Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 7 страница



Тамақ ұзақ уақыт бойы жоқ болған кезде тұщы суды жиi iшу аса маңызды. Су ашығу кезiнде организмге өзiнiң клеткаларының қорын ұзақ сақтауға көмектеседi. Суды ыстықтай iшкен жақсы, оған жапырақ, қарағат, бүлдiрген мен жалбыз қосуға болады.

Аштықтан үйреншiктi тамақтануға көшу сатылай және аса сақтықпен жүргiзiлуге тиiс. Бұл ережелердi сақтамау тамақтануды қалпына келтiру кезiнде ауыр салдарға тiптi өлiмге алып келуi мүмкiн.

Ыстық. Шөлдеу. Авариялық жағдайға қатысты «ыстық» түсiнiгi бiрнеше ахуалдың жиынтығы - қоршаған ауаның температурасы, күн сәулесiнiң жиiлiгi, топырақ бетiнiң температурасы, ауа ылғалдылығы, желдiң болуы немесе жоқтығы, яғни авария болған жердiң климаттық жағдайлары.

Шөлде немесе жартылай шөлде болған авариялық жағдай адам үшiн аса күрделi. Және бұл қатты ыстықпен емес ыстықтын, шөлмен қаскөйлiк одақ құруымен, 15% сұйықты жоғалту (организмнiң кебуiмен) өлiмге алып келедi. Аштық бiрнеше аптаға созылуы мүмкiн, ал адам сусыз санаулы күндерде, ал ыстық климатта бiрнеше сағатта қаза болады.

Суды бiрден көп iшуге болмайды. Бiрден көп iшу шөлдi қандырмайды, алайда адамды әлсiретуi мүмкiн. Iшкен судың шөлдiң бiрден қандырмайтындығы, асқазанға барып, қанмен араласқаннан кейiн, яғни 10-15 минут өткен соң шөлдi қандыратындығын есте ұстау керек. Суды араға үзiлiс салып, бiрнеше рет ұрттау арқылы толық шөл қанғанша iшкен жақсы.

Суық.Статистикалық мәлiметтерге сәйкес адамдардың 10-15 туристiк маршруттарда суыну құрбандықтары болады. Суық адамға үлкен деңгейде қысқы уақытта қауiптi. Төменгi температура жағдайында адамның тiрi қалуы үшiн желдiң жылдамдығы маңызды. Ауаның -30С шынайы температурасында желдiң жылдамдығы секундына 10-11 метр болса, оның тондыру әсерi адам үшiн - 200С градусқа тең. Термометр шкаласында байқалған желдiң осы жылдамдығы -100 С-та, -300С-қа, ал -250С-та, -500С градусқа дейiн барады.

Табиғи баспана жоқ жерлерде ауаның төменгi температурасы күштi желмен қосылып, адамның өмiр сүру уақытын бiрнеше сағатқа дейiн қысқартуы мүмкiн. Суық температураларда өмiр сүрудiң ұзақтығы көрсетiлген климаттық факторлардан басқа киiм мен аяқ киiмiнiң жағдайына, салынған тұрақтың сапасына, отынның, жанар май мен тамақ қорының көлемiне, адамның моральдық жағдайы мен әл-қуатына байланысты.

Қорқыныш. Қорқыныш - өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн кез-келген шынайы немесе елестiк жағдайға адамның табиғи жауабы.

Қорқыныш авариялық жағдайға көмектесумен қатар көп жағдайда оны асқындырып жiбередi. қорқыныш сезiмiнiң күшеюiне кез-келген кездейсоқ оқиға - ауа райының бұзылуы, қозғалыс құралының сынуы, бағдардан айрылу және т.б. қызмет етуi мүмкiн. Жарылыс, жер сiлкiнiсi, көлiк құралдарының соғылысуы және басқа кездейсоқ қауiптерде қорқыныш сезiмi бiрден болады.

Әр адам қорқынышты өзiнше қабылдайды және түрлi жағдайларда ол әр түрлi болуы мүмкiн. Авариялық жағдайға түскен адамдар үшiн өзiн - өзi ұстаудың бiрнеше үлгiлерi тән:

- жүнжiп қалу - адам қауiппен кездескен сәтте бiрден абдырап қалады;

- белсендi - жедел iс-әрекетпен сипатталады (бей-берекет қимыл);

- қисынды - адам төтенше жағдайдағы iс-әрекеттерге кәсiби және психологиялық тұрғыдан дайындалған )өрт сөндiрушiлер, теңiзшiлер).

