Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімдерінде Ауа-От ерекшеліктері бар адамдар 9 страница



– Қастер бауырым, сөзіңіз аузыңызда. Рұхсат болса өз басымнан өткен, көзім көрген, естіген нақты дәйектерге негізделген оқиғаларды айтып берсем қалай қарайсыз?

– Әп бәрәкелді, онда жақсы болды ғой, жаңағы айтқан тақырыбымызға дәлелді дәйек болып, менің болжауымды бекіте түсер еді. Ал тыңдайын.

 

Ұшатын тәлеңкелер. Әсет Мұқашбековтың көріп-естігендері

– Менің туып өскен жерім бұрынғы Семей обылысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы. Біздің ауыл Қытаймен іргелес, Тарбағатай бауырының шұрайлы, шалқып жатқан суы, жасыл-желекті нуы, жемісі мол, жанға жайлы, қары қалың болса да қысы жылы болады.

Неге екенін білмеймін, мүмкін біз Семей полигоны мен Қытай полигонының ортасында тұрғаннан ба, тап осы біздің өңірде ұшатын тәлеңкені көрушілер өте көп, ұшып келіп Тарбағатай тауының ішіне кіріп жоқ болып кетеді, өзі көбінесе таң алдында көрінеді, кей кездерде ел жатар кезде де ауылдың үстінде ойқастап ұшып жүреді. Өз басым бірнеше қабат көрдім, ұмытпасам 1989 жылдары 30 шақты комбайн «Балатөбе» деген алқапта егін шауып жатқан. Ол кезде жұмыс түнгі бірге дейін, мен қырманда күнделікті түскен астықтың мәліметін қортындылап отырғанмын. Бір уақытта қырманда жұмыс істеп жүрген 40-50 әйел шу ете түсті: «ұшатын тәлеңке, ұшатын тәлеңке!», –деп. Мен де шыдай алмай далаға атып шықтым, қарасам дәл қырманның төбесінде асылып тұр екен, жап жарық шамын жағып 5 минуттай тұрып зу етіп комбайн жаққа қарай кетті, ешқандай дыбыс жоқ, ал жылдамдығына көз ілеспейді. Сол тәлеңке комбайндарға барыпты, ал түнде шауып жүрген 30 комбайынның жарығы қандай! Шамдарын жағып әрлі берлі ойқастап жүргендері бейне бір майдан даласын елестетеді, жұмыс аяғы болатын, комайнерлер комбайндарын реттеп қатарға қойып біткенше бақылап тұрыпты. Осыны сол күні алқапта болған 60-70 адам түгел көрді. Бірер сағаттан соң әлгі ұшатын тәлеңке қайта айналып қырманға келді. Сол кезде комбайндардың қасында жүрген біздің бас инженер Овчинников Михаил рациямен: «Әсет, тәлеңке сендерге барды», – деп айтқанда 100-150 метрдей биіктікте тұрған тәлеңке шамын өшіре қойды, бірақ болар болмас көрінетін жарығын жағып ұзақ тұрды. Сонда біздің рациямен сөйлесіп жатқанымызды олар естіп тұрды.

Енді бірде мені таситын Әсет деген жүргізушім, екеуміз аттаспыз: «Әс-аға, мен кеше таң алдында, кезекшілікте жүргенде ұшатын тәлеңкенін қонған жерін көрдім, жақындап баруға қорықтым», – деді. Біздің шаруашылық күнбағысты көп егетін, соны мамандар, көбінесе өзім машинамен түні бойы айланып жүріп күзететінбіз. «Олай болса қонған жерін көрсет», – дедім. Біздің ауылдан 10 км қашықтықта Жидебай өзенінің екі айырығында меншік қой отыратын үлкен алқап бар, сонда қоныпты. Күз кезі, дәнді масақ алқабын жинап алғанбыз, енді қалғаны күнбағыс қана болатын. Алаңқайға бара сала бір шетінен өрт қойдым. Себебі шөбі тізеден асады, ешқандай із көре алмадым. Ертеңіне сол жерге барып мұқият тексеріп аралап шықтым, көргеніме таң қалып жағамды ұстадым. Тәлеңке қонған жердің аумағы футбол алаңының аумағындай дөп дөңгелек, ортасы күймеген, ал шеті саусақтың жуандығындай ғана толық шеңбер боп қап қара күйіп кетіпті.

