Кешіктірмей хабарлайды
8. Актімен ресімделген əрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды
жəне денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына
жазылады жəне өндірістегі уақытша еңбекке қабілетсіздігі мен жарақаттану туралы
статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қойып, белгіленген
тəртіппен статистика органдарына ұсынады. Журнал еңбек жөніндегі уəкілетті
мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі.
9. Жұмыс беруші жазатайым оқиғалар туралы актілерге сəйкес статистика
жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нысанға сай мемлекеттік еңбек
инспекциясының аумақтық органдарына ұйымда болған жазатайым оқиғалар
туралы мəліметтерді тиісті кезеңдегі өсу қорытындысын көрсетіп, ай сайын беріп
отыруға міндетті.
10. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кісі
өліміне əкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым
оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру
жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген
Жердегі) хабарлайды.
11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл
бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік
мұрағатқа тапсырылуға тиіс.
12. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-
тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны жəне нұсқама алғаны,
сондай-ақ алдын ала жəне мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы
мəліметтер;
2) еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап
алу хаттамалары жəне оқиға куəгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың
түсініктемелері;
3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін
нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан жəне басқа да актілерден үзінді
көшірмелер, өндірістегі салауатты жəне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері жəне басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен
ауырлығы (өлімге əкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
6) зертханалық жəне басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың,
талдаулардың нəтижелері жəне тағы сол сияқтылар;
7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мəліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жəне жол берілген оқиғаға кінəлі
лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-
тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға жəне қажетті үзінді көшірмелер
жасауға құқылы.
327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке
алынуын бақылау
Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын,
сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-
шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз
құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары
мен өтініштерін қарау жəне ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды
туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау
аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу
туралы заңнамасына сəйкес тіркеуге жəне есепке алынбайды.
6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ
САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
38-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
328-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылау
1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан
Республикасының еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік
еңбек инспекциясының басшысы;
2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары -
еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек
инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек
инспекторы - еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек
инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық
бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының
облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің
Поиск по сайту:
|