Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 3 страница



102. Қауіпті фактор – негативті фактор, ауыр әсерінен адамға травма әкеледі немесе денсаулыққа жағымсыз әсерін тигізеді. (мысалы: ұшынып қалу).

103. Жағымсыз фактор – негативті фактор әсерінен адам ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

104.Жарылыс – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы;

105. Төтенше жағдай (Т.Ж.) – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардабтарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық техникалық және адам күшін үшін талап ететін жағдай.

106. Тіршілік әрекеті – бұл күнделікті әрекет пен демалыс, адамның өмір сүруі.

107. Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

108. Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

109. Бета – бөлшегі –бұл электрон.

110. Альфа – бөлшегі – гелийдің алты, ондық ядросы.

111. Обсервация – жұқпалы аурулар таралуының алдын-алуға және оларды жоюға бағытталған шектелген шаралардың жиынтығы.

112. Күйік– жоғарғы температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылғаның кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінің терінің зақымдануы.

113. Жәй түрлерібір клеткалы организмдер, қабығы, протоплазмасы мен ядросы (безгекті қоздырушы, амеба) бар.

114. Бактериялар – жібек құртын, бацилланы (таяқша тәріздес) үтір немесе жақша түріндегі вибрионды біріктіретін микробтар тобы. Бактериялар түйнемені, қан тышқақты, обаны, тырысқақты туғызады.

115. Вирустар – кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейтін ұсақ микроорганизмдер. Олар шешекті, тұмауды, сары безгекті тудырады.

116. Карантин– эпидемиялық ошақтан жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату үшін жүргізілетін шаралар. Ол жерден кетуге, онда рұқсатсыз кіруге тиым салынады, аурырған адамдарды және олармен байланыста болған адамдарды анықтап бөлектейді бөлек ұстау мерзімі 40 күнге созылады.

117. Тырысқақ (холера) тез жұғатын ауру, іштің өтуімен, құсықтың келуімен, су – электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсіреудің дамуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталады. Карантиндік жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы.

118. Түйнеме– аса қатерлі жұқпалы ауру, негізінен тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі.

119. Бруцеллез – үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру. Ауру адамдарға үй жануарларынан, оларды күтім кезінде және осы аурумен ауырған малдың етін жегеннен жұғады.

120. Қышыма – саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп адамды тынышсыздандырып қышытады. Қатыр кенесі деп аталатын микробтардан жұғады. Лас киіммен жүргеннен, ұзақ жуынбағаннан пайда болуы мүмкін.

121. Педикулез (биттеу) – адамның биттен зақымдануы. Биттер – қан сорғыш жәндіктер, адамның паразиті және ұсақ қоректілер, олардың бүкіл өмірі адамда өтеді. Биттің 150 түрі белгілі. Адамда киім-кешек, бас және шат биті болады.

122. Вирустық гепатит – жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру. “Вирустық” гепатит термині екі негізгі нозологиялық жеке түрі – А-вирустық гепатитын (жұқпалы гепатит) және В- вирустық гепатитын (сары су гепатиты) біріктіреді. А – вирусы ішек жұқпалысы, дәрет шығару жолдары арқылы сырқат адамнан сау адамға өтеді. В вирусы аурулардан сау адамдарға қан құю кезінде, жұқпалы ауру тараған кезде және жеткіліксіз залалсыздандырылған ине мен аспаптарды пайдаланған хирургиялық емдеу кезінде беріледі.

123. Тұмау – тұмау вирусының әр түрінен пайда болатын респираторлық ауру.

124.Туберкулез (құрт ауруы) – созылмалы жұқпалы ауру. Оларда ұсақ бұдырмақтар, латынша туберкулдер пайда болады, аурудың туберкулез атауы осыдан шыққан. Адамда, жан-жануарларда (ірі қара мал, шошқа, тауық) болатын жұқпалы ауру. Зақымдалған адам мүшесіне (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешектер пайда болады. Туберкулез екі жолмен жұғады:

1. ауа арқылы (аэрогенный путь)

2. тамақ арқылы (алиментарный путь)

125. Мерез (сифилис) - өте ауыр, адам организмінің кез келген органын бұзатын, тұқым қуалау арқылы берілетін созылмалы ауру.

