Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 10 страница



Бактериологияға қарсы қорғаудың негiзгi мақсаты - қарсылас бактериалық заттарды қолданған жағдайда, жұқпа ауруларының болатынын алдын ала айту немесе халықтың арасында жұқпа аурулардың таралуын барынша тоқтату болып табылады. Бактериологиялық қарудың әcepiнeн халықты қорғау үшiн, ceнiмдi құралдар бар. Бұл ұжымдық қорғаныс орындары - бактериалық тозаңдардан ceнiмдi түрде қорғайтын панаханалар.

Тыныс алу, тамақ қорыту органдарын, сiлемейлi қабықты және тepiнi корғауға газқағарлар, респираторлар, шаңға қарсы мата бет пердесi, мақта-дәке таңғышы, арнайы бейiмделген киiм мен жамылғы қызмет етедi.

Аурулардың алдын алу үшiн АИ-2 жеке медицина қобдишасындағы медициналық қорғану заттарын тиесiлi түрде қолданудың үлкен мағынасы бар.

Адамдарды жұқпа ауруларды жұқтырудан қорғаудың шараларына эпидемияға қарсы шараларды қатаң түрде орындау жатады, олар мыналар: санитарлық-гигиеналық ережелердi сақтау; антибиотиктармен егу және шұғыл сақтандыру; ауруларды анықтау және оларды оқшаулау; тағам өнiмдерi мен суды қорғау; аумақ пен үй-жайларды залалсыздандыру.

Тұрғындар арасында жаппай жұқпалы аурулар пайда болғанда және аса қауiптi аурулар (оба, шешек, тырысқақ) пайда болғанда карантин режимi еңгiзiледi.

Карантин режимi айналадағы тұрғындардан зақымдалған ошақты толық оқшаулауды қарастырады; оның мақсаты жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату. Карантин аймағының iшкi шекарасында қаруландырылған күзет қойылады, коменданттық қызмет және патрульдеу ұйымдастырылады, қозғалысты реттеу еңгiзiледi. Бұл аймаққа кipy және бұл аймақтан шығу, сондай-­ақ оның iшiнде epкiн жүруге тиiм салынады. Тeмip жол көлiгiнен басқа көлiктiң барлық түpiнe бұл аумақпен өтуге болмайды. Карантиндi аймақтық барлық аумағында Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметi тиiстi алдын алу және емдiк шаралар жүргiзедi. Шаруашылық нысандарды iндетке қарсы шараларды қатаң түрде орындайтын ерекше жұмыс режимiне ауыстырады. Жұмыскерлер мен қызметкерлер қазармалық жағдайға ауыстырылып, цех және бөлiм бойынша ұсақ топтарға бөлiнедi.

Карантин аймағындағы тұрғындарды топтарға бөледi, адамдарға өз пәтерлерi мен аулаларынан шығyға рұхсат етiлмейдi, ал тағам өнiмдерiн суды және бiрiншi қажеттегi заттарды пәтерлерге (аулаларға) жеткiзедi. Жұмыскерлер мен қызметкерлердiң тамақтануы мен демалысы цех және бөлiм бойынша арнайы бөлiнген үй-жайларда ұйымдастырылады. Оқу орындарында сабақта, мәдени - ағартушы мекемелердегi және сауда кәсiпорындарындағы жұмыс тоқтатылады. Қоғамдық көлiктi пайдалану шектеледi.

Үй жайлардан зақымдалған ошақ aумағынa шығатын барлық азаматтар жеке қорғаныс заттарын пайдаланулары керек.

Зақымдалу ошағында барлық тұрғындарды шұғыл алдын ала емдеу жүргiзiледi. АИ-2 медициналық қобдишасы бар тұрғындар ондaғы дәрi-дәрмектердi қолдана отырып, алдын алуды өз бетiнше жүргiзедi.

Карантин аймағында үзiлiссiз бактериологиялық барлау жүргiзiледi. Залалсыздандыру дезинсекция және дератизация қоса жүргiзiледi, сондай-ақ ауырғандарды белсендi түрде анықтау, оларды оқшаулау мен емдеу жүргiзiледi, ayыpғaн адамдармен қарым-қатынаста болғандарды анықтап, оларды да оқшаулайды.

