Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 9 страница



Әруақтар не істей алады?

«Әр адам не үшін жаралса, соған ғана ылайықты өмір сүреді».

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

– Күмісжан Құрманғалықызы, әруақтар не істей алады?

– Әруақтар адамның кемшілігін көрсетіп, одан арылудың жолын айтып бере алады. Әруақ басына барған көптеген адамдар олардың көмегімен өздерінің кемшіліктерінен арылып, арақ, темекіден бас тартты, денсаулығын түзетіп намазға жығылады. Көпшілігі өмірін дұрыс жолға қойып, тіпті Алла Тағалаға беріліп, имандылық жолға толық түскендері де бар. Осылай әруақтардың ақиқат екенін, бұл көрнеу әлемнен басқа тағы да көрінбейтін әлемнің бар екенін түсініп, білгенде адам ой-өрісі толық өзгеріп, дүниетанымы мүлде басқа бағыт алады.

Адамның өз бетімен ізденіп өзінің қадір-қасиетін, мінез-құлқын өзгертуі, жаман әдеттен бас тартуы өте қиын және көп уақытты керек етеді. Ал әруақтар оларды бірден жоқ қылады. Мұның сырын төменде түсіндіреміз. Бұл жеңілдікті әрбір адам бірден сезініп, түсіне бастайды. Осылай адам өте үлкен әсер алып, болмысын толық өзгерте алады. Әруақтармен байланыстыратын емшілердің міндеті олардың халыққа деген қызметінің маңызы осындай.

– Күмісжан Құрманғалықызы, әруақтармен байланыстың қалай болатынын емшілер, (медиумдар) түсіндіріп айта ала ма?

– Өкінішке қарай, емшілердің көпшілігі әлі де болса әруақтармен байланыстың қалай болатынын анық түсіндіре алмайды. Себебі, арнайы білімдерінің жоқтығынан олар мұны білмейді. Бұл олардың өздеріне берілген мүмкіншіліктерді толық пайдалануға үлкен бөгет. Емшілер, көбінесе әруақтардың айтқанын ғана қайталайды. Ал жетілген медиум – емшілер әруақтардың бергенін ғана емес, сонымен бірге, олар өздері сұрақ қойып, ол сұрағына жауап алады. Осылай олар түрлі хабар алып, адамға бәймәлім көптеген нәрселерді анықтай алады.

Әруақтардың арасында жақсылары да, жамандары да бар

Дене менен – жан анау, көңіл – мынау,

Қайсысына билеттің байғұсым-ау?

Ең түбінде өзің – кім, сенікі кім,

Досың қайсы, өзіңе қайсысы жау? Шәкәрім

 

– Күмісжан Құрманғалықызы, әруақтар адам қалпынан нәзік әлемге өткеннен кейін олар бірден өзгеріп кете ме?

– Осы өмірдегі жеткен рухани деңгейіне байланысты жан о дүниеде түрлі деңгейлерге көтеріледі. Қазақта «Аспанның жеті қабаты» деген түсінік бар. Жеті қабат дегеніміз осы өзіміз өмір сүріп жүрген тұрпайы әлемнен бөлек, бірақ қатар өмір сүретін әлемнің жеті қабаты, ғаламаты. Олардың өздерін жеті әлем деп есептеуге болады.

Жан өзінің осы әлемдегі өмір сүруінің нәтижесіне байланысты сол әлемдерде өзіне тиісті орын алады. Егер адам бұл әлемде қара басының қамынан аса алмай, нәпсінің ықпалымен ғана өмір сүрсе, ол соған байланысты тәнін тастағаннан кейін төменгі қабаттарға барады. Бұл қабат нәпсіқұмарлықтан туатын төмегі сезімдер қабаты. Бұл қабаттағы әруақтарды әр халық өз тілдерінде түрліше атайды. Мысалы, әруақтың палтергейс, гном, домовой, сура, асура және тағы сол сияқты басқа атаулары бар.

