Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 6 страница



В) облыстарда, аудандарда пайдаланылатын тәртіптер мен іс-әрекет ететін адамдар ұжымы

С) адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасын зерттейтін ұжым

Д) төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған шара

4. Азаматтық Қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері:

А) механикалық

В) инженерлік, техникалық

С) физикалық, химиялық

Д) құтқару, инженерлік, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары

Е) радиациялық, авиациялық

5. ҚР-ның «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?

А) 1996 жыл 17-маусым

В) 1996 жыл 5-шілде

С) 1997 жыл 5-шілде

Д) 1998 жыл 8-қыркүйек

Е) 1996 жыл 5-шілде

 

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

 

[gl] №3 ДӘРІС. Тақырып:Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болу себептері. ТЖ бағалау. Табиғи апаттарды, өндірістік аварияларды және апаттарды талдау. Апаттар теориясы. ҚР ТЖ жою және алдын - алу мемлекеттік жүйесінің құрылымы. АҚ объектілік құрылымдарының ұйымдастырылуы. АҚ соғыс және бейбіт уақыттағы рөлі мен мақсаты. Зақымдалу ошақтары (ядролық, биологиялық, химиялық). [:]

Дәрістің мақсаты:Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды ескеру және одан туындаған салдардан халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан қорғау.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болу себептері.

2. Өндірістік авариялар мен апаттардың сипаттамасы.

3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.

4. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.

 

1. Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болу себептері.

«Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 05.07.97. ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттiк саясат жүргiзуде басым салаларының бiрi екендiгi атап көрсетiледi.

Заңда төтенше жағдайға, зiлзалаға, аварияға, апатқа анықтама берiледi, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың мiндеттемесi, халықтық құқығы мен мiндеттемесi белгiленiп, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi басқару органдарының өкiлеттiгi атап көрсетiлген. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк белгiленген. Заңда төтенше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.

Зiлзала - бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тiршiлiгiнiң қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлiнуiне және жойылуына алып келетiн табиғат құбылысы. Зiлзала салдарынан төтенше жағдай туады.

Көптеген зiлзалалар адамның еркiнен тыс жер сiлкiнiсi, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкiнi, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттерi сияқты табиғат күштерiнiң әсерiнен болады.

Әр бiр зiлзаланың тек өзiне ғана тән пайда болу себебi, қозғаушы күшi дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзiндiк әсерi сияқты физикалық қасиетi бар.

Зiлзаланың бiр-бiрiнен айырықша ерекшелiктерiмен қарамастан ортақ белгiлерi бар. Олар: үлкен кеңiстiктi қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуi.

Авария - технологиялық процесстердiң бұзылуы, механизмнiң, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектiлерiнде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың құлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.

Апат - бұл адамның өзi күтпеген iс-әрекетi, зiлзала немесе әлеуметтiк қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тiршiлiгiнiң бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмiрi мен денсаулығына төнген қауiппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.

Апаттар көлемi мен түрлерi бойынша жiктеледi.

Көлемi бойынша: кiшi, орта және үлкен.

Көлемдi анықтау кезiнде өлшем үшiн екi көрсеткiш алынады: зардап шеккендердiң жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың сан апат салдарының әсерiне ұшыраған аумақ.

Түрлерi бойынша барлық апат екi топқа бөлiнедi:

- табиғи (олар табиғи және стихиялық зiлзала);

-жасанды (антропогендiк, яғни адамдық факторлардан туындайды).

Табиғи:

1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).

2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сiлкiнiсi).

3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкiнi, тастың құлауы, су басу).

4. Космостық (метеориттердiң және басқа космостық денелердiң құлауы, олармен соқтығыс).

Жасанды:

1. Көлiктiк (космостық, авиациялық, автомобильдiк, теңiз, өзен, темiр жол).

2. өндiрiстiк (радиациялық, механикалық, химиялық, термикалық).

3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).

