Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 11 страница



Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек.

Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге «ластанған» деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1 м, қалындығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабулайды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы бағылуы керек. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.

 

7. Аумақтық радиоактивті ластануы.

Радиациялық авария – радиоактивті өнімдердің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандықтан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.

Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.

Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады.

Авария барсында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:

-радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;

- метеорологиялық және климаттық факторлар

- авария салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелілігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады.

Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Мұндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті иод (иод – 131) болып табылады.

Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнеше жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі нуклидтермен анықталады.Олардың арасынан ұзақ уақыт бойы радиациялық ахуалдың серпініне негізгі үлесті биологиялық қауіпті цезий – 137, стронций – 9, плутоний – 239 және басқа радионуклидтер енгізеді.

Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар ұшырайды, ғимараттар, коммуникация, технологиялық қондырғы, көлік құралы, мүлік, материал мен азық-түлік, жайылым мен табиғи орта радиоактивті ластануға ұшырайды.

Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға алып келеді.

Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс (көлемді) тығыздығымен сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімен өлшенеді.

Радиоактивті ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақұрылым элементтері, тұрғын үй, әлеумет тұрмыс объектілері, ауылшаруашылығы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әр түрлі табиғат объектілері бар бірқатар аумақ шығарылады.

7. Адамға сәуле алудың қаупі.

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.

Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістер өтеді.

I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) – 100-200 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу пайда болады. Ауруды емдеуге болады.

II дәрежелі сәуле ауруы (орташа)– 200-400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі-үш ай ішінде сауығады.

III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр)– 400-600 рад сәулелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді, 20-сы 30 минуттан кейін қайта –қайта құстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе ұлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды.), ауыз бен жұтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жай немесе шектен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бұдан кейін бас қатты ауырып -, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін.

IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр)– 600- радтан жоғары сәулелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 400 градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сұйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

7. Хайуанаттардағы сәулелену ауруы.

Жеңіл дәрежедегі сәуле ауруыжалпы жағдайдың уақытша нашарлауымен, кейде жемнен бас тартудан, лейкоциттер санының шамалы азаюымен сипатталады. 150-200 рад доза сәуле алған кезде дамиды.

Орташа дәрежедегі сәуле ауруы200-400 рад сәуле алған кезде хайуанаттарда байқалады. Бұнда жағдайдың нашарлауы, уақытша жемнен бас тарту, іш өту, дененің қызынуы, 5-8 жасар қойларда жүннің түсуі байқалады. Лейкоциттер саны 50%. Ал лимфатциттер 75%-ке азаяды. Айтарлықтай ушығу болмай және тиісті емдеген жағдайда мал сауығады, кей жағдайларда шетінейді

Ауыр дәрежедегі сәуле ауруы400-600 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол қатты нашарлағанда, дененің температурасы көтерілгенде, кілегейлі қабықтарымен терідегі қан айналымындағы лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер санының күрт төмендеуінен пайда болады. Малдың іші өтеді, қаны қоюланады, дененің салмағы азаяды. Емдеусіз малдың 60%-ке жуығы шетінейді. Емдеу кезінде ұзақ уақыт бойында мал өте баяу сауығады.

Өте ауыр дәрежедегі сәуле ауруы600-750 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол мұндай жағдайда жылдам, ауыр өтеді хайуанаттар 10-15 күнде шетінейді, ал өте үлкен доза алғанда одан тезірек шетінейді.

Организмдегі сәулелену жалғасатын болса, қалпына келу процесі өтеді. Осыған байланысты бір әсер тудыратын сәулеленудің жиынтық дозасы сәулелену жалғасқан кезде бір рет сәулеге ұшырағаннан гөрі жоғырырақ болады.

Бета-бөлшектерінің сыртқы әсері тері ұлпаларында «бета-күйікті» тудырады. Адамдардың мойнының, белінің, басының төңірегі, ал малдардың арқасы, яғни радиоактивті шаң тұрып қалған жерлерде күйік пайда болады. Сонымен қатар шөппен қоректенетін малдарда шөп жеген уақытында бета-сәулелену нәтижесінде беттерінің радиациялық зақымдануы жиі байқалады.

Адам мен малдың радиациялық заттармен ішкі зақымдануы организмге ең алдымен олардың тамақпен бірге өтуінен болады.

