Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Училищеде «атаман» болуым



Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе. Ғабит Мүсірепов

 

Спорттан жақсымын, жүгіргенде, футбол ойнағанда жан баласына жеткізбеймін. Орыстың балалары әлі тиісе алмай жүр, сылтау жоқ. Олардың заңы бір адам сол жерді билеп төстеуі керек, қазақтың ішінде бас көтерері Оралтай екеуміз ғана. Бірге оқитын Хрепков Виктор, Спиваков Николай, Кузнецов Юрий т.б. орыстың балаларымен Оралтай екеуміз пәтерде жатамыз, бірақ өте тату болдық. Бір күні спорт залда бір мерекелік кеш болды. Бізбен оқитын бойы 2 метрдей. еңгезердей Бақты комендатурасының офицерінің баласы Меркулов деген жігіт келіп: «Әсет, бокстасасың ба?» – деп бокс қолқабтарын алдыма тастады. Бұрын естігенмін, бокстан 1-ші разряды бар деп, себебі олар өскен шекара аумағында спортқа бар жағдай жасалған, ол сол жерде солдаттармен бірге жаттыққан. «Бұл не пәле?» – деп мен де есалаң бола қалдым. «О, қазақ осыны да білмейді», – деп қарқ-қарқ күлді, оның күлкісін залда тұрған жанкүйерлері қостап ала жөнелді.

Маған жетім балалар үйінен келген қазақ қыздары ғана, мүсіркей қарауда, әлгі жанымдағы қазақ балаларым зым-зия жоқ, бір жанжалдың боларын сезіп тайып тұрған секілді. «Ережесі қалай, мынауыңды қалай киемін», – деп сұрадым, күлкі үдей түсуде. Қыз балалары бар, ұлдары бар бәрі қаумалап қоршап анталап тұр. Тек қана маған жанашыр болып тұрған Оралтай, Төкен мен бірге жататын орыстың балалары, олар: «Әсет мына арбиған неменің әкесін танытып жібер!», – деп мені қолпаштауда. Себебі менің сырымды олар біледі, маған сеніп тұр. Шайқас басталып кетті, қолы тым ұзын екен, ішіне кіріп ұрмасам, басқа амал жоқ. Байқаусызда бір ауыр соққы жіберіп алдым, жұдырығы ауыр екен. Анау өзіне тіпті сенімді болып алды, мені тура соққымен ұрып жығамын дегенде, лып етіп еңкейе қалып ішіне кіріп кетіп, тура иектің астынан, ең ауыр соққылардың біреуі төменнен жоғары, оң қолыммен бар салмағымды салып, тартып жібердім (хук), әлгі батырым кескен теректей сылқ етіп отыра кетті. Миы айланып мәңгіріп қалды. Біраздан кейін: «жалғастырамыз ба?», – деп сұрап едім, әзер дегенде сыбырлап: «сен жеңдің, мен жеңілдім», – деп мойындады.

Сонымен бір жылдық оқуымыз да бітті, кәсіптік-техникалық училищеде сабақты өте жақсы оқытады екен, талай нәрсе біліп шықтым. Мектепте он жылда алмаған білімді мына жерде бір-ақ жылда алдым. Себебі мұғалімдердің де деңгейлері, ауылдағы мұғалімдермен салыстыруға да келмейді, өте жоғары болды. 30 баланың ішінде 4-ақ бала өте жақсыға бітірдік, Солардың ішінде – Оралтай екеуміз де «өте жақсымен» бітіріп, «мұздатқыш қондырғысының машинисі» деген мамандық алып үш бала, біреуі Виктор Хрепков Ресейдің Алтай өлкесінің баласы, Теміртау қаласының сүт зауытына жолдамамен жол тарттық. Алдында 6 ай өндірістік тәжірибеде үшеуміз Көкшетау қаласының ет комбинатында бірге болғанбыз, жақсы достасып кеттік. Теміртау қаласына бізді жібергенде Виктор: «Оралтай екеуің қайда барсаңдар мен сонда барамын», – деп Ресейге қайтпай қойды.

Үшеуміз Украинада «Бандеровшы» болып 25 жылға Теміртауға жер аударылған, еңгезердей украин ақсақалының үйінде пәтерде тұрып жаттық. Даусы зор, керемет әдемі болатын, кешке есік алдынағы сәкіге отырып алып, украиндардың неше түрлі мұңға толы өлеңдерін айтудан жалықпайтын

Болашақ Елбасынан бата алуым

Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәхар болу – Алла алдында күнәхар болу. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

1969 жылдың желтоқсан айында үшеумізді де әскер қатарына шақырды. Бардық. Медициналық сараптамадан өтіп, тыр жалаңаш комиссияның алдына келдік. Төрағасы 30-дың ар жақ бер жағындағы жас қазақ жігіті екен. Бір уақытта Оралтай екеумізден қазақшалап: «Жігіттер қайдансыңдар, маған неге бұрын кездеспегенсіңдер?» – деп сұрады. Жөнімізді айттық, ол кезде Теміртауда қазақ баласы жоқтың қасы. Бір уақытта жанында отырған комиссия мүшелеріне орысшалап: «Қараңдаршы, біздің қазақ балалары қандай әдемі, дене бітімдерін айтсаңшы» – деп Оралтай екеумізді жер көкке сиғызбай ала жөнелді. Шынында да, біз жанымыздағы орыс балаларынан оқ бойы озық көрініп тұрғанбыз. Сол кезде олардың көбі шаштары иықтарына түскен бәңгішілер, маскүнемдер болатын, түрлері мен дене бітімдері қиқы-жиқы, бүрісіп кеткен.

