапқа салып сақтап, сатып ала алмайсың. Көпшілік қуатты темекіден, ішімдіктен, кофеден, пепси – коладан, дәрілерден іздейді, бірақ бұлардың бәрі де қателеседі. Қуат – табиғатпен нақтылы бірігіп өмір сүруіңнің сый – сияпаты.

 

Саулық тілесең – көп жеме. Әлішер Науаи

 

Сұрақ: – Ағзамыздың әлсіреуіне не себеп?

Жауап: – Ағзамыздың ауруы, әлсіреуі жаман әдеттеріміздің жемісі. Жаман әдеттер бізді әлсіретіп, ағзаны толық тазалайтын қуат жетіспейді. Қуаттың кемуі – ішектің, бүйректің, терінің, өкпенің немесе шығару жүйесінің жұмыстарын әлсіретеді. Осы мүшелердің толық қанды жұмыс істеуі үшін қуат жетіспейді. Осы мезетте шығарылмаған әр түрлі улар ағзада жинала беріп, қатерге ұшыратады. Улар ағзаның әр бөлігіне шоғырланады. Жүйке жүйесіне әсер еткенде, сіз аурудан зардап шегесіз. Бұл табиғаттың белгісі, ол сіздің табиғат заңына қарама қайшы келгеніңізді ескертіп тұр. Сіз бұл келеңсіздіктің нақтылы себебін емес, одан басқаның бәрін кінәлайсыз.

Қыстан жүдеп шыққан адамды әрлендіретін және қанша ішсе де тәбетін қайтармайтын қымыздың орнына жүретін сусынды ойлап таба қою, сірә қиын шығар. Д.И.Даль

 

«Жок, маған суық тиді, мен шаршадым, қартайып бара жатқаннан кейін өзімді нашар сезінемін» – дейді. Өзін ақтау үшін сылтаудан сылтау таба береді, ешуақытта да өзінің кіналы екені айтылмайды! Ауруыңызға, зардап шегіп ерте қартаюыңызға, тек қана өзіңіз, тағы да өзіңіз жауаптысыз. Дұрыс өмір сүрмей, сіз өзіңізді өлтіресіз. Сіздің өмірлік күшіңіздің деңгейі төмендеп, улар ағзадан кетпейді, Олар шоғырланған жерлер аурып, сізді азаптайды. Азап – сіздің өмір сүруіңіздің нәтижесі. Өзіңізден басқа ешкімді кіналамаңыз. Сіз ағзаңызды әлсіретіп алдыңыз, әр түрлі жолмен келген улар оны улап жатыр. Өіңіздің өмірлік күшіңізді ашығу, табиғи өмір сүрумен нығайтыңыз, әлсіздік азаяды, жоғалады. Бейберекет өмір сүру, өзіңізді жаман сезінуіңіз, әлсіздігіңіз, шаршауыңыз, мезгілсіз қартаюыңыз т.б. толып жатқан ауруларыңыз – мүсәпірлікке апаратын нақтылы жол.Осыны жадыңызға жаттап алуыңызды өтінемін.

Табиғат тағайындаған жолмен өмір сүрсеңіз, сіз жасара бастайсыз! «Барлық жақсы да, әділ де табиғат тағайындаған салауатты өмір сүру заңын бассыздықпен бұза беруге болады» – деп ойлайды көпшілік. Олар қалай шатасады! Сіз табиғат заңдылықтарынан аттай алмайсыз, ол сізді сындырады. Сіз ойлауыңыз мүмкін: «табиғаттың заңының маған қатысы жоқ» –деп, бірақта кейін дәрігерден табиғатты алмастыратын ғажайып күтесіз.

Егер ұзақ өмір сүргің келсе... онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас балды үзбей жей бер. Ибн Сина

 

Сұрақ: Табиғатқа қарсы болу дегенді қалай түсінеміз?

