Ескерту. 322-бап_а _згерту енгізілді - _аза_стан Республикасыны_ 2007.07.27
N 320 (_олданыс_а енгізілу тəртібін 2-баптан _ара_ыз) За_ымен.
323-бап. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері
1. Жұмыс беруші:
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді жəне қажет
болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуінің жəне жазатайым оқиғаның орын алуына себеп
болған факторлардың басқа адамдарға əсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл
шараларды қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек
құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен
денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу
аварияға əкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ
жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын
дереу хабардар етуге жəне осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде
белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы
тарауға сəйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым
оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды жəне кəсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу
мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уəкілетті
мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
1) еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек
испекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
2) қауіпті өнеркəсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше
жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға;
3) кəсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік органға;
4) қызметкерлер өкілдеріне;
5) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру
ұйымына хабарлайды.
Осы тарауға сəйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс
беруші:
1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;
2) өндірістік жəне ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уəкілетті органдарына
хабарлауға тиіс.
3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы
бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:
1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің,
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін жəне осы
мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
2) оқиға орнын жəне зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді,
жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім
жəне тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;
4) мыналарды:
жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті жəне (немесе) зиянды өндірістік факторлардың
бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал
қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- жəне бейнематериалдарды жəне
т.с.с);
нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан жəне зардап шеккен адамдардың еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан,
жазатайым оқиға куəгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған
хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың
сараптама қорытындыларынан үзінді көшірмелерді;
зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нəтижелерін;
зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен
ауырлық дəрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік
немесе уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық
қорытындыны;
зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім жəне басқа да жеке қорғану
құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық
мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым
оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген
нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек
инспекторларының анықталған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі
нормативтік талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзінді
көшірмелерді;
комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды
Береді.
324-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тəртібі
1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс
берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы
комиссия жүргізеді:
төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінің басшысы
жəне қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап
беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына
Енгізілмейді.
2. Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дəрежесіне қарамастан, бір
мезгілде екі жəне одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым
оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
3. Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеруге жұмыс беруші немесе оның уəкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі,
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті
қорғау жөніндегі маман қатысады.
4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік
органның өкілдері қатысады.
5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен
тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он
жұмыс күнінен аспауға тиіс.
7. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кəсіптік мектептерде
жəне жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны
тергеп-тексеруді жұмыс берушінің жəне зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен
өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.
8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның
қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді)
орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны
тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің
қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді.
9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым
оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген
жұмыс беруші тергеп-тексереді жəне есепке алады.
10. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде
жүргізіледі.
Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия
төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн
мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті.
11. Əрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға
куəгерлерін, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың
бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды жəне олардан жауап алады, жұмыс
берушіден қажетті ақпарат жəне мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме
Алады.
12. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нəтижесінде еңбекке
қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым
оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе
мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама
алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.
13. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның
мəн-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің
өндірістік қызметімен байланысын жəне тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға
орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін
анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе
өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды
анықтап, өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою жəне алдын алу
жөніндегі шараларды белгілейді.
14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі
комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу
ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.
15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына əкеп соққан
өндіріспен байланысты əрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға
(ұсынымға) сəйкес еңбек жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша
жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (əрбір зардап шеккен
адамға жеке-жеке) ресімделеді.
Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тəртіппен растаған улану жағдайлары да
еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан,
жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.
325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру
Ерекшеліктері
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы
органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші жəне қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы
басқаратын комиссия жүргізеді.
3. Қауіпті өнеркəсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия
құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою жөніндегі
Поиск по сайту:
|