Әруақтар жоғары әлемге өтсе де, олардың барлығы да жоғары қасиетті емес. Хабарласқан кейбір әруақтардың сөздері өте маңызды, шешен, олардың сөздері байсалды, өздері салмақты, мейірімді екені байқалса, ал екінші бір әруақтардың өте жеңілтек, айтқан сөздерінде ешқандай маңыз жоқ, өздерінің тек қана жамандық ойлап, кесірін тигізуге дайын, ақымақ екені білініп тұрады. Осылай түрлі әруақтар болады екен. Мұны түсіндіру де қиын емес.

Әруақтар адам қалпынан нәзік әлемге өткеннен кейін олар бірден өзгеріп кете алмайды. Өздерінің ынтасымен түрлі кемшіліктерін жоймайынша олар адам қалпындағы өздерінің кемшіліктерінен арыла алмайды. Сондықтан әруақтардың арасында жақсылары да, жамандары да бар. Тәндері болмағандықтан, әруақтар өздерінің жаман қасиеттерін жасыра алмайды. Нәпсіқұмарлығымен өмірін кешіп, өзіне әлі дұрыс қадір-қасиет алып үлгірмеген жандар о дүниеде де, сол өмірін жалғастырғысы келеді. Сондықтан олар нәпсілерін қандыру үшін адамдардың денесіне барып қонып, соларды дұрыс жолдан тайдырып, өздеріне ләззат алады. Не болмаса түрлі ойын-сауықтар құрып адамдардың өміріне араласады. Бұлардың қазақ тілінде «жын», «албасты», «шәйтән», «пері» және тағы сондай атаулары бар.

Нәзік әлемде барлығы қолмен қойғандай көрініп тұрады. Сондықтан жаман қасиет зардап әкеледі, ал жақсы қасиеттер, керісінше, басқа әруақтардың алдында үлкен сый-құрмет әкеледі.

Заттық әлем мен нәзік әлемнің байланысы – адамдар мен әруақтардың арасындағы байланыс

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Біреуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.

Шәкәрім

– Күмісжан Құрманғалықызы,заттық әлем мен нәзік әлемнің байланысы дегенімізді қалай түсінеміз?

– Жан денені өзінің рухымен басқаратыны тәрізді, Алла Тағала да заттық әлемді рухани әлем арқылы басқарып, онымен үздіксіз байланыста болады. Ал рухани әлем заттық әлеммен нәзік әлем арқылы байланысады. Заттық әлемдегі жетілген жандар адамдар болса, ал нәзік әлемдегі жетілген жандар періштелер (жоғарғы таза әруақтар) болып табылады. Сондықтан заттық әлем мен нәзік әлемнің байланысы дегеніміз – адамдар мен әруақтардың арасындағы байланыс болып табылады.

Осыдан нәзік әлемдегі әруақтар заттық әлемдегі адамдармен үнемі байланысып, олардың іс-әрекеттерін басқарып, кезінде көмегін беріп отыратынын түсінуге болады. Нәзік әлем рухани әлемнің, ал рухани әлем Алла Тағаланың құралы ғана болғандықтан, нәзік әлем Жаратушының ықпалынан ешқашан да шықпай, соның «әмірінде» болады.

 

Рухани болмысқа сенудің зияны бар ма?

Ілімге кәдімгі шопан сияқты күзетші, қорғаушы болыңдар, бірақ ілім туралы тек қана әңгімелеуші болмаңдар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

– Күмісжан Құрманғалықызы,рухани болмысқа сенудің зияны бар ма?

– Бүкіл тіршілік көрінісі рухани және заттық негізден құралатыны белгілі. Рухани болмысқа сенудің ешқандай да зияны жоқ. Керісінше, ол болмыстың біртұтастығын түсінуге мүмкіндік беріп, сана-сезім, ой-өрісті жаңа деңгейге көтереді. Бірақ, заттық өркениет басым болып тұрған заманда мұны әркім бірден түсініп, оған толық сеніп кете бермейді. Осылай мәселе таным мен сенімге келіп тіреледі. Осыны Зейнекамал Қаржымбайқызы жетекшілік ететін халықаралық «Ақ жол» қозғалысы Құдайдың құдіретімен, ерекше қасиеті бар емшілер – киелі аталар әруақтарының батасын жеткізу және ем жүргізу арқылы түсіндіреді .

