Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімдерінде Ауа-От ерекшеліктері бар адамдар 3 страница



2006 жылғы ұзақ 50 күндік ашығуымды бастағанда тексерілуге барсам, мені танымаса да бір ауыз сөзге келмей, жүректің кардиограммасын, қан қысымымды, тамыр соғысымды, қан анализдерімді алып, тез арада кезек күттірмей өлшеп берді. Менің 40 күн ашығу бағдарламасын ұстауға кірісемін дегенде, бірден қолдау көрсетіп, аптасына екі қабат тексеріліп тұруымды өтінді. Осы жөнінде медбикенің екеуін де шақырып алып: «Біз болмай қалсақ, мына кісі қай уақытта келмесін бөгемей толық тексеруден өткізіп тұрыңдар» – деп тапсырма берді. Әбдікәрім Абдуманапұлы:«Сізді өзім тікелей бақылауға аламын, ашығуыңызға 40 тәулік толғанда жүрегіңіздің кардиограммасын қайта түсірейік, сонан кейін бастапқы түскенмен соңғы түскенді салыстырып көремін» – деді. Осындай парасатты, ізетті дәрігерлерге шын жүректен алғысыңды қалай ғана айтпайсың, осындай санасы жоғары азамматтар саны көбейе берсін деп іштей алғысымды ерлі зайыпты дәрігерлер Әбдікәрім мен Харнисаға айттым.

 

Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, аурулардың негізгі неше түрі болады?

Жауап: – Негізінде аурулардың екі түрі болады. Ақыл-ойдың аурулары – қояншық (эпилепсия), жындану (шизофрения), жақтырмау (аллергия), өкпе қабынуы (астма), сусамыр (диабет). Бұл ауруларды дәрігерлер үлкен қиыншылықпен емдейді немесе жаза алмайды, себебі адамның нәзік денелері ауырады. Осы жағдайларда адамның тәнін өзгертуге ұмтылады да дәрімен «тамақтандырады», бірақта осының негізгі себебі, зардабы – ақыл-ой ауру қалпында қалады.

Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, адам науқасқа шалдыққанда ағза мүшелері қандай белгілер береді?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, ішкі қуаттың қандай болмасын бұзылуы, алдымен біздің бес сезім мүшелерімізге әрекет етеді. Олар біздің ішкі қалпымыздың бұзылғанын көрсетеді. Сезім мүшелері арқылы қоршаған ортамен араласамыз, егер олар сезімталдықтарын жоғалтса, онда тәніміз қоқысқа толып кеткені. Осы кезде құлағыңыз жөнді естімей, көзіңіз өлеусіреп жөнді көрмей, мұрныңыз иіс, тіліңіз дәм сезбей әрі-сәрі күйге түсесіз. Бұған назар аудармасаңыз ауруыңыз асқына түседі.

Біз пәндік әлемде тездетіп жоятын үш нәрсе бар – өрт, ауруың және қарызың. Ауруды емдеуді неғұрлым ерте бастаңыз, сонда ғана ағзаны тез арада қалпына келтіресіз. Аурудың бастапқы үш деңгейінде сезімталдығыңыз жоғалады, ал төртінші деңгейінде сыртқы және ішкі өзгерістер басталады. Ол – бет әлпетіңіз, шашыңыз, тырнағыңыз, теріңіз өзгер бастайды. Мысалы, теріңіз болбырап, түрі өзгеріп неше түрлі дақтар мен жаралар, қотырлар пайда болады. Аяқтағы башпайларыңыз қисайып, бас бармағыңыздың сыртынан сүйек өсіп, тырнақтың түрі өзгеріп, шашыңыз жансызданып түсіп, тісіңіз бұзылып, мүжіле бастайды. Сондай-ақ көз алды қалталанып, бетіңіз ісіп, жағыңыз суалып, танауыңыз қызарады. Қысқаша айтсақ – бет әлпетіңіздің әлем-жәлемі шығып, уайым мен ішкі мазасыздықтың табы, тайға таңба басқандай білініп тұрады. Ерніңіз кеберсіп, бетіңіздің табиғи шырайы жоғалады. Аяқ қолыңыз ісіп кеуіп, буын-буыңыздан әл кетеді. Осылар ауруыңыздың сыртқы белгілері.

