Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 7 страница



Ата баба тарихы

Ержан Ұзанқұлұлы – Ұлы жүздің ішінде Бәйдібек бабамыздың «сары бәйбішесі» Марау анамыздан тараған Сары үйсін, Қалша бабасынан тараған. Қожай – Құланбай – Шілмембет – Төленді – Сарайбай – Ұзанқұл;

Ержанға түсіне кіріп аян беретін аталары: Шілмембет, Төленді, Сарайбай және әкесі Ұзанқұл. Нағашы жағынан: Анасы Нұржамалдың әкесі Айдарбай мен шешесі Алқажан.

Төленді бабасының аяны:

 

«Жылқы келіп түскенде –

Күртіден су ішкенде,

Күрті суы тартылып –

Бір тамшы су қалмаған.

Жылқы болсын алдыңда, балам!» – дейді.

Ержан содан бері жылқы ұстайды. Осы аянның мәнісі ата-бабаларының өз заманында аса дәулетті, мыңғырған бай адам болғандарын көрсетеді. Ержанның ата-бабаларының бәрі де өз замандарында қасиет, дәулет, бастарына бақ құсы қонған адамдар болған. Тұқым қуалаушылық заңы бойынша ата-бабаның ырысы – жеті ұрпақ аралағында, бір ұрпағының басына міндетті түрде үйіріліп қайта қонуы, генетиканың бұлжымас заңдылығы. Оташылық та, емшілік те, көріпкелдік те Ержанға 7 ата-бабасынан жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ерекше қасиет. Ата-бабалар әруақтары аян арқылы артындағы ұрпақтарына өздерінің қалауларын ниет етіп, Ержан арқылы үнемі жеткізіп отырады. Ұрпақтарының да өздеріндей болуын қалайды.

Ұлдары Ескендір, Айдос, Нұрбол дүниеге келерде ата-баба әруақтары түсінде Ержанға қасқыр мен мылтық ұстатады. Қыздары Гаухар мен Жәмилаға жұбайы Райхан жүкті болар алдында, Ержанға аян арқылы Арыстанбаб баба екі бесік силап, жолбарыс боп үйіне кіреді.

Дуасынан арылуы, көріпкелдік қасиетінің ашылуы

 

1994-2000 жылдар аралығында Ержан қатты ауырады. Ауруының себебін ешқандай дәрігер таба алмайды. Ең ғажабы дәрігердің алдына барса қызуы қалпында болады, үйіне келсе ыстығы көтеріліп кетеді. Дәрігер ары-қарап, бері қарап денің сау деп өтірік ауырып жүрсің, мұндай ауру болмайды деп қайтарып жібереді. Өзі қу сүйегі қалып, тірі әруаққа айналады. Тамағы 1-2 кесе шәй, басқа тамақ жүрмейді. Денесі лапылдап жанып тұрады. Фарбер деген еврей дәрігер болған, соған барады. Ол дәрігерлер ауруыңды таппаса, саған халық емшілеріне барғаның жөн болар дейді.

Ержан осының алдында марқұм әке-шешесін қаратам деп бармаған тәуіптері қалмайды. Борандайдағы Бүбіханға, өз ауылындағы Әзімханға апарады. Ол тәуіптер Ержанның бойындағы қасиеттерді көріп, біліп жолын жауып дуалап отырады екен. Ержан мұның бірін де білмейді. Тылсым дүниені әлі толық түсіне алмай жүрген кезі.

Сол түні таң алдында түсінде баяғы аталар әруақтары келіп: «Әй, балам! Бар ана кісіге!», – деп арт жақтарын нұсқайды. Қараса Сыдық емші Ержанның артында отыр екен: «Әй, бала! Сені күткеніме төрт жыл болды ғой, неғып келмей жүрсің», – дейді. Аталары бар, әкесі марқұм бар бәрі қайтадан: «Бар ана кісіге, сенің жаныңды сол алып қалады», – дейді. Түсінде Сыдық емші Ержанға: «Қошмамбетке барсаң бірінші көшеден бұрылғанда, үлкен үйде жазулы тұрған 7 санын көресің, мен сол үйде тұрамын», – деп аян береді.