Жауап: – Сіз тұзды және тұздалған тамақты жейсіз бе? Кофе ішесіз бе? Темекі шегесіз бе? Арақты ішесіз бе? Шақпақ қант т.б. өлі тағамдарды қолданасыз ба? Витамині, минералы жоқ қандай тағамдар сізді улауда? Ерік күшіңіз мықты ма? Тәніңізді не басқарады? Жаман әдеттеріңіз? Сіздің қалауыңызды санаңыз басқара ма? Есіңізде болсын – ТӘН АҚЫМАҚ. Тән сіз үшін ойламайды. Тек сананың зорлауымен ғана, мылқау тән жаман әдеттерден арыла алады. Егер де сіз нақылы зор қуатқа, сыңғырлаған денсаулыққа, сирек күшке, берік жүйкеге ие болғыңыз келсе, бүгіннен бастап табиғатпен бірігіп жұмыс істеңіз, табиғатқа карсы болмаңыз. Ашығу – табиғаттың қуат сақтайтын қоймасының кілті. Ашығу әр мүшенің, әр клеткасына әсер етіп өмірлік күшті жандандырады. Осыны сіз үшін ешкім де істемейді! Бұны сіз ғана жасауға тиіссіз! Сіз үшін басқа біреу тамақтанбайды. Мен сенімдімін, барлық аурулардың 90 пайызы дұрыс және табиғи емес тамақтарды жегеннен пайда болады. Қандай болмасын машинаның жұмыс әсері, қуаттың сапасы мен көлеміне байланысты, осының адам ағзасына да қатысы бар.

Артық тамақ шашты ағартып қинайды,

Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды. В.Шекспир

 

Сұрақ: – Адамның бейнет тартуына кім және не кіналы?

Жауап: – Адам өзінің мезгілсіз қартаюын – ішкен тамағынан басқаның бәрін кіналайды. Сондықтан да, барлық тартып жүрген бейнетінің себебі олар үшін құпия болып қала береді. Адам өзінің ағзасының, ұзақ жылдар бойы артық жеген тамағымен сұмдық ласталғанын, кірленгенін, өлі тамақтардан ашығу арқылы тазалануға болатынын білмейді. Осының бәрі жиыла келе, ағзада улы заттарды шоғырландырады.

Егер де өзінің денсаулығы мықты деп мақтанған адамды, тазаланған сумен 5 – 6 күнге ашығуға отырғызсаңыз, онда оның ағзасы сасық иіс бөліп, кіші дәреті сарғайып улардан арыла бастайды. Бұл жай, оның ағзасы тамақпен келген шіріген қалдықтарға толы екенінің анық дәлелі. Осы тұрақты түрде жиналған уларда, адамның келешектегі аурулары бұғып жатыр. Табиғат осы улардан құтылғысы келген мезетте «жарылыс» болады, ауру деп аталатын. Бұл жағдайда адам тез, жеңіл құтылатын жол іздейді, есіне ең түспейтіні жалғыз ғана – ашығу.

 

4 Сәуір сейсенбі, ашығуымның он бірінші тәулігі

Академик Рақым Алмабекұлы Оразалиевтің алтыншы толғауы: Шәй, кофе ішу неге зиян? Қуырылған тамақтан не үшін бас тарту қажет? Адам ағзасына шырыш пен маңқа қалай жиналады, осыдан арылу жолы бар ма? Өкпе қабынуының (пневмания) басты себебі не?

Адамдар өлмейді, олар өздерін өздері өлтіреді. Сенека, Рим философы

 

Таңертең ерте тұрып темекі тарттым, темекіні әлі тастай алмай жүрмін. Байқаймын, темекі шегуге деген құмарлығым күн сайын бәсеңдеп келеді, күннен күнге азайтып келемін, әсресе бүгін қақырып, жөтеліп, тұншығып жүрегім айни бастады. Темекіні қоймай жүрген себебім, ағзам өз еркімен темекі түтінінен жиркенетін, бас тартатын күнін күтіп жүрмін. Жасауша деңгейіне түскенде, ағза тазаланып болғанда улы заттарды қабылдамай қояды, оған алдындағы ұзақ ашығуларымда көзім жеткен. Қазір арақты ішпек түгіл, исі танауыма келсе болды жүрегіи айни бастайды. Адам ағзасы кір – қоқысқа толы болған кезде улы заттар мен өлі тамақтарға және де басқа да жамандықтарға құмар болады. Қазекең бұны: «нәпсі билеп, шайтан иектеп алған», – деп қысқа де, нұсқа қортындылай салған. Салмағымда бәлендей өзгеріс жоқ, себебі мен өзімнің әр жасаушамды 40 күн ашығамыз деп иландырып қойғанмын, енді осылар өз мүмкіншіліктерін 40 тәулікке есептеп, бөліп, жіктеп қойды. Өзімді сезінуім керемет! Жүрісім жеп жеңіл, жүрген сайын рахаттанып жүре түскім келеді, ал жұмысқа деген құлшыныс ерекше. Бал араласқан ыстық суды үзбей ішудемін. Кеше және бүгін таңертең үлкен дәретке отырдым, ішегімнен қап қара қоқыстар әлі шығуда, осы улы заттар, қалдықтар шыққан сайын өзімнің күннен күнге жақсарып, жасарып келе жатқанымды бар болмысыммен сезінудемін.