Бір уақытта бізге қарап қайта қазақша: «Ал жігіттер, екеуің де жаман жігіттерге ұқсамайтын сияқтысыңдар, қайда жүрсеңдер де жолдарың болсын, менің сендерге берген ағалық ақ тілегім осы»,– деп қоштасты. Оралтайды әскерге алып кетті, бір жылдан кейін әскерде жүріп Оренбургтегі жоғары әскери жойғыш-ұшқыштар дайындайтын училищеге түсті, мені көктемге қалдырды. Бірақ мен де іле-шала, зауыттағы құжаттарымды алмастан, Алматыға кетіп қалып, алты ай дайындық курсын оқып, Ауыл шаруашылық институттың агрономия бөлімшесіне «өте жақсы» деген бағалармен түсіп кеттім.

Талай жылдар өткен соң, бір күні Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінен теледидардан деректі фильм көрсетті. Сол кездегі Нұрекеңнің жас Теміртауда болған шағындағы кадрлардан баяғы Теміртауда әскерге барар кездегі, Оралтай екеумізге ақ жол тілеген қазақ жігіті комиссия төрағасын таныдым. Өзім ойлаймын: «Мүмкін өмірдің адасу соқпағына түспей, адал қызмет етіп жүргенім де, жас күнімізде досым Оралтай екуміздің де бірден оқуға түсіп кетуіміз, жас Нұрекеңнің со кезде айтқан ақ ниетінің шапағаты да шығар».

Жас күнімдегі досым Оралтайдың мен үшін орны ерекше еді, осы күнге дейін аққұба ашаң жүзі, жымиып қана күлетін күлкісі, талдырмаш сұңғақ бойы мен келбетті өңі көз алдымнан кетпей жүрді. Оралтаймен 38 жыл өткен соң бірақ кездестім. Оралтайдың мақсаты әскери ұшқыш болу болатын, өзінің алдына қойған арманын іс жүзіне асыра білді.

Мұның бәрін жазып отырғаным, қазіргі жастарға үлгі болсын деп және адам өзінің ойлау жүйесін өзгерту арқылы, алдыны қойған мақсатына шындап кіріссе алмайтын қамалы болмайды. Бұл адам ғұмырында неше түрлі жақсы да жаман адамдармен араласады, жүре келе жора жолдастар да, жағдайыңа байланысты, жарға соққан толқындай, біресе көбейіп, біресе азаяды.

Оқу бітіргеннен кейінгі отыз жыл жұмыс істеп, елес қууым

Қуанбаңдар жастыққа,

Елірме күлкі, мастыққа.

Көзің қайдан жетеді

Достық пенен қастыққа?

Құрбыңның қызық дегенін

Сөз екен деп ап шықпа.

Адалдан тапқан тиынды

Салда сақта қапшыққа.

Қолдағыңды қорғап бақ,

Мал арзан деп аптықпа.

Сыпай жүр де, шаруа ойла,

Даңғойланып қақтықпа.

Бет алды жанға бой салма,

Қорлық жүрмес сақтыққа.

Елу бесте біз дағы

Сенісер адам таптық па?

Арсыз құмар болғандар

Опыр-топыр, шақ-шұққа

Түспей жүр ме, көрдің бе,

Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа? Абай

1975жылыАлматыдағы қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіргеннен кейін Ұржар ауданында – Науалыда, Некрасовкада бригада, тұқым агрономы, Мақаншы ауданында шекарада орналасқан «Қарабұлақ» қой шаруашылығы совхозында: 1979...1982 ж.ж. бас агроном болып 3 жыл, орысша-қазақша жақсы жаза, сөйлей алатындықтан, партия ұйымының хатшысы болып 3 жыл қызмет атқардым.

1983...85 жылдары совхоздың партия ұйымының хатшысы болып жүргенде әрбір адамның артында мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тарапынан (КГБ) аңду бар екеніне көзім жетті. Өйткені, жұмысшылар мал бағу мен шөп шабуды қытаймен шекарадағы екі темір тордың ішінде өткізетін. Тұрғындар түгелдей қытайдан 1962 жылы келген қазақтар. Оларды ерекше рұқсатпен ғана кіргізеді. Осы тізімді дайындаймын. Кімнің қытайда туыстары бар, оларды өткізбейді. Бәрін біледі. Сенбейді. Шекара отрядының барлау бөлімінің, не болмаса заставаның бастығымен тіл тауып бірдеме қылып өткіземін.

Сол кезде көзім жеткені, өзімнің мәнсабымның өспейтіндігі, болашағымның болмауы. Себебі, 1938 жылы атылған «халық жауының» немересімін, оның үстіне жұбайым қытайдан келген, бұрынғы бай өзбектің қызы. 1920 жылдары Қырғызстанда Пржевальск қаласында аталарының тері илейтін зауыты болған.

Партком хатшылығынан арыз беріп, өз еркіммен босадым. Ел таң қалады: «елдің бұл жұмысқа қолы жетпей армандап жүрсе, мына қылығың не?», – деп. Бұл жұмысты істеу үшін сөз тасығыш жағымпаз «өзің қасқыр болсаң де, ешкіні апа», – деп, шыбындаған жылқыша бас шұлғып жүруің керек екен. Табиғатыма жат болды.