Сұрақ: – Ауырған кезде дәрігерлер тілді не үшін тексереді?

Жауап: – Ішкі мүшелердің жағдайын тіліңіз айтады. Тіліңіздің бет қабаты жарылып, шеттерінде тіс табы қалады. Сау қалыпта тіліңіз ылғалды, қызыл шырайлы, таза болады.

Бозарып кеткен тіл – қанның дұрыс айналмайтынын, жүректің нашар жұмыс істеуін және қан тамырларыңыздың шырышқа толып кеткенінің көрсеткіші. Тілдің бозаруы сондай-ақ, қанның қызыл түйіршіктерінің азайғанының тікелей көрсеткіші.

Егер тіліңіздің үсті сарғыш немесе сарғыш жасыл болса бауырыңыз дұрыс емес, запыранның ішекке жиналуын, өтке запыранның келетін жолының бітелуін, қан тамырларыңызда қанмен қоса запыранның айналып жүргенінің айғағы. Таңертең тұрғанда аузыңызда кермек дәм болса, өтіңіздің бұзылып тас байланып жатқаны.

Егер тіліңіз жасыл көкшіл болса, онда жүрегіңіз әлсіз, ішкі қуатыңыздың азайғанынң белгісі.

Тіліңіздің шетіндегі тістің табы – ішегіңіздің сіңіру қабілетінің нашарлығын және асқазаныңыздың тамақты қортпайтынының көрінісі.

Егер тіліңізді қоймалжың ақ уыз басып алса, ағзаңызда улар бар. Мысалы: тіліңіздің ұшындағы ақ уыз удың ішекке, ал ортасына жиналса асқазаныңызға, егер астына жиналса онда жүрегіңізге шоғырланғанының дәлелі.

Тіліңіздің ортасындағы жолақ омыртқаңыздағы кеселді, беліңіздің ауратынының, ал жолақ қисық болса хандроздың көрсеткіші.

Сұрақ: – Үлкен дәреттен қандай ауруларды байқауға болады?

Жауап: – Үлкен дәрет те біздің ішегіміз бен асқазанымыздың қалай жұмыс істейтінін айтып береді. Егер үлкен дәретіңізде қортылмаған тамақ болса, онда асқазаныңыз қортпайды, ішегіңіз де дұрыс емес. Таспа немесе жіңішке арқан түрінде болса онда ішегіңіздің тарылғаны, қысылғаны. Шырыш пен қан аралас шықса инфекция, ал исі ащы қышқыл, көбік аралас шықса ішегіңіздегі ағымдардың ашып божуы. Өттен запыран дұрыс бөлінбегенде, дәретіңіз ақшыл түсті балшық не құм тәріздес болады. Асқазанның астындағы без (поджелудочная железа) бұзылғанда ақшыл-сары және майлы. Егер асқазаныңызда қан болса қап-қара, ал ішегіңіздегі қан араласса қызылдау болады. Ішегіңізде асқыну басталса – дәретіңіз шырыш пен ірің аралас шығады.

Сұрақ: – Сонда адамдардың ішінен шыққан қоқыстардан да ауруларды тап басып айтуға болады екен ғой?

Жауап: – Адам деген тірі кітап, тек қана күнделікті оқый білу қажет. Күнделікті өзіңнің тіліңді, бет-әлпетіңді, көзіңді, тырнағыңды, ерніңді мұқият бақылап жүрсеңіз, қай жеріңіз ауыра бастағанын және қай мүшелеріңізге улар шоғырланын алдын ала біліп отыратын боласыз.

