Жалпы редакциясын басқарған: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының, Ресей ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының, Украина аграрлық ғылымдар академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Рақым Алмабекұлы Оразалиев.
Осы кітапта адам баласыныңауырмай ұзақ ғұмыр кешу мен салауатты өмір сырлары теориялық-практикалық жақтарынан айтылады және қазіргі таңда ұлтымызды рухани қараңғылықтан шығарудың жолдары баяндалады. Бұл келелі мәселелер: Жаратушымен және табиғатпен үндесіп адамзат баласының өзін-өзі қалай сақтағаны, имандылық жолымен салауатты өмір сүргені, адамның дене бітіміне және жыл мезгілдеріне байланысты қалай тамақтану, өзін-өзі қалай ұстау керек екені сарапталынып, нақтылы ғылыми және өмірден алынған дәйектерге негізделе отырып жазылды.
Кітап еліміздегі барлыќ халыќтыњ денсаулыќтары жаќсы болып, ±заќ ѓ±мыр, имандылықпен бақытты өмір сүрсе екен дегендей ой-маќсатпен, жалпы көпшілік ел-ж±ртќа арналып жазылѓан.
I. ДЕНІ САУ АДАМНЫҢ ТӘНІНІҢ САУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................13
Ізденуші Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың бірінші толғауы.............................13
Тақырыбы: Ойлау жүйесі мен қоршаған ортаның байланысы бар ма? Табиғат заңдылықтарын бұзса не болады? Жан иелері өзара қалай байланысқан? Ашығу адамға қалай әсер етеді? Қазіргі тамақ өндірісі, осы өлі тамақтар балаларға қалай әсер етеді? Қазақстанда қазір жастардың басым көпшілігі ауыратыны құпия емес. Неліктен? Адам ораза ұстап ашыққанда не болады? Ауру мен ерте қартаюдың себебі не?
Қарасай ауданының «Қазақ ССР-не 50 жыл» атты ауыл емханасының бас дәрігер Имяров Әбдікәрім Абдуманапұлының толғауы......................................18
Тақырыбы: Аурулардың неше түрі болады? Ауырған кезде дәрігерлер тілді, үлкен, кіші дәретті не үшін тексереді? Адам деген тірі кітап, тек қана күнделікті оқый білу қажет дегенді қалай түсінеміз? Аурулардың кейбір түрлері және себептері.
Академик Рақым Алмабекұлының бірінші толғауы ..........................................28
Тақырыбы: Ауадан тұратын нәзік денелердің құрлысы. Өмірлік күші бар ауа дегеніміз не? Өмірлік ауа арнасын қалай түсінеміз? Ауа тепе-теңдігі бұзылса не болады?
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар аудандық емханасының перезентхана бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Ақбала Бекежанқызы Кенесаринаның толғауы..........................................................................................33
Тақырыбы: Сана деңгейлері қандай болады? Адам анасының жатырында қалай дамиды?
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында мешіт салған Ораз қажы Қабдолдаұлы Рахметовтың бірінші толғауы...............................39
Тақырыбы: Әлемнің әділеттілік заңы деген не? Өмір деген не? Құдайсыз өркенниет дегеніміз не? Ақырзаман бола ма? Кеңес Одағының әскери теңіз флотында қазақ баласынан тұңғыш «Щука» сүңгуір соғыс кемесінің командирі болған, 2-ші рангалы капитан, Науалы балалар үйінің түлегі Ахмадиев Сабыр ағаның естеліктері
Кәсіпкер Жұматай Нұртазаұлы Абылханның бірінші толғауы......................48
Тақырыбы: Табиғаттың (пәндік, материалдық әлемнің) – ізгілік, құмарлық, надандық байлауларына қалай байланамыз?
Академик Оразалиевтің екінші толғауы...........................................................51
Тақырыбы: Гендікқордың маңызы. Тұқым қуалаушылық пен қарымта аурулары деген не? Адам ауруға шалдыққанда ағза мүшелері қандай белгілер береді? Адам баласы басқа жан иелеріне әсер ете ме?
