Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 8 страница



Құрылыстар мен құрғыларды салу мен монтаждау кезінде де авариялар болып тұрады. Олардың себебі, әдеттегідей, құрылыс нормалары мен жұмыс жүргізу жобаларын сақтамау, орындалған жұмыстың төменгі сапасы болып келеді. Қазіргі металл құрылғылары жеңіл орындалады, сондықтан олар монтаж ақаулығына мұқиятсыз тасуға және пайдалану тәртібінің бұзылуына өте сезімтал келеді.

Адамның тікелей қызметіне байланысты пайда болатын авариялардың үлес салмағы жоғары болып қалып отыр. Барған сайын «адамдық» фактор, яғни өндіріс барысындағы адамның орны, оның кәсібилігі, іске көзқарасы еңбек тәртібі бірінші кезекке қойылуда.

Әрбір нақты авария – бірнеше себептер жиынтығын, бір қатар қолайсыз факторлар үйлесімінің нәтижесі. Жобалау кезінде жіберілген қателіктер, құрылыс және монтаж кезіндегі қателермен ұштасып жатады. Осының барлығы дұрыс пайдаланбаумен қатерді күшейте түседі. Мұның арты аварияға алып келеді. Нысандардағы аварияларға алып келетін «адамдық» факторға өндіріс процесі мен техника қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы жатады.

Кәсіпорындағы авариялардың ықтимал пайда болу себебін зерттеу және жұмысшылар мен қызметшілер және жақын тұратын халық үшін кәсіпорын туғызатын қауіпті жөніндегі шараларды дұрыс анықтауға, екіншіден, адамдарды қорғау және залалды азайту бойынша қажетті шараларды қарастыруға мүмкіндік береді.

 

3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.

Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.

Азаматтық қорғаныс курсынын мақсаттары:

- әр қоғамда ең басты, бағалы болып келетін – адам. Сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру – негізгі мақсат. Адамдарды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдарды өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

- халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

- халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу.

- төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету (барлық өнімдердің қажетті мөлшерде өндіре алу);

- зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;

- апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;

- зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;

- төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;

- өндіріс орындардағы апаттық көрші тұрған объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;

- адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;

- территорияны, техниканы, киімді, тамақты улы, радиоактивті заттардын, бактериалардан қорғау.

Казіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің яғни завод, фабрикаларды энергия беру т.б. өндіріс орындарының (шаруашылық кешендерінің) адам өміріне келтіріп отырған пайдасы мен қатар зияны, зардабы аз емес.

Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:

1. Республикадағы Азаматтық қорғаныс штабы.

2. Облыстық, қалалық, аудандық штабтар

3. Министрліктер бойынша жергілікті жердегі мекемелерде АҚ штабтары немесе қызметкерлері.

4. Азаматтық қорғаныс ұйымдарының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс орындары.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар;

- азаматтық қорғаныс әскерлері;

- ауқымдық не министірліктерге бағынатын жасақшылар;

- арнайы жасақшылар.

Басқару орындары:

- Қазақ Республикасының Примьер-министрі;

- Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы;

- төтенше жағдай жөніндегі комиссия;

- облыс әкімі;

- қала әкімі;

- аудан әкімі;

- әр мекемедегі бірінші бастық.

Әр мекеменің бірінші бастығы – Азаматтық қорғаныстың бастығы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдында бірден-бір жауапты адам.

 

4. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.

Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің және құрылымдардың, коммунальды-энергетикалық және технологиялық қондырғышлардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендегі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары Азаматтық қорғаныстың басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады.

Алдымен қираған және бүлінген жерлердегі жолдарды ашып алады. Бұл жолдар арқылы қорғаныс мақсатында пана қылған мекендердегі жарақаттанғандар мен жаралыларды, қираған мекемелердің апат болғанда ішінде қалып, құтқаруға киын жұмыстардан бастайды.

Козғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты қозғалыс үшін биіктігі – 1 мм, ені – 3-3,5 м, жол ашса, ал екі жақты қозғалыс үшін ені – 6-6,5 м эксковаторлар, бульдозерлер және көтергіш крандарды пайдаланып, жол ашу керек.

Өрт болып жатқанда алдымен адамдар қай жерде болса сол жердің өрті сөндіріледі. Бульдозер, эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен бір уақытта жұмыс атқара отырып өрт сөндіріледі.

Осындай жұмыстардың артынша дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын қолмен немесе кіші механизация құралдарын қолданумен іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы жәрдем көрсетіледі.

Жабық баспаналардағы адамдарды құтқару жұмыстары сақталып қалған байланыстарды, ауа кіріп тұратын тесіктер арқылы, есіктерді, жарды, су және жылу құбырларын соғу арқылы дыбыс шығарып хабар алысады. Содан соң адамдарды әр түрлі тәсілдер арқылы жер астынан шығарып алады.

Адамдарды құтқарудың ең киыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.

Құлаған жердің беткі қабатына жақын қалып қойған адамдарды алдымен үстіндегі қоқыстарды арши отырып, құтқару жұмыстарын жүргізеді. Алдымен басын, кеуде, иық, қол аяғын босатып, алғашқы жәрдем көрсетіледі.

Ядролық зақымдану ошақтарындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу өте қиын жағдайларда жүреді, себебі ондай жерлерде әлде де, жаңа апаттар болуы, тағы да бұрынғының үстіне адамдардың зардап шегуі көбейе берулері мүмкін.

Коммунальды-энергетикалық және технологиялық апат пен бүлінген жерлердегі қайта құру мекемелеріндегі бөлімшелер мен қондырғыларды ажырату жұмыстарынан басталады.

Суландыру жүйелеріндегі апат және бүліну әсерінен баспана қылып пайдаланатын подваларды су басып кетеді, сол жерлердегі өртті сөндіру жұмыстары өте қиын немесе мүмкін емес.

Жылу беру жүйелері коммунальды және өнеркәсіптік болып бөлінеді.

Жылу жүйелерінің бүлінуін будың немесе ыстық судың шығуынан, сайларға жиналуынан және қардың еріп кетуінен білуге болады.

Мекеме ішіндегі жылу жүйелері бүлінсе, оны сыртқы жағынан ажыратады.

Электр жүйелеріндегі апатты қайта қалыптастыру үшін жеке бір учаскелердегі немесе электрмен қамтамасыз ететін ортақ жерден ажырату керек. Алдымен үзілген сымдарды изоляциялау қажет, содан соң жерден жинап алып, уақытша бір жоғарылау жерге іліп қою керек. Кейін қалпына келтіру кезінде үзілген сымдарды алмастырып отырады. Мұндай учаскелер зақымданған кездерде «Химиялық дабыл» деген дабыл тез іске қосылады.

Құтқару жұмыстарын жүргізетіндер: санитар дружиналары, командалар, топтар, отрядтар, залалсыздандыру, зақымсыздандыру командалары т.б.

Химиялық зақымдану кезінде ауаны, жер астын, жабық кварталдарды, парктерді, скверлерді химиялық тұңбалар тұрып қалып ластап, улайтындығын қатты ескері қажет. Сондықтан құтқару жұмыстары аяқталысымен, құтқарушылар уланған жерлерді залалсыздандыру, өндеу жұмыстарымен айналысады.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы жою жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешімімен жүргізіледі.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы ұйымдастыру және жүргізілетін жұмыстарға жататындар: бактерияларды барлау және бактериялар бар нәрселерді индикациялау; бастықтың рұқсатымен карантин режимін жүргізу немесе обсервациялау; санитарлық сараптама өткізіп, зақымданған азық-түліктерді бақылауға алу; эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық емдеуді ұйымдастыру; эвакуациялау, ветеринар-санитарлар жиындарын, түсініктемелер жұмыстарын жүргізу.