IХ ТАРАУ. Екі қабат «о дүниеге барып қайтқан» Қымбат Қабдашқызы Орынбаеваның өмірде көріп, көңіліне тоқыған ойлары

 

Алла Тағалаға сыйынғанда, оны Алла Тағала көріп тұрады деп біліңіздер. Себебі сен Алла Тағаланы көрмесең де Алла Тағала сені көріп тұрады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Дін дегеніміз не?

Орташа өмір сүріңдер. Дін жолына қатты беріліп кеткен адам да кейін өкініште қалады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

– Қымбат Қабдашқызы, дін дегенімізді қалай пайымдайсыз?

Дін Жаратушыны танитын құрал, оған апаратын жол. Сондықтан да Жаратушы жалғыз, оған баратын жолдар әртүрлі. Бір дінге сенетіндердің өздерінің ішінде де бірімен бірі таласып, тіпті қырылысып жататындарының басты себебі де осында жатыр, әркім өз жолын ғана дұрыс деп есептейді, басқа дін ағымындағыларға осыны дәлелдемекші болады.

Мысалы: өзіңіз киіз үйді көз алдыңызға елестетіңізші, шаңырақ біреу-ақ, ал қаншама уық осы шаңыраққа ғана барып кигізіледі. Қалай десеңіз де, әлемдегі барлық дін ағымдарының барлығы да, бір ғана Жаратушыны танитыны, мойындайтыны, табынатыны бұлжымайтын ақиқат емес пе?!

Діндарлардың басым бөлігі, дін ілімі өте терең даналық ілімі (философия) екенін түсінбейді, не оқытқан кезде оны қабылдауға, игеруге өрелері жетпейді. Дін мен даналық ілімі (философия) бір бірінен ажырамайтын егіз ұғым, егер дін даналық ілімінен ажырап кетсе онда тек адамның сезімін білдіріп, соңы жанкештілікке (фанатизм) айналады, ал даналық ілімі діннен ажырап кетсе бос мылжыңға айналып кетеді.

Қазіргі заманда өкінішке орай, дін мен даналық ілімі бір-бірінен ажырап кеткендіктен адамзат баласы азып, құрдымға құлап бара жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Жаратушы: қазақ халқы мен оның жерінде жатқан киелі адамдар сүйегінің әруақтарының басын көтеріп – адамзатты түзу жолға салып, имандылыққа әкелу үшін таңдап алды. Осының мысалы:Жоғарғы нәзік әлемнен киелі ата-бабалар әруақтары жіберген өкіл «Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызының ұстаздық етіп жүрген «Ақ жол» қозғалысы.

Жанның өзінің тәнін тастап, о дүниеге өтуі

 

80 – Ғабәсә сүресі: 18, 19, 20, 21, 22 аяттар.

Алла адамды не нәрседен жаратты? (18) Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі. (19) Сосын оның жолын оңайластырды. (20) Кейін оған өлім беріп, оны қабырға қойдырды. (21) Қалаған сәтте оны тірілтеді. (22)

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 585 бет.

 

– Қымбат Қабдашқызы, жан өзінің денесін тастағаннан кейін не болады?

– Жан өзінің тұрпайы денесін тастағаннан кейін нәзік денесімен басқа ғаламшарларға барады, әруаққа айналады. Мұндай жағдайлар адам түс көру кезінде де болады, сол кезде адамның жаны денесінен бөлініп нәзік әлемдегі ата анасының жандарымен т.б. жолығысып тілдесуі де мүмкін. Немесе бір жамандық не жақсылық боларда адамның жаны нәзік әлем арқылы түсінде болашақты көре алады, осындай жағдайларды өз басыңыздан да талай өткерген шығарсыз.

Неге құрбандық шалып құдайы тамақ береміз?

 

– Қымбат Қабдашқызы, неге құрбандық шалып құдайы тамақ береміз?

– Жанның өзінің тәнін тастап, о дүниеге өтуі өте күрделі құбылыс.

Рухани жан тәннен айырылғаннан кейiн (өлгеннен кейiн) жалаңаш қалмайды. Жан өзiнiң тұрпайы және нәзiк болмыстарын бiртiндеп тастайды. Нақтырақ айтсақ, адамның жатқан қабiрiнде тек қана тән қалады, жан нәзiк болмысымен одан түгелдей бөлiнiп кетедi. Нәзік материалдық болмыс бірнеше қабаттан құралатын болғандықтан, жан оларды бiртiндеп өз уақыттарында тастайды. Яғни жан иесi әлi бiрнеше рет «өледi».