Экономикалық география ғылымдарының докторы, Қастер Сарқытқанұлының бірінші толғауы....................................................................57
Тақырыбы: Қысқаша өмірбаяны. Тағдыр деген не? Тағдырды қалай өзгертуге болады? Пәндік әлемде қандай білім аламыз? Тәнді қалай бағындыруға болады? Адамда неше жан болады және қай жерде орналасқан? Ұшатын тәлеңкелер. Басқа ғаламшарларда жан иелері бар ма?
Экономикалық география ғылымдарының докторы, Қастер Сарқытқанұлының екінші толғауы......................................................................66
Тақырыбы: Пәндік әлемді қабылдайтын сезім мүшелері. Адамда қанша дене бар? Нәзік денелер дегеніміз не? Ашыққан уақытта қалай жазылып кетеміз? Қарымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңын қалай түсінуге болады? Адамның имансыз, иманды болуы неге байланысты?
Ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлының екінші толғауы.......................70
Тақырыбы: Рухани білім алуымның бастауы. Дін дегеніміз не? Діни жанкештілік (фанатизм) қалай пайда болады?
Теолог-философ ғалым Досым Қайырбекұлының толғауы.............................75
Тақырыбы: Валеология деген не, оның маңызы? Адамның өзін-өзі тануы? Валеологияның пайда болуына қандай себептер әсер етті? Экстремалды жағдайда Науалы ауылының тұрғыны Абылхан Жұмағали Нұрқұсанұлының жабайы қабан шошқаға жайдақ мінген оқиғасы.
Провизор Қамбар Ризаұлы Мұқашбековтың бірінші толғауы..................83
Тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі қандай емдері бар?
Ізденуші Әсет Ризаұлының үшінші толғауы....................................................87
Тақырыбы: Экономикалық география ғылымдарының докторы, доцент Қастер Сарқытқанұлының сұрақтарына жауап. Өзін-өзі шектеу дегеніміз не? Денсаулық сақтаудағы негізгі шарт және адамның дене бітімі (конституциясы) дегеніміз не? Адам денесі қандай элементтерден құралады? Дене бітімінің ерекшеліктерін жеке-жеке түсіндірсеңіз? Дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамның мінездемесі.
Ізденуші Әсет Ризаұлының төртінші толғауы.............................................94
Тақырыбы: Дене бітімінде болатын ерекшеліктердің түрлері, осылардың сапасы мен қасиеттері.
Тақырыбы: Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы. Дене бітімінде от ерекшеліктері бар адамдарды қалай анықтауға болады? Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамның мінездемесі.
Тақырыбы: Су ерекшеліктері, Су ерекшеліктерін тепе-теңдік қалыптан шығаратын себептер. Судың жанама ерекшеліктері. Неге таңертең ерте тұруымыз керек?
Кәсіпкер Жұматай Нұртазаұлы Абылханның екінші толғауы.....................117
Тақырыбы: Көрінбейтін әлем дегеніміз не? Көрінетін әлем қуатты қайдан алады? Көзге көрінбейтін жан иелері. Жұматайдың айтуы бойынша әкесі Нұртаза ақсақалдың әңгімелері: Қилыбас нағашымның сайтандарды сабауы. Бақсы болып кете жаздауым. Кашпировскидің аяғымды кесіп алып емдеуі.
Ресейдің даңқты спортшысы болған, қояма-қолтық шайқастан (рукопашный бой), ережесіз айқастан, панкратионнан және соғыс самбосынан осы аталып өткен шайқастардың төртеуінен де халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресей Федерациясының Ресей әскери әуе – десант күштерінің бұрынғы офицері Қасабаев Саяуыш Өндірханұлының толғауы...................................................................................................................124
Құран Кәримнің ішіндегі аяттардың математикалық заңдылықтарын тауып оқып, жағамды ұстауым. Спорттың адамға қандай пайдасы бар? Қиымылдамау – тат басу дегенді қалай түсінуге болады? Жаяу серуендеудің адам ағзасына тигізер пайдасы бар ма? Арқаны, омыртқаны түзетуге бола ма?