4. Әлеуметтiк (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртiпсiздiк, терроризм, маскүнемдiк, нашақорлық, токсикомания).

Әрбiр апат ошақ құруға алып келедi, бұлар үшiн өзiндiк бүлдiру, зақымдау ерекшелiгi тән, ал әрбiр ошақ - бұл төтенше жағдай.

Төтенше жағдай - апат нәтижесiнде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткiшi бүлдiру процестерiнiң жиiлiгi болып табылады. Бұл процестердi қалыпқа келтiру үшiн қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешiм қабылдауды талап етедi.

Табиғаттағы тосын жағдай.

Табиғаттағы тосын жағдай- бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесiнде және оның өмiрiне, денсаулығы мен мүлiгiне қауiп төнгенде болуы мүмкiн жағдай.

Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсiмдiктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және дененiң суынуы, улы хайуанаттар мен жәндiктердiң шағуы, жұқпалы аурулар.

Экологиялық тосын жағдайларға белгiлi жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейi ерекшелiгi соншалықты аурудың асқынуына, сiресiп қалушылыққа алып келедi.

Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететiн табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлiк қысым деңгейi, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедерi, су көздерi, флора мен фауна, жер магнит өрiсiнiң ауытқуы жатады.

Қорғаныс қызметiн қамтамасыз ететiн табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тiршiлiгiне ықпал ететiн факторлар: киiм, авариялық жабдық, дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу құралдары, әр түрлi мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.

Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық құралдардың болуы) және климаттық - географиялық жағдайлардың ерекшелiгiне байланысты нақты бiр жағдайдың әр түрлi салдары болуы мүмкiн. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманды жерге қонғаннан гөрi едәуiр күрделiлеу болып келедi. Тосындылық деңгейi, әдеттегiдей, тiрi қалу мүмкiндiгiн белгiлейтiн өмiр уақытының факторына ықпал етедi.

Қиын жағдайдағы iс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенiмдiлiктi тудырады. Сенiмдiлiк кез келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез келген адам өзi күтпеген үлкен iс-әрекеттердi жасайды. Тек не iстеу керектiгiн ғана бiлу керек. Қайғылы жәйт әркiмнiң басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тiрi қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тiрi қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтiруге болады. Кәсiби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсендi демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлерi қарыштап дамыды.

Қабiлетсiздiктен бақытсыздыққа дейiн бiр-ақ қадам екендiгi белгiлi. Адамдар жеуге болатын өсiмдiктер мен құстардың арасында аштан өледi. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екi қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсiлiм етедi. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзi ғана екенiң, тамақ пен тұрақ табу және адамдарға оралу керектiгiн ұғуына тиiс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетiледi, бұдан кейiн байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелiнедi, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, iздеу басталады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.

Оның түрлері:

- өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т.с.с);

- көлік жүйесіндегі апаттар;

- түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).

Себептері:Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске еңгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.

Апаттың тағы бір себептері – улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады.

Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.

Апаттың тағы бір өте қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті.

Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен байланысты.

1. Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, объектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді.

2. Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар:

- ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сұйық отынның, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны;

- жарылыстардан жарықшақтардың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі.

Жарылыстардан қирау, объектілердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақаттануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстың нәтижесінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғұрылым жарылыстың қуаты күшті.

 

Адамның табиғаттағы өзiн-өзi ұстауының кейбiр тәртiптерi.

Күн шығыстан шығып, батыста батады. Егер таңертең күнге қарап тұрсаңыз солтүстiк сол қолыңыз жағында, ал оңтүстiк оң қолыңыз жағында болады. Көптеген өсiмдiктер нағыз компас болып табылады. Бақшадағы күнбағар, ормандағы кейбiр гүлдер, тiптi бұлтты күннiң өзiнде бастарын күнге қаратады. Итқонақ пен қына және тебiрткiлер көлеңкенi жақсы көредi. Сондықтан олар негiзiнен өседi. Ағаштардың қабығы әдетте солтүстiк жақтан қаралау және дөрекiлеу. Бұл әсiресе қарағайда, қайыңда, теректе анық байқалады.