Қазіргі Қарасай ауданы, Шамалған бекетінің жанындағы Қошмамбет ауылында тұратын Сыдық деген ұйғыр кісіні әкесі ауырып жатқанда ағалары үйге алып келген, содан Ержан ол кісіні танитын. Аян бойынша Қошмамбетке барады. Бірінші көшеден бұрылады, келе жатса 7 деген дәу сан жазулы тұр, үйге кіреді. Кірсе 10-15 адам кезек күтіп отыр екен.

– Сыдық деген кісі осы жерде тұра ма? – деп сұрап үлгергенше:

– Әй, ана қазір келген баланы кіргізіңдер бері қарай – деп іштен шақырды. Үйге кіреді, сол кезде Сыдық емші:

– Ойбу балам-ай, сенің жолыңның бәрін жауып тастап, әбден дуалап тастапты ғой қарағым!

– Дуа деген немене?

– Дуа деген осылай адамды ауыртады. Оны дәрігер таба алмайды. Дуаны тек қана аталар әруақтарының күшімен ғана табамыз. Сен 2-3 күн осы жерде бол, мен сені емдеймін – дейді. Ержан келіседі.

Бір мезетте Сыдық емші: «Сен аталар жолындағы дайын адамсың. Мына кісінің жоғалған нәрсесін тауып берші», – деді.

– Оны қайтіп тауып беремін?

– Аталар сенің аузыңа не салады, соны айтсаң болды, табылады.

Сөйтсе ол кісілер 4000 доллар жоғалтқан. Поезда проводник болып істейді екен. Сыдық емші Ержанның түсінбей тұрғанын байқап:

– Ойыңа келгенін айта бер, сол тура келеді.

– Жоғалтқан кісі кім?

– Мен. 4 мыңдай болатын, 1 мыңын дос жігітіме бердім, қалған 3 мың доллар жоқ. Қай жерге қойғанымды білмеймін.

– Төрт бұрышты бірдеме, бірақ үй емес. Дөңгелектің үстінде, вагон ба? Соның ішінде отырыпсыздар ғой, карта ойнапсыздар ғой.

– Иә, иә! Ойнағанбыз. Іштік-жедік ойнадық.

– Терезе бар, соның астыңғы жағында жылыту батереясы бар екен. Соған тығып қойыпсыз ғой.

– Ие, мүмкін, мүмкін! Бірақ жоқ, бір жеті болды таппай жүрмін. Ой! Ол поезд Москваға кетіп қалды ғой. Бірақ кешкі сағат 6-да осы жерге келуі керек. Тапсам 100 доллары сенікі – деп екеуі апыл-ғұпыл шығып кетеді.

Ержанның өзі де, жан-жағындағы кісілер де аң-таң. Бірер сағаттан кейін әлгі екеуі алқұм-жұлқым қайтып келді.

– Ақшаны таптың ба?

– Таптым, тура сен айтқан жерде тұр екен. Міне 100 доллар саған – деп 100 долларды Ержанға береді де, қайта-қайта Ержанның бетінен шолпылдатып сүйе береді. Ержан ондайды жақтырмайды. Осы кезде Сыдық емші:

– Қабыл болсын қабыл болсын – дейді.

– Сыдық аға, 100 доллар сіздікі – деп, Ержан емшіге 100 долларды ұсынады.

– Тапқан сенсің ғой, сен ал.

– Жоқ аға болмайды – дейді. Сол кезде ақша жоғалтқан адам қалтасынан 100 доллар суырып алып, Ержанның қалтасына салады.

Кеш батты. Сыдық емші: «Жүр балам, мен сені тауықпен ұрып тастайын», – деп тірі қара тауықпен айландырып-айландырып бір-екі қабат ұрғылайды. Тауықты жібере салып еді «бық-бық» деп әлгі тауық өліп қалады.

– Міне көрдің бе, сенің дуаңның күші қандай. Сені кермет қатты дуалапты. Енді ертең келесің.

