Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімдерінде Ауа-От ерекшеліктері бар адамдар 5 страница



Жауап: – Әсет Ризаұлы, менің ендігі айтайын деп отырғаным ашығып ораза ұстай алмайтын және таңертең жүгіріп жаттығу жасамайтын адамдарға арналған тыныс алу жаттығулары. Қазір өзім осымен үзбей шұғылданамын, күніне 15...20 минут уақытым кетеді, есесіне керемет жақсы әсер беріп, күні бойы сергек, тың қалпыңды жоғалтпай жүресің. Көптеген адамдардың жүгіруге, жаттығу жасауға, ашығу ұстауға уақыттары да, қабілеттері де жете бермейді. Сондықтан қай жерде болмасын жасауға болатын 15...20 минуттық тыныс алу жаттығуының әдісін айта кеткенді дұрыс па деп отырмын.

Біз жаттығуларымызды бастамас бұрын, қолыңызды қарныңыздың үстіне қойып, кәдімгі кездегідей дем алып, дем шығарыңыз. Біраздан кейін өз дем алуыңызбен, жаттығу жасағандағы дем алыстың айырмашылығын сезесіз. Аяқтарыңызды иықтың кеңдігіндей мөлшерде ұстап, түзу тұрыңыз. Енді орындыққа отырып жатқаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Қолдарыңызды аяқтарыңызға тіреп, тізеңізді аздап бүгіп, алдыға қарай еңкейіңіз. Бөксеңіз артқа қарай, ал алақандарыңыз тізеден 2,5 сантиметірдей жоғары болсын. Осы қалыпта, жаттығулардың аяққы шеніндегі болатын, қарынды ішке тарту жеңіл орындалады.

1. Өкпеңіздегі барлық ауаны аузыңыз арқылы шығарыңыз.

2. Танауыңызбен тез дем алыңыз.

3. Диафрагмадағы барлық ауаны күшпен аузыңыз арқылы шығарыңыз.

4. Тынысыңызды 7...8 рет санағанша тежеп, қарныңызды ішке тартыңыз.

5. Ішпен дем алып, босаңсыңыз.

Бірінші асу: Өкпедегі қалып қалған ауаны, аузыңызды шүршитіп алып түк қалдырмай. бірқалыпты, біртіндеп шығарыңыз.

Екінші асу: Өкпеңіз босағаннан кейін, ерніңізді жымқырып алыңыз. Аузыңызды ашпай, танауыңызбен тез, шалт дем алып өкпеңізді ауаға толтырыңыз. Осы кезде танауыңыз шаң сорғыштың даусындай дауыс шығарса, бәрі дұрыс.

Үшінші асу: Өкпеңіз ауаға толып кеткеннен кейін, басыңызды әнтек көтеріңіз. Ерніңіз жымқырулы болсын. Сіз қазір аузыңызды кең ашып, диафрагмадан төменгі ауаны тез, шалт шығарасыз. Осы кезде сіздің ерніңіз бен өңешіңізден емес, диафрагамыңыздан «һаһ!» деген дауыс шығуы тиіс

Төртінші асу: Барлық ауа шықаннан кейін аузыңызды жауып, тынысыңызды тежеңіз. Басыңызды еңкейтіп, қарныңызды ішке тартып, бүкіл іш құрлысыңыз қабырғалардың астына сіңіп бара жатқанын көз алдыңызға елестетіңіз. Осы кезде 8 – 10 санағаныңызша дем алмаңыз.

Бесінші асу: Енді тыныс алып, іш мүшелерін босатып, босаңсыңыз. Дем алған кезде ауаның өкпеге қалай лап еткенін сезінуіңіз және даусын естуіңіз керек. Әрқашанда танаумен дем алып, ауызбен шығарыңыз.

Осы жаттығуларды бірінші рет жасағанда басыңыз аздап айлануы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, себебі сіздің ағзаңыз оттегінің мол мөлшеріне әдеттенуі керек қой. Осы жаттығуларды таңертең ерте, аш қарынға, таза ауада 15 минут жасау керек.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар аудандық емханасының перезентхана бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Ақбала Бекежанқызы Кенесаринаның толғауы

Тақырыбы: Сана деңгейлері қандай болады? Адам анасының жатырында қалай дамиды?

