Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кезде берілетін кепілдіктер



1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда

қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған

уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін

Орындаудан босатады.

2. Қызметкерлерге мемлекеттік жəне қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін

аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы

орташа жалақысынан төмен емес жалақы төленеді.

3. Мерзімді əскери қызметін өткеріп келген қызметкер өзі мерзімдік əскери

қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген кəсіпорынға жұмысқа қабылдау

кезінде артықшылықты құқыққа ие болады.

150-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер үшін кепілдіктер

Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сəйкес кезеңдік медициналық тексерулерден

өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты

есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшін кепілдіктер

Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу жəне қан тапсыру уақытында

жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

152-бап. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін кепілдіктер мен

өтемақы төлемдері

1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы

сақталады.

2. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:

1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тəуліктік

төлемдер;

2) баратын жеріне дейінгі жəне кері қайтудағы жол жүру шығыстары;

3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.

3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек

шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу осы Кодекстің 183, 187, 226-баптарында

көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

153-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру кезіндегі

кепілдіктер мен өтемақы төлемдері

1. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс

беруші қызметкерге:

1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону;

2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын

өтеуге міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тəртібі мен мөлшері

еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде

айқындалады.

154-бап. Экологиялық зілзала жəне радиациялық қатер аймақтарында еңбек

қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер

Экологиялық зілзала жəне радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін

жүзеге асыратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер Қазақстан

Республикасының заңдарында белгіленеді.

155-бап. Қызметкердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне пайдалануға

байланысты өтемақы төлемдері

Қызметкер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне жəне оның келісімімен

пайдаланған кезде жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да

техникалық құралдарды пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшін жəне

оларды пайдалану шығыстарына тараптардың келісімі бойынша өтемақы

төлемдерін жүргізеді.

156-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет ету

учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын

жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдері

1. Қызметкерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет

көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын

жағдайларда, оларға тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде болған əр күн үшін

келісімде, ұжымдық шартта, еңбек шартында жəне (немесе) жұмыс берушінің

актісінде белгіленген тəртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.

2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде

сапарда болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға жəне кері

қайтуға жол жүрген нақты күндер санына барабар жүргізіледі.

3. Өтемақы төлемдері еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режиміне қарамастан

жүзеге асырылады.

4. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде өтемақы төлемдері

Ескерілмейді.

157-бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері

1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда:

1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметін

тоқтатқан жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты

бұзылғанда;

2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің

бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан

айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы

төлемін жүргізеді.

2. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы дəйексіз

ақпарат берген не жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын,

еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердің

бастамасы бойынша еңбек

шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына

байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.

3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты

өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.

158-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тəртібі мен шарттары

1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының

қызметкерлеріне:

1) тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келмейтін тұрақты тұратын жерінен

тысқары жерде;

2) сол сияқты тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, далалық ұйым

орналасқан жерге күнде қайтып келгенімен тұрақты тұратын жерінен тысқары

жерде;

3) еңбекті вахталық əдіспен ұйымдастыру жолымен тұрақты тұратын жерінен

тысқары жерде далалық жағдайда жұмыстар орындаған кезде далалық

жабдықталым ақшасы төленеді.

2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу дала жұмыстарында болған барлық

күнтізбелік күндер үшін жүргізіледі.

3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт үшін қызметкерлерге

далалық жабдықталым ақшасы төленбейді.

4. Қызметкер далалық ұйымнан іссапарға шыққан кезде оған далалық

жабдықталым ақшасын төлеу тоқтатылады, ал іссапарға байланысты шығыстар

осы Кодекске сəйкес өтеледі.

5. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде далалық

жабдықталым ақшасының мөлшері есепке алынбайды.

6. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тəртібі, шарттары мен мөлшері,

далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тəртібі келісімдерде, еңбек

шартында, ұжымдық шартта белгіленеді жəне жұмыс берушінің актісімен

Бекітіледі.