Ержан ертеңгісін келеді. Емшімен қатар отырып ем жасайды. Сынық келеді оны орнына салып береді. Екінші күні тағы қара тауықпен ұрады. Тауықты жіберсе өлмейді, бірақ үшінші күні барса әлгі тауық өліп қапты.

Ержан тамақ ішпейтін. Қошмамбетте бажасының үйінде жатады. Екінші күні кешке барып тамақ сұрайды. Үйдің іші аң-таң қалады. Бұған не болды деп.

– Сен тамақ ішесің бе?

– Ішемін.

Тамақ мүлдем ішпейтін Ержан, екі табақ тамақты соғып алады. Үшінші күні Сыдық емші Ержанды қара тауықпен тағы ұрады. Сонан кейін Ержанның денсаулығы күрт жақсарып, өз қалпына келеді. Бірақ, әлі болса да қысылады. Сыдық емші: «Сен адамдарды емдей бер, себебі тоғыз жолдың торабында жүрген адамсың. Аталардың әруағы бір күні өздері босатады. Тоғыз жыл сынаққа түсесің. Сен сол сынақта жүрсің, қазір міне 2-3 жыл өтіпті, енді 3-4 жылда бұйырса жақсы боласың», – дейді.

Халық емшісі «Ақ анаға» баруы, аяқ-қолы сынғандарды емдеуі

Адамның жақсысы – өзгелерге пайдасы тиетіні.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Ертеңіне «Ақ анаға» барады. Сыдық емші кіргізіп жібереді. Барса үлкен залда көп адам отыр екен. Таңырқап тұрады. Бірінші келген беті, ешкімді танымайды. Бір уақытта «Ақ ана»: «Әй, Ақшиден келген сынықшы, беркел бері»,– деді. Ержан танымайтын адам мені қайдан біледі, мүмкін басқа біреу тағы бар шығар деп, жан-жағына қарап алақтап тұрады. «Әй, саған айтамын, бері кел бері, сен өзі менің құрдасымсың ба, менің ар жақ, бер жағындағы адамсың ғой тәйірі»,– деп «Ақ ана» қасына шақырып алады. Ержан елпеңдеп жетіп барады.

– Туу, әруақтар деген әбден қолдап-қоршап жүр екен ғой сені.

– Кім біледі.

– Мына жерге отыр.

Ержан көрсеткен жеріне отырады, бір уақытта оң қолы өзінен-өзі секіріп ала жөнеледі. Екінші қолымен басып отырады, бірақ оң қолы сырқырап ауырып жанын көзіне көрсетеді. Жібере салса қайтадан көтеріліп, онан әрман секектей ала жөнеледі. Екінші қолымен тістеніп басып отырады, шыдамағаннан кейін көзінен жас та шығып кетеді. «Ақ ана» залды айналып жанына келіп күліп:

– Не, қолың мазаңды алып отыр ма?

– Мазамды алмақ түгіл жанымды шығарып отыр. Өлетін болдым мына қолдан.

– Әй, халайық! Бері қараңдар. Мына жігіттің артында отырған оң қолдары сынғандар қолдарыңды көтеріңдерші, тағы да, тағы да! – дегенде 40-50 шақты адамдар қолдарын көтереді.

– Қолың қалай болды?

– Білмеймін, ештеңе батып тұрған жоқ, кішкене басылған сияқты.

– Ауырғаны басылып кетуі керек.

– Жоқ, толықтай басылған жоқ.

– Алдындағы отырғандар қолдарыңды көтеріңдер!

Ержанның алдында отырған 2-3 адам сынған оң қолдарын көтергенде, Ержанның ауруы сап қоя қояды. Ержанның таңырқауында шек жоқ.

– Қайтадан отыр! Ержан отырған беті қолына қарап-қарап қояды, ештеңке жоқ. Бір мезетте оң аяғы өзіне бағынбай селкілдеп, секіріп-секіріп тулап ала жөнеледі. Аяғын бүкіл кеудесімен басып отырады, аяғы тізесінен бастап, жанбасына дейін сырқырап шыбын жанын шырылдата бастайды. «Ақ ана» айналып тағы келеді.