Әлсiреу. Әлсiреу-авариялық жағдайлардың тұрақты серiгi, ол үнемi ой шырмауында және тұрмыс iстеудiң салдары болып табылады. Бiрден сары уайымға салыну және қатты қимылдау жағдайында адам аса қысқа мерзiмде әлсiреуi мүмкiн. Шынайы немесе елестегi қауiптен есi шығып қашқан адам санаулы минуттарда өзiнiң күшiнен айрылуы мүмкiн, бұдан кейiн әлсiздiк күшейiп, адам өз тағдырына немқұрайлы қарайды.

Ақыл ой мен жүйкелiк (жан дүниелiк) әлсiреудiң ерекшелiктерi. Белгiлi бiр нерв жүйесi қалыптасқан адамдарда өздiксiз ақыл-ой еңбегi ашушаңдыққа келуi мүмкiн. Ол көбiнесе күндiз-түнi ойлау, жауапкершiлiктi қатты сезiну, iштей сары уайымға салынудан пайда болады. Шектен тыс толқыған және әр түрлi мiндеттемелерi көп адамдарда жүйкесiнiң тозуы жиiрек байқалады.

Өмiрдi ұзартуға талпыну кезiнде тынымсыз еңбек, тоя тамақ iшпеу, үйқының қаңбауы, күндiз-түнi ойлау, адамды әбден қажытады. Күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастырмау, тамақтардың бiр сарындылығы, шектен тыс ойнау балаларды жылдам шаршатады. Жүктеме көбейген сайын (екi мектепте, бiрнеше үйiрмеде және т.б. оқу) шаршау, әлсiреуге жалғасады. Қалыпты тұрмыстық жағдайда күштi қалпына келтiру үшiн бiрнеше күн демалып, нәрлi тамақ iшу жеткiлiктi. Алайда тосын жағдайда бұған мүмкiндiк жоқ. Дене күшiн дұрыс жұмсау, демалысты өз уақытында ұйымдастыру - апат жағдайында адам алдында тұрған маңызды мiндеттердiң бiрi.

Жалғыздық.Апатпен бетпе-бет келген адамның алдында физикалық, сондай-ақ моральдық тұрғыдағы мәселелер шығады. Жалғыз адамға от жағатын жердi жабдықтау, күртiк қарда жол салу, азық-түлiк табу қиын, арнайы құралдарсыз белгiсiз жерлерден өту кезiнде сенiмдi сақтық пен көптеген басқа тiрлiктердi ұйымдастыру қиын.

Тосын жағдайда жалғыз қалған адам көп жағдайда жан-дүние күйзелiсiне ұшырайды. Жалғыз қалған адам аяқ асты абдырап ессiз күйге түседi, ұзақ уақыт өз-өзiне келе алмайды.

Мұндай жағдайда жүйкенiң қозуына бой алдыртпаған аса маңызды және мүмкiндiгiнше парасатқа жеңдiрген жөн. Әр минут сайын бос қиялдан құтқаратын пайдалы тiршiлiк жасауға ұмтылу керек.

Авария - орны (бақытсыздық болған климаттық-географиялық аймақ).Нақ осы фактор тiрi қалудың бүкiл стратегиясы мен практикасын анықтайды.

Шөлейт (құрғақ дала).Жартылай шөлейтте ұзақ уақыт тiрi қалу өз бетiмен елдi мекенге темiр жол мен тас жолға, қар қалың жатқан жерлердегi - ойпаттағы, жырадағы, сайдағы және басқа қатпарлы жерлердегi қардан жасалынған қорғанға кез болғанда ғана мүмкiн.

Шөл. Шөлде қысқа мерзiмде тiрi қалу үшiн жақын елдi мекенге баруды ойластыру керек. Елдi мекендер алыс болған немесе өзiнiң тұрған жерiн бiлмеген жағдайда жақсы көрiнетiн жерде қомақты лагерь жасау ұсынылады.