Тәннің ләззаты – саулығында,

Жанның ләззаты – білімінде Фалес

 

Ерлі-зайыпты Дәулет Көпжасарұлы мен Ақбала Бекежанқызы, өз беттерімен көп ізденетін, «сегіз қырлы бір сырлы», өмірде оқығаны мен тоқығаны, көңілге түйгендері өте көп – тұңғиық білім мен тәжірибе иелері.

Дәулет Көпжасарұлы – Ұржар аудандық емханасының жансақтар бөлімінің ашылғаннан бергі меңгерушісі, аудандық аурухананың жетекші маманы, ал жұбайы Ақбала Бекежанқызы – аудандық перзентхана меңгерушісі, екеуі де жоғары санатты дәрігерлер.

Дәулет орта бойлы, аққұбаша келген, дене бітімі қалыпты, бұлшық еттері жақсы жетілген, ердің жасы елуге таяп қалған жігіт ағасы. Ширақ жүріс тұрысынан, дене бітімінен денсаулық самалы соғып тұрған, алған бетінен қайтпайтын, тәуекелшіл, қандай істі болмасын жігерленіп істейтін қайратты жан. Ерлі зайыпты Дәулет пен Ақбаланың күлімдеген жанарлары бірқалыпты шуақ шашып, жүздерінен ақылды адамдарға ғана тән мейірімділік пен жоғары саналылық, парасаттылық, мол адамгершіліктері – олардың текті тұқымнан шыққан асылдың сынықтары екенін айшықтап тұрса, қазіргі таңда дәрігерлер арасында сирек ұшырасатын Гиппократ антына табандылықтары, қазақтың тілі мен ғұрып дәстүрлерін, ауыз және жазба әдебиетін жетік білетіндері, бір орында 25 жылдан астам тұрақты қызмет істеп келе жатқандарының өзі-ақ, ұлтымыздың қазіргі таңда сирек кездесетін зиялы азаматтары екенінің бұлтартпас дәлелі емес пе?! Дәулет пен Ақбаланың жоғары білімді Ақжан, Гүлназ атты шырақтары мен Алтынай атты немерелері бар бақытты да, үлгілі жан ұя.

(Ескерту: Ақбала Бекежанқызы Кенесарина – Абай атамыздың досы Базаралының шөбересі, Кеңгірбай бидің ұрпағы).

 

Сұрақ: – Ақбала Бекежанқызы, сана деңгейлері қандай болады?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, жан иелері адам денесін алу үшін ұзақ сатылы (эволюциялық) даму жолынан өтеді. Қозғалатын және қозғалмайтын тіршілік иелерінің бәрінде де сана болады. Ол таста, минералдарда, ағаштарда т.б. Таулардың, жоталардың өсетінін, ағаштың көріп иіс сезетінін ғалымдар баяғыда-ақ дәлелдеген. Ең төменгі сана таста, минералда, сонан кейін өсімдіктерде, онан жоғары балықтар – дәм сезуі жетілген. Араларда иіс сезу жетілген болса, жыландардың есту қабілеті ерекше. Құстар тұлғаны не өзінің жемтігін биіктен жақсы көре алады. Құстардан да жақсы дамыған төрт аяқты хайуандар, ал осылардың ұшар басын адам тектестер тұйықтайды. Осы қосамжарлықтан адамның ғана жаны азат бола алады.

 

Атаның шаһуатының көп қой мәні,

Ананың құрсағында қан болғаны.

Құс пен адам болар деп кім айта алар,

Өлі қан мен жаны жоқ жұмыртқаны.

Басында оның киімі шаһуат еді,

Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні!

Денесі неше миллион құбылса да,

Оның жаны – баяғы ескі жаны.

Сезімінің зорайып, азаймағы –

Қандай түрде болғаннан оның тәні.

Қайда барса, ол өзін "өзім" дейді

"Өзім" деп денесі емес, жанды айтқаны.

Сол жаннан тіпті "өзімдік" жоғалмайды,

Есеп емес, сан өліп, сан қайтқаны.

Шәкәрім

Сұрақ: – Адамның санасы дегеніміз не? Адам анасының жатырында қалай дамиды?