Сұрақ: – Рахым Алмабек ұлы, мен осы әңгіме барысымда өзімнің ағайын бауырларымен өзіңізді таныстырып кеткенім жөн бе?

Жауап: – Оған еш қандай да қарсылығым жоқ, қайта сенің туыстарыңмен танысып кеткенім әбдән дұрыс болар еді. Өзің менің шәкіртім, әрі бауырым сияқты болып кеттің, айта кетудің еш айыбы жоқ, қайта оқырмандар да білсін, осы кітап авторының біреуінің туыстарын. Мен болсам жөнім бөлек, сіңірген еңбегім, төккен маңдай терім арқасында халқыма онсыз да танымал адам болдым ғой қарағым. Таныстыра кет.

– Біз ағайынды бесеуміз: 3 ұл, 2 қыз. Үлкеніміз Асқар Алматының «Киров» зауытында шебер, ал жеңгеміз Әсембала қалалық санитарлық эпидиомология сараптама орталығында дәрігер бактериолог, ұлдары Әділ Алматыда энергетикалық институттың студенті, қарындасым Сәуле кәсіпкер, қызы Әсел кәсіпкер, Қамбар бауырым мен келінім Үміткүл Алматының медициналық институтын бітірген провизорлар (дәрі дәрмек жасайтын мамандар), ал кіші қарындасымыз Тлеужан да медицина саласында істеген, ұлы Жомарт Семейдің технологиялық институттың студенті, қызы Гүлмира. Менің жұбайым Рахпар негізгі мамандығы неміс тілінің мұғалімі, үлкен қызымыз Айнұр тұрмыста Алматы қаласында тұрады, кіші қызымыз Айнамкөз тұрмыста Германияда Франкфурт Майн қаласында тұрады.

Марқұм әкеміз Риза мен анамыз Рәш бәрімізді оқытты, осыған тәуба дейміз.

– Риза ағаны да жақсы білемін, өзіңмен бірге Науалыда тұқым алқабын ашуды бастағанда, қолынан талай дәм де татқанмын. Әкелерің жақсы адам еді, осыны ұмытпасаңдар болғаны.

– Әсет, осы сол кездерде әкең марқұм орталық қырманда меңгеруші болды емес пе?

– Рахым аға, сіздің еске сақтау қабілетіңізге таң қалмасқа болмайды екен, иә солай осы колхоз қырманында 30 жылдан астам уақыт қырман меңгерушісі болған, барлық тұқымдарға сол кісі жауап беретін.

– Иә Әсет бауырым, әкең марқұм оқымаса да, өзі тұқым агрономыңнан артық білмесе кем білмейтін. Әке жолын ұстаған өзің екенсің ғой.

– Солай Рақа, балаларының ішінде әкеміздің «ақ таяғын» саналы түрде ұстап, сол кісінің жолын қуған мен едім. Себебі ес білгелі әкемнің қасында қырманның ішінде бидайды көріп өстім емес пе.

– Ал енді өте алғыр, мамандығы провизор сол кездегі балаң жігіт, бауырың Қамбар бар емес пе, ол қазір қайда?

– Қамбар мен келінім Үміткүл ұзақ жылдар бойы Үржар аудандық аптекасында жұмыс істеді, Қамбар соның меңгерушісі болды. Заман өзгергенде алғашқылардың бірі болып, өз мамандықтары бойынша жеке кәсіпкерлікке бірден ауысып кетті. Қазір Қайрат, Айдос, Гүлзира атты балалары мен 3 немерелері бар. Гүлзира шет тілдер институтының студенті. Қайрат пен Айдос жеке отау тігіп, Алматы қаласында шет ел фирмаларының бірінде, екеуі де атқарушы директор болып қызмет атқаруда.

Сұрақ: – Раха, осы біздің қазақ шәйді аса қою қылып шығарып, сораптап іше береді, ал ойын тойдарда жастарды айтпағанда. кейбір кемпір шалдарға шейін «жүздетіп» жібереді, ал темекі туралы айтпасақ та белгілі, осы туралы түсінік бере кетсеңіз.