Жазғы уақытта тұщы судың едәуiр қорысыз тiрi қалу мүмкiн емес! Жазда шөлде ұзақ уақыт болу үшiн күн көзiн қалқалайтын жерге күрке жасау, авариялық дабылдар орнату, суды пленкалық бу конденсаторларының көмегiмен алумен тұщы суды тәулiк бойы бақылау, бақытсыздық белгiсiн беру қажет.

Түнде шөлде жарық дабылы анық көрiнедi (шам, от, жарық).

Күндiз мүлдем жүруге болмайды! Түнде тек қысқа қашықтыққа жүруге болады.

Шөлде адам дененiң кебуiнен, ыстық пен күннiң өтуiнен, улы жыландар мен өрмекшi тектестердiң шағуынан қаза болуы мүмкiн.

Таулар. Биiк тауда тiршiлiк етудiң өз ерекшелiгi бар, және онда арнайы альпинистiк даярлығы мен арнайы қондырғылары бар адамдар жүредi.

Тауда адамдар қардың көшуiнен, тастың құлауынан, үлкен биiктiктен құлаудың, суық тиюдiң асқынуынан қаза болуы мүмкiн.

Тiрi қалу факторлары - бұл төтенше жағдайдағы iс-әрекетке әзiр болу, өмiрге құштарлық, өзiн-өзi құтқару негiздерiн бiлу, тiршiлiк дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердiң болуы, дене шынықтыру, өзiн-өзi құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.

Авариялық жағдайдағы iс-әрекетке әзiр болу. Көлiкпен келе жатқан, туристiк жорыққа қатысқан, жексенбi күнi саңырауқұлақ жинауға шыққан кез-келген адам авариялық жағдайдағы кез-келген iс-әрекетке дайын болуға тиiс. Әзiрлiк деңгейi алдағы маршруттың болжанған деңгейiмен анықталуға тиiс.

Жарнамаларда, нұсқауларда айтылған ережелердi елемеуге болмайды, олар ондаған авариялық жағдайларды талдау негiзiнде жасалған.

Авариялық жағдайдағы моральдiк әзiрлiк бiрiншi кезекте өзiн-өзi құтқару әдiстерiн бiлумен түсiндiрiледi. Авариялық ағаш бұталарының, тастар мен ағаш түбiрiнiң солтүстiк жағында жағдайдағы iс-әрекетке әзiрлiк деңгейiнiң айтарлықтай дәрежеде адамның дене күшi мен жiгерiнiң жалпы деңгейi ықпал етуi мүмкiн.

Ұстамдылық, салқынқандылық, ойлай бiлу сияқты мiнездiң ерекшелiктерiн дамытуда спорттың көрсетер көмегi үлкен.

Өмiрге құштарлық. Авария жағдайында ерте ме, кеш пе күш азайып, жүйке әлсiреп, бұдан әрi тырбану қисынсыз болып көрiнсе, адамның жiгерi жасиды. Адамды бойкүйездiк, немқұрайдылық билейдi. Ол құтқарылатындығына сенбейдi және күш-жiгердi аяғына дейiн жұмсамай, азық-түлiк қорын пайдаланбай қаза болады. Статистика кеме күйрегеннен кейiн құтқару құралдарына жеткен адамдардың 90%-нiң үш тәулiк бойында моральдық факторлардан өлетiндiгiн дәлелдейдi. құтқару кемелерi мұхитта кездескен қайықтар мен желкендерден азық-түлiк қоры мен су ыдыстарын және өлi денелерiн талай рет кездестiрдi.

Тiрi қалуға «Менiң өлгiм келмейдi!» дейтiн жалаң тiлек емес, «Мен өмiр сүруге тиiспiн!» деп қойылған мақсат көмектеседi.

Тiрi қалу ниетi сезiммен емес, ойластырылған қажеттiлiк пен ұштастырылуға тиiс. Авариялық жағдайдағы өмiрге құштарлық бiрiншi кезекте дұрыс iс-әрекетке байланысты.

_Өзiн-өзi құтқару әдiстерiн бiлу. Ұзақ уақыт тiрi болу негiзi - әр түрлi салалардағы нақты бiлiм. Қажеттi бiлiмнiң болмауын күш-жiгер де, шыдамдылық та, азық-түлiктiң артық қоры мен авариялық құралдар да құтқара алмайды. Мысалы, бiр қорап сiрiңке адамды, егер ол қыста немесе жаңбырда отты қалай тұтатуды бiлмесе, суықтан құтқармайды.

