Беруге жол берілмейді
4. Жұмыс беруші вахталық əдіспен жұмыс істейтін əрбір қызметкердің жұмыс
уақыты мен тынығу уақытының есебін ай бойынша жəне барлық есептік кезең
бойынша жүргізуге міндетті.
22-тарау. ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
214-бап. Үй қызметкерлерімен еңбек шартын жасасу жəне тоқтату ерекшеліктері
1. Үй қызметкерлері деп жұмыс беруші - жеке тұлғалардың үй шаруашылығында
жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады.
2. Жұмыс беруші үй қызметкерін жұмысқа қабылдау не онымен еңбек
қатынастарын тоқтату туралы акт шығармайды жəне еңбек кітапшасына оның
жұмысы туралы мəліметтер енгізбейді.
3. Үй қызметкерінің еңбек қызметі еңбек шартымен расталады.
4. Үй қызметкерімен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша
ескертудің мерзімі, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу
жағдайлары мен мөлшері еңбек шартында белгіленеді.
215-бап. Үй қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі
1. Үй қызметкерлеріне осы Кодексте белгіленген жұмыс уақыты мен тынығу
уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
2. Үй қызметкерінің жұмыс режимі, оларға демалыс күндерін, жыл сайынғы ақылы
еңбек демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгі уақытта, демалыс жəне
мереке күндері жұмысқа тарту тəртібі еңбек шартында айқындалады.
216-бап. Тəртіптік жазаны қолдану жəне алып тастау тəртібі
Үй қызметкеріне қатысты тəртіптік жазаны қолдану жəне алып тастау тəртібі еңбек
шартымен айқындалады.
217-бап. Жеке еңбек дауларын шешу
Үй қызметкері мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек даулары тараптар
келісімімен жəне (немесе) сотта шешіледі.
218-бап. Үй қызметкерімен еңбек шартын бұзу
Үй қызметкерімен еңбек шартын бұзу еңбек шартында көзделген негіздер
бойынша жүргізіледі.
23-тарау. ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
219-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлер
1. Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен жəне өзіндік немесе жұмыс
беруші бөліп беретін не жұмыс беруші қаражаты есебінен сатып алынатын
жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке
еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін
қызметкерлер деп есептеледі.
2. Қызметкердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол
сияқты еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбек шартына тиісті өзгерістер
енгізе отырып белгіленуі мүмкін.
220-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары
1. Үйде істелетін жұмыс қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келмейтін
жəне оларды орындау үшін еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі
талаптар қамтамасыз етілген жағдайда ғана орындалуы мүмкін.
2. Үйде істелетін жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында:
1) жұмысты қызметкерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп
беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды,
материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып орындау;
2) қызметкерді жұмысты орындау үшін шикізатпен, материалдармен, жартылай
дайын өнімдермен қамтамасыз ету тəртібі мен мерзімдері;
3) дайын өнімді алып шығу тəртібі мен мерзімдері;
4) қызметкерге төленетін өтемақы жəне өзге де төлемдер туралы талаптар
міндетті түрде көзделуге тиіс.
221-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының режимі, еңбек қауіпсіздігін жəне еңбегін қорғауды қамтамасыз
ету жағдайлары
Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жұмыс берушінің қызметкердің
жұмыс уақыты режимін сақтауын бақылау ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін жəне
еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жəне үйде жұмыс істейтін қызметкер үшін осы
талаптардың сақталуы жөніндегі жағдайлар еңбек шартында белгіленеді.
24-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
222-бап. Мүгедектердің ____________еңбек ету құқығын іске асыруы
1. Мүгедектер əдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін
пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын
ескере отырып, жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.
2. Халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті органның қорытындысы
бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не
оның денсаулығына жəне (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер
төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын
жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын
өзгертуге тыйым салынады.
223-бап. Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайлары
1. Еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу жəне еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс
режимі, кəсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тəртібі, техникалық, санитарлық,
гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша
еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен
салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе
құқықтарын шектей алмайды.
2. Мүгедектер еңбегін ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек
жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
3. Жұмыс істеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келісімдерде, жұмыс берушінің
актілерінде, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленген қосымша
кепілдіктер берілуі мүмкін.
4. Жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген мүгедектердің толық емес жұмыс уақыты
режимі, жүктемені азайту жəне басқа еңбек жағдайлары туралы медициналық
қорытындыларды орындауға міндетті.
224-бап. Мүгедек қызметкерлердің жұмыс уақытының қысқартылған
ұзақтығы
1. Бірінші жəне екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан
аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.
2. Бірінші жəне екінші топтағы мүгедек қызметкерлердің күнделікті жұмысының
(жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс.
225-бап. Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін
қолдануды шектеу
1. Бірінші жəне екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық
есебін қолдануға жол берілмейді.
2. Егер үшінші топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналық көрсетулер
бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін режимге тыйым салынған
болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді.
226-бап. Мүгедек қызметкерлердің түнгі уақыттағы жұмысын, үстеме
жұмысын, демалыс жəне мереке күндердегі жұмысын, оларды іссапарға
Жіберуді шектеу
Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақытта, демалыс жəне мереке
күндеріндегі жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін мұндай
жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса,
олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
227-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын
Беру
Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе
отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сəйкес беріледі.
228-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс
Беру
Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысымен бір мезгілде не мүгедек қызметкердің қалауы бойынша жұмыс
жылының басқа уақытында беріледі.