Енді марқұм болып кеткен Науалы ауылының тұрғыны Мурсалимова Қымбат апайдан естігенімді айтып берейін. «Менің Аякөз маңында бір совхозда жанұясымен бірігіп шопан боп істейтін құдағиым бар. Олар Тарбағатай бауырының бер жағына жайлауға шығады екен. Жаз кезінде құдағиым 90-ға келген шешесі екеуі ғана үйде қалады. Күндізгі 12 тапа тал түс. Бір уақытта құдағиымның көзіне шағылысқан айна сәулесі түседі. «Мына айдалада маған айна түсіріп қалжыңдап жүрген қай жүгермек?», – деп жан-жағына қарайды ешкім көрінбейді, сонан соң аспанға қараса тура киіз үйдің төбесінде жалт-жұлт етіп 50-60 м биіктікте ұшатын тәлеңке асылып қалықтап тұр. Қорыққанынан еңбектей қашып екінші ас ішетін киіз үйіне кіріп кетеді, ал далада күн шуақтап отырған шешесі бетін жаулығымен жауып алып, үні шықпай отыра береді. Киіз үйге кіріп сабасына түскеннен кейін үйдегі дүрбіні алып, жабықтан сығалап қарайды. Қараса үлкендігі сұмдық, аумағы футбол алаңындай, дөп-дөңгелек, біріне-бірін жауып қойға тәлеңкеге ұқсайды, қаптаған терезелеріне перде тағып қойған, сыртқы қабығы жалт-жұлт еткен аппақ шәй қағазы (фольга) сияқты бірдемеден жасалған. Осы ұшатын тәлеңке тұрған орнында тапжылмай 2 сағат киіз үйдің төбесіне төніп, қалықтап тұрады. Құдағыйым тірі жан көрінер ме екен деп екі сағат бойы дүрбімен қызықтап қарап отырады, өкінішке орай жан иесін көре алмапты. Тура түстен кейінгі сағат екіде ұшып кетіпті».

Келесі әңгімем 1987 жылдары болған, бір күні комбайнер болып жүрген Қасабаев Өндірхан деген ағамыз келіп: «Менің ұлым Саяуышты ұшатын тәлеңке қуыпты», – деп айтып келді. Ол кезде оқушы Саяуыш әкесіне көмекші болып жүрген. Таңертең Саяуышты жұмыс арасында шақырып алып: «ал бауырым, ана әкең не айтып жүр?», – деп сұрадым. «Ой аға, кеше сағат таңғы 4-те Семейдің автобусынан келетін шешемді қарсы алайын деп, велосипедіме мініп Малақ аялдамасына бардым. Бір уақытта аспаннан бір жарық көрінді де, жайылып жүрген екі сиырдың үстіне біраз қалықтап тұрып, тура менің төбеме келді. Жарығы күндізгі жарыққа ұқсайды, қорыққанымнан ауылдың шетіндегі Мұқаметқазының үйіне қарай велосипедіме міне салып тұра қаштым, даласында тұрған комбайнге жете бергенде мұрттай ұшып түстім. Сонда да аяғыма оралып жүрген велосипедімді сүйрей-мүйрей комбайннің астына кіріп кеттім».

Осы ұшатын тәлеңкені Саяуыштың бауыры Жақсылық та көрген: «Қыс кезі болатын, қар қалың. Түн күндізгідей жап жарық. Біздің үй ауылдың ең шетінде, бір шақырымдай жерде ескі жүзімдік алқап бар. Таңғы сағат 3 мөлшерінде кіші дәретке шығайын деп далаға шықтым. Бір ыңылдаған токтың даусы естіледі, бұл не деп жан жағыма қарасам тура жүзімдік алқаптың ортасында қызыл жарығы жалтылдап ұшатын тәлеңке қонып отыр екен. Көлемі недәуір үлкен, бір біріне жауып қойған тәлеңкеге ұқсайды. Даусы ерекше, ток жүретін сым темірлерде естілетін ыңылдаған дыбыстан әлдеқайда күшті, қыс кезінде дауыс жақсы шығады ғой. Сол дауыс әлі күнге дейін құлағымнан кетпейді. Біраз қарап тұрғаннан кейін тоңып үйге кіріп кеттім, ол кезде мектепке енді барып жүргенмін».

