Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 11 страница



 

Өз өміріңнің жауапкершілігін өзіңе жүктеу дегеніміз не?

Біз өмірге не берсек, одан тек соны ғана табамыз. Эмерсон

Өз өміріңнің жауапкершілігін өзіңе жүктеу дегеніміз – айналаңдағы адамдарды кінәлаудан, өсектеуден, сынаудан, көре алмаудан толықтай бас тарту.

Әрбір пенде баласы Ғарыштың бір бөлшегі. Сондықтан, ол соның заңдылығымен өмір сүруі қажет. Егер ішкі жан-дүниеңде үйлесімділік болса, онда сыртыңда да үйлесімділік болады.

Ғарыш әлемінің заңдылығын түсіндіру әрекеті, сонау ықылым заманнан бері келе жатыр. Әртүрлі дін ағымдарында хадистер, сүрелер, аяттар түрінде берілген. Бізден қажет ететіні, тек қана осыларды түсіну. Бұрынғы адамдар, қазіргілермен салыстырғанда анағұрлым діндар болған. Олар киелі кітаптардағы қағидаларды бұзбауға тырысқан.

Қазіргі «өркенниетті» әлемде негізгі бағыт: фәни-заттық жалған әлемнің қызығы, ал рухани дамуға көңіл аз бөлінеді. Бұл адамзатқа, әлемге қандай қатер төндіреді? Ақырзаман. Осымен көріпкелдер бізді қорқытады. Ой адамнан туындап, біржақты қуатқа ие. Ойдың күші Ғаламат! Ғалымдардың есептеуі бойынша адам ойының қуаты, атом қуатына қарағанда шексіз. Адамдар өздерінде қандай алапат қуат күш қорының бұғып жатқанын сезбейді, білмейді. Осы қуат құртатын да, құрайтын да күшке ие!

Адам біреуге ренжіп, оған талқандайтын ой бағыштаса, ол ой өзіне қасірет, зардап, ауру, азап түрінде қайта оралады.

Керісінше, сүйіспеншілік пен құрайтын жағымды ойды бағыштаса, онда ол ойы өзіне қуаныш пен жетістік әкеледі. Бұл арада бүкіл әлемдік әділет Қарымта заңы мүлтіксіз жұмыс жасайды. Адамдар жан, рух деңгейінде бірін-бірі қырып-жояды, сонан соң ауру неге азаймайды деп таңырқайды. Қазіргі әлемде зорлық-зомбылық өте көп.

Оқыған намазыңды пұлдамай, Жаратушыдан қалай дұрыс сұрау керек?

«Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демес дағы болады, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па ? Абай (он алтыншы сөз)

Ауру мен жоқшылық – өзіңіздің бір тәртібіңіз, белгілі бір ойыңыз, сезім құбылысыңыз, қылығыңыз бүкіл Әлемдік табиғат заңымен қарама-қайшылыққа түскенін хабарлайды, осының хабаршысы. Қандай болмасын аурудан жазылу, кедейшіліктен құтылу үшін, ең алдымен өзіңнің ойлау жүйеңді, тәртібіңді, қылығыңды, сезім құбылысыңды табиғат заңдарымен үйлестіру шарт.

Адамның өмірге деген көзқарасының, оның әкелетін ғажап салдарының әсерінен қазіргі медицина «жазылмайды» деп аталатын аурулар Алладан шын ниетімен сұраса жазылып кетеді және өмірде өз орнын тауып: бақытқа, молшылыққа шомылады.

 

Кім де кім баю жолында тіленсе ол дозақ шоқтарынан тілепті. Қаласа көбейтсін тіленуді. Қаласа азайтсын. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Сұрағанда: «Ей, Алла! Осы жалған фәни әлемде, осы әлеммен үйлесімділікте болатын өз орнымды тауып бере гөр!», – деп сұраңыз.

 

Тағдыр деген не? Тағдырды қалай өзгертуге болады?

Өмір, дүние, жер мен көк, өткен заман,

Ажал алмай қоймайды ешкімді аман.

Өлмей, өшпей, қартаймай жүргің келсе,

Ол болмай ма тағдырды жамандаған? Шәкәрім

 

– Фарида Уәлиқызы, Жаратушы фәни өмірді басқару үшін не жасады?

