Дата поступления: 14.10.08; Дата выписки: 28.11.08.
ДИАГНОЗ: Тяжелая сочетанная травма. Тяжелая открытая проникающая черепно-мозговая травма. Ушиб головного мозга тяжелой степени. Субарахноидальное кровоизлияние. Острая эпидуральная гематома правой лобно-височной локализации. Фрагментарно-вдавленный перелом правых лобной, височной и теменной костей с переходом на основание черепа. Ушибы мягких тканей, ссадины лица, головы, туловища и конечностей. Церебрально-очаговый синдром. Спастический тетрапарез. Тупая травма живота. Травматический разрыв селезенки. Шок 2-3 степени.
Үйге келген соң, Руслан өмірге жаңа келген жас сәбидей, басын ұстауды, тәй-тәй басуды, қасық ұстауды, өз бетінше жүруді түгелдей қайта үйренді. Себебі, оның денесінің оң жақ жартысы қозғалмай жансызданып, сал болып қалған. Қазір ақырын-ақырын қалпына келе жатыр.
Құрметті оқырмандар! Осы Руслан Ержанұлы Чаханов толықтай емделу үшін шамаларыңыз келгенше қаржылай көмекті қажет етеді. Жоғарыда көрсетілген телефондармен өзімен не ата-анасымен хабарласуға болады.
Американдық Харрингтон ғалымының 200 реттен астам денесінен шығуы
Өз өмірінде тәнінен екі жүз реттен астам рет шығып әруақ болуды басынан кешірген Харрингтон әруақ – нәзік денелер туралы көптеген жайларды ортаға салады.
Ол алғаш рет тәнінен 8-9 жастағы бала күнінде шығыпты. Өзінен бірер жас үлкен ағасымен, анасымен бірге басқа қалада тұратын әжесінің үйіне қонаққа барған ол түн ортасында ұйқысынан оянғанда үйдің төбесіне тақалып қалқып тұрғанын көріпті. Содан ол ақырында төмендеп жерге аяғы тигенде салмағынан қос тізесі бүгіліп кетеді. Үйдің іші құлаққа ұрған танадай тып-тыныш екен деп есіне алады ол. Электр жарығының өшіріліп тұрғанына қарамастан бөлме ұйыған сүттей әппақ нұрға бөленіп тұрыпты. Таңқаларлығы сол, бала Харрингтон екі төсекте қатар ұйықтап жатқан өзі мен ағасын көреді. Соны көргенде зәресі ұшқан бала басқа бөлмеде демалып жатқан анасына қарай жүгіреді. Ол есікті ашпақ болғанда қолы көктей өтіп, арғы жағына өте шығады. Меңіреу тыныштық пен сүттей ұйыған әппақ жарық үрейін ұшырған бала анасын келіп жұлқылап оятпақ болады. Бірақ қолы анасының денесіне тигенде еш кедергісіз арғы жағына өте шығады. Бойын қорқыныш билеген баланың айғайын ешкім де естімейді. Ақыл-есінен айырылған бала төсегіне келіп, тәніне қосылып кеткенін сезбей қалады.
Міне, осы оқиғадан кейін біраз уақыт өткенде мұндай құбылыс тағы қайталанады. Кейінірек баланың еті өліп оған үйреніп алғаны сонша келе-келе нәзік денесін зерттеп, түрлі тәжірибелер жасай бастайды. Харрингтонның айтуынша нәзік дене адам тәнінен бес-алты метр қашықтыққа дейін кіндік тұсынан жуандығы саусақтай әппақ күміс жіппен байланып тұрады екен. Ал одан сәл алыстасаң-ақ күміс жіптің жуандығы кәдімгі киім тігетін машинкалардың жібінің жуандығындай болып, тәннен қанша қашықтасаң да сол қалпында сақталады және ол қандай кедергілерден өтсең де үзілместен, тәнмен байланысты сақтап тұрады.
Нәзік денесі арқылы тамыр-таныстарының үйлеріне барып, олардың не істеп жатқандарын бақылайтын. Харрингтон ертеңіне әлгі көрген-білгендерін таныстарына айна қатесіз айтып бергенде, бұны қайдан білетіндігін түсінбеген таныстары таң-тамаша қалып жүреді.
