Еткеннен кейін жіберіледі
37-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ
ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫН
ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МЕН ЕСЕПКЕ АЛУ
322-бап. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары жəне өндірістегі жазатайым
оқиғаларды есепке алу
1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
1) техникалық жəне кəсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу
орындарында оқитын, кəсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың;
2) əскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған
əскери қызметшілердің;
3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) əскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, əскерилендірілген күзет жеке
құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам
өмірін жəне мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек
қызметіне байланысты жəне еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне əкеп соққан
денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сəйкес тергеп-тексеруге
жəне есепке алуға жатады.
2. Өндірістік __________жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін
атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс берушінің
мүддесі үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге əкеп соққан
басқа да əрекеттер жасау, егер олар:
1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын,
өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын жəне басқаларын дайындау
жəне ретке келтіру кезінде;
2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс
берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек
немесе өзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;
3) қауіпті жəне (немесе) зиянды өндірістік факторлар əсерінің нəтижесінде;
4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер
жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара
жатқан жолда;
5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің көлігінде;
6) жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша
келісімі болғанда өзінің жеке көлігінде;
7) жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның
аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс
берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-əрекеттер жасау кезінде
болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі жəне есепке
Алынады.
3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-
əрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін жəне жұмыс берушінің
мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық əдіспен жұмыс істеу кезінде
ауысымаралық демалыс жəне түскі ас үзілісі кезеңінде, сондай-ақ алкогольдік мас
болу, уытты жəне есірткі заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйінде
орындаған кезде;
2) өз денсаулығына қасақана (əдейі) зиян келтіру нəтижесінде немесе зардап
шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған,
қауіпті жəне (немесе) зиянды өндірістік факторлардың əсерімен байланысты емес
кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар
жəне қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде
Ресімделмейді.
4. Əрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куəгер жұмыс
берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті.
Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің
өндірісте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы
өтініш жасауының əрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні жəне мемлекеттік еңбек
инспекциясының аумақтық
бөлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кəсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
Мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.
5. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, ресімдеуге
жəне тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.
Поиск по сайту:
|