Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 20 страница



1. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарының мақсаты неде?

2. Панахананың атқаратын қызметі қандай?

3. Панахананың сыйымдылығы, ішкі құрылысы қандай?

4. Радиациядан қорғайтын орын халықты неден және қалай қорғайды?

5. Қарапайым үлгідегі панаханалардың мақсаты?

6. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі қандай?

7. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қалай күтіп ұстайды және пайдалану тәртібі?

8. Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін қандай іс-әрекеттер жүзге асырылады?

9. Көшіру және қоныстандырудың принциптерін және көшіру әдістерін анықтау?

10. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері?

11. Көшіру комиссияларына кімдер тағайындалады?

12. Көшіру-жиналу пункттерінің міндеті?

13. Аралық көшіру пунктерінің міндеті?

14. Көшіру-қабылдау комиссияларының негізгі міндеті?

15. Көшіру шараларын кімдер жоспарлайды?

16. Көшіру шараларын жоспарлау үшін қандай негізгі мәліметтерді жинау қажет?

17. Материалдық құндылықтарды көшіру шаралары қалай жүргізіледі?

18.Көшіру шаралары қалай жүргізіледі?

19. Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру қалай жүргізіледі?

20. Көшіру кезінде өзіңізбен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар?

 

Тест сұрақтары:

1. Жарық сәулесінен, сұйық – тамшы түріндегі биологиялық заттардан, радиоактивті шаңнан улағыш заттардан және ионизациялық сәуленің шарпуынан сенімді қорғайтын, бұл?

А) жергілікті жер бедері (рельеф)

В) радиациядан қорғайтын паналау орны

С) ашық паналар

Д) жеке қорғау құралдары

Е) жыралар

2. Қорғау ғимаратының салыну орнына байланысты классификациясы:

А) паналау ғимараттары, радиациядан қорғайтын паналау орындары

В) тез тұрғызылатын паналау ғимараттары

С) жапсарласа салынған және жеке тұрғызылған ғимараттар

Д) жай пайдалану орындары

Е) подвалдар, погребтер

3. Жаяу колонналары қанша адамға дейін жасақталады?

А) 500-1000 адам

В)100-200 адам

С)4000-5000 адам

Д)300-800 адам

Е)500-700 адам

4. Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын қандай органдар белгілейді?

А) Республика үкіметі және жергілікті атқарушы орган

В) Әділет министрлігі

С)Салық комитеті

Д) Қорғаныс министрлігі

Е) өкіметтер

5. Көшіру тізімдері қанша данада жүргізіледі?

А)3

В)4

С)5

Д)7

Е)2

6. Жаяу колонналардың тәуліктік жүру мөлшері?

А)30-40 км

В)20-30 км

С)10-15 км

Д) 50-60 км

Е)40-50 км

7. Көшіру шараларын жоспарлау қалай жүргізіледі?

А)республика-облыс-қала, аудан-кәсіпорын

В)облыс-қала-аудан

С)кәсіпорын-аудан-облыс

Д)республика-кәсіпорын

Е)жергілікті орган-кәсіпорын

8. Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланылатын қаншаға жуық қауіпті объектілер бар?

А)500

В)200

С)600

Д)400

Е)1000

 

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

 

[gl] №4 САБАҚ. Тақырып:Жеке қорғаныс құралдары. [:]

Сабақ мақсаты:Тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ-дан, ҚӘУЗ буынан, ауру тудырғыш микробтардан қорғайтын жеке қорғаныс құралдармен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.

2. Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары.

3. Теріні қорғау құралдары.

4. Теріні қорғаудың қарапайым құралдары.

5. Жеке қорғаныстық медициналық құралдары.

 

Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ-дан, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды. Олар тыныс алу органдарын қорғау және теріні қорғау құралдары болып бөлінеді.

 

1.Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.

Бұған: газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш газқағарлары жатады.

Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері.

Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі, ауамен қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқа шығады.

Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту, сүзу арқылы жүргізеді.

Адсорбция –адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбент болып табылады.

Хемосорбция – УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.

Катализ- катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады.

Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қаңылтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі.

Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады.

8. Сурет. ГП-5 газқағары:

а-шлем-маска; б­-газқағар қорабы; в­-пленкалы қорап; г­-дорба.

 

ГП-5 газқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған.

Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-маска кіреді.

Шлемнің қажетті өлшемін таңдау үшін 63 см дейінгі нөлдік өлшем алынады, 63,5-тен 65,5 см дейін-бірінші, 66-дан 68-ге дейін –екінші, 6 -8,5 –тен 70,5 см дейін – үшінші, 71 см бастап одан жоғары – төртінші. Өлшем масканың төменгі бөлігінде көрсетіледі. Маска резина ілгішінен жасалынады.

