Жауап: – Көк тамырдың кеңеюі (варикзное расширение вен) – өз мүмкіндігіңнен төмен, шарасыз күйде жүргендей сезінуден. Себебі жалқаулық. Жас келіншектер сәбилі болғаннан кейін толық қанды өмір сүре бастайды. Бірақ, өзін-өзі босаңсытып жібергеннен кейін қан тамыр жүйесі бұзылады. Сондай-ақ жас келіншек босанғанда аяқ қан тамырлары бұндай қысымды көтере алмай кеңіп кетеді. Сонан кейін адам жөнді дем алуды білмейді. Осыдан жазылу үшін дем алуды үйренуі керек. Сонымен қатар жас келіншектер жалқаулыққа жеңдірмей, қарқынды өмір сүріп, тынымсыз болулары қажет.
Сұрақ: – Аллергия қалай пайда болады?
Жауап: – Аллергия – маңайдағы нәрселерді, заттарды жақтырмаудан. Қатты мазасызданудан, келіспеушіліктен пайда болады. Осы кезде сезімталдығыңыз өршіп, қуанышыңыз азайып, сіркеңіз су көтермейді. Аллергия – бөтен тұлғамен, өзіңіздің тұрпайы денеңіз бен нәзік денелердіңіздің соқтығысуы. Соқтығысатын себебіміз, оларды жақтырмаймыз. Жақтырмайтын себебіміз, қуаныштың жоқтығы мен өзімшілдігімізден. Аллергия аса қатты ширықаннан да болады. Адам мол табыс табуға ұмтылып, шектен тыс жұмыс істесе ширығып, қиналып кетеді. Адамның көп молшылық пен бақытқа жетуі – айналамызға қандай пайда әкелуімізге байланысты. Табыс – біз сүйіспеншілікпен, бақытты, қуанышты жағдайда ғана еңбектенгенде келеді. Шектен тыс қаталдық та аллергияны туындатады. Біреуге қаталдық, қанпезерлікпен қарасаңыз, ол да сізге солай қарайды. Қанпезерлік пен қаталдық қорғаныс (имунитет) қабілетін төмендетіп неше түрлі инфекциялық аурулардың себебі болады.
Сұрақ: – Есте сақтау қабілетінен, зердесінен (амнезия) айырылудың себептері?
Жауап: – Амнезия (еске сақтау қабілетінен айырылу) – үнемі қателесіп, өкініп, опынудан. Адамның зердесінің төмендеуі қаталдық пен ызақорлықтан туындайды. Өте өзімшіл жан, қандай жолмен болмасын біреулер арқылы ләззаттанса өткен оқиғаларды ұмытып, өзінде бар пайдалы ақпараттардан айырылады. Дөрекілік те адамның есте сақтау қабілетін төмендетеді. Адам өмірдің шындығынан қорқып қашқанда да зерде азаяды. Осы кезде адам артық ақпараттан саналы түрде жасқанады. Рухани жалқаулық та зердені нашарлатады. Осы кезде адамға ішкі даусы не істеу керектігін айтып тұрса да пенде оны тыңдамайды. Егер осы кезде адам ішкі даусын тыңдап жақсылыққа бет бұрмаса, болашақта осы қорқыныштың қарама-қайшылықтарынан адам жаманшылыққа ұшырайды. Өзінің намысын қорғай алмау да зердеден айырылудың себебі. Адам өзінен түңіліп, бәріне бей-жай болғанда өзінің намысын аяққа таптатады. Өзінің намысын аяққа таптатпау өзімшілдік емес. Әділдік үшін күресу, жағаласу қажет. Осы кезде ешкімге де ол жамандық ойламайды, тек әр нәрсені рет-ретімен орнына қояды. Егер адам өзінің намысы үшін күресе алмаса «бұға берсең, сұға береді»-нің кері болады. Жалқаулық та зерденің жоғалуына жетелейді. Адам еріншектігінен есіне сақтағысы келмейді. Артық ширығу да зердеге кері әсер етеді. Адам бақытты шақтарында ғана бірдеңені есіне жақсы сақтап қала алады. Егер адам істегісі келмейтін нәрсені істесе, бұл табиғатына жат, сондықтан осыны істемеу керек. Әйтпесе есіне сақтау қабілетінен айрылады. Аямшақтық, ашкөздік, тойымсыздық та есті жоғалтады, себебі ес-зерде басқа мақсат үшін берілген. Бірдеме жасау үшін есімізге сақтап аламыз. Өзімізге ұнаса да зердемізге түйіп қоямыз. Арсыздық та есті жоғалтады. Арсыз адам өзінің бас пайдасы үшін неге болмасын барады. Адам өзінің өткенде істеген жауыздықтары мен қатігездіктерін есіне сақтамайды, ұмытады және есін жоғалтады. Қорғау ағымы осылай жұмыс істейді.