Радиациялық заттардың біршама бөлігі шекке өтіп организмнен бөлінеді. Сөйтіп кілегейлі қабықты зақымдай отыра, ас қорыту органдарының жұмысын тұрақсыздандырады.

Сорылған радиоакивті өнімдер организмге өте ретсіз таралады. Олар әсіресе қалғанша безде жинақталады (басқа ұлпалармен салыстырғанда 1000-10000 есе артық) өте үлкен дозалармен сәулеге ұшыраған кезде органдар бөлінеді немесе оларда ісік пайда болады (қалқанша без) иә болмаса жұмысы айтарлықтай бұзылады (бауыр), қалқанша және сүт бездерінде, мысалы, йод изотоптары, сүйектерде, стронций, барий, цирконий изотоптары, бауырда цезий, прометий изотоптары жинақталады церий, рутений, рубидий, изотоптары организмде бүкіл ұлпалар бойынша бір қалыпты орналасады.

Суға түскен ядролық бөліністің жас өнімдерін оның мекендеушілері жұтады олар қай организмде болмасын әр түрлі таралады. Егер, мысалы, барлық организмдерде жиынтық радиоактивтілікті 100% деп алсақ, оның көлемінің 65% ішкі органдарда, 10,5 желбезекте, 19% жүзу жарқағында, 3% бұлшық етте және 2,5% сүйекте кездеседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Радиация көздері қандай?

2. Табиғи радиоактивтілік түсінігі?

3. Уран сәулеленгеннен кейін қандай басқа химиялық элементке айналады?

4. ²Радионуклид² ұғымы?

5. ²Альфа², ²бетте-бөлшектер² және ²гамма-кванттар² туралы түсінік және оларға сипаттама беру?

6. Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер қандай процестерге қатысады?

7. ²Радон көздері² болып не табылады?

8. Жердің радиоактивті ластануы?

9. Адамға сәуле алудың қаупі қандай?

10. Хайуанаттардағы сәулелену ауруы қандай және оларға сипаттама беру?

 

Тест сұрақтары:

1.Радиациялық авария деп –

А) ядролық жарылыстан пайда болатын авария

В) радиоактивті заттардың жарылысы кезінде болатын авария

С) радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өміріне төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп

Д) ядролық жарылыс кезінде шығатын нейтрондар ағыны

Е) радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өміріне төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп

2. 1-дәрежелі сәуле ауруының адамға әсері (жеңіл)

А) 120-250 рад

В) 250-300 рад

С) 100-200 рад

Д) 150-200 рад

Е) 300-350 рад

3. 4-дәрежелі сәуле ауруының адамға әсері (өте ауыр)

А) 400 радтан жоғары

В) 600 радтан жоғары

С) 800 радтан жоғары

Д) 450-500 радтан жоғары

Е) 900 радтан жоғары

4. Сәуле шығару дозасы қанша болғанда адамдарда 1-(жеңіл) дәрежелі сәуле ауруын тудырады?

А) 100-200 Р

В) 200-400 Р

С) 50-100 Р

Д) 400-600 Р

Е) 600-1000 Р

5. Адамдардың соғыс жағдайында бір рет алуына болатын сәуле шарпу дозасы:

А) 10 Р

В) 200 Р

С) 50 Р

Д) 600 Р

Е) 400 Р

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. – Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

 

[gl] №6 ДӘРІС. Тақырып:Радионуклидтермен ауылшаруашылық өсімдіктері, азық-түлік пен судың ластануы. [:]

Дәрістің мақсаты:Ауылшаруашылық өсімдіктері, азық-түлік пен судың радионуклидпен ластануы жайлы және қатты әсер ететін улы заттармен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Радионуклидтермен ауылшаруашылық өсімдіктері, азық-түлік пен судың ластануы.

2. Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы.

3. Қатты әсер ететін улы заттар.

 

1. Радионуклидтер мен ауылшаруашылық өсімдіктері азық-түлік пен судың ластануы.