1985 жылы туған ауылым Науалыда – «Ленин» колхозында бас агроном болып, Алматыдағы қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен тізе қосып: академик, биология ғылымдарының докторы, дәнді дақылдардың екі жүзге таяу сорттардың авторы – Рахым Алмабекұлы Оразалиевтің басшылығымен жаңа сорттарды сынайтын, топырақтың құнарын анықтайтын тірек бөлімшесін аштық. Жаңа сорттарды ектік. Агротехниканы, жұмысты ұйымдастыруды, еңбек ақы төлеуді түбегейлі өзгерттік. Түсім бірден екі есеге өсті. Колхоз тарағаннан кейін «Қусақ» атты өндірістік кооператив ашып, бір жылдан соң банкрот болғаннан кейін жеке «Риза» шаруа қожалығын аштым. Бірақ, екеуін де мандытпадым. 2005 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданының Мерей ауылына көшіп келдім.

Інжілде мынадай сөз бар: «Ар ұятыңа қарай жаза немесе силық аласың. Өлшеміңе қарай сыбаға аласың». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

2005 жылдан бастап шығармашылықпен шұғылданамын. 2010 жылдың 21 науырызында Москвада, Ресей әдебиетшілерінің орталық үйінде өткен Проза. Ру порталының 10 жылдық мерейтойына арнайы шақырылып: 90 000 қаламгерлердің ішінде, интернетте ең көп оқылатын авторлардың бірі ретінде бағаландым.

Рухани білімді қайдан алдым?

 

10 – Юныс сүресi, 100 аят.

Алладан бұйырықсыз ешкiмнiң иман келтiруi мүмкiн емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға бередi.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсiнiгi. 220 бет.

1983-85 жылдары, ол кезде Мақаншы ауданының «Қарабұлақ» совхозында партия комитетінің хатшысы болып қызмет істейтінмін. Бір күні жолым түсіп Ұржарға келдім, келсем бір дүңгіршекте ескі орыс харпімен жазылған Г. С. Саблуковтың, арабшадан аударған 1907 жылы Қазанда басылып шыққан «КОРАНЪ» кітабы сатылып жатыр екен, алдым. Там-тұмдап оқи бастадым, бірінші бетін ашып оқи бастағаннан-ақ, кітаптың сөздерінің құдіреттілігі мен мағынасы бірден баурап алды.

Бірте-бірте өмірге, адамдарға деген көзқарасым мүлдем өзгерді. Бұрынғы қалыптасқан маркстік-лениндік теориялардың бәрі быт-шыт болды. Осы кітап әсерінен, партком хатшылығы қызыметінен өз еркіммен босап, мамандығым бойынша ауысып кеттім.

Науалыда жүргенде Абайға ден қоя бастадым, Шәкәрім шыққаннан кейін тіптен терең түсіне бастадым. Сонымен, бірге дінге, руханиятқа байланысты көптеген басқа да кітаптарды оқып, рухани деңгейімді көтеруге ұмтылдым. Оларды Құранмен салыстырып оқитын болдым. Көзім жеткені барлық қасиетті кітаптардың мағынасының бір-бірінен онша алшақтамауы, бәрінің айтатыны бірақ нәрсе: Жаратушы біреу-ақ, бәрі де имандылық жолға түсіп «мұсылман»-дықты қабылдау өзіңе ғана қажет екенін айтады. «Шәкірт дайын болған кезде, ұстаз өзі келеді» деген қанатты сөз бар. Алматыда теолог-философ ғалым, жазушы, «Абайтану» кітабының авторы Досым Омаровпен танысып, айқын емес жерлерін тереңірек түсінуіме тигізген әсері зор болды. Осы рухани ілімді терең түсініп игеруім үшін 30 жылдай уақыт керек болды.

Қазіргі таңда біздің қазақ баласына жетіспейтін:

Бірінші – ұлтымыздың басым бөлігінде имандылықтың толық жетіспейтіні жасырын нәрсе емес. Бұның дәлелі: мешіттің жанынан алты шақырым аулақ жүріп, тілдерімен «аспандағы бұлтты үйіріп жерге қондырып» жүрген «зиялы» аға буын өкілдеріміз; жалқаулық желкелеріне иектеп мініп алған сандалып жүрген жұмыссыздарымыз;

Астана, Алматы т.б. Қазақстан қалалаларындағы самаладай самсап, темекіні будақтатып, имандылықтан жұрдай: мәңгүрт – сылаң қаққан қаракөз қыз-келіншектеріміз; араққа сылқия тойып, бұла күштері бойларына симай, құлшынып тұрған жас жігіттеріміз;

Орта жасқа шеткенше үйленбей жүрген «салт басты, сабау қамшылы» азаматтарымыз; уақытылы тұрмысқа шықпай өріп жүрген «кәрі қыздарымыз»; тірідей жанұядан айырылысқан сансыз «тірі жесірлеріміз»; балалар үйінде көздері жәудіреп, жаутаң қаққан шүпірлеген тірі жетімдеріміз;

Қала-қалаларда – тепсе темір үзетін босып жүрген қаңғыбас «бомждарымыз»; қарттар үйіне өткізіп тастаған мүсәпір қарияларымыз; бұрыш-бұрышта қаптап қолын жайып отырған қайыршыларымыз;

Жаның сау болса, сорлымын деме,

Тәнің сау болса, жарлымын деме. Қазақ мақал-мәтелдері

 

Екінші – денсаулық; ұлтымыздың тең жарымынан астамы түгелдей әр түрлі созылмалы аурулардың құрбаны екені ешкімге де құпия емес. Ұлттық сырқатқа айналған: қатерлі ісік (рак) пен көксаулықты (туберкулез), жүрек, қан-тамыр ауруларын айтпағанда, он жасөспірімнің алты-жетісі әскерге қызмет етуге жарамаса, жас келіншектердің басым бөлігі баланы өздігінен туа алмай, ішін жардырып алып жатқаны да бәрімізге мәлім жәйт!