Ресейдің белгілі теолог ғалымы Александар Хакимов та жас кезінде әруаққа айналғанын айтады. Менің қолыма ертеректе шыққан ежелгі орыс әліпбиімен бір кітап түсті деп есіне алады ол. Әлгі кітапта қалай нәзік тәнге ауысуға болатындығы жайлы егжей-тегжейлі жазылыпты.
Бірақ, сол тәсілді басшылыққа алған Александр Хакимов еш нәтижеге жете алмайды. Сәтсіздігіне қатты күйінген ол сол арада Құдайға құлшылық етіп, нәзік тәнге ауысуға көмектесуді сұрап дұға етеді. Бір кезде ол қалай екені белгісіз тәнін тастап, нәзік денеген ауысып кеткенін сезбей де қалыпты. Бұл тәсілді біраз меңгеріп алған түрлі тәжірибелер жасап та көреді. Көкке де ұшады, жер бетін аралайды. «Бұл оқиға менің адам эволюциялық даму арқылы пайда болған химиялық элементтердің қоспасы деген бұрынғы түсінігімді күрт өзгертті» деп есіне алады. Міне, осы оқиғадан бастап Александр Хакимов діни философиямен айналыса бастаған.
Әруақтар түсіне кіріп, аян арқылы қайталанбас киелі домбыра жасайтын
Гаухарбек Баянбайұлы Күнқожаевтың кереметтері
Мен қызығатын адамдар: от басы тауқыметі азырақ, намаз оқитын әдеті бар, жаратқанға раббісіне ибадат тәжім ететін, өзінде Аллаға деген сенімі бар, адамдар арасында абыройы (шухраты) кемдеу, адамдар оны бір-біріне жамандап саусағымен көрсетпейтін, табысы ықшамдау болатын және оған сабыр ететін, дүние салуы де елеусіз, жылайтындары да шамалы, қалдырған мұрасы аз болған момын жандар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Гауһарбек Баянбайұлы Күнқожаев Шымкентегі «Әл-Фараби» атындағы мәдениет институтын 1991 жылы музыка және ән мамандығы бойынша бітірген. Қазір авторлық домбыра жасау қолөнері бойынша жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ерекше қасиеті, домбыраны аян бойынша жасайтындығы. Жасаған домбыралары киелі әрі ерекше қайталанбас үлгідегі туындылар. Гаухарбектің балалық шағы Сырдария бойындағы Арысбай тоғайы, Ақын және Жақып әулиелер мекенінде өткен. Сол кезден бастап түсіне осы екі әулие кіріп аян беріп жүретін. Бұл да бір тылсым әлемнің ашылмаған құбылыстарының бірі...
Гауһарбек алғашқы домбырасын 1983 жылы Ресейдің Калуга қаласында әскери борышын өтеп жүргенде аян алу арқылы үш тәулік мезгілінде жасап шығарғанына өзі де әлі күнге дейін таң қалады.
Халқымызға белгілі домбыраның екі түрі: «Абай», «Жамбыл» домбырасы ғана болса, енді үшінші түрі «Гауһарбек» авторлық домбырасы елімізге кеңінен мәлім болып келеді. Бұл домбыраның аспаптық киелі қасиеті: үстіне салмақты адам шығып тұрса да сынбайтындығы, керемет беріктілігі және жылдар өткен сайын үнінің ашылып шыңдала беруінде.
Қазір Гауһарбектің аян арқылы жасалынып шыққан қайталанбас қолөнер туындысы: «Түркістан» атты авторлық домбырасы президент жеке мұражайында.
Кәсіпқой ақын, әнші, композитор, термеші Гаухарбек Баянбайұлы 2003 жылы түсінде киелі домбыра жасайсың деген аян алады да, осы домбыраны 6 ай аралығында жасап, дайындап төріне іліп қояды. Тылсым күштер сатуға рұхсат бермейді. 2007 жылы домбырасын сатып, үй салуына аян арқылы жоғарыдан рұхсат беріледі. Өкінішке орай, Гаухарбек үй тұрғызғанның орнына өсімімен кредитке Түркістан қаласынан баспана алып, аяндағы шартты бұзып қателеседі...