Тасқынға тап болу қаупi, егер тасқын қаупi бар учаскеден өту тәртiбiн бiлмесе күшейе түседi. Алғашқы медициналық жәрдемдi дұрыс көрсетпеу зардап шегушiнiң жағдайын қиындата түседi.

Болашақ авария тұрғысынан әмбебап тақырыптарға әңгiме өткiзу аса маңызды: қолда бар құралдар көмегiмен бақытсыздық белгiсiн беру, компассыз бағдарлау, жүру кезiнде бағыт ұстау, елдi мекендердi, адамдарды iздеудiң жалпы принциптерi, ыдыссыз тамақ әзiрлеу, тұрпайы әдiстермен от жағу, ұзақ уақытқа лагерь ұйымдастыру, жарақат алған кездегi алғашқы көмек, су тосқауылдарынан өту және т.б.

Тiршiлiк дағдылары. Өзiн-өзi құтқару әдiстерiн бiлу теория практикамен ұштасқан жағдайда пайдалы iс-әрекеттерге қол жеткiзедi. Басқаша айтқанда адам оны тек қана бiлiп қана қоймайды, қандай да бiр жағдайда оны қалай жасалатындығын iс жүзiнде көрсетедi.

Талай ұрпақ жинаған бiлiм iс жүзiндегi тiршiлiк дағдылары болып қалыптасып, адамдардың, сыртқы ортаның аса жағымсыз жағдайына бейiмделуiне мүмкiндiк бередi. Солтүстiктегi эскимостар, тайгадағы аңшы-қол өнершi, шөлдегi австралиялық абориген ата-бабалар жинақтаған тәжiрибемен өздерiн мүлде еркiн сезiнедi. Кез келген адам төтенше жағдайдағы тiрi қалу дағдыларын бiлiп қана қоймай, оны қалыптастыруға тиiс.

Жалпы дене шынықтыру, шынығу. Авариялық жағдайда дене күшi шыдамдылықтан маңызды немесе керiсiнше, бағамдауға болмайды, барлығы авариядағы нақты жағдайға байланысты. Лагерьде жүк жеткiзу немесе құрғақ ағашты шабу, құз жартаста құлаған адамды ұстау үшiн күш қажет. Азық-түлiк жетпей ұзақ уақыт бойында жұмыс iстеу немесе бiрнеше күн бойы жүрген жағдайда шыдамдылық қажет.

Шыдамдылық, күш, шынығу сияқты организмнiң физикалық ерекшелiктерiн авария жағдайында алу мүмкiн емес. Бұл үшiн айлар, жылдар қажет. Бұл қасиеттердi спорттың белсендi түрлерiмен жүйелi шұғылдану уақытында сiңiруге болады. Спорттың альпинизм, туризм, жүгiру сияқты түрлерi аса пайдалы.

Адам неғұрлым шыныққан сайын жағымсыз температуралардың әсерiн жеңiл қабылдап, авариялық жағдайларға оңай көндiгедi, өз қабiлетiн ұзақ сақтайды.

Құтқару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру. Авария жағдайында әр түрлi жұмыстарды ойластырып, ұжыммен бiрге жасаған дұрыс. Тiптi ең күштi адамның бiрнеше әлсiз адаммен салыстырғанда құтылуға мүмкiндiгi аз. Топта жасына, күшке, дағдысына қарамастан әрбiр қызметкер қажет.

Лагерь сыртындағы жұмысты әр адамның күшi мен мүмкiндiгiне орай бөлу керек. әйелдерге, балаларға, әлсiз адамдарға ұшақтарды анықтау мақсатында бақылау, елдi мекендер белгiлерiн табу, азық-түлiк жинау, қақпан мен тұзақтың көмегiмен балық аулау, аңға шығу, жаралылар мен ауруларды күту, тамақ дайындау, от жағу, киiм кептiру мен жамау, ал еркектерге ағаш дайындау, баспана салу, төңiрекке барлау жасау және басқалар тапсырылады.

Жұмсалған еңбек шығынына қарамастан жұмысты жалғастырған аса маңызды. Кез келген жұмыс бiр сарында, күш-жiгердi дұрыс жұмсай отырып iстелуге тиiс.

 

2. Өндірістік авариялар мен апаттардың сипаттамасы.