Шлем маскада жай шыныдан жалпақ көз әйнек істелінген. Шынымен бірге көзәйнек манжетіне серіппелі жүзікпен резиналық төсем жапсырылған.

Жұтқыш-сүзгіш (газдан қорғайтын) қорапша қаңылтырдан жасалынады, дөңгелек болып келеді, қорапша қақпағының, газ қағарының үстіңгі бөлігімен қосылу үшін арналған таңылған ауызы бар.

Қорапшаның астында дөңгелек саңылау орналасқан, ол арқылы жұтылған ауа түседі, сақтау кезінде резиналық тығын жабылады.

Металды қорапты тоздыруынан сақтау үшін сырлайды, ал ішіне қара лак жағады. Түтіннен қорғайтын сүзгімен және көмірмен (ауа ағыны бойынша) және катализатормен (шахтамен) жабдықталады.

Клапандық қорапша жұтылған және шыққан ауа ағынын бөлу үшін қызмет етеді. Онда бір жұту және екі үрлеу клапаны бар.

ГП-7 газқағары – ең соңғы, ең жаңа үлгілердің бірі.

Газқағардың алдыңғы бетін үш өлшеммен әзірлейді.

ГП-7-ні ГП-5-пен салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткiштерi бойынша бiр қатар артықшылығы бар. Сүзгiлiк жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңiлдетедi. Тәуелсiз обтюратор берiк қымталуды қамтамасыз етедi және сонымен қатар алдыңғы бетте газқағардың басқа қысымын азайтады. Тыныс алу қарсылығының және басқа қысымның төмендеуi газқағарды кию уақытын ұзартуға мүмкiндiк бередi. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесi мен жүрек-тамыр сырқатына шалдыққан адамдар кие алады.

Газқағарда сөйлесу қондырқысының (мембрананың¸ болуы айтылған сөздiң анық жетуiн қамтамасыз етедi, байланыс құралдарын) радио, телефон¸ пайдалануды айтарлықтай жеңiлдетедi.

ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін таңдау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі. Көлбей қапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсіргінің шетінен 2-3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесінің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Тікелей қапсыру ұрт, иек, және төбе арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5 мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Екі өлшемнің жиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша, аспа бауы тіректерінің (1) жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен ұрт ілме бауының нөмірі көрсетіледі.

Жастықша ілме бауының жағдайы газқағарды қиюластырған кезде белгіленеді.

Кесте 2 -Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі

Алдыңғы бөліктің өлшемі
Ілме бау тіректерінің жағдайы 4-8-8   3-7-8   3-7-8   3-6-7   3-7-7   3-5-6   3-4-5  
Басты көлбей және тікелей қапсыру жиыны, мм 1185 дейін   1190-1210   1215-1235   1240-1260   1265-1285   1290-1310   1315 және т.к.

 

Балалар газқағарлары.

Балалар газқағарының бес түрі бар. Жасы кіші балаларға (1,5 жастан бастап) арналған – ДП-6М газқағары (балалар газқағары, алтыншы түрі, шағын), жасы үлкен балаларға –ДП-6 (балалар газқағары, 6 үлгі). ПДФ-7 аса көп таралған (балалардың сүзгілік газқағары, 6 үлгі). Жасы кіші және үлкен балаларға арналған. ДП-7 айырмашылығы – ересектердің ГП-5 газқағарындағы сүзгілік жұтқыш қорапшасымен жабдықталған. Алдыңғы бөлігі ретінде МД-1 маскасының бес өлшемі қолданылады.

ПДФ-Д, ПДФ-Ш газқағарларында (балалар газқағары, сүзгілік, мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы) ГП-5 бірыңғай сүзгілік-жұтқыш қорапшасы бар және тек алдыңғы бөліктерімен ғана ерекшеленеді. ПДФ-Д төрт өлшемдегі – 1,2,3,4 МД-3 маскаларымен (балалар маскасы, үшінші үлгі) жабдықталған. Маскалардың цифрлі ұшпен жабдықталған бес таспасы бар жұқа резина пластина түріндегі жастықшасы бар. Бір өлшемдегі маскадағы қосқыш түтікше клапандық қорапшадан бүйірлей қосылған. ПДФ-Д 1,5-7 жастағы балаларға арналған. ПДФ-Ш 7-17 жастағы балаларға арналған. Алдыңғы беті ретінде екі өлшемдегі, атап айтқанда 3-4 өлшемдегі МД-3 маскасы пайдаланылады.