Сұрақ: – Енді кіші дәретке шолу жасай кетсеңіз?

Жауап: – Қалыпты жағдайда кіші дәретіңіздің түрі ақшыл-сары, онша жағымсыз исі болмайды. Күнделікті ет жей берсеңіз дәретіңіз ащы жағымсыз иіс шығарады, терлей бергеннен соң түрі сап-сары болады. Бауырыңыз бен өтіңіз ауырғанда дәретіңіз күңгірт сары немесе жасыл түстес болады, қызғылтым болса несіп жолдарының, ал ақ түстес белоктық жіптер шықса – бауырыңыз бен қуығыңыздың, қан аралас болса әйелдердің жыныс мүшелері мен бауырының ауырғанын белгісі. Дәрет алған кезде дәретіңіз жіп-жіңішке немесе жан-жаққа шашыраса онда – қуығыңыз бен бүйрегіңізде тас болғаны.

Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, суық тию дегенді қалай түсінесіз? Одан жазылудың жолдары қандай?

Жауап: – Қабыну кеселдері – өз жағдайыңа қанағаттанбай үнемі өкініштің, ызаның үстінде жүруден. Тымау тигенде адамға өмір сүру қиын. Егер осы жағдайға тап болсаңыз табиғатты кінәламаңыз. Мәселе аяғыңыздан суық өткенде, тоңғанда, суық тигенде емес. Суық тиіудің нақ ақиқаты – жазылуға бет бұрған жайсыздық. Себеп ішкі тазалықтың болмауында. Қалдықтар мен улы заттар өте көбейгенде, ағза тұмаудың көмегімен өзінен аластатады, жазылуға бет бұрады. Осыны вирустың әсері немесе ауру демеңіз. Осы кезде, өмірлік күштер сізге жұмыс жасап жатыр. Егер сіз табиғатпен одақ болсаңыз, онда тазалануына көмектесесіз. Тазалау ағымына бөгет жасайтын әрекет істемеңіз. Сізден жалғыз талап етілетіні – ашығыңыз!

Табиғат не істеу керек екенін жақсы біледі. Сізге қалатын бір-ақ нәрсе, жылы төсекте жату. Барлық тамақтан бас тартыңыз, жемістен де, шырынынан да. Анда санда аз ғана бал қосылған не лимон шырыны қосылған ыстық таза су ғана ішіңіз! Жататын жеріңіздің ауасы таза болуын қадағалаңыз, оқымаңыз, теледидар көрмеңіз, радио тыңдамаңыз. Тек ұйықтап демалыңыз. Туыстарыңыз, достарыңызбен әңгімелесем деп қуатыңызды жоғалтпаңыз. Өзіңізді қоршаған ортадан бөліп тастаңыз.

Тазалану жайсыздығында қанша ашығуға тиіссіз? Мұндай жайсыздықтар жылдың әр мезгілінде бола береді, әсіресе суық кездерде. Аяқтан тұрып кетуге көбінесе 3 тәулік жетеді, кей кездерде апта немесе 10 тәулік керек болады. Тәулік туралы мазасызданбаңыз, тазалану жайсыздығынан кейін тәуір болғаныңызды өзіңіз байқайсыз.

Көпшілік адамдарға осы әдіс қарапайым сияқты көрінеді. Оларды қорқыныш билеп, емделу үшін әйтеуір бірдеме істеулері керек. Тіпті табиғаттың, сіздің ағзаңызды тазалауы созылып кетсе де, үрейге бой алдырмаңыз. Әрбір адам өзінің денсаулығын түсінген сайын ыждағатты бола беруі керек. Ол өзінің денсаулығын өте жоғарғы деңгейге жеткізуі керек, осының басқа ілімдермен салыстырғанда маңызы зор. Әрбір адам өзінің мінез құлқының қалыптастырушысы, сондай-ақ өз көңіл күйі мен денсаулығының сақтаушысы.