Провизор Қамбар Ризаұлы Мұқашбековтың екінші толғауы........................135
Тақырыбы: Тамақ ішу кезіндегі сақтайтын ережелер. Өткен ғасырларда біздің әжелеріміз, қыз-келіншектер неге күміс сақиналар мен күміс білезіктер таққан?
Кәсіпкер Жұматай Нұртазаұлы Абылханның үшінші толғауы...................139
Әкесі қадірменді қария Нұртаза Абылхановтың жас шағында Қытайда тұрғанда, Керей арасында бір еркек қойдың етін намысқа тырысып түгел жеп қойып «Найманның тажалы атануы» туралы әкесінің айтқан әңгімесі.
Академик Оразалиевтің үшінші толғауы.........................................................142
Тақырыбы: Менің 20 жылдық ашығу тәжірибем.
Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент қаласында ашығу арқылы емдеу орталығының негізін қалаған – ақын, ҚР Жазушылар мен Журналистер одақтарының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты, «Аштықпен емдеу орталығы»-ның директоры Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегінің бірінші толғауы....................................................................151
Тақырыбы: Жалпы ашығу дегеніміз не? Бұл әдістің ерекшелігі неде? Қандай пайдасы бар? Біздің тәнімізге, жанымызға, рухымызға беретін әсері бар ма?
Шымкент қаласындағы «Аштықпен емдеу орталығы»-ның директоры Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегінің екінші толғауы.....................................159
Тақырыбы: «Аштықпен емдеу орталығы» туралы қысқаша мағлұмат. Осы емхананың орналасқан мекен жайы. Осы орталыққа қандай науқастарға келуге болады? Оларды қандай әдіспен емдейді? Ақын Шалқар Әбішұлының адамгершілік, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстау туралы жазған терме- толғаулары.
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар аудандық емханасының жансақтар бөлімінің меңгерушісі Дәулет Көпжасарұлы Абақовтың толғауы...............183
Тақырыбы: Әсет Ризаұлының о дүниеден қайтуы. Дәрігер Дәулет Көпжасарұлының ашығумен емдел деп кеңес беруі. 24-36 сағаттық және үш, жеті, он тәуліктік ашығулардан қалай шығу керек?
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында мешіт салған Ораз қажы Қабдолдаұлы Рахметовтың екінші толғауы...............................189
Тақырыбы: Қазіргі адамдар неге аурушаң? Гиппократ қандай емдеу әдістерін қолданған? 104-ке келген Саңқайбай атаның әңгімесі.
Тақырыбы: Марқұм Рахманқұл Бекенов ақсақалдың естелігі бойынша айтылған 1932-33 жылдарда елімізде болған ашаршылық. «Қарақалпақ Мамай бидің әңгімесі. Қожакелді мен Шыңқожа батырлардың әңгімесі». Адам кәріліктен өле ме? Біздің ата бабаларымыз қалай бір ғасыр жасаған? Найман бабамызды неге 90 жасында қайта үйлендірген? Поль Брэгг қалай 95 жасқа келді? Бұрынғы қазақтар неге балаларының атын Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп қойған?
Ұржар ауданының Малақ ауылында мешіт салған кәсіпкер Әділхан Байділдановтың толғауы.....................................................................................205
Тақырыбы: Осы өмірдегі жоғары мақсаттың мәні неде? Дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет дегеніміз не? Көпшілік адамдардың қазіргі көріп жүрген қуаныш-қайғыларының түп қазығы қайда? Ой – денсаулық пен молшылықтың сәулетшісі дегенді қалай түсінеміз?
Науалыда әр қилы замандарда, кезеңдерде белді болған азаматтарының келбеттері. Шежіреші, ақын Жабайхан Жүнісбековтың толғауы..............208
III. ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚАРАҢҒЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛУ ЖОЛДАРЫ.............235
Әсет Мұқашбековтың он бірінші толғауы.....................................................235
Академик Р.А. Оразалиев пен ізденуші Әсет Ризаұлының сұхбаты. Досым Омаровтың «Абайтану» кітабына Шыңғыс Айтматовтың берген бағасы.