Жауап: – Адамның санасы туарда анасының жатырында жатып дамудың барлық сатыларынан өтеді. Ұрықтанған кезде еркектің шаһуатының әйелдің жұмыртқа жасаушасымен қосылып – бес тәуліктен кейін жасауша жұмыртқасының бөліну нәтижесінде тамшы пайда болады. 10 күннен кейін тамшы өріктей болып не жұмыртқаға, не қауашаққа айналады. Алғашқы айда бас, екінші айдың аяғына таман – қол, аяқ т.б. дене мүшелері пайда бола бастайды. Үшінші айдың соңында аяқ пен қолдың саусақтары, шаш, сүйектер, тері, жыныс мүшелері мен тесіктер пайда болады. Төрт айдан кейін құлын мүшелері түгенделіп бітеді. Бесінші ай аяқталар кезде – жан аштық пен шөлді сезеді, ал алтыншы айдың бітісінде су қабымен қапталып жатырдың не оң, не сол жағына орналасады. Оң жаққа орналасса еркек бала, ал сол жаққа орналасса қыз бала болғаны. Анасының жатырында болашақ адам өте жаман жағадайда болады, бірақ сана төмен болғандықтан осы азапқа шыдап кетеді. Сәби мойны қисайып басын ішіне қарай тығып алып тізесінің қолымен жауып төмен қарап бүктеліп жатады. Егер үлкен адамды осындай жағдайға салса бірнеше минутта өмір сүрмес еді. Жеті айдан кейін санасы оянады, өзіне соққан желдің лебін сезеді. Өзінің тар қапаста жатқанын білген адамның жаны жүрегінде орналасқан ғазиз жаннан (Алланың қуатының кішкентай бөлшегі) осы қапастан алуын сұрайды және Оны ұмытпасқа ант етеді. Бірақта жарық дүниеге келіп ата-анасының аялы алақаны мен қамқорлығына бөленгеннен кейін берген анты есінен шығып кетеді. Осы әлемде барлық адам баласы әйтеуір бір кезде ант-су ішеді, бірақта осы пәндік әлем сияқты олардың да ант-суында пәтуа болмайды.

Жоғарыдағы менің Шәкәрім атамның өлеңі – Шәкәрім қажының рухани жетілу шыңын, биік философиялық ой-өрісінің деңгейін білдіретін шығармалардың бірі. Осы қысқа өлеңде жан иелерінің өзін-өзі тану бағыты, оның өзінің кім екені, бұл әлемге қайдан және қалай келетіні өте қысқа тұжырымдармен тезис ретінде беріліп отыр.

Атаның шаһуатының (ұрықтың) мәні шынында да көз жетпейтін тереңде жатыр. Себебі, жан иелерінің келешек өміріндегі көретін бақыты мен қорлығы, адамшылық қасиеттері осы шаһуаттың қуат түріне, оның ана құрсағына түсу уақытына, жағдайына және басқа да көптеген себептерге байланысты. Қандай жан иесі болса да ұрықтан, не болмаса жұмыртқадан тарап, өмірге келеді.

Адам баласы өмірге келу үшін әуелі әке шеше құрсағына өзінің ұрығын салу керек, ал шеше одан әрі оны бала қалпына келтіріп қалыптастырады. Яғни, әке – жаратушы, ал шеше – қалпына келтіруші. Бұндай ойларды Шәкәрім мен Абай аспан, не болмаса күн мен жер, олардың арасындағы байланыс туралы жазылған өлеңдерінен алуға болады. Күн мен жердің арасындағы махаббаттан бүкіл жер бетіндегі жан иелері туып, өмірге келеді. Махаббатқа жан тартылып шаһуатпен ана құрсағына түседі. Шәкәрім айтпақшы, басында оның киімі шаһуат еді. Ананың құрсағына түскен соң жан ананың ұрығына оранып қызыл қан қалпын алады. Әрі қарай жан өзінің рухына байланысты, ақын сөзімен айтқанда, неше миллион құбылып, өзіне дене қалыптастырады. Рухтың қасиеттері жан иесінің өткен өмірінің нәтижесіне байланысты. Бірақ, денесі өзгерсе де, оның жаны – баяғы ескі жаны болып, өзгермейді. Медицинаның дәлелдеуіне қарағанда ана құрсағында оның денесі өсу барысында әртүрлі болып өзгереді екен. Құрсақтағы баланың денесі балықтың қалпынан бастап, жер бауырлаушылар, құстар және басқа да түрлі хайуанаттардың қалпын алып, ақыры адам түрін алады. Бұл – материалдық ғылымға түсініксіз құбылыс болып көрінгенмен, рухани тұрғыдан алсақ, оны түсіндіруге болатын сияқты.