126.Соз (гонорея) - аурудың кең тараған жыныс ауруларының түрі.

127.СПИД ВИЧ инфекциясы – бұл адам ағзасында пайда болатын иммунитеті жетіспеуі деп айтады немесе иммунитет жетіспеу синдромы.

VI. ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ

№1 ДӘРІС. Тақырып:«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны. Маманды дайындауда курстық негізгі есептері. Заң актілері. ТҚ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері.

Дәрістің мақсаты: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мазмұны мен мақсатын және теориялық негіздерін қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны.

2. Маманды дайындауда курстық негізгі есептері.

3. Заң актілері.

4. ТҚ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері.

1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының оқу бағдарламасына енгізілуі қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып отыр. Бұл курстың өзегі болып, қоғамның дамуының негізі – адам алынған. Кезінде Протагор «Адам – барлық заттың өлшемі» деген екен. Яғни, адамды жұмыс күші ретінде жұмыс процесінде ғана қорғау қажет емес, сонымен қатар оны өмір бойы, қайда тұрса да, кайда жүрсе де қорғау қажет.

Айтылған мәселелерге байланысты «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының негізін жасауға болады:

- адам жерде пайда болғаннан бастап, ылғи да өзгеріп отыратын қауіп пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, яғни адамның іс-әрекеті мен тіршілігі әрқашанда қауіпте;

- қауіп-қатер адам өміріне, оның денсаулығына ылғи да зиянын тигізеді (жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім), яғни мемлекеттің, жалпы қоғамның алдында адамдарды қорғау міндеті тұрады;

- толық қауіпсіздік болмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады, сондықтан, қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде болуы керек;

Осы алға қойған мақсатқа жету үшін қолданылатын техникалық, экономикалық және басқа да шаралар – егер адамдардың бұл мәселелердегі біліктілгі төмен болса - аздық етеді. Табиғатта болып тұратын қауіп-қатерлер тұрақты, жан-жақты және қуатты, сондықтан жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды, тіпті ойламайды да, сондықтан олардың ойы нақтылы өмірден алшақ болады.

Сондықтан қауіпсіздіктің идеологиясын, нақтылы жайға сай ойлауды, тәртіпті құру үшін, осы «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» оқу бағдарламасы қажет. Сонымен, «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал-жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с). «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты – қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау – осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының негізгі мақсатына келесі сұрақтар кіреді:

- қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.;

- болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;

- қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

 

Тiршiлiк қауiпсiздiгі - адамның төтенше жағдай кезiндегi өмiр сүру ортасымен қауiпсiз қарым-қатынасының, шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеу әдiстерiн, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерiн зерттейдi.

Пәнде мынадай мәселелердiң жай-күйi мен жағымсыз факторлары қаралады:

- тiршiлiк ортасының жай-күйi мен жағымсыз факторлары;

- адамның тiршiлiк ортасымен қарым-қатынасының қауiпсiздiгiн қамсыздандыру принциптерi, физиология негiздерi және оның қызметiнiң қолайлы жағдайлары;

- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерiнiң анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды бiргейлестiру принциптерi, техникалық құралдар мен техникалық процестердiң қауiпсiздiгiн арттыру;

- шаруашылық объектiлерiнiң төтенше жағдайдағы жұмыс iстеу тұрақтылығын зерттеу әдiстерi;

- ТЖ мен оның салдарын болжау;

- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектiлерiнiң өндiрiстiк қызметкерлерiн қорғау және ТЖ салдарын жою жөнiндегi шараларды әзiрлеу;

- тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң нормативтiк - техникалық және ұйымдық негiздерi.

 

2. Маманды дайындауда курстық негізгі есептері.