Сұрақ: – Жаман ісік (онкология) ауруларының себептері?
Жауап: – Қатерлі ісік – ішкі мазасыздықтан, біреуге өкпелесең ешқашан ұмыта алмаудан, кешіре білмеуден. Қатігездік пен қанпезерліктен, жаман әдеттерден, өткен өмірлеріңдегі жаман қылықтарыңнан: кісі өлтіру, зорлық-зомбылық жасау т.б. Көбінесе өткен өміріңізбен байланысты болады. Бұндай жағдай жиі болып тұрады, өзіңіздің жұлдызнамаңыздан (гороскоп) да көруге болады, себебі осы аурумен ауырасыз ба, ауырмайсыз ба сіздің тағдырыңызға жазылып қойған.
Сұрақ: – Соқыр ішек (аппендицит) дегеніміз не?
Жауап: – Адамға еркіндік бармеген уақытта соқыр ішегі ауырады. Ауру қорқыныштан, психикасы ширығудан, зорығудан, шешімсіздіктен туындайды. Бұл ауру көбінесе жас балаларда болады, себебі баланың еркіндігін шектен тыс шектеп тастаймыз. Осындай жағдайларда ішек запа шегеді, себебі, ол іс-әрекеттің мүшесі. Егер адам бос белбеу ынжық болса, осыған сәйкес оның ішегі де бос, былбыр болады. Егер адам өзінің іс-әрекетінде ширығып жүрсе, осыған сәйкес оның ішегі де ширығып тұрады. Егер адамның іс-әрекетін үнемі тұншықтырып ауыздықтай берсе соқыр ішегі қабынып ауырады. Бұл әсіресе жас балаларда жиі кездеседі, сондықтан да ата-аналардың осыны білулері шарт.
Сұрақ: – Сусамыр (сахарный диабет) қалай туындайды?
Жауап: – Өкпелегіштіктен, қоршаған ортаға қанпезерлікпен қарағаннан, жек көрушіліктен, тым сезімталдықтан және мінезінің әлсіздіктерінен туындайды.
Сұрақ: – Тері ауруларының себептері неден?
Жауап: – Ішкі және сыртқы тазалықтың, қайырымдылық пен нәзіктіктің болмауынан, мазасызданудан туындайды. Тазалық ішкі яғни ойлау жүйең және сыртқы болады. Ішкі ойыңның ластануы мен сыртқы тәніңді нас басуынан тері ауруларына шалдығады.
Сұрақ: – Маскүнемдік дегеніміз не, оның себептері?