– Жаратушы шексiз мейiрiмдi болғандықтан, бұл материалдық әлемде Ол ешкiмдi де жiберген қателiктерi үшiн жазаламайды. Жаратушы тек қана материалдық әлемнiң заңдылығын ғана жасады, ал оны дұрыс, не болмаса бұрыс қолдануына байланысты өмірдің әділет (қарымта) заңы бойынша әркiм өмiрдiң рақатын, не болмаса қасiретiн көредi. Бұған Жаратушы араласпайды. Осылайша әркiм өзiнiң бақытын өзi жасайды.

– Тағдырдың соққысын тұрпайы әлде нәзік денемізбен аламыз ба?

– Біз тағдырымыздың соққысын тұрпайы денемізбен және нәзік денелерімізбен де аламыз. Болашақта болатын оқиғалардың тұқымы және ауыратын ауруларымыз нәзік денелерімізде: ауруларымыз төменгі есте, ал болашақтағы оқиғалар – жоғарғы нәзік әлемде бұғып жатыр. Дененің, жердің, ғарыштың қабықтары көзге көрінетін және көрінбейтін болып екіге бөлінеді.

– Адам өміріндегі барлық болатын оқиғалар алдын ала белгіленіп қойылған ба? Тағдырды өзгертуге бола ма?

– Адам өміріндегі барлық болатын оқиғалар алдын ала белгіленіп қойылған, тек уақытын ғана тосуда, сондықтан да қарапайым адам өз еркімен мұны өзгерте алмайды. Осы ойды атам қазақ «Алланың жаққан отын адам үрлеп сөндіре алмас» деп қысқада нұсқа түйіндеген.

Кей кездерде болашақта болатын оқиғаларды түсімізде көреміз, біз өзгерте алмаймыз, болатын нәрсе қайтсе де іске асады. Қазақ осыны тағдыр немесе: «пешенеңе не жазса соны көресің», – дейді. Егер адам фәни дүниенің шырмауынан шыға алмаса, Құдайға сенбесе қарымта қайтару заңы мүлтіксіз жұмыс істейді, оған күмәныңыз болмасын, ал егер Құдайға сеніп, имандылық жолына түсіп, аштық ұстап – тәнін, жанын, рухын, нәзік денелерін тазалап жүрегінің кірін аршыса, онда оның күнәлары кешіріліп жеңілдейді. Осыған сәйкес адамның тұрмыс жағдайы да түзеліп, бақытты өмір сүре бастайды. Осы кезде Жаратушы адамның тағдырына араласып, әруақтардың көмегімен қарымтасын – тағдырын өзгертіп жібере алады.

Біз өзімізге қорғаушыны қайдан іздейміз?

Алла Тағала несібеңе жараса ырыс береді, артықша сұрама, нәпсіңді тый.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

– Фарида Уәлиқызы, біз өзімізге қорғаушыны қайдан іздейміз?

– Біз өзіміздің ақымақтығымыздан қорғаушыны жерден іздейміз. Кейбір күшті тұлға өмірімізде жарылқаушы болады деп ойлаймыз, оның да осы өмірдегі уақытша пенде екенін ұмытып кетеміз. Өмірде бәрі де өзгеріске ұшырауы мүмкін: сізге қамқоршы болып жүрген адамыңыз қас жауыңызға айналуы, жан досыңыз дұшпаныңызға, ерлі зайыптылар арасындағы бірін бірі алдау т.б. сезім тұрақсыз болғандықтан: сүйіспеншіліктен өшпенділікке, достықтан қастыққа, сондай-ақ өмірдегі араласып жүрген жора-жолдастарыңыз да тұрақсыз. Сондықтан да, адамды толық қанағаттандыратын және толық бақытқа жеткізетін жалғыз тұрағы– Аллаға деген махаббаты, сүйіспеншілігі. Ол үшін біз рухани іліммен дами беруіміз қажет. Бұл дегеніңіз – мәңгілік ақиқат, бақыт.

ХI ТАРАУ. Кашпировский әруағының екі көмекшісімен түнде келіп аяғын кесіп алып емдеген Жұматай Нұртазаұлы Абылханның пікірлері

 

Түп Иесін көксемей бола ма екен?