Табиғат адамды жаратқанда, өзінің денсаулығының күшін орынды пайдалану үшін, таңқаларлық сана, ерекше қабілет берген. Ашығу – табиғи денсаулыққа жетелейтін жолдардың біреуі ғана. Табиғат бізге қарапайым тазалау құралын берді. Біз табиғатпен одақтасып, өзіміздің өмірімізді табиғаттың бұлжымайтын заңдарымен үйлестіруіміз қажет. Тек табиғатпен бірігіп өмір сүру арқылы ғана, тәніміздің, ақылымыздың, рухымыздың жоғары деңгейге жету мүмкіншілігін арттыра аламыз. Денсаулыққа төте жол жоқ. Табиғат, өзімізге тиесілі жұмысты атқаруымызды есепке алады. Біз ашыққан кезде осы жұмыстарды атқарамыз. Біз өзіміздің әдеттерімізді, өмірімізді табиғат заңдарына үйлестірмейінше, табиғат ғажайыптарын байқатпайды.

Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, адамға жүрек ауруы қай уақытта жабысады?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, жүрек ауруы бірден жабыспайды. Жүрек талмасы – бүкіл қуаныш-қызықты ақша мен мансапқа айырбастаудың салдары. Уақыт өткен сайын қан тамырлары да тозады. Бұл – темекінің, арақтың, аса майлы тамақтың (әр түрлі еттер, жұмыртқа, сүт тағамдары) ұзақ уақыт жасаған қасіретті әсері. Тағы бір себеп дене қимылының аздығы. Қан тамырының тозуы жар басына жиі әкеледі. Адам өзінің қан тамырларының 50 пайызы бітеліп қалғанын тіпті сезбей де қалады. Тіпті білгір мамандардың өздері де, қазіргі зерттеу әдістерін қолданып қауіпті еш нәрсе таба алмауы мүмкін. Қан тамырларын бітеп тастайтын зат – холестерин немесе арам еттер. Бітелу біртіндеп басталады, қан тамырларының іші жіңішкере беріп, жүректің бұлшық еттерін жұмыс істететін мөлшерде қанның құйылуын қамтамасыз ете алмайды. Қан тамырлары тіпті жіңішкере бастағанда, жүрек пен қан қысымының ауруы белгі бере бастайды. Қан тамырларының бұзылуы жас шағынан басталып, біртіндеп тозып бітеле бастайды. Сонан соң, әлдекім таңертең өзінің күнделікті күйбеңіне кіріскенде, кенеттен көзі қарауытып, жүрегі қысып өліп кетеді. Өлмей қалған жағдайда, өмірлік кембағал болып қалады.

Өзіңнің қан тамырларыңның тазалығын, басқа заттармен ластанбауын тұрақты түрде тексеріп отыруың керек, әйтпес жүрегің қысуы мүмкін. Қалыпта тағам да тамырларға қақ тұрғызып, бейнетке ұшыратады. Адамдардың көпшілігі, қатерге ұшырамай, өзінің қан тамырларының жағдайын білмейді. Ауру қыспағанша, олар өздерінің жаман әдеттерінен арылмайды және өзінің қалыпты тамағын жей береді.

Бұрыннан белгілі жайды қайталауға рұқсат етіңіз. Сіздің жасыңыз бұл сіздің қан тамырларыңыздың жағдайы. Есіңізде болсын, көпшілік жағдайда қан тамырларының бітелуі жас күніңнен басталып, мөлшері 55-ке келгенде жүрек-қан тамырлары ауруына әкеп тірейді.