Бұл 1999 жылы күзде болған жағдай. Колхоз тарап аласапыран заман болып жатқанда мен 140 жанұямен жеке бөлініп 1000 га егістік алқап бөліп алып «Қусақ» өндірістік кооперативін құрғанмын. Сол жылы 100 га алқапқа агротехникалық талаптарға сай күнбағыс ектім, керемет бітік шықты. Күнбағыс алқабы ауылдың іргесінде, бірақ ел ұрлап маза бермейді. Сонан кейін 16 жігітті күнбағыс алқабын күндіз-түні күзету және алма-кезек ауысып отыру үшін – үш кезекпен күзетке қойдым. Кей кездерде «Байқоңырдан» ұшқан жер серіктері біздің ауылдың тұсынан Тарбағатай тауына қарай көлбей ұшады, жәй көзге де анық көрініп тұрады. Түнде күзетте болған жігіттер Әділов Азат т.б. айтып келді: «аға, ұшқан жер серігімен бірге біраз уақыт бойы ұшатын тәлеңке де жанамалай қатарласа ұшып біраздан кейін бұрылып алып басқа жаққа ұшып кетті», – деп. Сол күні түнгі күзетшінің біреуі Оспанов Бекен кезектен ұйықтап қалып таңғы 3-тен асқанда ұйқылы-ояу жұмысқа келе жатады. Күнбағыс алқабының шетінде демалу, тамақтарын ішу үшін киіз үй тігіп қойғанбыз. «Киіз үйге жете бергенімде кенеттен аяқ астымдағы бір метрдей жер дөп-дөңгелек, жап-жарық болып кетті, түсінбей қалдым. Сонан кейін төбеме қарасам дәл төбемде 70-80 метрдей биіктікте ұшатын тәлеңке қалықтап тұр, ешқандай дыбыс жоқ. Жарығы кәдімгі жарыққа ұқсамайды. Жарығы көзіме ұрғаннан кейін түр-түсін анықтап көре алмадым. Бір уақытта басымды біреу тұқыртқандай болып төбем шымырлап қатты ауырып кетті. Миым солқылдап кеткендей болды. Жалма-жан киіз үйдің ішіне кіріп кетіп жатып қалдым, басым ауырып жұмысқа шыға алған жоқпын».

Біз жақта әсіресе күз кезінде аспан шайдай ашық болып, түнде жұлдыздар ап-анық, аспан әлемінің мөлдірлігі мен тұнықтығы, тым тырыс тыныштығы қайталанбас көрініс беріп тұрады. Мен күнбағыс алқабын күзеткенде түні бойы жігіттермен бірге боламын. Трактордың үлкен тіркемесіне жұмсақ қылып шөп салып аламыз да шалқамыздан жатып соғыс дүрбісімен аспан әлемін бақылаймыз. Алматының көшелеріндегі көліктер сияқты жосылып жатқан жер серіктері, бірақ олардың ішінен ұшатын тәлеңкелерді қолма қол айырып алатын болдық, себебі олар да жер серіктеріне ұқсайды, бірақта ұшып келе жатып кенеттен тоқтап жұлдызға ұқсап тұрады да ытып ала немесе жоғары не төмен құлдилап ала жөнеледі.

Осы әңгімелердің бәрі болған оқиғалар, бір ауылдың өзінен жүздеген адамдар куә болып көздерімен көрген. Мен осыны біреулерге айтсам сенбейді, мүмкін емес деп. Өздері білсін. Енді осыдан кейін қайтіп басқа ғаламшарда жан иелері жоқ деп айта аламыз?

Экономикалық география ғылымдарының докторы, доцент Қастер Сарқытқанұлының екінші толғауы.

Тақырыбы: Пәндік әлемді қабылдайтын сезім мүшелері. Адамда қанша дене бар? Нәзік денелер дегеніміз не? Ашыққан уақытта қалай жазылып кетеміз? Қарымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңын қалай түсінуге болады? Адамның имансыз, иманды болуы неге байланысты?

 

Дене құрлысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз – тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау. Ибн-Сина

 

Сұрақ: – Қастер бауырым, пәндік әлемді қандай сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, пәндік әлемді бес сезу мүшесімен қабылдаймыз. Бұлар: құлақ – есту, көз – көру, мұрын – иіскеу, тіл – дәм, тері – сезу жұмыстарын атқарады.

 

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Біреуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әр істі сол тексермек. Шәкәрім

 

Адам табиғаттың тек үш жағдайын ғана көре алады: қатты, сұйық, бу тәріздес. Мысалы: мұз, су және бу. Осыған қарап табиғатта басқа қалыптар жоқ екен деп ойлап қалуға болмайды.

