Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 4 страница



 

1.4 Қазақстан Респу6ликасының «Өрт қаyiпсiздiгi туралы» заңы

22 қараша 1996 жыл

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Осы Заң мемлекеттiк органдардың меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Респу6ликасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.

Heгiзгi ұғымдар:

өрт қаyiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттeн қорғалу жай-күйi;

өрт - адамдардың өміpі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;

мемлекеттiк өрт қадағалау - өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк қадағалау қызметiнiң арнаулы түpi;

өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен құрылған басқару органдарының, күштер мен құралдардың, соның iшiнде өpттiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастырyға, олармен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық - құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған өртке қарсы құрылымдарының жиынтығы;

өрттi cөндipyгe байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстары - өртке қарсы қызметтiң адамдарды, мүлiктi, меншiктi құтқару мен басқа жерге көшiру, өрт кезiнде зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi алғашқы көмек көрсету жөнiндегi жауынгерлiк ic-әрекеттерi.

 

1.5 Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық

қаyiпсiздiгi туралы» заңы

23 cәyip 1998 жыл

Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәуле соққысына ұрынудың зиянды әcepiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Негiзгi ұғымдар:

радиациялық қауiпсiздiк - белгiленген нормаларға сәйкес қызмeтшiлерге, халыққа және қоршағaн opтaғa радиациялық әcepдi шектейтiн iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлгeн радиациялық жaғдайдың жай-күйi;

иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi бeлгiлердегi иондар түзeтiн, зарядтaлған, зарядтaлмaған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;

табиғи радиациялық ұя - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнгeн табиғи радионyклидтердiң сәулесi шығaратын сәулелендiру мөлшерi;

тexнoгeндiк өзгeртiлгeн радиациялық орта - адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта;

рaдиaциялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қаyiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың белгiленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршaғaн ортаның радиоaктивтi ластануына әкеп соғyы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоaктивтi өнімдердiң және (немесе иондаушы сәулелендiрyдің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кeтyi);

радиациялық қоpғаныш - радиациялық қауiпсiздiкке бaғыттaлғaн техникалық және ұйымдық, радияциялы-гигиеналық шаралардың жaғдайы.

 

1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы

8 ақпан 2003 жыл

Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Реепубликасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзімдерiн, тәртiбiн белгiлейдi.

Негiзгi ұғымдap

төтенше жағдайда еңгiзiлетiн жерлердiң шекаралары- ­Қазақстан Републикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк­-аумақтық бiрлестiктерiнiң ayмaғы;

жергiлiктi жердiң комендатурасы – төтенше жағдай еңгiзiлген жерлерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;

жергiлiктi жердiң комендаты - Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай еңгiзiлген жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз eтeтiн күштер мен құралдарды бiрыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;

коменданттық сaғaт - арнайы берiлген рұқсат қағаздарынсыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде не үйлерiнeн тысқары жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi;

төтенше жағдай - азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қopғay мүдделерінде ғaнa қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметiне, азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.

 

1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы

3 cәyip 2002 жыл

Осы Заң қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi және қауiптi өндiрiстiк объектiлердi авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың, әзiрлiгiн, келтiрiлген залалдарын кепiлдiкпен өтеудi қамтамасыз етуге бағытталған.

Негiзгi ұғымдap

қayiптi өндipicтiк объектiдегi авария - адамдардың қаза табуына олардың денсаулығына, қоршaған орта мен шаруашылық жүргiзyшi объектiлерге зиян тигiзуге, едәуiр материалдық шығындарға және халықтың тiршілік жағдайларының бұзылуына әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, құрал жабдықтардың және ғимараттардың зақымдануы;

өнepкәciптiк қаyiпсiздiктi қамтамасыз ету – авариялардың алдын алуға, қayiптi өндiрiстiк объектілерде авариялар туындаған кезде және оларды жою жағдайында ұйымдасқан ic- қимылға әзiр болуды қамтамасыз етуге бaғыттaлғaн ұйымдық -техникалық экономикалық және құқықтық сипаттaғы шаралар жүйесiн әзiрлеу мен жүзеге асыру;

өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi - қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық ақтілер;

қаyiптi өндipicтік объектiлердi өнеркәсiптiк қаyiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi авариялардан және аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай - күйi;

өнepкәciптiк қаyiпсiздiк талаптары - Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңдармен белгiленген, сақталуы өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз eтетiн нормалар;

өнеркәсiптiк қаyiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк opгaн - берiлгeн өкiлеттiгi шегiнде өнеркәсiптiк қаyiпсiздiк саласындaғы саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы.

 

1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы

5 наурыз 2003 жыл

Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республuкасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да азаматтар), сондай-ақ, мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңіндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.

Осы Заң қолданылуы соғыс жағдайы кезеңімен шектеледi.