Тақырыбы: Белгілі Абайтанушы теолог-философ ғалым, техника ғылымдарының кандидаты әрі жазушы Досым Қайырбекұлы Омаровты кейбір қазақ зиялылары неге көре алмайды?
Алматы облысы, Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық аумақтық әкімшілігінің төрағасы – Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиевтің бірінші толғауы.....................................................................................................................242
Тақырыбы: Ұлттық Рухани қараңғылықтан құтылар жол бар ма? Біздің идеологиямызға, дәстүрімізге тірек бола алатын ілім бар ма? Халықтың мұң-мұқтажын шешкен уақытта қандай басты бағдарламаны басшылыққа аламын?
Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиевтің екінші толғауы....................................246
Тақырыбы: Өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз? Табысқа жету дегенімізді қалай түсіндірер едіңіз? Өзіңді тану, бақылау дегенімізді қалай түсінесіз? Адам неге азып-тозып құлдырайды, себебі неде? Өзін рухани дамытқысы келетін адам не істеуі қажет?
Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиевтің үшінші толғауы...................................250
Тақырыбы: Біз кімбіз?! Ғарышта біздің алатын орнымыз қандай? Ғарыштық әлемді қалай суреттеуге болады? Рухани ілімді игеру үшін не істеу керек? Өмірде жетістікке, табысқа қол жеткізу үшін не істеу керек? Жаңаша ойлау дегеніміз не? Табысқа жетуге бөгет жасайтын қате пайымдауды қалай түсінеміз?
Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиевтің төртінші толғауы.............................254
Тақырыбы: Уайым дегенді қалай өзгертуге болады? Арамдықпен, қулықпен өмір сүргісі келетіндердің арты неге соғады? Қорқыныш пен мазасыздықтан қалай құтылуға болады? Істі кейінге қалдыру мен тоқмейілсудің әсері? Өткен қателіктер мен кемшіліктерді қалай қабылдау керек? Табыстың негізгі себебі неде?
Тақырыбы: Имандылық дегеніміз не, оған қандай адамдар, қалай келеді? Имандылықтың реттегіш тәртіптері қандай? Ақыл-есті билеп алған жоқшылықтан қалай құтылуға болады? Неліктен өзіңіздің ойыңызды не нәрсеге шоғырландырсаңыз, сол ұлғая береді? Сіз жетілгеннің бәрісіз деп не себепті айтамыз? Молшылыққа қалыптасу деген не?
Тақырыбы: Еркіндік пен молшылықтың байланысы бар ма? Сіздің өміріңізге молшылық әкелуге көмектесетін кейбір құпия ойларыңыз бен өмір тәжірибесінен қортқандарыңыз? Молшылықты қалай түсінеміз?
Тақырыбы: Ел бірлігі дегенді қалай түсінесіз? Сүйінбай мен қырғыз ақыны Қатағанның айтысы.
Пайдаланылған кітаптар...................................................................................290
Раќым Алмабек±лы Оразалиев
Биология ғылымдарының докторы, академик.
Алғы сөз
Даналық сөз – мұсылмандардың жоғалтқан (іздеп жүрген) нәрсесі. Оны қай жерден тапса, сол жерден сіңіріп алуға хақылы.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Осы кітаптың негізгі ойы, сізді неғұрлым табиғи өмір сүруге шақыру. Тамақтануда, демалғанда, ұйықтағанда және өмірдің қарапайым әдеттерінде табиғатқа неғұрлым жақын болуға тырысыңыз. Табиғаттың қалауы бойынша өмір сүре бастаңыз, сіз шексіздіктің бір бөлшегісіз. Тағдырыңызды табиғаттың қолына тапсырыңыз, оған сеніңіз. Егер сіз қала тұрғыны болсаңыз, қаланың сыртына: тауға, орманға немесе теңіз, көл, өзен жағасына барып нақтылы демалыңыз, мамыражай қалыпқа түсіп, өзіңізді тәртіпке келтіріңіз.
