Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 16 страница



Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуге тиіс. Демек, бұл ірі елді мекендер мен аса маңызды объектілерде халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуға тиіс екендігін көрсетеді.

Бейбіт уақыттағы ТЖ жағдайындағы міндеттерді шешу кезіндегі өткізілген шаралардың сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас ҚР әртүрлі аймақтары үшін тән зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал аварияларға байланысты.

Осылайша, сейсмоқауіпті аудандар үшін халықты қорғаудың негізгі міндетті апатты жер сілкінісі кезінде халық құрбандағы мен экономикалық залалды азайту бойынша өткізілетін шаралар болып табылады.

Ықтимал су басу, тасқын аймағында орналасқан өңір үшін бұл міндет, ең алдымен, зілзаланы ескертуге байланысты.

Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ықтимал авария қауіпі кезінде халықты қорғау міндеті аварияны болдырмау және ол пайда болған сәттегі залалды азайтуға байланысты.

3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас (инженерлік шаралар, көшіру шаралары, радиация мен химиядан қорғау шаралары, медициналық шаралар, өрттен қорғау шаралары).

Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.

Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысының барынша сәйкес келетіндігіне басымдық бере отыра халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әр түрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап іске асыру қажет.

Осы шаралардың мәнін қысқаша қарастырайық.

а) Инженерлік шаралар

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру, жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады.

Сондықтан АҚ-ты дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған қалалар мен маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және қалған қалалар мен селолық жерлерде радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылады.

б) Көшіру шаралары

Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді.

в) Радиация мен химиядан қорғау шаралары

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады ол мыналарды қамтиды:

- халық пен АҚ құрамаларын құруды;

- қорғаныс, панаханалардағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен қамтамасыз етуді;

- радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21) қамтамасыз етуді;

- химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1) жабдықтауды;

- дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24) қамсыздандыруды;

- осы құралдарды әзірлікте ұстауды;

- радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды;

- халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды;

- азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің зақымдануына жол бермеу және оларды залалсыздандыруды;

- радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеуді;

- жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалануды.

- радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жоюды.

г) Медициналық шаралар

Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар, халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Ол мыналарды қамтиды:

- санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді;

- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;

- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды;

- объектілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды;

- санитаралық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді;

д) Өрттен қорғау шаралары

Бұл – халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені.

Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:

- ықтимал өрт ахуалын болжауды;

- қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізуді;

- өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын;

- өрт ахуалын бағалау мен оны бақылауды;

- өрт ошақтарын, сондай-ақ қала құрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалауды;

- өрттің алдын алуды, сөндіруді.

Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

4. ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.

АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР қарулы Күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар.

Республика басқару органдарында әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР қарулы Күштерімен тығыз байланыс бойынша негізгі мәселелер еңгізілген:

- даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі;

- коменданттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу;

- гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;

- зақымдау ошақтарында және зілзала, ірі авария мен апат кезінде барлауды ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. АҚ мүддесі үшін, барлау жүргізу үшін әскери басшылық ұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін;

- радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу;

- көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөніндегі шаралар;

- санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;

- халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану.

Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.

 

3. Халықты қорғаудың негізгі әдістері.

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда, халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің рөлі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

- қорғаныс ғимараттарына жасыру;

- халықты таратып және көшіру қоныстандыру;

- жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

- дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

- азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

- радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

- өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

- адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру– халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуалдын ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және көшіру категорияланған қалалардың халқың, яғни жау шабуы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы бекіткен «Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты қорғау республика Азаматтық қорғаныстының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар – ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру – бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері қандай?

2. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері?

3. Қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу кезінде қандай шараларды қамтуы керек?

4. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтау?

5. Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас?

6. Инженерлік шаралар ол қандай шаралар?

7. Көшірушаралары қандай?

8. Радиация мен химиядан қорғау шаралары қандай шараларды қамту керек?

9. Медициналық шаралар дегеніміз не?

10. Өрттен қорғау шаралары?

11. ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын қалай жоспарлайды және өткізеді?

12. Халықты қорғаудың негізгі әдістері қандай?

Тест сұрақтары:

1. Инженерлік шаралар?

А) халықты қорғаныс ғимаратына жасыру, жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады

В) көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге, сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді

С) халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады

Д) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынанқорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттардан және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі

Е) қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені

2. Көшіру шаралары?

А) көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге, сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді

В) халықты қорғаныс ғимаратына жасыру, жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады

С) халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады

Д) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынанқорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттардан және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі

Е) қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені

3. жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, судың және азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін қандай прибор қолданылады?

А) «Мастер-1», «Сосна», «Белла»

В) «ИД-1»

С) «ДП-22В»

Д) «ДП-24»

Е) «АГП-1»

4. Радиациялық барлау приборлары?

А) ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21

В) ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ

С)ДП-22В, ДП-24

Д) ВПХР, ДП-22В

Е) ҚӘУЗ, ППХР

5. Химиялық барлау приборлары?

А) ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ

В) ВПХР, ДП-22В

С) ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21

Д) ДП-22В, ДП-24

Е) ДП-5В, ДП-24

 

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002. [kgl]

[gl] №3 САБАҚ. Тақырып:Халықты қорғау. ТЖ зақымдаушы факторларынан қорғау. Халықты қорғау әдістері (радияциялық зақым). Қорғаныс құрылыстарын, жеке қорғану құралдарын және медициналық құралдарды қолдану. Санитарлық өңдеу. Халықты және заттарды көшіру. Оны ұйымдастыру және жүргізу тәртібі. [:]

Сабақ мақсаты:Халықты қорғау әдістерімен, бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібімен, көшіру және қоныстандыру әдістерімен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.

2. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі.

3. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі.

4. Көшіру және қоныстандыру. Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері.

5. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері.

6. Көшіру шараларын жоспарлау.

7. Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі.

8. Көшіру шараларын жүргізу.

9. Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру.

 

1. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі – бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардың (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдауынан қорғана алады.

Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі өткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекендерде адамдарды паналатуға арналған қорғаныс ғимараттарының әр түрлі үлгілерін жасау болып табылады.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылуға тиіс.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

Қорғаныс ғимараттары желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолдан бар материалдар және дайын тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып бөлінеді.

Панаханалар. Панаханалар жан - жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың кауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.

Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс.




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.