Мен ашығу жүрек-қан тамырларының ауруын емдейтін әдіс деп есептемеймін. Ашығу алдын алу шарасы. Әсет аға, осының алдындағы «Жасару құпиясы» атты кітабыңызда осы туралы академик Рақым Алмабекұлы керемет айтыпты. Мен осыған түгелдей қосыламын, ашығу дегеніміз ішкі тазалау. Ол біздің қан тамырларымыз қиналмай жүректі қоректендіріп тұру үшін оның тазалығын сақтауына жәрдемдеседі. Тамырлардың жүйесі арқылы, қан қоректік заттармен барлық ағзаны қамтамасыз етеді. Ағзадағы қан айналу тұрақты және біркелкі болуы керек. Егер қан айналымы ағзаның бір бөлігінде бір сәтке тоқтап қалса, онда алапат соққы аламыз. Бүкіл ағзаны бөгетсіз қоректендіру үшін, тамырлар таза болуы керек.

Қазір таза, иілгіш, серіппелі қан тамырлары бар 70-80 тіпті 90 жасқа келген еркек, әйелдерді сирек болса да табуға болады. Жастары ұлғайғандықтарына қарамай, олар жас, себебі олардың қан тамырлары қозғалғыш, серіппелі, тозбаған. Егер осы адамдардың ағзалары улардан таза, денсаулықтары жақсы болса, неге оларға әлі талай жылдар өмір сүрмеске? Осының нақты бір мысалы ретінде, алдыңғы «Жасару құпиясы» кітаптың авторларының біреуі академик Рақым Алмабекұлының өмір сүру қағидасы, осыдан артық қандай дәлел қажет?

Әсет Ризаұлы, біз аңыздардан білеміз, бүкіл әлемдік топан судың алдында кейбір адамдардың 900 жыл өмір сүргендерін. Біз бұған күлеміз, олардың есептеулері басқаша болған деп. Біз осылай болмады деп қалай айта аламыз? Бәрі мүмкін, себебі осы адамдар өздерінің қан тамырларын тамаша қалыпта ұстау үшін, қалай өмір сүру, қалай тамақтану керектігін білді ғой. Қан тамырлары өзінің жұмысын дұрыс, жақсы атқарғанда бүкіл ағзаның жұмысы тепе теңдік қалпын сақтайды.

Біз айтамыз, адам қартайып бара жатыр деп, бұл бір нәрсені ғана білдіреді, ол өзінің қан тамырларын сақтау үшін қалай тамақтану, қалай өмір сүру керектігін білмейді. Қан тамырлары, қашан өзінің міндетін дұрыс атқармай бұзылғанда, адамның денесінің бөліктеріне қан дұрыс бармағандықтан, адамдар аурушаң, ұмытшақ, әлсіз болады. Олар біртіндеп өледі, себебі оның денесі мен миына қан дұрыс бармайды.

Біз ашыққан уақытта, бүкіл өмірлік күш ағзаның ішкі тазалығын және қан тамырларын тазалауға жұмсалады. 10 тәулік ашықаннан кейін бүкіл дене жеңілдеп, ақыл ұшқырланып, есте сақтау қабілеті артады және дене қимылына деген зор құлшыныс пайда болады. Мен есептеймін, біз ашығу, дұрыс тамақтану бағдарламасы арқылы қан тамырларын тазалап, өз жүрегіміздің өмірін ұзартуымыз қажет. Егер денсаулық үшін айқаста жеңімпаз болғымыз келсе, өзіміздің қан тамырларымызды өмірдің кілті деп санауымыз керек.

Күнде майлы ет жей берсеңіз, сіз өз ағзаңызда уларды шоғырландыра бересіз. Есеп айырысуға тура келеді. Ағза майды аз ғана тілейді, біз майлы тамақты күнделікті көп қолданамыз, соңы жүрек-қан тамырлары ауруына әкеп соғады. Академик Оразалиев ағамыздың таңертеңгі тамақты ішпе деуінің бір себебі осында. Сырт әлпетіне қарасаң сау сияқты көрінетін, таңертең ет, жұмыртқа, картофель, кілегей, кофе ішетін көптеген ер, әйелдерді білемін. Сыртынан сау сияқты көрінетін осы адамдардың жүрек ауруының құрбаны болып, біреулері молаға, енді біреулері өмірлік кембағал болып қалғандарын да білемін. Сіз өз ағзаңыздың физиологиясын білмегендіктен, осылай тамақтану керек деп ойлайсыз. Тамақ ішу – ләззатанудан да тереңірек ілім.