«Түркістан» атты киелі домбырасының өмірге келуіндегі өзінің басынан өткен тылысым құбылыстарды, өлең түрінде былайша баяндайды:
Алла Тағаланың берген несібесін айтып отыру да, Алла Тағалаға шүкіршілік ету мен тең. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
2003 мамырда аян алдым,
Бірақ, бейне көрмедім таяғанын.
Киелі бір домбыра жаса деді –
Алладан болса несіне аянамын.
Сан-саққа жүгіруде ой талабым,
Болуын ерекше үлгі мен қаладым.
Құмалақтай қатқан тасты, шұқып алып,
Үлгісін қара жерге шимайладым.
Арыстанбаб кесенесін сыздым жерге,
Домбыра етіп қиялыммен ілдім төрге.
Бір Алла деп бабамыз медет етіп,
Шықпады ма, талайдың тасы өрге.
Жүрек тулап, еркіме бой бермеді,
Үлгісіне домбыра сай келмеді.
Ендігі ойым Яссауи кесенесі,
Ұқсастық бар, тегінде ой жай келмеді.
О! Қасиетті әулие бабаларым,
Көз түссе кесенеңе тәубаладым.
Пір тұтып өнеріме қостым сізді,
Пір тұтпасам несіне қауғаладың?!
Енді шықты шанағы домбыраның,
Өз ойыма толқыдым, балбырадым.
Әкеден қалған дүние мал болмайды,
Мұра қып өнерімді қалдырамын.
Сан қилы ой, қиялыммен таласып тұр,
Кесенелі домбыра жарасып тұр.
Сансыз қиял бағынып бір нүктеге,
Құдайым да, әйтеуір қарасып тұр.
Саусағымда сызған тасты домалатып,
Қарай салдым тастамаққа шетке атып.
Сызған тасым кәдімгі құрма болды,
Сүйкей-сүйкей қойыппын жалтыратып.
Арыстанбаб, құрма ағашы қиялымда,
Селк етемін қиялымды жиямын да.
Пайғамбарым құрма аманат еткен жоқ па?
Бересің деп бір киелі тұяғыңа.
Ой келіп тұр, қарашы ой келіп тұр,
Киесі тылсым күштің бой беріп тұр.
Аманаттың Яссауиге берілуі –
Жасаған туындыма сай келіп тұр.
Тектен тек тумас тылсым құдіреті,
Жетегінде барамын есіп ойдың.
Тас екен деп жерге сызған сол құрманы,
Тәбәрік деп домбырама іліп қойдым.
Дос жараным туындыма қызығады,
Қанша керек? Сат! Берем деп сызылады.
Дүние үшін жасалған туынды емес,
Келіссем нәпсім анық бұзылады.
Екі мың жеті, тағы да аян алдым,
Бұл қалай деп? Бұл жолы қайран қалдым.
Ұйқы үстінде ғайыптан келген дыбыс,
Жасап сат, дейді шырақ – үйің салғын.
Және сөйлеп: қарт ана – түс көремін,
Жылдам жаса! – деп айтты, күш беремін.
Туындыма «Түркістан» мен кірістім,
Ғайыптан келген күшті ескеремін.
«Түркістан» домбырамды жасап біттім,
Не болар деп, әліптің артын күттім.
Ай өтті ме, арада көп болған жоқ,
Түс арқылы, келді аманат – анық ұқтым.
Тілдесіп патшаменен тұрдым анық,
Екі топ екі жақта, сансыз халық.
Тарихын домбыраның айтқанымда,
Тыңдады ниет сала, болып қанық.
Жолық деп, жіберді топ арасына,
Екінші топ алып кетті панасына.
Қозғалып топ ішінде келе жатып,
Жолықтым, бір қазақтың анасына.
Тап-таза, аппақ киім, қар секілді,
Жүзінде сүйіншісі бар секілді.
Халыққа – бақ пен дәулет келгелі тұр,
Өту қалды бір асудан – нар секілді.
Домбыраңды, ел басына ұсын деді,
Игілігі халықтың, түсін – деді.
Қасиетті рухтар нұрландырып,
Кетер зиян, әртүрлі ой-пішіндегі.
2010 жылдың көктем айында Гаухарбек таңғы памдат намазын оқып тұрғанда, Құдіреттің күшімен ілулі тұрған «Түркістан» домбырасының келесі түрі: өзінен-өзі сәуле шашып, төрт рет жарқылдайды. Осы жылдың күзінде аян арқылы бұрын-соңды болмаған, ерекше үлгідегі «арқалы домбырасын» дүниеге әкелді. Қазір Гаухарбекке үш ішекті домбыра жасайсың деген тылсымнан хабар келді. Домбыраның толық сызбасын тылсым күш иелері толықтай көрсетті...