Мекен берген, халық қылған Ол ләмәкән

Түп Иесін көксемей бола ма екен? –

Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен? Абай

 

– Жұматай Нұртазаұлы, пенде баласының негізгі мақсаты не?

– Алланың жебеуімен, киелі аталар әруақтарының көмегімен имандылық жолына түсіп, жүрегіңнің кірін аршу. Түп Иең Аллаға қайту. Бұл туралы хакім Абай: «Мекен берген, халық қылған Ол ләмәкән» дегенде: «Ол» деп Алланы, ал «ләмәкән» деген сөздің мағынасы – бұл әлемде мекенсіз дегенді білдіреді. Оның мекені – бүкіл рухани және заттық әлем. Немесе ЖАРАТУШЫ-АЛЛА дегеніміз біртұтас ағза. Ал ЖАН дегеніміз осы АЛЛАНЫҢ ТОЗАҢДАЙ ӨЗІНЕН БӨЛІНІП КЕТКЕН БӨЛШЕГІ. Ал «Түп Иесін көксемей бола ма екен?», – біздің жанымыз өзінің Жаратушысы бір Алланы сағынады, көксейді, іздейді. Бұл жерде: «Түп Ие» деп Алланы айтып отыр. «Және Оған қайтпақсың, оны ойламай» дегенде, біздің баратын жеріміз Алланың алды екенін меңзейді, бұл жерде: «Оған» деп Алланы айтып отыр. «Өзге мақсат ақылға тола ма екен?» дегенде: фәни өмірге келген адамның алдында бірақ мақсат болу керек: ол Алланың алдына шамаң келгенше жүрегіңнің кірін аршып, имандылық жолмен қайтуың керек екенін айшықтайды. Өкінішке орай көпшілік пендеде бәрі керісінше!

Бөлшек бүтінге, жан Жаратушысына ұмтылады

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Абай

 

– Жұматай Нұртазаұлы, пенде баласы не үшін бүтін болуға ұмтылады?

– Пенде баласы бар болғаны Ғарыштың бір бөлшегі болғандықтан ол бүтін болуға ұмтылады, соған талпынады. Ньютон әлемнің тартылыс заңын ашқан. Жансыз зат бір-біріне тартыла береді. Бұл заңның адамға да қатысы бар.

Пенде бастапқыда Жаратушысынан алыс болады. Сондықтан, жан иесі өмір бойы Жаратушысын аңсайды, білуге, тануға ұмтылады. Бұл барлық адамдарды біріктіреді. Тек қана адамдарды ғана емес, бүкіл жан иелерін. Барлығының мақсаты біреу-ақ, ал баратын жолдары әртүрлі.

Қандай пенде баласына болмасын, өзінің бастауынан қашықтап кеткені өмір бойы маза бермейді. Бұны ол өзінің бар болмысымен сезеді және осыған ұмтылады. Біздің өмірімізде бұл қалыпты: жан тыныштығы, бақыт, қуаныш, ләззат дейді. Пенде баласы заттық-фәни әлемде жердегі бір затқа ие болғысы келгенде, осы рахатқа шомылуды аңсайды.

Ол ақшаның, тамақтың, ішімдіктің, шылымның, бәңгінің (наркотик), бағалы заттардың, ойын сауықтың, жеңіл жүрістің көмегімен осы қолдан жасалған уақытша рахатқа шомылғысы келеді.

Уақыт өте келе осының бәрі бекершілік екеніне көзі жетеді. Қартайған шағында текке кеткен уақытына өзегі өртеніп, өмірдегі ең басты қажетті өмірдің мәнін, өмір не үшін берілгенін түсінеді. Өкінішке орай, бұрынғы күш-қайрат жоқ, өткен күн өлген күн, қайтып оралмайды.

 

Пенде баласына Жаратушы сананы не үшін берген?

 

Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,

Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.

Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа,

Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан. Абай

– Жұматай Нұртазаұлы, осы фәни өмірге келгендегі мақсатымыз не?

– Қандай болмасын пендеден сұраңызшы, сенің осы фәни өмірге келгендегі мақсатың не деп? Ол пенденің: біреуі дүние, біреуі мәнсап, енді біреуі атақ, тағы біреуі әйелін, ата тегін, келесісі жанұясын мен балаларын айтып шатып-бұтып сандырақтап кетеді. Тек қана есіне түспейтіні – Түп иесіне яғни Жаратушысына имандылық жолымен қайту.