Қош, сүйтiп жүрiп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. өзің таба алмасаң, балаң тапсын, ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбiр ғибадат орнына бармайды. Абай

 

Үшінші – Рухани білім жоқтықтан; сана төмен болып, бір Аллаға мойын ұсынбағандықтан – қазақтардың басым бөлігі кедей; тұрмыстары төмен, қайыршының о жақ бұ жағындағы еліміздің түкпір-түкпіріндеге қалалар мен ауылдардағы және Алматы қаласындағы Сейфуллин көшесінің бойындағы, «Алтын орда»-дағы «құл базарында», сондай-ақ көк базардың жанындағы «жетімдер бұрышында» лек-легімен, үйсіз-күйсіз сандалып, «ауыздарымен тас шайнап, құм түкіретін» сеңдей соғылысып жүрген қайратты, қылшылдап тұрған ұл-қыздарымыз.

Себептің де салдары болады, бұл – ақиқат. Адам баласы қылышты ойлап тапқанда, осыдан қорғанатын қалқанды да ойлап шығарды ғой.Есіңізде болсын!Бұл қалқан – бүгінгі қазақ даласында әруақтарды көре алатын, сан ғасырлық болашақты көктей өтіп, болашақты болжай алатын, тылсымнан сыр шертіп, аталар үнін жеткізетін, Алланың ақ жолында халықты соңынан ертіп жүрген, халықаралық «Ақ жол» қозғалысы.

Осыған нақтылы жауапты: Жоғары нәзік әлемнен киелі ата-бабалар әруақтары жіберген өкілі, халықаралық «Ақ жол» қозғалысының жетекшісі «Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызы Байжановамен сұхбаттасқанда таптым ғой деймін.

«Иманым» Шәкәрім (Шаһкарим) Құдайбердіұлының толғауы


Пайғамбар Мұса жолықса,

Сөйлесіп көңілім орнықса:

«Адасты жебірей, – дер едім, –

Тауратты қайта толықта!»

Дәуітті көрсем, ән салып,

Қуанар едім қарсы алып:

«Ақында қалды иманың,

Тағы үйрет, – дер ем, – бір барып».

Зардуштке айтсам кезі кеп:

«Үйреттің ақыл нұр ғой деп.

Ұға алмай отқа шоқынып,

Бұзылды елің боғын жеп».

Будданың ұстап білегін,

Айырылмай бірге жүремін:

«Жәдігөй, бақсы, ламаға,

Шоқынды елің білемін».

Айсаны көрсем егер мен:

«Ен, – дер едім, – қайта сен.

Сені Құдай деді де,

Айрылды халқың дінінен».

Мұхаметті көре алсам,

Сөз айтып, жауап бере алсам:

«Адасты молда, – дер едім, –

Құраныңды үйрет, келе алсаң».

Бұл күнде дұрыс иман жоқ,

Шатақ дін нәпсі тиған жоқ.

Ақылы саудың ойына,

Алдамшы діндер сиған жоқ.

Анықты ешкім тапқан жоқ,

Іздемей қарап жатқан жоқ.

Өлімді залым қылатын,

Шатақ діндей қақпан жоқ.

Ақыл да безді олардан,

Із қарап жүр сонардан.

Байқамай көбі адасты,

Көңілге бірақ сол арман.

Көрмеді сынап дүние ісін,

Білмеді құдірет киесін.

Денеге жанды жегізіп,

Таба алмай қойды Иесін.

Затшылдық көзін байлады,

Адастырып айдады.

Жан билемей тән билеп,

Ақылдың соры қайнады.

Ғылым деп уды жегізді,

Денесіз зат жоқ дегізді.

Дәлелсіз пәнмен перделеп,

Тапқызбай қойды негізді.



Сөз соңы

Жоның жайлау кең алаң,

Атам қонған кең далам.

Мендей сені қызғанар,

Бауырыңда өскен қай балаң?!

Көл қорыған қызғыштай,

Сен десе, салам байбалам.

Жайлауыңды көргенде,

Жадыраймын, жайланам.

Өксігіңді ойласам,

Ұйқы беріп қайғы алам.

Қара бұлттай қабындап,

Халықты басты қайғы шер. Дулат Бабатайұлы. ХIХ ғасыр.

 

Жоғарыда айтылғандардың барлығы да әруақтар туралы толық хабары жоқ адамдарға өтірік, не болмаса аңыз тәрізді көрінуі мүмкін.

Біздің оқырман қауымға айтатынымыз, бұл жазылғандардың барлығы да бірнеше рет тексеріліп, оның рас екені анықталып, дәлелденген деректер. Кейіпкерлердің телефондары кітапта бар. Сенбеген адам болса, өзі талпынып бұған көзін жеткізе алады. Бұған қазіргі қоғамның даму барысында мүмкіншіліктер де жеткілікті.. Тек қана оған деген таза ниет керек. Ал сенетін болса, онда оның сана-сезімі жаңа деңгейге, ғарыштық деңгейге көтеріледі. Осылай оның ойы тазаланып, шұрайлана түседі. Тіршілігінің мәні де жаңа бағыт алып өзгереді.