Гаухарбек Баянбайұлы өмірге деген көзқарасын былайша пайымдайды «Құдайсыз – қурай басы да сынбайды» деген сөз бар. Алла Тағала барлығының Әмiршiсi, барлығын Басқарушы. Бүкiл бiртұтас әлем белгiлi бiр заңдылықтарға бағынады. Соның барлығы Алла тағаланың құдiретi. Алла Тағала үшiн әлемде белгiсiз ештеңе жоқ және бүкiл өмiр Соның басқаруымен жүредi. Бұның себебi Ол болмыстың әрбiр бөлшегiнде және әрбiр жан иесi қиыншылық пен азапты басынан өткізгеннен кейін, адамға осы жайттар тіптен түсiнiктi болады екен.
Алла Тағала әрбiр атомның iшiнде болып, олардың өзгерiстерiн басқаратын болғандықтан, әлемдегi құбылыстардың өзгерiстері де Алла Тағаланың ырқында. Алла Тағаланың бүкiл материалдық әлемдi басқаратынына, әруақтардың бар екеніне – өзім аян арқылы киелі қолөнер туындылары: неше түрлі домбыраларды жасай бастағаннан кейін шүбәсіз сендім.
Гаухарбек өзінің философиялық ой-толғамдарын былайша түйіндейді:
Жазбаймын өз ойымды мақтанышқа,
Қиялым қалқып жүреді тым алыста.
Байлықтың рухани жөні бөлек,
Көрсетіп артығыңды ат салыспа.
Кекіреймей иіліп сәлемің бер,
Дүниең бардай өткізген әр таныста.
Тауыңнан теңіз төмен көрінеді,
Желікпей желкенінен мықтап ұста.
Сыртың бүтін, қарының тоқ тағы да ойлан,
Адамның артықтығы иманында.
Арам дүние құрттаған мал секілді,
Бір жағы жоқ боп жатар жиғаныңда.
Үрейі екі дүние жоғалады,
Тәубе етіп шын нәпсіңді тиғаныңда.
Ел баласы деген бар – ел тірегі,
Елемей ел тіреуін қиғаның ба?!
Бар екен екі дүние шын болады,
Қадамың әрбір басқан сын болады.
Боғын артық санаған қуыс кеуде,
Әлсіздерге аларып жын болады.
Артық шықса өзінен маймыл болып,
Мүләйімсіп аузына құм толады.
Отаным деп ортаймай отқа түскен,
Ту тігілген ең биік шың болады.
Гаухарбек Баянбайұлы орта бойлы, қараторы өңді, шегір көзді, дене бітімі қалыпты, бұлшық еттері жақсы жетілген, қамал алар қырықтың белесіне шыққан жігіт ағасы. Ширақ жүріс тұрысынан, дене бітімінен денсаулық самалы соғып тұрған, алған бетінен қайтпайтын, тәуекелшіл, қандай істі болмасын жігерленіп істейтін қайратты жан. Гаухарбектің күлімдеген жанарлары бірқалыпты шуақ шашып, жүздерінен ақылды адамдарға ғана тән мейірімділік пен жоғары саналылық, парасаттылық, мол адамгершілгі – оның текті тұқымнан шыққан асылдың сынығы екенін айшықтап тұрғандай. Қазіргі ХХI-ші ғасырда халқымыздың ұмытылып бара жатқан киелі қолөнерін ұршықша үйіріп жүрген – еліне енді ғана танымал болып келе жатқан, рухани деңгейі ерекше жетілген азамат.
Ақсақ Темірдің қарғысы немесе Кеңес үкіметінде 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуы, Сталиннің Ақсақ Темір әруағын мазалауы
Әруақ өзіне қастандық жасаған адамнан өшін алып, оны жазалуға дейін бара алады. Әруақтың өзіне керекті істерді адамға жасату үшін қандай әрекеттерге баратынын төменгі мысалдан көре аламыз.
