Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Жазбаша нысанда шарт жасасады



3. Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы

шарттар еңбек шартын жасасу кезінде де, еңбек шартына қосымша ретінде де

жасалуы мүмкін.

4. Қызметкерлерге берілген мүліктің жəне басқа да құндылықтардың сақталуын

қамтамасыз етпегені үшін толық жеке жəне ұжымдық (ортақ) материалдық

жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін қызметкерлер атқаратын немесе

орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық

жауапкершілік туралы үлгілік шарт ұжымдық шартпен (ол бар болған кезде)

немесе жұмыс берушінің актілерімен бекітіледі.

169-бап. Еңбек шарты тараптарының келтірілген залалды (зиянды) өтеу

тəртібі

Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодексте

жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде сот

шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді.

15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ

170-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар

1. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары жəне (немесе) соттар қарайды.

2. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім

комиссиясы қарайды.

3. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша

тікелей сотқа жүгіне алады.

171-бап. Келісу комиссиясын құру жəне оның жұмысын ұйымдастыру

1. Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің жəне қызметкерлердің

өкілдерінің бірдей санынан құрылады.

2. Келісу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс істеу тəртібі жəне келісім

комиссиясы өкілеттігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы

келісім бойынша қызметкерлердің жалпы

Жиналысында (конференциясында) белгіленеді.

3. Келісу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелері қызметкерлердің

жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келісу комиссиясының

жұмыс берушіден құрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен тағайындалады.

Келісу комиссиясының мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында көпшілік

дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды.

4. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап жеті күндік

мерзімде қарайды.

5. Қарау нəтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қабылданады, ол

қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі.

172-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну мерзімі

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер

белгіленеді:

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушінің еңбек шартын

бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай;

2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының

бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл.

173-бап. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясының құзыреті

Келісу комиссиясы, осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де

заңдарында қараудың өзгеше тəртібі белгіленген дауларды қоспағанда,

ұйымдарда туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі орган болып табылады.

Егер қызметкер келіспеушіліктерді жұмыс берушімен арадағы өзі немесе өз өкілі

қатысатын тікелей келіссөздер барысында реттемеген болса, еңбек дауын келісу

комиссиясы қарайды.

174-бап. Еңбек дауларын келісу комиссиясында қарау тəртібі

Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссияда міндетті түрде

Тіркелуге тиіс.

Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн

ішінде қарауға міндетті.

Дау өтініш берушінің немесе ол уəкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.

Дауды қызметкердің немесе оның өкілінің қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша

өтініші бойынша ғана жол беріледі. Қызметкер немесе оның өкілі аталған

комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау кейінге

қалдырылады. Қызметкер немесе оның өкілі дəлелді себептерсіз екінші рет

келмей қалған жағдайда, келісім комиссиясы мəселені қараудан алып тастау

туралы шешім шығаруы мүмкін, мұның өзі қызметкерді осы Кодексте белгіленген

мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш беру құқығынан

Айырмайды.

Келісу комиссиясы отырысқа куəгерлерді шақыртуға, мамандарды шақыруға

құқылы. Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның басшысы оған қажетті

құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

Келісу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкілдік ететін

мүшелерінің кемінде жартысы жəне жұмыс беруші атынан өкілдік ететін

мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.

Келісу комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, оған комиссияның

төрағасы немесе оның орынбасары қол қояды.

175-бап. Келісу комиссиясының шешім қабылдау тəртібі жəне оның мазмұны

Келісу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік

даусымен шешім қабылдайды. Өтініш берушінің немесе комиссия мүшелерінің

бірінің талап етуі бойынша дауыс беру жасырын өткізіледі.

Келісу комиссиясының шешімінде:

ұйымның (бөлімшенің) атауы, комиссияға жүгінген қызметкердің тегі, аты, əкесінің

аты, лауазымы, кəсібі немесе мамандығы;

комиссияға жүгінген күн мен дауды қарау күні, даудың мəні;

комиссия мүшелері мен отырысқа қатысқан басқа да адамдардың тегі, аты,

əкесінің аты;

шешімнің мəні жəне оның негіздемесі (заңға, өзге де нормативтік құқықтық актіге

сілтеме жасай отырып);

дауыс беру нəтижелері көрсетіледі.

Келісу комиссиясы шешімінің тиісінше расталған көшірмелері шешім қабылданған

күннен бастап үш күн ішінде ұйымның қызметкері мен басшысына беріледі.

176-бап. Келісу комиссиясының шешімдерін орындау

Келісу комиссиясының шешімі онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.

Комиссияның шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда қызметкер

немесе жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тəртібімен жүзеге асыруға құқылы.

177-бап. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі органның қызметкерді жұмысына

қайта алдыртуы

1. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты

бұған заңды негізсіз, не басқа жұмысқа заңсыз ауыстыру, басқа жұмыс орнына

заңсыз көшіру, еңбек жағдайларын заңсыз өзгерту, жұмыстан заңсыз шеттету

себебінен тоқтатылған жағдайда, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган

қызметтерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешім шығарады.

2. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан

__________шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе төмен ақы төленетін

жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы

айырма төленеді.

3. Жеке еңбек дауын қарайтын орган қызметкердің өтініші бойынша қызметкерге

осы баптың 2-тармағында көрсетілген мөлшерде жалақы төлеу туралы шешім

шығарумен шектелуі мүмкін.

4. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі органның қызметкерді бұрынғы жұмысында

қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта

алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, жеке еңбек дауын қарау

жөніндегі орган қызметкерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа

жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.

3-БӨЛІМ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН

РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

16-тарау. ОН СЕГІЗ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

178-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек саласындағы

құқықтары

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша

кəмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс

уақыты жəне басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте белгіленген

қосымша кепілдіктерді пайдаланады.

179-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға

тыйым салынатын жұмыстар

1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек

жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ

орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі

мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс,

алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен

прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады.

2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген шекті

нормалардан артық жүктерді тасуына жəне қозғалтуына тыйым салынады.

3. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым

салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің

жүктерді тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын еңбек жөніндегі уəкілетті

мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.