Осы кітаптағы бағдарламаны бастамас бұрын, жүрек-қан тамырының маманымен кеңесіңіз. Ол сіздің жүрегіңіз бен қан тамырыңыздың жағдайын айтсын. Қан қысымы мен тамырдың соғуын тексеріңіз, сонан кейін жыл бойы ашығу мен қатаң мәзірді ұстаныңыз. Дәрігерге қайта барыңыз. Мен сенімдімін, ол өз ағзаңызғбен ғажайып жасадыңыз деп айтпасына. Осының бір мысалы Әсет Ризаұлы өзіңізсіз, ашығып ораза тұту арқылы жүрегіңізді жазып т.б. ауруларыңыздан айығып алдыңыз ғой. Қазірдің өзінде ашыққан уақытыңызда үнемі дәрігерлердің бақылауындасыз ғой.

Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, адамның тәбеті жоғалуын қалай түсіндірер едіңіз? Қандай себептері бар?

Жауап: – Асқазан аурулары өзгеріс атаулыны қорқып, үркіп қабылдаудан, жаңалықты нәрсені игеруге қабілетсіздіктен. Бұның себептері әртүрлі. Соның біреуі – түңілу (апатия). Мақсат жоқ болғанда адам бәрінен түңіліп кетеді. Осының салдарынан көптеген аурулардың туындауы мүмкін. Мынаны түсінуіміз керек, біздің ағзамызда басты екі бағыт бар: өмір сүруге және өлуге деген қалау. Адам жанының үш сапасы бар: мәңгілік, білім және бақыт немес ләззаттану. Мәңгілік – біздің жанымыздың ерекшелігі, біздің табиғатымыз, біздің өлгіміз келмейді. Бірақ тәннің табиғаты пәндік (материалдық) болғаннан кейін оның сапасы да басқа, сондықтан тәнде өлуге деген қалау болады. Мысалы: адам өмірден түңіліп кетсе тәбеті жоғалып, оның ағзасы біртіндеп өше бастайды. Бұны әсіресе қарт адамдардан байқауға болады.

Адам қатты ашуланса, өзін-өзі дұрыс ұстай алмаса да тәбеті жоғалады. Сондай-ақ мазасыздық, жалқаулық пен қорқыныш та адамның тәбетін бұзады. Осыған керісінше тойымсыздық, ашкөздік, көре алмаушылық адамның аранын ашып жібереді, адам мешкей болып кетуі де мүмкін. Басқаша қара жұмыс істегенде және терең ақыл-ой жұмысын істегенде де адамның тәбеті ашылуы мүмкін.

Адам қайғырғанда белгілі қуат кеміп оның ащы жегісі келеді, ал жәбірленгенде қышқылды аңсайды. Егер адам үнемі дем алмай шиыршық атып жүрсе тұзды дәмді, ал ақыл-ой жұмысын істесе жұмсақ дәмді іздейді. Адам шектен тыс аямшақ болса майлы тамақпен, үнемі ауыр жұмыс істесе тұрпайы тамақпен тамақтанады. Егер өмірдің талқысына түсіп кетсе, іші құрғап кеткендіктен қуырған тамақты, ал өмірде қуанышты сәттер жетіспесе тәтті тағамдарды жақсы көреді. Сондықтан да дұрыс тамақтану үшін, тамақ құрамында дәмнің бәрі де болу қажет.

Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, қан қысымының жоғарлауының себептері не? Осыдан жазылу жолдары қалай?