Залалсыздандырудың мақсаты адамдардың қалыпты қызмет атқаруына және қауiпсiздiкте болуына кepeктi қоршаған ортаның обьектiлерiн залалсыздандыруға қол жеткiзу. Залалсыздандыру үшiн хлорлы әк пен хлороминнiң, лизолдың, формалиннiң және т.б. ертiндiлерi қолданылады.

Дизенсекция мен дератизация - бұл шыбын-шiркейлер мен кемiргіштердi жою. Шыбын-шiркейлердi жою үшiн механикалық, физикалық, химиялық және аралас әдiстер пайдаланылады, кемiргiштердi жою үшiн механикалық құрал-жабдықтар мегихимиялық дәрi – дәрмектер қолданылады.

Карантин аймaғының жaнындағы ayмaқтapдa және қатаң түрдегі карантиндi режимнiң сақталуы қажет болмағанда абсервация режимi енгiзiледi. Абсервация режимiн енгiзгенде зақымданған ошақты медициналық қадағалау және кepeкті емдеу профилактикалау шаралары жүргiзiледi. Абсервация кезiнде зақымдалған аймақтан тұрғындардың шығyы шектеледi және алдын ала егу мен толық санитарлық өңдеуден мiндеттi түрде өткеннен кейiн ғaнa жiберiледi.

Бактериологиялық зақымданудың ошағында тұpaтын халық өзiн-өзi ұстау ережесiн қатаң түрде сақтап, медициналық қызметкерлер мен әкiмшiлiктiң нұсқауларын орындауы керек. Аурудың алдын алатын және жұқпалы аурулар ошағын тез арада жоюға көмeктeceтін профилактикалық егулер мен дәрiлердi қабылдаудан қашпаған жөн.

Отбасы мүшелерiнiң қайсы бiрiнде аурудың алғашқы белгісi пайда болғанда бұл туралы жақын apaдaғы медициналық мекемеге хабарлап, ауруды оқшаулау керек. Оны aypyxaнaғa жатқызғаннан кейiн пәтердi, ыдыстарды, киiмдердi, төсек әбзелдерiн залалсыздандырып, аурумен қарым-қатынаста болған барлық адамдар санитарлық өңдеуден өту керек.

Бактериологиялық зақымдалу ошағында болып қалсаңыз, қоршағандармен қарым-қатынасқа түспеңiз. Балаларды үй­-жайлардан шығаруға болмайды. Тұрғын үй жайларда залалсыздандырғыш ерiтiндiлердi пайдалана отырып, күнделiктi тазалау жұмыстарын жүргiзу керек, қоғамдық және жеке бастың тазалығын сақтау керек.

Ауыз су мен тамақ дайындауға арналған суды, сонадай-ақ санитарлық-гигиеналық мақсатқа арналған суды тек тексерiлген су көздерiнен алдын ала оны қайнатып, пайдаланған жөн. Тағам өнiмдерiн аузы тығыз жабылған ыдыста сақтап, тек ғана оны қайнатқаннан кейiн немесе қуырғаннан кейiн, ал нанды отқа қақтаған соң, немесе духовкада, пеште қыздырған соң пайдаланған дұрыс.

Жұқпалы ауруларды тарататын: тышқандарды, егеуқұйрықтарды, шыбындарды, бүргелердi, кенелердi, масаларды жою керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Ядролық қару түсінігі және оның қуатын немен өлшенеді?

2. Ядролық жарылыстың талқандау факторына жататындар?

3. Химиялық зақымдану ошағы дегеніміз не?

4. Химиялық қауіпті объектілердегі авариялардың болуына қандай факторлар әсер етеді?

5. Соққы толқынының алып келетін зардаптары қандай?

6. Соққы толқынының зақымдану ошағы қандай аймаққа бөлінеді?

7. Жарық сәулесі түсінігі және ол неден пайда болады?

8. Жарық сәуле шығарудың өлшем бірлігі?