– Әй, сынықшым! Не болды?

– Не болушы еді, аяғым басталды.

– Әй, халайық! Мына жігітке көмектесіп жіберейік. Арт жағындағы, алдыңғы жағындағы аяқтары сынғандарың орындарыңнан тұрыңдар! – деп бәрін тұрғызғанда, Ержанның зарылдап қақсап ауырып отырған аяғының ауырғаны, пышақпен кескендей сап тиыла қалады.

– Енді не істейсің, мыналарды емдейсің бе? Сынықты салып жүрсің бе?

– Иә, 3-4 жыл болды сынықты салып жүрмін.

– Қазір мына сынғандардың бәрін жеке-жеке шақырып ал да, ана жерге барып отыр, – деді «Ақ ана».

Ержан залдың бір бұрышына барып отырады да, сынықтарды қарап емдейді. Кейбір қисық біткендерге мынаны сындырып, қайта салу керек деп түсіндіріп айтады. Себебі, оны жылқының майымен жібітіп, қайта сындырып барып жөндеу керек екендігін түсіндіреді. Жеңіл-желпі жаңадан сынған сынықты қолма-қол қайта сындырып, жөндеп салып береді.

«Ақ ана» ордасында 10 шақты күн болады. Бір күні «Ақ ана» Қыдырәліге: «Ана сынықшының аяғын басшы», – деп айтады. (Марқұм Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаев ол кезде «Ақ ана» ордасынан бөлінбеген, оның шәкірті болатұғын). Қыдырәлі басады. Ержанның жаны мұрнының ұшына келеді. Аяғынан түскен кезде Ержан селкілдеп құлап қалады. Қыдырәлі қолынан алып тұрғызып жібереді. Сол сәтте аталар әруағы Ержанды көтеріп алып, қаптап отырған ел-жұрттың үстінен, аяқ-қолын жерге тигізбей дедектетіп ала жөнеледі. Бір ғажабы – бір кісіге не қолы, не аяғы тимейді. Сол беті Арыстанбаб бабаның суретінің астына апарып, қабырғаға желімдегендей жапсырып тастайды. Жабысып біраз тұрады. Денесінің алабұртқан қызуы басылып, жаны жай таба бастайды. Сол мезетте «Ақ ана»: «Сынықшым, аталарың босатты ма?», – дейді.

– Иә, босатты.

– Босатса орныңа отыра ғой. Ержан онына қарай бет алған кезде тағы да, аталар әруақтары дедектетіп ала жөнеледі, қып-қызыл боп жанып тұрған пештің арт жағына жапсырып тастайды. Жабысып тұрғанда «Ақ ана»:

– Төле би атаңа қандай жақындығың бар, немесе Дулат бабаларыңа қандай жақындығың бар?

– Ешқандай жақындығым жоқ.

– Ойпырмай, мына әруақтың мына баланы қолдауын-ай! Шешең қай елдің қызы?

– Шешем, Күнту Есенаманның қызы, – деген бойда Ержанның есіне Күнтудің Дулаттың ұрпағы екені есіне түседі.

– Дулатқа жақындығым бар, туған нағашыларым ғой.

– Нағашыларың да қолдап тұрған жігіт екенсің ғой. Қалай енді, босадың ба?

– Иә, босадым.

– Олай болса, орныңа барып ел-жұртты емдей бер.

Ержан енді ғана орнына отыра беруі мұң еді, ата-баба әруақтары тағы да дедектетіп сүйрей ала жөнелді. Осы жолы оңтүстік қабырғадағы Жамбыл атаның және ел басымыз Н. Назарбаевтың жолбарыспен тұрған суретінің астына апарып шаптап тастайды. Шапталып біраз тұрғанда «Ақ ана»:

– Әй, Шапыраштыға қандай жақындығың бар?

– Ешқандайда жақындығым жоқ.

– Әйелің қай елдің қызы еді?