1941 жылдың наурызында екінші дүниежілік соғыстың жалыны Кеңес үкіметінің батыс шекарасына жақындап қалады. Барлық зауыттар, өндіріс орындары соғыс өндірісіне айналды. Бүкіл орталық газеттер, радио мен жарнамаларда жан-жақтан қоршаған жаулардан Социалистік Отанды қорғау керек, елімізге еңіреп тұрған ерлер қажет деген ұран айқайлап тұрды.
Сондай жариялардың бірі – Бізге адамдар емес, бізге идеология керек деген жария еді. Бұрынғы орыс патшаларының (1-ші Пётр), қолбасшыларының (Александр Невский, Суворовтың т.б.) әруақтарының ерліктері паш етіле бастады. Лениннің «Лев Толстой орыс революциясының айнасы» атты еңбегі және «Пушкин орыс революциясының хабаршысы» атты тақырыптарда мектептерде шығармалар жазыла бастайды.
Сол кездегі анекдоттан: 1-ші Пётр туралы киноны көрген бала: «Әкей! Кеңес өкіметіне тағы да орыстың қандай патшалары қызмет істеген?», – деп сұрапты.
Олар туралы оқулықтарда, киноларда, кітаптарда кеңінен патриоттық тәлім-тәрбие жүргізілді. Сталиннің тікелей басшылығымен өткен ғасырлардағы тарихта аты қалған ұлы адамдардың тізімі жасалып, «Жизнь замечательных людей» атты кітаптар сериясы басыла бастады, ол тізімге керемет адамдардың қайсысын кіргізу керектігін Сталиннің өзі шешетін. Жалпы халыққа бұрын өмір сүрген керемет адамдардың арттарына қалдырған мұралары мен ерлік істері кеңінен оқытыла бастады.
Солардың бірі 1937 жылы тізімге енген, өзі пір тұтатын, өзінің Сталин деген фамилиясын осыған орай алған (Сталь – қазақша мағынасы болат темір. Сталиннің өзі де бір аяғының башпайлары алтау болғандықтан сылтып басатын), оң аяғынан сылтып басып жүрген, дүниені дүр сілкіндірген жаһангер, атақты қолбасшы, Әмір Темір(1333-1405жж.) еді.
Ақсақ Темір туған жеріндегі өзара соғыстар кезінде жұлқынып алға шыққан, өмір бойы соғысып өткен, ерекше қатыгездігімен атағы шыққан, бірақ тарихта аса мемлекеттік қайраткер ретінде және «Барлық жаратылғандардың бір ғана Құдайы болса, жерде де барлық адамдардың бір ғана патшасы болу керек» деген сөзі қалған.
Оның өмірлік ұстанымы – Әділдік күште, күш әділдікте. Өкімет билігін өз қолына алып, Орта Азияны 35 жыл жалғыз өзі басқарып билеп төстеген, астанасы Самарқанд қаласы болған, ол осы қалаға бүкіл жаулап алған жерлерінен шебер қолөнершілерді әкеліп, оларға дүниежүзі таң қалатындай зәулім ғимараттарды салғызған. Әмір Темір көптеген мешіт, медресе соқтырған. Соның ең кереметі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи ғимараты.
26 жасында шайқаста аяғынан жараланып – «Ақсақ Темір» аталады. Иран, Үндістан, Кавказ еліне жорық жасаған. Жорықтарында мұсылман қағидасына қарама-қайшы болатын, әруақтармен тіл табыса алатын әулие сопыларын, көріпкелдерін бірге алып жүретін, сопылары шайқас алдында дұға оқып, жаудың бетін қайтаратын.
1391 жылы Алтын Орда ханы Тоқтамыспен шайқасар алдында сопы жаудың алдына «Жау қашты»,– деп ұсақ тастарды лақтырып еді, шайқас басталып, аяғында Темір әскерінен күшті және саны жағынан көп болған Тоқтамыс әскері әруақтардың әсерінен қашып, жеңіліс табады.
1405 жылы 18 ақпан айында Ақсақ Темір 72 жасында Қытайға жорыққа бара жатып жолда Отырар қаласында қайтыс болған. Самарқанд қаласында өзінің немересіне салған Гүр-Әмір мазарында жерленген.