9. ²Радиация² ұғымына түсініктеме беру және радиациядан қорғау шараларын анықтау?

10. Адам сәулеленудің қандай екі түріне ұшырайды?

11. Радиациялық аудандарда тұратын адамдардың радиациядан алатын жылдық дозасы?

12. Иондаушы сәулеленудiң негiзгi түрлеріне сипаттама беру?

13. ²Нейтрондық сәулелену² ұғымына анықтама беру?

14. Сәулелену дозасының түрлері және оларға сипаттама беру?

15. Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары қандай?

16. ²Радиациялық авария² түсінігі?

17. Химиялық қару немесе улау заттардың жіктелуі қандай белгілерімен анықталады?

18. Психикаға әсер ететін улы заттар?

19. ²Биологиялық қару² түсінігі?

 

Тест сұрақтары:

1.Химиялық зақымдану –

А) қатты әсер ететін улы заттардың зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң

В) жарылыс болған жер

С) ядролық жарылыс болған жерден тыс аймақ

Д) қатты әсер ететін улы заттардың төгілген жері

Е) жарылыстың қайталама факторлары

2. Электромагниттік импульс:

А) элементті бөлшектер ағынына және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену

В) ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны

С) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсерінің нәтижесінде пайда болған электрі және магнитті сәулелер

Д) ядролық жарылыс бұлттарына радиоактивті заттардың түсу ағымы

Е) ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер ағыны

3. Соққы толқыны:

А) жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері

В) Ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болатын толқын

С) гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы

Д) жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуы

Е) жарылыс кезінде радиоактивті заттардың жерге түсуі

4. Жердің радиоактивті ластануы –

А) ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады

В) химиялық заттардың төгілуі нәтижесінде болатын жағдай

С) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы

Д) соққы толқынының негізгі зақымдағыш әсер факторы

Е) организмге берілген энергия мөлшері

5. Өткіш радиация деп –

А) ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтондар ағыны

В) ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсу ағыны

С) ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны

Д) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы

Е) иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болатын электрлі және магнитті сәулелер

6. Жарылу арқылы әсер ететін ядролық ыдырау кезінде бөлінетін энергияны пайдалануға негізделген қару?

А) биологиялық

В) ядролық

С) химиялық

Д) әдеттегідей

Е) қатты әсер етуші УЗ

7. Бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар қандай қарудың негізін құрайды?

А) химиялық

В) биологиялық

С) ядролық

Д) қатты әсер ететін УЗ

Е) фитоксиканттар

8. Жарылу арқылы әсер ететін және ядролық ыдырау кезінде бөлінетін энергияны пайдалануға негізделген қару?

А) биологиялық

В) ядролық

С) химиялық

Д) әдеттегідей

Е) қатты әсер етуші УЗ

9. Ядролық қару жарылған кезде бөлініп шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны?

А) электромагниттік импульс

В) жарық сәулесі

С) радиоактивті зақым

Д) өткіш радиация

Е) соққы толқыны

10. Биологиялық зақым ошағында жүргізілетін қатал медициналық және ветеринарлық бақылау?

А) карантин

В) обсервация

С) изоляция

Д) эпидемия

Е) эпизоотия

11. Жас ағызып, тітіркендіре әсер ететін УЗ:

А) фосген, дифосген

В) хлорпикрин, хлорацетофенон

С) иприт, люизит

Д) зарин, зоман, У-газы

Е) В (Би-зет), ДЛК

12. Теріні іріңдетіп әсер ететін УЗ?

А) зарин, зоман

В) көгерткіш қышқыл, хлорциан

С) фосфоген, дифосген

Д) иприт, люизит

Е) адамсит, хлорпикрин

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

[gl] №5 ДӘРІС. Тақырып:Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивті зақымдалуы. [:]

Дәрістің мақсаты:Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік пен жердің радиоактивті зақымдалуы туралы түсінік алу және адамның ағзасына сәуле алудың қаупі,олардан қорғалу әдістерімен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Радиоактивтілік,табиғи радиоактивтілік.

2. Аумақтық радиоактивті ластануы.

3. Адамға сәуле алудың қаупі.