Радиоактивті шаң топырақ пен өсімдіктерді ластайды. Бөлшектердің көлеміне байланысты өсімдік бетіндегі жерге түскен радиоактивті шаң 8-25%-ті құрайды. Атап айтқанда, өсімдік бетінде көлемі кемінде 44 микрон (қалың шөп өскен жерде бөлшектер 25%-ке дейін, көлемі 1-2 микрон бөлшектер 25%-ке астам және қатты жауын-шашында 25%-ке дейін бөлшектер сақталады. Бұл көрсеткіштер алаң бірлігіндегі шөптің қалындығына (шөп қалың болған сайын радиоактивті жауын-шашын ұзақ сақталады), жапырақтың түріне және оның үстіңгі бетінің сипатына байланысты.

Табиғи жағдайларда радиоактивті шаңды үстіңгі беттен жел ұшырып алып кетеді және жаңбыр шайып кетеді. Сондықтан вегетативті массаның өсуінен жайылымдық өсімдіктердің радиоактивтілігі екі аптадан кейін орташа екі есе азаяды. Көрсетілген мерзім жартылай тазару мерзімі деп аталады.

Өсімдікке гамма-сәулелер мен бета-бөлшектері, әсіресе үстіңгі бетте жиналғандары зақымдағыштық әсер етеді. Бета-бөлшектерінің өткіш қасиеті шамалы болса да, олар өсімдіктің жапырақтары мен өсіп - өну органдарын зақымдауға толығымен жеткілікті. Өсімдіктерді зақымдаған кезде жұтылған дозадағы бета-сәулелерінің үлесі гамма-сәулелерінің үлесінен 10-20 рет артық. Өсімдіктердің дамуының ең алғашқы кезеңі, белсенді өсу аймағы, яғни бөлінетін жас клеткалар зардап шеккенде сәулеге өте сезімтал келеді, ал өсімдіктердің әрбір түрлері мен сұрыптарына әр түрлі радиоактивті сезімталдық тән. Осылайша астық тұқымдас өсімдіктер түтікке шығуы кезінде, бұршақ тұқымдастар бутонизация – гүлдену кезінде иондаушы радиацияның әсеріне өте сезімтал келеді. Өсімдіктердің тұқымдарының пісуі аяқталуы кезіндегі сәулеленуі өнім көлеміне әсер етпейді, өйткені олардың қалыптасуы бұл кезде іс жүзінде аяқталған. Алайда, бұл жағдайда сәулеленудің үлкен дозасы кезінде астық ішінара немесе толық өсу қабілетін жоғалтады.

 

Кестеде ауылшаруашылық дақылдары мен ағаштар үшін сәулеленудің жойғыш дозасының көлемі келтірілген

 

Өсімдіктің түрі Сәулелену дозасы (рад) Ағаштар мен өсімдіктердің түрлері Сәулелену дозасы (рад)
Пияз Қара бидай
Сұлы Арпа
Жүгері Бидай
Қырыққабат Бақша бұршағы
Қызанақ Орамды қарағай
Күріш Көгілдір шырша
Зығыр Жапон бал қарағайы
Картоп Буланғыш тұт
Қант қызылшасы Қайың
Тисс Қызыл емен
    Қызыл үйеңкі

 

Зақымданған аудандағы халықтың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау тәртібін АҚ және ТЖ органдары билейді, олар радиациялық жағдай сипаты туралы хабарлап, не істеу керектігін түсіндіреді.

Тоңазытқыштарда, ас үйдегі столдарда, шкафтарда, жертөбеде, шыны және эмалданған ыдыста, полиэтилен қапшығында сақталынған азық-түлік пайдалануға жарамды.

Топырақ қыртыстарының астындағы тамырлы жемістер іс жүзінде радионуклидпен ластанбайды.

Радиактивті заттармен ластанған картопты, сәбізді және басқа тамырлы жемістерді мұқият жуып тазалаған жөн. Бұдан кейін қабығымен қоса 5 мм қабатын кесіп, тамаққа пайдалануға болады. Азық-түліктің тек үстіңгі қабатымен ғана радиоактивті зақымдауға ұшырайтындығын есте сақтаңыз. Үстіңгі қабатын алғаннан кейін немесе біршама уақыттан соң табиғи дезактивация салдарынан пайдалануға жарамды болады.