7. Далалық жағдайлардағы жұмыс кезінде қызметкерге демалыс күндері үшін

далалық жабдықталым ақшасын төлеу оны ол қай жерде (далалық жұмыстар

жүргізілетін объектіде, учаскеде, ұйымның далалық базасында, жұмыстар

жүргізілетін жерден тысқары) өткізуіне байланысты жүргізіледі. Мұндай тəртіп

еңбекті ұйымдастырудың, еңбек пен тынығу режимінің қабылданған нысандарына

қарамастан қолданылуы мүмкін.

159-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен əлеуметтік

жəрдемақылар төлеу

1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша

жарамсыздық бойынша, жүктілікке жəне босануға байланысты, жаңа туған баланы

асырап алған əйелдерге (еркектерге) демалыста болу уақыты үшін əлеуметтік

жəрдемақылар төлеуге міндетті.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен берілген

еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша

əлеуметтік жəрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.

3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша əлеуметтік жəрдемақылар

қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті

қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан

Республикасының заңнамасына сəйкес есептелген олардың орташа жалақысының

есебімен төленеді.

4. Əлеуметтік жəрдемақы мөлшерін, оларды тағайындау жəне төлеу тəртібін

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жұмыс берушілер

қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

əлеуметтік жəрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.

14-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

160-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды (зиянды) өтеу

жөніндегі міндеттері

1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске

жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өтейді.

2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің

материалдық жауапкершілігі нақтылануы мүмкін.

3. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты

тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық

жауапкершіліктен босатуға əкеп соқпайды.

161-бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтіргені үшін материалдық

жауапкершілігі басталатын жағдайлар

1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал

(зиян) үшін материалдық жауапкершілігі, егер осы Кодексте жəне Қазақстан

Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінəлі

мінез-құлық (əрекет немесе

əрекетсіздік) нəтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін жəне құқыққа қарсы кінəлі

мінез-құлық пен келтірілген залал (зиян) арасындағы __________себепті байланыс үшін

Басталады.

2. Жұмыс беруші қызметкер алдында:

1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы

келтірілген залал үшін;

2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;

3) қызметкердің өміріне жəне (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін

материалдық жауаптылықта болады.

3. Қызметкер жұмыс берушінің алдында:

1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін;

2) қызметкердің əрекеті (əрекетсіздігі) нəтижесінде туындаған залал үшін

материалдық жауаптылықта болады.

4. Қызметкер мен жұмыс беруші ұжымдық шартта, еңбек шартында белгіленген

басқа жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады.

162-бап. Жұмыс берушінің қызметкерге оны еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз

айыру арқылы келтірілген залал үшін материалдық жауапкершілігі

1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген,

еңбек шартының талаптары біржақты өзгертілген, қызметкер жұмыстан

шеттетілген, еңбек шарты негізсіз бұзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің

алмай қалған жалақысы мен оған тиесілі өзге де төлемдерді оған өтеуге міндетті.

2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен

келісілген актілерінде қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы

келтірілген залалды жұмыс берушінің өтеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі

мүмкін.

163-бап. Қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін жұмыс берушінің

материалдық жауапкершілігі

Қызметкердің мүлкіне залал келтірген жұмыс беруші оны еңбек шартының,

ұжымдық шарттың талаптарына сəйкес толық көлемде өтеуге міндетті.

164-бап. Қызметкердің өміріне жəне (немесе) денсаулығына келтірілген зиян

үшін жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі

1. Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне жəне

(немесе) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген

зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде

өтеуге міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкерде сақтандыру төлемдері

болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде

жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері

арасындағы айырманы өтеуге міндетті.

3. Жұмыс берушілердің қызметкерлердің өміріне жəне (немесе) денсаулығына

келтірілген зиянды өтеу тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында

айқындалады.

165-бап. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені үшін материалдық

Жауапкершілігі

1. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені үшін материалдық

жауапкершілігі осы Кодексте көзделген жағдайларда жəне мөлшерде басталады.

2. Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге міндетті.

3. Егер залал еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті қорғаныстың,

сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті

жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан

туындаған болса, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.