Жауап: – Маскүнемдік – адамның дәрменсіздігі жанына тыныштық бермеуден, өзін әлсіз, қажетсіз сезінуден. Адам қалай ләззат алу керек екенін білмейді. Оның үш жолы бар. Біріншісі: адам сүйіспеншілікпен қуана еңбек етіп, өзінің жетілу жолын білім арқылы жетілдіре түсу. Екінші жолы – «құмар» ойындар, еңбексіз, алдаумен келген үстіртін бақыт. Үшіншісі – біреудің бақытсыздығына қуану. Осылардың ішінде, бірінші бақыт – нағыз бақыт, ең тұрақтысы. Екінші бақыт – тұрақсыз бақыт. Үшінші түрі тек қана зардап әкеледі. Екінші және үшінші түрінен ләззат алғысы келетін адам іше бастайды. Ішу – өзіңнің санаңды ләззатқа айырбастау. Адам ақымақтығынан да ішеді, басқалар ішкеннен кейін ол да ішеді. Адам өзіне дұрыс мақсат қоймай, ісі өнбегеннен кейін маскүнемдікке салына бастайды. Өзін-өзі тануға ұмтылған адамда күдер үзу деген болмайды. Өтірік айта берген де адамның басқа жол таба алмағандықтан ішімдік ішкісі келеді. Адам біреуді алдаған кезде, оның айналасына да өзі сияқты алаяқтар жинала бастайды. Нәзік денесінен бәрі көрініп тұрғандықтан бұндай адамға ешкім де сенбейтін болады. Өзінен бәрінің теріс айналып, бақыт көзі жоғалғанын сезеді, себебі бақыттың өзі де басқалар арқылы келеді. Ашкөздіктен туындайтын жалғыздық сезімінен кейін де адам ішімдікке әуес бола бастайды. Біреуге беріп, өсімқорлықпен еселеп пайда табам деген адам да соңында жалғыз қалады. Кінәлы болу сезімі де ішкілікке құмар қылады. Осыдан құтылудың жолы Жаратушыға жалбарынып өзіңнің ой пиғылыңды өзгертіп, ашығу арқылы тәнің мен жаныңды тазалау.
Сұрақ: – Қалай арықтауға болады?
Жауап: – Сіз әрқашан ашыққан кезде, тамақ ішетін сәтті жіберіп алмай, жадыңызда ойша сақтап жүріңіз. Егер сіз жігерлі адам болсаңыз, ашығуды өміріңіздің ажырамас бөлшегіне айландырасыз. Артық салмақ сізді ауру, әлсіз, мезгілсіз қартайтуға әкелуіне жол бермеңіз. Өз денеңіздің иесі болып, семіруіне жол бермеңіз. Өзіңізге бағдарлама жасап алыңыз, бірақта бір аптаның ішінде арықтаймын деп ойламаңыз. Қалыпты салмаққа келу үшін уақыт керек. Қалыпқа келіп, сымбатты да әдемі болғанда өзіңізді-өзіңіз мақтан тұтыңыз. Кімнің болса да, өзін тамаша сергек, көңілді сезінгенінде, өзі үшін мақтанғысы келеді. Осылай болу үшін еңбектену керек! Ашығу, өзіңді өзің тежеу, дұрыс тамақтану – міне денсаулықтың өтемі.
Өзіңіздің салмағыңызға, қарныңызға, бөксеңізге, қолдарыңызға үнемі назар аударып жүріңіз. Осы кітапты мұқият, ыждағаттылықпен оқып шығып, арықтағыңыз келсе қолданыңыз. Ашығу мерзімін анықтағыңыз келсе дәрігермен ақылдасыңыз. Бағдарлама жасалғаннан кейін, сіз жақсы нәтижеге жетем деп өзіңізді иландырыңыз. Санаңыздың илануы денсаулықты түзетуде маңызды орын алады. Ашығу оңай емес, арықтау да қиын. Тек санаңыз иланып, дұрыс әрекет жасағанда ғана, сіз көздеген нәтижеге жетесіз. Бүгіннен бастаңыз.
Сұрақ: – Өмірлік күштің міндеті не?