Құтқару жұмыстары жүріп жатқанда ауру және ауруы бар сезікті адамдарды тексеріп, қажеттілік болса оқшаулау қажет, оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіліп, емханаға жіберілуі керек. Мекемелерді, адамдарды санитарлық өңдеуден өткізіп, киімдерді дезинфекциялау жұмыстары жасалады. Карантин болған зоналарда қатаң бақылаулар қойылып, халыққа қойылған режимдерді сақтауларын, басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Жұқпалы аурулары барлар емханаларға жатқызылады және жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы жою жұмыстарының жүргізілуінің соңы деп, соңғы ауру анықталып уақыт өткеннен кейін, аурудың инкубациялық даму мерзімінің ең ақырғы сатысына тең болғанын айтады.

Бақылау сұрақтары:

1. ²Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы² Заңы ҚР аумағында қай жылы қабылданды?

2. Заңда төтенше жағдайлардың қандай түрлері қарастырылды?

3. Төтенше жағдайларды негізгі белгілері бойынша топтастыру?

4. Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәсiлiнiң негiзгi қағидалары мен тәртіптерін анықтау?

5. ²Тәуекелділік факторы² деп нені айтамыз және оған қандай факторлар жатады?

6. Өзін-өзі құтқару әдістері қандай?

7. ²Өндірістік авария² дегеніміз не және ол қандай төтенше жағдайда туындайды?

8. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлін талдау?

9. Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары?

10. Ядролық зақымдану ошақтарында қандай құтқару жұмыстары жүргізіледі?

 

Тест сұрақтары:

1.Дүлей зілзала ?

А) техногенді сипаттағы төтенше жағдай

В) гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай

С) ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын соққын зілзала

Д) биологиялық сипаттағы төтенше жағдай

Е) метереологиялық сипаттағы төтенше жағдай

2. Авария ?

А) техногенді процестердің бұзылуы, меанизмдердің жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы

В) табиғаттың тосын жағдайы

С) геофизикалық қауіпті құбылыстардан пайда болған авария;

Д) геологиялық қауіпті құбылыстар

Е) гидрологиялық қауіпті құбылыстар

3. Апаттың көлеміне қарай бөлінуі:

А) кіші, орташа, үлкен

В) ұзын, қысқа, орташа

С) кең, тар, ұзақ

Д) кіші, үлкен

Е) орташа, қысқа

4. Табиғи апаттар –

А) авиациялық, автомобильдік, әлеуметтік

В) метериологиялық, тектоникалық, теллурлық, топологиялық, космостық

С) тектоникалық, радиациялық, механикалық

Д) теллурлық, бактериологиялық, эпидемиялық

Е) топологиялық, спецификалық, бактериологиялық

5.Төтенше жағдай деп –

А) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар және геологиялық қауіпті құбылыстар

В) жер сілкінісі, су тасқыны, сел, жарылыс, өрт т.б. қауіпті құбылыстардан пайда болатын авария

С) апат салдарынан механизмдердің және жабдықтардың бұзылуынан болатын авария

Д) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне нұқсан келтірген, сонымен қатар халықты шығындарға ұшыратып апат салдарынан болған жағдай

Е) гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай

6. Жасанды апаттар –

А) дауыл, циклон, тектоникалық

В) көліктік, өндірістік, спецификалық, әлеуметтік

С) жер сілкінісі, өрт, қар көшкіні

Д) топологиялық, теллурлық, космостық

Е) механикалық, бактериологиялық

7. Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдай –

А) табиғи, техногенді, жанжалды

В) аймақтық, ведомстволық, әлеуметтік

С) спецификалық, өндірістік, көліктік

Д) коммуналдық, гидродинамикалық

Е) транспорттық, гидрологиялық

8. Техногенді сипаттағы төтенше жағдай:

А) өндірістік, транспорттық авариялар, өрттер, электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар

В) геофизикалық, геологиялық, метериологиялық

С) гидрологиялық, табиғи өрттер, транспорттық авариялар

Д) ауруларға шалдығуы

Е) ауылшаруашылық өсімдіктерін ауруға өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығуы

9. Табиғаттағы тосын жағдай –

А) бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның денсаулығы мен өміріне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай

В) бұл қоршаған ортамен қарым-қатынас нәтижесінде пайда болатын жағдай

С) бұл адам денсаулығына және өміріне қауіп төнгенде болатын жағдай

Д) табиғатқа әсер ететін және зиян келтіретін жағдай

Е) жер сілкінісі әсерінен пйа болатын жағдай

10. Тәуекелдік факторлар –

А) табиғатқа әсер етуші факторлар

В) антропогендік факторлар

С) абиотикалық факторлар

Д) бұл авариялық жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін фактор

Е) антропогендік және абиотикалық фактор

11. Аштық дегеніміз не?

А) витамин және белоктардың жетіспеуі

В) азық-түлік қоры мүлдем жоқ, бірақ су бар

С) азық-түлік қоры болмаған жеткіліксіз болған жағдайдағы организмнің күйі

Д) азық-түлік те, су да жоқ

Е) судың жоқ болуы

12. Қорқыныш дегеніміз не?

А) жер сілкінісі, дауыл, құйын болғанда адамның қорқыныш сезімі;

В) жарылыс кезінде пайда болатын қорқыныш сезімі;

С) төтенше жағдай кезінде пайда болатын үрей;

Д) өрт кезінде пайда болатын адамның бойындағы үрей;

Е) өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы.

13.Тірі қалу факторлары деп –

А) апатпен бетпе-бет келген адамның моральдық жағдайы

В) бұл төтенше жағдайға іс-әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін-өзі құтқару негіздерін білу

С) тірі қалу үшін жақын елді мекенге баруды ойластыру

Д) авариялық жағдайда моральдық әзірлікте болу

Е) авариялық жағдайда әр түрлі жұмыстар ұйымдастыру

 

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

[gl] №4 ДӘРІС. Тақырып:Ядролық ошақ. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және оның адамдарға, малдарға, қоршаған ортаға әcepi. РЗ зоналары. РЗ зонасының көздері. Атом энергетикасы объекті-леріндегі болған авариядағы ТҚ. Химиялық қару. Биологиялық қару. [:]

Дәрістің мақсаты:Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары, радиация зоналары, химиялық қару, биологиялық қарумен және халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шараларымен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы.

2. Адамға радиацияның әсері.

3. Халықты радиациядан қорғау шаралары.

4. Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары.

5. Халықты ҚӘУЗ бен Р3-дан қорғау.

6. АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиоциялық қауіп аймағы.

7. Химиялық қару. Биологиялық қapy.

 

1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы.

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: химиялық зақымдау ошағы, соққы толқыны, жарықтың сәуле шығаруы, өткіш радиация, жердің радиоактивті ластаунуы және электромагниттік импульс жатады.

Химиялық зақымдау ошағы – ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.

Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объектілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерекшілігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты.

Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады.

Химиялық қауіпті объектілердегі авариялардың қайталама факторы ретінде жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін.

Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді.

Соққы толқыны– негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша 1 Мгт ядролық оқтұмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта 5 километрге, 22 секундта 10 километрге жетеді.

Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, қиратады және адамдарды зақымдайды.

Соққы толқынының зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограмдармен көрсетілетін оның төңірегіндегі артық қысыммен сипатталады.

Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау бетінің алаңы 5000 см2, тұрған адамға артық қысымы 0,5 кг/см2 соққы толқыны 2500 кг күшпен әсер етеді.

Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді:

Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сыртқы шекараға 0,5 кг/см2 жоғарырақ артық қысыммен соққы толқынының әсеріне ұшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.