Ұлтымыздың киелі қыздарымыздың маңдай алдысы «Ақ ана» Зейнекамал Қаржымбайқызы жетекшілік етіп жүрген халықаралық «Ақ жол» қозғалысы әр қазақ баласына рухани жол болуға тиіс. Осы кітап және алдыңғы «ЖАРАТУШЫНЫ ӘРУАҚТАР АРҚЫЛЫ ТАНУ НЕМЕСЕ «АҚ АНАНЫҢ» ТЫЛСЫМ ДҮНИЕЛЕРІ»атты кітаптарының мазмұны кейбіреуге ұнасын, ұнамасын, ол – тылсым дүниенің және «Ақ ана» Зейнекамал Қаржымбайқызының Ақиқаты.

Халқымыз өткен ғасырларда бір Алла және ата-бабалар әруақтары қорғап, қолпаштайтынына сенетін. Дүние өзгерді. ХХI ғасыр қуат (энергия) заманы. Көпшілік адамдар әділеттіліктен айырылып, пенденің көзқарасы, өмір танымы азып, Құдайды, ата-бабаларының әруақтарын және өзінің осы жалған дүниеде уақытша жүрген пенде екенін ұмытты. Қазір бұл дүниені Алланың қалауымен, киелі ата-бабаларымыз фәни әлемге жіберген өкілдері: әруақтар қозғалысының құдіретімен, тікелей әруақтармен байланысқа шығып, тылсым қуат (энергия) күшінің көмегімен, адамның ойлау жүйесін өзгертуге кірісті.

Құрметті оқырман! Сiз, осы кітапты оқығаннан кейін жаныңызды тазалап, жүрегiңiздiң кiрiн аршып, имандылық жолына түсiп, Жаратушының құдiретiн танып түсiнесiз. Жаратушының, әруақтардың, тылсым дүниенің бар екенiн бар болмысыңызбен сезесiз, көңiл көзiмен көресiз.

Пайдаланылған кітаптар:

 

1. Құран Кәрим, қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай.

2. Коранъ. Переводъ съ арабскага языка. Г. С. Саблукова. Третье изданіе.

Казанъ. Центральная Типографія. 1907 .

3. Коран. Перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой.

Москва. Рипол классик. – 2005

4. Пайғамбарымыздың бір мың бір хадистері. – Шымкент қаласы – 1992 ж.

5. Бһагавад Гита қаз қалпында. (Ағылшын тілінен аударған Ержан Ілиясұлы).

6. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармалардың екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, Өлеңдер мен аудармалар. – 2004.

7. Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Иманым». – Алматы: «Арыс» баспасы. – 2000.

8. Джон Хоуг. «Нострадамус. Новые откровения». – Москва: ООО Издательский Дом «КРОН-ПРЕСС». – 1999.

9. Джон Хоуг. «Нострадамус. Полное собрание пророчество». – Москва: Издательство «ФАИР-ПРЕСС». – 2007.

10. Омраам Микаэль Айванхов «Свет мира». Юбилейное издания 1900 – 2000 год. – Москва: Издательство «Техническая книга». – 2000.

11. Асан Омаров. «Шәкәрімнің өмірбаяны» (Монографиялық зерттеу) – Алматы: ЖШС «Інжу – Маржан» полиграфия фирмасы. – 2008.

12. Х. Сүйіншәлиев. «ХХ ғасыр әдебиеті діл». Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы «Ана тілі». – 1992.

13. Қалкөз Жүсіп. «Өзіңді таны». Көкшетау қ-сы: «Мир печати» баспасы. – 2010.

14. Досым Омаров. Шәкәрімнің «Үш анығы» (ұлы ойшылдың «Үш анық шығармасына түсініктемелер) – Алматы: «Атамұра корпорациясы» ЖШС Полиграфкомбинаты. – 2008.

15. «Наука о жизни с позиции Аюрведы». – Москва. – 1998.

16. Рахым Оразалиев, Досым Омаров, Әсет Мұқашбеков. «Жасару құпиясы» – Алматы: «Алейрон». – 2006

17. Әсет Мұқашбеков. «Рух пен тәннің саулығы», – Алматы: «Алейрон». – 2007.

18. Әсет, Қамбар Мұқашбектектері. «Жүйке жүйесінің тылсымы» – Алматы:

«Алейрон». – 2007.

19. Әсет Мұқашбеков,«Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызы, Күләйхан Қасымқызы, Меңжамал Құмарқызы, Сапар Рауанов, Ержан Құлиев. ««Жаратушыны әруақтар арқылы тану немесе «Ақ ананың» тылсым дүниелері» – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». – 2008

20. Әсет Мұқашбеков, Рахпар Құдіретоллақызы. «Өз тағдырыңды - өзің қалай өзгертуге болады» - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». – 2009

21. Әсет Мұқашбеков, Қастер Сарқытқан. «Сен неге кедейсің? Сен неге қарыздарсың? Немесе мол ақша табу үшін не істеуіміз керек?» – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». – 2010.

22. Әсет Мұқашбеков, Рахпар Құдіретоллақызы. «Өз тағдырыңды – өзің қалай түбірімен өзгертуге болады» - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». – 2010

 

 

Мазмұны

 

Алғы сөз....................................................................................................................3

I ТАРАУ. Қауіпті жаңашыл елшілер, өкілдер...............................................5

Басқа елдердің әруағы тірілерге дүние тауып беріп жатыр................................6

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Әруақты ардақтай білейік, ағайын!.................7

Шәкәрім әулиенің үш анығы нені білдіреді?........................................................8

Созақтағы тірі әулиенің болжамы.......................................................................11

Көріпкел Ванга әжейдің «Ақ ананың» жер бетіне келуін айтуы......................13

Жаратушыны танудың жаңа жолы......................................................................14

Нострадамус туралы бірер сөз.............................................................................15