 

Мас болу – өз еркіңмен жындану. Аристотель

 

 

Жауап: – Осы жайттар жайында аз айтылып та, жазылып та жүрген жоқ, енді мен өзім осы туралы пікірімді білдіре кетейін

– Көпшілік өркениетті адамдар химиялық уланудың бір түріне бейімделген. Темекі, арақ, шәй, кофе – өзіндік қоздырғыштар. Осы заттардың бәрінің құрамында өте қауіпті улар бар. Ғалымдар байсалды түрде адамның темекіге деген құмарлығын зерттеді, сіз әр қораптың сыртынан «темекі тарту, сіздің өміріңізге қауіпті» деген ескертуді оқисыз. Бүкіл дүние жүзінде темекінің адам тәніне ететін әсерін зерттеу жалғасуда. Маған қайталауға рұқсат етіңіз: «ТӘН АҚЫМАҚ». Тән бәрін де қабылдайды. Көміртек қосындыларын, темекінің никотинінін, арақты, шәйдің және кофенің құрамындағы смоланы. Ағзада осы улар мен бәңгілерді залалсыздандыратын механизм жоқ. Қауіп туралы қаншама ескертілсе де, өз ағзасын талқандауға адам еш нәрсе аямайтындай болып көрінеді. Жоғарыда аталған бәңгілер, қоздырғыштар алғашында көмектесіп жеңілдететіндей көрінеді, соңынан орталық жүйке жүйесін бұза бастайтынын да білу қажет. Ашығу зиянды әдеттерден құтылудың жолы. Осы әдеттердің ашығу арқылы кеткенін өз басым талай көрдім. Ең үлкен мысалы Әсет мына сенсің.

Ораза тек ішіп – жеуден сақтануды ғана емес, бәйәдәп жаман сөздерден сақтануды қажет етеді. Егер біреу сені сөксе, сен оған: «Менің аузым ораза еді»,– деп себеп айт. Мұхаммед ПАЙҒАМБАР(с.ғ.с.)

 

Мен темекіге, араққа т.б. тәуелді болып, жар басынан құлауға шақ қалған талай адамдарды мысалға келтіре аламын. Осы адамдар ашығудың көмегіне жүгінді, ал ашығу ғажайып жасады. Темекі, арақ, шәй, кофе ішу әдетінен құтылғысы келсе, өзінің мәселелерін қарапайым ашығу жолымен шеше алады. Тән тазаланған уақытта уды қабылдамайды. Таза, дені сау, мамыражай дене уларды әрқашанда ысырып тастайды. Ашығу – улы заттардың қандайына болмасын тойтарыс беретін, ағзаны тазалаудың ұлы әдісі.

Сұрақ: – Қазіргі тамақтар құрамы туралы не айтасыз?

Жауап: – Қазіргі тамақ құрамы – маңқа мен шырыш тудыратын тамақ. Қазіргі тамақтың басым бөлігі қуырылып пісіріледі, ал қуырылған тамақ түгелдей маңқа тудырады. Сүттен дайындалған тамақтар да маңқа мен шырыш тудырады. Жер бетінде үлкейгеннен кейін бір де бір хайуан сүтпен қоректенбейді. Қазіргі мәзір май, майдың өнімдері маргарин, гидрогенді және тоң майлардан тұрады, ал осыларды адам ағзасы сіңіре алмайды. Саудаға түсетін барлық жартылай дайындалған тағамдардың 90 пайызы гидрогенделген майдан жасалған. Біздің қалыпты температурамыз Цельсия бойынша 36,6 градус. Осы майларды сіңіріп қорту үшін 150 градус ыстық қажет. Біздің дамыған тамағымызда көп мөлшерде өңделген синтетикалық сыр, ірімшік қолданылады, ал табиғи түрі тұзбен қанықтырылған.

Тоқ адамға семіз еттің де дәмі білінбейді. Сайф Сараи

 

Біз жұмыртқаны көп жейміз, ал оның құрамында қанықтырылған май холестерин өте көп. Құрамында көрінетін және көрінбейтін майы бар, қуырылған етті де көп жейміз. Қазіргі өркениетті тамағымыз – маңқа, шырыш тудыратын тамақ екені бәрімізге белгілі.

Сұрақ: – Осыларды анықтауға бола ма? Осыны анықтайтын әдіс бар ма?

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.