Сол кездерде артында қалған туыстары құрбандық беру арқылы есiне алып отырады. Бұл нәзік материалдық әлемнің заңдылығы. Сондықтан қазақтар да, орыстар да, тибеттiктер де ұлтына, дiнiне қарамастан дүниеден өткеннен адамның қайтқан күнiнде, жетiсiнде, қырқында, жылында жиналып бата оқып, iзгi тiлегiн бiлдiредi. Бұны халқымыз «жерлеу», «жетiсiн беру», «қырқын беру», «жылын беру» деп атайды.

– Қымбат Қабдашқызы, бұл кезде не болады?

– Бұл кезде жанның нәзiк денелерi өзiне арналған нәзiк тағамдармен (айтылған жақсы ниетпен) қоректенедi.

– Қымбат Қабдашқызы, бұны қалай түсiнуге болады?

– Адам қайтқаннан кейiн оны есiне алып оқылған дұғалар, айтылған сөздер, ойлаған ойлар, сағыныш сезiмдерi нәзiк әлемдерде жүрген қайтыс болған адамға қорек болады. Себебi оның нәзiк болмыстары сезiм, ой, қалаулардан құралады ғой. Бұның өзi нәзiк әлемдегi қайтқан адамға жақсы болу үшiн оның батасын дұрыс берiп, қатымды iзгi ниетпен өткізіп, барлық рәсiмдердi дұрыс жасау керек екенiн көрсетедi.

– Қымбат Қабдашқызы, рәсімдер дұрыс орындалмаса не болады?

– Адам өткеннен кейін оған берілген қатымның мақсаты оның артында қалған туған-туысқандарының мәртебесін өсіріп, өздерін көрсету, ел аузында атағын шығару үшін жасалатын болса, ондай қатымның пайдасынан гөрі зияны көп болады. Сондықтан, қатым бергеннің мәні мен мағынасы өте үлкен. Бұның барлығы бізге тәңіризмнен сіңген әдет-ғұрыптар.

Көрінбейтін әлем деген не?

Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,

Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.

Міні қайда екенін біле алмассың,

Терең ойдың телміріп соңына ермей. Абай

 

– Қымбат Қабдашқызы, көрінбейтін әлем деген не?

– Адамдарды көзге көрінбейтін өмір барын сендіру қиын. Себебі біздің сезу, көру, есту, дәм мен иіс сезу мүшелеріміз тек пәндік (материалдық) әлеммен ғана байланысқа түсе алады.

Өзіміз күнделікті араласып жүретін, көзге көрінбейтін тіршілікке толы басқа әлем бар деген идеяның өзі шындыққа жанаспайтын ертегі сияқты. Қазіргі ғылымның жетістігі микроскоп, телескоппен көре алмайтын, қолымен ұстай алмайтын нәрселерді жоқ деп ойлайды. Біздің алдымызда қайтыс болған адамның сүйегі жатыр делік, ол өлген – оны көзге көрінбейтін бірдеме тастап кетті, ол осының арқасында өмір сүрді, жүрді, сүйді, сөйледі, ойлады т.б. сіз оның жанына тамақ пен дүниенің түр-түрін қойып: «Бәрі сенікі бауырым, іш-же, шалқы», – десең де жатқан орнынан тапжылмайды. Осыдан кейін көзге көрінбейтін әлем барын қалай жоққа шығарып, сенбессің?

Көрінетін әлем, көрінбейтін әлемнен қуат пен қолдау алып тұрмаса түкке де тұрмас еді. Көрінетін әлемнің негізін көрінбейтін әлемнен іздеуіміз керек. Күн, аспан, жер біз үшін бар болса оны көзіміз арқылы қабылдаймыз, ал осының бастауы өзіміздегі көрінбейтінде. Көрінетін әлем – тек қана көрінбейтін әлемнің қапшығы ғана. Ал көрінетін әлем қуатты сол көрінбейтін әлемнен алады. Егер бұл болмаса қоршаған ортаның нақтылығын түсіне алмас едік.