Мишель де Нострадамустың болжамдары.........................................................17

Әруақтар қозғалысының қысқаша шығу тарихы...............................................18

Нострадамус болжамы бойынша Жоғарғы нәзік әлем тарапынан келетін өкілдердің (визионеры) сәйкес белгілері...........................................................20

Еркін ойлы адамдардың тағдыры........................................................................21

Суқұйғыш (водолей) дәуірі адамға не береді?...................................................22

Ақырзаман қалай болады? Өмір қайтадан пайда бола ма?...............................23

II ТАРАУ. «Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызының алдына қойған мақсаттары...........................................................................................................26

Зейнекамал Қаржымбайқызының ата тегі..........................................................26

Зейнекамал Қаржымбайқызының алған атақтары мен марапаттары...............26

«Ақ ананың» ордасындағы әсер..........................................................................27

Ордада заттар белгілі тәртіппен орналасқан ба?................................................28

«Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызының Меккеде ұшуы.........................29

Сексенбай атасының аяны....................................................................................30

Мұсылман қауымының аруақтарының басын көтеруі......................................31

Құран кітабын алуы...............................................................................................31

Құжат алып емші болуы.......................................................................................32

Құран дәметкен әруақ...........................................................................................33

Арыстанбаб бабаның басына баруы....................................................................34

Бәкір атаның басына белгі қоюы.........................................................................34

Санкт-Петербургта тұратын адамның түс көріп орда салуы............................35

III ТАРАУ. Ақ ана! Сіз халыққа керексіз......................................................35

Адамдарды қалай емдейсіз?.................................................................................36

Аурулардың туындауының негізгі себептері неде?...........................................37

Тұқым қуалаушылық пен қарымта қайтару аурулары.......................................37

Бала көтермеу, белсіздік, бездердің ауруларының себептері...........................38

Сәби неге бай, білімді, енді біреулері кедей отбасында дүниеге келеді?........39

Адам баласы басқа жан иелеріне әсер ете ала ма?.............................................39

«Ақ ананың» арсыздарды әшкере қылуы...........................................................39

«Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызының кейбір ерекшеліктері...............40

Ата-баба әруағына Құран бағыштау...................................................................41

Ата мен баланың байланысы. Жанның заттық әлемге қайтуы.........................41

Бір әкеден жақсы да, жаман да туады. Бұның себебі неде?..............................42

V ТАРАУ. Ақ ана! Біз Жаратушы Алла туралы не білеміз?......................42

Жаратушы пендесіне қандай ерік берген?..........................................................43

Құдайсыз өркениет дегеніміз не?.........................................................................44

Айша Бибі анамыздың әруағының Алла алдында тілек тілеуі.........................45

«Ақ жол» қозғалысы бізге не береді?..................................................................45

V ТАРАУ. Тылсым дүниенің кереметтері.....................................................46

Шәкәрім әруағының ұлы Ахатпен тілдесуі........................................................46

Шәмшінің арақты қоюы........................................................................................47

Екі қабат «О дүниеге барып қайтқан» Қымбат Қабдашқызы Орынбаеваның тозақта көрген сұмдықтары, жұмақта көрген туыстары, болашақ өмірге келетін сәбилерімен жолығуы.................................................................................,..........50

«О дүниеге барып қайтқан» Қымбат Қабдашқызы Орынбаеваның екінші қабат өлуі, дүниеге жұмақта көрген балаларын алып келуі........................................53

Қымбаттың енесінің әруағының бір жыл жанында қолдап жүруі....................54

Бұрын көрмеген Ғайнүкүл құдағиының әруағының тілдесуі............................55

Руслан Ержанұлы Чахановтың әруақ болып денесіне кіре алмай жүруі..........56

Американдық Харрингтон ғалымының 200 реттен астам денесінен шығуы....58

Әруақтар түсіне кіріп, аян арқылы қайталанбас киелі домбыра жасайтын Гаухарбек Баянбайұлы Күнқожаевтың кереметтері.............................................59

Ақсақ Темірдің қарғысы немесе Кеңес үкіметінде 1941 жылы Отан соғысының басталуы, Сталиннің Ақсақ Темір әруағын мазалауы..........................................64

Халық Қаһарманы, ұшқыш – ғарышкер Талғат Мұсабаевтың басынан кешкендері.................................................................................................................71

Райымбек батырдың бастауы...................................................................................73

«Ақ ананың» күйеуі Жанат Серікбайұлы Байжановтың шайтанмен шатағы.........................................................................................................................73

Өліп барып тіріліп, өзіне-өзі жоқтау айтқан адам.................................................74

Кашпировский әруағының екі көмекшісімен түнде келіп, Науалы тұрғыны Жұматай Нұртазаұлы Абылханның аяғын кесіп алып емдеуі..............................77

Әкем Нұртазаның бақсы болып кете жаздауы........................................................78

Қилыбас нағашымның сайтандарды сабауы............................................................80

Басқа ғаламшарларда жан иелері бар ма?.................................................................81

Ұшатын тәлеңкелер. Әсет Мұқашбековтың көргендері, естігендері.....................82

Ұшатын тәлеңкенің мені аңдып, бақылауы, ............................................................82

Егістік алқаптың үстінде ұшатын тәлеңкенің ойқастауы........................................84

Әсет Сатмұхамбетовтың қонған тәлеңкені көріп, қасында болуы........................84

Киіз үйдің төбесінде қалықтап тұрып алған тәлеңке...............................................85

Саяуыш Қасабаевті ұшатын тәлеңкенің тырқыратып қууы.....................................86