1941 жылы Сталин Самарқандқа Темір ұрпағына көрме ашу мақсатымен арнайы экспедиция жұмсайды, ол экспедиция жаз басталысымен жұмысқа кірісу керек деген бұйрық береді. Экспедицияның міндеті Әмір Темірдің сүйегін тауып, оның Ақсақ Темірдің сүйегі екенін дәлелдеп, бас сүйегінің бедерінен бейнесін көрсету болды.
1941 жылы мамыр айының соңына таман Самарқандта экспедиция жұмысын бастау үшін бәрі әзір болды. Экспедицияның төрағасы болып, академик Қарниязов сайланды. Мазардағы тас плиталардағы жазу мен өрнектерді оқу үшін әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым Мәскеуден Александр Семенов, бас сүйек арқылы адамның бейнесін қалпына келтірудің ерекше әдісінің авторы, антрополог Михаил Герасимов өзінің көмекшілерімен бірге Ленинградтан шақырылды. Көне аңыздар мен ертегілерді жинақтаушы, Тәжікстаннан келген жазушы Сариддин Айни де экспедицияға қатысты, ол Әмір Темір туралы роман жазуды армандап жүрген болатын.
Сондай-ақ экспедицияға арнайы кинохроника түсіру үшін операторлар да бөлінді. Экспедицияның барлық кезеңдерін түгел таспаға түсіру үшін келген үш оператордың бірі жас кинодокументалист Мәлік Каюмов болатын, ол былай дейді: «Біз ертерек, 5 күн бұрын өзіміздің прожекторларымыз бен 5, 10 киловаттық шамдарымызды мазар ішіне жарық түсіру үшін алып, тас-тұйнақтай дайындалып, мазарға келіп алдық. 27-мамыр күні Самарқандта қондырғыларымызды Гүр-Әмір мазарының ішіне кіргізе бастадық, мазардың сыртынан сым өткізіп қойған болатынбыз, Самарқандтықтар қызық көріп қаптап жинала бастады, жиналған халық тіпті мыңнан асып кетті. Олар не және қалай болады екен деп жиналып, көріп қызықтап тұрды».
1-маусымда академик Қарниязов ресми түрде экспедицияның мақсатын жария етті – Темір ұрпағының сүйектерін және Орта ғасырдағы шығыс елінің мәдениетін зерттеу деді. Экспедиция тобының мүшелерінің арасында дау-дамай басталды, себебі ешкім де Темірдің қай жерде жерленгенін дәл білген жоқ болатын.
Академик Қарниязов «Ауғанстанның солтүстігіндегі Герат қаласына Темірдің ұлы Шаһрух апарып жерледі» десе, Айни «Темір Гүр-Әмір мазарында жатыр» деп, ал шығыстанушы Семенов қайтыс болған жері Қазақстандағы Отырар қаласында жерленді деген болжам айтты. Алайда араларындағы басқа мүшелердің болжамы: туған қаласы – Шаһрисябз қаласында Темірдің ата-анасы жатқан мазарының жанына тірі кезінде өзіне мазар салдыртқан болатын, ол сонда жерленген деген де жорамал бар еді.
1941 жылғы маусым айына дейін Әмір Темірдің нақтылы қай жерде жерленгенін ешкім білген жоқ. Гүр-Әмірдің парсы тілінен аударған мағынасы – патша зираты. Көне жазулардың айтуы бойынша осы жерде Ақсақ Темірдің туған-туысқандары: ұлдары, немерелері, шөберелері жерленген.
Белгілі шығыстанушы академик Массон 1925 жылы Гүр-Әмір мазары тылсым сәуле жарығымен нұрланып тұратынын айтып, қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат, қаржы сұраған. Бірақ та жас Кеңес үкіметінде зират қазудан да маңызды істер жетерлік болатын. Мазардың құпия тылсымы туралы сөздер халық арасында кеңінен тараған еді.
Сталиннің тікелей нұсқауымен зерттеу жұмысы 16 жылдан кейін 1941 жылдың 1-маусымында басталды. Жоспар жасалды: Герасимов Гүр-Әмір мазарынан бастау керектігін және осы зиратта Әмір Темірдің үш ұрпағы жатқанына баса назар аударды. Осылардың ішінде Ақсақ Темір мүрдесі бар ма және де туыстардың өзара ұқсас белгілері бар ма екен деген сұраққа жауап беріп, ғылыми түрде дәлелдеу қажет болды.