Құрғақ, ыстық ауа райында емен мен қарағайдың майы оңтүстiк жақтан көбiрек бөлiнедi.

Құмырсқалар өз тұрағын әдетте ағаштың, оның түбiрi мен бұтағының оң жағынан салады. құмырсқа илеуiнiң оңтүстiк жағы солтүстiкке қарағанда жайпақтау болып келедi.

Қайтатын құстар көктемде мiндеттi түрде солтүстiкке, күзде оңтүстiкке ұшады. Халықтың осы бiр қарапайым жоралғысын бiле отыра сiз орманда болғанда бағдар жасауға жеңiл болады.

Орманға жалғыз баруға болмайды, адасып кетуiңiз мүмкiн. Еш уақытта өз жолдастарыңыз туралы ұмытпаңыз. Орманда бiрге болу қажет. Бiр-бiрiңiзден ажыраған жолда жолдасыңызды табу үшiн айғайлай бастаңыз. Адасқан жағдайда ешбiр үрейленуге болмайды. Көрiнген жаққа қарай жүгiруге болмайды. Отырыңыз, сабаңызға түсiңiз және белгiлi бiр дыбыстың төңiректен шығуын есту үшiн мұқият құлақ түрiңiз: машина, поезд шуы, кеме дабылы, иттiң үруi, үй жануарлары мен құстарының шуы, адамдардың жақындығын бiлдiретiн басқа да дыбыстар. Дыбысты естiген бойда оны естiген жаққа қарай бұрылыңыз және сол бағытпен жүрiңiз. Егер дыбыс жақындаса, онда сiздiң дұрыс келе жатқандығыңыз.

Егер сiз адассаңыз, ал жолда өзен немесе үлкен жылға кездессе ағыс бойымен төмен жүрiңiз, бұл жол, әдеттегiдей үйге алып келедi. Балдар жасау үшiн биiк ағашқа шығып, шығу жолын межелеуге болады.

Найзағай жарқылдаған кезде жеке тұрған ағашқа жасырынуға болмайды. Найзағай көп жағдайда соған түседi. Ең жақсысы бұтақ астында немесе шағын орманда жасырынған жөн.

Бейтаныс жерлерде әр уақытта жергiлiктi тұрғындардан жылан ордалары туралы сұраныз. Орманда саңырауқұлақ пен жидек жинау үшiн барғанда мiндеттi түрде етiк киiңiз. Жыланды көргенде оған тиiспей, айналып өтiңiз. Егер улы жылан басын көтерiп ысылдаса, бұл оның шабуылға әзiрленгендiгiн бiлдiредi.

Тек өздерiнiзге таныс саңырауқұлақ пен жидектi жинаңыз.

Еш уақытта өзiнiзге таныс емес жидектiң дәмiн татпаныз, өзiнiз бiлмейтiн, орманда кездескен саңырауқұлақ пен жидек туралы үлкендерден сұраудан ұялмаңыз.

Улану, негiзiнен улы өсiмдiктердiң осы тектес усыз өсiмдiктерге ұқсастығынан болады.

Балалар көп жағдайда ақ желкенге ұқсас утамырдан, шиеге ұқсас ит жидектен, көкнәр дәніне ұқсас мендуана дәнiнен уланады. Балалар үрлегiш жасау үшiн кесетiн қарағай балдырғанының қатты күйдiретiн қасиетi бар.