Жергілікті суаттардағы балық пен шаяндарды тамаққа пайдалануға болмайды. Зақымдаған жайылымда жайылған малдың сүтін пайдаланбаған жөн. Ең жақсысы консервіленген сүтті пайдаланыңыз (құрғақ немесе қойылтылған). Егер сіз сүтті ішуге жүрексінсеңіз, одан сүзбе әзірлеңіз, онда радиоактивті элементер саны жүздеген есеге азайып, сары суда қалады. Сондықтан олар қаймақта аздау, кілегейде көбірек, ал сүтте шектен тыс. Тексерілмеген сүтті балаларға беруге болмайды. Егер майды табада ерітіп, қайнатса зиянды элементтер толығымен буланып ұшып кетеді.

Шошқа майын ең таза өнім деп санауға болады. Оның радионуклидті (итеріп шығаратын) биохимиялық ерекшелігі бар. Соядан жасалынған сорпаны ісік ауруларына қарсы пайдаланылатын дәрі-дәрмектің қатарына батыл жатқызуға болады. Капустадан зақымдану белгілері – сұр жұлдызшаларды ажыратуға болатын жапырақтағы үш үстіңгі қабатын алып тастаған жөн. Түрлі-түсті капустаны, тошаланы, қызыл қарақатты жемеген дұрыс-олар жылдам бүлінеді.

Алма пайдалы, өйткені онда ағаш пен жемісті радиоактивті әсерден қорғайтын темір бар. Жемес бұрын шамамен 5 мм қабығын аршып, ортасын кесіп тастаған жөн, қалғандарын батыл жеуге болады.

Жүзімді, мейізді, кептірілген өрікті сүйегін алып тастап көбірек жеген жақсы, өйткені олардың құрамында радиоактивті элементтерді организмнен бөліп шығаруға қабілетті пигмент бар.

Жергілікті асханалардағы қызылшадан гөрі қызғылтым сәбізді жеген жақсы. Сәбізді әкелінген бойда тазартылмаған май қосып пайдаланған дұрыс, өйткені ол А витаминін бөліп шығарады. Зақымдалған сәбіз ақшылтымдау болады. Одан өрнекті сурет көрінеді.

Сиыр етін аз жеген жақсы. Майы көп шошқа еті пайдалы. Котлетті мүмкіндігінше жасамаған дұрыс, өйткені әзірлеу барысында радионуклидтер тамақта қалады. Тартылған етті әуелі қайнатып, сорпасын төгіп тастағаннан кейін жеуге болады. Дастархан мәзірінен дірілдек пен сорпаны алып тастағаны жөн, қайнатылған жұмыртқаны жеуге болмайды, өйткені қайнаған кезде қауыздағы радиоактивті стронций жұмыртқаның сарысына өтеді. Кофе мен какао организмде радионуклидті ұстап қалады. Ал көк шай зиянды заттарды бөліп шығарады.

Сәбіз-алма езбесін ішінара табиғи дәрі-дәрмекке жатқызуға болады.

Ұйықтардың алдында мүмкіндігінше зығыр оттың, тікенді қара өріктің нәрін ішкен жақсы. Жалбыз бен сермене басқа өсімдіктеден гөрі радионуклидтерді жақыс сіңіреді. Жалпы сұйықты көп ішкен жақсы. Күніне үш рет ас қасықпен қызыл шарапты ішкен жақсы.

 

2. Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы.

Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестерге әртүрлі химиялық өнімдердің барған сайын көбірек қолданылуын қажет етіп отыр. Бұл оларды өндіру және үлкен көлемде тасымалдануын қажет етеді.

Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы (төгілуі) ықтимал. Олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай қатер төндіреді.

Алайда, аса қауіпті объектілердің қирауы (авария) кезінде олардың шығуы (төгілуі) нәтижесінде химиялық заттардың барлығы бірдей үлкен залал келтіре алмайды. Тыныс алу органдары мен тері ұлпалары арқылы әсер еткен уақыттағы жоғары улылық, өндіріс көлемінің ірілігі, тұтыну, сақтау және тасымалдау сондай-ақ шыққан (төгілген) кезде негізгі зақымдағыш күйге (бу немесе аэрозоль) оңай өту қабілеті сияқты белгілі бір қасиеттері үйлескен кездегі химиялық қосылыстардың бір бөлігі адамдардың жаппай зақымдауына себеп бола алады.

Қазіргі уақытта белгілі бірнеше оңдаған мың химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан (төгілген) кезде адамдардың жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады.




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.