Адам көбінесе физикадан жоғары жағдайды және түнде көрмейді. Құлақ әр түрлі жиіліктегі толқындарды, тербелістерді нәзік деңгейде – ал сөзді, әртүрлі дыбыстарды тұрпайы физикалық деңгейде қабылдай алады. Сөз де дыбыстар сияқты нәзік, ерке, жайма шуақ, жылы, жағымды, сергек т.б. сапаларға ие. Олар біздің ақылымызды мамыражай қалыпқа әкеліп сабасына түсіреді. Осыған қарама-қарсы сапасы бар сөздер мен дыбыстар: дөрекі, шалт, мазақтайтын, жаралайтын, шаншатын, кемсітетін, тұқыртатын т.б. – мазасыздыққа, үрейленуге, толқуға, тіпті адамды өлтіріп жіберетін де сөздер болады. Қазақ: «сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді», – дейтіні осыдан. Біздің санамызға байланысты – нәзік денелеріміз құлақ арқылы жақсыны да, жаманды да ақылды қобалжытпай қабылдай береді.

Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Біздің көзіміз тұлғаны көріп қабылдауға байланысты бірқалыпты немесе мазасызданып қабылдауы мүмкін. Біздің сезімдеріміз таңсық затты – ұстап, тістеп, сипап, ие болып немесе сатып алу қалауын тудырады. Немесе керісінше: қызғанышты, құмарлықты, ызаны, көре алмаушылықты тудырады. Ақыл мазасызданып, саралау қабілетінен айрылып, адам ақыл дың емес сезімнің жетегіне еріп кетеді. Қысқаша: «адамды жан емес тән билейді».

Ашу жеңсе, адамда ақыл қалмас,

Ой ойланып, орынды іс қыла алмас.

Болмай соған бойыңды тоқтатып ал,

Ыза менен мастықтың түбі жалғас. Шәкәрім

 

Тері арқылы қоршаған ортадан хабардар боламыз: ауа райының суықтығы, жылылығы, құрғақтығы, ылғалдығы т.б. Бізді сипағанда, еркелеткенде жадырап қаламыз, егер піскілесе, кессе, ұрса – керісінше. Біздің ақылымыз қолма-қол қарсы әрекетке көшіп қан құрамымыздың химиялық қоспалары өзгеріп кетеді.

Танауымыз арқылы жердің, гүлдердің, өсімдіктердің, тамақтың т.б. иістерді сеземіз. Хош иістер ақылымызды сабасына түсіріп, жақсы әсер береді. Иіс мұрындағы шырыш қабығы арқылы беріліп жүйке жүйесі қанымызға әрекет етеді. Осы әрекеттің нәтижесінде дене мамыражайлық қалыпқа еніп сауығып кетуі мүмкін. Неше түрлі бояулардың, химиялық қарулардың әсерінен көзден жас парлап, ішкі мүшелерге жара түсуі де мүмкін.

Тіл бізге өсек соғып, біреуді сыртынан ғайбаттау үшін берілген жоқ. Тілдің қызметі дәмді ажырату. Тілдің үнемі ылғалды болуы – ол сусыз дәм ажырата алмайды. Иістеніп, ескіріп кеткен тамақ тілдің тазалығын жояды. Таза емес тіл ақылды алжастырады. Өз тіліне ие болмайтын адам – асқазаны мен жыныс нәпсісіне де ие бола алмайды, себебі тіл, асқазан және нәпсі мүшелері бір түзудің бойына орналасқан.

Осы сезім мүшелері сырттан келген хабарды тек тәнге ғана беріп қоймайды, сондай-ақ осы хабарлар нәзік денелерге де әсер етеді. Егер таяқ жеп денеміз көгеріп қалса, осыған сәйкес нәзік дене де көгереді. Жиі айтамыз не естиміз: «құлағым қызарып, екі бетім дуылдап барады – мені біреу сөз қылып жатыр», – деп. Бұл сөздің нәзік денеге әсер етуі. Бұл – біз өмір сүретін қоршаған орта.

Сұрақ: – Қастер бауырым, нәзік денелер дегеніміз не? Олардың бір бірімен айырмашылықтарын қалай білеміз?