Жауап: – Қан қысымының артуы: бастан шықпай, әбден мезі еткен ой – сезімнен. Қан қысымының жоғарлауының ең бірінші себебі – тұйықталу. Адаммен араласпай, адам баласын жақтырмай, өзіңмен-өзің болып тұйықталып алсаң қуатың ішке жинала береді. Бұл тәндегі нәзік өмірлік ауаның ауруы. Әдетте қан қысымы жоғары адамдар ауаны ауыр шығарады. Қуат кірген кезде тыныс алулары жеңіл болады, ал тыныс шығарулары ауыр. Бұның себебі, адам керемет бірдеме істегісі келеді, бірақ кім үшін екенін білмейді. Ол тек өзі үшін ғана жасайды. Егер адам сүйіспеншілікпен біреу үшін еңбек етсе, онда оның нәзік денесінің күші мен ақылы қоршаған ортамен араласып үйлесімділік табады. Егер адам бәрін өз басының пайдасы үшін істей берсе, мұндай жағдайда қуат далаға шыға алмай, іште шоғырланып жинала бере қан қысымы ауруына ұшыратады. Адам қоршағандарға ашылған уақытта, оның қан қысымы бірден түседі. Бұны қарапайым салқын душ қабылдап, суда жүзіп малтумен және барлық тіршілік иелеріне шын көңіліңмен бақыт, сәттілік тілеп те жазып алуға болады.

Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, қан қысымымыз неге түседі?

Жауап: – Қан қысымының кемуі – сәби шақтағы аялап, еміренудің кемістігінен. Бар үмітің кесілгендей күйзеліп торығудан. Қан қысымының түсу себептері – өмірден түңілу, уайым, салың суға кету, сенімсіздік, жалқаулық, мақсат жоқтық, әлсіреу, тазалықтың болмауы, настық. Настық дегеніміз ішіңнің де, сыртыңның да кірлеуі. Бұл адамды сенімінен айырады. Егер өзіңіз туралы жаман пікір естісеңіз жүрегің кірленеді. «Жүрегің» деп айтатыным – біздің нәзік денелеріміздің орталығы жүректе орналасқан. Жан жүректе орналасқандықтан, жүректің адам өміріндегі орнын жоғары бағалап, оған көптеген анықтамалар береді. Мысалы: ыстық жүрек, сорлы жүрек, мұз жүрек, ауру жүрек, жылы жүрек, ынталы жүрек, ызалы жүрек, асау жүрек, ет жүрек, жас жүрек, шошыған жүрек, шын жүрек, сұм жүрек, ақ жүрек, қапаланған жүрек, айнымас жүрек, жаралы жүрек, сөнген жүрек. Қарасаңыз қандай болмасын өлең жүрек туралы ғана айтады, ал басқа мүшелер туралы ақындар да жырламайды.

Сұрақ: – Ұйқысыздықты қалай түсіндіресіз?

Жауап: – Ұйқысыздық: қорқыныштың, қатты ширығудың, қатты аямшақтықтың, көре алмаушылықтың, кінәмшылдықтың, кек сақтаудың, ызақорлықтың салдары. Ұйықтау қабілеті – ақылдың жұмысы, осының себебін ұйқысыздық ауруына шалдыққан адам білмейді. Егер адам қатты ширығып тұрса, онда ұйқысы бұзылады. Ұйықтауға үйрену үшін, алдымен қанағаттануға үйрену қажет. Адам өзінің аяқталмай жатқан ісін бітірсе, біреуге берген уәдесін орындаса, не істесе де шын көңілімен сүйіспеншілікпен істеп, көңілі жәй тауып, ешкімге қарыз болмағанда ғана қанағаттанады. Біреуге қарыз сияқты сезіну, екінші адаммен арадағы қарым-қатынастың нашарлығын көрсетеді, ал бұл өз кезегінде ақылын мазасыздандырады. Егер біреу біздің ақылымыздан ұстап тұрса ширығамыз, ал босатқан уақытта ақылымыз мамыражай қалыпқа түседі. Адам сүйіспеншілікпен еңбек етсе, онда оның ақылы сабырлы, мамыражай қалыпқа автоматты түрде енеді.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.