25-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
229-бап. Азаматтық қызметке кіру
1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тəртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге
Асырылады.
2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кəсіпорын
ұйымдастырып, өткізеді.
3. Азаматтық қызметке кіру жəне азаматтық қызметшінің бос лауазымына
орналасуға арналған конкурсты өткізу тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайды.
4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу жəне жұмыс берушінің
актісін шығару жолымен жүзеге асырылады.
230-бап. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі
Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайды.
231-бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер
Азаматтық қызметші:
1) материалдық-техникалық, қаржылық жəне ақпараттық қамтамасыз ету
құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес
мақсатта пайдалануға;
2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне жəне лауазымдық
міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін іс-əрекеттерге қатысуға;
3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта
пайдалануға;
4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған мемлекеттік құпияны,
қызметтік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді жария
етуге құқылы емес.
232-бап. Азаматтық қызметшіні басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық
кəсіпорынға) жұмысқа ауыстыру
Азаматтық қызметші өзінің жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың
басшылары арасындағы келісім бойынша басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық
кəсіпорынға) жұмысқа ауыстырылуы мүмкін.
233-бап. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау
Азаматтық қызметшілер кəсіптік жəне біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік
қасиеттерін айқындау мақсатында аттестаттаудан өтеді.
Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тəртібі мен шарттарын тиісті
қызмет саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
234-бап. Азаматтық қызметтегі жоғарылату
1. Азаматтық қызметшілердің қызметтегі жоғарылауы оларды жоғары лауазымға
ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
2. Біліктілік деңгейі жоғары жəне жұмыс тəжірибесі бар, өзінің кəсіптік, біліктілік
деңгейін үнемі арттырып отыратын азаматтық қызметшілер азаматтық қызмет
бойынша жоғарылатуда басым құқықты пайдаланады.
235-бап. Азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру жəне оларды қайта
Даярлау
1. Азаматтық қызметшілер кəсіптік білімі мен дағдыларын тереңдету, кəсіптер мен
мамандықтар алу мақсатында тиісті білім беру ұйымдарына жіберілуі мүмкін.
2. Азаматтық қызметшінің оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан өтуі, өндірістен
(жұмыстан) қол үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса алғанда,
жіберуші ұйымның қаражаты есебінен төленеді.
Азаматтық қызметшінің оқуы кезінде оның атқаратын лауазымы, кепілдіктері мен
өтемақы төлемдері сақталады.
3. Біліктілігін арттырудан немесе азаматтық қызмет бейініне сəйкес келетін
мамандық бойынша қайта даярлаудан өтіп жатқан азаматтық қызметшілерге
ақылы оқу демалысы беріледі.
236-бап. Азаматтық қызметшілерді көтермелеу
Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде айрықша күрделі
жəне шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы,
шығармашылық белсенділігі жəне жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін азаматтық
қызметшілер:
1) азаматтық қызметтегі жоғарылатумен;
2) ақшалай сыйақымен;
3) алғыс жариялаумен көтермеленуі мүмкін.
Ұжымдық шартта көтермелеудің басқа да шаралары көзделуі мүмкін.
237-бап. Азаматтық қызметшілерге басқа жерге жұмысқа ауысуы кезінде
берілетін кепілдіктер мен өтемақы төлемдері
Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік мекемемен (қазыналық кəсіпорынмен) бірге
қолданыстағы əкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша басқа жерге (басқа елді
мекенге) жұмысқа ауысу кезінде:
азаматтық қызметшінің өзінің жəне оның отбасы мүшелерінің жұмыс орнына
дейінгі жолақысының құны (мемлекеттік мекеме (қазыналық кəсіпорын) тиісті
қозғалыс құралын беретін жағдайлардан басқа);
мүлікті тасымалдау шығыстары;
жолда болған əр күн үшін тəуліктік шығыстар;
атқаратын лауазымы бойынша алты лауазымдық жалақысы мөлшеріндегі
біржолғы жəрдемақы;
жолға жиналу жəне жаңа орынға орналасу күндері үшін, бірақ алты күннен
аспайтын, сондай-ақ жолда болған уақыты үшін жалақысы төленеді.
238-бап. Азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу
1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне
ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, əлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мəдениет жəне спорт саласының азаматтық
қызметшілеріне, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
белгіленбесе, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты
есебінен қызметтің, осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық
қызметшілердің жалақыларымен жəне ставкалармен салыстырғанда кемінде
жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар
Белгіленеді.
3. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, əлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мəдениет жəне спорт мамандары лауазымдарының
тізбесін жергілікті өкілді органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган
айқындайды.
239-бап. Азаматтық қызметшілерге берілетін демалыс
1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық
жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып,
ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысы беріледі. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жəрдемақы
күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының
заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзімді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
белгіленуі мүмкін.
2. Жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшілерге жұмыс берушімен
келісім бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен
қорғау, оқу бітіру емтихандарын тапсыру кезеңіне ақылы оқу демалыстары
Беріледі.
Ескерту. Осы Кодекстің 239-бабы 1-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі.
240-бап. Азаматтық қызметшілермен еңбек шартын тоқтатудың қосымша
Негізі
1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген
негіздермен қатар азаматтық қызметшілердің Қазақстан Республикасының
заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың
қосымша негізі болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кəсіпорынның) басшысы не жауапты
хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де
лауазымды адам зейнеткерлік жасқа жеткен, кəсіптік жəне біліктілік деңгейі жоғары
қызметкермен оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл
сайын ұзартуы мүмкін.
Поиск по сайту:
|