– Шапырашты Көшектің қызы.

– Әй, бәтшағыр-ай! Сені қайын жұртыңның да ата-бабалар әруақтары қолдайды екен ғой.

Жабысып тұрған жерінен біршама уақыт өткеннен кейін аталар Ержанды босатады. «Ақ ана»: «Құран кітабына барып, қолыңды қойып тағзым етіп, орныңа отыр»,– дегенде Ержанды аталар әруақтары дөңгелетіп, бишілердей билетіп Арыстанбаб кесенесі тұрған суретке апарып жапсырып тастайды. Белгілі бір сәттен кейін босатады.

«Ақ ана»: «Болған шығар енді. Еміңді жалғастыр, өз орныңа отыр. 17 ақпан күні Түркістанға Арыстанбаб бабаға мал шаласың», – дейді.

Ержанның «Ақ жолға» түсуінің себептері, бала жастайынан көріп жүрген аяндарын осы жолға түскенге дейін жөнді түсіне алмай жүретін. Бірде ата-бабаларының аян етіп көрсеткені, әкесі Ұзанқұлдың денсаулығының нашарлығына байланыста түскен аяны. Ата-бабалар әруақтары: «Әкеңнің ауруына медицинаны шатыстырма, жақ сүйегіне тигізбе (операция т.б.)», – деп аталар әруағы ғайып болады. Бұл аян бірнеше рет қайталанады. Күндер өтіп жатады. Бір күні Ержан әкесінің сақал алып жатқанын көреді. Артынан келіп айнаға қараса, әкесінің жағы ісіп кеткенін байқайды, аң-таң болып қарап тұрса, ұстара жақ сүйектегі ісікке келгенде ісік жоғалып кетеді, ұстара төмен сырғығанда ісік қайта пайда болады. Алдына тұрып бетіне қараса, ісік жоқ. Таңырқаған бойы үйіне қайтады.

1993 жылы жоғарыда айтылған аян түсіне қайта кіреді. Мазасызданған Ержан әкесінің үйіне барады. Жақ сүйегіне қараса кішкене ісік пайда болғанын көреді. Ісікті қолымен сипаса, өзінен-өзі жоғалып кетеді.

Әкесінің інісі Тілеуғабыл Алматы қаласына апарып дәрігерлерге қаратады. Қаратқаннан кейін ауруы өршіп кетіп кетеді. 1994 жылы бақилық болады. 1997 жылы Ержанның анасы Нұржамал Айдарбайқызы да бауыр ауруынан өмірден өтеді.

Арыстанбаб баба түсіне еніп аян беруі

 

1997 жылы 17 ақпан күні Ержан жанында 10 кемпір бар жолға шығады. Жүргізуші Қайрат деген жігіт. Ержан Арыстанбаб бабаның басында мал шалып құдайы тамақ береді. Сол түні таңға жуық Арыстанбаб баба түсіне еніп аян береді. Ержан Арыстанбаб бабасымен тікелей тілдесіп сөйлеседі. Баба өте иықты еңгезердей, алып денелі кісі екен. Екі иығына екі-екіден төрт адам отырғандай ұлы тұлғалы адам. Бет әлпеті аққұбаша келген, сақалы кеудесіне түскен сары кісі. Арыстанбаб баба: «Балам, ел ішінде жүрсің. Мынаны ел-жұртыңа айта жүр. Жеті нанды мынандай қылып пісіру керек», – деп құшағын жайып көрсетеді. «Оны кездікпен кеспеу, шанышқымен шаншымау керек», – деп айтады. «Кездікпен кескендерің әруақтарды кездікпен кесіп, тілгілегенмен бірдей. Ал шанышқымен шаншығандарың, әруақтардың жүрегін пышақ салғанмен бірдей. Сол үшін де, нанды қолмен илеп, қолмен жұлып, оқтаумен жайып, пісіретін майға әруақтардың атын атап салу керек», – дейді. «Себебі, сендердің жеті нан таратқандықтарың арқылы біз бүкіл әруақтар, бейсембіден жұмаға қараған түні, Мекке-Мәдинаға қарай жолға шығамыз. Ал, Құран оқылмаған, жеті нан таратылмаған әруақтар Мекке-Мәдинаға жете алмай, ескерусіз қалады. Сол себептен де, біз тірілерден Құран бағыштауын сұраймыз. Осыны жүрген жеріңде айта жүр», – деп айтады да ғайып болып кетеді.

