Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

асыру кезіндегі жауапкершілігі



Мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз

қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ өзге

де заңға қайшы əрекеттер (əрекетсіздіктер) жасаған жағдайда Қазақстан

Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.

39-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ІШКІ

БАҚЫЛАУ

338-бап. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау

1. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды,

өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тəуекелдерді

бағалауды жəне еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі анықталған

сəйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.

2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау

жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау жəне анықталған бұзушылықтарды жою

бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті

қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.

339-бап. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды

жүзеге асыру тетігі

1. Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі

жəне еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру

мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметін құрады.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі өз мəртебесі бойынша негізгі

өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені

еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

3. Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін

ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі мамандық

лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі міндетті

басқа маманға жүктейді.

4. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе еңбек

қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маманның еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті

қорғау талаптарын орындау жөніндегі нұсқауларын ұйымның барлық

қызметкерлері орындауға міндетті.

40-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ

САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау

1. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды

ұйымның кəсіподақ комитеті, ал кəсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы

жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық

инспектор жүзеге асырады.

2. Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда

еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде

жəне ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады.

341-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың құқықтары

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың:

1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік

құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты

еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жасау жөніндегі келісімдерді,

ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушілер

алдында қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға;

2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге жəне мемлекеттік еңбек

инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың жай-күйін

кешенді тексерулерге қатысуға;

3) жұмыс берушілерден жəне ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз

функцияларын атқару үшін қажетті, оның ішінде жазбаша түрде ақпарат пен

түсініктемелер алуға;

4) жұмыс берушілердің келісімдерде, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау бөлігінде

көзделген міндеттемелерді орындауын тексерулерді жүзеге асыруға жəне тексеру

қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған

бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуге;

5) өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын сынақтан өткізу жəне пайдалануға

қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға;

6) еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді əзірлеуге қатысуға, оларға

өз ұсыныстарын енгізуге;

7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы

заңнамасының, еңбекті қорғау бөлігінде келісімдер мен ұжымдық шарттар

ережелерінің бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік ауруларды

жасыруға кінəлі жұмыс берушілерді жəне ұйымдардың өзге де лауазымды

адамдарын жауапқа тарту туралы талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға

жүгінуге;

8) еңбек жағдайларының өзгеруіне, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі

жəне еңбекті қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуына, келісімдерде жəне

ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген міндеттемелердің

еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бөлігінде орындалмауына байланысты еңбек

дауларын қарауға қатысуға;

9) қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат алуы

немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтірілген зиянды өтету

құқықтарын қорғау үшін əрі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау

құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердің өтініші

бойынша талап қойып соттарға жүгінуге құқығы бар.

Қазақстан Республикасы

Президенті

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексі

__

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.