Осы шарасыздықтан шығатын жол іздеп мешітке барып Алланы сүюге тырысады, бірақта Жаратушы туралы білімі жоқ болғандықтан бұл іс-қаракеті іске аспайды. Алла сондай алыста, Ол қайда?!

Біз Алла туралы түк те білмейміз, өйткені теологиядан (Тео-Құдай, логия-ілім) хабарымыз жоқ, мешіттерде осы туралы айтса да қабылдай алмаймыз. Өйткені қазіргі таңда осыны толықтай түсіндіріп айта алатын дін өкілдері өте сирек.

Пенде баласына Жаратушы сананы бергенде, осы сананы өмір сүру барысында жетілдіріп, толықтырып, өзінің бар болмысымен Ғарыш әлемінің даму барысына өзіндік қайталанбас үлесін қосу үшін берген. Бұл мәңгілік: «Өмірдің мағынасы мен мәні не?», – деген сұрақтың қысқа да, нұсқа жауабы.

 

Әрбір пенде баласы өзінің жанымен өмірдің мәні мен мағынасы, басты мақсаты – осы әлемде тіршілік еткеннен кейін, өзінің құрып алған әлемі Ақиқатпен үйлесімді, Ақиқатпен жымдасып бірігіп кетуін қалайды, осыған ұмтылады. Басқаша айтсақ, адамның санасы мен жаны жымдасып бірігіп, бір бүтін құрау. Тек осы жағдайда ғана ол біртұтас болып, өз тағдырының Жаратушысы бола алады

Рух дегеніміз не?

Дін айтты:»Маған нан», – дейді,

Адасқан дінді пән дейді.

Мағынасын анық біле алмай,

Рух деген сөзді жан дейді,

Осыдан жаман әуре жоқ.

Рух деген – дінсіз таза ақыл,

Мінсіздің ісі шын мақұл.

Айуандағы ақыл ол емес,

Аз ғана сөзім – аз тақыл,

Құраныңды оқы нанбасаң. Шәкәрім

– Жұматай Нұртазаұлы, Рух дегенімізді қалай түсінесіз?

– Жан тәнде орналасқан және онымен үнемі байланыста. Жан мен тәнді байланыстыратын – рух. Сонымен, рух жанның сәулесі, қуаты, оның ажырамас бөлігі, қасиеті, тәнмен байланыстыратын құралы, заттық әлемнің ықпалынан қорғанатын қорабы, қапшығы, сауыты, ішкі киімі тәрізді. Рух тәнмен адамның нәзік денесі арқылы байланысады. Нәзік дене – жартылай материалды, рухтың эфирлік, нәзік, ауа тәрізді, адам пішіні бар, өте нәзік, бірақ негізі заттық қасиеті бар денесі.

– Жұматай Нұртазаұлы, Рух денені не арқылы басқарады?

– Рух нәзік денелер арқылы тәнді басқарады. Ол үшін нәзік денелерді өзінің сәулесімен рухтандырады. Руханиланған, рухтанған нәзік денелер рухтың ықпалына көнеді. Ол неғұрлым рухтанса, солғұрлым рухтың ықпалына тез бағынып, тәнді дұрыс басқара алады. Нәзік болмыс, яғни, психикалық негіз, заттық болмыстың ықпалына беріліп кетіп, нәпсімен көп былғанса, ол тәнді солғұрлым нашар басқарады. Осылай адам өмірде нәпсі ықпалымен түрлі қателіктер жіберіп, күнәлі істерге барады. Рухани дамудың деңгейі осыны білдіреді. Рухани дамыған адамның нәзік болмысы рухтанып, ол жанның қалаған ниетін жақсы орындап, жанның өз құмарын қандыруға толық мүмкіндік жасайды.

– Адамның неше болмысы бар?

– Адамның екі – рухани және заттық (материалдық) – болмыстары бар. Рухани болмыс жан және рухтан құралады, ал материалдық болмыс –нәзік денелерден яғни психикадан және тәннен құралады.

