Сипаттамалары негізінде белгіленеді
2. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу жəне
қызметкерлерге біліктілік разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың
жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына жəне
Басшылардың, мамандардың жəне басқа да қызметшілер лауазымдарының
біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кəсіптерінің тарифтік-біліктілік
сипаттамаларына жəне ұйымдар басшыларының, мамандардың жəне басқа да
қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сəйкес
жүргізіледі.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшы
кəсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын əзірлеуді, қайта қарауды, байқап
көруді, бекітуді жəне қолдану тəртібін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган
айқындайды. Əр түрлі экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының,
мамандарының жəне басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік
сипаттамаларын тиісті қызмет саласының уəкілетті мемлекеттік органдары еңбек
жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып əзірлейді жəне бекітеді.
126-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелері
1. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы
төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке жəне (немесе) ұжымдық
еңбек нəтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде
қалыптастырылуы мүмкін.
Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды (айлықақыларды),
тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды.
Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты
қызметкерлердің кəсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне
жəне олардың түпкі нəтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді.
Еңбекке ақы төлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы төлеудің тарифтік жəне
тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.
2. Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың
сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін жəне
еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.
3. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жəне еңбекке ынталандыру жүйелері
ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында жəне (немесе) жұмыс
берушінің актілерінде айқындалады.
4. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке
алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті
болатын негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз
Етуге тиіс.
5. Мемлекеттік бюджет жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы
(бюджеті) есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу
жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
6. Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен
акционерлік қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу жəне оларға сыйлықақы
беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік ереженің
негізінде айқындалады.
7. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің
еңбегіне ақы төлеу жүйесін қараудың жəне келісудің тəртібін еңбек жөніндегі
уəкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде
айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте жəне Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген
талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.
127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу
Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа кемінде
біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде
үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының
(лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшерінде қосымша ақы
төленеді.
128-бап. Мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу
Мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық)
ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.
129-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу
Түнгі уақыттағы жұмыстың əр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы
негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.
130-бап. Əр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде еңбекке ақы төлеу
Қызметкер əр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне
неғұрлым жоғары біліктілік жұмысы бойынша ақы төленеді.
Жоғары біліктілік қызметкеріне өндіріс сипатын ескере отырып оған тағайындалған
разрядтан төмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке
ақы төлеу оған тағайындалған біліктілік (разряд) бойынша жүргізіледі.
131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюі) жəне
уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы
төлеу
1. Бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен қатар
басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе уақытша болмаған
қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын
қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.
2. Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі)
жəне уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін берілетін
қосымша ақылар мөлшерлерін қызметкермен келісе отырып белгілейді.
132-бап. Жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезінде еңбекке ақы төлеу
Ұжымдық шартта жəне (немесе) еңбек шартында жаңа өндірістерді (өнімдерді)
игеру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуі мүмкін.
133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
1. Жұмыс берушінің кінəсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің
тəртібі мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады жəне
қызметкердің орташа жалақысының елу процентінен кем емес мөлшерде
Белгіленеді.
2. Қызметкердің кінəсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.
134-бап____________. Жалақы төлеудің тəртібі мен мерзімдері
1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда
айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.
Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші əрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі
жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен
негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған жəне аударылған міндетті зейнетақы
жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы
мəліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті.
3. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем
олардың қарсаңында жүргізіледі.
4. Жалақыны жəне қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де
төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінəсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші
қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу
жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі жəне
төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап əрбір кешіктірілген күнтізбелік
күн үшін есептеледі жəне төлем жасалған күнмен аяқталады.
5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық
сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей
жүргізіледі.
135-бап. Жалақы төленетін орын
Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың
талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге
Тиіс.
136-бап. Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу
1. Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны
есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар жəне
еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру
төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының
есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
2. Осы Кодекске сəйкес тиісті ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның
алдындағы он екі күнтізбелік ай орташа жалақыны есептеу үшін есептік кезең
болып табылады. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген қызметкерлер үшін
орташа айлық жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады.
3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық
жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі оны есептеудің бірыңғай
тəртібін белгілейді.
4. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта
орташа жалақыны есептеудің өзге кезеңдері көзделуі мүмкін.
137-бап. Жалақыдан ұстап қалу
1. Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
2. Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйымға берешегін өтеу үшін оның жалақысынан
ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі бар болған кезде жұмыс берушінің актісі
негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу
процентінен аспауға тиіс.
138-бап. Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақыны
Беру
Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен беріледі.
11-тарау. КƏСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖƏНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) оқыту шарты - жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кəсіптік даярлау,
қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім;
2) кəсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кəсіби
дағдыларды меңгеру немесе кəсіби дағдыларды өзгерту үшін адамды дамытуға
бағытталған кəсіптік оқыту нысаны;
3) қайта даярлау - басқа кəсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін
кəсіптік оқыту нысаны;
4) біліктілікті арттыру - бұрын алған кəсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын
қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кəсіптік оқыту
Нысаны.
140-бап. Жұмыс берушінің даярлау, қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру
жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кəсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен
біліктілікті арттырудың қажеттігін жəне оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.
2. Жұмыс беруші қызметкерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын
өзге адамдарды (бұдан əрі - оқитын адамдар) кəсіптік даярлауды, қайта
даярлауды жəне олардың біліктілігін арттыруды:
1) тікелей ұйымда;
2) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында жүргізеді.
3. Жұмыс беруші кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілігін
арттырудан өтетін қызметкерлерге осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта,
еңбек шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін жағдайлар
жасауға міндетті.
Поиск по сайту:
|