Жүзімдік алқапқа қонған тәлеңкенің дыңылдаған дыбыс шығаруы......................87

Байқоңырдан ұшқан ракетаны – Тарбағатай бөктерінде тәлеңкенің жанамалай қатарласып ұшып, ғарышқа шығарып салуы.............................................................87

Жәбірейіл періштені, Мариям ананы көруім..............................................................88

VI ТАРАУ. Бақсы әрі «Ақ жол» қозғалысының іс меңгерушісі Мұрат Батанұлы Әлтешовтың дүниетанымы...........................................................91

Нәзік денелер дегеніміз не?..................................................................................91

Нәзік денелердің қасиеттері.................................................................................91

Әлемдік тоқ барлық қозғалыстың себебі............................................................92

Заттың өздігімен қозғалуы үшін үш нәрсе керек...............................................93

Адамның да әрбір жасаушасы (клеткасы) жанды..............................................93

Фәни әлемде барлық жан иелері қалай пайда болады?.....................................94

Адам өмірінің үш бастауы....................................................................................95

Жан қай уақытта заттық әлемге жіберіледі? Тәнді не үшін қолданады?.......97

Қарымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңы....................................98

Жын-шайтан деп аталатын төменгі әруақтардан қорықпаңыздар...................99

VII ТАРАУ. «Ақ ананың» шәкірті Ержан Ұзанқұлұлы Құлиевті ата-баба әруақтарының қолдап-қоршауы..........................................................100

Емші Ержан..........................................................................................................100

Жаратушының қасиеті туа бітеді.......................................................................100

Ата баба тарихы...................................................................................................101

Дуасынан арылуы, көріпкелдік қасиетінің ашылуы........................................102

Халық емшісі «Ақ анаға» баруы, аяқ-қолы сынғандарды емдеуі..................104

Арыстанбаб баба түсіне еніп аян беруі.............................................................107

Жеті ғаламаттың есігі. Жұмақ пен тозақты көруі............................................108

Нұһ пайғамбардың аяны.....................................................................................110

Бәңгішілерді (наркомандарды), маскүнемдерді емдеуі..................................110

Ержанның қалықтап ұшуы.................................................................................111

Ержан Құлиевтің құстарды емдеуі....................................................................112

VIII ТАРАУ. Әруақтармен байланысқа шығатын әрі Ванга әжейдің әруағы қолдап жүретін Күмісжан Құрманғалықызы Шанашованың пікірі.....................................................................................................................113

Жаратушы жақсы өмір сүру үшін пендесіне қандай құрал берген?..............113

Басымызға қиыншылық түссе не істейміз?......................................................113

Әруақтар дегеніміз кімдер?................................................................................114

Әруақтардың әлемдегі алатын орны қандай?...................................................115

Әруақтар әлемі қандай әлем?.............................................................................115

Әруақтардың адамзатқа көмегі..........................................................................115

Әруақтардың қандай түрлері болады?..............................................................116

Әруақтар не істей алады?....................................................................................116

Әруақтардың арасында жақсылары да, жамандары да бар.............................117

Заттық әлем мен нәзік әлемнің байланысы – адамдар мен әруақтардың арасындағы байланыс..........................................................................................118

Рухани болмысқа сенудің зияны бар ма?..........................................................118

IХ ТАРАУ. Екі қабат «о дүниеге барып қайтқан» Қымбат Қабдашқызы Орынбаеваның өмірде көріп, көңіліне тоқыған ойлары..........................119

Дін дегеніміз не?..................................................................................................119

Жанның өзінің тәнін тастап, о дүниеге өтуі....................................................119

Неге құрбандық шалып құдайы тамақ береміз?..............................................120

Көрінбейтін әлем дегеніміз не?.........................................................................120

Адам көрінбейтін әлемді мойындай ма?...........................................................121

Нәзік әлемдегі жан иелері кімдер?....................................................................123

Алла тағала адамның өмiрiн оның жүрегi арқылы басқарады.......................123

Х ТАРАУ. Әдебиетші – философ Фарида Уәлиқызы Қайысованың толғауы…………………………………………………………………………124

Заттық (материалдық) әлем деген не?...............................................................124

Фәни өмiрге әркiм өзiнiң қалауы бойынша келді.............................................124

Өмір деген не?......................................................................................................124

Өлім дегеніміз не?...............................................................................................126

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...........................................................................127

Ізгілік, құмарлық, надандық байлаулары дегеніміз не?..................................128

Пендеге адам денесі не үшін беріледі?.............................................................130

Өз өміріңнің жауапкершілігін өзіңе жүктеу дегеніміз не?..............................131

Оқыған намазыңды пұлдамай, Жаратушыдан қалай дұрыс сұрау керек?.....132

Тағдыр деген не? Тағдырды қалай өзгертуге болады?....................................132

Біз өзімізге қорғаушыны қайдан іздейміз?......................................................133

ХI ТАРАУ. Кашпировский әруағының екі көмекшісімен түнде келіп аяғын кесіп алып емдеген Жұматай Нұртазаұлы Абылханның пікірлері..............................................................................................................133

Түп Иесін көксемей бола ма екен?...................................................................133

Бөлшек бүтінге, жан Жаратушысына ұмтылады.............................................134

Пенде баласына Жаратушы сананы не үшін берген?......................................135

Рух дегеніміз не?.................................................................................................135

Жан мен рухтың айырмашылықтары неде?.....................................................136

Рухани жетілу дегеніміз не?...............................................................................137

Сана адам жанын айқындайтын құрал..............................................................137

Адамның нәзік болмысына нелер жатады?......................................................138

