Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 12 страница



Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының (авариялардың) салдарынан дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ-бен зақымдану аймағында іс-әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу (төгілу) салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.

Салдарды болжау үшін қажетті ақпарат келтірілген ҚӘУЗ тізбесінде бірнеше атау келтіріледі. Олар акрилонитрил, амил, аммиак, азот қышқылы, гептил, гидразин, диоксин, дихлорэтан, көміртегі тотығы, этилен тотығы, күкірттің қос тотығы, күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, фосген, фторлы сутегі, хлор, хлорпикрин, цианды сутегі.

 

3. Қатты әсер ететін улы заттар.

ҚӘУЗ – бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық (авариялар) жағдайында атомосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдануға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия (мұнайхимиясы) мұнай өңдеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объектілерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.

Бұл заттар өздерінің қасиеттері бойынша әртүрлі болып келеді. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға бөлуге болады:

а) тұншықтырғыштық әсері басым заттар;

б) жалпы улылық әсері басым заттар;

в) тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;

г) өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар (нейротропты улар);

д) тұншықтырғыштық және нейротроптық әсері бар заттар;

е) метаболдық улар;

ж) заттардың алмасуын бұзатын заттар.

Тұншықтырғыштық әсері басым заттарғаулы қосылыстар (хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар) жатады, олар үшін организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады. Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді: затпен байланыс кезеңі, жасырын кезең, өкпенің уланудан қабыну кезеңі және асқыну кезеңі. Әр кезеңнің созымдылығы ҚӘУЗ-дің улылық ерекшелегімен және экспозициялық дозаның көлемінің анықталады. Көбірек жинақталған бір қатар заттардың буының әсері кезінде терінің ашық жерлерінің, кілегейлі жоғары тыныс алу жолдары мен өкпенің химиялық күйігінен туындаған тосын жағдайдан адам қаза болуы мүмкін.

Жалпы улылық әсері басым заттарғаэнергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар (көміртегі тотығы, цианды сутегі және басқалар) жатады.

Тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттарғаингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіңу кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ-дің едәуір бөлігі жатады (амил, акрилонитрил, азот қышқылы мен азот тотығы, күкірттің қос тотығы, фторлы сутегі және басқалар) жатады. Осы топтың көптеген қосылыстарының күшті күйдіргіштік әсері бар, бұл өз кезегінде алғашқы көмекті көрсетуді қиындатады.

Нейтропты уларғажүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұйыстыру күйін бұзатын заттар (тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар және басқалар) жатады, осындай әрекеттің негізінде олардың синтез, сақтау, шығару, нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төмендету процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпалдасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өзгерту қабілеті жатыр.

Тұншықтырғыштық және нейтроптық әсері бар заттарғаингаляциялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосылыстар (аммиак, гептил, гидразин және басқалар) жатады, соның салдарынан жүйке жүйесі қатты зақымданады.

Метаболдық уларғаорганизмдегі заттардың метаболизмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар (этилен тотығы, дихлорэтан, және басқалар) жатады. Бұлармен улануға қатты қарсылықтың жоқтығымен сипатталады организм, әдеттегідей, біртіндеп дамиды және ауыр жағдайда бірнеше күннің бойында өліммен аяқталады.

Осы заттармен зақымданудың патологиялық процесіне көптеген органдар мен организмдер жүйесі, бірнеше кезекте орталық жүйке жүйесі, үлпершікті ағзалар, ал кейде қан жүйесі тартылады.

Заттардың алмасуын бұзатын заттарғагалогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосылыстар (диоксин, полихлорланған бензофурандар және басқалар) жатады. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолы мен тері ұлпалар арқылы әсер ете отыра, өте ұзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті. Бұл жағдайда осы процеске іс жүзінде барлық органдар мен организм жүйелері тартылады. Осы заттардың әсерінің өзіндік ерекшеліктері заттың алмасуын бұзу болып табылады, бұл ақыр аяғында тіпті өлімге ұшыратуы мүмкін.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Радионуклидтермен ауылшаруашылық өсімдіктерін, азық-түлік пен суды ластану процесін қарастыру?

2. Жартылай тазару мерзімі терминіне анықтама беру?

3. Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттардың негізгі түрлерін қарастыру?

4. Қатты әсер ететін улы заттарды қандай топтарға бөлуге болады?

5. Заттардың алмасуын бұзатын заттарға не жатады?

 

Тест сұрақтары:

1. Тұншықтырғыш әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?