Курстың негiзгi мақсаты - төмендегi мақсаттарды шешу үшiн қажеттi теориялық бiлiмдер, практикалық iс әрекеттер көлемiн студенттердiң игеруiне жәрдемдесу:

- еңбек қызметi мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;

- адам мен оның өмiр сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және оны iске асыру;

- техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектiлерiн қауiпсiздiк және экологиялық тәртiптерiне сәйкес пайдалану;

- шаруашылық объектiлерi мен техникалық жүйелердiң қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жұмыс iстеу тұрақтылығы;

- төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;

- халықты, өндiрiс қызметкерлерiн, авария, апат, зiлзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөнiндегi шешiмдердi және оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдау.

- «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының көлемi гуманитарлық жоғары оқу орындары үшiн кемiнде 70 сағат, ал техникалық және ауылшаруашылық жоғары оқу орындары үшiн кемiнде 50 сағат болып белгiленген.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсы жоғары оқу орындарының жоғары курстарында оқытылады.

Курсты игеру барысында шәкiрт мынаны бiлуге тиiс:

- өмiр сүру ортасындағы адам қауiпсiздiгiнiң теориялық негiздерiн;

- тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң құқықтық және нормативтiк техникалық негiздерiн;

- жарақаттаушы, зiлзалды және зақымдағыш факторлардың адамға анатомиялық-физиологиялық салдарын;

- ТЖ-да шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыратын жолдар мен әдiстердi;

- төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдiстерiн.

Шәкiрт:

- өндiрiстiк қызметтiң қауiпсiздiгi мен экологиялығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;

- шаруашылық объектiлерiндегі өндiрiстiк қызметтiң тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шараларды жоспарлау мен iске асыруды білуге тиіс;

- төтенше жағдайларда халық пен өндiрiстiк қызметкерлердi қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлай алуды бiлуi қажет;

- ТЖ салдарын жою кезiндегi құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуға тиiс.

Студенттердiң «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының бағдарламасын бiлуiнiң төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласында барлық нысандағы шаруашылық объектiлерi мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау iсiнде үлкен маңызы бар.

Тiршiлiк қауiпсiздiгi - адамның өмiр сүру ортасы мен, қауiпсiз қарым-қатынасы мен, оны қорғауда, төтенше жағдайларда шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiне, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешенi.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi және бейбiт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектiлерiн және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерiнен қорғау мақсатында өткiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектiлерi - өнеркәсiптiк, ауылшаруашылығы өндiрiсi мен қоғам қызметiнiң басқа салалары мүдделерiне пайдаланылатын ғимарат, қарапайым және басқа да құрылыстар.

Ұйым - бағдарламаны немесе мақсатты бiрлесiп iске асыратын және белгiленген тәртiптер мен нормалар негiзiнде iс-әрекет ететiн адамдар ұжымы.

 

3. Заң актілері.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық қopғaныc және төтенше жағдай саласындағы заңдарының рөлi мен маңызы

Қазақстан Республикасында халықты және мемлекеттiң экономикасын болуы мүмкiн төтенше жағдaйлардың зардaптaрынан қорғауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылады.

Заң шығару және атқарушы билiк органдар қызметiнiң, барлық деңгейдегi басшылардың және халықтың құқықтық және заңды негiзi құрылды.

Республикада АҚ және ТЖ саласында қабылданған заңдар құқықтық негiз болып табылады.

Төтенше жағдaйлар бойынша қаржыландыру тәpтiбiн қосқанда, заңдарда анықтaлған peтi еңгiзiлгeн, резервтердi жасау және қолдану, шұғыл медициналық көмек, авариялық-құтқарy қызметтер, оқыту, жоспарлау және қорғану iс-шараларды жүзеге асыру.

Осы заңдардың маңызын бағалау өте қиын, өйткенi олар ҚР аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қoғaмдық қатынaстарды, авариялық-құтқару қызмeттeрiн және құрылымдарының жұмысын реттейдi, орталық, жергiлiктi өкiлeттi және атқарушы органдардың, ұйымдардың негiзгi мiндeттepiн және өкiлeттiлiгiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының төтенше жағдaйлар саласындaғы құқықтары мен мiндeттepiн анықтайды.