Өмірдегі көрген тәжірибенің барлығы жан иесінің генасында жазылып, ол келесі өмірлерде өзінің көрінісін береді. Өткен өмірдегі тәжірибе көрінісін біз инстинкт деп атап жүрміз. Әрбір дене түрінде өзіне лайық инстинкт бар. Соның арқасында барлық жан иелері өзіне тиесілі өмір түрін алып, қалтқысыз өмір сүреді. Шәкәрім сөзімен айтқанда, сезімінің зорайып, азаймағы – қандай түрде болғаннан оның тәні. Сонымен бірге, ол қандай тән алса да өзін "өзім", яғни, жан деп айтқаны. Мысалы, жылан жорғалайды, құс ұшады, аң жүгіреді деген тәрізді. Олардың барлығының негізі – жан. Ең соңында адам қалпын алады.

Жанның өткен өмірі оның рухында жазылып қалғандықтан, құрсақтағы рух өзіне дене қалыптастыру барысында өткен өмірдегі денелерін тағы да есіне түсіріп, бірінен кейін бірін қалыптастырып өтеді. Құрсақтағы бала денесінің түрлі жануарладың порымдарын алатыны осыдан болса керек. Бірақ, табиғаттың сырлы заңдылығы бойынша, ол бұл жарық әлемге келгенде өзінің өткен өмірлерін ұмытып, олардың ең негізгі қорытындыларын ғана қалдырады. Мысалы, жаңа туған баланы ешкім де емшек емуге үйретпесе де, өзі еме береді. Өткен өмірдің адамның есінде сақталмауы тағдырдың бейімділігінің бір көрінісі. Егер адам өткен өмірінде жауласқанын білсе, ол бұл өмірде онымен бірге тіршілік құра алмас еді. Ол өзінің өткен өмірінде жау болғанын ұмытып, бұл өмірде оған дос болып келіп, өзінің қарызын өтеуі мүмкін.

Анаға берілген шаһуаттың құндылығы әкенің қасиеттері, кім екеніне байланысты. Егер әкенің шыққан тегі, өмір сүру әдісі, жан дүниесі жақсы болса, әрине, шаһуаттың құндылығы да соған сәйкес жоғары болады. Барлық өмір көріністері біздің хромосомымызда, әрбір жасаушамызда жазылып, сақталып отырады. Егер ата-тегімізде жаман қасиеттер мен аурулар болса, ол ұрпаққа беріліп, түзету өте қиынға соғады. Жерге отырғызған ұрықтың келешек тегі ағаштың түрі мен қасиетін беретіні сияқты, әкенің берген шаһуаты да келешек ұрпақтың қадір-қасиетін анықтайды. Ал баланың анасы тоғыз ай бойы құрсағында баланың тәнін ғана қалыптастырып қоймайды, ол оның әкесі берген шаһуаттың жақсы-жаман қасиеттерін де өсіреді. Бұл – ең әуелі ананың өзінің қадір-қасиетіне, сонан кейін оның сол кездегі көңіл күйі, ойлаған ойлары мен сезімдері, өмір сүру қалпына байланысты. Яғни, өсімдік ұрығы үшін жердің құнарлығы қандай маңызыды болса, ана құрсағының қасиеттері де шаһуаттың жетілуі үшін сондай маңызы бар. Ананың өзінің қасиеттері мен оның бала көтеру кезіндегі қалай тамақ ішу, ұйықтау, өзінің көңіл күйін басқара білу қасиеттеріне байланысты келешек нәресте қалыптасады.