Біз сіздерге мына ережелерді басшылыққа алуларыңызды нұсқаймыз. Бірінші – бақытты болу, деніңіздің сау болуы тікелей өзіңізге ғана байланысты. Егер өз ағзаңызға қуат жинайтын уақтылы демалыс бермесеңіз, сіздің ағзаңыз сау болмайды. Екінші – сіз өз ағзаңызға қамқорлықпен мұқият қарап отыруыңыз керек. Үшіншіден – жасымыз ұлғайған сайын, табиғатқа жақындағанның үстіне жақындай түсуіміз керек. Қоздыратын іс әрекеттердің орнына, тыныштық пен бейбітшілікке ұмтылуымыз керек. Қарапайым да таза өмір сүре, сіз сәби сияқты сау боласыз.
Сіз үйіңіз бен жиһаздарыңызды шаң басып кетсе, тазалау керек екенін білесіз. Бірақта өз ағзаңызды жоқ дегенде аптасына бір қабат тазалап отыру қажет екендігін және жұмыс жасап жатқан миллиондаған жасаушыларыңыздың (клетка) да дем алғысы келетінін түсіне алмайсыз. Егер де өзіңізді өзіңіз тазалағыңыз келмесе, онда дене мүшелеріңіз сіз үшін осы жұмыстарды атқаруға мәжбүр. Осы тазалану барысында адамның қызуы көтеріліп, танауынан су, көзінен жас ағып, түшкіріп-мүшкіріп, терісі бөртіп берекесі кетеді. Ашығу – табиғаттың бізді үйрететін әдісі. Жануарларға қараңызшы: олар ауырған уақытта ашығуға кіріседі; бір жерге тығылып алып тазаланып, өзіне шипа болатын шөптерді тауып, емделіп жазылып жатады.
Ашығудың мәселелері өзің көз алдыңа елестетуге, көңіліңе келтіруге зауқың жоқ өткен кезеңдерде жатыр. Өткен кезеңдердегі настық, ластық адамға бейнет шеккізеді. Әрбір күнәң, әрбір қателігің шоғырланып жинала береді. Барлық бақытсыздық, шарасыздық осы жойылмаған настықтың салдарынан болады. Ашыққан уақытта адам осы зиянды қалдықтардан құтылады, нұр құйылып өзін бақытты, жеңіл сезіне бастайды. Сондықтан да ораза бүкіл діндерде орын алған. Осындай оразадан кейін сезіміңіз ұшқырланып, ақыл ойыңыз нұрланып, өзіңізге тылсым дүние ашылып, жасарып, бұрынғы нас басып, қалдық толы тәніңіздегі қоқыстардың күлі де қалмай жанып кеткенін сезесіз.
Ашығу – ішкі рухани тазалыққа апаратын жол. Біздің кейбір қандастарымыз оразаны – рухани қараңғылықтың, надандықтың салдарынан даңғазалыққа, бәсекеге айналдырып жіберген сияқты. Кешке ауыз аштырамыз деген сылтаумен бірін-бірі қонаққа шақырып, көл-көсір дастархан жайылып, неше түрлі ауыр және өлі тағамдар желінеді. Біздің қазекең «ет десе бет бар ма?» – деп, алдына келген тамақты мөлшерсіз соға береді, нәтижесінде басым көпшілігі ораза айында, ашаршылықтан келгендей, жай айларда жемейтін тамағын жеуге мәжбүр. Осылай күнделікті кешкілік ыңқия тамақ жеудің, ол тамақ толық қортылмай жатып тағы да таңғы сағат 4-те тұрып тамақ ішуде не мағына бар, несі ораза, ауыз бекіткенінің мағынасы неде? Онымен қоймай: «Ауызды уақытылы ашпаса обал болады» – деген өздерінің қомағайлығы мен мешкейлігін ақтайтын қағида шығарып алғанына не дерсіз?!
Адам баласы оразаны тамақ ішіп-жеуді шектеп, аз-аздап қана ішіп денсаулығын жақсартумен қоса, жаны мен рухын тазалау ниетінде ұстауға тиіс қой. Жоқ, біздің кейбір қазакеңдерде бәрі керісінше, оразадан алатын пайдасынан, шегетін зияны көп сияқты.