Табиғат аясында жүргенде адамдар ұқыпсыздықтан өрт шығаруы мүмкiн. Ормандағы өртке лақтырылған сiрiңке, темекi немесе сөндiрiлмеген от себеп болуы мүмкiн. Ең жақсысы отты ескi алау орындарында жаққан жөн. Отты құрғақ шөпте және құрғақ ағашпен қатар жағуға болмайды. өте үлкен алауды және күштi желде, құрғақ ыстық ауа райында от жақпаған жақсы. Кетер кезде оттың сөндiрiлгендiгiне көз жеткiзу керек. Отта сөнбеген шоқтарды қалдыруға болмайды, өйткенi соққан жел оның жалынын үдете түсiруi мүмкiн. Ең сенiмдiсi отты сумен сөндiрген жақсы. Жалынды сынған бұтақпен, кiшкентай ағашпен немесе күртешемен әлсiретуге болады. Жанған шөптi аяқпен таптауға немесе топырақ шашу арқылы өшiруге болады. Ормандағы өрт кезiнде желге қарсы жүру керек.

Елдi мекендерде сиырға немесе бұқаға жақындамау керек.

Жолда табын кездессе оны айналып өтiнiз. Бұзаулардан сақ болыныз. өйткенi оның мүйiзi шығар кезде басы қышиды.

Кез келген климатты географиялық аймақта адамға жолда кездескен өзенмен және жылғамен жүруге тура келедi. Ең жақсысы бейтаныс өзендi кешiп өткен жөн. Өткел ретiнде соқпақ жол, автомобиль дөнгелегiнің iзi, суды бойлай өтетiн және қарсы жағалаудан көрiнетiн сүрлеу, сондай-ақ өзеннiң екi жақ жағалауындағы өсiмдiктер арасындағы сүрлеуше қызмет етедi. Ең таяз жерлер өзеннiң ендi жерлерiнде кездеседi. Және керiсiнше ең терең жерлер мен ағыс жылдамдығы арналар тарылған орындарда байқалады. Таяздықтың белгiсi ретiнде өзеннiң бүкiл енi бойынша ағыс жылдам өтетiн ендi шұңғымалар, өзен тарамдалып бiрнеше шағын аралдарда бөлiнетiн орындар, көрiнiп тұрған тас пен су өсiмдiктерi қызмет етуi мүмкiн. Күндiз жайлы ауа райында су бетi тегiс және мөлдiр болып келедi. Су бетiндегi ұсақ бүршiктер таяздықты бiлдiртедi .

Таудағы және жазықтағы өзендерде көктемгi уақытта судың азаюы түнде және таңертең байқалады. Ал судың көтерiлуi күндiз және кешке таман байқалады, бұл мұз бен қардың күндiз еруiне байланысты.

Ағыннан кедергiден – тастан, шағын аралдардан немесе өзен бұрылысынан сәл төмендеу жерден өткен жақсы. Өйткенi бұл жерде ағын күшi әлсiздеу.

Ашық судан аяқ қиiммен кешiп өткен жөн. Өзеннен жалғыз өткен адам мықты ағаш таяқпен сүйенiп өтуге болады. Ағыннан бiр-бiрiнiң қолынан ұстап тiзбектелiп өтуге болмайды, өйткенi адамдардың көптiгi ағынды бөгеп, оның ағынын күшейтедi.

Таулы жерлерде өзеннен тастардың үстiмен өткен жақсы. Бұл үшiн бiр-бiрiне өте жақын орналасқан, балдырлармен және қияқ шөппен жабылмаған мүмкiндiгiнше бетi құрғақ орынды iздестiрген жөн.

Тәуекелдiк факторлары - бұл авариялық жағдайда адам өмiрiне қауiп төндiретiн факторлар. Оған ауру, зiлзала, аштық, ыстық және шөл, суық, қорқыныш, әлсiреу, жалғыздық жатады.

Аштық.Азық-түлiк қоры болмаған, аң, балық аулау, жабайы жеуге жарайтын өсiмдiктердiң мүмкiндiгi жоқ жағдайда тiрi қалудың бей-жай әдiсiн ұстанған жөн, яғни апат орнынан жақын маңда көмек күту.

Энергия көздерiн үнемдеу мақсатында аса қажетсiз баспанадан кетпеуге: көбiрек жатуға, ұйықтауға, тек өте қажеттi жұмыстарды орындауға тырысу керек.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.