А) Хлор, фосген, хлорпикрин

В) аммиак, хлор

С) фосфорорганикалық қосылыстар

Д) тераэтилтотығы, күкірт

Е) көміртегі, тетраэтил

2. Нейтроптар уларға, яғни жүйке жүйесінің күйін бұзатын заттар:

А) тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар

В) қорғасын, күкірт, көміртегі

С) аммиак, күкірт, көміртегі

Д) күкіртті аммиак, диэтилен, күкірт

Е) органикалық және биохимиялық қосылыстар

3. Метаболдық уларға яғни организмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар –

А) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.

В) аммиак, хлор және т.б.

С) көміртотығы, аммиак және т.б.

Д) күкірт, көміртегі және т.б.

Е) мыс, қорғасын

4. Заттардың алмасуын бұзатын заттар:

А) диоксин, полихлорланған бензофуран

В) тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар

С) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.

Д) органикалық және биохимиялық қосылыстар

Е) күкіртті аммиак, диэтилен, күкірт

5. Иприт және люизит улағыш заттардың қай тобына жатады?

А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ

В) тұншықтырып әсер ететін УЗ

С) теріні күйдіріп әсер ететін УЗ

Д) жалпы уландырып әсер етуші УЗ

Е) қоздырғыш УЗ

6. Өте күшті әсер ететін улағыш заттар?

А) дефолианттар, десиканттар

В) фосген, дифосген

С) саңырауқұлақтар, риккетсиялар

Д) хлор, аммиак

Е) гербициттер, арборицидтер

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

 

[gl] №7 ДӘРІС. Тақырып:Радиоактивті улағыштармен, қатты әсер ететін улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.[:]

Дәрістің мақсаты:Организмнің әртүрлі УЗ топтарымен зақымданған кездегі медициналық көмек көрсетуді және ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібін қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.

2. Қатты әсер ететін улы заттардың организмді зақымдауы. Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек. Жеке химиядан қорғайтын пакеттің (ИПП-8-10) мақсаты мен құрылысы.

3. Улағыш заттардың жіктелісі.

4. Организмнің әртүрлі УЗ топтарымен зақымдану белгілері.

 

1. Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.

Халықты радиациядан қорғау – радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтың ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлік бақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.

Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуы тиіс.

Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі.

Жеке дәрі-дәрмек қобдишасыөз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға орналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады.

АИ-2 пластмасса қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдардың жиыны. Көлемі – 90х100х20 мм, массасы - 13кг.

1. Сурет. АИ-2 жеке қобдишасы.

 

Қобдиша ұяларында мынадай медициналық құралдар орналасқан:

- 1 ұя – резервтік, ауруды басатын дәрмектері бар шприц-түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алған және дене күйген кезде пайдаланылады;

- 2 ұя - қызыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткалары). Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды.

- 3 ұя – үлкен ақ пеналды 12 бақтерияға қарсы дәрі-дәрмек, таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде жеті таблеткадан қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан.

- 4 ұя – алқызыл түсті екі пеналда ІІ радиациядан қорғау дәрмегі, барлығы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғаннан – 60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден 6 таблетка қабылдайды. Ал екінші рет 6 таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі.

- 5 ұя – екі ақ пеналда кеңінен қолданылатын антиобиотик 11 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды. Алғашқыда 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан.

- 6 ұя – ақ түсті пеналда 11 радиациядан қорғау дәрмегі. Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды. 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка.

- 7 ұя – көк түсті пеналда құсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия алғанда сәулеленің бастапқы әсері кезінде бір таблеткадан қабылдайды.

Радиация ұшырау қаупіне байланысты жергілікті жерде радиацияның жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық көмекті көрсетуге болмайды. Бұл жағдайда өз-өзіне және өз ара көмек көрсетудің, зақымданған аумақтағы өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.

8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін №1 радиациядан қорғау құралын қоспағанда АИ-2-дегі медициналық құралдарды бір рет қабылдауға, ересектерге 1/4, ал 8-15 жастағы балаларға 1/2 дозасын береді.

Радиациялық зақымдану қаупін алу қаупіне байланысты жергілікті жердегі радиация деңгейінің жоғарылығына орай халыққа медициналық көмек көрсетуге болмайды. Бұл жағдайда зардап шегуші халықтың өз-өзіне және өзара көмек көрсетуінің, зақымданған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.

Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды.

Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші кезекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымданған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бұдан кейін зақымдаушыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы немесе жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс.

Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқылы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін зақымданушыға адсорбент береді (25-30 г. Активтелген көмір, күкірт қышқылды барий – 50 г.) береді; адсорбент радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мұның қанға өтуіне кедергі келтіреді. 15-20 минуттан соң 2-3 л су беріп, асқазанды шаяды және құстырады. Бұдан кейін адсорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштандырушы дәрі-дәрмек беру қажет.

Ядролық зақымдану ошағынан (радиоактивті зақымдану ошағынан) шыққаннан кейін ішінара дезактивация мен санитарлық тазалауды мүмкіндігінше жылдам жүргізу керек: дезактивация кезінде-киімнен, аяқ киімнен, жеке қорғаныс құралдарынан Р3 түседі. Санитарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мен көздің кілегейлі қабығын, ауыз бен мұрынды жабады.

 

2. Қатты әсер ететін улы заттардың организмді зақымдауы. Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек. Жеке химиядан қорғайтын пакеттің (ИПП-8-10) мақсаты мен құрылысы.

Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін құрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады.

УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, тұман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.

УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.

Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мен санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй - күйіне байланысты.

Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Адамның денесі мен киіміне, жеке қорғау құралына, приборға, аспапқа түскен улы сұйық зат тамшыларын залалсыздандыруға арналған. Ол жалпақ шыны ыдысынан (газсыздандырылатын ерітіндімен толтырылған, сыйымдылығы – 125-135 мл) және төрт мақталы дәкі тампонынан тұрады.

Әуелі пакетті ашып, ыдысты алады. Бұдан кейін оның тығының алып, тампонның бірін жақсылап шаяды. Содан соң терінің күдікті ашық жерлерін мұқият сүртеді де қайтадан шаяды. Және жаға мен жеңнің үшін сүртеді. Оны жаққан уақытта теріні тыз еткізіп күйдіруі мүмкін.

Пакеттегі сұйық улы және көз үшін қауіпті. Сондықтан көздің айналасындағы теріні құрғақ шүберекпен сүртіп, таза сумен немесе ас содасының 2%-тік ерітіндісімен шаяды.

2. Сурет. Химияға қарсы жеке пакет.

 

Қатты әсер ететін улы заттардың (ҚӘУЗ) организмді зақымдау.

ҚӘУЗ адам организміне тыныс алу жолдары, қорғалмаған тері, көз ұлпасы, сондай-ақ зақымдалған сумен немесе тамақпен ауыз арқылы өтеді.

ҚӘУЗ қауіптілік деңгейі – хайуанаттар үшін улылық әсері бойынша 4 сыныпқа бөлінеді:

- төтенше қауіпті;

- аса қауіпті;

- орташа қауіпті;

- қауіпі аз.

ҚӘУЗ –бен зақымданушыларға медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі шараларға мыналар жатады:

- зақымдану ошағында химиядан қорғау шараларын жүргізу;

-зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті өте қысқа мерзімде көрсету;

- зақымданушыларды зақымдану аймағынан көшіруді ұйымдастыру.

 

3. Улағыш заттардың жіктелісі.

Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

- жүйкені жансыздандыратын УЗ – фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы – зарин, зоман, V – газдар;

- жалпы улағыш әсері бар УЗ – көгілдір қышқылы, хлорициан;

- терінің құрысуына әсер ететін УЗ – иприт, люизит;

- тұншықтырғыштық әсердегі УЗ – фосген, дифосген;

- көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ-хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит CS (си - эс);

- психохимиялық әсер ететін УЗ – ДЛК және BZ (би – зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;

Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V- газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).

УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:

- өлімге ұшырататын – (зарин, зоман, V – газдар, көгілдір қышқылы, иприт, люизит, фосген);

- уақытша есті тандыратын – ДЛК, BZ;

- тітіркендіретін – хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит CS.

УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V – газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).

4. Организмнің әртүрлі УЗ топтарымен зақымдану белгілері.

Жүйкені жансыздандыратын УЗ. Бұл топқа улылығы жоғары фосфор органикалық заттар (ФОЗ) – зарин, заман, V- газдар жатады. ФОЗ организмге тыныс алу органдыры, жара, тері, кілегейлі қабық, асқазан-ішек жолдары арқылы өтеді. Тері ұлпалары мен кілегейлі қабық арқылы ФОЗ тамшылы-сұйық, аэрозоль және бу тәріздес күйде әсер етеді.




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.