Жауап: – Өмірлік күштің міндеті, ас қорту ағымында пайда болған улардан арылтатын қуатпен ағзаны қамтамасыз ету және денеде бірқалыпты 36,6 Цельсия бойынша температураны ұстап тұру (ыстығымыз көтерілсе де, төмендесе де ауырамыз). Біздің қазіргі өркениетті әлемімізде, адамның өзі жасаған және басқа да улардың бәрі – өмірлік күштің жаулары, өмірлік күш осылардың бәрін жеңуі қажет.
Сұрақ: – Салауатты өмір салтына қалай көшуге болады?
Жауап: – Ашығу мен табиғи тамақтарды, табиғи әдеттерді қолданудың арқасында, әрбір адам өзінің өмірін сау, салауатты қыла алады. Тазалану – ағзаның өзі ғана орындай алатын ішкі биологиялық міндет, ашығу арқылы осы жұмыстарды жандандыра түсесіз. Табиғат үнемі сізді неғұрлым сау, өміршең болуға итермелейді, сондықтан өзін-өзі тазалау кезінде болатын келеңсіздікте не істеу керектігін өзі біледі. Табиғаттың жетегіне жүріңіз, ол сізді еш уақытта орта жолға тастамайды. Ал ашығу мен дұрыс тамақ мәзірі аса керемет көмекші.
Мен темекіге, араққа т.б. тәуелді болып, жар басынан құлауға шақ қалған талай адамдарды мысалға келтіре аламын. Осы адамдар ашығудың көмегіне жүгінді, ал ашығу ғажайып жасады. Темекі, арақ, шәй, кофе ішу әдетінен құтылғысы келсе, өзінің мәселелерін қарапайым ашығу жолымен шеше алады. Тән тазаланған уақытта уды қабылдамайды. Таза, дені сау, мамыражай дене уларды әрқашанда ысырып тастайды. Ашығу – улы заттардың қандайына болмасын тойтарыс беретін, ағзаны тазалаудың ұлы әдісі.
Сұрақ: – Табиғат заңдылықтарын қалай түсінуге болады? Сақтамаса не болады?
Жауап: – Сөз жоқ, көпшілік адамдар ата-бабасынан жалғасқан тамаша денсаулықпен тұқым қуалайды. Олар табиғат заңдылықтарына көбінесе күле қарайды, осы заңдылықтың оларға қатысы жоқ деп ойлайды. Бірақ есеп айырысу қайтсе де болады. Табиғат өзінің тазалау жұмысын, яғни ағзадан зиянды қалдықтарды шығара бастағанда, осы есеп айырысу күні басталады. Олар бір-ақ күнде бұралып ауруханадан шығып жатты. Маған сеніңіз, осы тумысынан, табиғатынан дені сау, алдында тұрғанын талғамай ішіп жейтін, темекі шегіп, тәулігіне 18 сағат жұмыс істегенде былқ етпейтін адамдардың талайын көрдім және олардың ауруханада азап шегіп қиналғандарын көріп те жүрмін. Ащы ақиқатты айту қиын, бірақта осы денсаулығы зор болған адамдарды мезгілсіз ажал күтіп тұр. Осы күнделік кітапты оқып отырған өзіңіз, табиғат өзінің улану ағымымен ұрып жыққанын күтуге тиіс емессіз. Ең дұрысы, ағзаңызға саналы түрде физиологиялық демалыс бере отырып, өзін-өзі тазалауға мүмкіншілік беру. Жиналып шоғырланған улардан ағзаңыздың арылуына мүмкіндік беріңіз. Қазіргі күрделі өркенниетті даму, бізге улы заттарды үзбей лақылдатып төгуде.
Академик Рақым Алмабекұлының бірінші толғауы
Тақырыбы: Ауадан тұратын нәзік денелердің құрлысы. Өмірлік күші бар ауа дегеніміз не? Өмірлік ауа арнасын қалай түсінеміз? Ауа тепе-теңдігі бұзылса не болады?