Алла Тағала Адам жанын жер бетіне жіберіп тәнге жан қондырғанда, жанды қаптап қапшыққа салады. Ол қапшықтың аты – рух. Осы рух әрбір жеке жанның ерекшеліктерін айқындайды, оның қабілеті, дарыны, алғырлығы, ілімге құмарлығы т. б. қасиеттері рухпен бірге келеді.

Біз: «рухы күшті, рухани дүниесі бай екен, рухты екен», – деп, осының бәрі, рух айшықтап тұрған жанның ерекшеліктері. Енді осы рухы әртүрлі жанның санасы да бүкіл әлемдік әділеттілік қарымта заңына сәйкес әртүрлі болады. Кей кезде: «оқымаса да көкірегі ашық, жүрегі таза, санасы жоғары екен, ал кейбіреуді – қайран қор болған диплом, тауықтың миындай ми жоқ, оқығанның ішіндегі наданы», – деп айтып жатамыз.

– Бұрынғы бұлдыр замандарда оқымай-ақ ел басқарған хандарымыз, би-болыстарымыз, батырларымыз, ақын-жырауларымыз, дүлдүл шешендеріміз, әнші-күйшілеріміз, оташы-емшілеріміз, батыр-палуандарымыз т.б. аты тарихта қалған ерекше тұлғаларымыздың қарапайым пендеден жер мен көктей ерекшеліктері неде?

– Ол оның рухында, Алла Тағала әр пендені жер бетіне жібергенде белгілі бір мақсат үшін жібереді. Физикалық әлем заңдылығы бойынша себепсіз ештеңе жоқ. Әр көзге көрінбейтін заттың өзі белгілі бір заңдылықпен қозғалады. «Құдайсыз қурай басы да сынбайды», – деп қазақ атам дөп басып айтқан.

Жан мен рухтың айырмашылықтары неде?

Сауық қызық көрем деп күнде жиын,

Жан құтқарып алуың болар қиын.

Түптіге ұмтыл, тұрақты істерді қыл,

Тәуекел деп өзіңе сүйтіп сиын. Шәкәрім

 

– Жұматай Нұртазаұлы, рухтың ерекшеліктерін талдай кетуге бола ма?

– Жанның «қапшығы» рухтың деңгейіне байланысты, адамның санасының да жоғары, төмен болуы әр түрлі болады. Адамның санасына – оның ақылы, ойлауы, мінезі, сезімі, құлқы, есте сақтау мен ұғуы, пайымдауы, талдауы т. б. қасиеттері мен қабілеттері кіреді. Сана адам жанын айқындайтын құрал болғандықтан екеуі бір нәрсе, немесе Абай айтпақшы адамның «мені». Жан білімге толық болғандықтан, өзін жан деп сезінуі алғашқы сана. Рухани сана дегеніміз – осы.

Ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, тұқым қуалаушылықтағы ерекшеліктерді алып жүретін де осы рух. Осы рухтың қасиетін жоғалтып алмау үшін біздің ата-бабаларымыз жеті атаға дейін ағайынды адамдардың бір-біріне үйленуіне қатаң тиым салған. Сондықтан да рух адам жанының қапшығы, пенденің бірінші бастауы. Рух тазалығы адам санасының деңгейін анықтайды. Сана – адам жанының, рухының тазалығын, яғни өзінің рухани сезінуін айқындайтын құрал.

Рухани жетілу дегеніміз не?

Біреуге өздеріңнің қолыңнан келіп жақсылық істей алмасаңдар, тек жақсылық тілеңдер, жамандықтан сақтауға әрекет жасаңдар.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

– Жұматай Нұртазаұлы, рухани қалай жетілуге болады?

– Рухани жетілу дегеніміз – нәпсі ықпалынан, яғни материяның ықпалынан шығып, жан ықпалына берілу. Жан неғұрлым жетілген болса, оның материяға байланысы солғұрлым аз. Адам материядан толық арылғанда әулиелік деңгейге көтеріледі.