Адамдар ойланбағаннан кейін көрінбейтін әлемді жоққа шығарады. Олар өздерінің ойын, сезімдерін көре ала ма? Әрине жоқ. Онда қалай, сезімдерін, ойларының бар нәрсе екеніне шек келтірмейді. Ғашық болғандар бір-бірін сүйетіндіктеріне күмән келтіре ала ма? Олар өздерінің ғашықтығын көре алмайды, сезе алмайды, бірақта ғашығы үшін отқа да, суға да түсуге дайын. Жанды, арды көрген кім бар? Кей кезде: «Жаныммен, ар ұятыммен мен ол адамды кінәлаймын», – деп, бірдемеге бола біреудің тағдырын, өзі көрмеген нақтылы екенін білетін бейнесізге сүйеніп шешіп жатады. Осыны қалай қабылдауға болады?

 

Адам көрінбейтін әлемді мойындай ма?

 

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Абай

 

– Қымбат Қабдашқызы, адам көрінбейтін әлемді мойындай ма?

– Пенде мойындағысы келмесе де, көрінбейтін, сезілмейтін нәрселерге адам баласы сенеді, себебі, оны жүрек арқылы сезеді. Олар ойлайды, сезеді, сүйеді, күйінеді, жоқтан өзгеге жылайды, онысымен қоймай кейбіреулер көрінбейтін әлемге сенгілері келмейді, жоққа шығаруға тырысады. Неткен қарама-қайшылық десеңізші! Өзінің басындағы толқудың әсерінен қаншама қылмыстар жасап жатады. Қызғаншақ күйеуі : «әйелім көзіме шөп салды», – деп кінәсыз жанды өлтіріп тастайды, сондай-ақ енді біреу: «бәсекелесім маған ор қазып жатыр», – деп ойлап, жазықсыз тағы бір жанды өлтіреді.

Адамдар өздерінің ойы мен сезімдерінің дұрыс екеніне күмән келтірмейді, ақиқат осы деген нық сенімде болады. Оларға сіз өзіңіздің кейбір көзқарасыңызды айта бастасаңыз: «Мен көремін, байқаймын, зерттеймін.... білетіндерден сұраймын», – деп шұбалаңға салып ала жөнеледі, бірақта өзінің ойлағаны: тексеруге, зерттеуге жатпайтын нақ шындық болып қала береді. Кейбір жағынан оныкі де дұрыс – егер ол қуаныштан шаттанып айғайласа, қайғыдан еңіреп жыласа, осы сезімін қалай өтірік дей алады? Ішкі шындыққа дау жоқ. Бірақта, көрінбейтін әлем мүлдем көрінбейді емес: ол көрінеді, сеземіз: ол жан иелері мен жарқылға, токқа, бояуға, иіске, тұлғаларға толы болады. Осыларды рухани жоғары жетілген адамдар көре алады. Көрінбейтін әлемде де әрбір электрон есептелген, орнына қойылған – онда да ақиқат заңдылық бар.

– Адамның бес сезім мүшелері жетілген бе?

– Адамда бес сезім мүшесі жетілмеген. Кейбір хайуандар біз көре, сезе, ести, иіскей алмайтын нәзік дыбыстарды, толқындарды, жарықтарды көреді, сезеді. Сондай-ақ ауа-райын, жер сілкінісін, апатты т.б. жайттарды алдын ала біледі.

Қасиетті Құран кітабымызда да, басқа да рухани кітаптарда көзге көрінбейтін әруақ, періште, жын-шайтан, ібіліс т.б. жайлы айтылған. Қазіргі заманда медицинаның шамшырақтары көзге көрінбейтін жан иелерінің адамды жақсылыққа не жамандыққа итермелейді деген түсініктің өзінен азар-безер болады. Материалдық ғылымның пайымдауынша барлық іс-әрекет химиялық элементтердің ағымының нәтижесінде іске асады. Бірақ осы элементтер қайдан пайда болды? Бұның жауабын рухани ілім беретін кітаптардан ғана табамыз.

Нәзік әлемдегі жан иелері кімдер?

Мұса пайғамбар Алла Тағаладан сұрады «Я, жаратушы раббім адамзат саған қандай шүкіршілік айтады?». Оған Алла Тағала «Несібелеріңді мен берді деп білсе, сол адамдар шүкіршілік айтқандары».