Ержан оянса, таң сібірлеп атып келеді екен. Қуанышы қойнына симаған, жүрегі лүпілдеген Ержан жуынып шайынып алғаннан кейін, таңғы шәйда Арыстанбаб баба берген батаны, көрген аянын сол жердегі ел-жұртқа жария етеді. Естіген ел таңқалып жағаларын ұстайды, тылсым дүниенің бар екеніне шүбә келтіре алмай қалады. Ержан содан бері барған, тұрған, отырған жерінде баба берген аянды үнемі айтып жүреді.

Арыстанбаб бабаның басына 1998 жылы тағы бірде барғанында, тағы да аян алады. Онда да қарама-қарсы отырып тілдеседі. Бұрынғы алдында көрген бейнесі. «Балам, сен еліңнің, жұртыңның баласысың. Мынаны айта жүр. Зиярат етіп келушілерге мынаны түсіндір. Әулие жатқан жерден шөп, тас, топырақ алмасын. Себебі, әулие басындағы шөп ол адам болмысындағы түктер. Ал топырақ адам денесіндегі еті. Тас болса, адам денесіндегі мең болады. Балам, ана мұрын тұсындағы меңіңді тартып көрші, ауыра ма екен. Ауырса сол тас біздің, яғни әруақтардың бойындағы меңі. Шөп әруақтардың бойына біткен түгі, оны сол себептен алуға болмайды деп түсіндір. Тек басымызға келгенде, еш нәрсеге тимей Құран бағыштап кеткендерің жөн», – деп аян берген. Ержан содан бері бабаның айтқандарын халық арасында айтып жүреді.

2000 жылы Арыстанбаб басына Ержан күз айында барады. Бабадан Түркістанға қарай бағыт алғанда көктен сағымдай болып, екі бесік түсіп келе жатқанын көреді де, жанындағы ұстазы Сыдыққа: «Ана бесіктерді көрдіңіз бе?», – деп сұрайды. Ол кісі: «Жоқ. Егер сен көріп тұрсаң, сол түскен жеріне машинаны тоқтат», – дейді. Сол мезетте бесіктер де төбе басына түсіп үлгереді. Ержан машинаны тоқтатады. Қараса, жалғыз аяқ сүрлеу төбеге қарата кеткен екен. Ілескен адамдармен бірге сол төбеге шығып қараса, барған жерлерінде ескі екі ағаш бесік бір бөлек, жалғыз бесік бір бөлек тұр екен. Бұны барған адамдар түгелдей көреді. Сонда ұстазы Сыдық: «Сенің қанша балаң бар?», – дейді.

– Үш ұлым бар.

– Ендеше саған Арыстанбаб бабаң тағы екі бесік силап тұр.

Одан шығып, Қожа Ахмет Йассауидің қызы Гаухар ананың зиратына келіп Құран бағыштайды. Сол жерде Гаухар ана Ержанның бойындағы дуасын, қаралығын шешеді. Дуаның шешілгенін ұстазы Сыдық қолындағы тасбиғының шашылып кетуінен байқайды. Ұстазы Сыдық:

– Ал Гаухар ана дуаңды шешті, не дейсің?

– Дуамды шешсе, Алланың берген екі бесігінің бірі қыз болып дүниеге келсе Гаухар ананың атын қоямын.