Басында жан мен дене екі басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа. Шәкәрім
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, біздің бақытсыздығымыз бен ауруларымыздың себебі неде?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, біздің бақытсыздығымыз бен ауруларымыз өзімізді-өзіміз ұстау тәртібімен тығыз байланыста. Кейбір адамдар былапыт сөз айтады, осыдан жүрек, ал басқа сөзден басқа мүше зардап шегуі мүмкін, неліктен бұлай? Ғалымдар бұны шартты рефлекс деп түсіндіреді, бірақта мен осы сөзді адам түсінбейтін басқа тілде айтсам тыңдаушы түсінбейді, оған әсер етпейді.
Сұрақ: – Ауадан тұратын нәзік денелердің құрлысын айтып берсеңіз?
Жауап: – Айт десеңіз оқырмандарымызға айтайын:
Нәзік денелердің құрлысы
Бізде нәзік денелер бар, бұл да материя немесе пән. Осыны күнделікті сеземіз, бірақта ойланбаймыз. Бұның бәрі қарапайым. Мысалы, адамда ауадан тұратын нәзік дене бар. Егер біздің тұрпайы денемізді алып тастаса, белгілі арнамен жүретін ауа бар, ол сағым сияқты желкілдеп тұрады. Әр адамда ауаның қозғалысы әртүрлі, сондықтан да біреулеріміз тоңып, енді біреулеріміз ыстықтап, кейбіреулерімізге ауа жетіспей жатады. Кей кезде төбемізден табанымызға дейін шымыр-шымыр етіп жыбырлап кетеді, сонда менде төбемнен табаныма дейін жүйке болғаны ма? Жоқ, бұл өмірлік ауаның қозғалысы, ол жүйке жүйеміздің ұшына әсер етіп барып оны қоздырады, сол мезетте денеміз жыбырлап, шымырлап кетеді. Денемізде қозғалатын өмірлік ауа, жүйке жүйеміздің іс-әрекетін қозғалысқа келтіреді, олар өз кезегінде тәніміздегі тіндерді, жүрек соғысын реттейді. Осы жүйке жүйеміздің реттік қозғалысы бастауын қайдан алады? Тәнімізде – өмірлік ауа күші үнемі қозғалыста болады. Біз танауымызбен оттегін жұтамыз, осы жұтқан оттегімізбен қоса өмірлік күші бар ауаны да жұтамыз, ол биологиялық тынымсыз орталыққа барады, бұндай орталық 7 жерде бар. Тыныс алғанымызда өмірлік күші бар ауа кіреді, ал тыныс шығарғанымызда ағзадан шығады. Осы айналым ағзада автоматты түрде үнемі жүріп тұрады, бірақ тыныс алуға тәуелсіз болады, біз тыныс алу арқылы өмірлік күші бар ауаны үстемелеп қоректендіріп отырамыз. Кейбір адамдар 1-2 сағат дем алмай су астында жүзе алады, ал өте жатыққан иогтар 40 тәулік тыныс алмай тәніндегі өмірлік ауа күшінің көмегімен жата береді. Осы ауа, жүйке жүйесінің қозғалысын қоректендіре алады.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, өмірлік күші бар ауа қай жерлерде болады?
Жауап: – Өмірлік күші бар ауа барлық жерде бар, бірақта тауда, орманда көп болады. Адамның осындай жерлерде өзін жақсы сезініп, тыныс алғанда басының керемет жеңілдеп қалатынының себебі осы, бірақта көпшілік осыған онша мән бермейді. Осы ауа адам ағзасында белгілі бір арнамен, өзінің жолымен қозғалады, оны «өмірлік ауа арнасы» деп атайды. Олар белгілі бір орталыққа дөңгеленіп (чакра – дөңгелек) шоғырланады. «Өмірлік ауа» барлық тірі заттарда да болады. Мысалы, жаңа үзген алманы алайық, неге ол сығымдалған алма шырынымен салыстырсақ тәтті, дәмді? Жаңадан үзілген алма күш-қуат береді, неге? Жаңадан жұлынған көкөністерді, алма, алмұрт т.б. басқаларды жесең денең сергіп, көңілің көтеріліп, өзіңді шаттық сезімі билеп, қуатың арта түскенін сезесің, ал осылардың шырынын ішсең тек шөліңді ғана басасың. Өмірлік ауа қайда болмасын сумен қосылады, өздеріңіз білетіндей барлық жүйке жүйесі ұсақ түтікшелерден тұрады.