Өндірістік авария –бұл өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы немесе өндіріс процесінің бұзылуы. Олар материалдық құндылықтарды зақымдауға немесе жоюға адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеліп соқтырады. Өндірістік авариялар салдарының бұл болған кездегі жағдайының ерекшелігіне байланысты.

Әдеттегідей, ірі авариялардың аса қауіпті салдары өрттер мен жарылыстар болып табылады, олардың нәтижесінде өндірістік және тұрғын ғимараты, техника мен қондырғы қирайды немесе зақымдалады. Өнеркәсіп орындары баллондары мен құбыр өткізгіштері, қазандықтар, шахтадағы көмір ағаш шаңы мен лак-бояу заттары жоғары қысымнан жиі жарылады. Авариялар кезінде пайда болған өрт пен жарылыс, өз кезегінде, электр өткізгіші зақымдалуынан, газқұбарының қирауынан, істеп тұрған от қондырғысы мен прибордың жанып кетуінен осындай құбылыстарын қайталама себебі болуы мүмкін. Темір жол және құбыр өткізу құбыры өртке бейім және жарылғыш жүктерді тасуда үлкен жүктеме көтереді. Бір қатар жағдайда, әсіресе мұнай, химия және газ өнеркәсібі орындарында атмосфераның газдануы, мұнай өнімінің улы сұйықтардың және қатты әсер ететін улы заттың төгілуі авария туғызады.

Автомобиль, су және әуе көлігінде авариялар болып тұрады, темір жолдағы апаттар да қауіпті. Ірі авариялардың қауіпті саны цех ғимараттары мен көлік тораптарының зақымдалуы болып табылады. Металл құрылғыларының қатты ысыуынан болған өрт кезіндегі цех жабынының құлауы ортақ сипат.

Ғимараттың, құрылыстың құлауы өздігінен болмайды, оны тудыратын жанама факторлар, атап айтқанда, тар жерге адамдардың жиналуы, өткен темір жол құрамаларының қатты дірілдетуі, жоғарғы қабаттарда жүктеменің шектен тыс көп болуы. Бұл адам құрбандықтарына, авариялық ғимараттарды бұзуға, жаңа құрылыс үшін үлкен шығын жұмсауға алып келеді.

Энергетика жүйелері мен коммуналдық жүйелердегі авариялардан адамдар сирек қаза болады. Алайда осындай үлгідегі авариялар халықтың тіршілігіне айтарлықтай қиындық туғызады. Әсіресе қысқы уақытта тіпті ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп нысандарының жұмысын тоқтатуғада себеп болады.

Өнеркәсіптік тазалау ғимараттарындағы авариялар тосын қиындықтарды туғызады. Бұл тек қана объектілердің қызметшілеріне және жақын елді мекендердегі тұрғындарға ауыр ықпалымен ғана байланысты емес сондай-ақ қоршаған ортаға иісті, улы және жәй зиянды заттарды шығаруымен де қауіпті.

Гидродинамикалық авариялар негізінен гидротехникалық ғимараттардың, әсіресе тоғандардың бұзылуынан туындайды. Гидротехникалық ғимараттар су қорын пайдалануға, сондай-ақ су апатының жойқын күшімен күресу үшін арналған. Гидротехникалық ғимараттар әр түрлі: су ұстағыш (тоған, бөгет және т.б.), су өткізгіш «каналдар, құбыр өткізгіші, науа, дюкер қоршағыш валдар және т.б.), су қабылдағыш, су жинағыш, арнайы шлюздер, кеме жалпы және арнаулы гидротехникалық ғимараттар бірыңғай кешенге – гидроторапқа бірігеді.

Гидротораптағы гидродинамикалық авариялар апатты су басу себебі болып табылады, оның жойқын күші мен салдарын жер сілкінісімен ғана салыстыруға болады.

Еңістегі аудандарды су басу қауіпі тоған, бөгет және гидротораптар бұзылған кезде пайда болады, ғимараттар мен тұрақ жайды шайып кететін және бұзатын жылдам да да қуатты ағыны аса қауіпті.

Жойқын толқынның биіктігі мен жылдамдығы гидроғимараттын бұзылуы көлеміне және жоғарғы және төменгі бедердегі биіктіктің әр түрлілігіне байланысты.