ХII ТАРАУ. «Ақ анадан» шипа алған кейбір адамдардың пікірлері...............................................................................................................139

«Ақ анадан» ем алған Тілеуберді Құлиев.......................................................139

«Ақ анадан» шипа алған Гүлнәр Болатқұлованың әңгімесі..........................140

Бауырынан тас түскен Айгүл Жексебаева........................................................140

«Ақ ананың» көмегімен баласын өлідей, немере-шөберелерін тірідей тапқан кейуана Роза Хакімқызы Жақаева ананың тағдыры........................................141

Құрылысшы Рахымберді Төпенұлы Кәлетов...................................................143

Бүйрегінен тас түскен Штабаев Төребек..........................................................144

Ауырған атеист – Оралхан Бапиновтың намазға жығылуы............................144

Әруақтарды бу, тұман түрінде көретін Бақыт Бөрізақұлы Мамажанов........145

Бүйрегі қатерлі ісіктен (рак) жазылған Роза Бимағамбетқызы Жұбанышева........................................................................................................145

«Ақ анаға» қарыздар Асқар Қалмұратұлы Жетпісбаев...................................146

ХIII ТАРАУ. Арыстанбабтан бастайық..................................................146

Арыстанбаб..........................................................................................................146

1. Қожа Ахмет Иассауи Әзірет Сұлтан.......................................................146

2. Айша бибі...................................................................................................147

3. Укаша ата...................................................................................................147

4. Ысқақ баб...................................................................................................148

5. Баба Түкті Шашты Әзіз............................................................................148

6. Әбдуләзізбаб (Балгерден баб)..................................................................149

7. Қарабура.....................................................................................................149

8. Асан Қайғы Сәбитұлы..............................................................................149

9. Қарахан әулие...........................................................................................150

10. Майқы би...................................................................................................150

11. Қорқыт ата................................................................................................150

12. Махмудхан (Мамұт ата)..........................................................................150

13. Ибраһим ата..............................................................................................151

14. Қарашаш ана.............................................................................................151

15. Гауһар ана.................................................................................................151

16. Есенқожа ата (Ишан ата) (Қазы Байзави)..............................................151

17. Мәрәлі баба..............................................................................................151

18. Боздақ ата..................................................................................................151

19. Мәриәм ана...............................................................................................152

20. Қайрхан.....................................................................................................152

21. Зұлқарнайын Құдды.................................................................................152

22. Лашын баб. Қарға баб..............................................................................152

23. Зеңігі баба.................................................................................................152

24. Ақ ата........................................................................................................152

25. Дәуітбек ата..............................................................................................153

26. Сұнақ ата...................................................................................................153

27. Сұлтан Бейбарыс......................................................................................153

28. Түлкібас ата..............................................................................................153

29. Ақбура ата................................................................................................154

30. Ғайып Ерен Қырық Шілтен....................................................................154

31. Әмір Темір................................................................................................154

32. Бәйдібек би...............................................................................................154

33. Марау ана (Гүлжамал).............................................................................155

34. Зеріп ана....................................................................................................155

35. Жалманбет батыр.....................................................................................155

36. Жұпар ана (Шапырашты)........................................................................155

37. Сыланды ана (Қарашаш).........................................................................155

38. Домалақ ана..............................................................................................156

39. Жарықшақ ата...........................................................................................156

40. Шахан ата..................................................................................................156

41. Шерімбет Әздер........................................................................................156

42. Байшегір ата..............................................................................................156

43. Тектұрмас ата............................................................................................157

44. Рабия Сұлтан Бегім..................................................................................157

45. Бабажа хатун.............................................................................................157

46. Қасым хан.................................................................................................157

47. Есім хан.....................................................................................................158

48. Жанай батыр.............................................................................................158

49. Қарасай батыр...........................................................................................158

50. Ағынтай батыр..........................................................................................158

51. Өтеп батыр................................................................................................159

52. Әнет баба...................................................................................................159

53. Құрбан ата.................................................................................................159

54. Тәуке хан...................................................................................................159

55. Төле би......................................................................................................160

56. Қазыбек би...............................................................................................160

57. Әйтеке би..................................................................................................160

58. Әбілқайыр.................................................................................................160

59. Жолбарыс хан...........................................................................................161

60. Абылай хан...............................................................................................161

61. Бұхар жырау..............................................................................................161

62. Қабанбай батыр........................................................................................161

63. Бөгенбай батыр.........................................................................................162

64. Наурызбай батыр......................................................................................162

65. Жәнібек батыр..........................................................................................162

66. Есет батыр.................................................................................................162

67. Қазыбек бек...............................................................................................163

68. Қастек батыр.............................................................................................163

69. Шыңғожа батыр........................................................................................163

70. Қараш батыр.............................................................................................163

71. Бекет ата....................................................................................................164

72. Ескелді би..................................................................................................164

73. Балпық би..................................................................................................164

74. Айту би......................................................................................................165

75. Қаблиса (Қабан жырау)...........................................................................165

76. Жолбарыс би.............................................................................................165

77. Қордай ата.................................................................................................165

78. Әлмерек баба............................................................................................165

79. Мәмбет ата................................................................................................166

80. Өтеген батыр.............................................................................................166

81. Райымбек батыр.......................................................................................166

82. Баян батыр................................................................................................166

83. Найманбай батыр.....................................................................................167

84. Кенесары хан............................................................................................167

85. Сыпатай батыр..........................................................................................167

86. Ағыбай батыр...........................................................................................167

87. Байзақ датқа..............................................................................................167

88. Исатай батыр......................................................




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.