Сұрақ: – «Өмірлік ауа» жүйке түтікшелерінің ішіндегі суға әсер еткенде не болады?
Жауап: – «Өмірлік ауа» жүйке жүйесінің түтікшелерінің ішіндегі суға әсер еткенде судағы иондар іс-әрекетке кіріседі. Сол сияқты алманың жасаушаларын сұйық керіп тұрғанда, онда өмірлік ауа мол болады, біз алманы тістеп жегенімізде «өмірлік ауа» дәм сезу мүшесі арқылы ағзамызға барады, осы кезде ағзамыз алманың қуатын сіңіреді. Сондай-ақ тұманың суы мен кранның суының химиялық құрамы бірдей болса да сапасы әр түрлі, тұманың суы таза, мөлдір адамға ішкен кезде қуат береді. Егер осы тұманың суын бір тәуліктен кейін ішсек бұрынғыдай қуат бермейді, себебі құрамынан «өмірлік ауа» кетіп қалады, сондықтан да тұманың суын бірден ішу қажет. Суды қайнатқанда да қуаты азайып кетеді, осы қайнатылған суды таза ауаға қойып біршама уақыт өткеннен соң ішсек қайта қуат аламыз, себебі құрамына «өмірлік ауа» араласады. Осыны тікелей тәжірибе жасап көзіңізді жеткізуіңізге болады.
Сұрақ: – «Өмірлік ауа» неше бағытта қозғалады?
Жауап: – «Өмірлік ауа» ағзамызда бес бағытта қозғалады. Біз түк істемей жатқан кезде өмірлік ауа төмені орталыққа қарай түседі, сол мезетте адамды ұйқы басады, ал кейбір адамның төменгі орталығы қозады. Адам қимылдаған уақытта өмірлік ауа ортаңғы орталыққа қарай ауысады да тамақ ішкісі келеді, тамақтанғаннан кейін асқазанның маңайының қызғанын сезеді. Егер адам ой жұмысымен қарқынды жұмыс істесе, өмірлік ауа жоғары басқа қарай көтеріледі, осы ауаның көптігінен басу ауруы мүмкін. Жаттығу жасағанда осы ауа денеге бірқалыпты тарайды, осы сәтте адам қоршаған ортамен үйлесімділікте болып өзін жақсы сезінеді. Осы үйлесімділік бұзылғанда адамда ауру шырғалаңы басталады, дәрігерлер мұны дәрімен емдей бастайды, бірақта нәтижесі онша бола қоймайды. Өмірлік ауаның тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін арнайы жаттығулар бар. Мысалы, басыңыз ауырса немесе қан қысымыңыз көтерілсе бірнеше қабат терең дем алып, қолыңызды жоғары төмен түсіріп артық ауаны төменгі орталыққа қарай бағыттай аласыз.
«Өмірлік ауа» қозғалысын ешқандай құралдың көмегімен білу мүмкін емес, себебі оның табиғаты өте нәзік. Ғалымдар әзірше адамның өмірлік ауаның – жүйке жүйесіне әсер етуін немесе биологиялық өрісін (биополе) ғана анықтай алады. Бұл кезде электро магниттік толқындар пайда болады, қазіргі қондырғылар осы толқынды ғана ажыратады.
Сұрақ: – «Өмірлік ауа» жетпегенде не болады?