Мысалы, ғарыш кеңістігінде біздің жер теріс полюс болып өзіне әлемдегі өзіне керекті заттарды тартады. Ал әлем кеңістігіндегі жұлдыздар, оның ішінде күн де, оң полюс болып табылады. Уақыттың әр сәтінде жерге әсер жасайтын ғаламшарлардың (планеталардың) әсері әртүрлі болғандықтан, сол кездегі туған жан иелерінің тағдыры да әртүрлі болады. Оларға сол сәттегі ғаламшарлардың өзара байланысы әсер етіп, сол байланыс адамның алдағы өмірін басқарып отырады. Астрология ғылымы, міне, осы заңдылықты білу арқылы адамның келешек өмірін болжай алады. Ғарыштағы ерітінді – эфир, ал батарея Құдайдың әлемдік көрінісі болып, осылай ғарыш кеңістігіне қуат беріліп, барлық ғаламшарлар (планеталар) арсында үздіксіз өзара байланыс болып жатады. Теріс полюске – жер, әйел жыныстылар, ал оң полюске – күн, еркек жыныстылар жатады. Сондықтан, ана құрсағындағы ұрық өзіне керекті заттарды тартып бала денесін құраса, жер құрсағындағы өсімдік ұрықтары да өздеріне жерден, күннен, ғарыштан өздеріне керекті заттарды тартып, өз денелерін құрайды. Ұрық қасиеті қандай болса, ол өзіне сондай қасиеті бар заттарды тартады. Ұрық маскүнем, күнәһар адамдікі, не болмаса рухани жетілген, иманды адам болуы мүмкін. Ұрық та, соған байланысты, өзіне соған сәйкес заттарды тартып, болмысын құрайды. Сондықтан, туған бала маскүнем, хайуан болып, не болмаса адамгершілігі үлкен адам, әулие болып шығуы мүмкін. Ерітінді – ананың қаны. Қан бүкіл денені аралайтын болғандықтан, онда адамның қандай тамақ ішкені, не ойлап, не сезгені – барлығының әсері бар. Анод, оң полюс бастағы ми зат (ойлар) бөледі де, ол заттар қан арқылы шаһуатқа жетіп, оның нәзік және тұрпайы болмыстарын қалыптастырады. Егер анасының басында "қорғасындай" ауыр, қайғылы ойлар болса, онда шаһуат та сол "қорғасындай" заттармен жабылып, туған бала уайымшыл, ауру, зардапты, ақылы төмен болып қалыптасуы мүмкін. Егер ана – келешек баласының көкірек көзі ашық болсын десе, ол басына "алтын" орналастыруы керек. Яғни, ана жаман ойларға жол бермей, тек қана жақсылық ойлап, көңіл күйін жоғары ұстап, рухани музыка тыңдап балаға "алтын" жіберіп отыруы керек. Сонда шаһуат қымбат металлмен қапталып, дені сау, ақылды, сұлу, барлық қиыншылықтарға төзімді, қымбат бала туады. Бұндай баланың келешегі зор, ата-анасына қуаныш, еліне тірек болады. Міне, осының барлығы аяғы ауыр әйелдердің өздерін дұрыс ұстап, өте қатаң бақылауда болуының зор маңызын көрсетеді. Адамзат ұрпағының келешегі әйелдерге көп байланысты, сондықтан олардың табиғаттың осы заңдылығын мұқият білгендері жөн.

Бала дүниеге келген соң да енді өз болмыстарын қалыптастыратын заттарды өзін қоршаған ортадан, табиғаттан алады. Сондықтан баланың қоршаған ортасы оның келешектегі өмірін анықтайды. Ал, шаһуаттың өзіне жасалған жағдайларды барынша ұтымды пайдалануы оның өзінің рухани қасиеттеріне, яғни, жанның туа біткен қасиеттеріне байланысты болады. Жан қасиеттері – оның өткен өмірлерінің нәтижесі. Бұл – барлық өмірдің мәні. Адамның басқа жан иелерінен айырмашылығы да осы мәнде жатыр.

Тұқым қуалау заңдылығы бойынша, адам болмысының құндылығы ең әуелі шаһуаттың қасиетіне, яғни әке тұқымына; сонан кейін, ол шаһуаттың құрсақтағы дұрыс өсу жағдайына, яғни ана қасиеттеріне; туғаннан кейінгі өскен ортасына; және өзінің жан талабына байланысты болады.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында мешіт салған Ораз қажы Қабдолдаұлы Рахметовтың бірінші толғауы

Тақырыбы: Науалыда, Малақ ауылында мешіт салған Ораз қажы Рахметов пен кәсіпкер Әділхан Байділдановтардың қысқаша шежірелері. Әлемнің әділеттілік заңы деген не? Өмір деген не? Құдайсыз өркенниет дегеніміз не? Ақырзаман бола ма? Кеңес Одағының әскери теңіз флотында қазақ баласынан тұңғыш «Щука» сүңгуір соғыс кемесінің командирі болған, 2-ші рангалы капитан, Науалы балалар үйінің түлегі Ахмадиев Сабыр ағаның естеліктері

587. Алла тағала былай деді: Адам баласы заманға налып мені ренжітеді. Ешқайсыңыз заманды сөкпеңіздер (налымаңыз) себебі сол заман менмін. Күн мен түнді ауыстырып тұрған мен. Егер қаласам тоқтатып қоямын. (Заман күннің шығып батуы) Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Сұрақ: – Ораз аға, Әлемнің ӘДІЛЕТТІЛІК заңын қалай түсінуге болады?