Тылсым дүниенің кереметтілігі: Ержанның дүниеге екі қызы келеді. Гаухар 2001 жылы шілде айының 2 жұлдызында, ал Жәмилә 2003 жылы қараша айының 7 жұлдызында дүниеге келді. Ержанның үлкен әжелерінің бірі Рахымбай атасының кемпірі Жәмилә әжей Ержанға телефон шалып: «Мына қызыңа менің атымды қой, көзімнің тірісінде балаларым атымды атап жүрсін дейді. Үлкен Жәмилә 90-ға таяп қалса, кішкентай Жәмилә 5-ке келді. Құдай бұйырса кішкентай Жәмила да, үлкен әжесі сияқты ғасырға жуық бақытты ғұмыр сүретін шығар.

Жеті ғаламаттың есігі. Жұмақ пен тозақты көруі

 

1972 жылы Ержанның бала күнінде әкесі қатты ауырып емханада бір жылдай жатады. Бас агроном болып қызмет істейтін Шолпанқұл ағасы ірі малдарын алып кетеді. Үйдегі қалған 4-5 биені, 40-50 шақты қой-ешкіні апасы екеуі кезектесіп бағады, түске дейін апасы, түстен кейін өзі. Бір демалыс күні оянса апасы мал жаюға кетіп қапты. Апыл-ғұпыл қауын-қарбызын жеп алып, велосипедіне міне сала жөнеледі. Барар бағытында биік төбе бар-тын. Екі аяғын велосипедінің үстіне рөлге қойып, екі қолын кеудесіне айқастырып алып еңіске қарай заулайды, қалай ұшып түскенін аңғармай да қалады. Құлағанда өліп қалғандай болады.

Өлген деген осы екен ғой деп қиналып жатса: «Өй, қарағым, сен өлген жоқсың», – деп ақ жамылған бабалары Шілмембет пен Төлендінің әруақтары екі жағынан келеді де, екеуі екі қолтығынан демеп, көкке көтеріп әкетеді. Ержан сасқанынан: «Қай жаққа апарасыздар, қай жаққа апарасыздар?», – деп сұрайды. «Әй балам, сендер планета дейсіңдер, бүгін сол жеті ғаламшардың (планета) есігі ашылып тұрған күн. Саған жеті ғаламның есіктерін көрсетейік», – дейді де, таныс емес бір араға апарады.

Ержанның байқағаны борпылдаған топырақ үстінде тұр екен. Ержан аталардан: «Мен қайдамын, қайда әкелдіңіздер?», – деп сұрағанда, аталары: «Сендер Ай дейсіңдер, сол Ай ғаламшарында тұрсың, қарағым!». Ержан Айдың бетін қараса, топырақтары сарғыш, кішкене тастары бар сияқты. Ержан аң-таң болып: «Ата мені мұнда не үшін әкелдіңіздер? Мен өлдім бе, әлде тірімін бе?», – деп сұрайды. «Жоқ балам, сен тірісің. Сен еліңе керексің, жұртыңа керексің», – деп бабаларының әруақтары жауап қайтарады.

Бір мезетте «Балам, төмен қара! Жеріңе қара!», – дейді аталары. Ержан Айдың бетінен Жер бетіне қараса: Жер дөңестеу болып көрінеді. Жер бетінде үш жолақ – аралары мөлдір қабыршықпен бөлінген сызықты көреді, ортасындағы дөңестеу жолақта қаптаған адамдар. Оң жақ жолағында көп адамдар кітап оқып, жеміс-жидектер жеп мәз-мәйрам болып жүр. Сол жақ жолақта топырлап отқа жанып жатқан, суға ағып бара жатқан, қиналып жүрген адамдардың легін көреді.

Ержан: «Ата, бұл маған неге керек? Мен қай жағына баруым керек? Оң жағына барайын ба, сол жағына барайын ба? Жаным қиналып кетті, мені баратын жағыма жіберіңдерші, аталар», – деп жалынады. «Жоқ балам, сен керек емессің о жаққа. Сен осының бәрін көру үшін, қазір сені өлтірдік – біз», – дейді аталар әруақтары. «Енді көрсетіңіздерші, жаным қиналып кетті ғой, қай жағына барам, соны көрсетіңіздерші», – дейді Ержан. «Балам, мына сызықты көріп тұрсың ба? Осы сызықпен анау көпірдің басына шығамыз», – дейді аталары.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.