Жауап: – Өмірлік ауа жетпегенде қан қысымы төмендейді, адам уақытша есінен танып қалуы мүмкін. Мұндай адамның жанына тұрып алып терең тыныс алып, денесінің үстіне қолыңды қимылдатып жаттығу жасасаң, жатқан адам қуаттанып тұрып кетеді. Бұл қан тамырына адреналин екеннен гөрі қарапайым, әрі қолайлы емес пе?
Өмірлік ауа сұйықтың ішімен қозғалады. Мысалы, жаңадан үзіп алған алма тығыз, қатты болады, егерде осы алманың бір шетін мыжып тастасақ шіри бастайды неге? Себебі алманың бір тұтастығы бұзылғанда ішіндегі өмірлік ауа шығып азайып кетеді, адам ағзасында да осындай ағымдар болады. Егер адамның терісі тығыз, әжімсіз болса онда өмірлік ауаның жеткілікті болғаны. Адам қартайғанда қимыл аз болғандықтан, көп қозғалмағандықтан терісі салақтап, әжім басып ағзасындағы өмірлік ауасы да азая бастайды. Адам жай және тыныс алу жаттығуларын жасаған кезде терісінің созылмалығы артып жасарады, сондықтан да теріні дәрігерге барып тартқызудың қажеті жоқ, осыны тыныс жатығулары мен қимылдай жаттығуларының көмегімен өзіңіз де жасай аласыз. Сізге осының іске асу механизімін білсеңіз болғаны: өмірлік ауаның қозғалысы мен жүру арналарын және тыныс алу жаттығуларымен қай жерге шоғырландыру, қай жерден кетіру керек екенін, бар болғаны осы ғана, еш қандай да құпия жоқ.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, емдеуге жөнді көнбейтін ауруларды жазып алу жолдары бар ма? Адамның денсаулығы неге байланысты?
Жауап: – Кейбір аурулар дәрігерлер тарапынан емдеуге жөнді көнбейді, егер де біз осының себебі өмірлік ауаның жетіспеуінен екенін білсек, жазып алу оп-оңай. Мысалы, қан қысымының көтерілуі ағзада өмірлік ауаның көптігінен, егер де тыныс алу жаттығуларын жасасақ қан қысымымыз қалпына келеді. Осы кезде сіз тыныс шығарғанда қуатты төмен түсіресіз бар болғаны осы, егер осы тыныс алу жаттығуларын меңгеріп алсаңыз қан қысымыңызды өзіңіз қай уақытта, қай жерде болмасын реттеп, қалпына келтіре алатын боласыз. Қан қысымы ауруларының себептерінің пайда болуын Әсет Ризаұлы, өзіміз жазған «Жасару құпиясы» кітабымызда кеңінен тоқталып өткенбіз. Бас айналу – өмірлік ауаның жетіспеуі, осыны да тыныс алу жаттығуының көмегімен реттеп алуға болады, тек төмендегі ауаны жоғары шығару әдісін білу ғана қажет. Кеуденің сырылы (бронхиальная асма) ағзадағы ауа тепе-теңдігінің бұзылу салдары, бұны да тыныс алу жаттығуларының көмегімен жазып алуға болады, тек білу керек.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, адамның денсаулығы неге байланысты?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, адамның денсаулығы өзінің көңіл күйіне де байланысты. Адамның көңіл күйі көтеріңкі болған кезде өмірлік ауа да қарқынды қозғалыста болып жоғары көтеріледі де, мұндай адам ізгілікті, ізетті болады. Егер адам тамақ ішуді жақсы көретін болса онда өмірлік ауа күші дененің ортасында – қарында жиналады, бұндай адам құмарлық байлауында, егер өмірлік ауа күші төменгі орталыққа шоғырланып, адам маубас, еш нәрсеге зауқы жоқ болса онда ол надандық құрсауында болады.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, көптеген адамдар ашыға алмақ түгіл, таңертең жүгіру, жаттығу да жасамайды. Осыларға қандай кеңес берер едіңіз?