Су басу нәтижесінде шаруашылық объектілерінде, темір жол және автомобиль жолдарында авариялардың болуы және ауыл шаруашылығына, көпір ғимараттарына елеулі залал келтірілуі мүмкін.

Соңғы он жылдықтағы адамның әртүрлі ирригациондық, гидротехникалық ғимараттарды, көпір өткелдері бар автожолдарды және т.б. салу жөніндегі белсенді қызметі техногендік сипаттағы су тасқынын тудыруға себеп болады.

Тоғандардың, бөгеттердің бұзылуынан болған тосын су тасқыны жағдайында халықты ескерту, барлық қолда бар техникалық құралдармен (өнеркәсіп орындарының гудоктары, сиреналар, радио мен теледидар бойынша хабар), оның ішінде қатты сөйлейтін жылжымалы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі.

Су басудың аяқ астынан пайда болуы халықтың ерекше өзін өзі ұстауы мен іс-әрекетін қажет етеді. Тоған бұзылған кезде қуатты су валының құралатындығын ескере отыра ықтимал су басу аймағында тұратын әр адам судың ең жоғары көтерілу деңгейін білуге тиіс, осыған орай қалыптасқан жағдайға сәйкес іс-әрекет ету керек. Су аяқ асты көтерілсе өздеріңізбен бірге жылы киімді, тамақты, құжатты, ақшаны алып, жоғары қабатқа немесе шатырға, төбеге (бір қабатты үйде) көтерілу керек. Жұмыста болған кезде әкімшілік әкімі бойынша, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, дөңес жерге немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу заттарын пайдаланған жөн (дөңгелек камера).

Сақтандыру қауіпсіздігінің жеке шараларына мынаны жатқызуға болады: күрделі құрылыс тұрғызу, от басының барлық мүшелерін жүзуге үйрету, қайықтың болуы, жақын жердегі топографиялық дөңес нүктелерімен таныс болу, гидродинамикалық аварияның хабарлау әдістері мен түрлерін білу.

Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу барлық жүзу құралдарының экипажын тарта отырып, жедел жүргізіледі.

Егер суда қалсаңыз, судың түбіне қарай тартатын аяқ киімнен, ауыр киімнен босанып, жүзгіш затты, ағашты, су бетінде жүзіп жүрген басқа заттарды іздеп тауып, көмек күту қажет. Егер жағалау алыс болмаса, ағысқа қарсы баяу қарқынмен қырқындай отырып жүзу керек. Жағаға шыққан бойда су киімді сығып, жағалаумен жоғары көтеріліп, желден қорғанатын пана іздеп, көмек күту қажет.

Олардың салдары – су тораптарының зақымдалуы мен қирауы, адамдардың жарақаттануы үлкен аумақтың су астында қалуы.

Өндірістік авариялардың себептері зілзала, құрылысты жобалау мен салу кезінде жіберілген ақаулар, техникалық жүйенің монтажы кезіндегі қателер, өндіріс технологиясы мен ғимаратты, көлікті, қондырғыны, механизмді пайдалану тәртібін бұзылуы мүмкін. Өндірістік авариялар, сондай-ақ еңбек және технология тәртібінің төмендегі, техника қауіпсіздігі тәртібін орындамау, бақылау - өлшеу және қорғаныс аппаратурасымен нашар жабдықтау, өрт сөндірудің озық жүйесін, әсіресе өрт және жарылыс қауіпі бар нысандарда нашар еңгізу, ғимарат, құрылыс, қондырғы және т.б. тиісті қадағалаудың жоқтығы нәтижесінде болуы мүмкін.

Авариялардың айтарлықтай бөлігі кейде жобалау сатысында нысан мен жергілікті жағдай ерекшелігін бағаламаудан болады. Мұндай жағдайда аварияның түпкілікті себебі климаттық жағдай мен қызу өндіріс ортасы ықпалынан, төменгі температура әсерінен қорғалмаудан, қатты ылғалдан, қалың қардың басуынан және т.б. болатын тозудан қорғаныс құрылғысының жоқтығы болуы мүмкін.

Жекелеген құрылысты пайдалану тәртібінің бұзу да аварияға алып келеді. Атап айтқанда, цемент зауыттарында ғимаратты пайдалану барысында жинақталған өндірістік шаңды өз уақытында тазаламағандықтан цехтардың құлаған оқиғалары да байқалды.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.