Жауап: – Әсет аға, адамда көзге көрінетін тәнінен басқа көзге көрінбейтін нәзік алты денелері бар, өзінің денесімен жетеу. Қазақтың «жан жеті қабат» деген ұғымы осыдан шығады. Олар эфирлік дене немесе адамның өміршеңдік нәзік денесі, ол денеде адамның өміршеңдігі мен қуаты орналасқан, екінші дене сезім мен әсер денесі, үшінші ақыл денесі бұнда адамның ойлауы мен пайымдауы орналасқан, төртінші дене ес денесі немесе өре, (интеллект), мұнда адамның есі мен қабілеті орналасқан, бесінші дене рух, алтыншы дене жан, жетінші дене – өзінің тәні.

Сұрақ: – Ашыққан уақытта адам тәні қалай жазылып кетеді? Ашыққан уақытта осы нәзік денелер қандай қызметтер атқарады?

Жауап: – Адам ашыққан уақытта осылардың алдыңғы төрт нәзік денелері ғарыш арқылы тамақтана бастайды. Тәнге сырттан қорек келмегендіктен 2-3 тәуліктен кейін буындардағы тұз, қан тамырларының ішіне арам ет болып өсіп алған – холестерин, маңқа, шырыш, т.б. қалдықтармен тамақтануға мәжбүр болып, ішіндегі қоқыстар мен улардан арылып, өзін-өзі тазалай бастайды. Адам өзінің тәндік ауруынан осылай жазылып кетеді. Осы кезде адамның нәзік арналары ашылып, эфирлік – өміршеңдік немесе қуат денесі, сезім мен әсер денесі, ақыл – ойлау мен пайымдау денесі, ес пен өре – қабілет денелері жанның рух денесін тамақтандырып ғарыштан, ауадан қуат алып олар да тазаланып адамның жүрегінің кірі аршылып, рухани ілімді өзінен-өзі түсініп, қабылдау мүмкіншілігіне ие болады, осылай тазаланған әрі тамақтанған жанның рух денесі немесе таза ақылы жоғарғы әлеммен байланысқа түседі. Сол уақытта адамға өмірдің құпия, тылсым дүниесінің сыры түсінікті болып, адамға Алла Тағала да ашылады. Адам имандылық жолға түсіп, дұрыс өмір сүре бастайды.

Сұрақ: – Қарымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңын қалай түсінуге болады?

Есіңізде болсын: – Жаратушының жасаған қарымта қайыру заңы бойынша «не ексең – соны орасың», істеген қайырымдылық пен жақсылығың да, жауыздық пен жамандығың да тек қана осы өмірде өзіңе қайта қайтып келеді. Бұл – әлемнің әділет заңы. Әр пенде жаны бөлек болғаннан кейін, өзі де бөлек. Осы фәни өмірде жасаған жақсылығы да, жамандығы да тек өзіне белгілі бір мерзімнен кейін қайтып оралады. Ашығып ораза тұтқан уақытта – істеген күналарының белгілі бір мөлшері жанып кетеді, яғни кешіріледі, қалған күнәләрі көп болса о дүниеге бірге алып кетеді. Ал істеген жақсылығы мен қайырымды істерің, тұтқан оразаң өзіңе еселеп, жақсылық боп оралады, міне ораза тұтып ашығудың бір құпиясы осында. Адам рухани да, материалдық та байып дәулеті асып жақсы жолға түседі және осы өмірде шексіз бақытқа, ұзақ ғұмырға, дәулетті тұрмысқа қолы жетіп, сыңғырлаған денсаулық иесіне айналып, салауатты өмір мақсатына жете алады. Тыныштық пен алаңсыздыққа қолы жетеді, осы жақсылығы оның жанұясына және балаларына да керемет әсер етіп, олар да осы жолға еріксіз түсетін болады.

Пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздары осы деңгейге жету үшін далаға кетіп қалып 40 тәулік ашығуды ұстанған, сол кезде оларға әлемнің тылсым дүниелері ашылып, жоғарғы әлеммен байланысқа шыққан. Мұхаммед пайғамбарымыздан сақабалары сұрапты: «Сіз қалай 40 күн аштыққа шыдайсыз?», – деп, сонда пайғамбарымыз: «Мені Алла асырайды», – депті. Жаратушы осындай жолмен күнәләріңнен құтыла отырып тәніңді, жаныңды, рухыңды тазалау арқылы жақсылыққа жетуге жол ашып қойған. Ерікті өз қолыңызға ғана берген, таңдау құқы өзіңізде. Осыны қарымта заңы дейді. Бұл туралы Құранда былай дейді: «Кім имандылықпен қандай болмасын қайрымдылық жасаса, ол оның өзіне қайырымдылық болады».

Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с..)

 

Сұрақ: – Қастер Сарқытқанұлы, адамның имансыз, иманды болуы неге байланысты?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, адамның иманды немесе имансыз болуы, оның іс-әрекетінің барысы, көбінесе «меніне» байланысты. Жан мұқтажы үшін әрекет етсе, адам тазарады, ал тән мұқтаждары үшін әрекет етсе, ол осы фәни өмірге байланып, ішкі дүниесі кірлене береді.

Неге адам қайтыс болғанда әлемнің барлық халқы діни сеніміне байланыссыз – үшін, жетісін, тоғыз күнін, кырқын, жылын береді. Себебі, алдында айтылған адамның нәзік денелері бақи әлемге бір жылдың аралығында біртіндеп-біртіндеп, кезекпен кетеді. Ол адамның қарымта қайтару заңына сәйкес осы дүниеде істеген күнәсі мен қайырымдылық істеріне байланысты. Күнәсі көп адамның рухы жоғары әлемдерге тез арада кете қоймайды, ал жақсы адамдікі тез кетеді. Мұсылман дінінің шарты бойынша өзіне өзі қол салған адамға жаназа шығарылмайды, Неге? Оның жаны мен нәзік денелері бақи өмірге бара алмай, ғаламшарды кезіп қиналады, себебі ол Жаратушының, табиғаттың заңына қарсы шығып, өзінің пешенесіне жазылған фәни өмірдегі табиғи жасын жасамай, өзіне-өзі қол жұмсады. Осы жағдайдың толықтай болмаса да, салауатты өмір сүрмеудің нәтижесінде, табиғат берген денсаулықты бағаламай, тәнін де, жанын да, рухын да ауық-ауық тазаламай, мезгілсіз ажалдың құрбаны болған пенделерге де қатысы бар. Оларға арақтан, бәңгіден (наркотик), артық тамақтану мен семіздіктен, тазалық сақтамай неше түрлі жұқпалы ауру жұқтырған т.б. толып жатқан келеңсіздіктерден күйіп, жарылып т.б себептермен мезгілсіз ерте өлгендер де жатады. Қарымта заңына сәйкес жазықсыз кісі өлтіргендер көп ұзамай өздері де ит өліммен өледі, не қалған өмірі азаппен, қиналумен т.б. жайсыздықтармен өтеді. Бұған нақақтан кісі қанын мойнына жүктегендер, кісі ақысын жегендер, ұрылар т.б. жатады.

Ашығу ілімін ұстанушы Әсет Мұқашбековтың екінші толғауы.

Тақырыбы: Рухани білім алуымның бастауы. Дін дегеніміз не? Діни жанкештілік (фанатизм) қалай пайда болады?

Орташа өмір сүріңдер. Дін жолына қатты беріліп кеткен адам да кейін өкініште қалады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, жалпы қысқаша айтқанда дін дегеніміз не?

Жауап: Рақым Алмабекұлы, дін Жаратушыны танитын құрал, оған апаратын жол. Сондықтан да Жаратушы жалғыз, оған баратын жолдар әртүрлі. Бір дінге сенетіндердің өздерінің ішінде де бірімен-бірі таласып, тіпті қырылысып жататындарының басты себебі де осында жатыр, әркім өз жолын ғана дұрыс деп есептейді, басқа дін ағымындағыларға осыны дәлелдемекші болады. Мысалы: өзіңіз киіз үйді көз алдыңызға елестетіңізші, шаңырақ біреу-ақ, ал қаншама уық осы шаңыраққа ғана барып кигізіледі.

Сұрақ: – Дін мен даналық ілімінің (философия) екеуінің арасында байланыс бар ма?

Жауап: – Дін ілімі өте терең даналық ілімі (философия) екенін түсінбейді, не оқытқан кезде оны қабылдауға, игеруге өрелері жетпейді. Дін мен даналық ілімі (философия) бір бірінен ажырамайтын егіз ұғым, егер дін даналық ілімінен ажырап кетсе онда тек адамның сезімін білдіріп, соңы жанкештілікке (фанатизм) айналады, ал даналық ілімі діннен ажырап кетсе бос мылжыңға айналып кетеді.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.