Қазіргі уақытта ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған ПДФ-2Д газқағары және мектеп жасындағы балаларға арналған ПДФ-2Ш газқағары болып табылады. Бұл газқағарлар жиынына ГП-7К сүзгілік жұтқыш қорапшасы, МД-4 алдыңғы бөлігі ылғалданбайтын пленка салынған қорапша және сөмке кіреді. ПДФ-2Д бір және екі өлшемдегі, ПДФ-2Ш екі және үш өлшемдегі алдыңғы бетпен жабдықталады. Жиынның массасы: мектепке дейінгі - 75 кг дейін, мектептік – 85 кг дейін. Сүзгілік-жұтқыш қорапша құрылымы бойынша ГП-5 қорапшасымен бірдей, алайда ауа жұтуға аздаған қарсылығы бар.

 

2 сурет. ГП-4У газқағары:

1-маска; 2-көзілдірік; 3-тесемки; 4-клапанды қорап;

5-қосқыш құбыры; 6-газқағар қорабы; 7-доба.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға газқағарларды ересектер кигізеді. Бұл бұлайша істелінеді: баланы ары қаратып тұрғызады, бас киімін алады, маңдай мен шашты жинап, алдыңғы бөлікті самайлық және ұрттық ілмек баудан ұстайды және бетке жастықшаны иектің, обтюратордың төменгі жағына орналасатындай етіп қояды, қолды жоғары төмен қозғай отырып жастықшаны баланың бетінен басқа қарай тартады. Алдыңғы беттің обтюратор мен ілмек баудың түйінін тарқатады, ұрттық айылбас тартылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды кепілдік таспа баулар байланады. Бас киім кигізеді.

ПДФ-2Д немесе ПДФ-2Ш газқағарларын алу үшін әуелі ұрттық ілмек бауды тарқатады, содан кейін алдыңғы бетті ауа шығару клапандарының шетінен ұстап төмен қарай тартылады және қолды алға және жоғары қозғай отырып алады.

1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін КЗД-4 (балалар қорғау камерасы, 4 үлгі) және КЗД-7 пайдаланылады.

Қосымша патрондар

Газқағарлардың ҚӘУЗ-ден қорғаудағы мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында оларға қосымша патрондар (ДПГ-1, ДПГ-3) еңгізілген. Олар ГП-5, ГП-6 азаматтық газқағарлар жиынында пайдаланылады. Суретте ГП-газқағары ДПГ-3 қосымша патронымен бірге.

ДПГ-3 газы жиынтығы газқағармен бірге аммиактан, хлордан, диметиламиннен, нитробензолдан, күкірт сутегінен, күкірт қышқылынан, синил қышқылынан, тетраэтилқорғасыннан, фенолдан, фосгеннен, фурфуролдан, флорлы сутегінен, хлорлы цианнан және этилмеркаптаннан қорғайды. ДПГ-1 сонымен қатар азоттың, хлорлы метилдің қостотығынан, сутегі мен этилдің тотығынан қорғайды.

ДПГ-1 немесе ДПГ-3 қосымша патрондар жинағына жалғайтын түтікше мен қоспа кіреді. Патронның цилиндрлік қалпы бар және сыртынан ГП-5, ГП-6 сүзгілік-жұтқыш қораптарына ұқсас.

ДПГ-1 патронының ішінде шахтаның екі қабаты, арнайы жұтқыш пен гопкалит бар. ДПГ-3-те жұтқыштың тек қана бір қабаты бар.

Ауа ағынына қарсылық 30 л/мин. Жұмсалған кезде 10 мм су ст. аспайды. ДПГ-1 патронының массасы 50 кг жуық. ДПГ-3 патронының массасы 35 кг-ға жуық.

ДПГ-1 және ДПГ-3-тің қосымша патрондары ГП-6, ГП-5, ГП-5М азаматтық газқағарларға арналған. ҚӘУЗ бойынша қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 л/мин, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% және қоршаған ортаның температурасы -300С-тан +400С-қа дейін болған кезде 0,5 сағаттан 5 сағатқа дейін.

Гопкалиті патрон көміртегі тотығынан қорғау үшін қызмет етеді. Ол қосымша патрон ретінде газқағарда пайдаланылуы мүмкін. Құрылымы бойынша ДПГ-1 немесе ДПГ-3-ті еске түсіреді.

Ол гопкалитпен және құрғатқышпен жабдықталады.

Гопкалитті патрон. Көміртегі тотығынан (оксидтен) қорғауға арналған газқағарлар үшін қосымша патрон, құрылымы бойынша ДПГ-1 мен ДПГ-3-ті еске түсіреді.

Ол құрғатқышпен және гопкалитпен жабдықталады, құрғатқыш хлорлы кальций сіңірілген силикагель сияқты ылғал кезінде өз қасиетін жоғалтатын гопкалитті ылғалдан қорғау мақсатында ауаның сулы буын жұтуға арналған.