Негiзгi ұғымдар:

агрессия - шет мемлекеттiң (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығынa немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы;

аннексия - Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бiр бөлiгiн шет мемлекеттiң күштеп қосып алуы, басып алуы;

әскери цензура - хабарлар мен материалдардың не олардың жекелеген бөлiктерiнiң таралуына шектеу қою немесе тыйым салу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлар мен материалдарды әскери басқару органдарымен, лауазымды адамдармен олардың талабы бойынша немесе өзге де негiздер бойынша алдын ала келiсуi, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтердiң жариялануы мен әйгiленуiне жол бермеу мақсатында хат-хабар алмасуға, телефон және радио арқылы сөйлесулерге бақылауды жүзеге асыру;

соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Прөзидентi Республиканың бүкiл ayмaғындa немесе оның жекелеген жерлерінде еңгізетін ерекше құқықтық режим;

интернирлеу- агрессия жасаған мемлекеттің соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағында болған азаматтарын ұстау және арнайы бүлiнген қоныстандыру орындарына орналастыру;

комендантық caғaт - соғыс жағдайы кезiнде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету, барлаушылық, диверсиялық және басқа да дұшпандық әрекеттердің жолын кесу мақсатында қолданылу мерзімдері мен уақыты көрсетiле отырып еңгiзiлетiн, халықтың арнайы берiлген рұқсат кағаздар мен жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тәулiктiң белгiленген уақытында тұрғын үйлерден тыс жерлерде болуына және елдi мекендер арасында жүрiп-­тұруына тыйым салынатын шара;

қауiпсiздiкке сырттан тiкелей төнген қaтep - мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қатер және Қазақстан Республикасына қатысты күш колдану қaтepi, сондай-ақ шет мемлекеттердiң арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлаушылық, террористiк, диверсиялық және Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiне залал келтiруге бағытталған өзге де әpeкeттepi;

әскери басқару органдары - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнiң Бас штабы, әскер түрлерiн, тeктepiн басқару органдары және олардың құрлымдық бөлiмшелерi.

 

1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы

13 шiлде 1999 жыл

Осы Заң Қазақстан Рспубликасында терроризмге қарсы күpecтi құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күpecтi жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, мiндеттерi мен кепiлiдіктерiн белгiлейдi.

Негiзгi ұғымдар мен терминдер

терроризм- қоғамдық қаyiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауынa ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерiнiң қызметiн тоқтату немесе осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;

террористiк ic-әрекет - терористiк сипаттағы қылмыстарды жасауға бағыттaлғaн әрекеттер;

халықаралық террористiк ic-әрекет - бiр мемлекеттiң шегiнен шығатын террористiк ic-әрекет;

террориcтiк акт - жарылыс жасап, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру, өзге де ic-әрекеттер жасау, терроризм мақсатында басқада қoғaмғa қаyiптi шығындар келтiрiп, сол мақсатта жасалған ic-әрекеттерi;

террористiк ұйым - террористiк акция жасау үшiн eкi немесе одан да көп тұлғалардан құрылғaн тұрақты бiрлестiк;

террорист- террориcтiк ic-әрекeттi жүзеге асыруға қатысушы aдaм;

терроризмге қарсы операция- азаматтар мен лауазымды адамдардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз ету, террористiк акцияларды тыю, террористердi, жарылғыш қондырғыларды зиянсыздандыру, соңдай-ақ террористiк акциялардың зардаптарын барынша азайту үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн арнаулы шаралар;

арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер - терроризмге қарсы күресу үшiн заңдарға сәйкес құрылған мамандар топтары.

 

4. ТҚ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері.

ТЖ жөнiндегi ҚР Агенттiгi, оның мақсаты, құрамы және құрылымдың аумақтық органдары.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргiзу мемлекеттiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi, онын қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi. ТЖ-ды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңында белгiленген.

ҚР АҚ-на жалпы басшылықты ҚР Премьер Министрi-Азаматтық қорғаныстын бастығы жүргiзедi.

ҚР Азаматтық қорғанысына тiкелей басшылық ТЖ жөнiндегi ҚР Агенттiгiне жүктелген.

ТЖ жөнiндегi ҚР Агенттiгi ҚР Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, сала аралық үйлестiрудi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-ды ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауiпсiздiгi, өнеркәсiп жұмысының қауiпсiз жүргiзiлуi және тау-кендiк бақылау саласында арнайы атқарушы және рұқсат ету мiндеттерiн жүргiзетiн орталық атқарушы орган болып табылады.

Агенттiктiң орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.

Департаменттер тiзбесiн ҚР Үкiметi бекiтедi. Департаменттi, директор басқарады.