4. Хайуанаттардағы сәулелену ауруы.

7. Радиоактивтілік, табиғи радиоактивтілік.

Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. «Иондық сәулелену» атауы физикалық табиғаты бойынша әр түрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының құрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау жыныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам ұлпасы мен мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.

Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады. Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне ұқсастыру бойынша бұл құбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті. Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды. Осы құбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты. 1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады. Олардің кейбірін – радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратты. Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәуелеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты. Бұдан кейін радий өзінің «сәулеленуші» атауына ие болды.

Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды. Сәулеленудің осы үш түрі грек әріпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды.

Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жұмсайды. Осы сәулелердің ортақ термині ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация.

Иондаушы сәулелену – элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бұл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді.

Радионуклид – атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады.

Радионуклидтің ыдырау өнімдерінен басқа иондаушы радиацияға Жерге ғаламдық кеңістіктен келген ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері жатады (рентген аппараты, элементті бөлшектерді жылдамдатушылар және т.б.). Иондаушы сәулелердің әр түрлі ену қабілеті жоғалған энергияның әр түрлі жылдамдығымен байланысты болып шықты. Альфа бөлшектер заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойын толық иондайды, сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады. Сондықтан альфа бөлшектердің көптеген заттардағы қозғалысы үлкен емес- олар ауада 3-8 см өтеді, металда-10 микрон, ал тіпті тығыз қағаздың парағы бір рет да альфа бөлшекті толығынан ұстайды.

Бета-бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие, ауада олар 2 метрге дейінгі жолдан өтеді, ал олардың металда жұтылуы үшін қалыңдығы бірнеше миллиметр қабат жеткілікті.

Гамма-кванттар ауада жұтылмайды, ал олардың ағынының әлсіреуі гамма-квант пен жұту материалының энергиясына тығыз байланысты. Мысалы, цезий – 137 гамма – сәулеленуін әлсірету үшін қалыңдығы 30 см алюминий немесе қалындығы 8 см қорғасын қабаты мыңдаған есе қажет. Екінші жағынан гамма – кванттар (альфа және бета – бөлшектер сияқты) барлық бағыт бойынша кең мүмкіндікті көздеу ретінде шығады. Сондықтан да олардың жиілігі қашықтық квадратына сәйкес керісінше азаяды, яғни бір метр қашықтықтағы сәулелену жиілігі 10 см қашықтықтағыдан 100 есе аз болады.

Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер жер қыртысында болуы, табиғи суларға түсуі, желдету процестеріне қатысуы мүмкін.

Көп жағдайда тау жыныстарындағы уран су бетіне шығып, оны едәуір қашықтыққа айдайды. Барлық табиғи суларда уранның қандай да бір мөлшері кездеседі. Егер судың жолында уранды жақсы бөлетін геологиялық процестредің үлкен созымдылығын ескергенде (ондаған және жүздеген мың жылдар) бұл орындардағы уранның жинақталуы айтарлықтай көлемге жетуі мүмкін.

Уранның қайта жинақталуы туралы ғана бірнеше мысал келтіруге болады. Қазылған көне хайуанаттар сүйектері қатты байытылған – проценттің он үлесіне дейін. Кейбір көмір өндіретін орындарында уран проценттің жүздеген үлесі деңгейіне дейін жинақталған учаскелерге түседі. Алайда уранның өзі организмге өнгеннің өзінде үлкен радиациялық қауіп төндірмейді, өйткені оның үлестік белсенділігі (яғни, белсенділігі бір граммға есептелген) көп емес, ол организмнен тез ығыстырылады және көп мөлшерде енген жағдайда (бір грамм шамасы) радиоактивтілікке байланысты химиялық улану басталуы мүмкін.

Ураннан ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары. Олардың арасында радон бірінші орын алады.

Радон – дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдің ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сырқы ауадағы жинақталуы көлемнің әр түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі құрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. Құрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал құрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөбелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.

Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.

Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.

Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.

Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т.

Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда (термос, бидон, графин, банкі) сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.

Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек.Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа көкөністерді жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.