Гопкалит – мыс тотығы мен марганец қостотығының қоспасы, көміртегі тотығы қышқылданған кезде усыз көмірқышқыл газына дейін ауадағы оттегі есебінен көміртегі тотығын қышқылдандыру кезінде катализатор рөлін атқарады.

Құрғатқыш хлорлы кальций сіңген силикагель сияқты. Ол гопкалиті ылғалдан қорғау мақсатында ауаның сулы буын жұтуға арналған, ылғалданған кезде өз қасиетін жоғалтады.

Патронда оның бастапқы салмағы көрсетіледі 2 кг және одан артық ылғалды жұту есебінен салмақ артқан кезде бастапқы патронды пайдалануға болмайды. Патронның қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80% болған кезде екі сағат шамасында. Нөлге жақын температура кезінде оның қорғаныстық іс-әрекеті төмендейді, ал -150С және одан төмен температурада артады. Патронның массасы 750-800 г.

Оқшаулағыш газқағарлар

Оқшаулағыш газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5 жатады.

Тыныс алу органдарын, көзді, бетті ауадағы кез – келген қоспадан оның ерекшеліктері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады.

Бұл газқағарлар АҚ арнайы құрамаларының барлау, өрттен қорғау, залалсыздандыру құрамаларының жабдықтау қоймаларында тұрады.

Оқшаулағыш газқағардың қорғаныс іс-әрекетінің принципі атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдаланылмайтындығына, адамның газқағарды пайдалану процесінде генеративті патрондағы заттан бөлінетін оттегімен демалатындығына негізделген.

Оқшаулағыш газқағар алдыңғы бөліктен, жіберу икемделгіші бар регенеративті патроннан, артық қысым клапаны бар тыныс алу қабынан, каркастан және сөмкеден тұрады. Газқағар жиынына артық қобдишадағы жіберу брикеті, шыны ыдыс салынған қорапша, ылғалданбайтын пленка салынған қорапша, жылжымалы кілт кіреді.

Жіберу брикеті газқағарды пайдаланудың бас кезінде тыныс алу үшін қажетті оттегіні алу және регенеративті патронды қимылға келтіру үшін қызмет етеді.

Жіберу икемделгішін қысқан кезде оттегі жіберу брикетіне түседі және оның үстіңгі қабатын ыдыратады. Нәтижесінде брикеттің ыдырау процесі бұдан әрі қабаттан қабатқа беріліп өз бетінше жүреді.

Брикет ыдыраған кезде оттегі, су буы мен жылу бөлінеді. Су буы мен жылудың әсерімен регенеративтік патрондағы затпен оттегі бөліне бастайды. Оттегінің бұдан әрі бөлінуі адам шығарған көмір қышқыл газ бен су буын жұту арқылы өтеді.

Бір регенеративті патроны бар ИП-4, газқағарының қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты: ауыр жүктеме кезінде – 50 мин шамасында, орташа жүктеме кезінде – 1 сағат шамасында, жеңіл жүктеме кезінде – 3 сағат шамасында, тыныштық күйде -5 сағатқа дейін, судың астында – 40 мин дейін.

Өнеркәсіптік газқағарлар.

Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін қорғау үшін өнеркәсіпті газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу органы, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың қолданылу аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан да олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы затты немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар.

 

Кесте 3 - Өнеркәсіптік газқағарларының жіктелісі

Қорапшаның түрі Қорапшаның түсі Қандай заттардан қорғайды  
А   қоңыр   Фосфорлы және хлорлы органикалық улы химикаттардан, органикалық қосылыстар буынан (бензин, керосин, ацетон, бензол, күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, толуол, ксиллол, спирт, эфир)
Б   сары   Фосфорлы және хлорлы органикалық улы химикатттардан, қышқыл газ бен булардан (хлор, күкүртті газ, синил қышқылы, азот тотығы, фосген, хлорлы сутегі)
В   қара   Сынап буынан этилмеркурхлорид негізінде органикалық улы химикаттардан
Г   Бір жағы қара, бір жағы сары Мышьякты және фосфорлы сутегінен  
Д   қара   Аммиактан, күкіртті сутегінен және оның қоспасынан
Е   қорғаныс   Органикалық заттар буынан, мышьякты және фосфорлы сутегінен
Ж   қызыл   Аммиактың, органикалық қосылыстар буының, күкіртті сутегінің, мышьякты және форсфорлы сутегінің шағын мөлшері бар көміртегі тотығынан
З сұр Көміртегі тотығынан

 




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.