қазiргi уақытта Агенттiк құрамына мына департаменттер кiредi:

- Төтенше жағдайларды ескерту департаментi;

- Жедел iс-әрекет департаментi;

- Азаматтық қорғаныс және әскери бөлiмдер департаментi;

- Мемлекеттiк өрттен қорғау департаментi;

- ТЖ техникалық және тау-кендiк бақылау жөнiндегi департамент.

Агенттiктiң аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын (аумақ бойынша бас мемлекеттiк инспекторлар) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң өкiмдерiмен келiсе отыра Агенттiк төрағасы тағайындайды.

Агенттiкте төраға, оның орынбасарлары, департамент директорлары, Агенттiк пен оның ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары құрамындағы алға құрылады. Ғылыми кеңес құрылады.

Агентік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:

- облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда);

- қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары);

- аудандық бөлiмшелер, сондай-ақ Агенттiк ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;

- бiлiктiлiктi көтеретiн Республикалық курстар;

- Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;

- химиялық-радиациялық лабораториялар;

- Республикалық жедел-құтқару отрядтары;

- Ақ әскери бөлiмдерi;

- мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi;

- «Қазселден қорғау» Республикалық кәсiпорны.

ТЖ жөнiндегi ҚР орталық атқарушы органның өкiлеттiгi

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ҚР Агенттiгiнiң:

- Агенттiк құдыретiнiң саласын реттейтiн заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;

- Үкiмет құрамына кiрмейтiн министiрлiктерге, орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнiнде нұсқаулар беруге;

- өз құзыретiнiң шегiнде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргiзу мәселесi бойынша шешiм қабылдауға;

- ҚР үкiметiне ТЖ аймағындағы авария, апат, зiлзала, салдарын жою, қоғамдық тәртiптi сақтау мен объектiлердi қорғауды қамтамасыз ету үшiн құқық қорғау органдарының, қарулы күштердiң әскери бөлiмдерi мен құрамаларын, басқа әскерлер мен құрамалардың күштерi мен құралдарын тарту туралы ұсыныс енгiзуге;

- өз құзыретiнiң шегiнде аттестация жүргiзуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргiзуге, сондай-ақ тиiстi жұмыс түрлерiн жүргiзу үшiн рұқсат беруге;

- объектiлердiң жұмысын доғаруға немесе тоқтатуға, адамдардың өмiрiне қауiп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшiру шараларын жүргiзуге;

- егер объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйi белгiленген нормативтерге сай келмеген жағдайда, ұйымдардың қызметiн толық немесе iшiнара тоқтатуға;

- бүкiл республика аумағында бiрыңғай радио жүйелерi белдеуiн ұстауға;

- ТЖ-ды ескерту және жою жөнiндегi мәселелерi бойынша журналдар, режимдiк анықтамалықтар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқығы бар.

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия - тұрақты жұмыс iстейтiн орган. Комиссияның мақсаты:

- төтенше жағдайдағы ескерту және iс әрекеттер жөнiндегi жүйенi құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

- орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және шаруашылық объектiлерiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдан сақтандыру, болдырмау, ауыртпалығын төмендету және жою жөнiндегi қызметiн үйлестiру және бақылау;

- төтенше жағдай кезiнде құтқару-iздестiру және авариялық құтқару қызметтерiн, құралдарын және халықтың тiршiлiк жүйесiн құру.

«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылу және жұмыс iстеу принципiн, орталық, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкiлеттiгiн және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтады.

Халық пен шаруашылық объектiлерiн қорғау АҚ-тың бiрiншi кезектегi мiндетi және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай кезiндегi залалды азайту мақсатында халықтың iс-әрекеттерi мен шаруашылық объектiлерiн және аумақты өз уақытында дайындаудың тиiмдi әдiстерiн ғылыми түрде анықтау негiзiнде жүргiзiледi.

АҚ-тың негiзгi мiндеттерi:

- басқару, хабарлау және байланыс жүйесiн ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзiрлiкте ұстау;

- АҚ күштерiн құру, оларды даярлау және ТЖ кезiндегi iс-әрекетке тұрақты әзiрлiкте ұстау;

- орталық, жергiлiктi және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерiн даярлау және халықты үйрету;

- радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;

- АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;

- шаруашылық салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмысын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;

- қорғаныс ғимараттарының қажеттi қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-тың өзге бөлiгiн жинау және әзiрлiкте ұстау;

- халықты, орталық, жергiлiктi және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өмiрiне төнген қауiп пен қалыптасқан жағдайдағы iс- әрекет тәртiбi туралы құлақтандыру;

- құтқару-iздестiру және өзге кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiк қамын ұйымдастыру және оларды қауiптi аймақтан алып кету;

- азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикi затын, жемдi, хайуанаттар мен өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.

АҚ-ты ұйымдастыру принциптерi мен тәртiптер.

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

АҚ шараларын орталық, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары, ҚР жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштерi, ҚР азаматтары жүргiзедi.




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.