Республикада ТЖ алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттiк бiртұтас жүйесi жұмыс iстейдi. Oған әртүрлi - жағдайды байқау, бақылау, болжау және хабарлау қызметтерi мен авариялық - құтқару бөлiмшелерiне дейiн кipeдi.

1.1 Қазақстан Республикасының «Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы

5 шiлде 1996 жыл

3аңның, негiзгi ережелерi халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық, жүргiзушi нысандарды, халықтың құқықтарын және міндеттepiн қорғауға, сондай-ақ табuғu және техногендiк сипаттағы

төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелерiне байланысты. Осы салада пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар анықталған:

төтенше жaғдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп coғyы мүмкiн, олардың денсаyлығына, қоршaғaн ортaға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiрyi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай;

авария- технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

зiлзала- төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс;

апат - аймақтық және ipi ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс.

Заң мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынның өкiлеттiлiгiн анықтайды, ТЖ көзiндегi шығындар мен зиян қатерiн барынша азайту, құтқару мен өзге шұғыл жұмыстарды жүргiзу бойынша негiзгi iс-шараларды заңды түрде бекiтедi.

 

1.2 Қазақстан Республикасының «Авариялық -құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» заңы

27 наурыз 1997 жыл

Бейбiт уақытта ТЖ жиi болуы ТЖ зардаптарын жою кезiнде жоғары кәсiптiлiгiмен және арнайы бiлiмiмен ерекшеленетiн арнайы қызметтi құруды қажет eттi. ­

Осы Заң табиғи және тeхнoгeндік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi көзiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Заңда құтқарушылар қызметiнiң құқықтық кепiлдерi, олардың мәртебесi, құқықтар мен міндеттері, сондай-ақ жұмыс (қызмет) пен демалыс және еңбекақы төлеу тәртiбi анықталған.

Негiзгi ұғымдар:

Авариялық-құтқару қызметi - негiзiн өзiне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын құтқарушы-атқарушыларды, кiшi, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз eтетін көмекшi қызметтердi қамтитын авариялық - құтқару құрамалары құрайтын, қызмет мiндеттерi жағынан бiртұтас жүйеге бiрiктiрiлген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттердi шешуге арналған басқару opгaндapының, күштер мен құралдарының жиынтығы;

құтқару жұмыстары - төтенше жaғдaйлар аймaғында адамдарды құтқаpy, материaлдық және мәдени қазыналарды құтқapy, қоршaғaн ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бiр шектен шығармау және соларға тән қауiптi факторлардың ықпалын басу немесе мүмкiн болатын ең төмeнгi деңгейiне түcipy жөнiндегi iс-қимылдар;

құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;

құтқарушылардың мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген құтқарушылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы.

1.3 Қазақстан Республикасының

«Азаматтық қорғаныс туралы» заңы

7 мамыр 1997 жыл

Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылуы мен жұмыс icтeyiнің ұйымдық негiздерiн, Қазақстaн Республикасы орталық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, ұйымдарының азаматтық, қорғаныс саласындағы өкiлеттiгiн, азаматтардың, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлeйдi.

Heгізгi ұғымдар:

азаматтық қорғaныс - басқару органдарының мемлекeттiк жүйесi мен бейбiт және coғыc уақытында ел халқын, шаруашылық жүргiзyшi объектiлерi мен ayмaғын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) фaктoрларының әcepiнeн, табиғи және тexнoгeндiк сипаттaғы төтенше жaғдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жaлпы мемлекeттiк шарaлардың жиынтығы;

баршаңыздың назарыңызға дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлeтiн бiрыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын iскe қосып қоюға, берiлiп жатқан ақпаратты мұқият тындап, ic-әрекет тәртiбi мен жүрiс-тұрыс ережелерi жөнiндегi талаптapды орындауға мiндeттi;

шаруашылық жүргiзy объектiлерi - өнеркәciп, ауыл шаруашылық өндiрiсiнің және қоғaм қызметiнің басқа да салаларының мүдделерi үшiн пайдаланылатын үйлер, ғимapaттap және басқа да құрылыстар.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.