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

– Қымбат Қабдашқызы, нәзік әлемдегі жан иелері кімдер?

– Жаратушы заттық әлемді нәзік әлем арқылы басқаратын болса, онда ол нәзік әлемдегі жан иелері кімдер? Әрине, олар – әруақтар.

– Жаратушы фәни әлемді қалай басқарады?

– Жаратушы фәни әлемді өздерінің жетілу деңгейлеріне байланысты бөлінетін сансыз көп түрлі әруақтар арқылы басқарады. Мұндай жағдайда Алла Тағалаға олардың көмегінсіз жетуге бола ма? Бұл сұрақтың жауабы әркімге де түсінікті болса керек. Президент қабылдауына ең әуелі оның көмекшілері арқылы өтіп, олардың рұқсатымен ғана кіруге болады. Сол сияқты Алла Тағалаға да Оның көмекшілері арқылы ғана жетуге болады. Ендеше әруақтардың бар екенін, олардың бізге жасайтын жақсылығын да жоққа шығаруға болмайды.

– Періштелер дегеніміз кімдер?

– Әруақтардың жоғары жетілгендері, оларды біз періштелер деп атаймыз, олар табиғат құбылыстарын басқарып жылу, су, тамақ тәрізді адамзат өміріне керекті нәрселердің болуын қамтамасыз етеді. Бұл табиғи даму арқылы ұзақ жолмен жететін фәни әлемдегі адамдар үшін. Ал Алла Тағалаға тура жолмен жетемін деген рухани жолдағы адамдар үшін олар рухани ұстаз, әулие-әмбилер ретінде келеді. Халқымыздың әруақтарға үлкен құрметпен қарап, оларды үнемі есінде тұтуы болмыстың осы нәзік заңдылығын жақсы білгенінен деп білеміз.

Алла Тағала адамның өмiрiн оның жүрегi арқылы басқарады

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіне құмар қылған оның әмірі.

Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі (сенімсіз). Абай

– Қымбат Қабдашқызы, Алла Тағала адамның өмiрiн не арқылы басқарады?

– Алла Тағала адамның өмiрiн оның жүрегi арқылы басқарады. Адам жүрегiндегi Алла тағала өзiнiң мейiрiмдiлiгiмен адамға үнемi ақыл берiп, әрекетiн дұрыс жолға бағыттап отырады. Ол адамның ең жақын досы. Бiрақ жан иесi осы досының ақылына көп құлақ аса бермейдi. Оның жүрек көзiн шел басқандықтан ол жүрегiндегi Жоғары Рухтың, Ғазиз Жанның өнегесiн сезбейдi, не болмаса нәпсiнiң ықпалына берiлiп, өзiнiң болымсыз еркiн дұрыс пайдаланбай, терiс қылықтар жасайды. Сөйтiп ол қателiктерге ұрынып, себеп-салдар заңы бойынша оның зардабын көредi. Халықта мұны «ұят» деп атайды. Сондықтан Абай отыз сегiзiншi қара сөзiнде «...кiмнiң ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген» деп ескертедi. Яғни, ұяты бар адамды Алла Тағала оны ұят сезіміне бөлеп психологиялық зардап шектiредi. Ал сана-сезiмi әлi төмен, имансыз, ұяты жоқ адамдарды олардың тәндері арқылы зардап шектiредi. Мысалы, адамның түрлi апаттарға кездесуі, дене мүшелерiнен айрылып мүгедек болуы тәрiздi түрлі зардаптардың өзі Алла Тағаланың берген сабағы. Бұндай түсінік адамға өмірдің әрбір көрінісін Алла Тағаланың берген бір мейірімділігі деп қабылдауға мүмкіндік береді. Осылай адам баласы өмiрдiң тәттiсi мен ащысын кезек татуы арқылы бiртiндеп өмiр заңдылықтарын сезiне отырып, түбiнде осылардың бiр себебi барын түсiне бастайды. Сөйтiп ол себептердiң себебi Алла Тағалаға бас иедi. Бұл да жүректегi Жоғары Рухтың бiр мейiрiмдiлiгi.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.