Бұл деңгейде әулиенің рухы Алла Тағала рухына жақындай түседі. Бірақ айырмашылықтары болуы мүмкін. Жанның ниеті бар, ол ниет рух арқылы білінеді. Әулиенің ниеті Алла Тағаланың ниетіне жақындап, толық сәйкестенеді. Сол кезде олардың рухы да сәйкестеніп, айырмашылықтары болмайды. Яғни, Ғазиз Жан – жүректегі Жаратушы мен шыбын жан сапа жағынан бірдей қалыпқа келеді. Алла Тағала разылығы үшін құлшылық жасаудың негізгі мақсаты осында жатыр. Осылай олардың барлық ниет-қалаулары бірдей болып, бірігіп, айырмашылықтары жойылады.

Қатты ескертетін бір жағдай, бұл сәйкестік тек қана сапа жағынан ғана. Ал сан жағынан алғанда Алла Тағала әрқашанда шексіз үлкен болып қала береді. Жан «өзім» деген сезімін әрқашан да сақтайды. Сондықтан ол өзімдігін жоғалтпай, тұлға (индивид) ретінде Ғазиз Жанмен қарым-қатынасқа кіреді. Осылай жан иесі түпкі мақсатқа жетіп, ең жоғарғы қарым-қатынасқа, шексіз ләззатқа бөленеді. Түп Иеге қайтудың шыңы осы болып табылады.

Сонымен себептердің себебі Ғазиз Жан бүкіл болмыс көріністерін жаратып, жанға оның ниет-қалауына байланысты түрлі жағдайлар береді. Шыбын жан ниетінің таза кезінде Ғазиз Жанмен рухани әлемде болып, шексіз ләззатта болады. Рухани әлемде ол жан ретінде болады.

Сана адам жанын айқындайтын құрал

– Жұматай Нұртазаұлы, адамның санасына нелер жатады? Рухани сана дегеніміз не?

– Адамның санасына – оның ақылы, ойлауы, мінезі, сезімі, құлқы, есте сақтау мен ұғуы, пайымдауы, талдауы т. б. қасиеттері мен қабілеттері кіреді. Сана адам жанын айқындайтын құрал болғандықтан екеуі бір нәрсе, немесе Абай айтпақшы адамның «мені». Жан білімге толық болғандықтан, өзін жан деп сезінуі алғашқы сана. Рухани сана дегеніміз – осы.

– Жұматай Нұртазаұлы, өмірдің былғанышы дегенімізді қалай пайымдайсыз?

– Фәни әлемде адамның рухани болмысы материямен қаптала береді. Бұны өмірдің былғанышы деуге болады. Сөйтіп адамның санасы төмендей береді. Сананы өсіру дегеніміз – өзіміздің рухани болмысымызды тазарту дегенді білдіреді. Адамның жаны неғұрлым таза болса, оның санасы да солғұрлым жоғары болады. Ең жоғары сана таза жанда. Сондықтан, сана деп айтсақ жан деп түсінуіміз, ал жан деп айтсақ сана деп түсінуіміз керек. Қорыта айтсақ, жанның «қабы» рухтан сана туындайды.

– Адамның иманды, имансыз болуы неге тәуелді?

– Адамның иманды, имансыз болуы сананың деңгейіне тәуелді, санадан келіп туындайды. Рух адамның бірінші бастауы, жанның қайталанбас ерекшелігі, ал сана рухтан туындайтын, адамның жанын айқындайтын құрал, адамның «мені».

– Жұматай Нұртазаұлы, жан құмары дегеніміз не?

– Жаратушыны іздеу – жан құмары. Адам өзі Жаратушыны іздегені туралы білмеуі, сезінбеуі де мүмкін. Дұрыс жолды білмегендіктен ол табиғат күштеріне, пұтқа табыну, алдамшы бақсы-балгерлерге табыну тәрізді тура жолдан адастыратын сенімдерге де ие болады. Мұндай адамдар сенгісі келеді, сенеді, бірақ сенімдері дұрыс емес. Теріс сенім адамды тура жолдан адастырып, түпкі мақсатқа жеткізе алмайды. Мұның барлығы рухани надандықтан туатын, фәни әлемнің әсері. Адамзаттың адасу себебі осылай туындайды. Ал адасудан қалай шығуға болады? Адасудан шығу жолы біреу. Ол – адаспаған адамның соңына еру.

Адамның нәзік болмысына нелер жатады?

Анық қара: жан – өзің, дене – киім,

Мақтан, бояу – денеге берген сиың.

Жанға мұндай алдауың азық емес,

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.