Жауап: – Жаратушының жасаған қарымта қайыру заңы бойынша «не ексең – соны орасың», істеген қайырымдылық пен жақсылығың да, жауыздық пен жамандығың да тек қана осы өмірде өзіңе қайта қайтып келеді. Бұл – ӘЛЕМНІҢ ӘДІЛЕТ ЗАҢЫ. Әр пенде жаны бөлек болғаннан кейін, өзі де бөлек. Осы фәни өмірде жасаған жақсылығы да, жамандығы да тек өзіне белгілі бір мерзімнен кейін қайтып оралады. Ашығып ораза тұтқан уақытта – істеген күнәларының белгілі бір мөлшері жанып кетеді, яғни кешіріледі, қалған күнәләрі көп болса о дүниеге бірге алып кетеді. Ал істеген жақсылығы мен қайырымды істерің, тұтқан оразаң өзіңе еселеп, жақсылық боп оралады, міне ораза тұтып ашығудың бір құпиясы осында. Жаратушы осындай жолмен күнәләріңнен құтыла отырып тәніңді, жаныңды, рухыңды тазалау арқылы жақсылыққа жетуге жол ашып қойған. Ерікті өз қолыңызға ғана берген, сондықтан таңдау құқы өзіңізде. Осыны қарымта қайтару не ӘЛЕМНІҢ ӘДІЛЕТ ЗАҢЫ дейді. Бұл туралы Құранда былай дейді: «Кім имандылықпен қандай болмасын қайрымдылық жасаса, ол оның өзіне қайырымдылық болады».

Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Сұрақ: – Ораз аға, өмір деген не?

Жауап: – Өмір... деген сөз – ғарыштағы барлық байлық пен қуаттың және тағы басқалардың анықтауышы, осы сөзде барлық даму жолдары шоғырланған. Бір жасаушада, дәндегі сияқты барлық мүшелер бар. Осы дәнді егіп, суарып, күтіп-баптап барып жемісін жинаймыз. Тірі жасаушада келешектегі жан иесінің дамуы, өсіп-жетілуі өз уақытын күтіп бұғып жатыр. Өмірдің ғажайыбы да, құпиясы да, тылсым сыры да осы.

Бастапқыда – өмір. Тіршілік иелерін бақылаңызшы: олар дүниеге келеді, уақыт өте келе санасы біртіндеп оянып қоршаған ортаны сезіп, соған байланысты ойланып әрекет ете бастайды.

Біз кімбіз? Тән, жан немесе одан да жоғары бірдемеміз бе? Осыны біз білеміз бе, немесе білеміз деп қана ойлаймыз ба? Осы соншалықты маңызды ма? Біз қасіретті өмір сүріп барып өлу үшін тудық па? Неге біз шексіз бақытқа, сыңғырлаған денсаулыққа, молшылық пен байлыққа, ләзаттануға т.б. құштармыз? Адамның бастауы – осындай ойлар адамды мазалап, ақылын түртпектей бастаған кезде басталады.

Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі. Абай

 

Пәншіл (материалистік) қоғам адамның нақ өзінің «менін» анықтауға, зерттеуге, айқындауға, зерттеп білуге қатаң тиым салды. Оның орнына қымбатты уақытымызды тәнімізді күтуге шығындаудамыз. Біз өзімізді «өркениеттің жетістіктерімен» қоршап алдық, бірақ бақытты бола қойған жоқпыз. Адамның осы тұйық шеңберден шығатын жолы бар екенін білген жөн: ол рухани ілім.

Сұрақ: – Ораз аға, негізінен өткен ғасырда еңбек істеген сіз де, мен де, т.б. адамдар да Құдайға онша бет бұрмадық. Мына ғасырда Құдайсыз өркениетті қалай түсінесіз?

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.